Балаларды оқуға, жазуға үйрету процесінде талдау-жинақтау әдісін қолдану жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 10:22, дипломная работа

Краткое описание

Білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кездегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Балабақшадан бастап сауат ашу, есептей білу темптілік, үйретуге сияқты бетбұрыс, бастауыш сыныпта күрделеніп оқу мен жазуды байланыстыру, көркемдей шапшаң жазу сияқты талпыныс жасауда. Соның ішінде оқушылардың каллиграфиясына тоқталсақ, ол тек мектеп қабырғасында қалыптастырылады.
Бастауыш метепте оқу, жазуды үйретудің әдістемесі басқа ғылымдар сияқты қалыптасып, дамып келеді. Жазуды қай кезде оқыту керек? деген сұрақ ерте кезден пікір – талас туғызып келеді.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3-5

I – тарау. Балаларды оқуға, жазуға үйрету процесінде талдау-жинақтау әдісін қолдану жолдары.

1.1. Жазуға үйретудің тарихынан .........................................................................6-10

1.2. Жазуға үйретудің мақсат – міндеттері, принциптері................................... 11-13

1.3. Жазудың графикалық дағдыларын қалыптастырудағы психо-физиологиялық ерекшеліктері......................................................................14-21

II – тарау. Жазуға, оқуға үйретудің әдістемелік жолдары.

2.1. Жазудың сапасы және оны қалыптастыру жұмыстары.............................22-32

2.2. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды оқуға үйретудің жолдары..................33-44

2.3. Бастауыш мектепте оқуға, жазуға үйретудің негізінде жүргізілген эксперимент нәтижелері...............................................................................45-48

Қорытынды....................................................................................................49-52

Әдебиеттер тізімі...............................................................................................53

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Балаларды-оқуға-жазуға-үйрету-процесінде-талдау-жинақтау-әдісін-қолдану-жолдары.doc

— 556.00 Кб (Скачать документ)

Кіші  ч әріпінен шапшан жазу барысында  қателер кетуі  мүмкін.  Бастауыш мектеп оқушылары  бұл әріпті жазғанда жоғарғы және төменгі бөліктер арасында прапорция  сақтамауынан қателер кетеді. Әріптің  қателеріне талдау жасау қатені түзеуге  көмектеседі.

Бір – біріне ұқсас кіші  а  және д әріптерінен мынадай қателер кетуі мүмкін:

              Әріпте үзіліс пайда болған. Оқушыларға бұл қатенің пайда болу себебін  түсіндіру керек. Қаламсапты жоғары қарай жазғанда бастаған жерімізге  тигізуіміз қажет.


Кіші  д әріпінде сонымен қатар имектің дұрыс емес жазылуы кездеседі. Мұндай қателерді  у әріпімен бірдей етіп қателерді түзетеміз.

Кіші  б әріпін жазғанда тек 1 сыныпта ғана емес, 2 – 3 сыныптарда да көптеген қателер жібереді. Мынадай  қателер  кетеді:

 1.        жұмыс жолының жоғарғы сызығынан шығатын әріп бөлігінің бағыты бұзылған. Бұл қате оқушылардың жоғарғы жағына  қарай жазатын жазуының үлкен көлбеулікпен жазуынан болады. Мұғалім оқушыларға  б әріпі о әріпі сияқты біркелкі бағытпен жазылатындығын түсіндіру керек. Бұл қатені түзету үшін мынадай жаттығулар беріледі:


         


 2.  жоғарғы жақтағы қайыру кезде тік бұрыш жасаған. Мұғалім оқушының назарын бұрышты дөңгелектеу етіп қайыратындығын түсіндіреді.


 3.  әріпті бұрылыстан кейін қайрып жазған.


 4.   әріптің дөңгелекшесінің дұрыс емес жазылуынан жоғарғы бөлігі солға қарай көлбеулікпен жазылған. Бұл қате әдетте тез жазу барысында кетеді. Оқушыларға әріпті қай  жерден бастап жазуды дұрыстап түсіндіру керек.


Кіші а, д, б әріптері алдынғы әріппен үзіліссіз  төменгі жақтан байланысады. Үлкен және кіші  О, о әріптерін жазғанда қате өте сирек кездеседі. Әріпті талдау барысында әріп формасының сопақша болыпкелуіне назар аударылады. Әсіресе 6 жасар баланың жазуында қате кетеді. Себебі, олар дөңгелекше жазғанда біркелкі жаза алмайды.[14./65-115б./,15./49-56б./]

Жартылай дөңгелекше әріптердің ішінде үлкен Е әріптерінде  көп қате кетеді.

 1.   жартылай дөңгелекше жазғанда прапорцияның бұзылуы. Мұғалім оқушыларға жоғарғы дөңгелекше төменгі дөңгелекшеден кішірек болатындығын түсіндіру керек.


 2.   әріп біркелкі жазылған. Оқушыларға төменгі дөңгелекше үлкенірек болатындығын түсіндіреміз.


Кіші және үлкен  С, с әріптерін жазу аса қиындық  тудырмайды. Тек оқушы назарын  әріптің басталуна аудару керек.

Кіші  е әріпі жазу қатемен байланысты емес, себебі әріпті жазу заңдылықтарына сай сағат тіліне қарсы жазылады. Кейбір балалар әріптің имекшесін кішкентай етіп жазады. Бұл жағдайда мұғалім оқушымен жеке жұмыс жасайды.

Кіші ы әріпін жазғанда көбінесе прапорция бұзылады. Мынадай қателер кетуі мүмкін:

1.   имектен кейінгі сызық жоғары қарай тік жазылған. Мұғалім дұрыс жазылған әріппен салыстырып көрсеткен жөн.


2.  имек тіпті салынбаған. Бұл қатені түзеу үшін мұғалім тақтаға әріпті дұрыс жазып оқушылардың қатесімен салыстыру керек. Олардың қателері не себептен кеткенін айту міндетті.


3.  екінші элемент бірінші элементке өте жақын жазылған. Бұл қате имектен кейін  қосатын штрихты сол бағытпен жазғандықтан болады. Мұғалім оқушы назарын бұл қозғалысты іске асырғанда үлкен көлбеулікпен жазу керектігіне аударады.


4.   дөңгелекшесі үлкен  және өте кіші жазылған. Мұндай қателерді әдетте жеке оқушылар кетіреді. Сондықтан оқушымен жеке жұмыс жасау керек.


5.  әріп өте тік немесе дөңгелектелініп жазылған. Бұл қатені түзеу  и және ш әріптеріндегідей жүзеге асырылады.


Үлкен және кіші К, к әріптерінің  өзіндік ерекшелігі бар. Кіші к әріпі  бір үзіліспен жазылады.

     


Бұл әріпті жазғанда мынадай  қателер кетуі мүмкін:

1.    элементтер арасындағы арақашықтық сақталмаған.


2.        соңғы элементі дұрыс жазылмаған. Бұл жағдайда г, р, п  әріптер жазылуымен салыстыру қажет.


Үлкен және кіші ж  әріптері бірдей жазылады. Айырмашылығы биіктігінде  ғана. 1 – 2 сыныпта оң жақтағы жарты  дөңгелекше үзіліспен, ал 3 сыныпта  үзіліссіз жазу керек. Бұл әріптерден кететін қателерде бірдей болады:

  Жартылай дөңгелекшемен ортанғы  элемент арасында қашықтық дұрыс  сақталмаған. Оқушыларға қосатын штрихтардың  көлбеулігі бірдей болатындығын түсіндіру  керек.


Үлкен В және З әріптері ұқсас келеді. Келесі әріптерімен үзіліссіз байланысады.  В және З әріптерінен мынадай қателер кетуі мүмкін:

      Бірінші элементтен  екінші элементалыс орналасқан.


   Жартылай дөңгелекше жазғанда прапорцияның бұзылуы. Мұғалім жоғарғы дөңгелекше кішкентай болатынын түсіндіреді.


Кіші з әріпі сағат  тілінін бағытымен жазылады. Оқушы  жартылай дөңгелекшенің төменгі  жұмыс жолына жетпей аяқталып, ары  қарай имек жазылатынын білу керек.

Мынадай қателері кетуі мүмкін:    жартылай дөңгелекше төменгі сызыққа дейін жазылған.


Бұл қатені түзету үшін мұғалім  з әріпі жиі кездесетін сөздер беруге болады:  Жазира, жаз, жұлдыз т.б.

Кіші ф әріпі екі дөңгелекшеден  тұрады. Бірақ олар әртүрлі бағытта  жазылады.  Келесі әріппен үзіліссіз  байланысады. Мынадай қате жиі кездеседі:  дөңгелекшелрдің көлемі әртүрлі және үзіліспен жазылған. Мұғалім дөңгелекшені жазу қай жерден басталатындығын көрсетеді.


Оқушылар кіші ф әріпімен талдау жұмыстарын жүргізгенмен, үлкен Ф  әріпін жазу әсіресе 1 – 2 сынып үшін қиын. Қиындық дөңгелекшелерді жазудан  туындайды. Дөңгелекше көлемі, прапорциясы бірдей берілген. Сонымен қатар ортаңғы элемент формасы өзгеше келеді. Мынадай қателер кетуі мүмкін:    дөңгелекшелер көлемі бірдей емес;


    жарты дөңгелкшесі біркелкі  емес.


Жарты дөңгелекшенің  жазылуын жақсарту үшін ең алдымен оқушыларға дөңгелекшені ажырата білуге, көлемін салыстыра білуге үйретеміз.

Үлкен  Ф әріпінің ортаңғы  элементі келесіәріптермен У, Г, Р әріптері сияқты байланысады. Бірақ бұл әріптерді  жазуда өзіндік қиындықтар бар. Сондықтан  У әріпін жазғанда оның ерекшелігіне тоқталу керек.

Мынадай қателер кетуі  мүмкін:

      бірінші элемент дұрыс емес жазылуы. Негізгі элементпен қосымша элементті  бөліп көрсетудің маңызы зор.


Үлкен Д әріпінің формасы  күрделі.

Мынадай қателер кетуі мүмкін:    толық дәрежеде дөңгелек- телінбеген. Мұғалім Д әріпін жазғанда О әріпін жартылай жазады.


Үлкен Г, П, Т, Р әріпінің жоғарғы элементі оңнан солға  қарай жазылады.

               Мынадай қателеркетуі мүмкін:


      жоғарғы элементі дұрыс емес жазылған;      


   төменге қарай жазылған элементтер дұрысемес жазылған;


   элементтер арақашықтығы сақталмаған;


      төменгі элементі дұрыс  жазылмаған.


Әріптермен бұлайша  талдау жұмыстарын жасау, жазу жұмысын  жақсартуда маңызы зор. Кез – келген дағды жаттығу жасау барысында  қалыптасады және бекейді. Ол үшін жаттығу оқушылардың жазу дағдысын одан әрі қатайта түсетіндей етіп ұйымдастыруы тиіс. [16./№5/,17./№7./,18./48-112б,-./,19./56-85./]

Жазу барысында қолды  дәптерден алмай   үзіліссіз  жазу ең ыңғайлы тәсіл болып табылады. Бұл әдіс сөзе бірнеше әріптің ( 4 – 5 әріп )үзіліссіз жазылуы  нәтижесінде іске асады.

Үзіліссіз жазу бұл жедел  жазу үшін үлесі зор үзіліссіз  жазуды ерте бастап үйреткен жон. Себебі, элементтен жазып үйренген оқушыға  үзіліссіз жазу дағдысын үйрету қиынға соғады.

Әріпті жазбаша түрде  жазғанда үзіліссіз байланысуы ескеріледі. Жазбаша  түрде әріптердің басым көпшілігі үзіліссіз жазылуы, тек кейбір әріптер үзіліспен жазылады.

Қазақ алфавитіндегі  әріптерді жазуда үзіліс жасау –  жасалмауына қарай төменгі топтарға бөліп қарауға болады.

Кіші әріптер.

І. Үзіліссіз жазылатын  бір элементті кіші әріптер:

      ә  б  в  г  е  о  с  ь


ІІ. Үзіліссіз жазылатын  көп элементті кіші әріптер:

а д з  и л м н ң п  т     у ү һ ц ч ш щ ы ю я    ІІІ. Бір үлеспен жазылатын кіші әріптер:


ғ й к қ ө р ұ х і э    IV. Екі үзіліспен жазылатын кіші әріптер:


ф ж ё


Бас әріптер

І. Үзіліссіз жазылатын  бас әріптер:


 


ІІ. Бір үлеспен жазылатын  екі элементті бас әріптер:

      


              ІІІ.Екі үзіліспен жазылатын әріптер:


     


IV. Үш үзіліспен жазылатын  төрт элементті бас әріп:

      


Жедел жазуға көшу барысында  сөз ішіндегі әріптердің бір –  бірімен қосылу жолдарын дұрыс меңгерудің  ерекше мәні бар. Әріптердің өзара байланысып жазылуы олардың өзіндік графикалық бейнесіне, әрбір әріптің соңғы элемент ерекшеліктеріне байланысты шешіледі. Демек, жазу байланысы сөздегі алдыңғы әріптің келесі әріппен байланысу принципі бойынша қакрастырылады. Бір – бірімен қосылу ерекшелігіне қарай қазақ тіліндегі әріптерді негізгі екі топқа бөлуге болады.[3./120-131б./]

Бірінші топ. Соңғы элементтері  имек сызықтарға

          


аяқталған үлкен және кіші әріптер:


 


 


       


 


Бұл топтағы әріптердің соңғы негізгі элементтері келесі әріптермен үзіліссіз жазылады. Мұның  өзі жазу темпін жеделдетуге айтарлық дәрежеде мүмкіндік береді.

Бұлардың ішіндегі кейбір     әріптердің үстіне, ортасына қойылатын қосымша белгілер сөзді үзіп жазуға мәжбүр етіп, жазу қарқынын едәуір баяулатады. Мұндай әріптерді жазуға оқушылар мына сияқты қателерді жібереді:


а) қосымша  белгілерді қоймай кету.

ә) қосымша белгілерді бұрмалап жазу.[20./78-126б./,21./18-32б./]

Аталған графикалық қателерді  болдырмау үшін мұғалім тарапынан  қосымша таңбаларды тастамай және бұзбай жазу туралы жиі – жиі ескертулер жасалып, мұқият бақылау жасалуға тиіс.

     


 Соңғы элементтері түрлі имек сызықтарға аяқталған топтағы әріптерді  өзара дұрыс байланыстырып жазуға оқушыларды төселдіру үшін төмендегі  тәрізді графикалық даярлық жаттығуларын жүргізген жөн.


 


      


     


   


          


Сөз болып отырған топ құрамындағы  әріптерін жазуда да белгілі кідіріс- тер жасалады. Өйткені олар біршама  үзіліспен жазуды керек ететін екі, үш элементтен тұрады. Ондағы элементтер мыналар:


            Аталған әріптердің жазу темпін жеделдету дағдыларын қалыптастыру


үшін төмендегі тәрізді  даярлық  жаттығулары жүргізіледі.

 


Бірінші топтағы әріптердің басым көпшілігі келесі әріптермен төменгі жағынан қосылады. Алайда кейбір дөңгелекшелермен жазылатын  таңбаларды қосымша сызықша жалғау арқылы келесі әріптермен жоғарғы жағынан байланыстыруға болады. Мұндай байланыс жолдармен жеке сөз, сөз тіркесі, сөйлем жаздыру арқылы меңгерту тиімді.


 

Екінші топ. Оң жағы (қосылатын  жағы ) дөңгелеген элементтерге біткен


        бас әріптер мен  кіші әріптер:



Бұл топтағы әріптер  келесі әріптермен үзіліспен жазылатын, қосымша жалғас сызық арқылы байланысатын әріптер болып табылады. Мұның  өзі, әрине, үзбей жазу жүйесін бұзып, жазу қарқының белгілі дәрежеде бәсеңдетеді.

Жазу барысында жасалған қол үзіліс оқушылардың жазу темпін тежеп қана қоймайды, сонымен қатар  көлбеу жазу, әріп элементтерін дұрыс  жазу, олардың биіктігі мен ара  қашықтығының біркелкі болуына, жалпы, ритмикасының өзгеруіне әсеретеді.

Аталған қиындықтардың ескере отырып, бұл топтағы әріптердің келесі әріптермен байланысу тәсілдерін меңгеруге арналған түрлі гарфикалық даярлық жаттығулары жүргізуге тиіс.[7./48-62б./,22./12-18б./]

Дөңгеленген элементтерге аяқталған әріптер сөздегі өзінен кейінгі әріптермен жалғас сызықтар арқылы байланысады. Жалғас сызығы бұл топтағы барлық бас әріптердің және кіші  б  әріпінің төменгі жағынан қойылады.


Бұл топтағы қалған кіші әріптер:



келесі әріптермен үстіне жүргізілген жалғас сызықтар арқылы байланысады:

    Мұндай дөңгелеген кіші әріптер өзінен соң келген



 әріптерімен тек төменгі  жағынан жүргізілген жалғас сызықтар  арқылы  байла- 


нысады:

    


 бас  әріптері мен                кіші әріптерін жазауда оқушылардың  аталған  әріптердегі белдікше  сызықтарды жалғас сызығына айналдырып жібермеуін қа – дағалау керек. Белдікше сызықтар мен жалғас сызықтардың бөлек – бөлек қойылатынын мұғалім оқушыларға төмендегідей сөздерді жаздыру арқылы ескертуге тиіс:      

Информация о работе Балаларды оқуға, жазуға үйрету процесінде талдау-жинақтау әдісін қолдану жолдары