Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын орындатудың әдіс-тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 16:35, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі: бүгінгі таңда оқушы меңгерген білім, білік, дағдыларды біліктілікпен байланыстыра қарастыру негізінде оқушының қоғамдағы мәселелерді, өзгерістерді бағалау, оны өз тұрғысынан шешу біліктіліктерін дамытуға күш салынуда. Бұл орайда оқушының өзіндік орындайтын жұмысының жаңа талаптарға сай ұйымдастырылуы өте маңызды. Солардың біріне бастауыш сыныптарда ана тілі сабағында оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу. Ана тілі сабақтарында үй жұмысы жүйелерін пайдалана отырып, оқушылардың тек пәндік білім алуымен ғана шектелмей, оған қоса оқу мен сөйлеуге тереңірек үңіліп, жағымды мінез–құлық қалыптастыру, этика, эстетика сияқты адамгершілік нормаларын бойларына дарытып, тәрбиеге көңіл бөлу қажет.

Содержание

Кіріспе 3
1 Үй жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік негіздері 6
1.1 Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері 6
1.2 Оқушылардың оқуға қалыпты оң көзқарасын қалыптастыру жұмыстарының моделі 14
2 Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастыруға арналған жұмыстар тәжірибесі 23
2.1. Бастауыш мектепте ана тілі сабақтарында үй жұмысы арқылы оқушылардың белсенділік іс-әрекеттерін қалыптастыру жолдары 39
2.2 Бастауыш мектептің оқыту процесінде үй жұмысын ұйымдастыруға арналған тәжірибелік-зксперименттік жұмыстың нәтижесі 43
Қорытынды 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізім 64
Қосымша А Б. Соқпақпаев: «Менің атым - Қожа» 67
Қосымша Ә «Алтын сақа» ойыны
69
Қосымша Б Балықшы мен бақалшы
71

Прикрепленные файлы: 1 файл

Салтанат-посл-супер.doc

— 640.50 Кб (Скачать документ)

Бірінші кезең - оқу материалын қабылдауды қамтиды. Оқушылар танымдық міндетті объектіні бақылау немесе нақты материалмен алдын ала танысу негізінде ұғынады. Екінші кезеңде теориялық тәуелділіктер мен оқу міндетін шешудің тәсілдерін мағыналы ойлау жүреді. Оқушылар оқу материалын түсіну деңгейіне келіп, жаңа білім алады. Үшінші кезеңде алған білімдерді жаттығулар, өз бетімен жұмыс, қосымша түсіндірулер жүйесі арқылы бекіту жүреді. Төртінші кезеңде игерілген білім мүмкіндігіне қарай оқушылардың мектеп учаскесіндегі, тұрмыстағы, өндірістегі тәжірибелік іс-әрекетіне қосылады.

Барлық кезеңдерде де оқушылардың білімі бақыланып, тексеріледі. Бұл мұғалімге оқыту барысында танымдық іс-әрекеттің бірінші кезеңінен келесілеріне қарай қозғалыстың жалпы барысын сақтай отырып түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа тұрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні зор. Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады, сабақта алған білімдері мен біліктіліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге жаттығады. Өзін-өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді, оқудың әртүрлі амал-тәсілдерін қолдана отырып, өз бетінше баяндама жасауға дайындалады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқушының ақыл-ой әрекеттерінің жеке дара дәстүрі қалыптасады [13].

1. Дидактикалық мақсаты: бүкіл сынып бойынша үй тапсырмасын сапалы түрде, дұрыс орындағанын тексеру, тексеру барысында байқалған кемшіліктерді жою, білім, білік дағдыларын одан әрі жетілдіру.

2. Кезеңнің мазмұны:

1. Үйге берілген материалдық  білім деңгейінде көрініс табу.

2. Білімдегі типтік кемшіліктерді  анықтау, оның пайда болу себептерін зерттеу.

3. Байқалған кемшіліктерді жою.

Жақсы нәтижелерге жетудің шарттары:

1. Мұғалім қызметінің мақсаттылығы, мұғалімнің оперативті түрде  жұмыс істеуі.

2. Мұғалімнің сынып оқушыларының көпшілігінде үй тапсырмасының орындалғанын тексерудің жүйелі тәсілдерін қолдана білуі.

Кезеңнің дидактикалық мақсатының орындалу көрсеткіштері:

1. Қысқа уақыт (5-7 мин) ішінде мұғалімнің  оқушылардың көпшілігінің білім  дәрежесін анықтай алу, олардың  меңгерген материалындағы типтік  кемшілктерді анықтай алу.

2. Үй тапсырмасын тексеру барысында  негізгі тірек ұғымдардың көкейкестілігі мен алдындағы ұғымдардың жүзеге асуы.

3. Байқалған кемшіліктердің себептерін жою.

4. Оқушылардың үйде оқыған материалдарының  сапасының көріну дәрежесі мен  масштабы.

Көптеген сабақтарда үй тапсырмасын сабақтың басында тексереді (егер бұл білімдер жаңа тақырыпты меңгеру барысында қажет болса). Бірақ үй тапсырмасын соңында тексеру варианты да естен шықпау керек. Бұл жағдай үй тапсырмасы жаңа сабаққа қатысты болмаған жағдайда қолданылады.

Үй тапсырмасын тексеру әдістемесі әртүрлі болуы мүмкін. Жазбаша, графиктік, тәжірибелік тапсырмалардың орындалу мен ұқыптылығы сыныпты аралап жүріп тексеріледі.

Ең тиімдісі оқушылардың үй жұмыстары орындалған дәптерін тексеру. Оқу үлгерімі нашар оқушылардың дәптерлерін кейде тексеруге болады. Оқушының үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мынадай шарттары бар:

• Үй тапсырмаларын бергенде мұғалім оларды орындаудың қандай тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануға болатыны туралы жақсылап нұсқау беруі қажет.

• Үйге берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыратындай болуы және өмірімен, олардың іс-тәжірибелерімен байланысты болғаны жөн.

• Үй тапсырамасы оқушының бәріне бірдей бірыңғай мазмұнда емес, мүмкін болған жағдайда бірнеше нұсқада болғаны пайдалы.

• Үй тапсырмасының мазмұны шығармашылық сипатта болғаны жөн.

• Үйдегі оқу жұмысының табысты болуы, көбінесе сабақта мұғалімнің үй тапсырмасын орындау тәсілін оқушыларға тыңғылықты етіп түсіндіруге байланысты.

• Үй тапсырмасының көлемін белгілеуде мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерін ескергені жөн.

• Үй тапсырмасын тексеру және бағалау барысында мұғалім, оның орындалу сапасына айрықша мән беріп, жетістігі менкемшілігіне оқушылардың назарын аударып отырғаны жөн.

• Мұғалімнің берген бағасы әділетті болса онда ол оқушының ынтасын арттырып, үй тапсырмасын тыңғылықты орындап отыруға септігін тигізеді.

• Мұғалімнің бағалауы оқушылардың өзін-өзі бағалауымен ұштасып отырса ғана ол жемісті болмақ.

Міне осындай ерекшеліктерін ескертіп, әр оқушыға қиындық туғызбайтын көлемде тапсырма беріледі.

Оқушылардың үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады. Сондықтан да оны кей жағдайда оқыту прцесінің бір компоненті ретінде қарастырады.

Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор. Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады. Олар өзінің оқу жұмысын жоспарлауға, қажетті оқу материалын жинақтауға дағдыланады, сабақта алған білімдері мен біліктіліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге жаттығады, өзін–өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсіодерін меңгереді, оқудың әртүрлі амал–тәсілдерін қолдана отырып, өз бетінше баяндама жасауға дайындалады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқушының ақыл–ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады [14].

Жоғарыда аталған шарттардың тиянақты орындалуын ескеру мұғалімдер үшін аса қажет болмақ.

Мұғалімдер тарапынан оқушыларға шамадан тыс үй тапсырмасын тапсыруды болдырмау және олардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерінің мүмкіншілігін ескеру мақсатын көздей отыра, оқу министірлігінің нұсқауы бойынша әр сыныпта үй тапсырмаларын орындауға берілген уақыт мөлшері мынадай болып белгіленген:

I-II сыныптарда –1 сағат;

III-IV сыныптарда –1,5;

V-VIII сыныптарда –2 сағат;

IX-X сыныптарда –2,5 –3 сағат.

Сонымен қатар, оқушылардың сенбі және жексенбі күндері бос болуы үшін дүйсенбіге тапсырма берілмейді. Үй тапсырмалары мұғалімнің қатысынсыз орындалатын болғаннан кейін, олар ата–аналармен тығыз қарым–қатынаста болып, оларға оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарына көмектесіп отырулары үшін үнемі әдістемелік тұрғыдан басшылық жасап отырғаны жөн.

Ол үшін әрбір оқушының үйлерінде тұрақты жұмыс кестесі болуы тиіс. Осы кесте бойынша оқушылар күнделікті үй тапсырмаларын орындап отыруға дағдылануы қажет. Оны ата–аналар ұйымдастырып, бақылап, жағдай жасап отыру тиіс.

Үй тапсырмасын орындар алдында оқушы бір мезгіл таза ауаға шығып демалып, дер кезінде тамақтанып, тынығып және уақытылы ұйықтап тұрса баланың оқу жұмысын жақсы ұйымдастыруға тигізер әсері мол.

Оқушылардың оқу жұмысын сәтті ұйымдастыруда оның өзіндік жұмыстарының маңызы ерекше.

Бүгінгі таңда оқушылардың үзіліссіз білім алу міндеттерін жетілдіруге сай мектеп мұғалімдерінен олардың ойлау қабілеттерін дамыту, сонымен қатар өзіндік жұмыстарына қатысты іскерліктері мен дағдысын тәрбиелеу талап етілуде. Ол үшін өзіндік жұмыс оқушылардың тек үй жұмысын орындау барысында ғана емес, оқыту процесінің өн бойында өз орнын табуы тиіс. Оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстары негізінде сабақтың нәтижесін және таным қабілеттерінің белсенділігін арттыруға болады.

Оқушылардың таным белсенділігі – оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, практикада пайдалана білуге, үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті.

Үй жұмысын ұйымдастырудың шарттары мыналар:

•мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;

•жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;

•мұғалімнің бағыт беруі бойынша оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;

•оған әсер ететін мотивтер т.б.

Оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары міндетті түрде мұғалімнің, ата-ананың басшылығын, сонымен қатар оқушылардың дербестігін, олардың қызығып өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар (Р.Г.Лемберг, М.Н.Скаткин, В.А.Занков т.б.) оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшелігі – олардың ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды[11, 14, 15].

Алдыңғы қатарлы мектептердің іс тәжірибелеріне көңіл бөлсек, оқушылардың өзіндік жұмыстарының сан алуан түрі бар екенін байқаймыз. Мәселен, оқушылардың сабақ үстінде меңгерген оқу материалдарын пысықтау үшін үйде оқулық не басқа құралдар бойынша жұмыс істеуі, көркем әдебиттерін, ғылыми және техникалық әдебиеттерді пайдалануы; жаттығу жұмыстарын жазба түрде орындауы, графикалық жаттығу жұмыстарын жүргізуі, түрлі практикалық немесе зертханалық бақылау жұмыстарын орындауы (репродукциялы жұмыстар), шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында баяндама, реферат, шығармалар, пікір жазуы және көрнекі құралдар, модельдер, конструкциялық т.б. жұмыс түрлерін жатқызуға болады.

Репродуктивтік типтегі өзіндік жұмыстарын оқушылар өздерінің меңгерген білімдеріне сүйене отырып орындайды. Шығармашылық типтегі өзіндік жұмыстарын орындауда оқушылар өзінің болжау, топшылау, түрлі құбылыстардың арасындағы байланыстарды салыстыра білу қабілетіне сүйене отырып, ой қорытындысын жасап жаңа шешім табады, дәрежеде оқушылардың бейімділігін айқындап береді.

Оқушылардың үй жұмыстары мен оқу материалын қайталау кезіндегі өздігінен істейтін жұмыстарының да маңызы ерекше. Бұған қоса көрнекі құралдарын (карточкалар, схемалар, сызбалар, оқу карталары және т.б.) пайдалана отырып өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың да пайдасы зор[14].

Мұғалім оқушылардың үй жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру үшін, алдымен, олардың өзіндік әрекеттерінің негізгі психологиялық ерекшеліктерін білгені жөн.

Оқушылардың өзіндік әрекетіне тән ерекшеліктері мыналар:

•оқушының алдын ала өз әрекетінің жалпы және нақты мақсаты мен міндеттерін анықтау;

•жоспарға сәйкес амал–тәсілдерді қолдана білу;

•өз әрекетінің барысын бақылап отыру.

Егер оқушы үйде өздігінен жұмыс істеуге үйренбесе, оның оқуы жемісті болмайды, ол жиі сәтсіздікке ұшырайды. Мұндай жағдайда оқушының оқуға деген ынтасы төмендейді, соның салдарынан үлгермеушілер қатарына қосылады.

Оқу жұмысын ұйымдастыруда мұғалімнің тағы бір міндеті - оқушылардың сабақтан тыс кездерінде танымдық әрекеттерін тереңдету, үлгермеушілікті болдырмау. Сондықтан кейбір оқушылардың дарын-талаптарын, бейімділігін немесе сұранысын сабақ барысында толық қамтамасыз етіп, жағдайлар жасауға әр кезде мүмкіндік бола бермейді. Ол үшін оларға үйірме мен факультатив жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы бар.

Пәндік үйірме жұмыстары сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктері бар. Олар оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін дамытуда және тапсырылған үй жұмысын нәтижелі орындауға қолайлы жағдайлар туғызып отырады. Оқушылардың пәндік үйірме жұмыстары оқыту процесін жандандырып, оның сапасын көтеруге әсер етеді.

Үлгере алмаушылықты жою үшін жеке немесе бір топ оқушылармен қосымша және кеңес беру сабақтары да ұйымдастырылады.

Сынақ жұмыстары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу жұмысынан тыс оқушылардың өздігінен білім алуын жалғастыруға ықпал етеді.

Сынақ жұмысы, ереже бойынша бағдарламаның негізгі бөлімін, тарауын оқып болғанан кейін жүргізіледі. Мұғалім оның өткізу мерзімін, тақырыптары мен талқыланатын сұрақтарын оқушыларға алдын ала хабарлайды. Оларға жеке дара тапсырмалар беріліп, қосымша әдебиеттерді оқу тапсырылады және қосымша сабақ өткізіледі. Сынақты ұйымдастыру оқушылардың жеке жауап-тары, бақылау және топтық практикалық-лабораториялық жұмыстары, тақырып бойынша шығарма және баяндама жазу түрінде жүргізіледі.

Оқушылардың таным белсенділігі - оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, тәжірибеде пайдалана білуге, үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті.

Оқыту процесінде оқушының белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік.

Сыртқы белсенділік дегеніміз - оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, тәжірибелік әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, мимикасы т.б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.

Оқушының ішкі белсенділігіне - оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл қасиетсіз адамның қандайда болмасын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес.

Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. Оқыту процесінде оқушылардың белсенділігін арттыру принципін жүзеге асыруды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады. Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым (еліктеушілікке, жай қайталауға, біреудің айтқанын бұлжытпай орындауға негізделген белсенділік) және күрделі (шығармашылық т.б. белсенділік) түрлері болады.

Соңғысы оқушының жоғары саналылығы мен дербестігін керек етеді. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып, дамиды: қимыл және сөйлеу, ойын және оқу (таным), өзін-өзі тәрбиелеу т.б. белсенділіктер.

Профессор Р.Г. Лембергтің пікірінше, оқушылардың үй жұмысын ұйымдастыру мына шарттарға байланысты болмақ:

- оқушының істейтін жұмысының  мақсатына айқын түсінуі;

- жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;

- жұмысты оқушылардың өз еркімен, қалауымен орындауы.

Информация о работе Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын орындатудың әдіс-тәсілдері