Бастауыш сыныпта есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 20:37, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің өзектілігі. Біздің қоғамдағы нарықтық қатынастарды игеру, алдыңғы қатарлы дамыған елу елдің қатарына қосылу, үдемелі ақпараттар ағыны, ғаламдық компьютерлік жүйеге өту қазіргі заманда өмір сүріп отырған адамның өз білімін үнемі жетілдіруіне, жаңарып тұруына икемділігін тәрбиелеп отыруына көзін жеткізіп отыр. Осы күні мектепте әлеуметті жағынан белсенді, еркін ойлай алатын, өз бетінше жаңа ақпаратты меңгере білетін, саналы адамдар тәрбиелеуге талап қойылуда. Осыған байланысты қазіргі жағдайда мектеп оқушысының төменгі сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын, танымдық әрекет белсенділігін қалыптастыру үшін мұғалім өскелең оқытуға негізделген қолайлы әдістермен оқыту қажет.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бастауыш сыныпта есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану әдістемесі.doc

— 1.05 Мб (Скачать документ)

Еспеп шығаруда көрнекілікті пайдалану әдістемесін жүзеге асыруына байланысты эксперименталды сыныпта  математика сабақтары дамытушылық технологиялар негізінде жүргізілді. Осы сабақтардың құрамында келесі әдістемелік құралдар қамтылды:

  • ойын негізінде;
  • жарыс түрінде;
  • аралас сабақ.

Бастауыш сыныпта көрнекілік көмегімен есептерді шығару оқушылардың  бойында мынадай міңдеттерді жүзеге асырады:

-оқушылардың есеп  шығару біліктілігін қалыптастыру  есеп шығару үрдісін жетілдіреді;

-бастауыш мектеп оқушыларының  логикалық деңгейін дамытады;

-бастауыш сынып оқушылардың  сабақ үлгерімін арттырады;

-оқуға деген белсенді  қатынасқа, пәнге қызығуға және басқа да жеке тұлғалық қасиеттерге тәрбиелеу сияқты міңдеттерді жүзеге асырады.

Оқу үдерісінде көрнекілікті пайдалану арқылы оқушыларың оқуға  деген ынталарын, белсеңділіктерін арттыруға, оқушының әрекетін бақылау  сапасын жақсартуға, оқу үдерісін басқаруға, оқушылардын өз әрекетін қалыптастыруға жағдай жасайды.

Біздің зерттеуіміздің қорытындысы бойынша, есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану әдістемесі келесі талаптарға сай келуі керек. Солардың негізгіліріне тоқталайық:

1 Көрнекілік оқыту барысында деңгейлік-дербестілік оқытуды жүзеге асыру үшін қажет. Сонымен қатар, бұл құралдар оқушылардың жалпыға міңдетті бірдей базалық білім деңгейін қамтамасыз етуі керек.

2 Көрнекілік оқушылардың белгілі бір материалды тұтасымен қабылдауын және қандайда бір типтегі есептерді шығару біліктіліктерін қалыптастыруды қамтамасыз етуі қажет.

3 Көрнекілік мүмкіндігінше математикалық әдістердің әмбебаптылығын және оның қолданбалығын оқушыларға көрсете алуы керек.

4 Көрнекілік есеп шығарудың сонғы қорытындысын тексеріп қана қоймай, сонымен қатар есепті шығарудың әрбір қадамын тексеру арқылы жүзеге асатын бақылаудың оқытудағы рөлін арттыруды жүзеге асыруы қажет.

Сонымен қатар, бастауыш білімнің маңызды шарттарының бірі – балалардың тек білім алуға  ғана бағытталған мотивациясын жасау емес, сонымен бірге оқу іс-әрекеттерін игерулеріне де мән берілуі тиіс.

Бұл көрнекi құралдарға қойылатын  талаптар:

  1. Көрнекi құралдағы суреттер, жазулар сынып оқушыларына толық көрiнетiн болуы керек.
  2. Әрбiр көрнекi құрал өтiлетiн тақырыпқа арналған, соның мазмұнын ашатын болуы тиiс.
  3. Көрнекi құрал тартымды безендiрiлген, бояулары айқын болғаны жөн.
  4. Көрнекi құралға оқушы назарын ерекше аудартуға арналған мәтiн, сурет ерекше бояумен берiлуi керек.
  5. Бiр сабақта бiр не екi ғана көрнекi құрал қолданылуы тиiс.
  6. Көрнекi құралда бiр мәселенiң қайталануынан сақ болу керек.
  7. Көрнекi құралда жүйелiлiктiң, хронологиялық реттiң сақталуын қатты қадағалау.
  8. Көрнекi құралда берiлген әрбiр мысал тексерiлген, дау тудырмайтын, түсiнiктi, өтiлiп отырған материалды дәлелдеуге көмектесетiн болуы керек.
  9. Мүмкiндiгiнше көрнекi құрал өтiлейiн деп отырған материалды толық қамтитындай болғаны жөн.
  10. Көрнекi құралды сыныпта пайдаланғанда уақыт көп кетпейтiндей етiп жасау (iлiп қою, алу, қайта пайдалану).

Көрнекiлiктi даярлау, пайдалану кезiнде басшылыққа алатын негiзгi ұстанымдар:

  1. Өтiлейiн деп отырған материалды оқушылардың жеңiл меңгеруiне ықпал, көмек ететiн болуы керек.
  2. Оқушылардың ынтасын, қызығуын, белсендiлiгiн арттыратын болуы тиiс.
  3. Оқушының материалды есiнде, жадында дұрыс сақталуына мүмкiндiк жасайтын болуы керек.
  4. Оқушының байқау, бақылау, көру сезiмiн жетiлдiруге жәрдем ететiн болуы тиiс.
  5. Оқушылардың ойлау қабiлетiн, танымын дамытатын болуы керек.
  6. Оқушылардың өткен әрбiр материалды талдай, саралай бiлуiне, тақырып iшiндегi қосалқы материалдан негiзгi ойды ажырата алуына көмектесуi керек.
  7. Оқушының өздiгiнен, дербес жұмыс iстей бiлу әрекетiне қозғау салып, жол көрсетуi керек.
  8. Көрнекi құрал оқушыны шығармашылықпен ойлауға жетелейтiн болуы керек.
  9. Мүмкiндiгiнше көрнекi құрал өтiлейiн деп отырған материалды толық қамтитындай болғаны жөн.
  10. Көрнекi құралды сыныпта пайдаланғанда уақыт көп кетпейтiндей етiп жасау (iлiп қою, алу, қайта пайдалану).

Есептер, оларды шығару үдерістері математиканы оқытуда көптеген мақсаттарға  жетуге қызмет етеді және жаңа тақырыпты өткенде, оқушылардың біліктері мен дағдыларын қалыптастыруда, оларды шығармашылық қызметке тартуда кеңінен қолданылады. Оқушылар жаңа сабақты табысты меңгеру үшін белгілі бір математикалық фактілер қорын игеру жеткіліксіз болады, сонымен қатар олар оқу материалдарына байланысты есептерді шығара алуы тиіс. Сондықтан оқушыларды есепті шығара алуды біліктіліктерін қалыптастыруды мұғалім өзіне арнайы мақсат етіп қою қажет.

Тұлғаны қалыптастырып  дамыту және сапалы білім беру мақсатында төмендегідей талаптар ұсынылады:

1 Сабақта бағдарлама-әдістемелік талаптардың нақты және шығармашылықпен орындалуы; сауатты түрде сабақ түрлерін анықтау, оның бөлімдегі, курсаралық байланыстағы орны, әр сабақтың өткізілу ерекшеліктері.

2 Әр түрлі жастағы оқушылардың, сыныптың оқу мүмкіндіктерін, олардың тәрбиелері мен сынып ұжымына қалыптасу деңгейлерін, қызығушылықтарын, бейімділіктерін, қажеттіліктері мен сұраныстарын, білімдегі кемшіліктертерді жоюға талпыныстарын ескеру.

3 Білім бірлігіндегі міндеттерді шешу және ойластыру (өз бетімен білім алуға дайындығын, арнайы жалпы оқулық іскерлік пен дағдыны, танымдық әрекеттерін) қалыптастыру; тәрбиені (әлемдік көзқарас, белсенді өмірлік позиция, дұрыс тәртіп пен қарым-қатынас тәжірибесін, осы бағалы қасиеттерді тұрақты жеке қасиеттерге айналдыруды, өзін-өзі тәрбиелеу мен психологиялық дамытуды) қалыптастыру; оқушының түсінігін, қабылдауын, есте сақтауын, ойлау қабілеттерін, ақыл–ойын, тілін дамыту, сабақтың маңызды және үстем міндеттерін көрсету, оларды ұжымның мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін еске ала отырып нақтылау.

4 Сабақтың жүргізілу қарқыны мен тиімді құрылымына қарай таңдау, алдыға қойылған міндеттердің тиімді шешілуі және сабақта уақытты тиімді пайдалану.

5 Маңызды ғылыми түсініктерді, теориялық ережелерді, заңдылықтарды, оқу материалдарындағы басшы тәрбиелік идеяларды, оқу мазмұнындағы негізгі өміршең бөліктерді бөліп алуға оқушылардың ықыласын, назарын аудару.

6 Оқу процесінде тәжірибелік, саясаттық, мамандық таңдау бағыттарының қамтамасыз етілуі; оқушылардың алған білімдерін, іскерлік пен дағдыларын пайдалануға нақтылы мүмкіндіктерді жасау, теориялық мәліметтерді жасанды меңгеруге жол бермеу.

7 Белсенді, қарқынды оқыту әдістерінің есебінде басым әдістерді таңдау қуатын кеңейту, сабақта көрнекілік пен практикалық, репродуктивті және проблемалық іздене отырып оқыту әдістерін, оқушылардың өздік жұмыстарын, танымдық қызығушылықтарын арттыратын әдістерді, білімге, оқуға саналы қарым-қатынастарын, міндет сезімдерін, жауапкершілік пен тәртіпті және басқа да оқыту себептерін зор үйлесімділікпен пайдалану; оқыту әдістерін, олардың ішінде қазіргі жағдайда оқушыларға оқу жаңалықтарының мазмұ-нын толық және терең жеткізуге қабілетті әдістердің қуатын кеңейту, көп жағдайда оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендіру.

8 Сабақта жалпысыныптық жұмыс түрлерін топтық және жеке жұмыс түрлерімен үйлестіру, оқу жұмыстарын ұйымдастыруға ұжымдық қызметтей талпыну.

9 Диагностикалау негізінде нақты оқыту мүмкіндіктерін, оқушыларға дифференциялды көмек мөлшерін пайдалануды түрлі деңгейдегі дайындықпен жүзеге асыру.

10 Барлық оқушылардың сабақта өз әрекеттеріне, дағдыларына белсенді және саналы қарым-қатынастарын, оқыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыруды қалыптастыру; сабақта, бақылау мен білімді бағалауда, оқушылардың іскерлік пен дағдыларында тәрбиелік және дамытушылық мүмкіндіктер жақсы ұйымдастырылған оқуды пайдалану.

11 Жоғары талаптардың үйлесімділігі негізінде оқушылардың жеке басына құрметпен қарым-қатынас, жұмыста сынып ұжымына тірек болуға, мұғалімнің жеке тұлғасының тәрбиелік ықпалдарға жетуге ұмтылысы.

12 Кабинеттік оқыту жүйесін ғылыми-техникалық прогрестің талап-тарына сай дамыту, әр түрлі оқыту құралдарын мақсатты, тиімді, кешенді пайдалану (оқулықтар, көрнекі құралдар, жаңалықтар құралы және электрондық есептеу техникалары т.б)

13 Сабақта жайлы жұмыстар үшін эстетикалық және гигиеналық шарттарды сақтау.

14 Оқушылардың уақыттарын ескере отырып, қиындықтар түсірмейтіндей етіп үй жұмыстарының көлемі мен мазмұнын анықтау, үй жұмысын орындауда мән-мағынасына және тиімді орындау әдістеріне түсінік беру; қай жерде қысқартуға болатын үй жұмысының көлемін емес, керісінше сабақта оқудың артықшылығын сезінуге талпындыру.

15 Оқыту жағдайы өзгертілгенде, сабақтың түпкі мақсатын анық тексеру және бірмезгілдік дайындықты ыңғайлап қайта құру, методикалық нұсқалардың қосымша қорын іске асыруға көшу.

16 Сабаққа қатысу барысында алынған өздік талдау арқылы білім нәтижесін, тәрбиені, оқушының дамуын анықтау, оларды алдыға қойылған педагогикалық міндеттермен салыстыру, жетістіктер мен кемшіліктердің басты себептерін табу, келесі сабақты жоспарлағанда, өздік талдаудың нәтижесін, шешімін еске алып отыру.

Сонымен қатар бүгінгі  таңда мұғалімнің басты назарында  ұстайтын есеп шығару сабаққа қойылатын  арнайы талаптар өзара психологиялық  және дидактикалық талаптар деп бөлінеді. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптарға жататындар:

- оқушылардың жас ерекшеліктерін  ескеру;

-психологиялық ерекшеліктерді (есте сақтау қабілеттерін, сабаққа  деген ықыластарын, көңілін, ерік-жігерін,  темпераментін, елестетуі мен меңгеруін) ескеру;

- сабаққа гигиеналық  талаптар;

-меңгерген білімдеріне,  тәрбиесіне, іскерліктеріне өзіндік  сыни көзқарастары.

С. И. Высоцкийдің психологиялық  зерттеулеріне қарағанда оқушының сабақта оқуға деген ықыласының бұзылу дағдарысы:

14-18 минуттарда

11-14 минуттан кейін

9-11 минуттан кейін

8-9 минуттан кейін деп  берілсе, ал меңгеру уақыты:

1- 4 минуттарда 60 %

5- 23 минуттарда 80 %

23- 34 минуттарда 45-60 %

35- 45 минуттарда 6 %- ды  көрсетеді.

Қазіргі сабаққа қойылатын  дидактикалық талаптар:

- білімділік мақсаттың құрамдық элементтері, олардың дамытушылық және тәрбиелік мақсаттармен байланысын толық және анық нақтылау, сабақтың жалпы құрылымында орнын анықтау;

- оқушылардың дайындығын  ескерумен қатар, сабақ мазмұнының  оқу бағдарламасы мен сабақ мақсатының талаптарына сәйкестігін анықтау;

- оқушылардың ғылыми  білімді меңгеруі, іскерлігі мен  дағдысының қалыптасуын сабақта  және оның жеке кезеңдерінде  бақылау;

- тиімді методтар, әдістер  мен оқу құралдарын таңдау, сабақтың  әрбір кезеңінде сенімді әсер ету, оларды қызықтыру және бақылау, танымдық белсенділікті қамтамасыз ететін таңдау;

- дидактикалық принциптерді  жүзеге асыру;

- оқушылардың ойдағыдай  оқуына жағдай жасау т.б.

Талаптарды сәтті жүзеге асуыруда пайдаланылатын сабақтардың  негізгі түрлері:

1 Жаңа білім беру сабақтары –дәстүрлі (аралас) сабақ, дәріс, серуен, саяхат, іздендіру жұмысы, оқу және еңбек тәжірибесі. Мақсаты оқыту мен алғашқы білімді бекіту болып табылады.

2 Алған білімді бекіту сабақтары – тәжірибе, саяхат, лабораториялық жұмыс, әңгімелесу, кеңес беру. Мақсаты білімді қолдануда іскерлікті шыңдау болып табылады.

3 Білімді кешенді түрде қолдану сабақтары – тәжірибе, лабораториялық жұмыс, семинар т.б. Мақсаты жаңа жағдайда өз бетімен білімді қолдану іскерлігін шыңдау болып табылады.

4 Білімді жүйелеу және кеңейту сабақтары – семинар, конференция, дөңгелек үстел т.б. Мақсаты білімді бірыңғай жүйеде кеңейту болып табылады.

5 Білімді бақылау, бағалау және талдау сабақтары – бақылау жұмысы, сынақ, коллоквиум, білімді тексеру т.б. Мақсаты білімді, іскерліктерді, дағдыларды меңгеру деңгейлерін анықтау болып табылады.

Сабақ түрлеріне сәйкес біртұтас үш мақсат

Білімділік: Оқушыны білім, іскерлік, дағды жүйелерімен қаруландыру.

Тәрбиелік: Оқушылар бойына ғылыми көзқарас, тұлғалық адамгершілік қасиеттер, пікірлер мен сенімдер қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқыту барысында оқушының танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттіліктерін, еркін-дігін, көңіл күйлерін, танымдық қабілет-тіліктерін, есте сақтауларын, назарын, түсініктерін, қабылдауларын дамыту.

Қазіргі сабақтардың  негізгі құрамдас бөліктері (компоненттері):

1 Ұйымдастырушылық – сабақ барысында сыныпты ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа дайындығы, тәртіп пен тәрбие.

2 Мақсаттық – сабаққа және оның әрбір кезеңдеріне мақсат қойғандағыдай, оқушылардың алдарына да мақсаттар қою.

3 Қызығушылық – оқытылатын материалдың тақырыпта ғана емес, бүкіл бөлімдегі маңыздылығын анықтау.

4 Коммуникативтік – мұғалімнің сыныппен қарым-қатынас деңгейі.

5 Мазмұндылық – оқытуға, бекітуге, қайталауға, өздік жұмыстарға материалдар іріктеу.

6 Технологиялық – өтілетін сабақ, тақырып, сынып үшін оқыту әдістерін, методтарын, түрлерін таңдау.

7 Бақылау-бағалау – бағаны оқушының сабаққа қатысу әрекетін, танымдық қызығушылығы мен белсен-ділігін арттыру үшін пайдалану.

8 Аналитикалық – сабақ қорытындысын шығару, сабақтағы оқушы-лар әрекеттеріне талдау жасау, сабақты ұйымдастырудағы жеке әрекетінің қоры-тындысын талдау.

Жоғарыда көрсетілген  қазіргі сабақтарға қойылатын талаптар, сабақ түрлері, олардың мақсаттары, негізгі құрамдас бөліктері туралы сөз еттік. Енді сол сабақтарды қалай құруға немесе қалай ұйымдастыруға болатыны жайлы қысқаша тоқталып өтелік.

Сабақ оқушыларды тек  біліммен, іскерлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, оның мазмұндылығы талқыға  түспей-тіндей, сабақта не іске асса да, оқушылардың шынайы қызығушылығын арттыратындай қалай ұйымдастыруға болады?

Информация о работе Бастауыш сыныпта есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану әдістемесі