XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы Латын және Солтүстік Америкадағы халықаралық қатынас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 16:51, реферат

Краткое описание

Америка континентіндегі гегемонияны алу үшін АҚШ сол кезде өте танылған панамериканизм козғалысын (ол американдық мемлекеттердің қызығушылығының бірлігін уағыздаған) кең көлемде пайдаланды. 1869-1890 жылдары АҚШ алғашқы американаралық конференцияны шақырды. Онда 1910 жылы "Панамерикандық одақ" деген атауға өзгертілген жанында тұрақты коммерциялық бюро құрылған өзара - экономикалық ақпаратты алмасу мақсатында американ мемлекеттерінің Халықаралық Одағы құрылды.

Содержание

1. АҚШ-тың сыртқы саясаты
2. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Латын Америка елдері және ондағы шиеленістер
3. Рузвельттің "Үлкен шоқпар" саясаты және АҚШ-тың Орталық Американың Кариб бассейніне қарулы интервенциясы. "Доллар дипломатиясы" және АҚШ -тың Латын Америкасы елдеріне экономикалық енуі
4. Халықаралық қақтығыстардың шиеленісуі

Прикрепленные файлы: 1 файл

4136_XIX___XX_______.doc

— 122.50 Кб (Скачать документ)

 

Дегенмен, әлі де нық қадамдар жасауға  батпады. «Куба мәселесін» шешуде демократтар  мен республикандықтардың бірігуі  үшін уақыт керек болды. Бұл жағдай президент-демократ Кливлендтің қолын байлады. АҚШ әскері испандықтарға карсы соғысқа дайын емес еді.

 

Кубадағы соғыс ұзаққа созылды. Құрама Штаттар антиисттандық кампанияны күшейтті. Бұл өз нәтижесін берді. Себебі, Вейлердің қатыгездігі артып  келеді, ал аралдағы кәсіпкерлік және сауда ісі орнында қатып қалған болатын.

 

1896 жылы тағы бір испан отарында, Филиппин аралында көтеріліс  ошағы жанды. Метрополиядан мыңдаған  шақырымға, Атланттан Тынық мұхитына  күштерді тасыған Испания дал  болды.

 

1896 жылы қарашада АҚШ президенті болып Маккинли сайланды. Оның бағдарламасындағы негізгі мәселе Куба мәселесіндегі нақты әрі батыл саясат болды. Экспансионистер Испаниямен соғыс жариялауды талап етті.

 

Желтоқсанда ұрыс кезінде Масео  қаза тапты. Кубиндықтар үшін бүл қайғылы жағдайды АҚШ-тағы Кубаның ресми өкілі Эстрада Пальма өз еліндегі қарсыластарының Вашингтонмен әскери әріптестігін әлсірету үшін пайдаланды. Куба мәселесіндегі Ұлыбританияның позициясы да күннен күнге американдық бола бастады. Әбден пісіп жетілген Куба эскері өз қарсыластарын ірі қалаларда тұсау қылды. Басқаша айтқанда, кубалықтардың Испанияға қарсы соғысына қатысуына АҚШ үшін қолайлы жағдай туа бастады.

 

Экономикалық  қиыншылықтар мен либералдар мен  консерваторлар арасындағы саяси тартысты бастан өткізіп жатқан Испания үкіметтің саясатына қарсы халық наразылығынын алдында түрды. 1897 жылы Кубадан Вейлер қайтарылып алынды. Кубаға берілген автономияны кубалықтар да, американдықтар да мойындамады. Аралдағы әскери әрекеттер жалғасып жатты. 1898 жылы қаңтарда Ақ үй бұл Испанияға қарай иілудің белгісі деп Гаванаға броненосец «Мэнді» жіберді.

 

Испания «Мэнді»  Гаванаға жіберді. 1898 жылы испан елшісі Дюпуи де Ломның Маккинли туралы жағымсыз түрде жазылған жеке хаты ұрланып  алынады. Хатты баспаға беріп, оны АҚШ-тағы шовинистік жағдайдың қалыптасуына сылтау ретінде пайдаланды. Елші жұмыстан кетуге арыз берді. Мадридтегі үкімет оны қабылдады.

 

Бірнеше күн  өтті. 15 ақпанда Гавана тұрғындары жарылыс  естіді. Жарылысты зерттеуге келген американ делегациясы жарылыста Испанияны кінәлі деп тапты. Испан-Американ соғысынан қашып құтылу мүмкін емес болды.

 

АҚШ-та соғысқа  дайындық аяқталды. 19 ақпанда конгресс Испаниядан Кубадағы биліктен бас тартуды  талап ететін резолюцияны қабылдады. Екі күннен кейін Испания ультиматумды қабылдамай тастады. АҚШ президенті аралды коршау туралы жарлық берді. 23 сәуірде Испания, ал 25 сәуірде АҚШ Испанияға соғыс жариялады. Соғыс жарияланды, Куба жағалауларында Американ флотының Атлантикалық эскадрасы жүрді, бірақ әскер әлі жағалауға орныққан жоқ. АҚШ соғыс жариялаймын деп асығыс жасаған сияқты. Волонтерлік бөлімдер әлі қалыптасып бітпеген еді, оның әскер мен флотпен әлі де байланысы орнап бітпеген, әскер шоғырланған жерлерде түсініспеушіліктер көп болды. Испанияға жаны ашушылар бұл жағдай оның есін жинауға, өзіне одақтастар тауып, кубалықтармен келісімге келуге қолайлы болар деп ойлады. Алайда 1898 жылы 1 мамырда американдык эскадра Манилаға басып кіріп ондағы адмирал Монтехоның испандық флотын су астына батырды. Американдықтар бір де бір адам жоғалтпай, бүкіл Филиппин бұғазындағы теңіз коммуникациясына бақылау орнатты. Тынық мұхитындағы АҚШ-тың кенеттен жасаған әрекеті көпшіліктің бұл соғыстың Кубаны азат ету үшін жүргізіліп жатыр деген ойын күмәнға келтірді. Бұл әрекеттің астарын АҚШ-тың империалистік бақталастары нық түсінді. Германия согысушы жақтардың арасына өзінің эскадрасын жіберді. Мұны американдықтар қабылдамады.

 

Вест-Индияда  испандықтар өздері үшін қайғылы  шешімді өздері тездетті. Кубага американдықтардың  көзінен таса Испаниядан адмирал Сервердің эскадрасы келді. Ол соғысқа жарамсыз еді, бірак жағалаудағы қамалдарға арқа сүйеп кубалықтарға қарсы әрекет еткші жаяу әскерді және арал жағалауларын күзетуге жарады. Сервер абайсызда оны ашық теңізге шығарып жібереді. Американ кемелері оны жолда қолдарына түсіреді. 3 шілдедегі ұрыста Сервер эскадрасы талқандалады. Американдықтар жақтан 1 адам қаза тауып, 10 адам жараланады.

 

Куба толығымен  метрополиядан оқшау қалды. Аралдағы испан әскері өзінің тығырыққа тірелгенін сезінді. Оның командирлері енді қарсылысу жөнінде ойламады. Американдықтар, керісінше, теңіздегі жеңіске масайрап жүрді. Испан гарнизоны капитуляцияланды. 12 тамызда олардың аралдағы қимылдары тоқтатылды. 14 күні американ әскерлері мен филиппин көтерілісшілері Манилаға ие болды. Соғыс бұл аймақта да тоқтады. Бейбіт келіссөздер басталды.

 

Испания мен  АҚШ арасындағы бейбіт келісімге 1898 жылы 10 желтоқсанда қол қойылды. Испания Кубадағы және Вест-Индиядағы  басқа да аралдық иеліктеріндегі және Гуам аралдарындағы иеліктеріндегі құқықтарынан бас тартты. АҚШ-на Филиппин аралдары өтті, ал ол үшін Испания 20 млн. доллар алды.

 

Келісімшартта Кубаның тәуелсіздігі жайлы, аралдағы американ әскерінің болу мерзімі  жайлы сөз қозғалған жоқ. Американдықтар өздерін жаулап алынған елде жүргендей  сезінді. Куба азат ету әскеріне испандьгқтар тастап кткен жерлерге енуге тыйым салынды. Аралды толық бағындыру мақсатымен АҚШ кубалық карулы күштерді таратуға бел байлады.

 

Куба әскері мен халқының американдық «жаңа» басқыншылардың саясатына наразылығы көтеріліске оңай үласып кете алар еді. Вашингтондағылардың мазасы кетті. 1899 жылы президент Маккинли аралға өзінің эмиссарларын жіберді. Ол генерал Масимо Гомесқа жуық арада аралдағы американ әскерлерін эвакуациялау туралы және түрғындарға өз тәуелсіздіктерін мойындауға құқық беру туралы жарлық шығатынын айтты.

 

АҚШ Кубаға өз әскерін енгізу үшін соғыс жариялады. Испаниямен келісімге отырып ол қағаз жүзінде бұған құқық алып аралдағы оккупацияны еш қиындықсыз жүргізді. Куба әскері таратылған соң американ оккупациясы айдан анық болды. Америка Құрама Штаттарына тәуелсіз егеменді Куба республикасын құру енді мүмкін емес еді. Париж келісімінің мазмұны АҚШ білгеннен кейін американдықтардың көпшілігі аң-таң болды: Кубаны азат етуге арналған соғыс шын мәнінде Атлант және Тынық мұхитындағы тағы бір американдық отардың пайда болуына әкелді. Американдықтардың прогрессивті өкілдері бүл жағдайды сынға алды.

 

Келісім шарт 1899 жылы 6 ақпанда тек 2 дауыс артықшылықпен ғана ратификацияланды. Нәтижесінде, пуерторикалықтар мен  филиппиндіктер тағы да отарлық езгіге түсті, ал Кубаның тәуелсіздігі тағы да шешілмеген мәселе болып қала берді.

 

Филиппин халқы өз еліндегі американ тәуелсіздігін мойындамады. 1902 жылға  дейін созылған жаулаушыларға қарсы  күрес басталды. Оны басу үшін американдықтардың  қылығы Вейлерден кем түспеді.

 

Кубаны оккупациялай отырып американдықтар өз каржысының Кубаға еркін енуін қамтамасыз етіп бүкіл Куба экономикасын өз бақылауына алды. Осыдан кейін Кубалыктарға өз конституциясын құрауға рұқсат беруге және американ әскерін Кубадан шығаруға уәде берді. 1901 жылы 14 ақпанда Конституция мәтіні қабылданады. Бірақ 25 ақпанда АҚШ конгресінде сенатор Плато АҚШ пен Куба арасындағы қатынастардың шарттары туралы ұсыныс жасайды. Сондықтан бұл ұсыныс тарихта «Платтаның түзетулері» деген атпен қалды. Конгрес оны 1901 жылы 2 наурызда қабылдап, сол күні президенттің қолдауына ие больш, 1903 жылы 22 наурызда АҚШ пен Куба арасындағы келісімге қол қойылған соң күшіне енді.

 

АҚШ-тың түзетулерінің шарттары бойынша Кубаның сыртқы саясатына  бақылау орнады, оған Американың санкциясынсыз  шет елдік державалармен келісім шарттар жасауға және олардан қарыз алуға тыйым салынды. АҚШ оның ішкі саясатындағы да тізгінді өз қолына алды. Елдің ішкі тыныштығына зиян деп тапқан кез-келген бүлікті американдық полиция тәртіпке келтіруге міндеттенді. Куба Америкаға әскер теңіз база құру үшін өз территорияларының кейбіреуін жалға беруге міндеттенді. Іс жүзінде Кубаның үстінен Американ протектораты орнады.

 

Кубаның құрылтай жиналысы «Платта  түзетулерін» Куба конституциясына  қатысы бар деп тауып қабылдаудан  бас тартты. Бұл жағдайда Вашингтондағылар оккупацияны созамыз деп қорқытты.

 

«Платта түзетуі» және Кубадағы американ капиталының үстемдігі елді АҚШ-ның  жартылай отарына айналдырды. Өз үстемдігін пайдаланып американдықтар Кубадағы президент  сайлауын бақылады. Өздеріне сенімді Эстрада Пальменің жеңісін қамтамасыз етті. 1902 жьтлы 24 ақпанда ол Куба республикасының президенті болды. 20 мамырда елде Куба жапауы желбіреді. Американ әскері аралды босата бастады. Алайда, Куба халқына толыққанды бақытқа кенелу үшін әлі ұзақ күресу керек еді.

 

Испаниядан Филиппинды, Пуерто-Рико мен Гуамды тартып алып АҚШ бөлініп  қойған әлемді қайта бөлісуге кірісті. АҚШ үшін испан-американ соғысы «үлкен таяқ» саясаты мен «доллар  дипломатиясының» бастамасы болды.

 

Әлемді қайта бөлісу үшін күрес  барысында АҚШ тек қана Испаниямен ғана емес басқа да империалистік державалармен кақтығысты. Бұл қақтығыстар испан-американ соғысын кеңейтпесе де, державалар арасындағы бәсекелестікті ушықтырды.

 

Испан-американ соғысы, сонымен қатар, Самоа мәселесінің шешілуін тездетті. 1899 жылы желтоқсанда (АҚШ, Англия, Германия) үштік протектораты тоқтатылды; аралдар Германия мен АҚШ арасында өзара бөлінді. Германия ең үлкен Уполу мен Саваи аралдарын иемдендіү АҚШ Тутуилу мен шығыс ендіктегі қалған аралдарды иемденді. Англия Германиядан компенсация ретінде Тонган мен Соломон аралдарының бІр бөлігін, батыс Африкадағы кейбір территорияларды алды.

 

Латын Америкасының нарығына ең алғашқы  болып және ең терең енген Англия болды. Францияның 1861-1867 жылдары Мексикада  орын тебемін деген талпыныстары жүзеге аспады. Испанияның Америкадағы бұрынғы отарларының бір бөлігін болсын өзіне қайтарамын деген үміттері де зая болды. Америка Құрама Штаттары ешкімге дес берер емес.

 

АҚШ-тың оңтүстікке экспансиясы  оның мемлекеттік еркіндігін алмай жатып ақ басталған. 1803 жылы Луизиана сатып алынды. Латын Америкасындағы еркіндік үшін соғыс жылдары АҚШ көтеріліске шыққан испан отарларының бір бөлігін басып алған. Кейіннен олар Мексиканың көптеген территорияларын басып алды. 1823 жылы Монро доктринасы жарияланғаннан кейін ол басқыншыларының негізгі идеологиялық құралы болды. «Америка американдықтар үшін» деген сөздің астарында «АҚШ үшін» деген ой жатты.

 

Азамат соғысынан кейін экономикалық тұрғыдан әлденіп алған АҚШ Кариб  бассейніндегі ағылшындықтарды ығыстыра бастады. 1879-1884 жылдары Тынық мұхитындағы соғыс кезінде олар оңтүстікке қарай орнықпақ болды. Соғыстың бірінші кезеңінде АҚШ дипломаттары Перу жағалауларындағы чили флотының әрекеттеріне қарсы наразылықтар ұйымдастырды. Мұнымен ол американдықтар үшін Оңтүстік Америкадағы саудаға жол ашпақ болды.

 

Такна мен Арикадағы перуліктердің  жеңіліс табуы чилиліктердің  басымдылығын көрсетті. АҚШ барлык жерлер чилиліктердің қолында (яғни ағылшындықтардың) қолында қалуы  әбден мүмкін екенін жете түсінді. 1880 жылы 22 қазанда Перудегі американдық елші Христианси арадағы елшілік қызметін атқарды. Ол Африканың маңында орналасқан американдық әскери кемеде соғысушы жақтардың өкілдерін жинады. Бейбіт келісім туралы сөз қозғалғанда Христианси Гарси Кальдеронның жаңа үкіметіне АҚШ Перудің бөлшектенуіне жол бермейтіндігін айтты. Христиансидің орнын басқан Хэрлбат та осы жолды жалғастырды. Хэрлбаттың жеке мүддесі американдықтардың мүдделерімен байланысты. Бұл капиталистер Перу мен Боливияның әлсіздігін және оның АҚШ-қа арқа сүйеп отырғанын пайдаланып, «Перулік компания» құрудың жобасын жасады. Оның қолына перулік және боливиялық селитралар және Чили оккупациялаған территориялардағы гуано қоры өтуі керек болатын. Бұл алаяқтыққа мемлекеттік хатшы Блейн де қатысты. Гарсия Кальдерон перулік жерлердің кейбір бөлігін Чилиге өткізетін құжатқа қол қоюдан бас тартты. Чилилік әскери басқарма оны қамауға алды. Американдық дипломаттардың бұл мәселеге араласуы чилиліктерді жэне олардың артында тұрған ағылшындықтардың ызасына тиіп, Перу мен Боливияның жағдайын одан әрі ушықтырды.

 

Вашингтондық саясаткерлердің  Чилидегі сәтсіздігі олардың сағын  сындырмады. 1889 жылы АҚШ-тың ұсынысы  бойынша бірінші американаралық конференция шақырылды. Мемлекеттік  хатшы Блейн бұл конференцияны  шақырудьщ негізгі мақсаты келешекте АҚШ-тың Латын Америкасындағы билік етуі екенін ашық айтты.

 

Алты жыл ғана өткеннен кейін  АҚШ-тың келесі мемлекеттік хатшысы  Олни Монро доктринасының жаңа нұсқасын ұсынды: «Қазіргі таңда АҚШ осы  құрлықтың толыққанды иесі боып табылады, ал оның әрбір іске араласқандағы әрекеттері заңды болып табылады. Неге? Оларға таза достық пен мейірлі қарағандықтан емес. Олар жоғары өркениетті мемлекет болғаннан кейін немесе АҚШ-ның әрекеті әділеттілікпен сипатталатындықтан емес. Мәселе мынада, жоғарыда айтылған себептермен қоса, АҚШ-тың оқшаулы позициясы оны жағдайдың қожайыны болуға себепкер болады».

 

1898 жылғы испан-американ соғысы  кезіндегі АҚШ-тың жетістіктері  оны бүкіл әлемге өз экспансиясын  кеңейтуге итермеледі.

 

 

Рузвельттің "Үлкен шоқпар" саясаты және АҚШ-тың Орталық Американың Кариб бассейніне қарулы интервенциясы

 

 

 

Америка президенттері Рузвельт пен  Тафттың Латын Америкасына байланысты саясаты ерекше қатал болды. Оның үстіне олардың ешқайсысы өздерінің  империалистік ойларын жасырмады. 1904 жылы Рузвельт былай деп жариялады: «АҚШ-тың батыс жарты шардағы Монро доктринасын қабылдауы оларды халықаралық полицияның міндеттерін атқаруға міндеттейді» Президент Тафт мұны былай толықтырды: «Біздің сыртқы саясатымыз біздің капиталистер мен саудагерлердің өз капиталын тиімді инвестициялауы үшін белсенді араласу саясатын батыл түрде жүргізеді». Бірінші президенттің саясаты «Үлкен шоқпар» саясаты деген атқа ие болса, екінші саясат- «доллар дипломатиясы» деп аталды.

 

"Доллар дипломатиясы" және  АҚШ-тың Латын Америкасы елдеріне экономикалық енуі. «Үлкен шоқпар» саясаты Латын Америкасына империалистердің капиталын еш тосқауылсыз енгізуді, және оның игіліктерін иемденуді қамтамасыз ету үшін жүргізілді. «Доллар дипломатиясы» Американ капиталының қауіпсіздігігінен қамтамасыз ету үшін жүргізілді.

 

«Үлкен шоқпар» саясаты мен  «Доллар дипломатиясының» қалай  жүргізілгенін АҚШ пен Никарагуа  қатынастарынан көруге болады. АҚШ  бұл мемлекет арқылы мұхитаралық  канал жүргізу туралы келіссөздерді  ұзақ жүргізді. Англия бұл келіссөздердің бітпеуіне ат салысты. 1903 жылы Панама Республикасының құрылуы АҚШ-тың Никарагуа экономикасына тосқауылсыз енуіне себебін тигізді. Республика территориясында елдің ауылшаруашылығының негізгі саласы-банан өсіруді қолға алған американдық «Юнайтид Фрут компани» компаниясы қызмет етіп жатты.

 

Никарагуаның президенті либерал  Хосе Сантос Селайя американ экспансиясына  шамасы келгенше тосқауыл қоймақ болды. 1909 жылы АҚШ-тың көмегімен Эмилиано Чаморро бастаған антиүкіметтік  қастандық жасалды. Ол көтеріліс үйымдастырды. Оның қарулы отрядында бірнеше американдық мамандар да болды. Оның екеуі әскери қимылдар болып жатқан жерге кетіп бара жатқан, құрамында 300 үкіметтік әскердің адамдары болған кемені жарып жіберді АҚШ-та антиникарагуалық компания басталды.

Информация о работе XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы Латын және Солтүстік Америкадағы халықаралық қатынас