Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын орындатудың әдіс-тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 16:35, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі: бүгінгі таңда оқушы меңгерген білім, білік, дағдыларды біліктілікпен байланыстыра қарастыру негізінде оқушының қоғамдағы мәселелерді, өзгерістерді бағалау, оны өз тұрғысынан шешу біліктіліктерін дамытуға күш салынуда. Бұл орайда оқушының өзіндік орындайтын жұмысының жаңа талаптарға сай ұйымдастырылуы өте маңызды. Солардың біріне бастауыш сыныптарда ана тілі сабағында оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу. Ана тілі сабақтарында үй жұмысы жүйелерін пайдалана отырып, оқушылардың тек пәндік білім алуымен ғана шектелмей, оған қоса оқу мен сөйлеуге тереңірек үңіліп, жағымды мінез–құлық қалыптастыру, этика, эстетика сияқты адамгершілік нормаларын бойларына дарытып, тәрбиеге көңіл бөлу қажет.

Содержание

Кіріспе 3
1 Үй жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік негіздері 6
1.1 Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері 6
1.2 Оқушылардың оқуға қалыпты оң көзқарасын қалыптастыру жұмыстарының моделі 14
2 Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастыруға арналған жұмыстар тәжірибесі 23
2.1. Бастауыш мектепте ана тілі сабақтарында үй жұмысы арқылы оқушылардың белсенділік іс-әрекеттерін қалыптастыру жолдары 39
2.2 Бастауыш мектептің оқыту процесінде үй жұмысын ұйымдастыруға арналған тәжірибелік-зксперименттік жұмыстың нәтижесі 43
Қорытынды 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізім 64
Қосымша А Б. Соқпақпаев: «Менің атым - Қожа» 67
Қосымша Ә «Алтын сақа» ойыны
69
Қосымша Б Балықшы мен бақалшы
71

Прикрепленные файлы: 1 файл

Салтанат-посл-супер.doc

— 640.50 Кб (Скачать документ)

Сынып жетекшісі сынып оқушыларымен жиналысын өткізгенде де шеберлік танытуы тиіс. Жиналысты мәнді етіп өткізуге де болады немесе жиналысты жалпы қалай болса солай өткізуге де болады. Бұл сынып жетекшісінің шеберлігіне байланысты. Мәселен, жиналыста ата-анаға "сіздің балаңыздың бағасы әзірше төрт" деуге де болады, немесе "сіздің балаңыздың бағасы тек төрт" деуге де болады. Тек төрт пен әзірше төрттің арасында айырма бар. Сынып мұғалімі, сынып жетекшісі отбасына қуаныш хабарын әкелетін адам болуы керек.

Отбасын баланың оқудағы жетістігімен қуантатын оқушының өзі, оның жолдастары, мұғалімдер және отбасы. Бірақ әрбір отбасы педагогикалық тұрғыдан бірдей емес. Кейбір ата-ананың баламен, мектеппен қарым-қатынасы дұрыс болуы немесе дұрыс болмауы да мүмкін. Оның түрлі себептері бар. Оның әрқайсысына тоқталып жатпай-ақ, ата-аналар тобын екіге бөлуге болады. Бірі педагогикалық тұрғыдан дұрыс, ал бірі педагогикалық тұрғыдан бұрыс. Осы дұрыс пен бұрысты қосып ортақ педагогикалық қатынас жасауды біз педагогикалық компенсация деп атадық. Мұндағы айтайық деп отырғанымыз - тәрбиесі нашар отбасының балалары мен тәрбиелі отбасының балаларын сабаққа бірге дайындалуға, өзара достасуға үйрету. Осы жерде біз көп нәрсені ұтамыз. Осы мәселе бойынша қорытынды: Мектеп жасына дейінгі балаға қамқорлық керек болса, бастауыш мектеп жасындағы балаға қызметтестік, серіктестік, достық керек. Оған ортақ іс арқылы жетуге болады: ортақ қуаныш, ортақ реніш, отбасы мен оқытушының ортақ тәрбие жұмысы.

 

2.1 Бастауыш мектепте  ана тілі сабақтарында оқушылардың белсенділік іс-әрекеттерін қалыптастыру жолдары

 

Үй тапсырмасын ұйымдастыру барысының ішкі қарама-қайшылықтары оның өздігінен қозғалысын қамтамасыз етеді, оның қозғаушы күштері болып табылады. Оқыту оқушының жеке дамуының алдына қазіргі білім деңгейің меңгеруді міндет етіп қояды. Үй жұмысын орындау барысында басқа да, мысалы, оқытуға дейінгі баланың өз тәжірибесі мен оқыту барысында ол тәжірибенің қайта әдеттегі оқушы ойлауының жүйесі арасында; ғылым мен оқу пәнінің арасында; ғылымдағы жүйе білім мен оқу пәнін оқытудың логикасы арасында қарама-қайшылықтар бар.

Таным іс-әрекеті барысында бастауыш мектеп оқушылары ойдың нақтылыдан абстрактылыққа өту кезеңінде болады. Оқушының танымында сезімдік пен рационалдық, нақтылық пен абстрактылық арақатынасында қарама-қайшылық туады. Сезімдік таным алғашқы ғылыми түсініктерді қалыптастырудың негізі ретінде пайдаланылады. Оқу пәні материалдарының мазмұны сезімдік бейнелерге, баланың елестетулеріне негізделеді. Дегенмен оқу пәндерінің теориялық мазмұнын игерудің негізі ретінде оқу іс-әрекетінде абстрактылық таным жетекші орын ала бастайды [52].

Бұл жұмыстар күнделікті оқушының үй тапсырмасын тиісті деңгейде орындай алмауы, үлгермеушілігінің себептерін білуге, алдын алуға бағыт береді, көмектеседі. (1-кесте)

Үлгермейтін оқушылардың оқуға қалыпты көзқарасын қалыптастыру жөніндегі жұмыс жүйесі.

1-кесте

 

Бірінші кезең

Екінші кезең

Үшінші кезең

Төртінші кезең

Оқу материал-дарының мазмұнына көзқарас.

Ең оңай қызықты материал. (маңыздылығына қарамастан)

Маңызы бар

 материал .

Маңызды, негізгі, бірақ қызықсыз материал.

Нәти-жесін бағалау.

Оқу үрдісіне көзқарас.

Мұғалім әрекет етуші, оқушы қабылдаушы.

Мұғалім жетекшілік атқарады. Оқушы үрдістің жекеленген кезеңдерінде ғана қатысады.

Оқушы жетекшілік етеді, мұғалім үрдістің жекеленген кезеңдерінде ғана қатысады.

Оқушы өз бетімен әрекет етеді.

Өзіне, өз күшіне деген көзқарас.

Көп күшті қажет етпейтін жұмыстар, қол жеткен табыстарын мадақтау.

Азғантай күш қажет ететін жұмыстар, қол жеткен табыстарын мадақтау.

Көп мөлшердегі күшті қажет ететін жұмыс, қол жеткен табыстарын мадақтау.

 

Мұғалімге (ұжымға) көзқарас.

Бейтараптық

Мейірбандылық көңіл бөлу, көмек беру, жаны ашу.

Көмек беру мен қатар өзіндік пікірінің болуы

 

 

Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор, өйткені сол арқылы оқушылардың іс-әрекетінің дербестігі артады.

Үй жұмысын ұйымдастырудың мәнін дұрыс түсіну мұғалімге оқу-тәрбие барысын тиімді басқаруға көмектеседі. Оқу себептері оқушының қоғамдық мәнінің бағыттылығын, оның жетістіктері мен сәтсіздіктерін анықтайды. Бастауыш мектеп оқушылары оқуының орынды себептері білімге ұмтылу, жақсы баға алу ынтасы, мұғалім мен ата-ананың алғысын алу, Отанға пайдалы азамат болу ынтасы, сүйікті ұстаздарына, көркем әдебиет кейіпкерлеріне еліктеу т.с.с. болып табылады. Мақсат - осы себептерді дамыту және бекіту.

Бастауыш сынып оқушыларының ішінде үй тапсырмасын орындауға ынтасының болмауы, оқи алмауы, оқу еңбегін ұйымдастыра білмеуі, оқудан артта қалуы, білім, білік, дағдыларының жеткіліксіздігі оқуға теріс қатынасты қалыптастырады. Бұның бәрі үлгермеушілікке, білімнің үстірттігіне әкеліп соғады. Ең бастысы - оқушының қоғамдық мәнінің адамгершілікті дамуына кері ықпал жасайтындығы. Осыдан оқушы өзінің моральдық сапаларын жетілдіруге белсенді күш-жігерін жұмсайды [53].

Нәтижесінде, мұғалімнің алдында оқушыны қайта тәрбиелеу сияқты қиын міндет пайда болады. Оқушыны қолдау, оған өз күшіне деген сенімге ие болуына көмектесу-мұғалімнің басты жұмысы. Жалпы нашар оқығысы, үлгермеуші болғысы келетін оқушы жоқ. Мұғалім өз ісін осы қағиданы басшылыққа алып бастауы керек.

Оқудың орынды себептерін дамыту мен қалыптастыру негізгі оқу іс-әрекетін, оқудағы танымдық қызығуды дамыту болып табылады. Бастауыш мектепте балалардың өзін-өзі басқару, тәрбиелеу тәжірибесі жеткіліксіз. Сондықтан мұғалім шешуші рөл атқарады. Педагогикалық шеберлікті игерген, сынып оқушыларының мүддесін, олардың жеке қабілеттері мен бейімділіктерін жақсы түсінетін мұғалім танымдық қызығуды дамытуға себепші болатын материал мазмұнын оқушылардың жеке тәжірибелерімен орынды байланыстырады. Сабақ мазмұны оқушы тәжірибесіне жақын, түсінікті, қызық бола бастайды. Оқушылардың оқу ынтасына қызық ұйымдастырылған практикалық жұмыс, экскурсиялар, бақылаулар, сонымен қатар, балалардың сыныптан және мектептен тыс жұмыстарға белсенді қатысуына айрықша көмектеседі.

Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалармен жұмыс орындау нашар оқитындармен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып табылады. Нашар оқитын оқушылар оқу-тәрбие үрдісінде көбірек біліктілікті қажет етеді. Бірақ балалардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей. Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін қолға алу керек.

Мұндай артта қалудың алдын алу үшін жұмыс балалардың ақыл-ой әрекетін белсендіруге, сөйлеу қабілетін дамытуға, практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталуы керек.

Қазіргі мектептерде балалардың есту, көру, қозғалыс анализаторларын дамытуға аз уақыт бөлінуде. Сондықтан практикалық интелекті балалар өз ерекшеліктерін көрсетіп, өз мүмкіндіктерін дамытуға, қоршаған ортаның назарына ие бола алмайды. Қазіргі мектептерде логикалық ойлауға үлкен талап қоюда. Ән, сурет, спорт пәндері арқылы көрнекі амалды, нақтылы-бейнелі және практикалық ойлауға сүйенуді талап ету оқудағы артта қалу мәселелерін шешудің бір жолы болып табылады.

Мұғалімдер балалардың қайсысы практиктерге жататынын анықтап, мұндай оқушылардың ерекшелігін ескеру керек. Сабақ үстінде көбірек көрнекіліктерді қолданып, тереңірек талдау жасауды қарастыру қажет.

Үлгермеушілік сабақ барысында қалыптасады және оның алдын алуға, күресуге болады. Нашар бағаға әкеп соқтыратын оқушы үлгермеушілігінің себептері оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырмауда, мектепшілік бақылаудың мерзімді жүрмеуінде, санитарлық - гигиеналық нормалардың бұзылуында жатыр. Бұлардың ішіндегі негізгілері мыналар:

-жекелеген мұғалімдер сабақтарының  сапасындағы, жаңа материалды тиісінше түсіндіре алмауы, бекіту жұмысының әлсіз жүруі, оқушы білімін есепке алудың болмауы, мұғалімнің тиісті дәрежеде талап етпеуі;

- үй тапсырмасын орындау жұмысын  дұрыс ойластырмау және тыңғылықты тексерудің болмауы;

- мұғалімдердің өз оқушыларын  дұрыс білмеуі;

-жеке жұмыстың болмауы, танымдық  қызығуын дамыта алмауы;

- мектепте үлгермеушіліктің алдын алу жөнінде жүйелі жұмыстың болмауы, мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілерінің, әлеуметтік ортақ жұмыс жүргізбеуі;

- тәрбие жұмысындағы олқылықтар, оқушылардың сабақтағы нашар тәртібі, өз міндеттерін саналы түрде түсінбеуі, мектеп әкімшілігі тарапынан тәртіп бұзушыларға уақтылы және тиісті шара қолданбауы;

- бағалаудағы біржақтылық ;

- оқыту мен тәрбие үрдісінде сабақтастықтың болмауы;

- сабақтан қалдыру, оқушының ауырып  қалуы, т.б.

Ең алдымен мұғалім мен сынып жетекшісінің жұмысымен танысуы керек (үлгермеу себептерін айқындау, біліміндегі олқылықтардың сипаты). Оқушылардың үлгермеушілігінің себептерін зерттеу мақсатында мектепте педагогикалық басқосулар, семинар, тренингтер өткізуі тиіс.

Олардың тақырыптары:

Нашар үлгеретін және үлгермейтін оқушыларға үй тапсырмасын беру үрдісін белсендіру, үлгермеушілікті болдырмау және алдын алу жөніндегі педұжымның іс-әрекеті, т.т. Бұл шараларда оқушыны зерттеудің жалпы бағдарламасы қарастырылып пікірлер тыңдалып, үлгермеушілік себептері айқындалуы және жеке оқушыны оқытумен тәрбиелеуді жетілдіру шаралары қарастырылуы қажет.

Бұл жұмыстар оқушы үлгермеушілігінің себептерін білуге, алдын алуға бағыт береді, көмектеседі. (1-кесте)

Үлгермейтін оқушылардың оқуға қалыпты көзқарасын қалыптастыру жөніндегі жұмыс жүйесі.

 

1-кесте

Тапсырмалар

Бірінші кезең

Екінші кезең

Үшінші кезең

Төртінші кезең

Оқу материал-дарының мазмұнына көзқарас.

Ең оңай қызықты материал. (маңыздылығына қарамастан)

Маңызы бар

 материал .

Маңызды, негізгі, бірақ қызықсыз материал.

Нәти-жесін бағалау.

Оқу үрдісіне көзқарас.

Мұғалім әрекет етуші, оқушы қабылдаушы.

Мұғалім жетекшілік атқарады. Оқушы үрдістің жекеленген кезеңдерінде ғана қатысады.

Оқушы жетекшілік етеді, мұғалім үрдістің жекеленген кезеңдерінде ғана қатысады.

Оқушы өз бетімен әрекет етеді.

Өзіне, өз күшіне деген көзқарас.

Көп күшті қажет етпейтін жұмыстар, қол жеткен табыстарын мадақтау.

Аз күш қажет ететін жұмыстар, қол жеткен табыстарын мадақтау.

Көп күшті қажет ететін жұмыс, қол жеткен табыстарын мадақтау.

 

Мұғалімге (ұжымға) көзқарас.

Бейтараптық

Мейірбандылық көңіл бөлу, көмек беру, жаны ашу.

Көмек беру мен қатар өзіндік пікірінің болуы

 

 

Оқушылардың үй жұмысына тән негізгі сипаттарды анықтап беру қажет. Бірден ескертетініміз: Ол күрделі әрекет болғандықтан, бір ғана белгімен сипаттауға болмайды. Үй жұмысын ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар: Мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі:

Жұмысты орындаудың мерзімін белгілеуі, мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің өзара байланысы, олардың жұмысты өз еркімен және ата-ана қолдауымен істеуі, оған әсер ететін мотивтер және т.б.

Оқушылардың үйде орындайтын жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша, өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Сонымен қатар, оқушылардың үй жұмысының жоғары формасына, олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдері қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары да жатады.

Оқушылардың таным әрекеті білім алу қажетімен ұштасады. Осыған орай, олардың дербестігі, ең алдымен, белсенділікке байланысты, ол белсендік дербестікті қажет етеді. Оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті оның белсенділігін арттырады. Бұл екі термин өзара ұқсас болғанымен, олардың мазмұнында айырмашылық бар. Қысқаша айтқанда, бұлар бір мағынадағы ұғымдар емес. Белсенділік - дербестікке қарағанда мағынасы кең ұғым.

 

2.2 Үй жұмысын ұйымдастыру бойынша жүргізілетін тәжірибелік жұмыс нәтижелері

 

Оқушылардың үй жұмысын ұйымдастыруда халық педагогикасының үлгілерін қолданудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр.

Бізге мәлім, мектеп есігін алғаш ашқан балалардың жас шамасы қатар болса да, түсінуі, құбылысты қабылдау қабілеттері әр түрлі. Мысалы, біреуі сыпайы, тәртіпті, тіл алғыш, сезімтал, бір нәрсені тез меңгеріп кете алса, енді бірі самарқау, айтқанды қиын қабылдайтын, ал енді біреуі жалқау болып келеді. Өйткені олар әр жанұядан, түрлі дайындықпен келеді. Соның нәтижесінде әр сыныпта азда болса (сабаққа ынтасы төмен) үлгермейтін оқушылар кездеседі.

Мұндай оқушыларды толық үлгерімге жеткізу - мұғалімнің қиын да абыройлы міндеті. Бұл міндетті орындау үшін біріншіден, оқу сапасын арттырып, теория мен практиканы ұштастыра отырып, әр уақытта газет-журналдарда жарияланған әдістемелік жаңалықтарды, озат тәжірибені, жаңашылдар әдісін (Ш.А.Амонашивили, С.Н.Лысенкова т.б.) өз сабағында мүмкіндігінше пайдалану қажет [58, 59].

Осы оқушылармен сабақ үстінде, сабақтан тыс уақыттарда жұмысты төмендегіше жүргіземіз.

1. Сабақ үстінде:

а) үлгерімі төмен оқушылардан жиі-жиі сұрау, сабақ үстінде оларға барынша мүмкіндік тудыру. Ол үшін: берілетін білімді түсіндіріп айту, оңтайландыру, сұраққа толық жауап алу, жазуға үйрету, жазбаша салыстыру.

Информация о работе Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын орындатудың әдіс-тәсілдері