Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 09:27, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Бастауыш буын – қайталанбайтын кезең, ақиқаты сол, білім негізі бастауыштан басталады. Бастауыш білім беру сатысы оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін аса маңызды, құнды, қайталанбайтын буын екендігімен ерекшеленеді. Бастауыш сатыдағы білім берудің бағдарлы мақсаты – оқу әрекетін қалыптастыру; айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік тәрбие түрлеріне сай сезім қатынас қарым – қатынасқа дайындау; өзін қоршаған және өмір сүрген жаңа табиғи және әлеуметтік ортаны тануға, сүюге, қорғауға, өзін ұстай білуге үйрету болып табылады. Оны оқу, ойын, еңбек, қарым – қатынас сияқты түрлерін меңгерумен қамтамасыз етуге болады.

Содержание

Кіріспе.
І Негізгі бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері.
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық тұрғысы.
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастырудың психологиялық
тұрғысы.
1.3.Сынып сабақтарында бастауыш сынып
оқушысының патриоттық сезімдерін тәрбиелеудегі
негізгі бағыт бағдарлылық.
1.4. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш
сынып оқушысының патриоттық сезімін
қалыптастыру жолдары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

айгерім.docx

— 106.71 Кб (Скачать документ)

Қазақ  ауыз  әдебиетінен  орын  алған  және  ерте  заманнан  бастап  бүгінгі  күнге  дейін  даму,  өсу  үстінде  келе  жатқан  жанрлардың  бірі – жұмбақтар.  

Жұмбақ - өскелең  ұрпаққа  білім  берерлік,  тәрбиелік  мәні  бар  құралдардың  бірі.  Мақал  адамның  логикалық  ойын  дамытса,  жұмбақ,  жаңылтпаш  жас  баланың  тілін  жетілдіріп,  табиғат  өмір  жағдайындағы  түсінігі  мен  қиялдау  қабілетін  дамытады.  Жұмбақ  ең  алдымен  жас  бөбектерге  үйретілген.  Оның  өзі  көбіне  ұйқасқан  өлең  түрінде  айтылатын  болған. Алдында  айтылған  мақал – мәтелдер  тәрізді  жұмбасқтар  да  балаларды  ерлікке  отаншылдыққа,  патриотыққа  үндейтін  маңызды  құралдардың  бірі.  Өйткені  көптеген  жұмбақтардың  астарында  батырлық  ел  қорғаған  ерлердің  бойындағы  бес  қарулы  жасырын  түрінде  айтылады.  Мысалы:  Белі  қайқы,  жоны  тайқы.  (қылыш).  

Сүмбелі  теректі,  

Қызыл  желекті.

Ерден  қалмайды,

Жауда  керекті.  (найза)

Негізі,  жұмбақты  сөз  образының  кілті  есебінде  тануға  болады.  Жұмбақ  ақындықтың  ұрығы – дәні  тәрізді.  Жұмбақтардың  шешуін  іздеймін  деген  баланы  ойына  және  қиялына  әсер  етіп  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  қылыш,  найза  тәрізді  ер  қаруын  қолға  ылып,  елін  жаудан  қорғауға  деген  құштарлықтар  пайда  болады.  

Аңыз  әңгімелерде  елдің  мұңын  мұндап,  жоғын  жоқтайтын  қаһармандар  өскелен  буынға  тәрбиелі  де  ізгі  ықпалын  тигізеді.  Мысалы,  көпшілікке  мәлім,  ұлы  даланың  абыз  жырауы  атанған  Асан  Қайғы  туралы  айтсақ  артық  болмас.  Асан  Қайғының  халқы  уайым -  қайғыны  білмейтін,  жан – жануары  жылына  екі  мәрте  балалайтын  жазы  самал,  қысы  шуақты  Жерұйықты  іздеуі  баяндалады.  Желмаяға  мініп  тынымсыз  сапар  шегетін,  Алтай  мен  Атырау  арасындағы  жер – судың  қадір – қасиетіне  қарай  сипаттама  беретін  дала  даңышпаны  қартайған  шағында  жарғақ  құлағы  жастыққа  тимей  жүрсе,  ол  халқы үшін  жасаған  қызметі.  

Сол  үшін  де  халқы  да  оны  қадірлеген,  оны  кейінгі  ұрпағына  Асан  Қайғының  отаншылдығын,  үлгі  етіп  ұсынған.  Асан  Қайғыдай  ел  ұлы  болуға  үндеген. Жалғыз  Асан  Қайғы  емес,  сонымен  бірге  Жиренше  шешен  туралы  айтылған  аңыз  әңгімелерді  де  патриотизм  туралы  айтылған.  Айталық,  ұзақ  мерзім  бойы  әз – Жәнібек  ханның  ақ  ордасында  болып,  өзінің  ұядай  қосына  анда – санда  бір  оралатын  Жиреншенің  екі  тізесі  сыртқа  шығып  жататын  баспанасы  жайлы  «қайран  менің  өз  үйім,  кең  сарайдай  боз  үйім»  деп  айтатын  қанатты  сөзінде  патриоттық  ой  жатыр.  Өйткені,  ел  деген  ұғым  осы  шағын  қостан  басталатынын,  туған  жерге  деген  сүйіспеншілік  осындай  түсініктен  нәр  алатынын  қиыр  жайлап,  шет  қонып  жүрген  көшпелі  жақсы  білген.  Сондықтан,  оны  ұрпақығына  өнегелі  жол  деп  көрсетті.  

Ертегілерге  бай  елдердің  бірі – қазақ  халқы.  Қазақ  халқының  ой – қиялының  жемісі  болып  саналатын  ертегілер  балалардың  патриоттық  тәрбиесінде  аса  маңызды  рөл  атқарады.  Өйткені,  ондағы  патриотизм  шығарма  қаһармандарының  туған  еліне,  кіндік  қаны  талған  жеріне  деген  құмтарлығы  ауыз  әдебиеті  нұсқауларының  басқа  жанрларына   қарағанда  ертегілерде  анық   байқалады.  Мәселен,  «Ер  Төстік»  ертегісіндегі  оқиғалар  бас  кейіпкер  өзінің  елден  ауып  кеткен  ағаларын  іздеп  тауып  әкелуі,  өз  басына,  еліне  қауіп  төндірген  перінің  қызы  Бекторы  мен  Жалмауыз  кемпірден  құтылып,  кек  алуы  жалаң  батырлық  емес,  ізгі  пейілді  азаматтығын  да  байқатады.  Халық  ертегілері  өткенді  ғана  баяндаумен  шектелмейді,  болашақ,  келешек  туралы  қатты  ойланады.  Қазақ  ертегілерінің  басым  бөлігінде  ерлік,  батырлықпен  қатар  үлкен  адамгершілік,  қайырымдылық  ақыл,  тапқырлық,  мейірімділік  пен  парасат  мадақталып,  өскелең  ұрпаққа – үлгі  ретінде  ұсыналады.  

Отаншылдық,  ел – жұртын  сүю,  азаматтық  борышын  атқаруға  болатын  халықтық  рухани  құндылықтың  бірі – ар – намыс.  Бұл – борышты  атқаруға  итермелейтін  әлеуметтік  күш.  Осы  тұрғыдан  алғанда  ар – намыс  қазақ  халқының  бойына  туа  біткен  ұлттық  әлеуметтік  - психологиялық  ерекшелік  болмысы  және  ол  азаматтық  елін,  жерін,  тілін  сүюге  отандық  ойлау  жүйесінің  негізі  болмақ.  Сондықтан  баланың  жасынан  ар – намысын  қалыптастыру  үшін  халықтық  ертегілердің,  ер – азамат  бейнесін  сомдап,  үлгі  етіп,  мақтанышын,  ерлігін  мадақтап  тәрбиелеудің  маңызы  зор.  

Қазақ  ауыз  әдебиетінің  ертеден  кем  жатқан  күрделі  саласының  бірі – батырлар  жыры.  Бұл  жырлардың  көпшілігі  халықтың  Отанды  сүю,  басқыншы  жаудан  елді  қорғау,  халық  үшін  емес  ерлік  еңбек  ету  идеясынан  туған.  Дәстүрлі  қазақ  эпосы – ұрпақтар  бірлігі  мен  сабақтастығының  айқын  айғағы  ретінде  бүгінгі  күні  де  халықтың  жадында  сақталып,  ғасырдан – ғасырға,  ұрпақтан – ұрпаққа  асыл  мұра  болып  жетіп  отыр.  Батырлар  жыры  бір  ғасырдың  ғана  жемісі  емес.  Ол  халықтың  ертедегі  тұрмыс – тіршілігіне,  тарихына,  қоғамдық  өміріне  байланысты  туып,  солармен  бірге  жасасқан.   Елін,  жерін  қорғаған  батырларды  мадақтап  жырға  қосу  арқылы  халық  жас  ұрпақты  ерлікке,  өрлікке,  мәрттілікке,  ұлтжандылыққа  үйретуге  тырысқан.  Мысалы,  «Қамбар  батыр»  жыры  еерсектермен  қатар,  кіші  сынып  оқушыларының  қабілетіне  сай  шығарма.  Қамбар  батырдың  ерлік  істері,  халқына  сіңірген  еңбегі  балаларды  қажырлы  өжет  іске  бастайды.  

Ұлттық  ойындардың  да  балаға  тигізетін  пайдасын  халық  ертеден – ақ  білген.  Бәйге  аттың  озып  келуі  баланың  батылдық  пен  өжеттілікке,  шапшаңдыққа, ептілікке  тәрбиелейді. Жастайыннан  ат  құлағында  ойнайтын  қазақ  баласы  үшін  бәйге  ертеңгі  әскери  мектептің  бір  сынағы  іспеттес.  Қазақтың  баласы  жасы  жетіге  келгенде  атқа  мінгізіп  үзеңгіні  ұстатуы,  ел  болуға,  өз  ісіне  жауапты  болуға  меңзегені  де  жақсы  дәстүр.  Бұл  жерде  баланың  жетіге  келгенде  мектепке  баруы  да,  оң – солын,  танудағы  алғашқы  қадамы  да  кездейсоқтық  емес.

Жалпы  кез  келген  адам  соғыс  іс - әрекетінде  немесе  басқа  жағдайда  ерлік  істерге  бару  үшін  алдымен  рухани  тұрғыдан  дайын  болуы  керек.  

Адам  өмірінде  тәлім – тәрбиенің  маңызының  зор  екенін  терең  түсінген  олардың  ешқайсысы  да  осы  тақырыпты  айналып  өте  алмады.  Жалпы  ұрпақ  тәрбиесінде  ұлттық  ерекшеліктерде,  халықтың  тәлім – тәрбиені  ұлттық  құндылықтарын   ескере  отырып  тәрбиелеудің  тұтас  жүйесін  жасауда  өткен  ғасырдағы  көрнекті  ағартушылардың  педагогтардың,  қазақ  зиялыларының  алаш  азаматтарының  өнегелі  істері  мен  ой – пікірлері  патриоттық  тәрбиенің  құралы   бола  алады.  

Қазақ зиялыларының тәлім – тәрбиелік беру жөніндегі құндылықтары елжандылық,  халқы  үшін  адал  қызмет  ету  екенін  өз  еңбектерінде  терең  түсіндіре  алды.  Ұлтжандылықтың,  елін  сүюдің  ғажайып  күш  екендігін  терең  сезінген  ежелгі  қазақ  ақын – жыраулары,  ойшылдары  өз  шығармаларына  осы  тақырыпты  үнемі  арқау  етті,  көп  көңіл  бөліп,  халықты  елі  үшін  жанын  жеда  етуге,  жастарды  елжандылық  рухы  тәрбиелеуге  баса  көңіл  бөледі.  

Жастарды  елжандылық  рухта  тәрбиелеу  жауынгер  жыршысы  Махамбет  Өтемісұлының  өлеңдерінде  өзекті  орын  алады.  Ол  өз  еңбектерінде  жастарды  ерлікке,  Отан  сүюшілікке,  ар – намысты  қорғауға,  адамгершілікке  уағыздайды.  Ақынның  қай  өлеңін  алсақ  та,  халыққа  адал  қызмет  ет,  еліңді,  жеріңді  жаудан  қасық  қаның  қалғанша  қорға,  әділет  үшін,  халық  үшін  өкінбей  өлу  азамат  ердің  ісі  деген  аталы  сөз  өрнектеледі.  Осындай  халықшылдық  идея,  елжандылық  сезім  жастардың  жүрегінен  терең  орын  алып,  оларды  белсенді  іс - әрекетке  баулиды.  Махамбет,  Ақтанберді,  Шал,  т.б.  ақын – жыраулар  шығармасында  ерекше  сөз  болатын  ерлік,  Отанын,  елін  жерін  жаудан  қорғай  білушілік,  отбасы,  ауыл – аймақ,  ел  намысын  қорғау  жолында  жан  аямаушылық  сияқты  ізгі  қасиеттерді  дәріптей  отырып,  жастардың  бойына  елжандылық  пен  интернационализмді,  гуманистік  қасиеттерді  сіңіре  аламыз.  

Профессор  М. Ғабдуллин  өзінің  «Ата – аналарға  тәрбие  туралы  кеңес»  еңбегінде  «Бүгінгі  жастарды  елжандылық  рухта  тәрбиелеуде  ақын – жыраулардың  өнеге  сөздерінің  белгілі  мөлшерде  пайдасы  бар  екені  хақ.  Мұндағы  тәрбиелік  мәні  бар  әңгімелер  жастарға  жат  емес.  Халықты  сүй,  халық  үшін  ерлік  еңбек  ет,  ел – жұртқа  қорған  бол  деушілік  қазіргі  күнде  ескірген  сөздер  емес,  қайта  мағыналы,  мәнді  сөздер.  Сондықтан  бұлардың  ішінен  жастарымыздың  тәрбиелеуде  әсер  ететіндерінтаңдап  алып,  орнымен  пайдалана  білсек,  нұр  үстіне  нұр  болар  еді»  дейді.  Осы  тұрғыдан  алғанда  қазақтың  ұлы  ойшылдарының  кемеңгерлік  ой – пікірлерін  оқу – тәрбие  ісінде  орынды  пайдалана  отырып,  оқушы – жастарды  ұлтжандылыққа  тәрбиелеу - әрбір  тәрбиеші  ұстаздың  басты  парызы.  

Шоқан  Уәлиханов  баға  жетпес  құнды  еңбектерінде  ауызекі  шығармашылық  арқылы  халықтың  (өлең,  мақал – мәтелдер,  эпостар  және  т.б.)  патриоттық  тәрбиеге  қойылған  талап  тілектерін,  ой – пікірлерін  көрсете  білген.  Қазақ  табиғатының  адамгершілік – патриоттық  тәрбиесіне  деген  ықпалын  өзінің  күнделіктері  мен  сапарнама  естеліктерінде  тұжырымдап  жазған. Шоқан  өз  халқының  мәдени  құндылықтарын  маржандай  тізіп  жинауы,  олардың  тәрбиедегі  мәнін  көрсете  білуі,  оған  өзінің  көзқарасын  білдіруі - өзінің  Отанына,  халқына,  елі  мен  жеріне  деген  сүйіспеншілігінің  белгісі,  патриоттық  сезімі  мен  ұлттық  намысының  жоғары  деңгейді  қалыптасуының   көрсеткіші. Шоқанның  Отанға  деген  сүйіспеншілігінің  қалыптасуына,  патриоттық  сезімінің  жетілуіне,  адами  дүниетанымының  дамуына  бірнеше  факторлар  әсер  етті.  Оның  рухани  жетілуіне,  еліне,  Отанына  сүйіспеншілігінің  қалыптасуына  туған  жері  Көкше  өңірінің  (Оқжетпес,  Қосмұрын,  Сырымбет)  тамаша  табиғаты,  ержүрек  батырлары,  ғұлама  азаматтары  тікелей  әсер  етті  десек  артық  болмайды.  Ол  бала  жасынан  Айғанымнан  естіген  ертегі,  аңыз - әңгімелері  батырлардың  ерліктері  туралы  естеліктері  оның  ұлттық  патриотизмінің  қалыптасуына  әсер  етті,  туған  елінің,  Отанының  алдында  жауапкершілігін  арттырды,  халық  дәстүрін  бағалай  білуге  үйретті.  Шоқан  шығармаларының  мазмұны  оның  туған  еліне  деген  сүйіспеншілігін,  өз  халқының  рухани  жағдайын  жақсы  түсінгенін,  оның  болашағына  сенгенін  көрсетеді.  Оның  өз  халқының  тарихын  жақсы  білуі,  батырлар  ерлігін  нақты  деректер  арқылы  әсерлі  әңгімелеуі  кімді  де  болса  таңдандырмай  қоймайды.  Мысалы,  ХҮІІІ  ғасыр  батырлары  туралы  тарихи  аңыз - әңгімелер   еңбегінде  Шоқан  сол  дәуірдің  белгілі  батыр  қайраткерлері:  Абылай,  Бөгенбай,  Жанатай,  Сырымбет,  Жәнібек,  Байғозы,  Оразымбет,  Елшібек,  Малайсары,  Баян  жайында  он  төрт  түрлі  әңгіме  беріледі.  Қалмақ  ханы  Қалдан  Церенмен  арада  болған  жорықтар,  қарым – қатынастар  туралы  мағлұматтар  бар.  Бұл  тарихи  деректеменің  мәні  өте  жоғары.  Өйткені,  олар  ХҮІІ  ғасырдағы  жаугершіліктің  мән – мағынасын  жан – жақты  танып  білуге  көмектеседі.  осы  оқыиғаларға  қатысқан  батырлардың  адами  қасиеттерін,  бір – біріне  деген  сыйластық  көзқарасын,   шыдамдылығын,  қайсарлығын  білуге  жәрдемдеседі. Шоқанның  «Едіге»  жырын  жазып  алуы  да,  оны  орыс  тіліне  мазмұндап  аударуды  да, эпостық  генезисі  мен  тарихи  оқиғаларға  қатысты  айтқан  пікірлері  де  ұлттық  патриотизмнің  бір  көрсеткіші  десе  болады.  Шоқан  өзінің  үлгі - өнегесімен  халқының  сонау  көне  заманнан  бері  тұнып  тұрған  шежіре  тарихын  аялау,  әрбір  ой – тұжырым  қастерлеу,  мәдени  мұрасын  көздің  қарашығындай  сақтау,  оны  патриоттық  сезіммен  адамгершіліек,  эстетикалық  тұрғыда  қабылдау  арқылы  азаматтық  борышым  деп  түсінгенін   байқатады  және  осы  сезімді  жеткіншектердің  санасына  құюға  талпынады.  

Балалар  мен  жеткіншектерде  ұлттық  патриотизмді  қалыптастыру  мәселесі  ұлы  абай  шығармаларында  жақсы  көрініс  тапқан.  Ұлттық  патриотизмді  қалыптастыруда  ол  халық  ауызекі  шығармаларының  рөлін  өте  жоғары  бағалаған.  Оның  тәрбиелік  мүмкіндіктерін  бала  жастан  меңгерген,  өзінің  өлеңдері  мен  қаар  сөздерінде  өте  ұтымды  пайдаланған.  

Абай  «қазақ  ертегілері  мен  аңыздарын,  өлеңдері  мен  жырларын,  мақал – мәтелдері  мен  жұмбақтарын  бала  кезден  естіп,  бойына  сіңіріп  өсті  және  ұдайы  қалың  елдің  ішінде,  өмір  бойы  фольклорлық  дәстүр  арасында  болды.  Небір  әдемі  айтыстардың,  шешендер  мен  билер  дауының  куәгері  болды.  Абай  өзінің  еңбегінде  халықтың  ауызекі  шығармаларын,  көркем  өнердің  шебері,  эстетика  өкілі  ойшыл  ақын  ретінде  пайдаланады.  Ол  өзінің  қара  сөздерінде  (отыз  тоғызыншы  т.б.)  және  «Біраз  сөз  қазақтың  түбі  қайдан  шыққаны  туралы»  атты  еңбегінде  10  мақалға  талдау  береді.  Мақалдарды  халықтың  өмірімен  және  тарихымен  тығыз  байланыстыра  алып  қарайды  және  қоғамдық  мәні  тұрғысынан  бағалайды,  мақал – мәтелдерді  талдау  барысында   адамгершілік,  ұлт  жандылық,  ынтымақтастық,  ел  тарихы  мәселелеріне  аса  назар  аударады,  оларды  зұлымдық,  сұрқиялық,  екіжүзділік,  барымташылық  тәрізді  жағымсыз  мінез – құлықтармен  салыстырмалы    түрде  қарастырады.  Мысалы,  «Он  үшінші»,  «Отыз  алтыншы»  сөздерінде  жастарды  имандылыққа  шақырады.  Қазақтың  «Құдайтағаланың  кешпес  күнәсі жоқ»,  «Ұят  кімде  болса,  иман  сонда  деген  мақалдарын  келтіре  отырып,  олардың  мазмұнын  дұрыс  түсіндіруге  талпынады.  Абай  «Отыз  тоғызыншы  сөздегі»  («Аз  араздықты  қуған  көп  пайдасын  кетірер»,  «Ағайынның  азары  болса  да,  безері  болмайды»,  «Алтау  ала  болса,  ауыздағы  кетеді,  төртеу  түгел  болса,  төбедегі  келеді»  мақалдары  арқылы  халықты  гуменистік  көзқарасқа  шақырады,  елдегі  тыныштық,  ынтымаққа,  отансүйгіштікке,  елжандылыққа,  татулыққа  байланысты  дегенді  айтады.  Абай  өзінің  «Бірақ  сөз  қазақтың  түбі  қайдан  шыққаны  туралы»  деген  зерттеу  еңбегінде  балаларды  құнды  тарихи  деректермен  таныстырады.  Шыңғыс  хан  мен  Жошының  билеген  кезеңдерін  баян  ете  отырып,  «Ондағы  «Түгел  сөздің  түбі  бір,  түр  атасы – Майқы  би»,  «Жылан  жылы  жылыс  болды,  жылқы  жылы  ұрыс  болды»,  «Қой  жылы  зеңгер  тоғыс  болды»,  «Самарқанның  сар  жолы,  Бұланайдың  тар  жолы»  деген  мақалдарға    түсініктемені  Шыңғыс  ханмен  оның  жорық – сапарымен  байланыстырады.  Абайдың  бұл  арадағы  мақсаты – жастарға  қазақтың  арғы  тегін,  қайдан  шыққанын  түсіндіру ,  «Жеті  атасын  білмеген  ұл - жетесіз»  дегізбей,  оларды  өз  руын,  шыққан  тегін  білуге  баулу.  Балалар  мен  жастардың  ұлттық  патриотизмін  қалыптастыруда  Абай  өдеңдерінің  рөлі  ерекше.  Оның  «Жаз»,  «Күз»,  «Қыс»,  «Жазғытұрым»,  «Желсіз  түнде  жарық  ой»  т.б.  өлеңдеріндегі  туған  жер  табиғатының  әсем  көріністері,  адамдардың  күнделікті  тыныс – тіршілігі,  іс - әрекеттер,  балалардың  Отанға,  елге,  туған  жерге  деген  сүйіспеншілігін  арттырады,  патриоттық  сана – сезімнің  оянуына  әсер  етеді.  

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері