Бірінші сынып оқушыларының қарапайым түсініктерін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2013 в 19:47, курсовая работа

Краткое описание

Қарапайым түсініктерді қалыптастыру оқушылардың танымдық сұранысының объективті көрінісі ретінде, яғни олардың шығармашылық есептерді орындауда білімі, біліктілік және машақтарға ие болуларына бағытталған қауырт оқу танымдық іс-әрекеті ретінде көрінеді. Осындай іс-әрекетті басқаратын, қарастырылып отырған математикалық жағдайдың (ол әртүрлі есеп, тапсырмалар, проблемалық мәселелер болуы мүмкін) шешімін табуда оқушының іс-әрекетінің шығармашылық сипатында өрбуіне жетелейтін әдістемені жасау қажеттілігінен туып отыр.
Бастауыш мектепте қарапайым түсінікті қалыптастыру оқыту әдістемесі (Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, В.В. Репкин, В.А. Левин) жоспарлап ұсынған.

Содержание

Кіріспе
3-бет
І
Бірінші сынып оқушыларының қарапайым түсініктерін қалыптастыру

1.1
1.2

ІІ
Қарапайым түсініктерді қалыптастыру
Қарапайым математикалық ұғымдарды оқыту
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі.
5-бет
8-бет

2.1

2.2
Бастауыш сыныпта математикалық сауаттылықты қалыптастыру
Алғашқы ондық сандарын оқыту. Сан және цифр ұғымдарын анықтау
12-бет

18-бет


Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымша
22-бет
23-бет

Прикрепленные файлы: 1 файл

карапайым дайын матем.doc

— 140.00 Кб (Скачать документ)

6 цифры сол жақтағы үлкен және оң жақтағы кіші жарты сопақшалардантұрады. Цифрды жазуды тордың оң жақтағы бұрышынан сәл төменірекбастайды. Көлбей орналасқан және тордың төменгі қабырғасының ортасыарқылы өтетін сол жақтағы жарты сопақшаны жазғаннан кейін сызықтыжоғары қарай жүргізеді және тордың ортасынан сәл жоғары оны сол жаққақарай иеді.

7 цифры үш элементтен тұрады: толқынды сызықтан, кӛлбеу және кішітүзеу таяқшалардан. Толқынды сызықты тордың жоғары қабырғасыныңортасынан сәл тӛменірек бастап тордың оң жаң жоғары бұрышына дейінжүргіземіз. Қаламды қағаздан ажыратпай, тордың төменгі қабырғасыныңортасына дейін көлбеу таяқша жүргіземіз.

8 цифры жоғары және төменгі сопақшалардан тұрады (жоғарысопақшатөменгісінен сәл кішіректеу). Цифрды жазуды тордың жоғарықабырғасының ортасынан сәл тӛменіректеу және оңырақ бастап, сызықтыоңға карай және жоғары жүргізеді де, тордың жоғары және оң жаққабырғаларын жанастыра иеді, сонан кейін сызықты (оңнан солға қарай)жүргізгенде де иеді және тордың төменгі қабырғасының ортасына тамансолдан оңға карай жүргізеді. Әрі қарай сызық иіліп, жоғарыдағы бастапқы

нүктеге дейін  жеткізіледі.

9 цифры сол жактағы кіші жарты сопақшадан және оң жақтағы үлкенжарты сопақшадан тұрады. Цифрды жазуды тордың оң жақ жоғарыбұрышынан сәл тӛменірек бастайды да сызықты солға қарай жоғарыжүргізеді, тордың ортасына таман иеді, сонан кейін оңға қарай жоғарыжүргізеді де бастапқы нүктеге қарай иеді. Қаламды ажыратпай, сол нүктеденбастап, оң жақтағы үлкен сопақшаны тордың қабырғасының ортасынжинақтайтындай етіп жазады.

Сан — математиканың негізгі ұғымдарының бірі. Қарапайым түрде алғашқы қоғамдарда-ақ пайда болған, кейін бірте-бірте қолданыс аясы кеңейіп әрі жалпыланды. Кейбір заттарды санауға байланысты бүтін оң (натурал) Сан дар ұғымы, кейіннен Сандардың натурал қатарының (1, 2, 3, 4, …) шексіздігі туралы идея пайда болды. Сан ұғымының алғашқы кеңеюі — натурал Сандарға бөлшек Сандардың қосылуы болды. Ол ұзындықты өлшеу, ауданды табу, сондай-ақ, атаулы шамалардың үлесін бөліп шығару қажеттілігіне байланысты қолданысқа енгізілді. Теріс Сандар арифмет. есептерді шешудің жалпы тәсілдерін беретін алгебраның ғылым ретінде дамуына байланысты шықты. Бүтін, бөлшек (оң және теріс) және нөл сандары рационал сан деп аталды. Айнымалы шамалардың шексіз өзгеруін зерттеу үшін Сан ұғымы кеңейтіліп, нақты сандар жиынтығы пайда болды. Шамалардың қатынасын (мыс., квадрат диагоналының оның қабырғасына қатынасы) дәл өрнектеу қажеттігі иррационал сандар ұғымын енгізуге себепші болды. 16 ғ-да квадрат және куб теңдеулерді шешуге байланысты жорымал сандар ұғымы енгізілді. Сан ұғымы дамуының соңғы кезеңі комплекс Сандардың енгізілуі болды. Бұл идея 16 ғ-да 3- және 4-дәрежелі алгебр. теңдеулердің шешімін табуға байланысты пайда болған.

Сан ұғымы математика ғылымындағы ең негізгі ұғымдардың бірі.Адамзат мәдениет есігін аша бастағанда математикадағы ең бірінші амал нәрселерді санау болды.

Нәрселерді  санаудың нәтижесінде натурал сандар шыққан.Натурал сандырдың әрқайсысын белгілеу үшін жасалған таңбалар цифрлар  деп аталады.

Цифрлар: 1,2,3,4,5,6,7,8,9, және 0. Бұл цифрлар алғашқыда Үнді (Индия) елінде қолданылған, бірақ Еуропаға бұл цифрлардың арабтар әкелген.Осыдан бұл цифрлар араб цифрлары деп аталған.

Осындай цифрлардан сандар құрастырылып, олар белгілі бір тәсілмен аталып таңбаланған.

Сандардың аталуының және таңбалануының жалпы тәсілін санау жүйесі деп атайды.Санау жүйелері-сандарды өрнектеудің қандайда бір тәсілі және оған сәйкес сандармен әрекет жасау ережелері деп те айтады.Бұрынғы және қазіргі қолданылып жүрген барлық санау жүйелері позициялық және позициялық емес санау жүйелері болып екі үлкен топқа бөлінеді.Позициялық санау жүйелерінде цифрдың мәні орналасу мәніне тәуелді,ал позициялық емес санау жүйелерінде тәуелді емес.Позициялық   емес  санау жүйелерінің мынадай кемшіліктері  бар:

1)үлкен  сандарды  жазу үшін әрдайым жаңа таңбалардыенгізіп отыру қажет;

2)бөлшек және  теріс таңбалы сандарды өрнектеу  мүмкүн емес;

Позициялық  емес санау жүйесінің мысалы ретінде  Римдіктерде қалыптасқан бестік санау жүйесін айтуға болады. Сандарды Рим цифрларымен жазуда осы бесттік жүйе қолданылған: бір-I, бес-V, он- X, елу-L, жүз-C, бес жүз-D, мың-M таңбаларымен белгіленген.Римдік санау жүйесі позициялық емес.

Позициялық  ондық санау жүйесі шығыс елдерінде IX ғасырдан бастап тарады.Адамда он саусақ бар,ал ол алғашқы құрал болғандықтан 10 саны санаудың негізі ретінде бекінді.

Қорытынды

Қорыта келгенде бастауыш мектеп мұғалімдері бастауыш сынып  оқу-шыларымен математика сабқтарында қарапайым түсініктерді қалыптастыра отырып және өз сабақ барыстарында қолдану дайындығын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп оқытудың әдіс-тәсілдері, оқушылардың белсенділіктерін арттыру, оқу құрал-жабдықтарын ұқыпты қолдануға үйрету жолдарында қарастыру болып табылады.

«Математика оқыту әдісінде сан алуан жетілдірулері болатындығына  қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді», - деп жазған атақты ғалым Д.И. Писарев. Сондықтан математиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс. Бұл бастауыш сыныпта оқытуда орындалады.

Оқушылардың математикалық түсініктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің білім саласында тұрған басты мәселелердің бірі болып табылады. Себебі кез келген оқушының сабаққа немесе оқуға деген қызығушылығы болмаса, онда оның алған білімі тұрақты болмайды, және ол алған білімін болашақта пайдалы бағытта қолдана білмейді. Сондықтан математикалық сауаттылықты қалып-тастырудың жолдарын және ерек-шеліктерін қарастыра келіп соңғы он шақты жылдың төңірегінде қаншама жұмыстар істеліп жатыр.

Қазіргі ғылым мен  мәдениеттің өркендеген кезінде, әсіресе  математика ғылымының дамуы барысында  оқушыларды қарапайым түсініктерді оқумен бірге өзінің ойын жеткізе білуге, оқыған қарапайым түсініктерді дұрыс тани біліп, қолдана алуға баулудың маңызды айрықша екендігі белгілі. Сондықтан оқушыларды қарапайым түсініктерді біліп қана қоймай, оның қолдану ерекшеліктерін тани алуға, оларды практикалық жұмыстарында қолдана алуға үйрету қажеттігі келіп туады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Леушина A.M. Қарапайым математикалық түсініктерді  қалыптастыру әдістемесі. - Алматы, 1987.

2.Отбасында  және балабақшада баланы мектепке  дайындау бағдарламасы. -Алматы, Шартарап, 2000.

3. Балабақшада  5-7 жастағы балаларды мектеп алды даярлау бағдарламасы. Астана-Алматы, 1992. 
4. Адамтаева Г. «Білімді тиянақтау». Бастауыш мектеп 10-2004ж.23бет. 
5. Асқарова Ж. «Интелектуалды ойын». Бастауыш мектеп 2-2002ж. 
Зббет. 
6. Ақбаева «Дидактикалық ойындар». Бастауыш мектеп 3-2000ж.

7. Құрманалина , С.Ш. Сәрсенбаева , Өміртаева «Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар. 1-сынып». Алматы «Атамұра» 1997ж.. 
8. Мұхамеджан Ү. «Қимыл - қозғалыс ойыны». 2-2002ж.42бет. 
9. Мамырбаева «Жаңа технологиялар сабақта». Бастауыш мектеп 
7-2004ж. 45бет. 
10. Наурызбайқызы Ә, С.Мұхамедқызы «Математикадан 
дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар». Алматы 
«Рауан» 194ж. 
11. Нурахметова А. «Ойын әдістерін қолдануға студенттерді кәсіби тұрғыдан даярлау». Ұлт тағылымы 4,5-2001ж.124бет. 
12. Нұрғаева Г. «Ойын сабақ» Бастауыш мектеп 7-2001ж.35бет. 
14. Оразбекова «Дидактикалық ойындардың маңызы» Бастауыш 
мектеп 2-2000ж.40бет. 
15. Оспанова «Бастауыш мектеп кластарында математиканы 
оқыту». Алматы «Мектеп» 1987ж. 

 

 

Сабақтың тақырыбы: 7 саны және цифры.

 Мақсаты: 1. Оқушыларды 7 санымен, цифрымен таныстыру. 7 санының құрамын анықтау, өрнек құра білуге үйрету.

2.Оқушылардың  ой-өрісін, танымдық белсенділігін,  қызығушылығын арттыру.

3. Оқушыларды  адамгершілікке, ұқыптылыққа, қоршаған  ортаны аялауға тәрбиелеу.

 Сабақтың  түрі: аралас сабақ

 Әдіс- тәсілдері:  түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша, жазбаша.

 Көрнекілігі:  оқулық, үлестірмелі карточкалар,  сызба, интерактивті тақта.

 Пән байланысы:  дүниетану, әдебиеттік оқу.

 Сабақтың  барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 ІІ. Психологиялық  дайындық:

 Кел, балалар,  ойнайық,

 Ойнайық  та, ойлайық.

 Қандай сұрақ  болса болса да,

 Таппай оны  қоймайық

 ІІІ. Жаңа  сабақ.

 Слайд бойынша  ассоциация жүргізу.

 Бала қолында  не үстан тұр? / шалғы/

 Өткір шалғы  ғой. Шалғыңды, ал да, ора ғой.  Қай санға ұқсайды?

 Қазақта  7 саны киелі сан болып саналады.

 

7 (топтастыру)

7 қазына 7 қарақшы  7ата

7күн 7шелпек

7 керемет 7 мүшел

 n Қазына дегеніміз – мол байлық.

 n Қазына сөзін математикада 7 санымен байланыстыра аламыз.

 Ендеше, біз  бүгін 7 санымен, цифрымен танысамыз.

1 слайд 1 –  қазына – «Жүйрік ат»

 «Ер қанаты -ат» деген қанатты сөз бар.  Халқымыз төрт түлік малдың  ішінде жылқыны ерекше бағалаған.  Жылқының етін, қазы-қартасын жеп,  қымызын ішкен, терісін пайдаланған. Жау шапса, бір-бір атқа мініп, дұшпанына тойтарыс берген.

1) 1-ден 10-ға  дейін сандарды тура және кері  санау.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

10 9 8 7 6 5 4 3 2 1

2) Сандардың  ішінен 7 санын көрсету.

3) 7 санының  көршілерін атап беру.

2 слайд 2 – қазына – «Алғыр тазы»

 Тазы –  иттің бір тұқымы. Тазы итпен  ата-бабаларымыз аң аулаған. Тазы  – артық қырым еті жоқ ит. Онымен қасқыр, түлкі, қарсақ ұстаған.  Ит адамға қолқанат болып, мал  күзеткен.

1) Дәптермен  жұмыс

7 санын жазу.

2) №1 теңдіктер құрастыр және жазындар.

6+*=7 5+*=7 +*=7

*+6=7 *+5=7 *+4=*

7-*=* 7-*=* 7-*=*

7-*=* 7-*=* >7-*=*

3слайд 3 –  қазына – «Берен мылтық»

 Ертеде аталарымыздың  үйінде найза, айбалта, қылыш,  мылтық болған. Дұшпандарын мылтыкпен  жеңген. Батырларымыз жауға осы қару – жарақпен шыққан.

1) Оқулықпен  жұмыс.

 №2 сандардың  көршілерін ата.

* 4 * * 6 * * 5 * * 1 *

4 слайд 4 –  қазына — «Ер жігіт»

 «Ер ел  қорғаны» дейді дана халқымыз. Кең байтақ жерімізді, өзен, көл,  орманымызды, көгілдір тауларымызды  жаудан қорғап, кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған ер бабаларымыздың өте болған, ол Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек батыр, Жәнібек батыр т.б.

 

5 слайд

 Сергіту  сәті:

 Аспанға  қарап ай көрдім,

 Төменге  қарап жер көрдім.

 Оңға, солға  бұрылып,

 Егеменді  ел көрдім!

6 слайд 5 –  қазына – «Сұлу әйел»

 Әйел —  ол ана, жар, апа, қарындас. Ажарына  ақылы сай, мінезге бай, еріне  сүйеу бола білген, үйдегі балаларын  мәпелеп, тәрбиелеп өсірген. Жақсы  әйел — әрбір отбасының ұйтқысы,  ырыс-берекесі.

1) Бір аптада неше күн бар?

 Апта күндерінің  атауларын ата.

6 слайд 6 –  қазына – «Қыран бүркіт»

 Қыран бүркітті  ата-бабаларымыз балапан кезінен  баулап, аң аулауға үйреткен. Қанаты  қатайғанда қасқыр, түлкіге салған. Ал қасқыр, түлкінің терісінен  тымақ, ішек, тон жасап киген.

1) №5 кесінділерді  өлшеп, салыстыр.

 см * см

 

7 слайд 6 –  қазына – «Ілім – білім»

 Адам баласы  пайда болғалы ілім-білімге ұмтылып  келеді. Осының арқасында машина, трактор, радио, теледидар, ұшақтар,  компьютер дүниеге келді. Сондықтан  ілім-білім, ғылымды игерсең еш қор болмайсыңдар.

1) Ойын «Орынды  тап» Оқушыларға сандар таратылып  беріледі, сандарды ретімен қойғанда  мақал шығады: « ОҚУ – БІЛІМ  БҰЛАҒЫ»

7 санына байланысты мақал  – мәтелдер айтып беру.

1. Жеті атасын білген  ер, жеті жұрттың қамын жер.

2. Бала жетіге келгенше, жерден таяқ жейді.

 3. Жеті атасын білмеген жетесіз.

 ІV. Қорытынды

 


Информация о работе Бірінші сынып оқушыларының қарапайым түсініктерін қалыптастыру