Ювеналды соттың маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 21:00, доклад

Краткое описание

«Ювеналды әділет» түсінік барлық дүниежүзінде оның бас буыны - кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотпен байланысты әділет, яғни cот әділдігі деген түсінікті белгілейді. ХХ ғасыр басында кәмелетке толмағандар үшін соттардың басқа елдер қатарында құрылғандары белгілі болды, яғни мына елдерде: Канада, Англия, Бельгия, Нидерландтар, Ресей, Польша, Венгрия, Испания, Грекия, Ирландия және тағы басқаларында.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Оразбекова Ювеналды соттың маңызы.docx

— 27.86 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

М. Сапарбаев  атындағы Оңтүстік Қазақстан  Гуманитарлық Институты

 

 


 

 

 

Тақырыбы: «Ювеналды соттың маңызы»

 

 

 

 

Студент: Оразбекова А.

Тобы:   ЮК 09-1

Ғылыми жетекшісі: Караева А.

 

 

 

 

Шымкент   2013ж.

 

 

Ювеналды соттың маңызы.

 

«Ювеналды әділет» түсінік  барлық дүниежүзінде оның бас буыны - кәмелетке толмағандар істері жөніндегі  сотпен байланысты әділет, яғни cот әділдігі деген түсінікті белгілейді. ХХ ғасыр  басында кәмелетке толмағандар  үшін соттардың басқа елдер қатарында  құрылғандары белгілі болды, яғни мына елдерде: Канада, Англия, Бельгия, Нидерландтар, Ресей, Польша, Венгрия, Испания, Грекия, Ирландия және тағы басқаларында. Кәмелетке  толмағандар істері жөніндегі сот  ХІХ ғасырдың соңында Америкада  құрылған. 1899 жылдың 2 шілдесінде Чикагода Иллинойс штатының Заңы негізінде құрылғаны белгілі. Міне, екі ғасыр өткен кезде аталмыш соттар дүниежүзінің көптеген елдерінде өз төрелігін жүзеге асыруда. Ювеналдық соттардың өркениетті елдермен қатар, дамушы елдер қатарындағы Үндістан мен Оңтүстік Африка мемлекетінде де қызмет етіп отырғандығын айта кеткен жөн. Алайда өркениетті ел болып саналатын Швецияда мұндай соттардың тіпті жоқ екендігі таң қалдырады. Мамандар мұны сол елдегі әлеуметтік жағдайдың жоғары екендігімен, бала мен ана өмірі, олардың денсаулығы мен құқықтары мемлекеттік деңгейде қадағаланып отырғандығымен байланыстырады.

Қазақстан Республикасында  ювеналды әділет жүйесін дамытудың  өзектілігі жоғары. Ол қылмыстық құқық  жүйесінде жасөспірімдермен жұмыстың әдістерін өзгерту қажеттілігін, қылмыстық және азаматтық үдеріс аясында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін нақты жағдайда барынша сақтауды айқындайды. Балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауға қатысты  мәселелерге 2009-2011 жылдары Қазақстан  Республикасында Ювеналды әділет жүйесін  дамыту қағидасын және 2010-2011 жылдары  Қазақстан Республикасында құқықтық саясат қағидаларын жүргізу жұмыстары  арналған. Кәмелетке толмағандарға  қатысты шараларын қолдану барысында  оның барлық кезеңдерінде құқық әділдігінің  тиімділігі мен сапасын арттыруға  мүмкіндік беретін, Қазақстанда  ювеналды әділет элементтерін кезең-кезеңмен енгізу және дамыту аталған қағидаларда  қарастырылды. Бұл әділет, ішкі істер  органдарында, білім беру және ғылым  жүйесінде, соттарда, прокуратура мен  адвокатурада кәмелетке толмағандармен жұмыс жасау жөніндегі мамандандырылған бөлімшелердің қызметін жақсартуды қамтиды.

Кәмелетке толмағандардың мүддесі  үшін арнайы міндеттерді шешетін  мамандандырылған (ювеналды) соттар мен  мамандандырылған әлеуметтік қызметтер  маңызды құрамдас бөлік болып  табылады.

Ювеналды әділет – кәмелетке  толмағандар құқықтарын қорғау кепілі. Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет негізін қалаушы  бағыттарының бірі, бала құқығын қорғау мәселесі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27 бабына сай неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

Бала құқығын қамтамасыз ету қазіргі заманның ауқымды проблемасына жатады, оның шешіміне барлық дүниежүзілік қауымдастық мүдделі.

Біздің Республикада балалар құқығына үлкен назар аударылатынын атап өту керек. Мәселен, бала құқығын қамтамасыз ету мәселелеріне 2008 жылғы 8 тамыздағы «Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы арналған, 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы», сондай-ақ басқа нормативтік құқықтық актілер бар.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстанда жас ұрпақты жағымсыз факторлар әсерінен қорғауды қамтамасыз ету үшін және жас ұрпақтың дамуы үшін барлық алғышарттарды құруда ювеналды әділет органдарын құрудың өткір қажеттілігі туындады.

Өркениетті елдерде сот ісін жүргізу нысанында сүрінген балаға көмекпен «қол ұшын беру» жүзден астам жылдар бойы белгілі: кәмелетке толмағандар үшін ювеналды соттар (латын сөзінен «ювеналий»- жастық)   ювеналды әділет жүйесіне енген.

Ювеналды соттар көптеген өркениетті елдерде кызмет атқарады, іс тәжірибеде олар өздерінің тиімділігін дәлелдеді, алдымен олар балалар құқықтарын қорғауға және баламен жасалатын қылмыстың алдын алуға мақсатталған. Сондықтан Қазақстанда ювеналды әділет құру көкейтесті міндеттің бірі болып отыр. Кейбір заңгер-ғалымдар пікірі бойынша ювеналды әділет бірыңғай және өзара байланыстағы жүйе тәрізді құқықтық, соттық және әлеуметтік нормалар және институттар жиынтығын ұсынуы қажет, мыналар енуімен: ювеналды сот, ювеналды полиция, ювеналды прокуратура, әлеуметтік және әлеуметтік-педагогикалық қызметтер бөлімшелерін, кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізушілер, омбудсмен қызметі (кәмелетке толмағандар құқықтары жөніндегі өкілдер); жабық тәрбиелеу мекемелері; арнайы жартылай жабық және ашық оқу-тәрбиелік түзетілім мекемелері, арнайы жартылай жабық және жабық медицина-тәрбиелеу мекемелері.

Ювеналды әділет  - кәмелетке толмағандар үшін сот төрелігінің ерекше жүйесі. Бұл жүйенің негізінде «parens patrie» доктрина жатыр, осыған орай кәмелетке толмағандар үшін оларға зиян келтіру ортадан және қауіп төну тәртібінен сақтай отырып мемлекет қамқоршы немесе жауапты тұлға болып келеді. Бұл тәсіл екі идеямен негізделген: жеткіншектер өздерінің дамуында өзінің нақты қылықтарын ұғуға және оған толық жауап тартуына әлі қабілетсіз; жеткіншектің жас мөлшеріне қарап оны әлі қайта тәрбиелеуге болады.

Ювеналды әділеттің рөлі мен мәні құқық бұзушы жас жеткіншекті қоғамға қайтару болып табылады. Бұл стратегияны іске асырудағы әдістер мен тәсілдер, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың себебін анықтау және алдын алу болып табылады.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы 23 тамыздағы Жарлығымен еліміздің  Астана және Алматы қалаларында кәмелетке  толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құрылды. Олардың құзыретіне кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істер, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер және олардың мүдделерін қозғайтын азаматтық істер жатқызылған. Елбасы бастамасымен 2012 жылы облыс орталықтарында мамандандырылған соттар құрылды. Бұл бастаманы біздің ел ТМД-да алғаш болып қолға алды.

2012 жылғы ақпанда Қазақстан  Республикасы Президентінің «Қарағанды  облысының ювеналды сотын құру  туралы» Қазақстан Республикасы  Президентінің Жарлығы шығуына  байланысты, Қарағанды қаласында, 2012 жылдың 1 сәуірінен Республикамыздың  кәмелетке толмаған азаматтарына  қатысты азаматтық, қылмыстық,  әкімшілік істерді қарайтын, кәмелетке  толмағандар істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сот  өз жұмысын бастады. ҚР Президентінің 04 ақпан 2012 жылғы №266 жарлығымен Қазақстанның барлық облыстық аймақтарында оның ішінде осы Атырау облысында да кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттары құрылды. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының негізгі міндеті бала құқығын қорғау және оларды оңалту.

Осылайша, халықаралық құқықтық стандарттар талаптарын ескере отырып, сот өндірісін жетілдірудің маңызды  құралы ретінде соттардың мамандануы бойынша сот реформасының тағы бір  басым бағыты нақты өмірге енді.

Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып бала құқықтарын қорғау жөніндегі дәйекті мемлекеттік  саясаттың қисынды жалғасы болатын  қадам жасады. Осы бағытта аз жұмыс  атқарылған жоқ. Ең алдымен, кәмелетке  толмағандардың мүдделері қозғалатын құқықтық қатынастарды реттейтін заңнамалық база құрылды. Кәмелетке толмағандар  құқықтарын қорғауға ел Конституциясында кепілдік беріледі. Негізгі Заңға  сәйкес 2002 жылдың 08 тамызында “Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы” Заң қабылданды. 1994 жылы Қазақстан БҰҰ-ның “Бала құқықтары туралы” конвенциясын ратификациялады.

Халықаралық қағидаларды  іске асыру мақсатында республикада жасалған қылмыстар үшін қылмыстық  жауапқа тартылатын кәмелетке толмағандарға  арналған сот төрелігі институты  кезең-кезеңімен енгізіле бастады. Эксперимент тәртібімен уақытша  құрылған мамандандырылған соттар мен  басқа мемлекеттік және өзге де құрылымдар “Қазақстандағы ювеналдық әділет”  жобасы шеңберінде Алматы қаласында  және Алматы облысында төрт жыл бойы жұмыс істеді. Кәмелетке толмағандарға  арналған мамандандырылған сот төрелігі жүйесін қалыптастыру қажеттігі  бала құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы  істердің қазіргі жай-күйіне, қылмыстық  сот төрелігі жүйесінде жасөспірімдермен жұмыс жүргізу әдістерін өзгерту, практикада қылмыстық және азаматтық  процеске тартылатын кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау қажеттігіне байланысты болып  отыр. Ювеналдық әділет жобасына барлық қатысушыларды – судьяларды, полицейлерді, прокурорларды, қорғаушыларды, жасөспірімдермен жұмыс істейтін әлеуметтік және оқыту-тәрбиелеу  қызметтерінің өкілдерін біріктірген  басты міндет – күнделікті практикалық  қызметте бала құқықтарын мүлтіксіз  сақтау.

Жобаны іске асыру барысы, бірлескен жұмыс нәтижелері олардың  толық тиімділігі мен қажеттігін көрсетті. Осы уақыт ішінде қылмыстық  сот өндірісі практикасы жақсарды, қылмыстық әділеттің негізгі  қағидалары іске асырылды. Кәмелетке  толмағандарға қатысты жасөспірімді қамауға алу сияқты шара анағұрлым  сирек қолданылатын болды және керісінше  оны ата-анасының, қамқоршыларының  қарауына беру сияқты шара белсенді қолданылды. Судьялар кәмелетке толмағандарға  қатысты бас бостандығынан айыру  емес, баламалы жазаларды жиі қолдана  бастады.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын сақтауды мемлекеттік бақылау тетіктерін заңнамалық түрде бекіту Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне, атап айтқан­да, 1985 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының өкімімен қабылданған БҰҰ ережелерінің стандарттарына негізделген. Осы нормаларға орай ювеналдық әділет кәмелетке  толмағандар істері жөніндегі сот  төрелігінің айрықша жүйесі ретінде  айқындалған, онда жасөспірім сот өндірісіне түскенге дейін және үкім шығарылғаннан  кейін де орталық буын – мамандандырылған сот әлеуметтік қызметтермен өзара тығыз іс-қимыл жасайды. Бұл ретте жасөспірімнің құқықтарын қорғау туралы, не оның қылмысы үшін сотталуы туралы сөз қозғалмайды. Басты қағидат – сот төрелігінің барлық кезеңдерінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қамтамасыз етілуі тиіс.

Кәмелетке толмағандарға  арналған сот төрелігінің мақсаты  – жеке басының одан әрі криминалдануына  және баланың қоғамнан алыстауына жол  бермеу, оны әлеуметтік оңалтуға ықпал  ету. Осыны негізге ала отырып, ювеналдық соттар құру осы санаттағы  істерді қараудың сапасын арттыру, жасөспірімдердің құқық бұзуларына жол бермеу мақсатында жүргізілетін алдын алу жұмысының деңгейін арттыруға бағытталған. Яғни, кәмелетке  толмағанға қатысты қабылданған  шаралар түзету және қайта тәрбиелеу  мақсаттарына бағындырылуы тиіс. Осы жерде ең бастысы – қылмыстық мінез-құлықты түсіну әрі анықтау және олардың жастық ерекшеліктерін ескере отырып, кінәлілерге әсер етудің тиімді тәсілдерін іздестіру.

Осы себеппен кәмелетке толмағандарға  қатысты істер мамандардың айрықша  ден қоюын, жоғары біліктілігін талап  етеді. Осы санат адамдарының істері бойынша қылмыстық сот төрелігінің ерекшелігі барлық мән-жайларды ескере отырып, заңға қайшы келген жасөспірімге жеке, жұмсақ жазалау шараларын қолданудан, сондай-ақ оның барлық азаматтық құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуден танылады.

Сондықтан, жаңадан құрылған соттардың құрамына осындай істерді  қарауда тәжірибесі бар, күрделі  құқықтық жағдайға тап болған жасөспірімдердің психологиясын білетін тәжірибелі және білікті судьяларды іріктеп  алу аса маңызды. Құқықтық тетіктерде кепілдік берілген кәмелетке толмағандардың физикалық және психикалық саламаттылығы  болашақта мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік өміріне толыққанды қатысуға қабілетті жас буынға ие болуының маңызды алғышарты болып табылады. Осы тұрғыдан ювеналдық соттар құрудың маңызы айқын көрінеді.

Кәмелетке толмағандар істері бойынша іс жүргізудің, қылмыстық  іс жүргізудің барлық кезеңінде ауқымды  мағынасы бар, яғни онымен жеткіншек  келешегі байланысты, ол әлі тұлға  түрінде қалыптаспады және ол, оны  қоршаған ортаға, сол сияқты отбасының  материалдық және моральдық жағдаймен  тәуелді. Кәмелетке толмағандармен құқық бұзушылар санатында ең кеңінен тараған – бұл жалпы  бағытымен тұрақталмаған жас  жеткіншектер, олар оң және жағымсыз да қылықтарға тез еліктейді. Мәселен, кәмелетке толмағандармен, негізінде  топтап жүргендер арасында және оларға үлкендер қатысуымен немесе олардың  әсерінен, көбіне ішімдік жағдайда, материалдық қиындықтармен, ата-аналары  және педагогтар тарапынан қажет  бақылаудың болмауынан, үйден тыс  жерде шексіз болудан, кейбір ерік және психологиялық даму сияқты ақыл - парасаттық элементтерінің жас жеткіншек бойында  болмауынан қылмыс жасалатынын атап өткен жөн.

Ювеналдық соттарды құру —  бүгінгі күннің  маңызды шаруаларының бірі. Өйткені жасөспірімдердің қылмысына  қатысты ахуал мәз емес. Республика аумағындағы әрбір бесінші қылмыс жасөспірімдердің қатысуымен орын алады. Яғни олардың басым бөлігі көшеде топ болып жәбірленушілердің  ұялы телефондарын тартып алған.  Сондай-ақ балалар қатысқан қылмыстардың көпшілігіне  ересектер басшылық жасайтыны және рас.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық  Кодексінде кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығына жеке тарау  арналған, оларға жаза тағайындаудың  ерекшеліктері бар, кәмелетке толмағандарға  жаза тағайындауда заң талаптарын қатаң  сақтап, олардың құқықтарының өрескел  бұзылмауын қамтамасыз ету керек.

Өз құзіреті шегінде қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді  қарастыратын, сондай-ақ тараптардың  бірі кәмелетке толмағандар болып  табылатын сот ювеналды (балаларға  қатысты) деп аталады. Ювеналды соттар жазалауға ғана емес, жас заң бұзушыларды  жолға салуға, жасөспірімнің қылмыс жасау себептеріне тереңірек  үңілуге бағытталған. Бүгінгі таңда  облысымызда 1 050 000 кәмелетке толмаған балалар тіркелген, яғни жалпы халық  санының 40%-ын құрайды. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын қылмыстардың басым көпшілігі ұрлау, тонау, қарақшылық сияқты қылмыстар болып табылады. Бұл санаттағылар көбіне ұялы телефондар, ойын компьютерлері, ақша, киім-кешектерді жымқырып, істі болып жатады. Бүгінге  дейінгі тіркелген қылмыстардың 70%-ы ұялы телефон ұрлауға қатысты. Жасөспірімдер мұндай қылмысты көбіне топтасып жәбірленушіге күш көрсету  арқылы жасайды. Сондықтан олардың  қылмысы ауыр қылмыс ретінде дәрежеленеді.

 Осыған орай, кәмелетке  толмаған адамға жаза тағайындау  кезінде қылмыстың сипаты мен  қоғамдық қауіптілік дәрежесі, кәмелетке  толмаған айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс  жасағанға дейінгі және одан  кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық  пен жазаны жеңілдететін және  ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ  тағайындалған жазаны сотталған  адамның түзелуіне және өмірі  мен тәрбиесінің жағдайлары, психикалық  даму деңгейі, жеке басының  өзге де ерешеліктері, сондай-ақ  оған жасы үлкен адамдардың  ықпалы ескерілуі керек.

Информация о работе Ювеналды соттың маңызы