Бастауыш сынып оқушыларының дидактикалық ойындарды қолдану арқылы іс-әрекет белсенділігін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2014 в 23:49, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында белсенділік деңгейін анықтау.
2. Кіші мектеп оқушыларының математика сабағында дидактикалық ойындардың оқыту үрдісіндегі ролін айқындау.
3. Математика сабағында дидактикалық ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыру әдіс-тәсілдерін қарастыру.
4. Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыру тәсілі ретінде дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық шарттарын зерттеу.

Содержание

Кіріспе
1 Дидактикалық ойындарды пайдаланып оқытудың теориялық негіздері - 3
1.1 Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекет белсенділігінің теориялық негіздері
1.2 Дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық шарттары
1.3 Дидактикалық ойындарды математика сабағында қолданудың ролі
2 Бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекет белсенділігін арттырудағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижесі
2.1 Кіші мектеп оқушыларының іс-әрекет белсенділігінің деңгейін бақылау.
2.2 Кіші мектеп оқушыларына математиканы оқыту үрдісіне ойынды енгізу бойынша тәжірибелік-эксперименнтік жұмыстарды ұйымдастыру
2.3 Педагогикалық іс-тәжірибе нәтижесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша А «Жаттығулар»

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бастауыш сынып оқушыларының дидактикалық ойындарды қолдану арқылы іс-әрекет белсенділігін арттыру.doc

— 710.50 Кб (Скачать документ)

 

Оқу түрткісін анықтау әдісі.

Мақсаты: оқушылардың математика сабағында оқу түрткісі сауалнама арқылы анықтау.

Өлшемі: оқу түрткісі

Көрсеткіштер:

1. Өзін оқушы ретінде  қатынасының қалыптасуы.

2. Математика сабағына  қатынас.

3. Іс-әрекет белсенділігі.

Деңгейлер: 5 деңгей (ұпай арқылы бағаланады).

Жүргізу тәртібі. Мұғалім оқушыға сауалнама сұрақтарына жауап беруге тапсырма береді.

Математика сабағында оқу түрткісін анықтау сауалнамасы.

1. Саған математика сабағы  ұнай ма?

Иә – 3

Аса емес – 1

Жоқ – 0

2. Сен таңертен сабаққа  жақсы көңіл-күймен барасынба, әлде  үйде қалғың келе ме?

Жақсы көңіл-күймен – 3

Әр түрлі – 1

Көбінесе үйде қалғым келеді – 0

3. Егер мұғалім, ертен  мектепке барлық оқушыларға келмей-ақ  қоюға да болатынын айтса, мектепке  барушы ма едің, әлде үйде қаласын  ба?

Мектепке барушы едім – 3

Әр кезеде әр түрлі – 1

Үйде қалушы едім – 0

4. Саған математика сабағының  болмағаны ұнай ма?

Ұнамады – 3

Әр кезде әр түрлі – 1

Ұнамайды – 0

5. Мұғалім математика сабағынан үй жұмысын бергенін қалайсынба?

Жоқ – 3

Білмеймін – 1

Иә – 0

6. Мектепте тек шығуға  ғана қоңырау болғанын қалайсынба?

Жоқ – 3

Білмеймін – 1

Иә – 0

7. Сен мектеп туралы  өз ата-анаңа, достарыңа жиі айтасыңба?

Жиі – 3

Сирек – 1

Ешқашан – 0

8. Сенің мұғалімннің басқа  кісі болғанын қалар ма едің?

Маған өзімнің мұғалімім ұнайды – 3

Нақты білмеймін – 1

Иә, қалар едім – 0

9. Сенің сыныбыңның ішінде  достарың бар ма?

Көп – 3

Аз – 1

Жоқ – 0

10. Саған өз сыныптастарың  ұнай ма?

Ұнайды – 3

Аса емес – 1

Ұнамайды – 0

Нәтижелерді талдау: максималды баға 30 ұпай. Ұпайдың жоғарлылығы, оқу түрткісі жоғарлылығының көрсеткіші.

20-30 ұпай – математика  сабағында оқу түрткісі жоғары;

10-20 ұпай – математика сабағында оқу түрткісі орташа;

10 ұпайдан төмен – математика сабағында оқу түрткісі төмен.

 

Оқу түрткісін анықтау бойынша зерттеу нәтижелері

 

Оқу мотивациясының деңгейі

Эксперименталды сынып

Бақылау сыныбы

Жоғары

2

1

Орташа

7

9

Төменгі

12

13


 

 

Ойлау үрдісі ерекше ойлау тәсілдер түрлері арқылы іске асады, олардың негізгілеріне салыстыру, талдау және жинақтау, абстракция, нақтылау және жалпылау жатады.

Әдістеме 1. «Салыстыру».

Бұл әрқандай заттар мен құбылыстардың не ойлардың бөліктері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды білуге бағытталған ой-әрекеті. Салыстыру түрлері келесідей:

1) бір жақты (бір белгісі  бойынша, толық болмаған);

2) көптарапты (толық, барша белгілерін ескерумен);

3) үстірт және тереңдей

4) тікелей және жанама.

Мақсаты: заттар мен ұғымдарды салыстыру дәрежесін анықтау.

Кітап – дәптер

Сызғыш – үшбұрыш

Қарындаш – бояу

Метр – сантиметр

Диаметр – шеңбер

Теңдеу – амал

Сәуле  - түзу

Қосынды – айырма

Сағат – уақыт

Нөл – бір

Әр оқушы бір парақ бетке аталған заттар мен ұғымдардың ұқсастықтарын – сол жаққа, айырмашылықтарын – оң жаққа жазу керек.

Әр жұп сөз үшін 4 минут беріледі. Одан кейін парақтар жиналады.

Егер оқушы ұсынған ұқсастық немесе айырмашылық аса нақты болмаса, онда бала аралық  баға – 0,5 ұпай алады.

Нәтижелерді бағалау.

Бұл тапсырманы орындаған үшін баланың алатын максималды ұпай саны – 10-ға, минималды – 0-ге тең болады. Эксперимент соңында, баланың барлық 10 сөз үшін алынған ұпайлар саны есептеледі. Психодиагностиканы берілген әдістеме көмегімен қайтадан өткізгенде, әр түрлі сөздер жиынтығын қолданған дұрыс, себебі балалардың бұрын берілген анықтамалары есте қалып, қайта жаңғыртылуы мүмкін.

Даму деңгейі бойынша қорытындылар

10 ұпай – өте жоғары.

8-9 ұпай – жоғары.

4-7 ұпай – орташа.

2-3 ұпай – төмен.

0-1 ұпай – өте төмен [73].

Диагностиканы жүргізгеннен кейін біз барлық мәліметтерді кестелер мен диаграммаларға енгіздік.

 

3 Кесте – Ұғымдарды  анықтау бойынша зерттеу нәтижелері

 

Салыстыру қабілеттерінің даму дәрежесі

Эксперименталды сынып

Бақылау сыныбы

Жоғары

3

2

Орташа

8

10

Төмен

10

11


 

Зерттеу нәтижесін біз диаграмма 1 түрінде көрсеттік. (Қосымша)

 

 

 

2-Әдістеме. «Жалпылау».

Жалпылау – бұл ойлау арқылы бейнеленетін көптеген заттардың үқсас, мәнді белгілерінің осы заттар туралы бір ұғымда ойша бірігуі. Мәселен, алмада, алмұртта, апельсинде, алхорыда және т.б. бар ұқсастық белгілер бір «жеміс-жидек» деген ұғым арқылы беріледі, жалпылама ойлау абстракциялық іс-әрекетімен тығыз байланысты. Кейбір заттар мен құбылыстардың ұқсас белгілері жалпыланады, ол абстракциялау үрдісінде бөлініп көрсетіледі.

Жалпылау да абстракция сияқты сөздер көмегімен іске асады. Кез-келген сөз жалпылық мағынаны білдіреді. Мысалы, мал деген сөзді айта отырып, көптеген жеке белгілерден тұратын ойды білдіреміз.

 

Мақсаты: оқушылардың екі сөз арасындағы байланысты табу, жалпылау қабілеттерін қалыптастыру.

Екі сөз беріледі. Оқушыларға оларды байланыстырған ортақ нәрсені табу керек.

Көпбұрыш – үшбұрыш

Қосынды – айырма

Килограмм – грамм

Ондық – бірлік

Сан – цифр

Сағат – уақыт

Оқушы 6 жұп сөздің жалпы ұғымын анықтау керек. Жұмысқа 3-4 минут беріледі.

Нәтижелерді бақылау.

Бұл тапсырманы орындаған үшін баланың алатын максималды ұпай саны – 6-ға, минималды – 0-ге тең. Эксперимент соңында әр баланың барлық 6 сөз үшін алынған ұпайлар саны есептеледі.

Даму деңгейі бойынша қорытындылар.

6 ұпай – өте жоғары

5 ұпай – жоғары

4 ұпай – орташа

3-1 ұпай – төмен.

 

4 кесте – Жалпылау  қабілеттерін зерттеу нәтижелері

 

Жалпылау қабілеттерінің даму дәрежесі

Эксперименталды сынып

Бақылау сыныбы

Өте жоғары

4

3

Жоғары

4

3

Орташа

8

9

Төмен

5

8


 

Зерттеу нәтижесін диаграмма 2 түрінде көрсеттік.(Қосымша)

 

 

 

3 Әдістеме. Логикалық заңдылықтар (талдау операциялары)

Талдау – бұл ойын бүтінді жіктеу немесе бүтіннен оның қырларын, әрекет не қатынас бірліктерін бөліп алу. Талдау тәжірибелік (ойлау-сөйлеу процесінде жүріп жатады) және ақылдық (теориялық) болып бөлінеді.

Оқушыларға жазбаша сандар қатары ұсынылған. Олар қатарларды жалғастыратын екі сан жазу керек. Ол үшін әр қатарды талдап, олардың құрылу заңдылықтарын анықтау керек. Тапсырмаларды орындау уақыты белгіленеді. Сандар қатары:

1) 2, 3, 4, 5, 6, 7, ..., ...;

2) 6, 9, 12, 15, 18, 21, ..., ...;

3) 1, 2, 4, 8, 16, 32, ..., ...;

4) 4, 6, 8, 10, 12, 14, ..., ...;

5) 19, 17, 15, 13, 11, 9, ..., ...;

 

Нәтижелерді өңдеу.

Дұрыс жауабы:

1) 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9;

2) 6, 9, 12, 15, 18, 21, 24, 27;

3) 1, 2, 4, 8, 16, 32, 64, 128;

4) 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18;

5) 19, 17, 15, 13, 11, 9, 7, 5;

 

5 кесте – Нәтижелерді бағалау

 

Тапсырманы орындау уақыты

(мин., сек.)

Қатар саны

Ұпайлар

Логикалық ойаудың даму дәрежесі

2 минутқа дейін

0

5

Логикалық ойлаудың өте жоғары деңгейі

2 мин. 10 сек. -

4 мин. 30 сек.

0

4

Жақсы көрсеткіш

4 мин. 35 сек. -

9 мин. 50 сек.

1

3

Орташа норма

2 мин. 10 сек. -

15 мин.

4-5

2

Логикалық ойдаудың орташадан төмен деңгейі


 

Даму деңгейі бойынша қорытындылар.

5 ұпай – логикалық  заңдылықтардың даму деңгейі  өте жоғары.

4 ұпай – логикалық  заңдылықтардың даму деңгейі  жоғары.

3 ұпай – логикалық  заңдылықтардың даму деңгейі  орташа.

2 ұпай – логикалық  заңдылықтардың даму деңгейі  төмен [75].

 

6 кесте – Логикалық заңдылықтардың даму диагностикасы бойынша зерттеу нәтижелері.

 

Логикалық заңдылықтардың даму дәрежесі

Эксперименталды сынып

Бақылау сыныбы

Өте жоғары

2

1

Жоғары

5

4

Орташа

8

9

Төмен

6

9


 

Зерттеу нәтижесін диаграмма 3 түрінде ұсындық.(Қосымша)

 

 

 

 

4 Әдістеме. Синтез

Мақсаты: оқушылардың бөлшектерден бүтін құрастыру қабілетін анықтау.

Нұсқау: Оқушыларға 5 тапсырма ұсынылады. Әрқайсысын орындау үшін 2 минут беріледі. Өз жауаптарын  басқа параққа жазады.

1. 9 таяқшадан 1 шаршы және 4 бірдей үшбұрыш құрастыр.

2. Есепті құрастыр және  шешуін тап: Р + В = Ф

3. Ұзындығы бірдей 7 таяқшадан  екі шаршы құрастыр.

4. Ұзындығы бірдей 5 кесіндіден екі үшбұрыш құрастыр.


5. Берілген бөліктерден  шаршы құрастыр.

6. Ұзындығы 1 сантиметр болатын 12 таяқшадан, 5 шаршы құрастыр.

Нәтижелерді бағалау.

Бұл тапсырманы орындаған үшін баланың алатын максималды ұпай саны – 6-ға, минималды – 0-ге тең. Эксперимент соңында әр баланың барлық 6 сөз үшін алынған ұпайлар саны есептеледі.

Даму деңгейі жөніндегі көрсеткіштер.

6 ұпай – өте жоғары  көрсеткіш

5 ұпай – жоғары көрсеткіш

4 ұпай – орташа көрсеткіш

3-1 ұпай – төмен көрсеткіш

 

7 кесте – Бөліктерден бүтін құрастыру қабілетін зерттеу нәтижелері

 

Синтездеу қабілеттерінің даму дәрежесі

Эксперименталды сынып

Бақылау сыныбы

Өте жоғары

5

3

Жоғары

4

3

Орташа

7

8

Төмен

5

9


 

Зерттеу нәтижелерін диаграмма 4 түрінде ұсындық. (Қосымша)

 

 

 

8 кесте – Барлық әдістеме бойынша зерттеу нәтижелері

 

 

Диагностикалық әдістемелер

Эксперименталды сынып

Бақылау сыныбы

1

Салыстыру

52,3

52,1

2

Жалпылау

76,1

65,2

3

Анализ

71,4

60,8

4

Синтез

76,1

60,8

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының дидактикалық ойындарды қолдану арқылы іс-әрекет белсенділігін арттыру