Бастауыш сыныпта оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі музыканың рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 16:22, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзетілігі: Қазақстан білім беру жүйесі мемлекеттік деңгейде ірі оң өзгерістерге ұшырап жатқаны белгілі. Білім сатыларының барлығын дерлік қамтып отырған бұл іс-шара мектепке дейінгі мекемелерден бастап, орта білім беру сатысы және жоғары білім беру сатысына дейінгі жүйелі жұмысты алға қойып отыр.
Музыка өнерінің мақсаты- өскелең ұрпақты тамыры терең ұлттық өнер қазыналарымен сусындату, дүниежүзілікүздік музыка өнерінің шығармаларына баулу, олардың әсемдік пен эстетикалық көзқарасын кеңейте отырып, олардыңәсемдік пен эстетикалық көзқарасын кеңейте отырып, оған деген аялы қатынасын орнату.

Содержание

Кіріспе ---------------------------------------------------------------------------------------3
1. Жас ұрпақты тәрбиелеуде эстетикалық тәрбиенің алатын орны
1.1. Оқушыларға эстетикалық білім берудің жолдары -----------------------------6
.Бастауыш сыныптағы эстетикалық тәрбие - оқу тәрбие процесінің негізі-9
. Эстетикалык тәрбиенің өнер әдістері арқылы дамуы ------------------------13
2.Эстетикалық тәрбиенің музыкалық білім берудегі ерекшелігі
2.1.Музыканың эстетикалық білім берудегі рөлі -----------------------------------17
2.2.Қазақ фольклоры арқылы оқушыларға музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық негіздері -------------------------------------------------------20
2.3. «Отан – менің ата-анам» атты сабақтың желісі --------------------------------24
Қорытынды ---------------------------------------------------------------------------------29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ----------------------------------------------------------27

Прикрепленные файлы: 1 файл

музыкалык тәрбие.doc

— 176.00 Кб (Скачать документ)

Музыкалық-эстетикалық тәрбиенің, дәлірек айтқанда, музыка арқылы эстетикалық тәрбие берудің тікелей міндеті музыканың идеялық. мазмұнымен анықталады. Тұлғаның мақсатқа бағытталған даму жүйесін құруды талап ететін эстетикалык. тәрбие беру музыкасыз, оның адамға көп түрлі әсерін, оның қабылдануы мсн тәрбиелік рөлін зерделеусіз мүмкін емес.

Музыка күші онын жан-жақты әсер ететіндігінде (ерік-жігерге, ақыл-ойға, ойлауға. «логикалык. сезім" деп аталатынынға; эстетикалық. сана саласында көркем туындының құрылымдық ұйымдасқандығын қабылдау қабілетін, оның жетілуін талап ететін арнаны сезіну ретінде әрекст етеді). Осы мағынада алғанда музыкамен қалыптасқан эстетикалық сезім эстетикалық категория ретіндегі үйлесімділік ұғымына енген мазмұнға жақын келеді. [23;41]

Сонымен бірге жаппай музыкалық-педагогикалык практиканы талдау бастауыш сыныл оқушыларының интонациялық қабылдау, гармония, эстетикалық қабылдау, эстетикалық талғам сияқты маңызды категорияларды тәрбиелеуге бүгінгі күні жеткілікті көңіл бөлінбей отырғандығын көрсетеді. Бұған қолайлы жағдай туғызатын бастауыш сыныптардағы музыка сабақтары мен сыныптан және мектептен тыс музыканың кең эстетикалық мүмкіндіктері толық көлемде пайдаланылмай отыр. Мұғалімдер арасында бастауыш сынып оқушылары өтетін музыка сабактарының өзі-ақ олардын эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға өздігінен ықпал етеді деген сенім қалыптасқан.

Музыкалық шығарманы оқып, орындай отырып оқушы эстетикалық тұрғыдан «өзінен-өзі" дамиды жәнс ол үшін мұғалім тарапынан арнаулы күш-жігер жұмсаудың қажеті жоқ деген пікір теориялық жағынан да, практикалық жағынан да қате. Тәжірибенің көрсетуіне қарағанда, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін эстетикалық. тәрбие беру мәселелеріне, мысалы, гармониямен, эстетикалық қабылдаумсн және талғаммен байланысты мәселелерге мұғалімдер тарапынан арнаулы көңіл бөлуді қажет етсді. Бастауыш сынып оқушылары қабылдаудың өткірлігімен және тазалығымен өзіндік "сезімдік қызығушылықпен ерекшеленеді, музыкага аса қызығады. Олардың музыкалық іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру бір жағынан, кіші жастағы балалардың эстетикалық сезімдерінің дамуына әсер етеді, ал екінші жағынан, сәйкес қабілеттсрдің (есту тітіркендіргіштерін нәзік ажырату, музыкалық есту, үнді есту ретіндс қоя білу қабілеті жәнс т.б.) дамуына ықпал етеді. Бастауыш сынып оқушыларының интонациялық және эстетикалық қабылдауына қабылдау кезіндегі талдау тереңдігінің, ұйымдасқандықтың және мақсатқа бағытталғандықтың әлсіздігі тән екендігін анықтадық. Бұл әсіресе I және II сынып оқушыларына тән құбылыс. Оларға қабылдаудың  эмоциялығы тән. Олар ең әуелі тікелей эмоциялық реакция туғызатын қасиеттерді, белгілерді, ерекшеліктерді қабылдайды. Сондықтан музыка туыңдысын тікелей күшті эмоция туғызатын белгілі бір акустикалық немесе оптикалық-акустикалық орта ретіңде қарастыруға болады. Музыканың эстетикалық тәрбие беру мүмкіндігінің толық пайдаланылмай отырған себебі оқу жұмысының ғылыми негізделген әдістемесінін болмайды. Мұндай  ғылыми әдістеме мынадай үш ілікке негізделген болуы тиіс: деп есепттедік: псиофизиологиялық (дыбыстың материалдық жекелеген жақтарының тыңдауына тікелей эмоциялық әсер туғызады), симптоматиялық (адамнын музыкамен үлгіленген эмоция симптомдарын игеруге негізделген), нәрселік-жағдайлық (тыңдаушы психикасында шындықтың эмоциогендік  нәрселері мен жағдайлары жөніндс  түсініктің тууына негізделген). Музыка арқылы эстетикалық тәрбие беру жұмысының ғылыми негізделген әдістемесінің құрылуы мыналарды анықтаумен байланысты болды: музыкалық материалды игеру үрдісінде оқушыларда гармония жөніндегі түсінікті, кідірістік  және эстетикалық қабылдауды қалыптастыратын нақты педагогикалық тәсілдер.

 

 

 

2..2. Қазақ фольклоры арқылы оқушыларға музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық негіздері

 

Қазақстан XXI ғасыр табалдырығын аттай отырып, заман рухына әрі өз халқының мәдениетіне сай келетін ұлттық білім беру үлгісін іздестіруде.

Сол себептен де жас ұрпаққа тәрбие берудің сапалық деңгейін көтеріп, сұлулық пен көркемдікті қабылдау қабілетін, сезімін, музыкалық-эстетикалық талғамын дамыту, ізгілікке баулу, өз ісіне деген шығармашылық құштарлығын, талабын, қызығушылығын арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселелері болып отыр.

Әр халықтың эстетикалық дүниетанымы, мәдениеті, эсгетикалық талғамы өнер және әдеби туындыларымен ерекшеленетіні өмір шындығы. Ұрпақ тәрбиесінде халық ауыз әдебиеті шығармалары баланы сұлулық заңдылықтарымен таныстыру және әсемдікке баулу құралы екені сөзсіз. Өйткені, ауыз әдебиеті жанрларын балалар бар жан - жүрегімен қабылдайды, сезінеді, сол арқылы өмірді танып, оған көзқарасы қалыптасады, мінез-құлық мәдениеті жетіліп, қоршаған орта туралы білімі дамиды. Сондықтан, мектепте халықтың бай қазынасы ауыз әдебиеті арқылы шығармаларға балалардың қызығушылығын дамыта отырып, ұлтымыздың салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігі, музыкалық шығарманың ерекшеліктері т.б. жайында карапайым түсініктер беріледі. Қазақ фольклоры материалдарын зерделеу, осы мәселе жөніндегі ғылыми-педагогикалық жұмыстармен танысу, ертегілерге, жұмбақтарға, мақал-мәтелдерге, жаңылтпаштарға, санамақтарға қызығушылығын ерте бастан оятып дамыту басты міндет. Бұл орайда халық ауыз әдебиеті арқылы оқушылардың музыкалық- эстетикалық талғамын, сезімін, қызығушылығын, қабылдауын, мәдениетін қалыптастыруды теориялық және практикалық тұрғыдан зерттеу қажеттілігі туындап отыр.

Ұлттық мәдениет пен жеке тұлғаның рухани және жан-жақты дамуындағы ауыз әдебиетінің әсері мен оқу, білімнің маңызы туралы Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сынды халқымыздың ағартушы-қайраткерлері құнды пікірлер айтқан. Қазіргі заман талабынан туындайтын басты мәселелердің бірі- жас ұрпақты жаңа қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты парасатты азамат ретінде қалыптастыру, оның бойында ұлттық психология, ұлттық сананы орнықтыру, әлеуметтік ортадағы, өзін қоршаған дүниедегі табиғат, адам өміріндегі, әдебиет пен өнердегі тұрмыстағы, салт-дәстүрдегі сұлулықты, әсем көріністерді сезіне түсіне білуге тәрбиелеу. Олай ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, әдеби, мәдени бай қазынасын баланың зердесіне орнықтырып, парасатты, музыкалық-эстетикалық талғамы жоғары азамат тәрбиелеп өсіру баршаның міндеті.Жас жеткіншектерге эстетикалық, тәрбие беру жүйесін зерттеген ғылымдардың ғылыми еңбектерін талдай келе, эстетикалық тәрбие туралы әр ғалымның өзіндік пікірі бар екеніне көзіміз жетті. Мәселен, «Музыкалық-эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті қабылдау және эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиелейтін, өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастыратын жан-жақты тәрбиенің құрамдас бөлігі», -деп анықтама берілсе , эстетикалық тәрбие туралы кысқаша сөздікте:

«Музыкалық-эстетикалық тәрбие дегеніміз – адамның өмірдегі және

өнердегі әсемдікті қабылдау қабілетін жетілдіруге арналған шаралар

жүйесі»,- делінген.

Музыкалық - эстетикалық тәрбиені дамытуда қазақ халқының музыкалық-шығармашылық өнері маңызды орын алып отыр.

Оның балалар үшін өнегелік-әсемдік мәні бар, себебі музыка олардың әсерлі сезімдерін оятып, көтеріңкі көңіл тәрбиелеп, рухани өрлеуге жетелейді. Музыкалық шығармаларды тындау негізінде балалардың есту қабілеті дамиды. Бұл орайда ғалым М.Х. Балтабаев өз еңбектерінде қазақтың халықтық музыкалық шығармашылығы жас жеткіншектерге көркем-эстетикалық тәрбие беру құралы ретінде қарастырылып, оның мәні мен орны белгіленген, өзіндік ерекшелігі анықталған . Мектептегі музыкалық тәрбие мен оқытуда халық әні шығармашылығының ерекше маңызды е к енінін және оның жа лпы білім беретін мектептегі музыкалық мәдениетті қалыптастыруда бірінші орында екенін назарға ала отырып,  академик Б.В. Асафьев мектептегі музыкалық білім беруде халық фольклорын кеңірек қолданудың өте қажет екенін түсіндіреді .

Жоғарыда келтірілген қағидаларды саралай келе, музыкалық-эстетикалық тәрбие дегеніміз - тұлғаның музыкалық талғамын, эстетикалық сезімі мен қызығушылығын, мәдениеті мен эстетикалық қажеттелігін қалыптастырып, болмыстағы құбылыстар мен өнер туындыларындағы әсемдікті қабылдай білу және өзіндік шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған мақсатты, жүйелі жүргізілетін тәрбие жұмысы деп түсінеміз.

Музыкалық-эстетикалық қабылдау - адамның қоршаған ортаға, табиғатқа, еңбекке деген адамгершілік сапалары мен эстетикалық көз-қарасының қалыптасуына негіз болатын сезімдік-эмоционалдық және интеллектуалдық қабілет. Жалпы психологтардың қабылдауға Берген анықтамаларын талдай отырып, мынадай тұжырымға келгенін көреміз:

«Қабылдау-сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың мида тікелей әсер еткен кезде тұтастай бейнеленуі». Демек, музыкалық-эстетикалық қабылдау баланы қоршаған заттардың сұлулығынан, көркемдігінен, әсемдігінен алған әсері нәтижесінде пайда болады. Ол мақсаттылығымен ерекшелене отырып, эстетикалық түсінік пен эстетикалық таным әрекеттері бар жерде толық жүзеге асады. [17;65]

Баланың таным процесі эстетикалық әсерленумен неғұрлым тығыз байланыста болса, оның қабылдауы соғұрлым тереңірек және нәтижесі кұндырақ болады. Сондықтан музыкалық-эстетикалық қабылдау жөніндегі жұмысты нақты белгілеп, талаптарды дұрыс анықтаған жөн. Бұл эстетикалық тәрбие құралдары мен әдістерін әдістемелік тұрғыдан дұрыс іріктеп, түрлендіре пайдалануға мүмкіндік береді. Мектеп окушыларының музыкалық-эс тетикалық қабылдауын тәрбиелеу мақсатында қазақ фольклоры жанрларын пайдалану, олардың өнер мен өмірдегі әсемдікті түсінуіне, көру мен есту түйсіктерін жинақтауға, танымдық процестерініңдамуына көмектеседі. Сонымен қатар ауыз әдебиеті жанрлары балалардың көркемдік тапқырлығы мен дағдыларын, шығармашылық іс-әрекеттерін жетілдіреді. Сол себептен де, қазақ фольклор жанрларын балалардың музыкалық-эстетикалық қабылдауын дамытуда тәрбие құралы ретінде пайдаланған жөн деп ойлаймыз.

Музыкалық шығарманы қабылдау процесі үстінде оқушы оны толық тыңдайды, бірақ толық түсінбеуі мүмкін. Сол сәттегі мұғалімнің жан-жақты, нақты, әсем, орынды қазақ фольклорының түрлерін, атап айтқанда мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегі-аңыздар т.т. көмекке келіп, түсінбеушіліктен толық саналы ұғынуға біртіндеп, дәйекті түрде жүргізілуге бағытталынады. Сабақтағы музыкалық қабылдау ойлаудың күрделі үрдісін талап етеді, соның нәтижесінде ғана бірте-бірте музыкалық бейне сомдалады. Әуендік интонациялар, ырғақтық құрылымдар, өзгермелі-құбылмалы даму құрылысы, тембрлік сипат, орынды балалар фольклорын қолдану арқылы ғана музыкалық бейне пайда болады.

Музыкалық шығарманы қабылдауда тыңдаушының көңіл-күйінің ахуалы аса маңызды. Ол үшін оқушы жасына, музыкалық тәжірибесіне лайық жоғары көркемдіктегі репертуар таңдаумен бірге соған сай әсерлі де орынды балалар фольклорын да сұрыптау бір қатар жүргізіледі. Алдын-ала, болмаса кейін фольклор материалдарын қолдану оқушы қызығушылығын күшейтіп, оның тыңдаушылық мақсаткерлігін белгілеп мақсаттандырады, сөйтіп музыкаға деген қажеттілікті туғызады.

 

 

 

 

 

 

 

                              2.3. «Отан – менің ата-анам» атты сабақтың желісі

Сабақтың тақырыбы: Отан – менің ата-анам.

Сабақтың мақсаттары:

  • Білімділік: «Әліппе» Б. Ғизатовтың әнін үйрету, «Отан» деген сөзге тереңірек түсінік беру. Оқушылардың әнге деген қабілеттерін арттырып, ән айту арқылы ой-сезімдерін ояту;
  • Дамытушылық: Оқушылардың ән айту, сазды тыңдай білу, есте сақтау және ести білу қабілеттерін дамыту;
  • Тәрбиелік: Өз халқын елін-жерін, отанын сүюге, ата-анасын, достарын, ұстазын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, жатқа айту.

Сабақтың көрнекілігі: қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері, Қазақстан картасы, әліппе, бпян, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Балалармен музыка арқылы амандасып, зейіні мен ынтасын сабаққа бағыттау.

ІІ. Жаңа сабақ

- балалар біздің бүгінгі сабағымыздың  тақырыбы «Отан – менің ата-анам». Балалар біздің ұлтымыз қандай? (қазақ).

- Олай болса қазақ халқының  үлкен ұлан байтақ жері бар, ол қазақстан жері, онда көптеген ұлттың өкілдері тату-тәтті тұрады, сол жерді «Отан» деуге бола ма? (Қазақстан картасы ілініп  «Отан» сөзі ілінеді).

- Мынау қазақ жері, қазақ халқын  басқа ел қайдан біледі, қалай  таниды, не арқылы біледі?

- Елтаңба, әнұран, Туымыз арқылы.

Толқыған дәні бар,

           Мамырлаған  малы бар,

Қыран қанат әні бар, қазақстан келбнеті

Әнұран, Елтаңбадан табылар.

1. Қазақстан елтаңбасында жарқын күн сәулесі, көк аспан, шаңырақ, жарық жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары бейнеленген.

2 Ту-көк аспан түстес, ту ортасында алтын күн, ол бүкіл әлемге нұр шашып тұр. Қыран құс,  алтын түстес ұлттық оюымыз берілген.

3. Әнұран. Бірігіп бір жүректен шырқайтұғын, Әнұран - мемлекеттік халық әні. Әнұран хормен орындалады.

-  Сонымен, бүкіл қазақ халқының  Отаны Қазақстан жері, ал «Отан»  деп тағы нені айтуға болады?

-  Ауыл, мектеп, ата-ана, досымыз.

- Дұрыс, туған ауыл, мектеп досымыз, ата-анамыз әр адамның кішкене отаны. («Отан» сөзінің жан-жағына суреттер ілінеді.) «Менің  Отаным» әнін  (Ө. Бәйділдаев) орындау.

Сергіту сәті. «Сағаттың тіліндей».

- Біз отырған мектепті Отан  деуге бола ма? Ал ұстаздар  осы мектептің басшысы, тәрбие беретін апайлар. Ұстаз туралы кім қандай ән біледі? Біз осы ұстаздарымыздың арқасында Отанымыздың үлкен азаматы бола аламыз, олай болса, ұстаздарға бас иіп, рахметімізді әнмен білдіреміз.

«Мұғалім ол біздің» әнін (И. Нүсіпбаев) орындау.

  • Мектепке келгенде апайымыз қандай кітап ұстатты? ( «Әліппе») «Әліппе» (Б. Ғизатов) орындау.

ІІІ. Қорытындылау.

Міне, балалар «Отан» деген не екен?  «Отан» деген сөздің мағнасы терең әрі көп. Ал, әр адамның кішкене Отаны – ата-анасы.Отан жайлы мақал-мәтелдер айту. Суреттерге қарап, әннің атын табу.

ІY. Сабақты бекіту.

  • Бүгін біз не туралы әндер орындадық? (Әліппе, Отан т.б.)
  • Отан дегеніміз не? (Ауыл, мектеп, ата-ана, досым).
  • Міне, кішкентай Отан – ата-ана, содан соң досымыз, метеп, ауыл, қала, Қазақстан бәрі де  «Отан»
  • Y. Үйге тапсырма. Әнді жаттап,  «Менің Отаным» тақырыбына сурет салу.
  • YI. Сабақты қорытындылау. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         Қорытынды

Жалпы білім беретін  мектептің   бастауыш сыеыптардағы музыка сабақтары -  білім мен тәрбие  беру ісіндегі маңызды салалардың  бірі. Мектепте жүргізілетін музыка пәні қоғамның әлеуметтік сұранысына жауап  бере отырып, оқушыларды  халықтық «ұлттық) музыкаға баулиды.  Музыкалық көркем бейне оқушыларды қоршаған ортада   болып жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін танып – білудегі  ой -өрісін  байытып,   дүниетанымын кеңейтеді.

Информация о работе Бастауыш сыныпта оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі музыканың рөлі