Эконмикалық іс-әрекеттердің нәтижесін өлшеу: жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ, қор және ағын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 12:52, курсовая работа

Краткое описание

Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теориялардың өзара байланысы мен бақылауларға бағытталған. Сол себепті, макроэкономикалық теорияны зерттеу мақсаты бұл экономиканы қалыптастыру механизмінің түсінігі болып табылады, яғни экономикалық бақылаулар теория негізінде қалыптасқан. Әрбір теорияны дайындап алған соң, біз оларды тексеру үшін қайта бақылауларды қарастырамыз. Кездейсоқ бақылаулар экономика деректерінің қайнар көзі ретінде қызмет етеді. Мәселен, сіз дүкен аралап жүргенде бағалардың тез көтеріліп жатқанын көресіз. Жұмыс іздеп жүргенде, фирмалар жұмысшы қабылдай ма, жоқ па, соны білесіз. Біз бәріміз экономикалық процестерге қатысушылармыз. Сол себепті уақыт өте келе экономиканы сезіну қабілетіне ие боламыз. Экономикалық статистика — бұл объективті ақпараттың қайнар көзі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жалпы макроэкон-қ көрсеткіштер.doc

— 644.50 Кб (Скачать документ)

1.1. Эконмикалық іс-әрекеттердің нәтижесін өлшеу: жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ, қор және ағын

        Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теориялардың өзара байланысы мен бақылауларға бағытталған. Сол себепті, макроэкономикалық теорияны зерттеу мақсаты бұл экономиканы қалыптастыру механизмінің түсінігі болып табылады, яғни экономикалық бақылаулар теория негізінде қалыптасқан. Әрбір теорияны дайындап алған соң, біз оларды тексеру үшін қайта бақылауларды қарастырамыз. Кездейсоқ бақылаулар экономика деректерінің қайнар көзі ретінде қызмет етеді. Мәселен, сіз дүкен аралап жүргенде бағалардың тез көтеріліп жатқанын көресіз. Жұмыс іздеп жүргенде, фирмалар жұмысшы қабылдай ма, жоқ па, соны білесіз. Біз бәріміз экономикалық процестерге қатысушылармыз. Сол себепті уақыт өте келе экономиканы сезіну қабілетіне ие боламыз. Экономикалық статистика — бұл объективті ақпараттың қайнар көзі. Өкімет фирмалар мен азаматтардың экономикалық іс-әрекеті туралы, яғни белгіленген бағалардың деңгейін және сұраныс жүйесін, табыс мөлшерін, және т.с.с. дерек алу мақсатында үнемі зерттеулер жүргізеді. Алынған деректер бойынша әртүрлі статистикалық көрсеткіштер есептелінеді, олардың жиынтығы экономиканың қалпын, жағ-дайын сипаттайды.

         Макроэкономистер бұл статистиканы өздерінің талдауларында пайдаланады. Бұлар экономикалық көріністерді бағалауда және тиісті әдістерді жасағанда көмек көрсетеді.

        Экономикалық көрсеткіштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшін жиі қолданылады. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндіріс тауарлары мен қызметтер үшін жұмсалған жалпы шығын көлемін сипаттайды.

         Біз, осы көрсеткіштер қалай есептелінеді және олардан экономика туралы қандай ақпараттар алуға болатындығын қарастырамыз.

       ЖҰӨ экономика көрсеткіштерінің ең нақтысы деп есептеледі. Статистикалық деректер мемлекеттің экономика министрлігінің 3 айда бір есептеуі бойынша, экономикалық іс-әрекет нәтижесін бірыңғай көрсеткішпен беруге негізделген. ЖҰӨ-ді төмендегідей бөліктерге бөліп көрсетуге болады:

1)  Барлық экономикалық агенттер  табысының жиынтығы.

2)  Өндіріс тауарлары мен көрсетілген  қызметтердің жалпы шығын көлемі.

         ЖҰӨ — экономика жағдайын сипаттайды, себебі адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табыстарды көбірек қалайды. Яғни өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет көлемі жоғарылаған сайын, өзіндік қанағаттану дәрежесінің деңгейі, өндірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі жоғары болады.

       ЖҰӨ — экономикадағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін бірдей өлшейді. Себебі бұл өлшемдер соңында бірдей болады. Жалпы, экономика үшін табыс көлемі шығын көлеміне тең болуы керек. Бұған көз жеткізу үшін, біз ұлттық есепшотты, ЖҰӨ статистикалық жүйе елшемін және басқа да сонымен байланысты көрсеткіштерге талдау жасап, оқып-үйренуіміз керек.

 

Табыстар, шығындар және олардың айналымы

        Мысал ретінде мынадай экономиканы алайық:

       Мұнда тек бір ғана тауар — нан өндірілсін, яғни бір ғана фактор — еңбек пайдаланылады.

       1-суретте үй шаруашылығы мен фирмалар арасындағы барлық экономикалық мәмілелер көрсетілген. Суреттегі ішкі шеңбер нан мен еңбек ағынын көрсетеді. Фирма өз жұмыскерлерінің еңбектерін нан өндіруге пайдаланады, және фирма сол өнімді — нанды өз кезегінде үй шаруашылығына сатады. Осыған байланысты еңбек үй шаруашылығынан фирмаларға қарай қозғалады. Ал нан фирмадан үй шаруашылығына қозғалады. Ал сыртқы шеңбер суреттегі ақша ағынын көрсетеді. Үй шаруашылығы фирмадан нан сатып алады. Фирма сатудан түскен төлемдердің бір бөлігін жұмысшылардың еңбекақысы ретінде пайдаланады, ал қалғаны табыс болады. Осы фирма басқарушылары үшін үй шаруасы да бір сектор бөлігі болып табылады. Сондықтан нанға кеткен шығын үй шаруашылығынан фирмаға келіп түссе, ал айлық төлем ақы табыс ретінде фирмалардан үй шаруашылығына келіп түседі. ЖҰӨ — экономикада ақша ағынын сипаттанды. Біз оны екі жолмен есептеуімізге болады.

          ЖҰӨ — бұл нан өндірісінің табыс жиынтығы, ол жалақы мен пайдаға тең, яғни суреттегі ақша айналымының жоғарғы жартысы. Сонымен қатар ЖҰӨ — бұл нан алуға кеткен жалпы шығын көлемі, яғни ақша айналымының төменгі жартысы. Осыған байланысты біз фирмалардан үй шаруашылығына баратын ақша ағынын біле аламыз. Шығындар мен табыстардың тендігі мына есеп ережесінен шығады: өнімді өндіруге кеткен  барлық шығын осы өнімді өндірушілердің табысы болып табылады. Осы ережеге байланысты кез келген мәселенің нәтижесінде шығын көлемі өзгеріске ұыраса, онда табыс та өзгереді және кез келген мәселе нәтиже-сінде табыс өзгерсе, онда шығын көлемі де өзгереді.

           Суретте фирмалар мен үй шаруашылығы арасындағы байланыс көрсетілген. Мұнда бір тауар түрі — нан өндірілді, ал пайдаланылатын фактор — еңбек. Еңбек пен нан ағындарын көрсететін ішкі шеңберде үй шаруашылығы фирмаларға еңбекті сатады, ал фирма үй шаруашылығына нан сатады. Сыртқы шеңбер ақша ағынын көрсетеді: үй шаруашылығы фирмаларға нан үшін ақша төлейді, ал фирмалар үй шаруашылығына жалақы төлейді. Осындай эк-номикадағы ЖҰӨ — нанға кеткен жалпы шығын көлемі және нан өндірісінен түскен табыс жиынтығы.

          Мысалы, фирма нанды өндіріп, үй шаруашылығына бір нанды артық сатты делік. Әрине, мұндай жағдайда, нанға деген жалпы шығын көлемін өзгертеді және жалпы табыс та өзгереді. Егер фирмаға қосымша нан өндіру үшін қосымша жұмысшы қабылдау қажет болса, онда жалақының жалпы көлемі көтеріледі. Егер фирма жұмыскерлердің көмегінсіз өндірсе (яғни өндіріс үрдісін тиімдірек әрі ұтымды етіп жасайды), онда пайда кебейеді. Осы екі Жағданда шығын мен табыс бірдей өлшемге көбейеді.

       Ауыспалы көлем 2 түрге бөлінеді - қор және ағын.

      2-суретте ваннадағы судың көлемі — бұл қор, ол әдетте нақты уақыт мерзімімен өлшенеді, кран арқылы құйылатын су көлемі — бұл ағын, ол әдетте бірлік уақыт көлемімен өлшенеді.

 

      Кран арқылы келетін су — ағын, ваннаға уақыт бірлігінде келетін су көлемі. Сондықтан, қор мен ағынды өлшеу үшін әр түрлі бірліктер қолданылады. Ваннада 50 литр су бар, ал ваннаға әр минутта 5 литр су құйылады. Кейбір айнымалыларға теориялық талдау жасаған сәтте біз қор мен ағын арасындағы тәуелділікті жиі кездестіреміз. Ваннадағы жағдай бұл әдеттегі тәуелділік. Қордағы су, кран арқылы құйылатын ағынның жиналуы нәтижесінде ванна толады. Қордың өзгеру үрдісі ағында көрсетілген. Экономикалық көрсеткіштерді зерттеу кезінде, көбінесе қай санатқа жататындығын анықтау қажет болады — қор ма, әлде ағын ба, олардың арасында тәуелділік бар ма? Төменде біз келесі тарауларда оқитын бірнеше бір-бірімен байланысты қордағы ағын түрлері мысалдары көрсетілген:

• Тұтынушы заты — қор, оның табысы мен шығыны — ағын.

• Жұмыссыздар саны — қор, ал жұмысын жоғалтушылар саны — ағын.

• Мемлекеттік қарыз — қор, бюджет тапшылығы — ағын. Жоғарыда қарастырылған түсініктердің көпшілігі "ағын" түсінігіне жатады. Мысалы: ЖҰӨ (ЖІӨ), инвестиция, мемлекеттік шығын, т.б.

       Макроэкономикада маңызды деп есептелегін "қор — ағын" ұғымына жататын кейбір көрсеткіштерді қарасгырамыз.

        1. Инвестиция және негізгі капитал. Экономикадағы капитал — бұл белгіленген, анықталған уақытта жинақталған тұрғын үй қоры, машина, құралдар, өндірістік ғимараттар қоры және елдегі өндіруші күш. Инвес-тициялық шығындар — бұл белгілі бір уақыт аралығында негізгі капиталды қолдауға және капиталдың өсуіне бағытталған өнімдер ағыны. Осыдан төменгідей қатынасты алуға болады.

 

К = К

+ I     (1)      

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        

      Мұндағы К — қарастырылып отырған жыл аяғындағы капитал қоры. Ал К — қарастырылып отырған жыл алдындағы жылдың капитал қоры. Қор өсімі (К— К ) инвестиция ағымына тең.

         Егер инвестиция мен капитал қорының арасындағы байланысты тереңірек қарастырсақ, онда төмендегі тендеуді құруға болады.

 

К = К

+ I - DN       (2)

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

         Мұндағы DN — кейбір капитал қоры табиғи қартаяды немесе үнемі пайдалану нәтижесінде тозады, мұндай тозуды амортизация деп те атайды.

I — инвестиция ағымы, жалпы инвестиция деп те атайды.

I — DN — таза инвестиция.

           2. Қор және байлық. Жоғарыда қарастырылған "қор — ағын." ұғымының бір көрсеткіші ретінде қор және байлықты қарастыруға болады. Қор S табыстың тұтынудан қалған бөлігі, бұл қаржылық байлықтың қалып-тасуына мүмкіндік береді және (W) белгіленеді.

 

W - W_, = S     (3)

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

(W—W_i) — қор жинағының өсімі қорға тең.

        3. Ағымдағы операция шоттары жөне шетел инвестициясының сольдосы. "Қор - ағын" ұғымының үшінші көрсеткіші. Ол ағындағы операция шоттары (СА) мен шетел инвестициясының сальдосы (NIIP) арасындағы байланысты көрсететін тәуелділік.

 

NIIP = NII К

+ СА     (4)

 

          4. Бюджет тапшылығы жөне мемлекеттік қарыз. Бұл көрсеткіш мемлекеттің таза қарызының мөлшері Dd пен бюджет тапшылығы (DEF) арасындағы тәуелділікті көрсетеді.

 

Dd - Dd

- DEF      (5)

 

ЖҰӨ-ң кейбір есептеу принциптері

          Гипотекалық экономикада, мұнда тек нанды өндіреді деп жорамалдаймыз. Нақты өмірде мемлекеттердің ЖҰӨ-ны есептеуі күрделі мәселе. Сондай күрделі экономиканы өндіріс пен қызметтер шығынын қоса отырып, тікелей түсінуге болмайды. ЖҰӨ туралы дұрыс түсінік алу үшін, оның басты қалыптасу принциптері туралы білу қажет.

        Қор  есебі: Мәселен, фирма қосымша жұмысшылар алып, өндірісін үлкейтсе, яғни нан өндірсе, оларға жалақы төлесе, ал содан кейін жасаған тауарлары өтпей қалса, бұл ЖҰӨ өлшеміне қалай әсер етеді?

         Жауап өтпей қалған нанды не істейді, соған байланысты. Егер нан керек емес деп тасталса, онда фирма пайдасы қосымша жалақы өлшемі ретінде төленеді, - сонда фирма жалақы ретінде үлкен сома төлесе, ал пайда ретінде өзіне ешқандай табыс тапқан жоқ. Бұл операция шығын көлеміне және табыс деңгейіне әсер етпейді. Сондықтан ЖҰӨ өлшемі өзгеріссіз қалады (тек қана жалақыға тиесілі бөлігі аз). Басқаша айтқанда, егер нанды кейінірек сату үшін, қорға жинап қойса, онда ұлттық есептеу принципіне байланысты, бұл операция басқаша қаралады. Бұл жағдайда пайда қысқартылмайды, себебі нан фирма қорында сақталуда. Сол себепті ЖҰӨ көлемі көбейеді. Яғни, жалақының жоғары болуынан пайда жоғарылайды, сонымен қатар қордың жиналуынан шығын көлемі көбейеді.

          Жалпы ереже бойынша фирма тауар қорын көбейткен сайын инвестиция көлемі қорға және шығын құрамына, табыс құрамына енеді. Сол себепті, өндіріс нәтижесінде қор өсімі пайда болады, ЖҰӨ көбейеді.

 

Алма мен апельсинді қалай қосуға болады

 

         Біз ЖҰӨ-ді талдау барысында нанды тек бір ғана өндіріс тауары деп қарадық. Шын мәнінде, экономикада көптеген тауар түрлері мен қызмет түрлері — нан, автомобильдер, шаштараз қызметтері және т.с.с. бар. ЖҰӨ-де осы әр түрлі тауарлардың құны бір жалпы көрсеткіш арқылы өрнектеледі. Экономикада өндірілген тауарлардың әр түрлілігі ЖҰӨ есебін қиындатады, себебі бұл тауарлардың әр қайсысы әр түрлі баға иемденеді. Мәселен, айталық, экономикада 3 апельсин мен 4 алма өндірілсін. ЖҰӨ-ді қалай есептейміз? Біз жай ғана алма мен апельсиннің санын қосып, ЖҰӨ-ді 7 бір-лік жеміс-жидек деп айтуымызға болады.

          Егерде алма мен апельсиннің бағасы бірдей болса ғана мұның мағынасы болады, бірақ ереже бойынша олай емес (Егер біз экономикада 4 арбуз және 3 грейп-фрукт өндіріледі десек, бұл мысал бұдан да түсінікті болар еді), әр түрлі тауарлардың жалпы құнын есептеу үшін, біз нарық бағасын олардың бағасы ретінде қолданамыз. Нарықтық бағаны қолдану себебіміз тұтынушылар белгілі бір тауар немесе көрсетілген қызмет үшін сол бағаны нақты төлеуге дайын. Егер де алманың 1 данасы 50 тиын тұрса, ал апельсиннің 1 данасы 1 теңге тұрса, онда ЖҰӨ мынаған тең:

       ЖҰӨ = (алма бағасы х алма саны) + (апельсин бағасы х апельсин саны) = (0,50 х 4) + (1,00 х 3) = 5,00. Барлық алма бағасына (2 теңге) барлық апельсин баға-сын (3 теңге) қосамыз.

      ЖҰӨ = 5 теңге.

 

Аралық өнім және қосымша қосылған құн

Информация о работе Эконмикалық іс-әрекеттердің нәтижесін өлшеу: жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ, қор және ағын