Халықаралық бірігудегі жүйе мен деңгейі (кесте түрінде)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2014 в 13:27, реферат

Краткое описание

Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру қажет болды. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат — елдің кауіпсіздігін сақтау,саяси және экономикалық қарым-катынастарда аймақтық, субрегионалдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау.

Содержание

Кіріспе
1. Қазақстанның халықаралық ұйымдармен деңгейі мен ынтымақтастығы...3-4
1.1. Елімізде халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасының деңгейі қандай?......................................................................................................5-6
2. Халықаралық бірігудегі жүйе мен деңгейі (кесте түрінде) ........................7-8
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Публичное реферат.docx

— 140.02 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

Кіріспе

1. Қазақстанның халықаралық ұйымдармен деңгейі мен ынтымақтастығы...3-4

1.1.   Елімізде халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасының деңгейі қандай?......................................................................................................5-6

2.   Халықаралық бірігудегі жүйе мен деңгейі (кесте түрінде) ........................7-8

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру қажет болды. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат — елдің кауіпсіздігін сақтау,саяси және экономикалық қарым-катынастарда аймақтық, субрегионалдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау.

«Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан геосаяси жағдайы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қол жеткен қуаты Қазақстанды қазіргі халықаралық қатынастарда өзінің айналасындағы елдермен қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидаларына негізделген тату көршілік аймағын құруға мүдделі ірі аймақтык мемлекет ретінде танытты».

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Қазақстанның халықаралық ұйымдармен деңгейі мен ынтымақтастығы

Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралык мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтык, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды. Мысал ретінде Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕКЫҰ) бұрынгы кеңес кеңістігіндегі елдердің көшбасшысы ретінде төрағалық етуге 2003 жылы өз кандидатурасын ұсынуын атап өтуге болады. Соңғы жылдары Қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуде тиянақтылық пен қажырлық танытты. Төрағалыққа ұсынылған біздің мемлекетіміздің кандидатурасын Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік турасында сіңірген еңбегін бағалаған көптеген мемлекеттер қолдады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге өз кандидатурасын ұсынуының бір ceбeбі біздің мемлекетіміздің аталмыш ұйымды қазіргі таңда оның кеңестігінде пайда болған әpi көбейіп келе жатқан түрлі қауіпке төтеп бере алатын күшті, әpi тиімді ұйым ету болып табылады. Қазақстанның ЕКЫҰ төрағалық етуге ұмтылысының қортындысы 2007 жылдың қараша айында Мадрид қаласында өткен ЕКЫҰ-на мүше мемлекеттердің Сыртқы icтep министрлері Кеңесінің қабылдаған шешімі болды. Бұл шешімнің нәтижесінде Қазақстан 2010 жылы ЕКЫҰ төраға болуда. Мадрид құрылтайының шешімі халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде соңгы 18 жылда қол жеткізген жетістіктерінің маңыздылығын мойындағанының бірден бір дәлелі болып табылады. Бұл ретте Қазақстанның аталмыш халықаралық ұйымның төрағасы ретінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді шешу турасында бірталай ұсыныс жасай алатындығын айтып кету керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның салмақты тәжірибесі халықаралық деңгейде үлкен қызығушылыққа ие болып келеді және де ЕКЫҰ дамуына жағымды серпіліс беретіндігі анық. Өйткені ЕКЫҰ-на төрағалық ету — бұл Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі аймақтық жүйесіне интеграциялануының, ұйымның бас мүшелерімен жалпы еуропалық өзекті мәселелерді шешу турасындағы тең құқықты сұхбатты жалғастыру мүмкіндігі болып табылады. Қазақстан дипломатиясының ipi жетістіктерінің бipi Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК) жию идеясының жүзеге асқаны болып табылады. Аталмыш идеяның Қазақстан басшысы 1992 жылдың қазанында айтқан болатын. Бұл кезден бepi Қазақстан АӨСШК мүше мемлекеттер басшыларының саммитін 2002 және 2006 жылдары екі мәрте өткізіп үлгерді. Бұл басқосулар халықаралық деңгейде үлкен бағаға ие болды. 2006 жылдың 17 маусымында Алматы қаласында өткен АӨСШК II саммитінде Азиядағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік негізгі мәселелерін форум қатысушылары біріге шешетіндігі сипатталған декларация және де аталмыш ұйымның хатшылығы жайлы келісімге қол қойылды. Қазіргі кезде АӨСШК-не азиялық 20 мемлекет мүше, 7 мемлекет және 3 халықаралық ұйым бақылаушы дәрежесіне ие. Аталмыш форумның жұмысы Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған, бұл ұйым бейбіт сұхбат және Азия кұрлығындағы күрделі геосаясаттық мәселелерді шешу алаңына айналды. ЭСКАТО-ға мүше 62 мемлекеттен 400-ден астам делегат қатысқан Алматы қаласында өткен Азия мен Тынық мұхиты мемлекеттерінің Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ ЭСКАТО) 63-i сессиясы Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия үшін маңызды шараға айналды. Бұндай дәрежедегі шара Орталық Азияда тұңғыш рет өткенін атап өту қажет. Қалыптасып келе жатқан халықаралық жағдайда халықаралық және аймактық ұйымдармен қарым-қатынасты орнату ерекше маңызға ие болып келеді. Олардың басты қызметі қауіпсіздік саласымен байланысты. Осындай ұйымдардың бipi Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы болып табылады (ШЫҰ). 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) құру бастамасына ат салысты және де дәл осы ұйым аясындағы қызметі сыртқы саясаттағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Қазіргі кезде ШЫҰ Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның басын қосып отыр, ал бұл ұйымдағы бақылаушы мемлекеттерге Моңғолия, Иран, Үндістан және Пәкістан кіреді. ШЫҰ шеңберіндегі диалогарқасында Қазақстан саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша көптеген мәселелерді шешуге бағытталған сындарлы сұхбат жүргізу мүмкіндігіне ие және де бұл ұйым аясында терроризм, экстремизм және сепаратизммен күресуде күш жұмылдыру мәселелері талқыланады. ШЫҰ саяси тұрақтылық және қауіпсіздік қамтамасыз етудегі маңызды рөлі оны халыкаралық деңгейдегі беделді ұйымға айналуына септік етті.

Жоғарыда айтып кеткен фактілер Қазақстанның тәуелсіздік жылдар ішінде сыртқы саясатын белсенді жүргізетін нығайған, сенімді мемлекетке айналғандығын көрсетіп отыр. Бұл мемлекет басшылығының сыртқы саясатты дұрыс және тиімді жүргізуіне байланысты мүмкін болып отырғанын атап кету керек. Экономикалық жетістіктеріміз де осыны анғартады. Тәуелсіздік жылдарында республикаға $50 млрд. көлемінде тікелей шетелдік инвестиция құйылған. Мемлекеттің алтынвалюта қоры тұрақты көбеюде. 1995 жылдан 2005 жылға дейін алтынвалюта қорының көлемі 9 есеге көбейіп, ҚР Статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметі бойынша $15 085 млн. құраған. 2002 жылдың наурызында АҚШ Қазақстанға «нарықты экономикалы мемлекет» деген дәрежені берді

 

    1. Елімізде халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасының деңгейі қандай?

 

Ұлттық және халықаралық құқық арақатынасының дәстүрлі нысаны осы жұмыстың кіріспесінде көрсетілген бірқатар ғалымдардың еңбектерінде көп рет қарастырылған болатын. Соған қарамастан, халықаралық-құқықтық нормаларды ғылыми «түгендеу» (инвентаризация) қажеттілігі, ішкі мемлекеттік құқық нормаларымен салыстыру негізді, кездейсоқ емес сипатта болу үшін «сап бойынша» орналастыру туралы 1980 жылдар ортасында А.М.Васильев жазған болатын. Халықаралық-құқықтық құжаттардың әр түрлі деңгейлігі ұлттық құқықтың олармен әр түрлі қатынасқа түсуіне әкеп соғады. Егер ұлттық заңнама иерархия және т.б. түрдегі нақты жіктелген болса, онда халықаралық құқық күрделі, жіктеуге қиындық туғызатын үлкен материал болып табылады. Төменде халықаралық құқық пен ұлттық құқық арақатынасының талдауын ұсынып отырмыз, ол логикалық байланыстағы талданып отырған материалды топтарға жіктеуге мүмкіндік береді және талдау үшін ыңғайлы болып табылады. Г.И.Тункиннің классикалық болып кеткен анықтамасына сәйкес, мемлекеттердің және халықаралық құқықтың басқа да субъектілерінің «еріктілік келісімі» жолымен жасалады. Еріктілік келісімі түрлі деңгейде, халықаралық құқық субъектілерінің түрлі дәрежедегі белсенділігімен жасалады және ұлттық құқыққа деген әсерінің түрлі деңгейі бар және керісінше ұлттық құқық халықаралық құқық нормаларының жасалуына түрліше әсер етуі мүмкін. Сондықтан халықаралық құқық нормаларының жасалуын жіктеу негізіне және оның ұлттық құқықпен арақатынасына біз сандық және уақыттық факторлар енгіздік. Сандық фактор халықаралық шартқа қатысушы мемлекеттердің санын көрсетеді. Уақыттық фактор халықаралық шарт жасасу немесе оған қосылу көрсеткіші болып табылады. Біздің ұсынып отырған жіктеудің бірінші деңгейінде екі жақты мемлекетаралық шарттар жатады, олардың нормалары халықаралық құқықтың бірінші деңгейі ретінде мемлекетаралық құқықтың жиынтығын құрайды. Аталған терминді И.Кант (1724-1804 жж.) қолданды, ол «Құқық туралы ілімнің метафизикалық бастауы» еңбегінде «мемлекеттердің бір-біріне деген құқығы... халықаралық құқық деп аталуы дұрыс емес,- дұрысы, мемлекетаралық деп аталуы тиіс (jus publicum civitatum). И.Канттың терминді нақтылауға деген әділ пікірі доктринамен де, тәжірибемен де қабылданған жоқ. В.А.Василенко мұның себебі, алғашқыда француз, кейіннен ағылшын тілдері болған XIX ғ. дипломатиялық тілдерінде халық, ұлт, мемлекет сөздері синоним болғандықтан болуы мүмкін деп санайды. 
 

 

Мемлекетаралық құқықта халықаралық құқық нормаларын құрайтын ұлттық құқық нормаларының өзара әсері байқалады. Бұл мемлекеттің құзырлы органдары ратификациялаған, сонымен қатар ратификацияланбаған шарттары да болуы мүмкін. Әлемде таралған тәртіп бойынша Парламент ратификациялаған халықаралық шарттар әрекет етуші ұлттық құқыққа қарағанда жоғары заңды күшке ие болуы тиіс. Қалған шарттар өзінің иерархиясы бойынша мемлекетте әрекет ететін заңнамадан төмен тұрады және міндетті түрде ұлттық заңнамамен келісіледі. Бұл мысалы, Қазақстан Республикасына тән.

Жалпы халықаралық құқық - әлемнің бүкіл аумағын қамтитын мемлекеттер Біріккен Ұлттар Ұйымының белсенді қатысуымен жасайтын құқық. Аталған терминді анықтаған кезде өз алдына алынған мемлекет немесе аймақтың халықаралық құқығы, мысалы, «Қазақстан Республикасының халықаралық құқығы» немесе «халықаралық африкалық құқық» және тіпті «халықаралық америкалық құқық», сонымен қатар «ТМД немесе Еуропалық Одақ халықаралық құқығы» бола алмайтынын негізге алдық. 
 
Мексикалық заңгерлер халықаралық құқықты бүкіл әлем мемлекеттерінің мүддесін көрсететін заңды нормалардың жиынтығы ретінде анықтайды, және әдетте, халықаралық құқық субъектілеріне өз бостандығы үшін күресуші ұлттар мен халықтарды жатқызбайды, бірақ бір уақытта олар жеке тұлғаларды халықаралық құқық субъектілері ретінде таниды. Аймақтық құқықтың негізгі өзегі ірі мемлекеттер тобы болып табылады және аймақтың бірнеше немесе барлық мемлекеттері оған қабыса отырып жасалады. Субъектілердің құқықтық мәртебесіне байланысты мемлекетаралық жүйелер, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы және халықаралық ұйымдар арасындағы жүйелер ажыратылады.  
 
Халықаралық және Қазақстан Республикасы ұлттық құқығы арақатынасындағы нақтыланған терминологиялық база, біздің ойымызша, терминдердің үш блогынан тұрады. Арақатынас нысандары өзара тығыз байланыста болғаны халықаралық құқық нормаларының ұлттық құқыққа енуінің көп аспектілігі туралы дәлелдейтіндігін ескеру қажет. 

 

 

 

 

 

 

 

2. Халықаралық бірігудегі жүйе мен деңгейі (кесте түрінде)

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Халықаралық қатынастар әлемдік кеңістіктегі әлеуметтік қауымдастықтардың арасындағы қатынастар ретінде қалыптасады, өмір сүреді және жұмыс істейді. Халықаралық қатынастар алуан түрлі: мемлекеттік, әскери, экономикалық, саяси, қоғамдық және зияткерлік, т.б. күштер әртүрлі деңгейде (жаһандық, өңірлік, көп жақты және екіжақты) түйісетін және өзара әрекет ететін кеңістік болып табылады.

Халықаралық деңгейдегі саяси іс-әрекет бүтіңдей бір мемлекет пен халықтың тағдырын айқындайды. Демек, қазіргі әлем бір-бірімен өзара байланысқан көптеген халықтар мен мемлекеттердің күрделі жүйесі болып саналады. Олардың арасында түрі мен мазмұны әртүрлі қатынастар болады. Әлемдік саяси процестің негізгі субъектісі — халықтар. Халықаралық қатынастардың субъектілері — мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, ұлтаралық корпорациялар, солтүстік құрылымдар, саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар, жеке адамдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. http://kk.wikipedia.org/
  2. Баймаханов М.Т., Аюпова З.К., Ибраева А.С. Становление правового государства и конституционный процесс в Республике Казахстан: Монография. – Алматы: КазГЮА
  3. Сапаргалиев Г.С., Мухамеджанов Б., Жанузакова Л., Сакиева Р. Правовые проблемы унитаризма в Республике Казахстан.
  4. Котов А.К. Конституционализм в Казахстане: опыт становления и эффективность механизма власти

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Халықаралық бірігудегі жүйе мен деңгейі (кесте түрінде)