Эконмикалық іс-әрекеттердің нәтижесін өлшеу: жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ, қор және ағын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 12:52, курсовая работа

Краткое описание

Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теориялардың өзара байланысы мен бақылауларға бағытталған. Сол себепті, макроэкономикалық теорияны зерттеу мақсаты бұл экономиканы қалыптастыру механизмінің түсінігі болып табылады, яғни экономикалық бақылаулар теория негізінде қалыптасқан. Әрбір теорияны дайындап алған соң, біз оларды тексеру үшін қайта бақылауларды қарастырамыз. Кездейсоқ бақылаулар экономика деректерінің қайнар көзі ретінде қызмет етеді. Мәселен, сіз дүкен аралап жүргенде бағалардың тез көтеріліп жатқанын көресіз. Жұмыс іздеп жүргенде, фирмалар жұмысшы қабылдай ма, жоқ па, соны білесіз. Біз бәріміз экономикалық процестерге қатысушылармыз. Сол себепті уақыт өте келе экономиканы сезіну қабілетіне ие боламыз. Экономикалық статистика — бұл объективті ақпараттың қайнар көзі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жалпы макроэкон-қ көрсеткіштер.doc

— 644.50 Кб (Скачать документ)

        Дегенмен, капиталдың негізгі тозу құны — бұл өндіріске кеткен шығындар, сонда ЖҰӨ-нің осы құннан айырмасы экономикалық қызметтің таза нәтижесін сипаттайды. Осы себептен, көптеген экономистердің ай-туынша, таза ұлттық өнім (ТҰӨ) көрсеткіші ЖҰӨ-ге қарағаңда экономика жағдайын жақсы сипаттайды. Ұлттық есеп жүйесіндегі келесі көрсеткіш фирмалардағы жанама салық сомасына жүргізіледі, мысалға, сату салығы. Осындай салықтар таза ұлттық өнімнің 10%-ына дейін құрайды және тұтынушының тауарға бөлетін бағасы мен фирманың сату бағасының арасындағы айырмашылықты фирма алмағандыкдан, ол табыстың бір бөлігі болып табылмайды. Таза ұлттық өнімнен жанама салықтарды алып тастасақ, басқа көрсеткіш аламыз. Оның атауы —ұлттық табыс.

Ұлттық табыс = ТҰӨ — жанама садықтар.

       Ұлттық табыс барлық экономика агенттерінің табыс жиынтығын керсетеді. Ұлттық есеп жүйесінде ұлттық табыс, табыс алу төсіліне байланысты бес құрауышқа бөлінеді. Осы 5 санат (категория), сонымен бірге әрқайсысының ұлттық табыстағы үлесі төменде пайыз түрінде көрсетілген:

1) Еңбекақы (73%). Жұмысшылардың алатын жалақысы мен сыйлығы.

2) Жеке меншік табыстар (70%). Мәселен, кішігірім дүкендер, фермалар, т.б.

3) Ренталық табыс (2%). Жылжымайтын мүлік иелерінің  алатын пайдасы, оған қоса өздері өзіне "төлемейді" деп есептелінген жалдау ақысы жатады.

4) Корпорация пайдасы  (11%). Жұмысшылар мен несие берушілерге төленген төлемнен қалған корпорация пайдасы.

5) Таза пайыз (7%). Белгілі  бір елдің кәсіпорын төлемдерінің  пайыздық сома мен олар арқылы  алынған пайыздық сома  елдердің экономикалық  агенттерінен түскен пайыздық соманы қосқанға тең. Осындай түзетулердің көмегімен ұлттық табыстан жеке табысқа өтуге болады, яғни үй шаруашылығы мен корпоративті емес кәсіпорындар алатын табыс. Осылардың ішінде 3 ең керекті түзетулер бар:

        Біріншіден, өзінің пайдалануына қалдыратын немесе мемлекет салығын төлемеуге бағыттайтын корпорация пайдасын ұлттық табыстан алып тастау керек, бұл үшін ұлттық табыс көлемінен корпорация пайдасын алып тастайды және дивидендтер сомасын қосады.

       Екіншіден, ұлттық табыс көлеміне трансферттік төлемдердің таза сомасын қосу қажет, ол жеке азаматтарға төленген трансфертті төлемдердің әлеуметтік сақтандыру үшін мемлекетке аударған салымнан алып тастаған сомасына тең.

       Үшіншіден, кәсіпорындардың пайыздық төлемдерінің орнына үй шаруашылығының пайыздық түсімдерін енгізу керек, бұл түзету пайыз түрінде алынған жеке табыстың қосылғанынан және таза пайыз көлемін шегеріп тастау жолымен жүзеге асады. Жеке табыс мынаған тең:

       Жеке табыс = ұлттық табыс;

-  корпорация пайдасы;

-  әлеуметтік сақтандыруға салынған салымдар;

-  таза пайыз; + дивидендтер;

+ мемлекеттен халыққа  берілетін трансфертті төлемдер;

+ жеке табыс (пайыз  түрінде алынған).

           Жеке табыс сомасынан мемлекетке төленетін кейбір салық емес төлемдерді алып тастасақ, қолда бар табыс көлемі шығады (мәселен, қоғамдық көлік үшін төлем). Қолда бар табыс = жеке табыстар — жеке салықтық және салықтық емес төлемдер.

          Жеке табыс — бұл үй шаруашылығы иелігінде және мемлекеттік салық міндеттерін орындағаннан кейінгі корпоративті емес кәсіпорындар иелігінде қалатын қажеттіліктер.

          Нақты ЖҰӨ көлемінің қозғалысы циклдық маусымдық ауытқуларға байланысты. Кейбіреулері өндірістік пайыздық ерекшеліктерімен байланысты: мәселен, жылдың суық кезінде үй құрылысын жүргізу көптеген қиындықтар әкеледі, сонымен қатар, жыл мезгіліне байланысты адамдардың қалауы өзгереді. Мәселен, демалуға ыңғайлы кезенде демалысқа шығу өте көп болады және жаңа жыл сыйлықтарын алу да сол сияқгы, т.б.

         Нақты ЖҰӨ көлемінің ауытқулары мен басқа да экономикалық көрсеткіштерді зерттеуде, олардың қозғалысын маусымдық факторлардан "тазалау" қажет.

       Газеттерге жазылатын статистикалық есептердің үлкен бөлігіне осы факгорлар әсер етпейді. Сол себепті, нақты ЖҰӨ көлемі өзгерсе, онда оған түсініктемені маусымдық ауытқулардан басқа жерден іздеуге болады.

 

Өмір  кұнын елшеу: тұтыну бағасының индексі. Тауарлар коржынының бағасы

           Қазіргі кезде осьщан 10 жыл бұрын долларға сатып алынатын затты алу мүмкін емес. Барлық бағалар көтеріліп кетті.

          Жалпы, баға деңгейінің көтерілуі "инфляция" деп аталады. Бұл экономистер үшін үлкен әрі өте күрделі мәселе. Келесі тарауларда біз осы инфляцияның салдары мен себептерін тереңірек зерттейміз. Біз бұл тарауда өмір құны өзгерістерінің қалай өлшенетінін қарастырамыз.

           Көбінесе баға деңгейінің көрсеткіші ретінде тұтыну бағасының индексі (ТБИ) қолданылады. Тұтыну бағасының индексі есебімен статистика агенттігі шұғылданады. Ең алдымен тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлерінің бағасы туралы жинақ жүргізіледі. ЖҰӨ бір көрсеткіш ретінде көптеген өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасын көрсетеді, сол сияқты тұтыну бағасының индексі де көптеген тауарлар мен қызметтердің бағасын көрсетеді.

           Бұл — жалпы баға деңгейінің көрсеткіші. Қандай жолмен экономистер баға деңгейін сенімді сипаттайтын және экономикада болатын бағалар жиынтығын бір көрсеткішке біріктіреді?

           Барлық бағалардың орташа мәнін есептей салуға болар еді, бірақ бұл бар тауар мен қызмет түріне бірдей көзқараспен қарау болып табылады.

           Адамдар қара уылдырықты тауыққа қарағанда аз тұтынады, сондықтан тауықтың тұтыну бағасының индексі көбірек салмақ иеленуі қажет. Статистика агенттігі әртүрлі тауар түрлерін, қарапайым тұтынушылар тұтын-атын тауарлар мен көрсетілген қызмет жиынының анықталған бағасын есептеу жолымен көрсетеді. Тұтыну бағасының базисті жылдағы бағасына қатынасы — тұтыну бағасының индексі болып табылады. Мәселен, әр айда  қарапайым тұтынушы 5 алма және 2 апельсин тұтынады деп жорамалдайық. Сонда тұтыну 5 алма мен 2 апельсиннен тұрады. Сондықтан, тұтыну бағасының индексі:

 

            ТБИ=     (5 х нақты алма бағасы) + (2 х нақты апельсин бағасы)

                 (5 х 1982 ж. алма бағасы) + (2 х 1982 ж. апельсин бағасы)

 

        Тұтыну бағасының индексін есептегенде 1982 ж. базисті жыл болып есептелді. Индекс 1982 жылғы және қазіргі кездегі тұтыну қоржынындағы 5 алма мен 2 апельсиннің бағаларының қатынасын көрсетеді. Тұтыну баға-сының индексі маңызды көрсеткіш, бірақ ол баға қозғалысының жалғыз көрсеткіші болын табылманды. Басқа көрсеткіш — бұл тұтынушылар емес, фирмалар тұтынатын қарапайым тауар жиынының көтерме бағасын көрсететін индексі болып табылады. Осы жалпы баға индексімен қатар статистика агенттігі жеке топ тауарларының индекстерін есептейді, мәселен, азық-түлік, энергия, тұратын жер.

       Тұтыну бағасының индексі және ЖҰӨ дефляторы

       Жоғарыда атаулы ЖҰӨ көлемінің нақты ЖҰӨ көлеміне қатынасы түрінде берілген ЖҰӨ дефляторын қарастырғанбыз. ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну бағасының индексі жалпы баға деңгейі туралы экономикада әр түрлі ақпарат береді. Осы екі көрсеткіш арасында 3 негізгі айырмашылық бар:

        1) ЖҰӨ дефляторы барлық өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлерінің құнын көрсетеді, ал тұтыну бағасының индексі тек тұтынушы тұтынатын тауарлар мен қызметтердің бағасын есептейді. Сонымен, фирмалар мен мемлекет тұтынатын тауарлар мен қызметтердің бағасының ЖҰӨ-ін алуға болады.

       2) ЖҰӨ дефляторы тек қарастырылып отырған мемлекеттің азаматтары өндірген тауарларды есепке алады. Басқа елдерден импортталатын тауарлар ЖҰӨ-де есептелінбейді және ЖҰӨ дефляторында да көрсетілмейді. Сол себепті Жапонияда жиналып, АҚШ-та сатылған "тойота" құнының өсуі, тек тұтыну бағасының индексінде көрсетіледі, оны америкалық тұтынушылар тұтынады, бірақ ЖҰӨ дефляторында көрсетілмейді.

        3) Бағаның әр түрлі болуында. Тұтыну бағасының индексін есептегенде, әр түрлі тауар бағалары тұрақты салмақты болады, ал ЖҰӨ дефляторын есептегенде ауыспалы салмақ қолданылады. Басқа сөзбен айтсақ, тұтыну бағасының индексі өзгермейтін тауарлар жиынында есептелінеді, ал ЖҰӨ дефляторы тауарлар жиынының өзгеруіне байланысты болады, яғни ЖҰӨ құрамының өзгерісіне байланысты болады. Мысалы, 2 тауар түрі — апельсин мен алма өндіріледі және тұтынылады деп жорамалдаймыз.

       Мұнда, ЖҰӨ дефляторы да және тұтыну бағасының индексі де анықталған тауар жиынының ағындағы бағасы базистік жылдағы сол тауарлардың бағасымен салыстырылганы көрсетіледі. Уақытқа байланысты жиындар құрамы өзгере ме әлде жоқ па деген сұраққа жауап бере отырып, екі көрсеткіштің айырмашылығын білуге болады. Тұтыну бағасының индексінде өзгермейтін тұтыну қоржыны қолданылады (базисті жылдағы салмақ), ал ЖҰӨ дефляторы өзгермелі тұтыну қоржыны (тауар түрінде оған кіретін нақты салмақтар): бағаларға деген әр түрлі көзқарастар әсері не әкелетінін келесі мысалдан көреміз. Мәселен, Алматыда болған қатты суық әсерінен барлық алма науқаны құрыды, сонда өндірілген алма саны 0-ге дейін төмендеді, ал дүкендерде қалған алма бағасы қатты көтерілді. Дегенмен, алма ЖҰӨ құрамына кіргенімен, бағаның жоғарылауы ЖҰӨ дефляторында көрсетілмейді. Тұтыну бағасының индексі өзгермейтін тауар жиынтығы негізінде есептелсе, оған алма кіреді, сонда алма бағасының көтерілуі тұтыну бағасының индексі көтерілуіне алып келеді. Өзгермейтін тауар жиынын есептейтін индекс "Ласпейрес индекс", ал өзгеретін тауар жиынын "Пааше индексі" көрсетеді. Ласпейрес индексі — PL.

       Мұндағы P і және P і - і игілігінің бағалары (0 — базистік жыл, ал t — ағымдағы жыл), Q і - о базистік жылдағы і игілігінің көлемі.

Пааше индексі — Рр.

       Бұл индекстер өмір құнын өлшеу үшін арналған, яғни белгілі бір өмір деңгейін ұстап тұру үшін қажетті шығындар. Әр түрлі тауарлар бағасы әр түрлі өлшемге өзгергенде Ласпейрес индексі өмір құнының өсуін Пааше индексіне қарағанда нақтырақ көрсетеді. Ласпейрес индексі белгілі бір тауар жиынын есептеу үшін қолданылады, мұнда қымбат тұратын тауарларды арзан тұратын тауарлармен алмастыру мүмкіндігі ескерілмейді. Керісінше, Пааше индексінде тауардың бір-бірін алмастыруы есепке алынады. Бірақ мұнда әл-ауқаттың төмендеу деңгейі көрсетілмейді. Алматыдағы аяз, мысалы, Ласпейрес және Пааше индекстерінің кемшілігін көрсетеді. Деген-мен, тұтыну бағасының индексі, яғни мұнда тұтынушы үшін алма бағасы өсімі жоғарылайды: бұл жерде өзгермейтін тауар жиыны қолданылады және алманы апельсинмен алмастыру мүмкіндігі есепке алынбайды. ЖҰӨ дефляторы — бұл Пааше индексі, мұнда керісінше, тұтынушы үшін бағаның жоғарылауы толығымен көрсетілмейді. Осы жерде ЖҰӨ дефляторы өсім құнын көрсетіп тұрған жоқ, дегенмен алма құнының жоғарылауы тұтынушы жағдайына жағымсыз әсер тигізеді. ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну бағасы индексінің практикада айырмашылығы көп емес, яғни тұтыну бағасы индексінің қозғалысы ЖҰӨ дефляторы қозғалысына өте жақын.

 

 

2.3 НЕГІЗП МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕНДІКТЕР

        Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік табыс пен шығынның теңдігін көрсетеді.

 

Ү = С +1 + G + NX  (1)

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

          Макроэкономикалық талдауларда басқа да тепе-теңдіктер пайдаланылады. Инвестиция мен қор жинағының тепе-тендігін төменгідей көрсетуге болады. Талдауды жеңілдету үшін жабық экономиканы қарастырамыз. Бұл экономикада мемлекет секторы жоқ деп жорамалдаймыз, демек салық та жоқ болады. Онда шығын бойынша:

ЖҰӨ = Тұтыну + Инвестиция    (2)

         Табыс бойынша:

ЖҰӨ = Қор жинағы + Тұтыну    (3)

         Жалпы өнімді өндіруге кететін шығындар мен табыс бір-біріне тең болғандықтан, (2) жөне (3) формулаларды теңестіре отырып, төмендегі теңдеуді аламыз.

С +І = S + С немесе I = S       (4)

                                                                                                                                                                                                                                                                                

        Бұл қарапайым тепе-теңдік мемлекет пен шет мемлекетті енгізгеннен соң күрделілене түседі.

       Жиынтық қор жинағы үш құрауыштан түрады.

Sp = Sp + Sg + Sr     (5)                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

       Жеке қор жинағы Sp төмендегідей бейнеленген:

Sp = (Ү + TR + N - Т) – С       (6)                                                                                                                                                                                                                                                                                              

Информация о работе Эконмикалық іс-әрекеттердің нәтижесін өлшеу: жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ, қор және ағын