Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 09:27, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Бастауыш буын – қайталанбайтын кезең, ақиқаты сол, білім негізі бастауыштан басталады. Бастауыш білім беру сатысы оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін аса маңызды, құнды, қайталанбайтын буын екендігімен ерекшеленеді. Бастауыш сатыдағы білім берудің бағдарлы мақсаты – оқу әрекетін қалыптастыру; айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік тәрбие түрлеріне сай сезім қатынас қарым – қатынасқа дайындау; өзін қоршаған және өмір сүрген жаңа табиғи және әлеуметтік ортаны тануға, сүюге, қорғауға, өзін ұстай білуге үйрету болып табылады. Оны оқу, ойын, еңбек, қарым – қатынас сияқты түрлерін меңгерумен қамтамасыз етуге болады.

Содержание

Кіріспе.
І Негізгі бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері.
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық тұрғысы.
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастырудың психологиялық
тұрғысы.
1.3.Сынып сабақтарында бастауыш сынып
оқушысының патриоттық сезімдерін тәрбиелеудегі
негізгі бағыт бағдарлылық.
1.4. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш
сынып оқушысының патриоттық сезімін
қалыптастыру жолдары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

айгерім.docx

— 106.71 Кб (Скачать документ)

Ойын  арқылы  оқытуда оқу  үрдісінде  ойын  қолданылады.  Педагогикалық  энциклопедияда:  ойын  әрекеті – баланың  барлық  нышандарының  дамуына  мүмкіндік  тудыратын  өзіндік  ерекшелігі  бар  интеллектуалдық  мектеп  делінген.  Бастауыш  мектепте  ойынның  маңызы  ерекше.  Оның  себебі  мектепке  дейінгі  кезеңде  баланың  негізгі  әркеті  ойын,  мектепке  келгеннен  кейін  балаға  бірден  оқу  әрекетіне  көшу  қиыл  болғандықтан  ойын  арқылы  біртіндеп  оқу  әрекетіне  төселдіреміз.  Ойын  сабақтың  кез  келген  кезеңінде  тақырыпқа  сай  қолданылады.  Көркем  шығарманы  пайдалануға  байланысты  ойынға  түрлі санамақтарды,  сұрамақтарды,  қаламақтарды,  айтыс  ойындарды  жатқызуға  болады.  Олар  балалардың  сөйлеу  тілін  жаттықтырып  дамытумен қатар  тәрбие  мақсаттарының  орындалуына  да  әсер  етеді.  

Топтық  жұмыстарға  бірыңғай  топтық  жұмыс  және  сараланған  топтық  жұмыс  жатады.  Бірыңғай топтық  жұмыс  барысында барлық  топ  бірдей  тапсырма  орындайды.  Сараланған  топтық  жұмыстарда  тапсырма  топтық  қабілетіне,  мүмкіншілігіне,  сұранысына  қарай  сараланады.  Топтық  жұмыстар  көркем  шығармалар  кейіпкерлерін  бейнелеу  кезінде  жүзеге  асады.  Топтық  жұмыс  барысында  оқушылардың  ойлау  қабілетінің  артуы  мұғалімнің  білім  беру  барысындағы  шеберлігіне  байланысты.  Егер,  мұғалім  сабақ  барысында  түрлі  әдіс – тәсілдерді  қолданумен қатар  оқушылардың  оқу  әрекетін  түрлендіруге  (оқу,  жазу,  әңгімелесу,  сызу,  тәжірибе  жасау) жағдай  жасай  білсе,  олардың  ойлауы,  неге  бұлай?  -деген  сұраққа  жауап  іздеуіне,  сол  арқылы  өз  ойын  қорытып  ұғымын  түйіндеуіне  жағдай  туады. Мысал  ретінде,  екінші  сыныпта  оқушыларға  патриоттық  тәрбие  бағытында  ұйымдастырылған  сабақты  қарастырып  отырмыз.

Халқымыз  ерлікті  құрметтеп,  батырлар  есімімен  мектептер,  көшелер,  елді – мекендерді  айтарын  беруде. Біздер,  батырлардың  бүгінгі  ұрпақтары  бақытты  өмір  сүрудеміз. Аға ұрпақтың ерліктерін дәріптейтін өлеңдерді айтумен сабақ аяқталады.  

Әл –Фараби  бабамыз  музыканың  адам  психологиясына  әсерлі  жөнінде,  - «музыка  денені  шынықтыратын  гимнастика  тәріздес,  ол  адамның  жанын  жетілдіреді.  Алдымен  ләззатқа  бөлейді,  одан  соң  құмарлықты  оятады,  қиялға  жетелейді», - деп  пікір  айтқан.  Ал  ұлы  ойшыл  Платон  «Музыка – адам  жан   дүниесін  еріксіз  еліктіріп,  тұрмыс – тіршіліктің  қандай  да  болсын  мұң – заласын  ұмыттыратын  сыйқырлы  күш», - деп,  ой  түйіндеген.  Халқымыздың  бірнеше  ғасырлар  көлемінде  жинақталып  қалыптасқан  бай  музыкалық  фольклоры  бар.  Атап  айтар  болсақ:  тарихи  әуендер,  эпикалық  жырлар,  тұрмыс – салт  жырлары,  лирикалық  әңдер  т.б.  Міне,  осы  фольклорымызбен  - ақ  ұлттық  болмысымызды,  патриоттық  сезімді  қалыптастыратын  тәлім – тәрбие  беріп  отырғаны  тарихи  шындық.  

Еліміз  егемендік  алғалы  бері  бірқатар  отандық  ғалымдарымыз  музыкалық  фольклорымыздың  тәрбиелік  мүмкіндіктерін  ашып  көрсетіп,  нақты  ұсыныстар  жасауда.  1994  жылы  А. Райымбергенов  және  С. Райымбергеновалардың  бастауыш  мектептің  бірінші  сыныптарына  арналған  «Мұрагер»  музыка  сабағының  бағдарламасы  жасалынды.  Бағдарламаның  ерекшелігі – балаларға  домбыра  үйрету  арқылы  халық  өнеріне  ынтасын  арттыру  көзделген.  Бұл  бағдарлама  авторлары,  белгілі  музыка  зерттеушісі,  А. Мұқамбетова  - «баланың  генетикалық мүмкіншіліктерін  ұлттық  дәстүр  арқылы  жеңіл  ашуға  болады.  Бұл  жүйе  балаға  төңіректегі  ортаны  игеруге,  қабылдауға  көмектеседі», - деп  айтқандай,  халқымыздың,  рухани  байлығына  сүйене  отырып  және  халық  педагогикасының  даму  жетістіктері  ескере  отырып  жаңа  педагогикалық  жүйе  негізінде  жасаған.  1995  жылы  М. Х.  Балтабаев,  Д.  А.  Берденова,  У. Ж.  Серікболовалардың  бастауыш  мектепке  арналған  «Елім – ай»  музыка  сабағының  бағдарламасы  жасалған.  Бастауыш  мектептерге  арналған  Ш. Құлманова,  М. Оразәлиева,  Б. Сүлейменовалардың  музыка  сабағының  бағдарламасындағы  музыкалық  материалдар,  музыкалық  фольклорымызды  пайдала  отырып,  балаларға  ұлттық  тәлім- тәрбие  беру  негізінге  құрылған.  Бұл  бағдарламаның  негізгі  мақсаты:  қазақ  халқының  әдет – ғұрпын,  салт – дәстүрлерін,  өнерін  қадырлейтін,  оның  өмірімен  байланыстылығын  түсінетін,  эстетикалық  және  музыкалық  танымы  дамыған,  рухани  бай,  адамгершілік  қасиеті  мол  және  шығармашылықпен  жұмыс  атқара  алатын  елжанды  тұлға  тәрбиелеп  шығаруға  бағытталған.  Қай  бағдарлама  болса  да  оның  мақсатын  жүзеге  асыру,  пәнді  жүргізуші  маманның  теориялық  практикалық  білім  деңгейіне,  шеберлігіне  және  сабақты  жүргізуге  қажетті  техникалық  құралдар  мен  музыкалық  материалдардың  қорына  байланысты.

Отансүйгіштік  тәрбие  көзін  ұлттық  фольклорымызда  жатқаны  белгілі  нәрсе.  Фольклорымыздан  нәр  алып  өскен  бала  еліміздің  елдігіне,  егемендігіне  еңбек  етіп,  өркендеуіне  үлес  қосатын  азамат  болып  қалыптасады.  Міне,  осы  бағытта  атқарылған  шараларды  іске  асыру  барысында  жалпы   білім  беретін  мектептердегі  музыка  пәнінің  қосатын  өзіндік  үлесі  бар.  

Бірінші  сыныптың  екінші  жарты  жылдығында  «Қобызға  арналған  күйлер»  атты  тақырып  төрт  сағатқа  есептелген.  Алғашқы  екі  сағаты  «Қорқыт – күй  атасы»  деген  тақырыпта  бұл  тақырыпта Қорқыт  «Әуіппай», К. Дүйсекеев  «Ана»  әндерін тыңдау мен үйрену де материалдары  қамтылады.  

 
2.2.  Сыныптан  тыс  жұмыстар  арқылы  бастауыш  сынып  оқушысының  патриоттық  сезімін  қалыптастыру  жолдары.

Мақсатты  жүргізілген  педагогикалық  жұмыс  барысында  патриоттық  сезімін  дамытып, тәрбиелеп, олардың  сенімін  қалыптастыруға  болады.

Патриоттық  сезім  қалыптастыру  екі  бағытта: қоғамдық  және  табиғаттық  қоршаған  орта  ең  маңызды  тәрбиелеушілік  ролге  ие  болады.

Қоғамдық  өмірдегі  құбылыстар  мен  оқиғаларға  деген  қызығушылықты  тудырудың  маңызы  ерекше. Айналада  жүріп  жатқан  барлық  оқиғалар  мен  құбылыстар  халық  үні. Сондықтан, оның  шынайы  келбетін  тану, оған  етене  араласу, онан  алған  әсерлерімен  байсу  ең  бір  толқынысты  процестердің  бірі  болады.

Табиғат  ортасы – адамның  ең  қашан  есінен  кетпейтін  дүние  туған  ауылы, қаласы, еліндегі  әсем  таулар, аңқыған  шөптер, сылдырлаған  өзен, көп, бұлақтардың  әсері  бір  мөлтек.

Патриоттық  тәрбиеде  патриоттық  сезімді  тәрбиелеу  бірізділікпен  жүргізіледі.

Жер  сүю – туған  ауылды, туған  өлкені, Республикасын  сүю. Табиғатын, өсімдігі  мен  жан – жануарын, құсы  мен  жәндіктерін. Яғни  жер  асты  және  үстіндегі  байлығын  тану  мен  сүю  және  қорғау  амалдары  қарастырылады.

Елді  сүю – бұл  халықты  сүю  деген  сөз. Халықтың  бір  ошағы – отбасы. Сондықтан  халқымыз  «Отан – от  басынан  басталады» дейді. Отбасын, халқын  мемлекетінде  тұрып  жатқан халықтарды мемлекеттік  нышандарды сүю. Оның  дәстүрін, тілін, тарихын, олардың  атқарған  кәсіптерін, өнерін  мәдениеттін  тану, сүю, қорғау, жетілдіру  әр  азаматтың  парызы  болмақ.

Тілді  сүю – ана  тілінің  қыры  мен  сырын  білу, табиғатын  меңгеру, жетілдіру.

Алғашқы  баланың  дүниеге  келген  сәтінен  бастап  сүю  сезімі  тәрбиеленеді  және  бұл  сезім  ең  бір  қасиетті, киелі  сезім  болып  табылады.

Қазақстан  Республикасы  - Еуразияның  орталық  бөлігінде  орналасқан  тәуелсіз  мемлекет. Аумағы – 2724  мың  шаршы  км. Халық  саны  15  млн  адамға  жуық. Қазақстанда  қазақтар – 53,4%; Орыстар – 30 %; Украиндер – 3,7%; Өзбектер – 2,5 %; Немістер – 2,4%; Ұйғырлар – 1,4%; Кәрістер – 0,7% және  басқа  да  ұлт  пен  ұлыстар  тұрады.

Қазақстан  Республикасы  дайырлы, демократиялық  және  біртұтас  мемлекет  болып  табылады. Діни нанымның  негізгі  бағыттары  ислам  және христиан  діндері. Елордасы – Астана  қаласы. Мемлекет  басшысы – Президент. Заң  шығаратын  жоғарғы  органы – Сенат  және  Мәжілістен  тұратын  Парламент. Атқарушы  билігі – республика  үкіметі. Ақша  бірлігі – теңге.

Республика  аумағы  батыстан  шығысқа  қарай  1 мың  км – ге  созылып  жатыр. Қазақстан  батысы  мен  солтүстігінде  Ресей  Федерациясымен, оңтүстігінде  Түркіменстанмен, Өзбекстан  және  Қырғызстан, шығысында  Қытаймен  шектеседі. Мемлекет  шекарасының  жалпы  ұзындығы  15  мың  км – ден  астам. Қазақстан 2,7 млн  шаршы  км.  жер көлемінен  дүние  жүзінде  9 – шы орында  тұр.

Қазақстан  мұхиттардан  аулақ  жатыр. Аумағының  ұзындығына  байланысты  Қазақстанның  климаты  кенет  континенталды  және  бедеулік  болып  табылады. Солтүстік  аудандарда  қыс  өте  суық   және  ұзақ  болады, 40 – 45  градус  аяз  болады. Қар  аз, бірақ  боран  мен  бұрқасындар  болып  тұрады. Орталық  ауданда  қыс  қоңыржай  салқын, ал  оңтүстігінде

45 градусқа  дейін  ыстық  болады. Тауларда  жауын – шашын  көп  болады. Қазақстанның  түгелдей  дерлігі  аумағына  қатты  жел  соғуы  тән.

Қазақстан  аумағында  өзендер  мен  көлдер  едәуір  көп. Олардың  ең  бастылары: Ертіс, Жайық, Шу, Сырдария  өзендері, ірі  көлдерге  Балқаш  және  жартылай  Арал  мен  Каспий  теңізі  жатады. Қазақстанда кішкентай  өзендер  мен  көлдер  өте  көп.

Қазақстанның  жануарлар  әлеміде  алуан  түрлі.  Сүтқоректілердің  155  түрі  мекендейді.  Шөл  далада  киіктер  мен  ақбөкендер,  жазықта  марал мен  бұғылар,  тауларда  қабан  мен  еліктер,  барлық  аумақтарда  жыртқыштық  аңдар:  қасқыр,  түлкі  ақ  тышқан  кездеседі.  Алтай  мен  Тянь – Шань  тауларын  қоңыр  аю,  барысы,  тиін  мекендейді.  Қазақстанда  құстардың  480  түрі  бар.  Бауырымен  жорғалаушылардың  49  түрі  және  қос  мекенділердің  11  түрі  кездеседі.  Әр  түрлі  табиғи  суларда  балықтардың  150 – ге  жуық  түрі  мекендейді,  соның  ішінде  құрт  па,  бекіре,  шоқыр,  көксерде  секілді  бағалы  кәсіпшілік  түрлері  бар.  Көлдер  мен  өзендерде  шортандар  мен  алабұғалар  көп.  

Әкімшілік  тұрғыдан  Қазақстан  Республикасы  құрамында  14  облыс  және  республикаға  тікелей  бағынатын  2  қала  бар.  Қазақстанда  қазіргі  таңда  85  қала,  169  аудан,  105  кент  және  2150  округ  бар.  

Оңтүстік  Қазақстан  туралы  мағлұмат  жасай  кетсек,  қазақстанның  оңтүстігінде  4  облыс:  Оңтүстік  Қазақстан,  Қызылорда,  Жамбыл  және  Алматы  облыстары  орналасқан.  Ауданы  711  мың  шаршы  км,  халқы  5  млн  128  мың  адам.  Оңтүстік  аймаққа  өңдеуші  өнеркәсіп  пен  ауыл  шаруашылығының  дамуы  тән.  Қызыорда  облысында  тамақ  және  жеңіл  өнеркәсіп  дамыған,  күріш  егумен,  қой  шаруашылығы  және  балық  аулаудың  ірі  ауданы  ретінде  ерекшеленеді.  Жамбыл  облысының  жергілікті  ресурстары  шикізат  базасында  химия,  жеңіл  және  тамақ  өнеркәсіптері  құрылған,  Қаратауда  тау – кең  химия  комбинаты  орналасқан.  оңтүстік  Қазақстанда  тама  жасау  металл  өңдеу,  жеңіл  және  тамақ  өнеркәсіптері  дамыған.  Қызылорда  облысының  Құмкөл  жерінде  мұнайдың  ірі  кең  орындары  барланған.  Алматы  облысында  түрлі  металдардың  рудалары  табылған.  Жамбыл  облысы  фосфорит  және  мыс  қорларына  бай.  

Батыс  Қазастанда   4  облыс:  Батыс  Қазақстан,  Ақтөбе,  Атырау  және  Маңғыстау  бар.  Атырау  және  Маңғыстау  облыстары  мұнай  және  химия  өнеркәсібінің  ірі  орталығы  болып  табылады,  фосфориттер  кең  орталығы  бар.  Батыс  Қазақстан  облысында  ауыл  шаруашлығы  дамыған,  негізінен  егін  шаруашылығы  мен  қой  шаруашылығы,  Ақтөбе  облысында  ірі  тау – кең  өнеркәсібі,  химия,  машина  жасау,  өнеркәсіптері  дамыған,  мұнай  шығарылады,  хром  кең  орны  орналасқан.  Батыс  Қазақстанның  аумағы  736  мың  шаршы  км,  халқы  шамамен  2  млн  адам.  

Солтүстік  Қазақстан  облысының  аймақ  көлемі – 440  мың  шаршы  км.  Халқы  2,6  млн  адам.  Аймаққа  Солтүстік  Қазақстан,   Ақмола  және  Қостанай  облыстары  кіреді.  Қазақстанның  Елордасы  400  мың  халқы  бар  Астана  қаласы  орналасқан.  Солтүстік  Қазақстан  бүгінде  елімізді  бидаймен,  етпен,  сүтпен  қамтамасыз  етуде  жетекші  рөл  атқарады.  Бұл  аймақта  машина  жасау  дамыған.  Ақмола  облысында  алтынның,  уранның,  алмаздардың,  темір  рудаларының  үлкен  қорлары  барланған.  Қостанай  облысында  алюминий,  Рудный  қаласында  темір  рудасы,  әк  тас  қазылып  алынады.  Көкшетау  ауданы  Қазақстанның  сауықтыру  орындары  болып  табылады.  

Орталық  Қазақстанға  Қарағанды  облысы  жатады.  Теміртау  және  Балқаш  қалаларында  қара  және  түсті  металлургияның  ірі  кәсіпорындары  орналасқан.  Облыста  көмір  және  магниттың  үлкен  қорлары  шоғырланған.  

Шығыс  Қазақстанда  өнеркәсіптік  қуаты  екі  Павлодар  және  Шығыс  Қазақстан  ораналсқан.  Ауданы  408  мың  шаршы  км,  халқы  2  млн  240  мың  адам.  Павлодар  облысында  ірі  өңдеу  өнеркәсібі – Павлодар.  Екібастұз  торабы  шоғырланған.  Сондай – ақ  ол  Ертіс  өзендегі  ірі  порт  болып  табылады.  Павлодар  облысында  ауыл  шаруашылығы  сүт,  ет  және  мал  шаруашылығы  мен  құс  шаруашылығы  дамыған.  

Халқымыздың  рухани  келбеті – Ана  тілі  мен  ұлттық  тәрбиеде  екенін  Бауыржан  Момышұлындай  ашықта  анық  етіп,  жасқанбай  батыл  түрде  айтқан  жан  жоқ!  Мұның  дәлелі:  Сталиннің  зұлмат  заманы  кезінде,  яғни  қазақ  халқын  түбінмен  құртып  жою  кезінде  1944  жылы  Бауыржан  Момышұлы  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетіне  «Қазақ  тілі  туралы  пікір»  атты  хат  жазды.  Бұл  хаттан  үзінді  келтіретін  болса;  

.... «Тілімізді  айуан  дейді  тілі  кедей  елді – мәдениетсіз,  аналы,  надан  халық  деп  санайды.  Тіл  адам  баласының  негізгі  қасиеті  болғандықтан,  өнеркәсібін,  мәдениетін,  қоғам – құбылыстармен,  салт – санасының,  жауынгерлік  дәстүрінің – мұрасының  қай  дәрежеде  екінін  көрсететін  сөзсіз  дәлелді  мөлшері;  

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері