Қаржылық менеджменттің мәні, мазмұны мен құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 21:09, реферат

Краткое описание

Елімізде нарықтық қатынастардың дамуы, еліміздің экономикасының халықаралық экономикалық жүйеге дендеп енуі кәсіпорын қаржыларының маңызы мен міндетін арттыра түсті. Кәсіпорынның қаржылық ресурстарының жағдайы , оынң қызметінің нәтижелерін анықтайтын фактор болып табылады. Кәсіпорын жағдайының сандық және сапалық параметрлері оның нарықтағы орны мен экономикалық кеңістікте өзіне тиімді қызмет ету мүмкіндігін анықтайды. Осы мәселелердің барлығы экономиканы басқаруда қаржылық басқаруға деген басымдықты арттыра түсті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

касипорын менендж.docx

— 87.60 Кб (Скачать документ)
  1. Меншік формасы бойынша:

- меншіктің мемлекет формасындағы  кәсіпорын ( мемлекеттік басқарудың  барлық деңгейінде );

- мемлекеттің мемлекеттік  емес формадағы кәсіпорындар.

 

  1. Іс-әрекеттің ұйымдық-құқықтық формалары бойынша:

- жеке кәсіпорын;

- серіктестік;

- корпоративті.

  1. Сомалық белгі бойынша:

Соманың істеп тұрған классификаторы мен іс-әрекеттің түріне сәйкес кәсіпорынның түрі.

  1. Меншікті капиталының көлемі бойынша:

- кіші кәсіпорын;

- орташа кәсіпорын;

- үлкен кәсіпорын;

- ірі кәсіпорын.

  1. Нарықтағы монополиялық орны бойынша;

- кәсіпорындағы табиғи  монополист;

- тиісті нарықтағы өзінің  өнімін өткізу үлесі бойынша  монополиялы кәсіпорын;

- бәсекелестік ортада  жұмыс істейтін кәсіпорындар.

  1. Өмірлік цикл сатысы бойынша:

- «құрылу» сатысындағы кәсіпорын;

- «балалық шақ » сатысындағы кәсіпорын;

- «жастық шақ» сатысындағы кәсіпорын;

- «ерте даму» сатысындағы  кәсіпорын;

- «соңғы даму» сатысындағы  кәсіпорын;

- «тоқырау» сатысындағы  кәсіпорын;

Қаржы менеджментінің негізгі  субьектілері:

- кәсіпорын иесі. Қаржыны  басқару функцияларын және қаржылық  іс-әрекеттің біршама бөлігін  өзі жүзеге асырады.

- кең профильді қаржы  менеджері. Маман болып табылатын  қызметкер кәсіпорынды қаржылық  басқарудың барлық функцияларын  орындайды.

- функционалды қаржы менеджері.  Тар мамандалған жұмысшы, кәсіпорынның  бір сферасындағы қаржы іс-әрекет  басқару функциясын орындайды.

     

2 Қаржылық менеджменттің принциптері

Кәсіпорынның қаржылық әрекетін тиімді басқару бірқатар принциптерді жүзеге асыру барысында қамтамасыз етіледі, соның ішінде ең негізгілері:

  1. Кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесімен біріктірілуі.

Кәсіпорынның қандай саласында  болмасын басқару шешімі, тура немесе жанама түрде ақша ағымының құрылуына  және қаржылық әрекеттің нәтижесіне әсерін тигізеді. Қаржылық менеджмент өндірістік менеджментпен, инновациялық менеджментпен, жұмысшылар менеджментімен және басқа да қызметтік менеджменттермен тікелей байланысты. Бұл кәсіпорынды  басқарудың жалпы жүйесімен  қаржылық менеджменттің үйлесімді біріктірудің қажеттілігін анықтайды.

  1. Басқару шешімдерінің құрылуының кешенді сипаттамасы.

Қаржы ресурстарын құру, бөлу және қолдану саласындағы және кәсіпорынның ақша айналымын ұйымдастыру  бойынша басқару шешімдері оның қаржы қызметінің нәтижесімен тығыз  байланысты және оған тура немесе жанама түрде әсер етеді. Кейбір жағдайларда  бұл әсер қарама-қарсы сипатта болады.  Мысалы, өте мол кіріс әкелетін қаржы инвестицияларын жүзеге асыру өндірістік қызметті қаржыландыру тапшылығына, сәкесінше операциялық пайданың көлемінің азаюына әкеледі ( меншікті қаржы ресурстарын құру мүмкіндігі төмендейді) . сондықтан қаржылық менеджмент кешенді басқару жүйесі тұрғысынан  қарастырылуы тиіс және де ол кәсіпорынның қаржы қызметінің жалпы нәтижелілігіне өз үлестерін қосатын өзара байланысты басқару шешімдерінің дайындығын қамтамасыз етуге тиіс.

  1. Басқарудың жоғары динамизмі.

Кәсіпорында , өткен кезеңде  дайындалып, жүзеге асырылған, қаржы  ресурстарын құрып, қодану және ақша айналымын оңтайландыру саласындағы  тиімді басқарушылық шешімдер үнемі  кәсіпорынның қаржы қызметінің келешектегі  кезеңдерінде қолданыла бермейді. Бұл  нарықтық экономикаға көшу кезеңіндегі  сыртқы факторлардың жоғары серпініне  және ең алдымен- қаржы нарығының жағдайының өзгеруіне байланысты. Сонымен қатар, уақыт өткен сайын кәсіпорынның ішкі жағдайлары да өзгереді. Сол себепті қаржылық менеджментті сыртқы орта факторларының, ресурстық мүмкіндіктерінің , өндірістік және қаржы қызметінің ұйымдастыру нысандарының , қаржы жағдайының өзге де кәсіпорынның қызмет ету параметрлерінің өзгерісін ескеретін жоғары динамизммен сипаттауға болады.

  1. Жеке басқарушылық шешімдерді дайындауға көзқарастың көпнұсқалылығы.

Осы принципті жүзеге асыру  үшін, қаржы ресурстарын құру және қолдану, ақша айналымын ұйымдастыру  саласындағы әрбір басқарушылық шешімді әрекеттің балама (альтернативті) мүмкіндігін ескере отырып дайындау қажет. Басқарушылық шешімнің балама жобалары болған жағдайда, кәсіпорынның нақта  қаржы саясатын немесе қаржы стратегиясын , қаржы идеологиясын анықтайтын критерийлер  жүйесін негізге ала отырып, жүзеге асыратын таңдау жасау қажет. Мұндай критерийлер жүйесін кәсіпорын  өзі бекітеді.

  1. Кәсіпорынның даму стартегиясының мақсаттарынан хабардар болу.

Ағымдағы кезеңде қаржы  қызметі саласындағы қандай да болмасын басқарушылық шешімдерінің жобасы тиімді болып көрінгенмен, егер ол кәсіпорынынң басты мақсатына , оны дамытудың  стратегиялық бағыттырына қарама-қайшы  келсе , алдағы уақытта қаржы ресурстарының  ішкі көздері әсерінен меншікті қаржы  ресурсын құрудың экономикалық базасын  бұзса, ол қабылданбау керек болып  саналады.

Жоғарыда аталған принциптерді ескере отырып ұйымдастырылған тиімді қаржылық менеджмент кәсіпорынның өндірістік қызметінің жоғары қарқынмен өсуі мүмкіндігін  қалыптастыра алады, тауар және қаржы  нарығында бәсекелесетін позициясын біршама жоғарлатады, болашақта  стратегиялық-экономикалық дамуды қамтамасыз ете алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Қаржылық менеджменттің функциялары

Қаржылық менеджменттің  екі негізгі функциясы бар: басқару обьектісінің функциялары және басқару субьектілерінің функциялары.

Басқару обьектісінің функцияларына  мыналар жатады:  ақша айналымының  ұйымдастырылуы, қаржылық құралдар және инвестициялық жабдықтармен жабдықтау, қаржылық жұмыстарды ұйымдастыру және т.б.

Басқару субьектілерінің  функциялары қаржылық жұмыста және шаруашылық процесте адамдардың қарым-қатынасына әрекет жасауға бағытталған жалпы  қызмет түрі. Бұл функциялар, яғни нақты  басқару түрі жинақтардан , табыстардан, ақпаратты сақтаудан, шешімдерді қабылдаудан  тұрады. Қаржылық менеджментке мынадай  функциялар тән: жоспарлау, болжау, ұйымдастыру, реттеу, үйлестіру, ынталандыру, бақылау.

Қаржылық менеджментте жоспарлау  маңызды орын алады. Басқару функциясы  – қаржылық жоспарлау- мемлекеттің  қаржысымен байланысты қатынастарын реттейтін  құқық саласы. Қаржылық жоспарлау  экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың негізгі бөлігі болып, қаржылық механизмнің  қосалқы жүйесі болып табылады. Қаржылық жоспарлау- ақша ресурстарын құру, бөлу, қайта бөлу және пайдалану процестерін  жоспарлы түрде басқару.

Болжау қаржылық менеджментте- белгілі бір құбылыс, обьект, пооцестің нақты болашақ дамуында болжамды әзірлеу болып табылады.

Қаржылық менеджментте ұйымдастыру  формасы әртүрлі ережелер арқасында  қаржылық бағдарламаны бірге тудыратын  адамдар жиынтығы.

Реттеу қаржылық менеджментте- қаржылық жүйенің тұрақтылық жағдайына  жету құралы арқылы басқару обьектісіне  әсер етуі. Реттеу ағымдағы іс-шараларды  құрайды.

Үйлестіру қаржылық менеджментте- мамандар және басқару аппаратарының , басқару жүйелерінің барлық бөлімдерінің жұмысын ыңғайлату.

Ынталандыру- өзінің еңбегінің  қорытындысына қызығушылығы қаржылық қызметтегі жұмысшыларды ынталандыру  болып табылады. Шығындалған еңбектің сапасы мен санына байланысты қажеттіліктердің бөлінуі арқылы ынталандыру жүзеге асырылады.


Информация о работе Қаржылық менеджменттің мәні, мазмұны мен құрылымы