Қазақстан Туркия қатынастары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2013 в 23:34, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа жаңа мемлекет ретінде енуі, ең алдымен елдің таңдап алған ішкі және сыртқы саясатына байланысты болып табылады. Әлемнің басқа елдерімен теңқұқықты дипломатиялық қатынастар орнату, екіжақты, көпжақты ынтымақтастықты дамыту, елдегі жүргізіліп жатырған реформалар зерттеу үшін үлкен қызығушылық туғызады.
Тәуелсіздіктің алғашқы бес жылының қорытындылары келтірілген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа арналған жолдауында былай деп атап өткен болатын: «Қазақстанның халықаралық мойындалуынсыз, әлемдік қоғамдастықтың шекараларымызға кепілділігінсіз еліміздегі мемлекеттіліктің қалыптасуы, егемендік, экономикалық реформалар, әлеуметтік саладағы өзгерістер туралы пікірлердің мағынасы жоқ» /1/. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде бекітіліп, елдің ішкі мәселелерін шешу мүмкіншілігінің болуы үшін одан әлемдегі өз орнын тауып, әлемдік қоғамдастық мойындаған елге айналуы талап етілді.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

1-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ САЯСИ АСПЕКТІЛЕРІ...........................................................................................................10
1.1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТА ЖӘНЕ ТАЯУ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНДЕГІ
САЯСАТЫ.................................................................................................................10
1.2. ҚАЗАҚСТАН – ТҮРКИЯ: ТАРИХИ ШОЛУ...................................................
1.3. ҚАЗАҚСТАН – ТҮРКИЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ – ШОҒЫРЛАНУ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ..................................................

2-ТАРАУ. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
2.1. ТҮРКИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІЖАҚТЫ САЯСИ, САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ…………………………………………..
2.2. МӘДЕНИ-ГУМАНИТАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ……………………………………………………………

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................

СІЛТЕМЕЛЕР..............................................................................................................

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................................................

ҚОСЫМШАЛАР

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚАЗАҚСТАН – ТҮРКИЯ ҚАТЫНАСТАРЫ.doc

— 265.50 Кб (Скачать документ)

         М.К.Нарибаевтың «Сотрудничество  Казахстан – Турция как состаыная часть интеграционных процессов» деген еңбегінде ЭЫҰ(ОЭС) шеңберіндегі Қазақстан мен Түркияның екіжақты және көпжақты негіздегі қатынастарының дамуы қарастырылады.

         Жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының Түркияға қатысты саясатының қалыптасу процесіне және 1991 жылдан бастап қазіргі кездегі қазақстан-түрік саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық қатынастардың жағдайына талдау жасау, екі елдегі реформа процестеріне салыстырмалы талдау жасау, олардың тұрғындардың әл-ауқатын көтерудегі тиімділігі мен нәтижелілігі, жетістіктер мен сәтсіздіктердің себептерін анықтау, геосаясаттың элементтері ретінде, мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы және оның халықаралық жағдайы үшін реформалық процестердің маңызын анықтау болып табылады.

         Осы айтылғандарға байланысты жұмыстың мынадай міндеттерін анықтауға болады:

  • Қазақстан Республикасының Түркияға қатынасының сипаты мен      бағытын анықтайтын негізгі саяси және экономикалық факторларды, екі елдің осы кезеңдегі қатынастарының ерекшеліктерін ашу;
  • Қазақстан республикасының Түркияға қатысты саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру механизмін көрсету және саяси, экономикалық байланыстардың дамуына ықпал ететін негізгі факторлардың сипатын нақтылау;
  • Европалық Одақ пен және Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы (ЭЫҰ,ОЭС) шеңберіндегі жаһандық және аймақтық мәселелер бойынша қазақстан-түрік қатынастарының эволюциясын көрсету;
  • өзара іс-әрекеттер мен ынтымақтастықтың нақты мысалдары негізінде осы қарастырып отырған кезеңдегі екі ел арасындағы тұрақтану процесі мен экономикалық қатынастардың дамуын  көрсету.

         Жұмыстың тәжірибелік маңызы – көрсетілген үрдістер негізінде қазіргі кезеңдегі екі елдің саяси өміріндегі Түрік-Қазақстан қатынастары мәселелерін шешу әдістерін қолдану.

         Түркия – геосаяси жағынан Оңтүстік-Шығыс Европаны (Балканды), посткеңестік кеңістікті, Таяу және Орта Шығысты қамтыған маңызды аймақта орналасқан ірі ел. ХХ ғасырдың 80-жылдарының ортасынан бастап Түркия аймақтағы ықпалының күшеюімен, жалпы алғанда халықаралық экономикалық және саяси қатынастарда елдің маңызының өсуімен қатар жүрген күшті экономикалық өрлеуді басынан кешіруде.

         Негізінен өнеркәсіптік дамыған  елдерден тұратын ұйыммен (ЕО) әлеуметтік-экономикалық модернизация  жолындағы дамушы елдің (Түркия) ұзақ уақыт бойғы шоғырланушылық өзара әрекеттерінің қайталанбас тәжірибесін зерттеу теориялық жағынан ғана емес, сонымен бірге ғылыми-қолданбалы қызығушылық туғызуда, әсіресе посткеңестік кеңістіктегі аймақтық шоғырланушылық процестердің жүруімен байланысты.

         Жұмыстың зерттеу мәселесі болып Түркияның Қазақстан Республикасымен қатынастарының дамуы, олардың арасындағы шоғырланушылық өзара тәуелділіктің қалыптасуы, Қазақстан мен Түркияның ынтымақтастығын талдау, Қазақстан Республикасы мен Түркияның бір-біріне деген саясатының ерекшеліктерін, мақсатын, формаларын, әдістерін, сонымен бірге қазіргі кезеңде осы екі ел арасындағы саяси, экономикалық қатынастардағы болып жатқан процестерді талдау болып табылады.

         Жұмыстың ғылыми жаңалығы Қазақстан  мен Түркияның өзара қатынастарын мысалға ала отырып, қазіргі заманғы өркениеттің, әлемдік экономиканың, техника мен технологияның объективті дамуының күшіне қарай, әлемдік қоғамдастықтағы өз орны мен жағдайына қарамастан барлық елдер байланыстардың жаһандық жүйесіне тартылуы, Қазақстан мен Түркияның әріптестігінің сипатының жаңа сапаға көтерілуі нәтижесінде оның маңызы Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі халықаралық жағдайдың тұрақтылығын сауықтыру және қамтамасыз етуде жоғары екендігін қарастыруда.

         Қазақстанның  геосаяси жағдайы ХХІ ғасырда Евразиялық көпір ролінде болуы мүмкін. Сонымен бірге Қазақстан табиғи байлықтарға, оның ішінде сутекті табиғи байлықтарға бай, бұл дамыған елдердің назарын өзіне аударып отыр. Қазақстан трансконтиненталды мүдделердің қиылысу аренасы болып отыр. Мұның барлығы Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге бүкіл Орталық Азиялық аймақта және Таяу, Орта Шығыс елдерінде жаңа геосаяси жағдайды қалыптастырады.

         Аграрлық  сектордағы, өнеркәсіптегі, банк-қаржы  секторындағы және салық жүйесіндегі қатынастарды нақты салыстыру маңызды. Қазіргі экономикалық қатынастарда Қазақстанда да, Түркияда да инвестициялық қызметтің және шетелдік инвестицияларды қатыстырудың маңызы жоғары.

         Тарихи  процестерді зерттеудің әдістеудің  негізінде 1991 жылдан бастап қазіргі кезге дейінгі қазақстан-түрік қатынастарының үрдістері мен бағыттарын қарастыруға деген тырысушылық, әр елдің басым мүдделерін талдау жатыр.

         Жұмысты  жазу барысындағы әдістемелік  бағыт ретінде Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері мен идеяларын қарастыруды айтуға болады. Біздің еліміздің басшысы әрдайым атап өткендей, еліміздің сыртқы саясаты көпвекторлы сипатта болуы тиіс. Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бірі Азия аймағындағы елдермен, оның ішінде Түркиямен қатынастарын дамыту болып табылады.  Өзара қатынастардың одан әрі дамуына деген екі жақтан да болып отырған мүдделілік, сонымен бірге Түркияның Орталық Азия аймағындағы істерге қатысуға деген ұмтылысы бұл елді Қазақстанның басты әріптестердің бірі деп айтуға мүмкіндік береді. /13/

         Диплом  жұмысын жазу барысында синтез  және анализ, салыстырмалы әдіс, хронологиялық және жүйелілік  әдістері қолданылды. Бұл әдістер  зерттеу объектісін шынайы түрде  тұтас алып қарастыруға, оның басқа жүйелермен байланысын анықтауға, Түркияның сыртқы саясатының және қазіргі заманғы Қазақстанның сыртқы саясатының дамуын талдауға мүмкіндік берді.

         Жұмыстың құрылымы үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады, онда мынадай мәселелер қарастырылады: Қазақстанның Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі саясаты; қазіргі кезеңдегі Қазақстан-түрік ынтымақтастығы; 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі қазақстан-түрік қатынастарының саяси аспектілері.

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 

        

 

         1 - ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ САЯСИ

         АСПЕКТІЛЕРІ

 

 

    1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТА ЖӘНЕ ТАЯУ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНДЕГІ

САЯСАТЫ

 

 

         Таяу және Орта Шығыс елдерімен  саяси және экономикалық қатынастардың  тереңдеуі Қазақстанның теңгермелі сыртқы саясатын қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда тәжірибелік қызығушылық туғызады. Сонымен бірге бұл аймақта күрделі саяси, этникалық және діни мәселелердің күрделі шумағының, қазіргі заманның, әлемдік діндердің өзара қатынастарының терең қайшылықтарының тоғысқандығын ескеру қажет.

         Аймақтық ынтымақтасу саласындағы  маңызды міндеттердің бірі  Орталық  Азия және Орта Шығыс елдерінің  потенциалын біріктіретін болашақта  беделді аймақтық экономикалық  ұйымға айналуы мүмкін Экономикалық  ынтымақтасу ұйымындағы (ОЭС) қызмет болып табылады.

         Еліміздің егемендігін нығайтуда,  оның халықаралық істерге қатысуын  кеңейтуде Ислам Конференциясы  Ұйымымен (ОИК) белсенді ынтымақтастығының ықпалы жоғары. /11/

         Қазақстан үшін Түркиямен өзара  қатынастар маңызды. Қазақстан дипломатиясының алдында Анкарамен екіжақты және Европадағы Ынтымақтастық пен Қауіпсіздік Ұйымы (ЕЫҚҰ,ОБСЕ), Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы (ЭЫҰ,ОЭС) шеңберіндегі саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың мол потенциалын барынша пайдалану міндеттері тұр. Түркияның мұнайды өз аумағы арқылы тасымалдау жобасын жүзеге асыруға мүдделілік танытуы Қазақстанға транспорттық байланыстардың және әлемдік рынокқа шығудың балама жолын беруі мүмкін. Бірқатар маңызды ұйымдардың, оның ішінде Солтүстікатлантикалық Одақ (НАТО) да бар, мүшесі болған Түркиямен тығыз қатынастарды орнату Қазақстанның европалық құрылымдарға да шоғырлануы тұрғысынан алғанда да қызықты болып табылады.

         Тәуелсіздік алғаннан кейін бес  жылдан кейін 1996 жылы-ақ Қазақстанда шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың барлығына жуығы заңды түрде іс-әрекеттер жасауға құқық алды. Шетелдік өкілеттіліктердің саны бойынша біздің еліміз ТМД елдері ішінде Ресей мен Украинадан кейін үшінші орынға шығып отыр.

         Жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында біздің еліміздің дипломатиямыздың күш салуы туралы айтқанда, 1992 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Н.Ә.Назарбаевтың бастамасын айту қажет. Қазақстанның ел басшысы жаңа тәуелсіз мемлекеттердің жетекшілерінің ішінде алғаш болып Азия континентінде қауіпсіздік құрылымын құру туралы ұсыныс жасады. Сөз Азиядағы өзара әрекеттер мен сенім шаралары жөніндегі Мәжілісті (АӨІСШК,СВМДА) шақыруға бағытталған жұмыстар туралы болып отыр.

         Бұл бастама қазіргі заманғы халықаралық қатынастарда белгілі роль атқаратын барлық азиялық мемлекеттердің қолдауына ие болды. Қазақстан үшін  Москваның, Пекиннің, Делидің, Анкараның, Исламабадтың, Улан-Батордың, сонымен бірге Орталық Азия аймағындағы көршілеріміз Қырғызстан мен Тәжікстанның да жағымды жауабының маңызы зор болды. СВМДА процесіне Иран, Египет, Израиль сияқты саяси қарсыластар да қатысты.

         Бақылаушылар ретінде бұл күрделі  дипломатиялық жұмыста АҚШ, Украина  қатысты. Қажетті құжаттарды дайындауға БҰҰ-ның сарапшылары үлкен ықпал етті. Ислам Конференциясы Ұйымы да СВМДА-ті қолдады. Бұл бастамаға ЕҚЫҰ да біраз көңіл аударды.

         Арнайы Жұмысшы Тобы шеңберіндегі  сарапшылар деңгейіндегі қызу  жұмыс СВМДА мүше-мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің кездесуімен аяқталды. 1999 жылы 14 қыркүйекте Алматыда жиналған 14 елдің сыртқы саяси ведомствосының басшылары Азиядағы қауіпсіздік институттарын құруда принципті маңызы бар құжат – «СВМДА мүше-мемлекеттерінің арасындағы қатынастарды реттеуші принциптер Декларациясына» алғаш рет қол қойды. Бұл құжатта мынадай маңызды ережелер, егеменді теңдік, егемендікке тән құқықтарды құрметтеу; күш және күшпен қауіп төндіруді қолданбау; мүше-мемлекеттердің аумақтық тұтастығы: дауларды бейбіт түрде реттеу; ішкі істеріне араласпау; қарусыздану және қару-жарақты бақылау; экономикалық, әлеуметтік және мәдени ынтымақтастық; адам құқығы және оның негізгі бостандықтары кеңінен көрініс тапты. /12/

         Алматы форумының нәтижелері  әлемдік қоғамдастықта үлкен  резонанс тудырды. Саясатшылар, дипломаттар, халықаралық қатынастарды зерттеушілердің барлығы мынадай бір пікірге келді: бір-біріне жағымсыз көзқараста, қатынаста болған мемлекеттердің сыртқы саяси ведомствосының басшыларының мәжілісінің өткізілуі фактісінің өзі, сонымен біргебарлық елдердің Декларацияға қол қоюы, бұл – қазақстандық дипломатияның сөзсіз табысы еді.

         Қазақстан ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, ВОЗ, ЮНЕП, ФАО, УКНПП, ОИК және тағы  басқа ұйымдардың қызметіне белсене  қатысады. Қазақстан мемлекетінің басшысы ұсынған ЭСКАТО мен Біріккен Ұллтар Ұйымының Европалық Экономикалық Комиссиясының басшылығымен Орталық Азия елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамудың Арнайы бағдарламасы (СПЕКА) жүзеге асырылуда.

         Қазақстанның ЕЫҚҰ-мен өзара әрекетіне жағымды баға беруге болады. Біздің еліміз ЕҚЫҰ-мен Орталық Азиядағы қауіпсіздік, экология мәселелері бойынша кең диалог жүргізуді дұрыс деп есептейді. ЕҚЫҰ  кең байтақ Евразия кеңістігінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әмбебап механизмі ретінде өз мүмкіндікиерін әлі жойған жоқ. Мұндай жағдайда посткеңестік мемлекеттермен кеңесулерді шектеу дұрыс емес болар еді.

         Қазақстан – НАТО туралы сөз қозғасақ, Қазақстан «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасына қосылды, әскери салада  ғана емес, сонымен бірге саяси, ғылыми-техникалық және экологиялық салаларда да ынтымақтастықты дамытуда.

         Экономикалық ынтмақтастық Ұйымы (ОЭС) шеңберіндегі Қазақстанның қызметін белсенді ете отырып, біздің еліміз үшін транспорт, байланыс, сауда, энергетика салалары басты маңыз алады. Қазақстанда транспорттық инфрақұрылымның дамуына үлкен назар аударылуда. Біздің еліміздің транзиттік потенциалын толық және тиімді пайдалану міндеті қойылуда. Осы мақсатпен біздің еліміз Оңтүстік-Солтүстік, Шығыс-Батыс транзиттік колидоры бойынша халықаралық келісімдерге қосылуды жоспарлауда. Сонымен бірге ТРАСЕКА транспорттық жобаның потенциалды мүмкіндіктері зерттелуде.

         1997 жылы Мешхед-Серахс-Теджент бөлігіндегі трансазиялық магистралдың темір жолдарының қиылысы жүзеге асты. Осылайша, Қытайдың шығыс жағалауындағы Ляньюньган теңіз порты Үрімші, Алматы, Ташкент және Тегеран арқылы Парсы шығанағындағы Бендер-Аббас иран портымен темір жол арқылы қосыолды.. Бұл магистраль Қазақстан үшін ашық теңіздерге шығуға мүмкіндік береді. /13/

        Әлемдік құрылымның биполярлық жүйесінің күйреуінің символы болған ХХ ғасырдың 90-жылдарының басында халықаралық қатынастар өзінің дамуында жаңа кезеңге енді. Қалыптасқан жағдайлар ұзақ уақыт бойы екі ұлы держава мен блоктың мүдделері арасында теңгеру құралы болуға мәжбүр болған көптеген мемлекеттердің сыртқысаяси және сыртқыэкономикалық белсенділігі үшін кең мүмкіндіктер ашты. Әсіресе мұндай үрдіс Азия елдерінен көрінді.  Күшті экономикалық потенциалы, орасан зор еңбек және табиғи ресурстары бар Азия континентінің көптеген елдерінің барған сайын аймақтық істерде ролі өсіп, сонымен бірге әлемдік ауқымдағы геосаяси процестерге белгілі бір ықпал етуде.

Информация о работе Қазақстан Туркия қатынастары