Эстетикалық тәрбие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 18:21, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің жолдары мен әдіс-тәсілдерін негізге ала отырып, эстетикалық тәрбие арқылы оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуындағы алатын орнын айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1.Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беруді жүзеге асыру.
2. Педагогикалық бағытты қалыптастыру.
3. Эстетикалық тәрбиенің жаңа әдістері мен формаларын енгізу.
4. Жаңа ғылыми - әдістемелік жабдықтармен қамтылу.
5. Ұлттық тәрбие жүйесін анықтау.
6. Эстетикалық тәрбиеде баланың психологиялық даму ерекшеліктерін айқындау.
7. Эстетикалық тәрбиенің құндылықтарын ашу.

Содержание

КІРІСПЕ 3
І. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 6
1.1. Эстетикалық тәрбие беру туралы түсінік 6
1.2. Эстетикалық тәрбие берудің мәні мен міндеттері 9
1.3. Эстетикалық тәрбие берудің жүйесі, формалары мен әдістері 11
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ 16
2.1. Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі түрлері 16
2.2. Мектепте эстетикалық тәрбие берудің негізгі жолдары 19
2.3. Күнделікті өмірдегі оқушының жеке басының эстетикасы 22
2.4. Халықтық салт-дәстүрлерді эстетикалық тәрбие беруде пайдалану 24
ІІІ. ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ 29
ҚОРЫТЫНДЫ 36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР 38

Прикрепленные файлы: 1 файл

Эстетикалық тәрбие +.docx

— 81.74 Кб (Скачать документ)

 Қатынас эстетикасы. Үйелменде ата-аналармен, мектепте оқушылар және мұғалімдермен, басқа адамдармен қатынас жасау эстетикалық тәрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас балалардың кұнделікті өмірінде, іс әрекетінде қалыптасады, эстетикалық сезіміне үнемі әсер етеді.

 Үй - жағдай эстетикасы. Әрбір үйелмен өзіне өз үйіне жайлы жағдай жасауға тырысады. Әртүрлі үй дүние және мүліктерінің өз орнында әдемі, ыңғайлы тұруын ойластырады. Жұмыс істейтін және демалатын бөлмелерді өте қолайлы етіп жабдықтайды. Үйелменде балаларды үй ішінде өзінің жеке заттарын, нәрселерін ретке келтіріп ұстауға, оларды күтуге, үйді жинауға, тазалықты сақтауға үйретеді. Осындай жұмыстардың барлық түрлеріне балаларды қатыстыру әке мен шешенің, ересек үйелмен мүшелерінің басты міндеттерінің бірі.

 Оқушылардың  үй жағдайын өзгертуге байланысты  жұмыстардың барлығына қатыстырып  отыру керек. Мысалы: бөлме қабырғаларына  жапсырылатын түсқағаздарын, терезенің  перделерін қалай таңдап алу  керек, бөлмелерде жиһаздарды  қалайша әдемі етіп орналастыруға  болады, бөлменің өсімдіктерін өсіру,  оларды күту, яғни осы сияқты  жұмыстарды өз бетімен орындауға  үйрету, дағдыландыру балалардың  эстетикалық сезімін, танымын  тәрбиелейді және эстетикалық  ұғымын қалыптастырады.

 Киім - кешек эстетикасы. Адамның сыртқы көрінісі, киімі мен жүріс тұрысы,  оның жалпы эстетикалық мәдениетіне байланысты болып келеді. Киім эстетикасы, яғни сән (мода) қазіргі өмір талабына сәйкес болуды қажет етеді. Ескірген сән бойынша киіну адамды сұрақысыз етеді, оның  сүйкімсіздігін жояды. Сәнді дұрыс пайдалану – бұл әдемілікті сезіну, өмірге адамның бейнесіне сергітуші жаңалықтар енгізу болып табылады.

 Артық  мөлшерде сәндену, түрлі формаларға  және түстерге еліктеу адамға  абырой әпермейді. Сырт киімді, аяқ киімді, шашты баптауды өскелең  өмір талабына, жас ерекшелігіне  сәйкес таңдап  алу керек. Басқаша  айтқанда, адамды қымбат мүліктердің  көрмесіне айналдыруға болмайды. Киім –кешек эстетикасында сұлулықтың өлшемін есепке алу керек

Оқушылардың күнделікті өмірдегі жеке басының эстетикасын қалыптаструда жалпы эстетикалық мәдениетті қалыптастырудан бастадық.

 Жалпы эстетикалық мәдениет түрлеріне:

    1. қатынас эстетикасы,
    2. киім-кешек эстетикасы,
    3. манера (өзін ұстай білу үлгісі),
    4. дене қимылы және т.б.

 Қатынас эстетикасы. Үйелменде ата-аналармен, мектепте оқушылар және мұғалімдермен, басқа адамдармен қатынас жасау эстетикалық тәрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас балалардың кұнделікті өмірінде, іс әрекетінде қалыптасады, эстетикалық сезіміне үнемі әсер етеді.

 Үй - жағдай эстетикасы. Әрбір үйелмен өзіне өз үйіне жайлы жағдай жасауға тырысады. Әртүрлі үй дүние және мүліктерінің өз орнында әдемі, ыңғайлы тұруын ойластырады. Жұмыс істейтін және демалатын бөлмелерді өте қолайлы етіп жабдықтайды. Үйелменде балаларды үй ішінде өзінің жеке заттарын, нәрселерін ретке келтіріп ұстауға, оларды күтуге, үйді жинауға, тазалықты сақтауға үйретеді. Осындай жұмыстардың барлық түрлеріне балаларды қатыстыру әке мен шешенің, ересек үйелмен мүшелерінің басты міндеттерінің бірі.

 Оқушылардың  үй жағдайын өзгертуге байланысты  жұмыстардың барлығына қатыстырып  отыру керек. Мысалы: бөлме қабырғаларына  жапсырылатын түсқағаздарын, терезенің  перделерін қалай таңдап алу  керек, бөлмелерде жиһаздарды қалайша әдемі етіп орналастыруға болады, бөлменің өсімдіктерін өсіру, оларды күту, яғни осы сияқты жұмыстарды өз бетімен орындауға үйрету, дағдыландыру балалардың эстетикалық сезімін, танымын тәрбиелейді және эстетикалық ұғымын қалыптастырады.

 Киім - кешек эстетикасы. Адамның сыртқы көрінісі, киімі мен жүріс тұрысы,  оның жалпы эстетикалық мәдениетіне байланысты болып келеді. Киім эстетикасы, яғни сән (мода) қазіргі өмір талабына сәйкес болуды қажет етеді. Ескірген сән бойынша киіну адамды сұрақысыз етеді, оның  сүйкімсіздігін жояды. Сәнді дұрыс пайдалану – бұл әдемілікті сезіну, өмірге адамның бейнесіне сергітуші жаңалықтар енгізу болып табылады.

 Артық  мөлшерде сәндену, түрлі формаларға  және түстерге еліктеу адамға  абырой әпермейді. Сырт киімді, аяқ киімді, шашты баптауды өскелең  өмір талабына, жас ерекшелігіне  сәйкес таңдап  алу керек. Басқаша  айтқанда, адамды қымбат мүліктердің  көрмесіне айналдыруға болмайды. Киім –кешек эстетикасында сұлулықтың өлшемін есепке алу керек.

           Қазақ отбасы тәрбиесінде  мынау – ақыл–ой тектігі, мынау – эстетикалық тәрбие құралы дейтін жекеленген тәрбие құралы жоқ. Кез – келген тәрбие жүйесіне талдау жасасақ, ақыл–ой, дене, еңбек, адамгершілік, тәрбиелері өзара іштей сабақтасып, араласып жатқанын көреміз. Әдептілік, сыпайылық, кішпейілдік, мейірімділік, иманжүзділік, әдемілік, талғамдылық, мұратқа жетуге тырысушылық қасиеттердің бәрі де ар-ұят, ұждан тазалығынан туындайды. Сондықтан бала тәрбиесінде халқымыдың ғасырлар бойғы тәрбиесі негізінде тәрбиелеу өте маңызды.

 Салт – дәстүрлер ғасырлар бойы жинақталып, адам өмірінің барлық жақтарын қамтиды. Сондықтан да кез–келген адам өз халқының салт–дәстүрлері аясында өмір сүруі керек.

           Халықта «бесік жырын естімегеннен не адамшылық күтесің», «Бесіксіз үйде береке жоқ» дейтіні содан болар. Атаның батасы, әженің әңгімесі, әкенің өнегесі, шешенің тәрбиесі халықтық мұра. «Ата көрген – оқ жонар, ана көрген – тон пішер», «Ұяда не көрсең – ұшқанда соны ілерсің» - деген. Өскелең ұрпаққа тәлім – тәрбие берудің қуатты құралы халық даналығы жасаған ауыз әдебиеті туындылары.

           Халықтық салт-дәстүрдің бала тәрбиесінде эстетикалық тәрбиенің негізінде тәрбиелеу төмендегідей тізілім шығады:

  Жас ұрпақты адалдыққа, еңбексүйгіштікке, шыншылдыққа үндеу. Қоғам жеке отбасынан тұрады. Қазақ отбасы үш буыннан құралады: ата – әже, әке - шеше, бала. Қазақ ұлағатты сөздер арқылы ұрпағын ойшылдыққа, әдептілікке, батылдыққа баулыған. Бесік жырын, ертегіні тыңдамаған балалардың көкірек көзі ашылмаған күйде қалады.

            Қорыта келгенде, бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудегі жүргізілген зерттеу жұмысының қорытындысының көрсеткіштері төмендегіше болып шықты.

        Бұл диаграмма  бойынша:

        Көк түс – эксперимент сыныбы.

        Қызыл түс – бақылау сыныбы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

          Адам мен әлемдегі әсемдік пен сұлулық туралы қазақ халқының ұлттық көркем мәдениетін зерттейтін философиялық пән эстетика термині ежелгі грек тілінен «сезінуші», сезімді қабылдау деп аударылады. Қазақ халқының қалыптасу барысындағы эстетикалық ой-пікірлердің дамуы бірнеше кезеңдерден өткен.

           Қазақ эстетикасының бір арнасы Қазақстан жерін мекендеген түрік тілдес ұлыстардың өзіндік мәдениеті, жазуы мен өрнегі болған. Көне түрік жазуындағы Қожа Ахмет Ясауидың «Даналық кітабында» Ахмет Иүгинекидің «Ақыл сыйында», т.б. эстетикалық мәдениет пен мұраттың түбегейлі мәселелері көркем суреттелген. 

           Эстетика – сезім әлеміне қатысы бар құбылыстарды зерттейтін философияның бір саласы болса, эстетикалық тәрбие көбінесе адамның сезімін тәрбиелеу арқылы санасына әсер етіп, іс-әрекетіне бағыт-бағдар беруді көздейді. Жүріс-тұрыс, адамдар арасындағы қарым-қатынас талаптарын түсініп сезіну оның эстетикалық жағынан қамтиды.

           Этика мен эстетика іс-әрекет, жүріс-тұрыс, мінез-құлық көріністері арқылы бір-бірімен байланысып жатады. Әр нәрсенің мөлшері мен өлшемін білу эстетикалық жақтан сезіну арқылы келеді. Эстетикалық тәрбиенің басты мәселесі – сезім әлеміне әсер ету, оны дамыту, қалыптастыру болып табылады. 

           Эстетикалық тәрбиенің міндеті – жас ұрпақты өмірдің барлық салаларындағы: адамның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі, көркемөнердегі және табиғаттағы сұлулық пен әсемдікті көре білетін, ұға білетін, бақылай алатын және оларды өзі де жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу. Ол үшін жас-жеткіншектер сауатты, терең білімді болуы керек. Әдебиетті, музыканы, сәулет өнерін, кескіндеме, кино мен театрды түсініп, олардан жанға рухани азық, ләззат ала білу үшін де сезім-түйсігі ұшқыр, ақыл-ойы алғыр, білімді адам болуы тиіс.

            Эстетикалық тәрбие беру мектепте ең алдымен сабақта жеке пәндерді оқыту жүйесінде іске асады. Жекеленген пәндерді оқу арқылы оқушылар өзін қоршаған табиғатты адамдардың қарым-қатынасындағы, өнердегі әсемдіктің негіздерімен танысады.

            К.Д.Ушинский оқытудың тәрбиелік сипатта болу принципіні ерекше мән берді. Бұл жөнінде ол: «Адам сезімін қамтымайтын оқу жақсы оқу емес. Мұғалім оқу арқылы бала жанына ұрық беру үшін барлық кезеңді де пайдалануы қажет. Бұл жағдай барлық ғылым саласында да мүмкін», - деді.

           Сабақта эстетикалық тәрбие беруде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру керек. Мәселен, бастауыш сынып оқушылары сыртқы ортаның әсеріне өте сезімтал келеді. Бұл кезеңде қоршаған ортадағы әртүрлі тітіркендіргіштердің әсері орасан зор. Әрине бұл бала психологиясына тән заңдылық. Олардың эстетикалық даму дәрежесінің айырмашылығын ескеру қажет. Бұл кезеңдегі бала сезіміне табиғат сұлулығының  көрнекі түрлерінің ерекше әсері бар. Ол жасөспірімдік шақта эстетикалық құбылыстарды дұрыс бағалай білуге үйренеді, өзін қоршаған дүниедегі жақсы мен жаманды айыра біледі. Бірінші орынға дұрыс эстетикалық талғамды дамыту міндеттері қойылады. Ал, жоғары сыныптарда оқушылардың дүниетаным көзқарасының қалыптасуы аяқталады. Олардың идеялық көзқарасы, қажеттіліктері мен мұраттары жетіледі. Сөйтіп, дүниеге көзқарасы жан-жақты дами түседі.

           Оқушының эстетикалық көзқарасын, дүниетанымы мен мұратын бірлікте қамтамасыз ету жүйесінде баспасөз, радио, кино, көгілдір экран және кітапхана саласындағы жұмыстардың атқарып отырған қызметінің орны айрықша. Мәдениет ошақтарының бұл түрлері бүгінгі таңда жастардың жан-жақты жетілуінде айрықша мәнге ие болуда.

           Сондықтан өскелең ұрпаққа тәлім-тербие беруде, соның ішінде эстетикалық тәрбиеде оның құндылығына айрықша мән беріп, оларды иімді пайдалану, ұлттық ерекшелікке сай ондағы жұмыстардың бағыттары мен мазмұнын жаңартып отыру қоғамның мемлекеттік саясаттың маңызды бір саласына айналып отыруы қажет.

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР

1. Ақатаев С. Эстетикалық категориялар //Білім және еңбек. –1984.-№5.-24-25

2. Алиева Л.Б. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерін оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде пайдалану //Білім. – 2006.-№2.-34-36б.

3. Арынов М. Эстетикалық тәрбие беру арқылы оқушылардың ақыл-ойын дамыту //Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2008.-№2. -3-4б.

4. Әбенбаев С. Эстетикалық мәдениет негіздері /Алматы:Дарын, -2005. -280б.

5. Әбенбаев С.Ш.Тәрбие теориясы мен әдістемесі /Алматы:Дарын. -2004.-152

6.Бабаев С.Б. және т.б. Педагогика: жалпы негіздері және тәрбие теориясы /Алматы:Заң әдебиеті. – 2008.-124б.

7. Байжігітова Б.К. Қазақ өнерінің эстетиклық табиғаты /Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі.Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті. – Алматы. – 1994. – 22б.

8. Бегалова М.халық музыкасы және эстетикалық тәрбие //Білім. – 2008.-№2

9. Дүйсенбаева Б. Жас ұрпаққа тәрбие берудегі отбасының рөлі // Сыныптағы тәрбие. – 2004. - № 6. -1 – 3.

10. Жусанбаева Г. Бала тәрбиесіндегі салт-дәстүрдің рөлі // Қазақстан мектебі. – 2007. - № 2. – 21

11. Жошыбаева Г. Эстетикалық тәрбие табиғатымен //Қазақстан мектебі. – 1999. - №5. – 6-9б.

12. Ибраимова Л. Қазақ халқының отбасылық тәрбиесі // Ізденіс. – 2005. - № 2. – 11 – 13.

13. Қабышева Р. Ізілікке тәрбиелеудегі отбасылық дәстүр // Қазақстан мектебі. – 2005. - № 4. – 10 – 11

14. Қиялбаева Ә. Мектептегі эстетикалық тәрбие //Қазақстан мектебі. – 1998. - №1. – 35-36б.

15. Мақашева А.Эстетикалық тәрбие туралы //Қазақстан мектебі. -1998. -№1. -35-38б.

16. Нұрмұхамбетова Р.А. Эстетикалық тәрбие беру туралы //Қазақстан мектебі. – 2001. - №1. – 14-17.

17. Ұзақбева С.Тамыры терең тәрбие /Алматы: Білім, - 1995. – 232б.

18. Тілеуханова Н. Эстетикалық тәрбиені қалыптастыру //Бастауыш мектеп. – 1999. - №7. – 5-7б.

19. Уахитова Э. Эстетикалық тәрбие беру құралдары // Сыныптағы тәрбие. -2003.-№11.-27-28б.

20. Шомаханова П.Р. Оқушыларға  эстетикалық тәрбие берудің тиімді жолдары //Бастауыш мектеп.-2007.-№5.-31-32б.


Информация о работе Эстетикалық тәрбие