Махаббат қызық мол жылдар
Доклад, 22 Апреля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Бұл кісі соғыста Т.Тоқтаров, М.Мәметова, С.Бәйішев сияқты батырларымызбен бір дивизияда болған. Майданда жүргенінде Ж.Жабаевпен хат алысып тұрған. Сол кезде соғыстан елге аман оралсам Жамбыл Жабаевпен кездессем деп армандайды екен. Әзілхан аға елге 1945 жылы қараша айында оралады. Ал Жамбыл атамыз сол жылдың шілде айында қайтыс болғаны белгілі. Сөйтіп ол екеуі кездесе алмай қалған. Содан Әзілхан аға елге барғанда не істеймін деп Алматыдан түсіп қалып, сол кездегі Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне құжат тапсырады. Филология факультетінің ІІ курсына қабылданады.