Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын орындатудың әдіс-тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 16:35, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі: бүгінгі таңда оқушы меңгерген білім, білік, дағдыларды біліктілікпен байланыстыра қарастыру негізінде оқушының қоғамдағы мәселелерді, өзгерістерді бағалау, оны өз тұрғысынан шешу біліктіліктерін дамытуға күш салынуда. Бұл орайда оқушының өзіндік орындайтын жұмысының жаңа талаптарға сай ұйымдастырылуы өте маңызды. Солардың біріне бастауыш сыныптарда ана тілі сабағында оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу. Ана тілі сабақтарында үй жұмысы жүйелерін пайдалана отырып, оқушылардың тек пәндік білім алуымен ғана шектелмей, оған қоса оқу мен сөйлеуге тереңірек үңіліп, жағымды мінез–құлық қалыптастыру, этика, эстетика сияқты адамгершілік нормаларын бойларына дарытып, тәрбиеге көңіл бөлу қажет.

Содержание

Кіріспе 3
1 Үй жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік негіздері 6
1.1 Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері 6
1.2 Оқушылардың оқуға қалыпты оң көзқарасын қалыптастыру жұмыстарының моделі 14
2 Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастыруға арналған жұмыстар тәжірибесі 23
2.1. Бастауыш мектепте ана тілі сабақтарында үй жұмысы арқылы оқушылардың белсенділік іс-әрекеттерін қалыптастыру жолдары 39
2.2 Бастауыш мектептің оқыту процесінде үй жұмысын ұйымдастыруға арналған тәжірибелік-зксперименттік жұмыстың нәтижесі 43
Қорытынды 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізім 64
Қосымша А Б. Соқпақпаев: «Менің атым - Қожа» 67
Қосымша Ә «Алтын сақа» ойыны
69
Қосымша Б Балықшы мен бақалшы
71

Прикрепленные файлы: 1 файл

Салтанат-посл-супер.doc

— 640.50 Кб (Скачать документ)

Оқуда зорлық болмау керек. Оқуда қажеттілік, білім алуға міндеттілік болуы керек. Бастауыш сынып жасындағы баланың әлеуметтік мәртебесі өзгеріп, ол өзінің іс-әрекетін психологиялық тұрғыдан қайта құрады. Осы орайда ол көптеген қиыншылықтарға тап болады. Сол қиындықтарды шешуге оқытушы, ата-ана болып бірлесіп еңбектеніп, балаға көмектескені абзал. Осы орайда, бастауыш сыныпта жүргізілетін педагогикалық қызметтің негізгі бағыттары мынадай:

Бірінші бағыт - бастауыш сынып оқушыларының алғашқы сенімін қалыптастыру. Сенім- күрделі. Ол – терең тиянақты ойланып айтылған идеялардың жиынтығы. Оны бастауыш сыныпта толық қалыптастыру мүмкін емес. Бірақ соның іргетасын қалауға болады. Оны отбасынан бастаған жөн. Мәселен, ата-ананың өзіне деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенімі. Осыны әрі қарай дамытып қалыптастыру керек. Бірақ бүгінгі өмірде жағдайдың қиындығына байланысты ересектердің өмірден түңілу, пессимизмге берілуі бастауыш сынып оқушыларының сенімін қалыптастыруға үлгі бола алмайды. Осы жерде мектеп ұстаздарының көмегі қажет.

Бастауыш мектеп балаларының алғашқы сенімін қалыптастыру үшін оларды жеке адам ретінде, олардың әрқайсысын жеке-жеке ажыратып қарастыра білгеніміз жөн. Бұл жерде мына екі түсінікке зер салайық. Баланы жеке адам деп те, тұлға деп те қарауға болады. Сонымен жеке бала-тұлға. Сонда ғана біз оларды түсінеміз. Жекелеп қарағанда біз олардың жеке қасиетерін ғана білеміз. Ал тұлға деп қарасақ, оның даму процесі деп білеміз.Ол ұстаз бен ата-ана, жолдас-жора, қоршаған ортадан не алды, қалай дамуда, не істеу керек деген сияқты сұрақтарға жауап аламыз

Баланы жеке тұлға деп танитын болсақ, онда біз мынадай жағдайларға зер салғанымыз дұрыс:

Біріншіден, жеке тұлғаның жақсы қасиеттеріне жүгініп, оның перспективтік дамуына, оптимистік, болашаққа сенімділік көзқарасын жетекші идея ретінде пайдаланамыз.

Екіншіден, баланы мектеп оқушысы ретінде танып, елдің азаматы ретінде қарап, осы міндеттерді атқаруға жағдай жасау.

Үшіншіден, мектеп баласы болғанымен бұл қайталанбас тұлға екеніне көз жеткізу, соған талпыныс жасату.

Төртіншіден, балаға ересек адамға қарағандай қарап, тең құқықты азамат ретінде танып, осы тұрғыда қарым-қатынас жүргізу.

Бесіншіден, педагогикалық қызметтестік қағиданы берік ұстау, олардың жас және дербес ерекшеліктерін ескеру.

Екінші бағыт - қоғамдық қатынасты дамыту, мұғалімнің өктемдігін ескерту, оған жол бермеу.

Осы ойды тарқату үшін мынадай мысалды алайық. Мектепте екі қатар сынып бар дейік. Соның бірінде өте абыройлы, тәртіпті қалайтын, өзі де сол принципке берік, білікті мұғалім жұмыс істейді. Оның оқушылары да тәртіпті, ұқыпты мектептегі үлгілі сыныптың қатарына жатады. Ал келесі сыныпта еркіндікті қалайтын, өзі де қалай болса, солай жұмысты орындайтын мұғалім сабақ береді. Оның оқушылары да тәртіп жағынан онша дұрыс көріне бермейтін болып өседі. Сол екі сыныптың балалары бесінші сыныпта күрт өзгеруі мүмкін. Тәртіпке үйренген, мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындайтын балалар көп пәндік мұғалімдерге тап болғаннан кейін, сол бұрынғы тәртіптіліктен айырылады. Екінші топтағы балалар жаңа жағдайға тез үйреніп кетеді. Біздің мұндағы айтарымыз-бастауыш сыныпта өктемдікке үйренген балалар бесінші сыныпта басқа өзгеріске ұшырайды. Бастауыш сыныпта мұғалімнің өктемдігі жарамайды. Себебі бастауыш сынып оқушылары өктемдікке үйреніп жалтақ болып қалады. Ал, екінші топтағылар сол өздерінің табиғи жағдайына байланысты дамиды.

Осындай қателіктерден аулақ болу үшін біз мына жағдайларды ескергенді жөн көріп отырмыз:

Біріншіден, бастауыш сынып мұғалімі оқушыларымен апталық жоспарды бірігіп құру. Екіншіден, осы құрылған жоспарды орындау. Үшіншіден, атқарылған істің нәтижесін талдау. Төртіншіден, атқарылған іске, соны орындаушыларға, өздеріне баға беру.

Осыны орындап тұрса мұғалім өктемдікке бармайды, осы ескертілген жағдайлар демократиялық қатынастың бастауы болады.

Бірақ бастауыш сынып оқушылары демократияның не екенін түсінбейді. Сондықтан да демократияға да шектеу қою керек.

Бастауыш сынып оқушылары демократия мен өктемдіктің арасын айыра бермейді. Себебі оларға мұғалімнің айтқаны заң. Сондықтан да мұғалімнің жақсы көрмеген оқушысын олар да жаман көріп, оған күн көрсетпеуі мүмкін.

Баланың жаман қылығын мұғалім оқушыларға және кінәлі оқушыға да түсінікті болатындай етіп ескертіп айтып, жаман қылықтың себебін және неге соқтыратынын талдаған дұрыс.

Үшінші бағыт - әдептің алғашқы қадамын қалыптастыру, адами қатынастағы бірсөзділік. Мектептің өзінің ішкі заңы, тәртібі бар. Ол үңдің, даланың, ауланың немесе балабақша қатынасынан бөлек. Бұл - әлеуметтік, ересектіктің заңы, тәртібі. Алғаш бала мектепке келгенде осы заң, тәртіппен танысады. Оны бастауыш сынып мұғалімі таныстырады. Ал бастауыш сынып оқушысы осы заң - тәртіпті бұлжытпай орындауға тырысады, ересектермен қарым-қатынаста болғанын мақтан тұтады. Оның үстіне ұстазының айтқанын орындау - үлкен шаруаны тындырғанымен бірдей.

Бірақ бастауыш сынып оқушылары 3-4 сыныпқа келгенде, мұғалімнің айтқанын ой елегінен өткізе бастап, оның іс-әрекетін, айтқанын мұқият қадағалай бастайды. Егер де мұғалім өзінің айтқанын мұқият қадағалай бастайды. Егер де мұғалім өзінің айтқанын өзі орындамаса, екі сөзді болса, балаларды бөліп қараса, ондайй мұғалім абыройынан айырылады. Мұндай жағдайда айтқан өсиет, ақыл, тәрбиелік іс-әрекеттің бәрі зая кетеді.

Төртінші бағыт - жақсы оқу, үлгерім жетістігі, соған жетуге жағдай жасау. Байқап қарасақ, оқудағы жетістік бар және сол жетістікке жетуге жағдай жасау бар. Бұл екі ұғым бір-бірімен байланысты да және екі бөлек. Оқу үлгеріміндегі жетістік- соған жағдай жасаудан басталады. Жетістік – нәтиже, ал жағдай жасау - соған жетудің жолы.

Бала оқуда жақсы нәтижеге жетсе, ие болса, оның қуанышының шегі жоқ. Мұғалім осы сезімді пайдалана білуі керек, оқушының жетістіктен жетістікке жете беруіне атсалысуы тиіс. Бұл жерде мұғалім жетекші. Жетістік уақытша, қысқа, көп уақытқа, ұзақ болуы мүмкін. Ал оның өміршің болуы да мұғалімге байланысты. Жетістікті дер кезінде байқап бекіту қажет.

Оқудағы жетістіктің қуанышқа айналуы, жетістіктің бекітілуі баланың өзіндік және жас ерекшелігіне де байланысты.

Мәселен, бастауыш сынып оқушысы жетістікке қуанғанымен мәніне жете бермейді, бағалай алмайды. Жасөспірімдер жетістікке қуана да алады, түсінеді, мән береді, бірақ нәтижесіне, себебіне жете бермейді. Ал жоғары сынып оқушылары жетістікке қуанады, бағалайды, түп нәтижесіне үңіледі.

Қыздардың қуануы мен ұлдардың қуануы бөлек. Қыздардың қуануы сыртқа көрінеді, ал ұлдар іштей қуанады, сыртқа білдірткісі келмейді.

Ата-ана, мұғалім балалардың оқудағы, т.б. жағдайдағы жетістікке қалай қуанатынын күні бұрын болжауы, соған назар аударуы тиіс. Жетістікке жағдай жасау-дәрігердің науқасты дәрімен емдегенімен бірдей болуы тиіс. Дәрігердің науқасқа дәрінің қалай әсер ететінін күні бұрын болжағанындай ересектер де баланың жетістігіне жағдай жасағанда, соның қандай нәтижесі болатынын болжағаны жөн.

Жетістіктің нәтижесін тек қана бала көрмейді. Оны жақын қоршаған ортасы- ата-ана, ұстаз, жора-жолдастары көреді, солар қуанышқа ортақтасады. Осы жерде бала өзінің пір тұтатын адамының ерекше қуанғанын көріп, жетістіктің нәтижесінің өте жоғары болғанын сезеді.

Жетістікке жетуге жағдай жасау мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Бұл арнайы ұйымдастырылған, мақсат көздеген, жетістіктің нәтижесін болжауға болатын ұстаздың ұйымдастырған іс-әрекеті. Жетістік кейде ойламаған жерде пайда болуы мүмкін. Бірақ ұстаз сол мүмкіндікті пайдалана біліп, әрі қарай дамытуы, бекітуі керек.

Жетістіктің үш түрі бар: Біріншісі - күні бұрын болжауға болмайтын жетістік. Мұнда жеңіс те, жеңіліс те болуы мүмкін. Себебі бала жетістікке жету үшін талпыныс жасайды, нәтиже күтеді. Мұғалім осыған көмектесуі, қол ұшын беруі тиіс. Жетістікке жетсе мақтап, қолдап, ал жете алмаса көңілін аулап, көтермелеп, болашағының алда екеніне көзін жеткізу. Мұндай болмағанда бала жолдан таюы мүмкін. Осындай жағдай ересектерде де болуы мүмкін. Бірақ ересектер жеңіс пен жеңіліске талдау жасай біледі. Ал бала оны жасай алмайды.

Екіншісі - күні бұрын болжауға болатын жетістік. Бастауыш сынып оқушысының қандай да бір жақсы жетістіктері болмасын, ол оған қуанады. «Мен осылай болады деп ойлап едім, дегеніме, мақсатыма жеттім»,- деген қуаныш оны алға жетелейді. Жетістікті қандай бір болжап, осылай болады дегенмен жетістіктің аты жетістік, ол жеңіс. Баланы жеңіспен құттықтау керек. «Осылай боларына сенгенмін»,-деп ұстаз демеу берсе бала қанаттанады.

Үшіншісі - қорытынды жетістік. Бала жетістіктен жетістікке жеткен сайын оның жетістікке жетудің жолын біледі, соған дағдыланады. Бірақ бұл жолдың кемшілігі де бар. Осындай жағдайда кейбір балалар дандайсып кетіп, жетістіктен басы айналып, біртіндеп қолы жеткен жетістіктен айырылады.

Жетістікке жетуде мынаны есте ұстаған жөн. Жетістікте жеңіс пен жеңіліс, ұтыс пен ұтылыс, білген мен білмеу қатар жүреді. Жеңіліс, ұтылыс, білмеу сияқты нәрсені түсінбесе, бала жеңіс, ұтыс, бәлу дегенді түсінбейді. Қазақтың «Ренжи білмеген адам қуана да білмейді»,- дегені сияқты. Осыған баланы мектеп қабырғасында үйретіп қалыптастыру керек.

Жетістікке жету жолындағы жеңілісті бала түсіне білуі керек. «Қай жерден кемшілік жібердім?» деп ойлауы тиіс. Онсыз жеңіс келмейді. Жеңіліс баланы қатайтып жеңіске итермелеуі керек. Осы жерде баланың жеңісі мен жеңілісін балалар ұжымы түсіністікпен қарап, жеңісіне ортақ қуанып, жеңілісіне ортақ ренжіп, керек болса қайғырып, баланы қайраттандыруы тиіс. Міне осындай ұжымда бала қатаяды, жеңіске жетудің жолын қарастырады.

Сыныппен төмендегідей жұмыс түрлерін жүргіздік. Енді осы үй жұмысына неізделен шығармашылық тапсырмалардың кейбіреуіне тоқталайық.

І. Үйге тапсырма ретінде қате құрылған мәтінді, сөйлемдерді орын-орнына қойып, логикалық жүйелікті сақтап, қайта құрастырып жазу керек. Мысалы: тышқан не айтарын білмейді де, жылды кім бұрын көрсе сол жыл басы болсын деп бір қулық ойлап табады. Ерте заманда хайуандар жыл басы болуға таласыпты. Өзі түйенің үстіне шығып, өркешіне мініп отырып алыпты.

Олардың әрқайсысы адамға тигізетін пайдасын айтып, өздерін жыл басы болуға лайықпын деп дәлелдейді. Түйе бойына сеніп құр қалыпты. Сонан соң тышқан жылды бәрінен бұрын көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты.

Бұл жерде балаларға әдейі сюжеті таныс ертегі беріліп отыр. Мұның себебі, оларға ертегіні қалай басталып қандай оқиға болатынын, соңы немен аяқталатынын білетіндіктен, сөйлемдерді орын-орнына қойып, жүйелі түрде жазып беру жеңіл болады.

ІІ. Аяқталмаған мәтінді логикалық ойды бұзбай жалғастырып айту. Мысалы: қоңырау соғылып, балалар үзіліске шықты. Келесі сабақ математика болатын. Мұғалім үйге қиын тапсырма берген еді. Сыныпта Нұрланнан басқа ешкім қалған еді. Ол Әділеттің отырған партасына барып, сөмкесін ақтара бастады.

Оқиғаны әр бала бірін-бірі қайталамауға тырысып, өз ойларымен аяқтауға қажет. Әңгіме соңынан Нұрланның іс-әрекетіне баға беріледі. Нұрланның орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер? деген сұраққа оқушылар дәлме-дәл нақты жауап беріп келді.

ІІІ. Сөз туынды шешу, артық сөзді алып таста.

1. я,м,а,у,и,ғ,а (Мағауия)

2. й,а,қ,ы,б,а,л (Ақылбай)

3. қ,ш,у,ы,а,н,т,а (анықтауыш)

4. о,й,а,д,а,ғ (одағай)

5. й,ө,е,м,с,л (сөйлем)

Түсінік: Оқушы берілген әріптерден әр қатар бойынша бір-бір сөз шығаруы тиіс, ол сөздерден мағынасы бөлегін шығаруы тиіс. Яғни артығын алып тастау керек.

ІV. Буынды тап.

1. жұм…ша (бақ) жұмбақша

2. тыр…ша (нақ) тырнақша

3. дом…ра (бы) домбыра

4. қар…ғаш (лы) қарлығаш

5. жел…сан (тоқ) желтоқсан

Түсінік: Оқушы бір-бір сөз шығаруы тиіс, ол сөздерден мағынасы бөлегін алып тастау керек.

V. Мағыналас сөздер.

Берілгені жауабы

1. Батыр… тоқым ер

2. жылқы…есім ат

3. аспан…түс көк

4. әлем… зат дүние

5. бәйге… айтыс жары

VІ. Сөз тізбектерін жазу (ассоциация)

1. мектеп… парта, орындық, мұғалім

2. оқушы… дәптер, мектеп, кітап

3. қазақ тілі… жаттығу, сөйлем, тыныс белгісі

4. теледидар… үй, диван, ата-ана

5. мұғалім… жаңа сабақ, жетекші, ақылшы

Түсінік: оқушы берілген тапсырмаға қауымдасатын басқа да сөзді жазуы мүмкін, егер ол қауымдастыққа кіретін болса, берілген жауаптағыдай болу керек деген ұғым болмасын.

VІІ. Суретті ертегі құру тапсырмасы.

VІІІ. Үй жұмысына негізделген тағы бір шығармашылық жұмыс түрі:

1. образға кіру,

2. талдау және қиялдау,

3. суырыпсалма ақын,

4. диалог-ертегі, жұмбақ-мақалдар құрастыру.

 

 

 

Педагогикалық қызметтің негізгі бағыттары: баланың сенімін қалыптастыру, қоғамдық қатынасын дамыту, өктемдікке жол бермеу, адами қатынасты орнату, жетістіктерге қол жеткізу.

Ана тілі сабағы арқылы оқушының рухани дүниесі байиды, жай білім беріп қана қоймайды, ол өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы - жақсылық пен ізгіліктің нұрын себеді.

 

 

Сурет-3- Эксперименттік топтағы оқушылардың үй жұмысын ұйымдастыру деңгейінің өзгеру қарқыны


 

Сурет 4- Бақылау тобындағы оқушылардың үй жұмысын ұйымдастыру деңгейінің өзгеру қарқыны. 

 

Оқушылардың өздігінен үй жұмысын орындау дағдыларын қалыптастыру деңгейінің көрсеткіштері

 

Деңгейлер

Экспериментке дейін %

Эксперименттен кейін %

БС

ЭС

БС

ЭС

Жоғары

Орта

Төмен

9,2

20,7

35,1

10,6

25,4

39,0

20,4

26,0

38,6

29,3

41,6

33,1

Информация о работе Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын орындатудың әдіс-тәсілдері