Балалардың шығармашылық қиялын бейнелеу өнері арқылы дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2014 в 08:34, доклад

Краткое описание

Балаларды қалыпты ойлаудан шығармашылық ойлауға дағдыландыру үшін, олар жинақталған тәжірибе мен қосымшаларды қиялы мен шығармашылығын жүйелі түрде дамыту қажет. Шығармашылықпен тығыз байланысты және шығармашылықты ерекшелейтін негізгі психологиялық үрдіс – қиял. Егерде көз алдымызға адам қиялы жоқ деп елестетсек, онда ешқандай жаңалықтар мен көркем шығармалар болмас еді. Әйгілі неміс математигі шәкіртінің тағдыры туралы былай дейді: «Ол жазушы болуды таңдады, себебі математик атануға қиялы жетпеді.» Тек қана қиялдаудың арқасында ғалымдар көптеген жаңалықтар ашты: мысалы, Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық кестесі және Энштейннің теориялары.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Доклад.docx

— 21.57 Кб (Скачать документ)

Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай әкімдігінің  білім бөлімінің №3 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК

 

 

 

 

Тақырыбы: Балалардың шығармашылық қиялын бейнелеу өнері арқылы дамыту

 

 

 

 

 

 

2013-2014жж

Балалардың шығармашылық қиялын бейнелеу өнері арқылы дамыту

“Балалар  дүниеге келген кезде үлкен рухани және материалдық құндылықтарды  әкеледі, олар жаңалық тудыра алады, бірақ ол үшін дұрыс бағыт бағдар көрсете білу керек.

Ш.А. Амонашвили

Мақсаты: Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды өнер әлеміне баулу,эстетикалық талғамын,шығармашылық құзыреттілігі мен қиялдау қабілетін дамыту,жан құбылысын,сезімі мен ойын көркем түрде жеткізе білу талпынысын жетілдіру.Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың шығармашылық құзыреттілігінің қалыптастыру міндеттеріне сәйкес бейнелеу өнерінің мазмұнын толықтыру,сурет салудың барлық түрлеріндегі іскерліктерін жетілдіру,бейнеленетін бейнелерді түсіну қабілеттерін тәрбиелеу мен эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.

Балаларды қалыпты ойлаудан шығармашылық ойлауға дағдыландыру үшін, олар жинақталған тәжірибе мен қосымшаларды қиялы мен шығармашылығын жүйелі түрде  дамыту қажет.  Шығармашылықпен тығыз байланысты және шығармашылықты ерекшелейтін негізгі психологиялық үрдіс – қиял. Егерде көз алдымызға адам қиялы жоқ деп елестетсек, онда ешқандай жаңалықтар мен көркем шығармалар болмас еді. Әйгілі неміс математигі шәкіртінің тағдыры туралы былай дейді: «Ол жазушы болуды таңдады, себебі математик атануға қиялы жетпеді.» Тек қана қиялдаудың арқасында ғалымдар көптеген жаңалықтар ашты: мысалы, Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық кестесі және Энштейннің теориялары.Көптеген ғалымдардың  бейнелеу өнерінен дарынды балаларды зерттеуі бойынша олардың күшті және жарқын қиялы, суретті сөйлете білуі мен оның мағынасын түсіну мүмкіншіліктері бар екенін байқаған.  Қиял – бұл адамның жаңа образдар мен елестер жасаудың мүмкіндігі, ол 5 пен 15 жас аралығындағы балаларда қарқынды дамитын құбылыс және ол ары қарай дамуы үшін арнайы мамандардың көмегін қажет етеді. 

Бұл міндеттерді  шешу мақсатында өзіміздің ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінде мынадай әдіс-тәсілдерді қолданамыз:

  1. Мектепке дейінгі балалардың жасына сай қиялын дамыту үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде мынадай шығармашылық жаттығулар өткіземіз: «Пішінді өзгерт», «Бөлшекті толықтыр», «Мынау неге ұқсайды?», «Бұл сызық арқылы нені салуға болады?», «Осы түсті не және кім болады?» және т.б. Бұл жатығулар күнделікті түрде және тест ретінде қолданылады, бірақ біздің көзқарасымыз бойынша олар арқылы балалардың соған ұқсас затты табу немесе жаңадан зат ойлауы, өзінен-өзі шығармашылық ізденісті талап етеді

 

     

Мектепке дейінгі  жастағы балалардың фантастикалық  бейнелері сирек кездеседі, ал «таныс заттарды өзгертуі» өте қызық.  Қарапайым дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш және т.б.пішіндерді балалар жақсы өзгертеді. Содан соң пішіндер саны көбейеді, дақтар   пайда болады,қосымша элементтер арқылы белгілі бір бейне жасау қиынға соғады.Бұл жаттығу бірнеше минут уақытты алады,ол оңай бірақ дайындықты қажет етеді,қайталап салуды қажет етпейді,бала ойлауына байланысты. Бұл кезеңде зат саны сапасына көшеді. Суреттің талдау маңызды: шапшаңдығы, бейне саны, шешім қабылдаудың қайталанбастығы.

  • Ертегі кейіпкерлерінің суретін салу даму үстіндегі бала қиялын қалыптастырады және жай ғана ертегі сюжетін көрсете білу емес, соынмен қатар өз қиялындағы бөлшектермен толықтыру қажет. Біз үшін келесі жағдайлар маңызды:
  • Ертегі мазмұны мен тақырыбын екі ауқымды ұғым арқылы ашамыз: мысалы, жақсы-жаман, кәрі –жас,сұлу-ұсқынсыз. Сапалы ерекшелік балалаға заттың немесе кейіпкердің маңызды мәнін ашуға көмектеседі.
  • Тәрбиеленушілер ертегі кейіпкерлерін салып қана қоймай, сонымен қатар заттар немесе табиғи құбылыстар туралы ертегі де салады. От, жаңбыр, жел, сызық, пішін, дыбыс – ертегі объектісіне айналады. Балалар ертегі кейіпкерлерінде түсінікті эмоцияларын көрсетеді:  мейірімді, көңілді, көңілсіз және т.б. Балалардың ойлау бойынша шырақ оты бұл мейірімділік, жарық, көңілді, жылы, жұмсақ деп түсінеді, ал егер өрт жайлы сөз болса онда ол ұсқынсыз, қатал, «үлкен азулы тісті» Әр бала өз жанына жақын бейнені таңдайды.    
  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялын дамытуда имитациялық жаттығулар немесе басқаша айтсақ пластикалық этюдтар да маңызды болып табылады. Балалардың ойынға деген әуестігін ескере отырып, біз әр сабақта тек сергіту жаттығуларын ғана емес, сонымен қатар, адамның мінез –құлқы, жануарлар, заттар, құбылыстарды көрсету арқылы қиялын дамыту. Кез келген сабақта салынатын ит пен піл, Мыстан кемпірдің ұшуын басқа затқа немесе құбылысқа айналдыруға болады. Қоршаған ортадағы қозғалмалы бейнелерді «Күзгі жапырақ», «Төменгі бұлт», «Бәйшешектер оянды», «Көңілді, көңілсіз балапандар», «Көбелектер билейді» салу мүмкіндігі туады. Ойын-имитациялардағы түсінікті қозғалыстар эмоционалдық күйді білдіреді және қиял, ассоциациялық ойлау, шығармашылық ойын мимика, пантомима, сөйлеу мәдениетінің дамуына мүмкіндік береді.
  1. Қиялдың дамуына музыкалық шығармаларды суреттеу көмектеседі. “Композитор музыкалық дыбыстар арқылы нені суреттеген?”, “Музыкалық ырғақта кім тығылды?”, “Музыкалық көңіл-күйді түс пен сызық арқылы көрсет” – бұл тапсырма балаларға қатты ұнайды.Бұл жағдайда бала қиялы музыкамен ғана шектеледі,ал фантазия музыкадан бала жанына жақын нәрсені табуға көмектеседі. Бұл жерде музыка өте маңызды және өзіндік ерекше рөл атқарады, ол жай жайлы жағдай жасамайды, соынмен қатар бала қиялының дамуына түрткі болады.

Информация о работе Балалардың шығармашылық қиялын бейнелеу өнері арқылы дамыту