Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 10:25, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Азаматтық, әлеуметтік және экономикалық құқықтардың сақталуы тұрғысынан жұмыс тобының адам құқықтары сақталуы мен көші-қон және еңбек қатынастары саласындағы заңдылықтың қамтамасыз етілуінің өзекті мәселелеріне арналған арнайы зерттеулерінің нәтижелері берілген. Сонымен қатар, бұл бөлімде мүмкіндігі шектеулі адамдардың (мүгедектердің), оралмандардың құқықтарының, баланың, әйелдердің, аз ұлттардың құқықтарының сақталуының, халықты құқықтық ағартудың өзекті мәселелері көрсетілген. Ұлттық жоспардың екінші бөлімінде азаматтардың тегін білікті заңгерлік көмек алу құқығының қамтамасыз етілуі мәселелері, адамның және азаматтың алдын ала тергеу мен анықтау барысында; қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот әділдігін жүргізу саласындағы; атқару ісін жүргізу сатысындағы; пенитенциарлық жүйедегі құқықтарының сақталуы талданады.

Содержание

1. Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жүйесі және оны қорғау мәселелері
1.1 Халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына жататын адамдардың тегін білікті заңгерлік көмек алу құқықтары..................................................................7-9
1.2 Алдын ала тергеу және анықтау кезеңіндегі адам құқықтары...............9-13
1.3 Азаптаулардан және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен еркін болу құқығы...................................................................................................................13-20
1.4 Әділ сот ісін жүргізу құқығы...................................................................20-32
1. 5Сот шешімдерін орындау сатысындағы адам құқықтары. Сотталғандар
құқықтары.............................................................................................................32-42
2. Сотта қорғалуға конституциялық құқықты іске асыру жолдары
2.1 Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі қызметінің
ұйымдастырылуы.................................................................................................43-46
2.2 ҚР омбудсмен институтының даму перспективалары..........................47-50
2.3 Сараптамалық-талдау қызметі. Заңнаманы жетілдіру жұмыстары.....50-65

Қорытынды......................................................................................................66-69
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....…..............................................................70-72

Прикрепленные файлы: 1 файл

Адам мен азаматтын конституциялық құқықтары.doc

— 526.00 Кб (Скачать документ)

Адвокаттарға қатысты олардың өз кәсіптік міндеттерін орындауына байланысты жедел-іздестіру қызметін жүргізуге, сондай-ақ адвокаттарды құпия негізде жедел-іздестіру қызметін атқаратын органдармен ынтымақтастыққа тартуға заңнамалық деңгейде тыйым салынсын.

Адвокаттың жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң, қызметтік үй-жайлары мен тұрғын үйінің қол сұғылмауын бұзуға жеке заңнамалық тыйым салу енгізілсін.

Мемлекеттік құпиямен байланысты істер бойынша ұлттық қауіпсіздік органдарының «арнайы рұқсаты» жоқ адвокаттардың қатысуына заңға негізделмеген тыйым салу азаматтардың қорғануға конституциялық құқықтарының шектеуіші ретінде жойылсын.

Адвокаттарға қатысты қылмыстық іс қозғаудың қысым көрсету мен заңсыз қудалауға қарсы қосымша кепілдіктерін көздейтін ерекше тәртібі белгіленсін.

Ведомстволық шектеулерді жоя отырып, адвокаттарға олардың кәсіптік міндеттерін орындауы кезінде құқық қорғау органдары мен соттардың ғимараттарына еркін кіріп-шығуы қамтамасыз етілсін.

Адвокаттарға атқарған жұмысы үшін қылмыстық тергеу мен сот органдарынан ақша аудару процедурасын жоя отырып, мемлекеттік бюджет есебінен құқықтық көмек көрсету жүйесін жетілдіру мақсатында мұндай көмекті Әділет министрлігі тұлғасындағы бірыңғай уәкілетті орган арқылы тікелей қаржыландыру белгіленсін.

Бүгігі таңда соттарда құқықтық көмекті қамтамасыз ету үшін адвокаттардың жеткіліксіз екенін атап өткен жөн. Адвокаттардың саны мен мәртебесін көтеруге келсек, мемлекеттің уәкілетті органының адвокат қызметін лицензиялауынан бас тартып, адвокат мәртебесін беру туралы мәселені шешуді адвокаттар қауымдастығының біліктілік комиссиясына беру қажет, бұл халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес келеді.

Халықтың әлеуметтік-қорғалатын бөлігіне жататын адамдарды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2010-2012 жылдардағы кезеңде мына шараларды іс жүзіне асыруды ұсынамыз:

1. Әркімнің тегін құқықтық  көмек алу құқығына мұндай  көмекке зәру адамдардың азаматтығына  қарамастан кепілдік беру.

2. Гуманизм, тараптардың  жарыспалығы және кінәсіздік  презумпциясы принциптеріне орай қылмыстық және әкімшілік процестерде құқықтық көмек бұл туралы өтініш арыз берген кез келген адамға тегін көрсетілуге тиіс. Азаматтық істер бойынша тегін құқықтық көмекті белгілі бір көлемде нақты белгілі санаттар үшін, мысалға мүгедектер, табысы төмен азаматтар, зейнеткерлер, көпбалалы аналар, жалғыз басты аналар үшін қарастыру, сондай-ақ құқықтық көмекті бюджет есебінен көрсетуге болатын азаматтық істердің түрлерін, мысалға мемлекеттік органдармен дауласу, еңбек даулары және т.б. сияқты түрлерін белгілеу қажет деп ойлаймыз.

3. 2011 жылғы 1 қазанға дейін  «Тегін білікті заңгерлік көмек  көрсету туралы» ҚР Заңын әзірлеп, қабылдау, заң жобасын әзірлеуші  ретінде Қазақстан Республикасының  Әділет министрлігін белгілеу.

 

 

1. 2 Алдын ала тергеу және анықтау кезеңіндегі адам құқықтары

 

Қадағалау қызметі мен құқық қолдану практикасын, соның ішінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағымдану мәселесі бойынша талдаудан қазіргі уақытқа дейін азаматтардың конституциялық құқықтарын заңсыз ұстау, негізсіз тұрғын үйді тексеру ісін жүргізу және оны заңсыз тінту, тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану және тіпті азаматтарға қатысты күш қолдану мен басқа да адамдық қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынасты қолдану сияқты бұзу түрлері кең тарағаны көрінеді.

Орын алған құқық бұзушылықтар, жоғарыда атап өтілгендей, құқық қорғау органдарының қызметін бағалау жүйесінің дұрыс еместігінен болып отыр.

Басқа да маңыздылығы кем емес фактор кадрларды іріктеу және орын-орындарына қою, қылмыстық тергеу органдарының жеткіліксіз материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі мәселелері болып табылады.

Практика азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына көп жағдайда өз қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындамаумен, жедел және тергеу қызметкерлерін дайындаудың кәсіптік деңгейінің төмендігімен, тіпті кейде олардың қылмыстық іс жүргізу заңнамасының, Қазақстан ратификациялаған халықаралық құқықтық актілердің нормаларын қарапайым білмеумен байланысты жол берілетінін көрсетіп отыр.

Аталған кемшіліктер қылмыстық істер бойынша дәлелдемелер жинау сапасыз жүргізілгенін, тергеудің дұрыс жүргізілмеуіне жол берілуін, яғни «іс жүргізуге немқұрайды қарауды» туғызады, бұл заңсыз іс жүргізу шешімдерін қабылдауға, соның салдары ретінде қылмыстық іс жүргізуге қатысушы азаматтардың құқықтарының бұзылуына әкеп соғады.

Қызметкерлердің біліктілігін көтерудің тиімді жүйесін пысықтап, енгізу қажет, оның басымдықтары кәсіпқойлық, заңдылықты бұлжытпай сақтау, азаматтар мен мемлекет алдындағы парыз бен жауапкершілік сезімі болуы керек.

Жеке адамның конституциялық құқықтарының сақталуын прокурордың қадағалауы адамның және азаматтың қылмыстық тергеу органдарымен қарым-қатынасқа түскен сәтінен, яғни бұл органдарға дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған қылмыс түскен немесе адамның арызының тіркелген сәтінен басталады.

Жедел-іздестіру қызметі (ЖІҚ) саласындағы азаматтар құқықтарының бұзылуы негізінен жеке өмiрi, хат жазысуының, телефон арқылы сөйлесуінiң, телеграф хабарламалары мен почта жөнелтілімдерінің қол сұғылмастығының Конституцияда бекітілген кепілдіктеріне, сондай-ақ тұрғын үйге қол сұғылмаушылық құқығына қысым жасалуымен байланысты екенін практика көрсетіп отыр.

Бұл істе прокуратура органдары Конституцияның 83-бабына сәйкес құқық қорғау органдарының жедел-іздестіру қызметін атқаруы кезіндегі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауына қадағалауды қамтамасыз ететін жалғыз орган болып табылады.

Жедел-іздестіру қызметінің ерекшеліктеріне байланысты бұл жерде адамның және азаматтың құқықтарының сақталуына мониторингтің қолданыстағы әдістері барлық кезде бірдей қолдана беруге келмейді, мемлекеттік бақылау болса ведомстволық бақылаумен шектелген. Азаматтардың құқықтарын өз күшімен қорғауы мәселесі де олардың мүмкіндіктері мен жедел іздестіру бөлімшелерінің материалдарына қол жеткізу құқығы жоқтығынан проблемалы болып табылады.

Жеке бас бостандығы құқығы бұзылуының жолын кесу мен болдырмаудың тиімді тәсілі адамдарды ұстау мен олардың уақытша ұстау изоляторларында (УҰИ) және қызметтік үй-жайда болуының заңдылығына тұрақты жүргізілетін прокурорлар мен Адам құқықтары жөніндегі комиссияның бастамашыл тексерулері болып болып табылады. Бұл ретте кенетттен бару әдісі, соның ішінде түнгі уақытта, мерекелік және демалыс күндеріндегі тексерулер пайдаланылады.

Нәтижесінде соңғы жылдары елде ҚР ҚІК 132-бабының тәртібімен азаматтарды заңсыз ұстау фактілері азайып келеді. Екінші жағынан қызметтік үй-жайларда, соның ішінде кабинеттерде, подвалдарда, спорт залдарында заңсыз ұсталып отырған адамдар көп айқындала бастады.

2008 жылы қылмыстық тергеу органдарының қызметтік үй-жайларынан прокурорлар 850 заңсыз ұсталған адамдарды босатқан. Қылмыстың іс жүргізудегі азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуы фактілері бойынша 44 қылмыстық іс қозғалып, оның 24-і сотқа жіберілген.

Өткен кезеңде жүргізілген 39255 тексеру нәтижесі бойынша уақытша ұстау изоляторларынан тұтқындау түрінде бұлтартпау шарасын қолдануға арналған негіздің жоқтығынан 1317 адам, қылмысты жасады деген күдіктің дәлелденбегені үшін 31 адам, ұстау кезінде қылмыстық іс жүргізу заңы нормаларының бұзылуына байланысты 17 адам босатылған.

ҚР ҚК 347-1 бабында қарастырылған қылмыстардың ашылу статистикасы БҰҰ Азаптауларға қарсы комитетінің қалған ұсынымдарын заңнамалық және құқық қорғау практикасында іске асырудың аса қажеттігі туралы куәландырады.

Бүгінгі таңда Комитеттің ұсынымдарының көп бөлігі орындалмауда:

• азаптауларға және басқа да қатыгез іс-әрекеттерге қатысты арыздарды, шағымдарды жылдам, әділ және толық қараудың пәрменді тетігі жоқ;

• практикада азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттерді қолданып алынған дәлелдемелерге жол бермеу принципінің толық сақталуына кепілдік жоқ;

• алдын ала қамау орындарын тәуелсіз инспекциялау және алдын ала қамаудың ұзақтығы мен жағдайларына тәуелсіз сот бақылауы жоқ;

• БҰҰ-ның Азаптауларға қарсы комитетінің ұсынымдары кең жұртшылыққа жеткізілмеген [4].

Жалпы алғанда алдын ала тергеу мен жауап алу саласындағы ахуалды талдау қылмыстық-құқықтық қатынастар орбитасына тартылған адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың кепілдігін күшейтуге бағытталған заңнама мен құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдіру қажеттігі туралы куәландырады.

Тергеушілердің (анықтаушылардың), жедел іздестіру қызметкерлерінің қылмыс істеді деген күдікті адамдарды ұстау, оларды ішкі істер (ҰҚК, қаржы полициясы және т.б.) органдарына жеткізу және уақытша ұстау изоляторларына (УҰИ) орналастыру, алғашқы тергеу жүргізу процесіндегі қызметін егжей-тегжейлі регламенттеу қажет. Қылмыстық іс жүргізетін адамға күдіктіге (айыпталушыға) оның процессуалдық құқықтарын, соның ішінде білікті заң көмегін алу, туыстарына ұсталу (тұтқындалу) фактісі туралы хабарлау құқықтарын дер кезінде түсіндіру бөлігінде қатаң талаптар қойып, жауапкершілігін күшейту қажет.

Алдын ала тергеу және жауап алу барысында теріс пайдаланушылық пен қызметтік өкілеттіліктерін асыра сілтеудің алдын алу мақсатында ұсталғандардың, күдіктілердің, айыпталушылардың тәуелсіз медициналық тексеруден өту құқығын заңнамалық түрде бекіту қажет.

Қылмыстан жәбір шеккендер мен куәлардың құқықтарын тиімді қорғау үшін барлық қажетті процессуалдық іс-қимылдарды қабылдау қажет.Қазақстан әлеуметтанушылары Ассоциациясының сарапшылары жүргізген сауалдама респонденттердің 38,4% қылмыстан жәбір көргендердің құқықтарын қорғаудың мемлекеттік тетіктерінее теріс баға берген, ал респонденттердің 18,0% «Сіз қылмыстан жәбір көргендердің құқықтарын қорғаудың мемлекеттік тетіктерін қалай бағалайсыз?» деген сұраққа жауап беруге қиналған. Әлеуметтанушылық сауалдаманың бұл нәтижелері жәбір көргендердің ғана емес, куәлардың да құқықтарын қорғаудың тетіктерін жетілдіру қажеттігі туралы куәландырады.

«Қылмыстық процеске қатысқан адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» ҚР Заңын жүзеге асырудың үкіметтік бағдарламасын әзірлеп, онда материалдық-қаржылық, ұйымдық қамтамасыз етуді және жүзеге асырудың пәрменді тетігін көздеу қажет.

Адамдарды УҰИ-дан тыс жерлерде, кабинеттерде және басқа да жабдықталмаған үй-жайларда ұстағаны үшін лауазымды адамдардың жауапкершілігін қатайту қажет. Уақытша ұстау изоляторлары ҚР Әділет министрлігінің қарамағына берілуге тиіс.

Қазақстан Республикасының Конституциясында және халықаралық құқықтық актілерде кепілдік берілген адам құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2010-2012 жылдардағы кезеңде мына шараларды іске асыруды ұсынамыз:

1. Қылмыстық іс жүргізу  заңнамасында «сезіктіні ұстау»  және «нақты ұстау сәті» ұғымдарын  нақтылап анықтау қажет, өйткені  ҚР ҚІК 134-бабында белгіленген  ұстаудың негізі мен дәлелдері, жері мен уақыты (сағаты мен  минутын көрсете отырып), жеке  тінтудің нәтижелері, сондай-ақ хаттама жасалған уақыт көрсететін хаттама жасалуға тиіс үш сағаттық мерзім нақты ұстаған сәттен басталады.

2. Еліміздің қылмыстық  іс жүргізу заңнамасын адамды  нақты ұстауды жүзеге асыратын  құқық қорғау органдары қызметкерін  оған тез арада кем дегенде мыналар туралы хабарлауды міндеттейтін нормамен толықтыру қажет:

- ұстауға негіздер;

- ол қылмыс жасады деп  сезік тудырған немесе айып  тағылған қылмысты саралау;

- өз таңдауы бойынша  адвокатқа (қорғаушыға), соның ішінде  тегін заңгерлік көмекке және алғашқы жауап алуға дейін адвокатпен құпия кездесуге құқығы;

- үндемеу құқығы (өзіне  қарсы куәлік бермеу құқығы);

- ұсталғанын сотқа шағымдану  құқығы;

- өзінің ұсталғаны туралы  туысқандарын тез арада хабардар  ету құқығы.

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасында адамды жоғарыда аталған құқықтары туралы хабардар етпеу сезіктінің, айыпталған адамның іс жүргізу құқықтарының елеулі бұзылуына алып келеді, ол кейіннен бұл адамды қылмыстық қудалаудан бас тартуға әкеп соғады.

3. Қылмыстық іс жүргізуші  органдар кінәсіздік презумпциясы принципінің сақталуына кепілдік берсін.

4. Ішкі істер министрлігінің  қарамағындағы уақытша ұстау  изоляторлары Әділет министрлігінің  қарамағына берілсін және қоғамдық  қадағалау комиссияларына бұл  нысандарды ескертусіз тексеру  құқығы берілсін.

5. Тергеу изоляторлары  мекемелерінің басшыларын айыпталушыларды  белгіленген мерзімі аяқталған  кезде қамауда ұстау мерзімін  ұзарту туралы соттың хабарландыру  қағазы жоқ болған жағдайда  босатуға міндеттеу. Ондай хабарландыру  қағазы келіп түскен кезде  оның көшірмесі тез арада сезікті мен айыпталушыға берілуге тиіс.

6. Ішкі істер министрлігінде  және басқа да жауап алу, тергеу  жүргізуші және қамауға алушы  органдарда өз қызметкерлерінің  мінез-құлық Кодексін қабылдау  қажеттігі пісіп жетілді, ол олардың  кәсіптік корпоративтік этикасы ережелерінің жиыны болар еді. 1976 жылы қабылданған Полицейлердің мінез-құлық кодексі Еуропадағы осындай құжат болып табылады.

 

 

1. 3 Азаптаулардан және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен еркін болу құқығы

Информация о работе Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары