Аудармадағы грамматикалық және грамматикалық трансформацияның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2014 в 10:18, курсовая работа

Краткое описание

Аударуда грамматикалық вариантты таңдап алу. Қай тілді алсақ та, кейде бір мағына-мазмұн әр түрлі грамматикалық варианттар арқылы да беріледі. Айталық, қазақ тіліндегі «қаладан шықты, қала маңынан шықты, қала жақтан шықты» деген сияқты сөз тіркестер контекске қарай бір ғана мазмұнға ие болып тұруы мүмкін. Сол сияқты «Тегінде, біреуді жамандағанда үйіп-төге бермей, шектен шықпаған жөн ғой», «Тегінде, біреуді жамандағанда да шектен шықпай, барды-жоқты үйіп-төге бермеген жөн ғой» деген сияқты сөйлемдер әр түрлі ретте тұрғанмен, мазмұны өте ұқсас.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

I БӨЛІМ. АУДАРМАНЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛЕКСИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ РӨЛІ.....................................5
1.1 Тілдердің грамматикалық және лексикалық құрылысындағы аударма теориясы...................................................................................................................5
1.2 Қазақ тіліндегі аударма саласының тарихы..................................................12

ІІ БӨЛІМ. АУДАРМАДАҒЫ ГРАММАТИКАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯНЫҢ РӨЛІ....................................................................16
2.1 Аудармадағы трансформациялық үрдістер мәселесі...................................16
2.2 Аудармадағы грамматикалық және грамматикалық трансформацияның түрлері.....................................................................................................................21

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

Аударма трансформация - копия.doc

— 170.50 Кб (Скачать документ)

Жалғаулықтар қатыспай тұрып-ақ құрмалас сөйлемнің компоненттері арасындағы мағынаны ажырата аламыз. Ал орыс тілінде жалғаулықтар құрмаластың компоненттері арасындағы мағынаны айқындап тұрады. Осы себепті ағылшын тіліндегі жалғаулықты байланысты қазақ тіліне жалғаулықпен аудару міндетті емес. Бұл жердегі аударудың мәні де осында.

Лексикалық аударулар. Бұл туралы негізгі мәселелер аударманың лексикалогиялық тұрғысына қатысты айтылды. Сондықтан біз бір ғана жайтқа ғана тоқталамыз.

Екі тілдегі сөздердің мағыналық ауқымы әр түрлі болады, соған байланысты түпнұсқа тіліндегі кең мағыналы сөздерді аударуда нақтыландыруға тура келеді немесе, керісінше, түпнұсқа тілдегі тар мағыналы сөзді аудармада кең мағыналы сөзбен береміз. Бұның бірінші тәсілін - нақтыландыру (конкретизация), екіншісін жалпыландыру (генерализация) деп атайды.

Себеп пен салдарға байланысты ауыстыруларды Л.С. Бархударов лексикалық ауыстырулардың аясында қарастырады. Біздіңше, бұл мәселсе сөйлем шегінде қарастырылғаны жөн. Тіл фактілері осыны талап сееді.

Шендестіре аудару. Шендестіре аудару дегеніміз - түпнұсқадағы болымды мағынаны болымсыз түрде я, керісінше, түпнұсқадағы болымсыз мағынаны болымды етіп аудару. Мысалы: I seriously speak - Мен ойнап айтып тұрған жоқпын. I remembered it when we already passed almost all park. - Мен бұны бақтан өткенше байқаған жоқпын. Болымдыны болымсыз етіп аударуға мысал: Astronauts will return on the earth not earlier, than in February. - Астронавтар ақпан болмай жерге оралманды.

Компенсация (орын толтыру). Бұл тәсіл түпнұсқа тілдегі белгілі бір элементтердің аударма тілде дәлме-дәл баламасы болмауына байланысты аудармашының оны басқаша тәсілдермен және дәл сол сөйлемнің ішінде емес, текстің басқа бір жерінде түпнұсқа сөзінің орнын толтыруға қызмет етеді. Бұндай жағдайда кейбір сөз суреттеле, сипаттала аударылуы мүмкін.

Қосу. Кейде түпнұсқа тілдегі құрылымда белгілі бір сөздің не элементтің айтылмауы көрінбей тұруы мүмкін. Ал аударуда сол элементті көрсетуге тура келеді, міне, осыған байланысты қосу тәсілі қолданылады:

Glory to the people of Kazakhstan! — Қазақстан халықтарының даңқы арта берсін!

Solutions of session — in life. - Сессия шешімдерін жүзеге асырайық.

Қосуға байланысты тағы бір байқағанымыз аударма текстің оқырманының түпнұсқадағы берілгендер туралы хабары болмауымен байланысты. Мәселен, «Олар Припятьке таяды» деген сөйлемге осы тәсілмен «Олар Припять өзеніне таяды» деп беру ұтымды болуы мүмкін, өйткені қазақ оқырманы «Припяттің» өзен, қала әлде село аты екенін айыра алмауы ықтимал. Тағы бір мысал: Ол шіркеуге баратын күні келді - Ол жексенбіде шіркеуге баратын күні келді.

Түсіріп тастау. Бұл – мәні жағынан қосуға қарсы тәсіл. Аудару үстінде түпнұсқадағы мағыналық тұрғыдан басы артық сөздер, оларды алып тастаса да, мағына мазмұнды өзгеріске ұшыратпайтын сөздер түсірілуі мүмкін.

Мұндай басы артық сөздер плеоназм құбылысына байланысты болатыны байқалады. Мысалы, ағылшын тілінде «every minute of time», « industrial industry, in April» сияқты тіркестер қолданылады, бұларды аударуда «әр минут», «өнеркәсіп» деп аударуға болады, өйткені «минут» сөзінің өзі уақытты білдіреді, ал апрельдің ай аты екені мәлім, «industrial» пен «industry» бірақ ұтымды береді.

Келесі бір кездесетін құбылыс, ағылышн тілінің сөйлеміндегі кейбір сөзді қазақ тілінде көрссту міндетті болмай қалады. Мысалы:

Soldiers stopped at the house, the owner met them. –

Солдаттар үй жанына келіп тоқтады. Үй иесі қарсы алды.

Қазақ тілі синтаксистік құрылысының бір ерекшелігі сол, салалас құрмаласты құрастырушы сыңарлардың жалғаулықты, жалғаулықсыз болуы көбіне мағына өзгертпейді. Ал ағылшын тілі синтаксисі үшін бұл - принципті нәрсе. Сондықтан ағылшын тіліндегі кейбір жалғаулықтарды аудармай-ақ түсіріп тастауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Аударма — әдебиеттің кең арналы, мол саласының бірі. Аударманың сөз  дамытудағы  мәні де  айрықша  зор.   Өйткені  аударма арқылы   бір   халықтың   таңдаулы  әдеби   шығармаларынан басқа халықтың өкілдері сусындай алады. Қазір жер жүзі әдебиетінің   көптеген   тамаша   туындылары   қазақ тіліне аударылған. Сондай-ақ белгілі қазақ жазушыларының туындылары да басқа тілдерге  аударылып келеді.  Аударма арқылы әдеби байланыстар нығайып, беки түседі.

Зерттеліп отырған курстық жұмыстың І- тарауында мынадай мәселелер қарастырылады: Жер шарындағы алуан түрлі халықтардың сеніміне, тілі мен дініне, табиғи ортасы мен шаруашылық қалпына сәйкес рухани дүниетанымы қалыптасатыны мәлім.

Қазақ тіліндегі аударма саласы — қоғамдық ғылымдар арасында салыстырмалы түрде кенжелеу қалғандығы жасырын емес. Дегенмен, бұл бағытта да қыруар іс біженіне әлем тілдеріндегі әдеби шығармаларды қазақша сөйлеткен көркем аударма үлгілері куә.

 Аудару деген сөзді әркім-ақ оп-оңай түсінгенмен, оның теориялық-методикалық концепциясын таратып, аналитикалық тұрғыдан талдаған сүбелі жұмыс сирек. Орайы келгенде, күрделі тақырыпка бел буып, аударматанудың лингвистикалық және лингвомәдени мәселелеріне кәдімгідей қалам сілтеп, тамаша құнарлы ойларымен куанткан Айман Алдашеваның монографиясын атап өту керек. Ғалым «Аударма және қазақтың ұлттық мәдениеті» деген тарауында қыры көп құбылыстың күллі ішкі иірімдеріне кәсіби маман ретінде пайымдама жа-сап, бұрын-соңды ескерілмеген жайттарға назар аудартады. Оның аударма туралы сипаттамасына бір сәт құлақ салалық: «Аударма — бір тілде жазылған мәтінді екінші тіл арқылы жеткізу; сондай-ақ, осы іс-әрекет арқылы алынған нәтиже, текст, туынды. Тақырыбы, мазмұны, стильдік белгілері дайын мәтіннің екінші тілде функциональды теңбе-тең баламасы жасалуға тиіс. Функциональды теңбе-тен, балама — түпнұсқа мен аударылатын (аударылған) мәтіннің жанрлық-стильдік ерекшеліктері, атқаратын қызметі бірдей болуы керек, яғни түпнұсқа қандайлық ақпараттық ықпал ету, эстетикалық қызмет атқарса, аударылған мәтін де сондайлық қызметте көрінуі қажет деген сөз. Бұл жағдаят екінші тілдің (қазақ тілінің) лексикалық құрамына, грамматикалық-синтаксистік құрылымына қозғау салады, тілдік құралдар функциональды қызметіне қарай іріктеледі»1.

Көркем аударма жасау үшін аудармашының кем дегенде екі халықтың тілін білуі шарт. Онсыз аударма сапасы ойдағыдай шықпайды, түпнұсқаның ұлттық сипаты, өзіндік өзгешеліктері сақталмайды. Аудармада сөз қолдану, ойдың мағынасына толық жеткізу, көркемділігін жоғалтпау; маңызын төмендетпеу сияқты принциптерге назар аударылады. Сондай-ақ идея, өмір құбылыстарын түсіру қалпы, нәзік психология түгел сақталуы керек. Мәселен М. Әуезовтің "Абай жолы" романының орыс тіліне аударылуы түгелдей алғанда сәтті болды дей аламыз.

ІІ-тарауында: Көбіне түпнұсқа тілі мен аударма тіліндегі айырмашылықтарға көп мән бердік. Алайда аударманың объектісі дерексіз жүйе емес, нақты тілдік текст екеніне назар аударып отырдық. Аудармашының жұмысы осы нақты текстің тіліне байланысты істелетін нақты әрекеттерден тұратынын да ескеріп отырдық. Ендігі сөз осы нақты әрекеттер туралы.

Аудармада бара-барлыққа жету аудармашыдан әр қилы тіларалық өзгертулер жасай білуді талап етеді. Мұндай өзгертулер аударматануда трансформациялар деп аталып жүр. Бұндай трансформациялар көбіне түпнұсқа тіліндегі хабар, мағлұматтарды, мазмұнды аударма тіл нормаларын сақтай отырып жеткізу мақсатына бағындырылады.

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. Ақыпбекұлы Ө. Тіл – мемлекет тірегі- Тараз, 2003 ж.
  2. Алдашев А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. — А. «Арыс», 1998, 69-70-беттер.
  3. Алдашева А. «Ресми іс – қағаздары»// Астана- 2000
  4. Аудармашыға көмек// Астана – 2005, 63-69 бб.
  5. Бұл фактілер Алматы, «Жалын» баспасынан 1991 жылы «Екі тілде еркін сөйлейміз» сериясымен шыққан Джек Лондон «Қасқыр Полк» атты кітабының 1,2- беттерінен алынды.
  6. Мирам Г.Э.   Профессия переводчик
  7. Ж.А. Жақыпов Аударматануды аңдату//Астана- 200479-83 бб.
  8. Комиссаров В.Н.  -  Теория перевода
  9. Марк Твен аудармасы
  10. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы- Астана, 2000
  11. Чужакин А.П.   Книги по устному переводу
  12. Теория перевода//Алматы, 1998
  13. Терминологиялық хабаршы, № 7- Астана – 2002
  14. Терминологиялық хабаршы, №9 - Астана – 2004
  15. Терминологиялық хабаршы, №11 - Астана – 2002
  16. «Тіл және қоғам» альманах6 №16 2004

 

Сатыбалдиев Ә. - Көрсетілген еңбек. Б. 142-149.

 

 

 

 


Информация о работе Аудармадағы грамматикалық және грамматикалық трансформацияның түрлері