Бастауыш мектепте математика пәнін деңгейлік дамыта оқытудың әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2014 в 22:36, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты - бастауыш сынып оқушыларына математикадан білім беруді деңгейлік дамыта оқыту үрдісіне бағыттап ұйымдастыру арқылы оқушылардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіру
Зерттеу міндеттері:
- Бастауыш сыныптарда математиканы деңгейлік дамыта оқыту үрдісінде оқушылардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдірудің психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктерін айқындау;
- деңгейлік дамыта оқыту үрдісінде математиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің (мақсат, мазмұн, әдіс, құрал, форма) оқушының өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруге тигізетін әсерін анықтау;

Содержание

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .5
1 Бастауыш мектеп деңгейлік дамыта оқытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері
1.1 Бастауыш мектеп оқушыларын математикаға деңгейлік дамыта оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері. . . . . . . . . . . .7
1.2 Бастауыш мектеп оқушыларының өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруге бағытталған деңгейлік дамыта оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
2 Бастауыш мектепте математика пәнін деңгейлік дамыта оқытудың әдістері
2.1 Деңгейлік дамыта оқыту үрдісіне бағытталған сабақтың орны мен рөлі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
2.2 Деңгейлік дамыта оқытуды оқушының өзіндік жұмыс істеуіне бағыттау. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
2.3 Оқушылардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруге бағытталған деңгейлік дамыта оқытудың мазмұны . . . . . . . . . . . . . . . 29
2.4 Математиканы бастауыш сыныптарда деңгейлік дамыта оқытудың өзіндік іс-әрекеттерін жетілдірудің жүйелілігі мен тереңдігі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .34.
2.5 Математика пәнін деңгейлік дамыта оқытудың әдістерін анықтау.40
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . .55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .57 .

Прикрепленные файлы: 1 файл

111.doc

— 551.00 Кб (Скачать документ)

3)  еңбектің мазмұны білім сапасы және тәрбиелік мәні жөнінен маңызды  болып  келеді,   сондықтан  ойлау қабілетін дамыта  түседі дейді. Біздің жағдайымызда осы айтылған жайларды негіз етіп аламыз,  олай болатыны оқушылар өз бетінше сөздіктермен,  түрлі анықтағыш құралдармен жұмыс жасайды, шығармашылық мәндегі, мақсаттағы тапсырмаларды орындайды.

Ал енді, математикалық дайындыққа қойылатын талаптарды анықтағанда тек оқушы меңгеретін білім мен білікті ескеріп қоймастан, оқу ісіндегі меңгерген білім мен білік арқылы оқушы қабілетін жетілдіретіндей етіп ұйымдастырылуы да есепке алынуы қажет болады. Сөйтіп, бұдан математикалық дайындыққа қойылатын талаптардың үшінші құрамды бөлігі оқыту нәтижесінің сапасын ескеру келіп шығады.

Математикадан оқушының дайындығына қойылатын талаптарды анықтағанда оқу іс-әрекеті мен оқытудың нәтижесін қандай терминмен белгілеудің маңызды болды. "Білім", "білік", "дағды" терминдері күнделікті дәстүрлі қолданылып жүргенімен педагогикада олардың мағыналы түсіндірмесін ғалымдар түрліше беріп жүр.

Олар: іс-әрекет теориясы тұрғысынан алғанда білім оқушының іс-әрекеті нәтижесінде меңгеріледі және іс-әрекет арқылы жүзеге асырылады, ал, тұлға теориясы тұрғысынан қарастырғанда оқушы білімді өзінде бар білімдер арқылы меңгеруі керек. Білім жеке тұлғаның іс-әрекетінің объектісі және құралы болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Кез-келген дағды1 мен білік (ол ақыл-ой немесе практикалық икемділік бола ма бәрібір) оқушының меңгерген іс-әрекетінің тәсілдері болып саналады. Оқушылардың өзіндік жұмысты орындауындағы басты ерекшелік-олардың жеке дағдыларында. Психологияда дамуы шегіне жеткізілген дағдылардың белгілері төмендегідей байқалады:

1.  дағды алудың белгісі-әр түрлі амалды тез орындап, шапшаң қимылдау;

2.  дағды қалыптасқаннан кейін  күштеніп, зорланып, қиналып жұмыс істеу жойылады;

3.    дағдыланудың үшінші  белгісі- бірқатар жеке амалдарды біріктіріп, одан тұтас бір амал жасай алу.

Дағды оқушы әрекетінің қайсысында болсын ерекше орын алады, ол іске шапшаң, шұғыл кірісуге мүмкіндік береді. Дағдылану арқасында сана қызметке түпкілікті, шешуші кезеңдерде жұмылады, ол жұмыстың табысты болуын қамтамасыз етеді. Оқушы көп істе дағдыланса, біраз уақытын үнемдейді, күш-қуатын орынды пайдаланатын болады. Оқу дағдыларын жете меңгерген оқушы оқуда жетістіктерге жететін болады. Сондықтан, егер оқушы "теореманы біледі" десе, онда ол "оқушы теореманы тұжырымдай алады" немесе "дәлелдейді" немесе "қолдана алады" дегенді білдіреді. Бірақ мектеп оқушысы дәл нені білуі керектігі оқушының дайындығына қойылатын талаптарда анықталады, ал ол тек оқу үрдісінде оқушының үйренетін обьектілерді меңгеруіне байланысты орындалатын іс-әрекеттер көмегімен ғана іске асырылады.

Сол себепті, математикалық педагогика әдебиеттерінде оқу іс-әрекетінің негізінен үш деңгейі қарастырылады, атап айтқанда, қабылдау, ой елегінен өткізу және есте сақтау; білімді ұқсас жағдайда, яғни үлгі бойынша қолдану; білімді жасампаздық іс-әрекеттерді талап ететін жаңа жағдайларға қолдану болып бөлінеді Ал, М.И.Махмутов [3] болса, бұған төртінші деңгейді - өзіндік жаңа білімді қарама-қайшылықты жою жолымен "оқу проблемасының шешілу жаңашылдығы мен меңгеруді қосады" .

Сонымен, оқытудың нәтижесіне қойылатын талаптарда қайталап айтып беру, үлгі бойынша жұмыс істеу іс-әрекеттің де, өнімді іс-әрекеттің де мәнін төмендетпеу керектігі де ескеріледі.

Мектеп математика курсын, әрбір кейінгісінің меңгерілуі үшін тірек болатын білімдер мен біліктер құрайды. Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптардың ең басты міндеті де осындай тірек білімдер мен біліктерді анықтап алу болды. Математикалық орта білім беру стандарты бірінші кезекте оқушылардың барлығына бірдей міндетті түрде берілетін және оның игеру дәрежесі үнемі тексеріліп отырылатын, оқушының математика курсымен сабақтас пәндерді жалғастыра оқуына қажетті, алған білімдерін практикалық қызметте пайдалануға мүмкіндік беретін білімдер мен біліктерді дәл анықтауды мақсат етеді..

Математика курсын меңгеру - ол тек теориялық фактілерді біліп алу ғана емес, оны қолдануды үйрену екендігі белгілі. Мысалы, оқушы көп таңбалы сандарды қосудың заңдарын ғана біліп қоймай, оны нақты жағдайға қолданып қосындыны табуды білуі керек. Оқу материалын оқушының меңгергендігі білімді тексергенде белгілі болады. Олай болса, білім мен білік және дағды математика курсын оқып білу нәтижелерінің қорытындысы болып табылады. Сондықтан да негізінен математикадан оқушы дайындығына қойылатын талаптар арқылы оқытудың әр сатысындағы оқушының меңгеруге міндетті біліктер жүйесі қалыптастырылады. Қорытынды білікті таңдаудың негізгі критерийі қарастырып отырған курстың мазмұнының оқыту мақсатымен сәйкес келуі, математиканы оқытуды жалғастыру мен сыбайлас пәндерді оқытуға қажеттілігі, меңгерілген білімнің өмірде қолдану мүмкіндігі болады.

Математикадан оқушы дайындығына қойылатын талаптар оқу үрдісінің көптеген функцияларын орындауды реттейді. Олар оқу мақсаты мен оқу міндетін нақтылау арқылы күтілетін міндетті оқыту нәтижесін анықтайды: оқулықтар әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар және оқытудың құрал-жабдықтарының авторларына бағыт-бағдар береді; білім беру ұйымдарының жұмысын басқаруды ұйымдастырады, оқушы мен мұғалім арасындағы жұмыстың қандай болуы керектігін белгілеп береді; оқулық мазмұнының ондағы оқу материалының баяндалу әдістемесімен сайма-сайлығын анықтайды; мұғалімнің оқушы білімін объективті бағалауына жағдай тудырады; соның нәтижесінде барлық оқушы білуге тиісті міндетті білім, білік, дағдылар жиынтығының минимумы анықталады; қабілеті жоғары оқушылардың игеруіне тиісті білімі мен біліктің деңгейі белгіленеді. Жалпы психологияда қабілет дегенімізді мақсатқа бағытталған тәлім-тәрбие жұмысына байланысты оқушының бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімдігі және оны нәтижелі етіп атқаруы деп ұғынады. Қандай да болсын бір іске қабілеті жоқ оқушы болмайды.

Адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік тудыра отырып, біз әрбір адамдағы дара қабілетті бөліп алуға жағдай жасаймыз деп қорытады.сонымен бейімділік, қабілет дегеніміз- бұл оқушының белгілі бір іс-әрекетке айналысуға бет бұрысы, оған көңілінің аууы, яғни оянып келе жатқан алғашқы белгі. Сондықтан балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктердің келешекте, яғни төменгі сыныптарда оқитын оқушыларда, олардың қабілеттерінің көрсеткіштері екенін ескеріп, дер уағында байқап, соған сәйкес келетін қабілеттерді жетілдіруте мүмкіндік жасалу қажет.

Ол үшін мұғалімнің өзінің төмендегідей қабілеттері: дидактикалық (оқу материалды оқушыға түсінікті етіп бере алу қабілеті), коммуникативті (оқушының оқуына жағдай туғыза білу қабілеті), ұйымдастырушылық (оқушылар маңызды мәселелерді шешуге және жұмысты дұрыстап ұйымдастыра білуге үйрету қабілеті), академикалық (сәйкес ғылым саласындағы қабілеті), авторитарлық (оқушыға эмоционалды әсер ете отырып беделді болу), перцептивтік (оқушының рухани дүниесін түсіне алу қабілеті), психологиялық (тұлғаны терең тану қабілеті), сөз сөйлей алу және ойлай білу қабілеті болуы керек. Сонда ғана ол оқушыларға өзіндік шығармашылық іс-әрекет атқарта және олардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіре алады.

З.Т.Сейілова [4] ғылыми зерттеу жұмысында бағыттылығына қарай жалпы және арнаулы, даму деңгейіне қарай талант, дарындылық, данышпандылық деп қабілеттің құрылымын көрсеткен. Қабілеттің құрылымының жоғары, яғни даму деңгейін басшылыққа алатын болсақ, мұғалімдердің көбінесе қабілеттілікті дайын тұрған оның ең жоғары белгісі таланттылық болу керек деп алмастырып   алатындығын,   оқушылардан   сол   өлшемдегі   белгіні байқаса ғана олармен шығармашылықпен жұмыс жасауға болады деген жаңсақ пікірде болатындығын біз мектеп практикасында кездестіреміз. Осындай пікірдегі көптеген мектеп мұғалімдері оқушыларда байқалатын қабілеттің алғашқы белгілерін жетілдіруді көздемейді. Ол белгілер оқушыларға олардың математикалық дайындығына қойылатын талаптарды орындап үйренуінен бастау алатындығын ескере бермейді, оны оқытудағы жету керек мақсат қана деп ұғады. Осыған жетудегі іс-әрекеттердің орындалуы үшін оқушылардың математикалық дайындығына төмендегідей талаптар қойылады:

-мақсатқа сәйкестік, яғни білім  берудің жалпы мақсаттарын, оқу  пәнін оқып үйренудің біртұтас  міндеті мен оның дербес мәселелерін  оьдыту міндеттерінің берілуі;

-жүзеге асырылуы, яғни мектептің  нақтылы жағдайларына қарай іс жүзіне асырылуы үшін олардың уақыт қорына сәйкес келуі қажет; оқушылардың жас ерекшелігіне, олардың математикалық дайындығына, оқытылатын материалдың әдістемелік жағынан өнделгендігі және т.б. тәуелді болып табылады;

-оқу материалдарын саралау, оқушының алдын-ала математикалық даярлығына, қызығушылығына, қабілетіне қарай оқу материалын негізгі және қосымша бөліктерге бөліп оқу материалын меңгертудің әр түрлі деңгейде болуын қамтамасыз етуі қажет.

Оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптар оқу үрдісін ұйымдастырушылар, оны жүзеге асыратындар мен бақылаушы-тексерушілер т.б. барлығы да бірдей қабылдайтындай жағдайда болуы керек. Математикадан оқушы даярлығына қойылатын талаптардың толық сипаттамасы оқу материалын оқушы меңгеруінің сапасынан көрінеді.

Педагогика әдебиеттерінде білім сапасы ұғымы оқыту нәтижесінің ең жалпы басты сипаттамасы ретінде қарастырылады. Оқыту нәтижесінің сапасы деп, меңгерудің толықтық, дұрыстық сияқты кейбір аспектілерін түсінеді. Қандай да бір обьект-нәрсенің және құбылыстың сапасы болып оның осы нәрсе екенін көрсететін мәнді орнықты қасиеті саналады.  Әдетте білім сапасының қасиеттері төмендегідей болады: толықтық және тереңдік, шапшаңдық және бірізділік, нақтылық және жалпыламалық, орамдылық  және   тармақталғандық,   жүйелілік   және   түсініктілік [5,6,7]

Білімнің толықтылығы оқу бағдарламасында қарастырылатын обьектілердің барлық белгілерін білумен сипатталады. Оқушылар білімін тексергенде, алдымен, олар обьектілердің белгілерін бөліп көрсете алуы және атап айтып бере алатындығымен анықталады.

Оқушылардың білімінің тереңдігі оқу объектісін тұтастай бейнелеуімен,   ол  білімін  басқа  білімдермен  мәнді  байланыстыра білуімен белгілі болады. Білімнің бұл сапалылық қасиеті оқушының алған білімін практика жүзінде пайдалануымен де сипатталады. Әдетте, білімдер арасындағы байланыстар бірден айқындала бермейді, себебі, біріншіден, әдетте оқушылар параллель немесе тізбекті орналасқан байланыстарды түсіне алмайды, екіншіден ол байланысты түсіну үшін жаңа аралық байланыстың болуы қажет етіледі. Байланыстардың анықталуы белгілі бір уақыттың өтілуін қажет етеді, тіптен кейде оқу пәнін оқытудағы барлық уақытты да қамтуы мүмкін. Мысалы, тендеуді меңгерту орта мектептегі математика курсында барлық мезгілінде де оқытылады.

Осы байланыстарды оқушының ұқсас және әр түрлі оқыту немесе белгілі бір жағдайда қолдана білуге дайындығы білігімен және білімнің жеделдете, тереңірек меңгерілуімен анықталады. Оқушы өзіне қажетті білік пен дағдыны қаншалықты меңгерсе, онда олар соншалықты алған білік пен дағдыны әр түрлі жағдайда қолданып, білімдерін жеделдете, тереңдете түсетіндігін олардың білімін тексеру барысында байқадық. Оқушы білімін тереңдету олардың білімді интеллектуалдық дәрежеде меңгеріп практикада қолдана алу дағдыларына, икемділігіне байланысты сипатталады.

 

1.2 Бастауыш мектеп оқушыларының  өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруге бағытталған деңгейлік дамыта оқытудың  психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері

Егер бұл жастағылардың негізгі әрекеті бұрын ойын болып келсе, оқуға келгеннен кейін оқу қызметі шешуші роль атқарады. Осыған орай баланың психикалық дамуы ірі өзгерістерге ұшырайды. Өзгерістерге ұшырауының себебі, ойынға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында.

Дегенмен, әуелгі уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі бейімделе алмағандықтан, оқу үстіңде мына сияқты қиыншылықтар кездеседі: Біріншіден, бала мектептің жағдайына бейімделе алмай (мысалы, белгілі уақытта тұрып, мезгілінде жатуға, сабақтан қалмауға, сабақ үстіңде үнсіз тыныш отыруға үйрене алмағандықтан) қиналады. Осының нәтижесінде тез болдырып шаршауы да ықтимал. Екіншіден мұғалімнің өзіне тән мінезіне және құрбыларымен қалай қарым-қатынас жасауға үйрене алмағандықтан бала қиналады, сыныптың мұғалімі қанша жақсы болғанымен, бала оған бата алмай, бірденені сұрау үшін сескенеді. Бірақ көп ұзамай бала үйреніп жатырқауын тоқтатады. Сонымен қатар бала оқуға кіргеніне мәз болып. әке-шешелеріне еркелеп, кейде бір үлкен міндет атқарып жатқан сияқты болып, өзіне ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Осы кезде әке-шешелері оны көп еркелетпесе, осының өзі қиыншылықтардан бас тартпауға, қиыншылықтарды жеңуге пайдасын тигізеді.

Үшіншіден, 1-сыныпта оқушыларға қойылатын талаптар тым жеңіл келеді. Тапсырмалардың жеңіл болуы баланы қиыншылықпен күресуге жетелемейді, дегенмен бала оқиды. Оқығысы келуі мектептегі жағдайдың оған қызық көрінуінен. Мектепке келу қызық болып көрінгенімен, оқуға арналған баланың қажеттілігін жөнді дамыта алмайды Осының нәтижесінде мектептің жағдайына қызығу балада бірте-бірте сөнеді де, оқуға немқұрайлы қарайтын болады. Немқұрайлықпен күресу үшін баланың оқуға ықыласын тудырып, тапсырмаларды бірте-бірте қиындату қажет. Әдетте, оқу материалы жеңіл келсе, әлі жете алмағандықтан үлгерем деуден күдер үзіп, одан бас тартатын болады. Осы екі жағдайдың екеуі де қолайсыз. Сондықтан тапсырманың қиындығы оқушы үшін қолайлы дәрежеде құрылуы тиіс. Егер қолайлы етіп ықшамдау қиын келсе, тапсырманың жеңіл болғанынан гөрі қиынырақ келуі әлде қайда ұтымды. Себебі азды-көпті қиындығы бар тапсырмалар баланың қиналуына, ақыл-ойының алға қарай өрістеуіне жағдай туғызады.

Осы үш түрлі қиыншылықтардың кездесетінін 1-сыныптың бас кезінен бастап еске алу қажет. Ал алдағы (2-3) сыныптарға келсек, мұндағы оқушылардың жағдайы бірінші сыныпта қалай оқығанына байланысты. Әдетте, баланың бәлендей объектіге қызығуы мен оңың ыкыласының барлығын ажырату керек. Қызығу деп - бір объектінің бір жағы сырттай біреуге ұнайтынын айтады. Қызығу көбіне аз уақытта кездеседі де, кейін сөніп кетуі ықтимал. Ал ықылас балада іштей ұмытылып іске берілуінен пайда болады. Сондықтан, осы мәселеге 1-сыныптан мән беру қажет. Жалпы алғанда 2-3 сыныптагы балалардың көпшілігі ойдағыдай оқып кетеді. Мұның себебі, біріншіден, кіші оқушының ниеті таза, ішіндегісі тілінің ұшында болып тұрады. Екіншіден, бұлар үшін мұғалім үлкен абырой және бедел. Сондықтан оның сөзін мүдіртпей орындайтын болады.

Информация о работе Бастауыш мектепте математика пәнін деңгейлік дамыта оқытудың әдістері