Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 13:21, дипломная работа

Краткое описание

Тән – дене, сондай – ақ ақыл дамуы адамның жастық кезеңдерімен тығыз байланыста екендігі ежелгі дәуірден белгілі болған. Бұл өзінен- өзі айқын шындық дәлелді қажет етпейді: адам неғұрлым ұзақ өмір сүрсе – бойы өседі, денесі қатаяды, жастың келуімен даналық қонады, тәжірибе топталады,білім қоры ұлғаяды. Әр жас кезеңінің өзіне тән дене,психикалық және әлеуметтік даму деңгейі болады. Әлбетте, бұл сәйкестік жалпы және тұтастай жас кезеңдеріне тура келеді, ал нақты адамның дамуы қандай да ауытқулармен қабаттаса жүруі мүмкін. Даму үдерісін дұрыс басқару үшін педагогтар ертеден – ақ, адам өмірінің кезеңдерін белгілі уақыт топтарына жіктеуге тырысқан. Бұл іспен өз замандарында ғалым – педагогтар:

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-мектеп-оқушыларының-жас-ерекшеліктері.doc

— 336.50 Кб (Скачать документ)

Білім беру ұйымдарының тәрбиелік қызметі-бұл жас балалар мен жас өспірімдерді ғылымның, техниканың, мәдениеттің, өндірістің түрлі салаларына дайындаудың қоғамдық қажеттілігіне негізделген кең және динамикалық жүйе. Ол көп жоспарлы әрі көп қызметті, өз ерекшелігі және педагогикалық процестің екі субъектісі-тәрбиелеуші мен тәрбиеленушілердің өзара байланысы бар жүйе. Ол (жүйе) тәрбиеленушілердің өмір тіршілігін ұйымдастыруда олардың қоршаған ортаға белгілі қатынасын жасауда мақсатты бағытталған тәрбие әрекеттерінің жүйесіндегі шағын жүйе ретінде шығады. Оның негізгі компоненттері: қызмет субъектісі; қажеттілік, мақсаттылық, заттық-тәжірибелі бағыттылық; процестің нақты әрекетін ұйымдастыру мен камтамасыздығы; нәтижелілік болып табылады. Сыныптан тыс бірлестіктердің тәрбиелік қызметтерінің ерекшелігін талдау екі маңызды методологиялық шарттарды бұзбауды ұйғарады: Біріншіден, "Әрекет" түсінігі ерекше әрекеттілікті беру қажет, екіншіден, бұл түсінік зерттеудің белгілі тақырыбына жүйелі, толық сәйкес болуы тиіс.

 Білім беру ұйымдарының тәрбиелік қызметі - дара және қоғамдық қажеттіліктердің байланысы негізінде базалы  дайындық пен сыныптан тыс сабақтар арасындағы сабақтастықты; тұлғаны тәрбиелеуде әр түрлі жақтардың арасындағы және тәрбиенің кешенді тәсілдеріндегі өзара байланыс, үйлестілікті, білім мен тәжірибелік әрекеттерді меңгеру процесінде оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы, дербестігі және педагогикалық ықпалының өзара байланысын; тәрбиеленушілерге дифференциалды жолы мен балалардың жасы мен тәжірибесін есептеумен уақытша әр жастағы ұжымның, балалардың мұқтаждықтарын, педагогтардың мүмкіншіліктерін ашу болып табылады.

Әр алуан ұжымдардың тәрбиелік мүмкіншіліктерінің талдауы тұлға мен оның қарым-қатынасы педагогикалық ықпалға оның сыныптан тыс бірлестіктерде субъективтік бағытында белсенділігімен қолайлы болады деп есептейді. Сыныптан тыс ұжымдардың өмір тіршілігінде жасалған әлеуметтік-педагогикалық қарым-катынасының субъектісі ретінде жас өспірімдер төрт ипостастарға шығады: 1) таным субъектісі ретінде (әлемді тануға деген белсенділікті іске асыру); 2) тақырыптық-тәжірибелік әрекет ретінде (оны қоршаған ортаны қолынан келетіндей қайта жасауға белсенділігін арттыру); 3) қарым-қатынас (басқа субъектіні танып білуге және оынмен өзара әрекеттілікке бағытталған қажеттілікті іске асыру) және 4) өзін-өзі тәрбелеу (өзін-өзі тану мен өзін-өзі қайта жасауға бағытталған шығармашылық белсенділікті іске асыру).

Жас өспірімдердің шығармашылық тұлғасының белсенді бағытын оның тек сабақтарға жалпы қатынасы ғана емес, оның қажеттілігі мен мұқтаждығы ғана емес, сондай-ақ білімді практикалық іскерліктерді қабылдау мен меңгеру процесінің өзі де анықтайды. Тәрбиеленушілерді білім беру және тәрбие процесіне қосу тәрбие әрекеті процесін күшейтудің маңызды шарты болып табылады, нәтижеде өзін-өзі дамытуға және өз бетімен білім алуға, дайындығының, өз әрекетінің бастамасы дамыды.

Сыныптан тыс бірлестіктердің тәрбиелік әрекетінің негізінде жатқан ішкі пікір - бұл тұлғаның өмір тіршілігінің барлық кезеңдеріндегі шығармашылық жағының даму идеясы, білімнің толығуы, практикалық іскерлігінің жетілуі, өнегелі құндылығын байыту. Сыртқы пікірге басқа институттарға қатысты жалпы тәрбие жүйесінде компенсаторлық қызмет жатады.

Білім беру ұйымдарының тәрбиелік қызметтерінің жүйесі тұлғаның сапасын дамытудың түрлі деңгейіндегі жас өспірімдерге жасалған дифференциялық жолымен сипатталады. Бірғана мысал келтірейік. В.В.Белова, Т.И.Щукиналардың зерттеулерінде жас өспірімдердің танымдық қызығушылықгарының даму сатысына байланысты әрекеттерді ұйымдастырудың бірнеше деңгейі көрсетілген: бірінші - репродуктивтік-еліктеу әрекеті, осының көмегімен жас өспірімдер үлгілерді меңгереді, осылайша өздеріне басқалардан тәжірибеден тәжірибе жинайды; екінші -іздену орындау әрекеті, мұнда жетекші есепті ақындайды, ал жасөспірімдер оның шешу жолын өз бетінше іздейді; үшінші -шығармашылық әрекет, мұнда жасөспірімдер анықтаған есепке сәйкес өзіндік шешімдері іске асырылады және жас өспірімдер үшін сапалы жаңа құндылықтар жасалады. М.Д.Виноградова, В.И.Максакова, И.Б.Первин т.б. оқушылардың шығармашылық даралығы бойынша зерттеулері тұлғаның шығармашылық потенциялын дамытудың жемістілігі әлеуметтік құнды дара шығармашылық мүмкіншіліктері мен тапсырмаларын шығармашылықты түрде орындаудың ең жақсы жолын таңдауда да және жаңасын жасауда да қабілеттілігі балалардың әр түрлі талаптарын тоқтату процесінде болатынын растады.Білім беру ұйымдарының қызмет шартында үйірменің ұжымдық әрекетінің шығармашылықпен қанықтыруы дайындықсыз балалардың өзінен қостау табады. Әр түрлі шығармашылық әрекет сыныптан тыс ұжымда балалардың рөлін және бағытын өзгертуге мүмкіндік жасайды.

Жалпы тәрбиенің шағын жүйесі ретінде  білім беру ұйымдары балалармен жұмысты педагогикалық жағынан ұйымдастырудағы өзгешелігінен ерекшеленеді. Біріншіден, бұл жасөспірімдерді бірігуге тартатын, одан өзінің іскерлігі мен қатыстығын көрсетуді талап ететін тақырыптық -практикалық әрекеттің жаппай және топтық түрлері. Бұл негізінен, кешенді ойын - жарыстар, шығармашылық мейрамдар, сайыстар, фестивальдар және т.б. Бұларға қатыса отырып, балада тандау мүмкіндігі туады.

Өз бойына танымдықгы, рақатты, көңіл көтеруді біріктіретін жұмысқа қатысудың еріктілігі барлық адамға соның ішінде балаларға өз күшін сынауға, ұнауға лайықты болуға, өзінің жетістіктерін жолдастарының табыстарымен салыстыруға жететіндігіне жағдай жасайды. Екіншіден, бағытталған қызығушылыққа және мүмкіншіліктерге сәйкес жүйелі әрекетпен айналысқысы келетін балалар үшін үйірмелер, секциялар, студиялар, лабораториялар жөне басқа да^ шығармашылық бірлестіктер. Мұндай ұйымдастыру формалары қабілеті мен дайындығына қарамай ниет білдіруші барлық жасөспірімдерді бірдей қатысуға мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, әбден дайындалған жас өспірімдерге арналған жұмыстың формалары мен түрлері.  Бұларға оқушылардың ғылыми қоғамы,  ғылым, техника әуесқойларының жазғы мектеп-лагері,     экспедициялар(археологиялық, геологиялық, фольклорлық т.б.) жатады.

Білім беру ұйымдарының жұмыс шартында ұйымдастырудың барлық осындай әдістері балаларға дифференциялы әсер етудің есебімен бір уақытта әрекет етеді. Бірақ олардың тұлға потенциалын шығармашылықпен дамытуда бейімділігін атап көрсетуге болады.

 


 



Информация о работе Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері