Бастауыш сынып оқушыларының дидактикалық ойындарды қолдану арқылы іс-әрекет белсенділігін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2014 в 23:49, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында белсенділік деңгейін анықтау.
2. Кіші мектеп оқушыларының математика сабағында дидактикалық ойындардың оқыту үрдісіндегі ролін айқындау.
3. Математика сабағында дидактикалық ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыру әдіс-тәсілдерін қарастыру.
4. Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыру тәсілі ретінде дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық шарттарын зерттеу.

Содержание

Кіріспе
1 Дидактикалық ойындарды пайдаланып оқытудың теориялық негіздері - 3
1.1 Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекет белсенділігінің теориялық негіздері
1.2 Дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық шарттары
1.3 Дидактикалық ойындарды математика сабағында қолданудың ролі
2 Бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекет белсенділігін арттырудағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижесі
2.1 Кіші мектеп оқушыларының іс-әрекет белсенділігінің деңгейін бақылау.
2.2 Кіші мектеп оқушыларына математиканы оқыту үрдісіне ойынды енгізу бойынша тәжірибелік-эксперименнтік жұмыстарды ұйымдастыру
2.3 Педагогикалық іс-тәжірибе нәтижесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша А «Жаттығулар»

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бастауыш сынып оқушыларының дидактикалық ойындарды қолдану арқылы іс-әрекет белсенділігін арттыру.doc

— 710.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

Кіріспе

1 Дидактикалық ойындарды  пайдаланып оқытудың теориялық  негіздері - 3

1.1 Математика сабағында  бастауыш сынып оқушыларының  іс-әрекет белсенділігінің теориялық  негіздері

1.2 Дидактикалық ойындарды  қолданудың педагогикалық шарттары

1.3 Дидактикалық ойындарды математика сабағында қолданудың ролі

2 Бастауыш сынып оқушыларының  іс-әрекет белсенділігін арттырудағы  тәжірибелік-эксперименттік жұмыс  нәтижесі

2.1 Кіші мектеп оқушыларының  іс-әрекет белсенділігінің деңгейін  бақылау.

2.2 Кіші мектеп оқушыларына математиканы оқыту үрдісіне ойынды енгізу бойынша тәжірибелік-эксперименнтік жұмыстарды ұйымдастыру

2.3 Педагогикалық іс-тәжірибе  нәтижесі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымша А «Жаттығулар»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Зерттеудің көкейкестілігі: Оқушылардың оқу пәніне деген қызығушылығын оятуда басқа да әдіс-тәсілдерімен қатар, түрлі дидактикалық материалдарды қолданатын тиімді тәсілдердің бірі дидактикалық ойындар.

Кезінде оқушылардың оқу әрекетіне ойын элементтерін енгізуді К.Д.Ушинский ұсынған еді [1].

Тәжірибе бала үшін оқытудың неғұрлым оңтайлы формасы болып табылатын дидактикалық ойынды құрды. Дегенмен дидактикалық ойындарды өткізу үрдісінде қандай міндеттер шешілетінін және кіші мектеп сатысында жаттығуларды өткізудің ерекшеліктерін айқын елестетсең ғана жақсы нәтижеге жетуге болады. Психологтардың дәлелдеуінше ешбір қызығушылықсыз, өзіндік жағымды қатынасынсыз, көңіл-күйсіз игерілген білімнің пайдасы жоқ.

Кіші мектеп оқушысы жазады, оқиды, сұрақтарға жауап береді, бірақ бұл жұмыс оның ойын ауламайды, қызығушылығын оятпайды. Сөзсіз ол бір нәрсені меңгеруі мүмкін, бірақ еріксіз қабылдау, мықты білімге тірек бола алмайды. Балалар ақпаратты естеріне нашар сақтайды, себебі оқу оларды қызықтырмайды.

Күтпеген жерден сұрақ қойып, проблемалық жағдаят туғызып, сабақтан, сабақты әдеттен тыс өткізу формасымен балаларды  белгілі бір іске жұмылдыруға болады. Өмірде әрқашанда қызықты және еліктіретін нәрсені тауып алуға болады. Оны тек іздеп тауып, балаларға қызықтырып беру керек [2]

Бастауыш мектептің математика сабағына қойылатын негізгі міндет – «бала тұлғасының бастапқы үйлесімді құрылуын қамтамасыз ете отырып, оның математикалық қабілеттерін анықтау және дамыту. Оқыту мен тәрбиені жағымды түрткімен оқу іс-әрекетіндегі дағдыларға (оқу дағдысы, жазу, санау, шығармашылық өзін-өзі шыңдау тәжірибесі) бағдарлау керек». Сондықтанда қазіргі білім беру үрдісі оқушылардың жас және психофизиологиялық ерекшеліктерімен, мүмкіншіліктерімен және қабілеттерімен сәйкес ұйымдастырылу керек. [3]

Дұрыс басқарылған ойын мектебі оқудан гөрі, әлем терезесін берік және кеңірек ашады – бұл сөздерді бала өмірінде ойынның және ұстаз, тәрбиеші, ересектің мүмкін ең жауапты іске кіріскені – Адам тәрбиелеу, баламен бірге болу, ойын кезінде де, тек бала ересекті бақылаушы ретінде емес, өз досын көргендей болып, сол ойынды басқарудың мағыздылығын жақсы білетін К.Фабр айтқан еді.

Сол себептен бұл мәселе қазіргі кезде балалар психологиясы мен педагогикасында көкейкесті мәселеге айналып отыр. Сондықтан біз дипломдық жұмысымызда осы тақырыпты қарастырамыз.

Осыған итермелеген екі себепті атауға болады. Бір жағынан Қазақстанның бастауыш мектебінде әр түрлі оқыту бағдарламаларының көбеюі, оқушылардың ойын ойнауға, құрдастарымен қарым-қатынас жасауға аз уақыт қалатынына әкеп соқтырады. Екінші жағынан, көбінесе педагогтың ойын басшылығының мазмұнын түсінуі, баланың ойын іс-әрекетінің қатал регламентін ескертіп, оны шығармашылықтан, бастамашылдықтан, қиялдаудан айырады. Шығармашылық анализ бен тәжірибені игерудің бастапқы нысаны ретінде, дидактикалық ойынды таңдау, мынадай жағдайлармен байланысты, тек ойын ғана оқушының танымдық қызығушылығын арттырып, күрделі оқыту үрдісін жеңілдететін қызметін атқара алады.

Сөйтіп, дидактикалық ойындар арқылы кіші мектеп оқушыларының іс-әрекетін белсендіру мәселесі қазіргі таңдағы білім беру жүйесінде маңызды міндет болып табылады.

Қарастырылған тақырып бойынша психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттердің, рефераттық, курстық, дипломдық жұмыстарды талдау нәтижелері көрсеткендей бастауыш сынып мұғалімдерінің дидактикалық ойынды кіші мектеп оқушыларының іс-әрекетін белсендіруде басты құрал ретінде қолдану шарттарын қарастыратын арнайы зерттеудің жоқтығы анықталды.

Жалпы дидактикалық ойындарды зерттеумен О.С.Газман, Е.М.Минскин, Т.К.Жикалкина, П.М.Эрдниев, Н.Е.Харитонова, Б.П.Никитин, Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенкова, Л.С.Выготский, сонымен қатар Ш.А.Сырбаева, А.А.Бектурова және тағы басқалары айналысқан.

Е.М.Минскин өз еңбегінде балалардың оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға бастауыш сынып мұғаліміне көмектесуге мақсат қойған. Ғалымның пікірінше, педагогикалық мақсаттарға жету үшін мұғалім ойынның мазмұнын, оны жүргізу әдістемесін білу керек, және оларды балалардың жас ерекшеліктері мен сабақтың тақырыбына сәйкес іріктеп алу керек. [5]

Аталған жұмыстар белгіленген мәселенің жете зерттелмегенін куәландырады. Бастауыш мектептің математика сабағында дидактикалық ойындар арқылы кіші мектеп оқушыларының іс-әрекетін белсендіру үшін дидактикалық ойындарды қолдану шарттарын жетік білмеуі, осы салада математика мұғалімдерінің дайындық дәрежесінің төмендігі арасында объективті құрылған қарама-қайшылықты шешуге бағдарланған, кешенді шаралар жүйесін жетілдіру және қолдану қажеттілігі туады.

Қазіргі заман мектебінің  талаптарын ескере отырып, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде осы мәселенің жете зерттелмеуі, оның өзектілігін көрсетеді және зерттеу тақырыбын анықтайды:  «Математика сабағында оқушылардың іс-әрекетін белсендіруде дидактикалық ойындардың ролі»

Зерттеу мақсаты: Математика сабағында кіші мектеп оқушыларының іс-әрекетін белсендіруде жетекші тәсіл ретінде дидактикалық ойындарды қолдану шарттарын айқындау.

Зерттеу нысаны: бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекетін белсендіру үрдісі.

Зерттеу пәні: бастауыш сыныптың математика сабағында дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық шарттары.

Зерттеу болжамы: егер бастауыш сыныптың математика сабағында, оқушылардың іс-әрекетін белсендіру үшін қолайлы жағдайлар туғызып, дидактикалық ойындарды қолдану бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастырылса, онда кіші мектеп оқушыларының іс-әрекетін белсендіру дәрежесінің жоғарлауы туралы айтуға болады, өйткені бұл жағдайда, оқушылардың математиканы оқуға деген қызығушылығы мен ынтасы күшейе түседі.

Зерттеудің міндеттері:

1. Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында белсенділік деңгейін анықтау.

2. Кіші мектеп оқушыларының  математика сабағында дидактикалық  ойындардың оқыту үрдісіндегі  ролін айқындау.

3. Математика сабағында  дидактикалық ойындар арқылы  бастауыш сынып оқушыларының  белсенділігін арттыру әдіс-тәсілдерін қарастыру.

4. Математика сабағында  бастауыш сынып оқушыларының  белсенділігін арттыру тәсілі  ретінде дидактикалық ойындарды  қолданудың педагогикалық шарттарын  зерттеу.

Зерттеу әдістері:

- зерттеу мәселесі бойынша  психологиялық, педагогикалық, философиялық, әдістемелік әдебиеттер, рефераттар, курстық және дипломдық жұмыстар, баспасөз көздері (Бастауыш мектеп, Қазақстан мектебі, Бастауыш білім), Математика оқулықтары, оқыту бағдарламалары мен оқыту әдістемелері, педагогикалық құжаттар негізінде жасалған теориялық талдау жасау.

- бастауыш сатыда математика  сабағында дидактикалық ойындарды  қолдану жұмыстарының озық тәжірибелерін  зерделеу.

- сабақ барысында бастауыш  сынып оқушылары мен мұғалімдердің  іс-әрекетіне педагогикалық бақылау жасау, мұғалімдер және оқушылармен әңгімелесу, сұрақ-жауап, педагогикалық эксперимент, статистикалық әдістер.

Зерттеу базасы: зерттеу мәселесі бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Павлодар қаласының Қалижан Бекқожин атындағы № 12 жалпы орта білім беру мектебінде 2011 жылдың 7-ақпанынан наурыз айының 30 дейін жүргізілді. Экспериментке 2 «Б» және 2 «Б» сыныптары қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Дидактикалық  ойындарды пайдаланып оқытудың  теориялық негіздері

 

1.1 Математика  сабағында бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекет белсенділігінің теориялық негіздері

 

Дидактикада негізгі мәселелердің бірі – оқушының белсенділігін арттыруға бағытталған оқу үрдісін ұтымды ұйымдастыру. Мұндай талап дидактикада оқушыны оқытуда белсенділік күйге келтіретін белсенділік қағидасы.

Белгілі ғалым М.Н.Скаткиннің пікірінше, «оқытудағы сыртқы белсенділік деп оқушы тапсырманы механикалық түрде, бөтен еш нәрсені ойланбай орындауында болса, ішкі белсенділікте оқушының барлық оқу әрекеті материалды үйренуге бағытталады» []. Т.И.Шамова бұл мәселені жалпы түрде қарастырып, белсенділіктің үш баспалдағын:

1) еске түсіретін (репродуцирующий);

2) өзінше түсіндіру (интерпритирующий);

3) шығармашылық деп ажыратып  көрсетеді [].

Оқушының оқу таным қызметінің белсенділігін арттыратын тапсырмалар құрастыру мен ұсыну белсенділіктің мазмұнды жағы болып табылады. Дегенмен, белсенділікті арттырудың маңызды бір жағы – оқушылардың оқу жұмысын жоғары деңгейде белсенді болатындай етіп ұйымдастыру.

Дәстүрлі оқудың дайын түрде, үйреншікті түсіндірілуі  төмендегідей белгілермен сипатталады:

1) жаңа материалды толығымен  мұғалім ауызша түсіндіріп, кей  жағдайда оқушының алдын-ала қажетті  білімі болса, онда әңгімелесу  әдісі пайдаланылуы мүмкін;

2) оқулық, негізінен, үй жұмысында  пайдаланылса, ал оқушы оқулықты  сынып жұмысы барысында мұғалімнің түсіндіргенін қадағалап отырмауы үшін қолданылмайды. Көбінесе оқулық үйде де пайдаланылмайды, оның орнына сабақта мұғалімнің басшылығымен жазылған конспект пайдаланылады;

3) білімді тексеру, негізінен, кейде сабақтың едәуір бөлігін алатын оқу материалын жеке оқушыдан ауызша сұраудың көмегімен және ұзақ уақыт аралығында алынатын кең көлемді бақылау жұмысы арқылы тексеріледі;

4) сабақта әдеттегідей, немесе  басым көпшілік жағдайда жаппай  ұжымдық жұмыс әдісі пайдаланылса, ал өзіндік жұмыстың пайдалану көлемі шамалы болады. Мұндай оқыту жүйесінің айтарлықтай кемшілігі – сабақтағы оқушының енжарлығынан және осының әсері оқу сапасының тиімділігін төмендетеді. Шын мәнінде, дәстүрлі оқыту жүйесінде жеке оқушының белсенділігін арттыру өте төмен дәрежеде болды.

Жоғарыда айтқанымыздай, ұзақ уақыттан бері Кеңес дидактикасындағы маңызды мәселелердің бірі – сабақта оқушының белсенділігін қалай арттыруға болатыны қарастырылып келді. Мұндай зерттеулер негізінен оқулықты жәй оқумен және жаттығу жұмыстарын орындаудан тұрғанын айтады [].

Оқушылардың белсенділік іс-әрекетін дамыту арқылы білім сапасын көтеру қазіргі таңда да негізгі өзекті мәселе болып табылады. Оқушының темпераменті, мінез-құлқы оның іс-әрекетінде көрініс береді. Сондықтан да, әр педагог оқушының темпераментін, оның жеке бас қасиетіне негіздей отырып оқу-тәрбие үрдісін жүргізе білсе, нәтижеге жетеміз.

Қазіргі таңда да мектеп мұғалімдері оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына бағытталған жаңа әдістерді оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен пайдалануда. Солардың бірі – оқытудың белсенді әдістері.

Бірақ, белсенділік ұғымына әлі де болса нақты түсінік берілмеген. Ал, бұл белсенділік туралы біртұтас тұжырымдамалар құруға және бірқатар тәсілдер жүйесін түсінуге кедергі келтіреді. Көптеген ресейлік, қазақстандық ғалымдар белсенділікке әр түрлі анықтамалар береді. Солардың ішінде, біздің зерттеу жұмысымызда негізге алатынымыз мына анықтама: «Белсенділік – білімді меңгеруде, біліктілік пен дағдыны қалыптастыруда, оларды тәжірибе жүзінде қолдануда оқушылардың қызығушылығын оятып, белсенділік, шығармашылық, өз бетіншілік қабілеттерін шыңдауда оқытудың мазмұнын, түрлерін, әдістерін, тәсілдерін және құралдарын жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеті» []. Білім оқушының өзін-өзі басқарудағы іс-әрекеті, ал, белсенділік осы іс-әрекеттің құралы болғандықтан, оқу іс-әрекетін белсендіру белсенділікті басқару, яғни, оның уәждемесін және оңтайлы деңгейге көтеру, сол деңгейде ұстап тұруы болып табылады.

Оқытуды басқарудың оңтайлы өлшемдерін таңдау міндеті туындайды, олар мынадай қатынастарды қанағаттандырады: басқару өлшемі төменірек оқушының іс-әрекетіндегі өз бетіншілік деңгейі биігірек болады.

Алайда, белсендіру мәселесін басқаруды төмендету өлшеміне әкеліп соқтыру қате қорытынды жасауға мәжбүр етеді: оқытушының жетекшілік рөлі аз болған сайын, оқушының белсенділігі арта түседі. Мұндағы ең басты ескеретін жағдай – оқушылардың іс-әрекеттерінің мотивациясы. Жоғары дәрежедегі түрткі мотив басқару өлшемдерінің төмендеуі сәйкес белсенділіктің жоғарылауына әкеледі; төменгі дәрежедегі мотивацияда пайда болатын қиыншылықтар оқушының пәнге деген қызығушылығын одан сайын төмендетеді және тіпті оның мақсатты бағыттылықтан ауытқып кетуіне де әкеліп соғады. Оқытудағы белсенділік туралы сөз еткенде, негізінде ол оқушылардың ойлау белсенділігі жөнінде болады.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының дидактикалық ойындарды қолдану арқылы іс-әрекет белсенділігін арттыру