Құқық және мемлекеттік- құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 18:42, реферат

Краткое описание

Құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық нормалардың: құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Құқықта заңдар ерекше орын алады. Мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдары қабылдаған нормативтік актілер заң деп есептелінелді. Заң ең жоғарғы юрисдикциялық күш болып табылады. Мұның мәнісі – мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілер заңда негізделуге және заңға қайшы келмеуге тиіс деген сөз.

Содержание

1.Құқық ұғымы және белгілері.
2.Құқықтың пайда болуы және оның мәні.
3. Құқықтық норма ұғымы және құрылымы.
4. Құқықтың қайнар көздері, нормативті құқықтық актлер.
5. ҚР құқықтың әрекет етуі.
6.Құқықтық қатынас ұғымы және түрлері.
7. Құқықтық мәдениет және сана.
8.Құқық бұзушылық.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Құқық және мемлекеттік- құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі..docx

— 26.40 Кб (Скачать документ)

3.Парламенттің  заңды міндетіне кірмейтін, сондай-ақ  үкімет пен басқа да мемлдекеттік  органдардың  заңда көрсетілген  міндеттеріне жатпайтын мәселелерді  құқықтық жүйелендіру жүзеге  асырады.

4.Республиканың  экономикалық және саяси-әлеуметтік  дамуы жөніндегі стратегиялық  мәселелер бойынша шешімдер қабылданады.

Республикалық парламенттің актілері: парламент Республиканың бүкіл аумағында міндеті күші бар Республиканың заңдары, оның ішінде Парламенттің конститутциялық және заңдарды қолдануды енгізу мәселелері жөніндегі парламенттің нормативтік қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды, Парламент, өз құзіретіндегі мәселелер бойынша, сондай-ақ дара сипатты қаулылар қабылдайды.

Парламент пен Палаталар өз құзіретіндегі  мәселелер бойынша үндеулер, декларациялар, мәлімдемелер және және заңдық сипаты болмайтын өзге  де актілер қабылдауға хақылы. Парламент заң актілерін және басқадай актілерді палаталар бірлескен отырыстарында  қабылдаған кезде  дауыс беру Палаталар бойынша бөлек жүргізіледі.

Үкімет  актілері – заңдардың және Республика Президенті актілерінің негізінде  және соларды орындау үшін  шығарылатын  үкіметінің  нормативтік актілері және жеке қаулылыры. Үкімет актілері алқалық отырыстарында дауыс  беру арқылы қабылданады, оған Премер – министр қол қояды. Премер –  министр өз құзіреті бойынша жеке өкімдер шығарады. Үкімет қаулыларының және Премер – министрдің өкімдерінің  Республикасының бүкіл аумағында  міндетті күші болады. Үкімет қаулыларының күшін Республика Президенті мен  Үкіметтің өзі, ал  Премер – министрдің үкімдерінің күшін Республика президенті немесе Премер – министр жоя алады.

Жоғары сот актілері – Республика сот билігінің жоғары органының заңды нысанда еркін білдіруі. Бұл жоғарғы соттың Президиумы, Пленумдеры мен Төралқасының қаулылары мен өзге де актілері. Сот практикасыныңмәселелері бойынша соттарға түсінік беретін нормативтік актілерді Республиканың жоғары сот Пленумының қабылдауға хақысы бар.

Министрлік  – ведомстволар өз құзіреті бойынша  бұйрық, нұсқау береді. Өздерінің жүйесінде  бұл актілердің заң күші болады. Олардың орындалуын өздері бақылап  отырады.

Жергілікті мемлекеттік басқару  органдарының актілері Әкімшіліктер, Мәслихаттар өз құзіретіндегі мәселелер бойынша шешімдер, ал әкімдер – тиісті әкімшілік – аумақтық бөліністің аймағында орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдайды.  Конституцияға сәйкес  мәсілихаттардың жергілікті бюджет кірісін қысқартуды немесе шығысын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана қарауға енгізілуі мүмкін.

Парламенттік  Республика. Заң жүзінде жоғарғы  өкімет органы парламент, сайлауда жеңіп  шыққын саяси партия өкілдерінен  Үкімет құрылады. Үкімет өз жұмысы жөнінен  парламентке бағынышты және оның алдында есеп береді. Парламент  конституциялық, төтенше тағы басқа  заңдарды қабылдайды, бекітеді, қаулылар қабылдайды, шығарады.

Мемлекеттің басқа органдарының (презитенттің, үкіметтің, премер-министрдің, сот органдарының, жергілікті басқару органдарының т.б.) нормативтік актілер шығару, қабылдау, бекіту құзіреттері Президенттік Республикадан  көп айырмашылығы жоқ.  Қазақстан 1993 ж. Конституция бойынша парламенттік Республика, 1995ж. Екінші Конституцияға  сәйкес – Президенттік Республика болады.

6. Қоғамдық қатынастар – белгілі бірөндіріс тәсілі негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын  күрделі де сан қилы қатынастар. Философия тарихты материалистік тұрғыданқоғамдық қатынастарды материалдық және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас объективті, адамдардың  санасы мен еркіне байланысты емес. Материалдық қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы  адамдардың өндірістік қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Өндірістік қатынас- қоғамдық өндірістің  қажетті жағы. Жеке адам материалдық игіліктерді  өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі  байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндіріс орындары.

Идеологиялық қатынастар   адамның санасына байланысты болады. Оның ең маңыздылары – саяси, құқықтық, моралдық, ұлттық, діни т.б. қатынстар қатынастардың барлық жиынтығы - өзара заңды байланыста реттелген бұлжымас  бірізді жүйе.  Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі бірізділік табу, оның ең басты, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың өзара байланысын сипаттайтын заңдылықтарды ашу – ғылымның зор еңбегі. Қоғамдық өмірде қарым – қатынастар әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар  ретінде және сол  ұжым ішіндегі қатынастар ретінде де өмір сүреді. Қоғамдық қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір сүретін белгілі бір әлеуметтік ортасы болып табылады.

Құқықтық қатынастар – адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым – қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен  бір-бірімен қарым-қатынас  болады. Бұл объективтік  прорцесс. Қоғамның диалектикалық  даму процесіне сәйкес қарым- қатынастар да ескіріп, эжаңарып жатады. Бұл процесс  әртүрлі жолман  дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің  шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түріне шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның  экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан, адамдардың және қоғамның мүдде - мақсаттары   тұрғысынан бостандықты дамыта отырып кейбір қарым – қатынастарға шектеу қойылды.

Қоғамдық  қатынастар әртүолі болады: саяси, моралдық,  экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс –  қатынастар  моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі.  Мысалы, отбасы қатынастарының көпшілігі  дәстүр, діни  нормалармен  реттеліп жатады.

Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен  реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарып отырады.

Құқықтық қатынастар дегеніміз  – мемлекеттік кепілдіктегі екі  жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас.  Құқықтық қатынастардың нышан – белгілері:  

Бірінші – құқықтық қатынастар тек нормативтік  актілер арқылы реттеліп отыратын қарым  – қатынастарды біріктіреді. Нормативтік  актілерде қатынастың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс  орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі.  Құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.

Екінші  – қатынастың субъектілерінің екі  жақты құқықтары мен  міндеттерінің  толық көрсетілуі. Бір жағынан  құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді.  Субъектілердің  бостандығы тең болады.

Үшінші -  субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды.

Төртінші  – егер қатынаста нормативтік  актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл  кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.

Құқықтық қатынастардың түрлері:

1.Қоғамдағы  барлық қатынастар және нормативтік  актілер құқықтың  жүйе-саласына  сәйкес бірнеше түрге  бөлінеді: мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық,  қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық,  азаматтық-процессуалдық, т.б. құқықтар.

2.құқықтық  норманың атқаратын ісіне қарай  қатынастар екіге бөлінеді. Реттеуші  және қорғаушы. Реттеуші нормалар  қатынастарды реттеп – басқарып, дамытып отырады. Қорғаушы нормалар  қарым-қатынастардың дұрыс, заңға  сәйкес орындалуын қамтамасыз  етеді.

3.құқықтық  қатынастар  мазмұнына қарай екіге  бөлінеді: жалпылық және нақты.  Жалпылық түрде құқықтық қатынас  мемлекет пен жеке азаматтардың  арасында болады. Нақты түрдегі  қатынастар заңды себептнр, фактілер  болғанда басталады. Мысалы: сауда-сату  шарты, біріккен фирма құрылысы  т.б. себептер.

4.Құқықтық  қатынастардың субъектілерінің  жағдайларына қарай екіге бөлінеді: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік  түрде қатынастар туатын құқық  бір жағындағы субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектісінде  тек  міндеттер болады. Бұл  жағдай нормативтік актіде анық  көрсетіледі. Мысалы, жеке меншіктің  иесі құқықтық қатынаста болса,  оның құқығын ешкім бұза алмайды  және ол меншікке қатынастың  субъектілері нышан келтірмеуге  міндетті. Салыстырмалы түрдегі  қатынастардың субектілерінің құқығы  мен міндеттері бірдей болады.

Құқықтық  қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың  ең күрделісі және  ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс, прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етеді.

 

Құқықтық  қатынастар – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қоғамдық байланыстар. Құқықтық қатынас тек қана адамның  мінез – құлқына құқықтық норма  әсер еткенде пайда болады. Құқықтық қатынас – бұл субъективті  құқықтар мен заңды міндеттер  арқылы пайда болатын адамдар, ұйымдар, мемлекеттік органдар арасындағы байланыс. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті де жақсартуға мүмкіншілік  жасайды.

Құқықтық  қатынастың құрылымы төрт элементтен  тұрады: субъект, объект, субъективтік құқық, заңды міндеттер.

1.құқықтық  қатынастың субъектісі – жеке  адам мен заңды тұлғалар. Қазақстан  Республикасының және басқа елдердің  азаматтары сондай-ақ азаматтығы  жоқ адамдар жеке  тұлғалар  болып  ұғынылады.  (ҚР АК, 12б.). қатынастың субъектісі болу үшін  олардың құқықтық қабылеті және  әрекеттілігі қалыптасуы керек. Құқықтық қабылет – құқыққа бостандықтар мен міндеттерге ие болуы қабілеті. Құқықтық қабілет адам туған сәттен басталып, өлгенде аяқталады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтардың құқықтық қабілетінің негізгі мазмұнын анықтайды: меншігінде мүлік, оның ішінде шетелдік валютаны ұстауға ие болу; мүлікті мұрагерлікке не өсиет етіп қалдыру; тұратын жерін өзі таңдап алу: шет елдерге кетуге, қайтып келуге ерікті; шаруашылық құруға қарым – қатынас жасауға т.б. құқықтары бар (кодекстің 14-бабы).

Әрекеттілік  (дееспособность) – адамның өз әрекетімен құқығын пайдалана алу және оны жүзеге асыру,өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау қабілеті. әрекеттіктің басты шарты кәмелеттік немесе құқықтық нормада белгілі жасқа толу болып табылады.

Құқықтық  субъектіліетің (әрекеттіліктің) адамның  тәртіп бұзғаны үшін  заңдылық жауапқа  тартылу жағдайына байланысты бөлігі: құқықтық жауаптылық мүмкіндігі (деликтоспособность) деп аталады.  Бұл мүмкіндік Республиканың  қылмысты імтер заңы бойынша он алты жасқа толғаннан басталады. Ал, ауыр қылмыстар (кісі өлтіру, зорлау...) жасаған жағдайда он төрт жастан басталады.

Құқықтық  субъектіліктің (әрекеттіліктің) шарттар  жасап  басқа да келісімдер жүргізуге  негіз болатын мүмкіндігі келісім  қабілеттілігі деп аталады. Толық  әрекеттілігі жоқ адамдар  шектеулі келісім қабілетіне ие болады. Кәмелетке  толмаған он төрт жасқа дейінгілер үшін келісімді олардың атынан ата  – аналары, асырапалушылары, не қамқоршылары жасайды.

Құқықтық  қабілеттілік пен әрекеттілікке  заң актілерінде қарастырылған  тәртіп пен жағдайларда ғана болмаса, ешкімге шектеу қойылмайды.

Адамдардың  әрекеттілігіне бірнеше шектеу қойылады:

-кәмелеттік  жасқа толмаса адамдардың саяси  құқығы болмауы, үйленуге (жанұя  құруға), қылмыстық... жауапкершілікке  тартуға, жұмысқа орналасуға, әскер  қатарына шақыруға шектеулер  бар. Оларды бұзуға тыйым салынған (шектеудің түрлері):

-адамдардың  денсаулығының нашар болуы;

-туысқандық-қандас  болу;

-егерде  азамат сотталған болса;

-діни  нормаларға шектеу.

Шет елдің  азаматтары толық, құқықты, тек олар сайлауға қатысуға, сайлануға, әскер  қатарына шақырылуға құқығы жоқ.


Информация о работе Құқық және мемлекеттік- құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі