XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі арнау өлеңдердің әдеби сипаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 11:34, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Академик С. Қирабаев: «Біздің әдебиетіміз − өмір бойы тәуелсіздікті, бостандықты, бірлікті жырлаған әдебиет. Көшпелі тұрмыс жағдайының тұрақсыздығы, көрші халықтардың бізге қарап үнемі отаршыл саясат ұстануы, ішкі рушыл алауыздық біздің ақын-жыршыларымызды осы тақырыпты үзбей жырлауға мәжбүр етті. Халқымызбен бірге әдебиетіміз де осы үшін, бостандықты жырлағаны үшін, отаршылдықтан азат болуды армандағаны үшін таяқ жеді.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................3
I тарау .Арнау өлеңдердің жалпы сипаты
1.1 Арнау – тілек өлеңдерінің шығу тарихы, сипаты........................................5
1.2 Арнау өлең жазу дәстүрінің әдебиетімізде алатын орны...........................8
1.3 Арнау өлеңдердің жанрлық сипаты..............................................................12
1.4 Арнау өлеңдердің түрлері..............................................................................16
II тарау. XIX ғ ақындарының арнау өлеңдерінің әдеби сипаты
2.1 Махамбет, Шернияз ақындарының арнау өлеңдері ....................................17
2.2 Сегіз серінің арнау өлеңдерінің жалпы сипаты...........................................27
2.3 Дулат, Сүйінбай ақындарының би- болыстарға арнаған өлеңдері...........33
Қорытынды..........................................................................................................40
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................42

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой ЖАДРА - копия (2).docx

— 95.96 Кб (Скачать документ)

Махамбет:

Алай ма, сұлтан алай ма!

Астыма мінген арғымақ

Аяңдап түсіп марай  ма?

Арғымақ дейтін жығылар,

Найза бойы жар келсе,

Жабыдайын жалтаңдап,

Түсер жерін қарай ма?

Арғымақ атқа айдай таға қақтырса,

Кілегей қатқан Еділдің

Көкше мұзынан таяр ма?!

Ата ұлының баласы

Асыл ерге малың бер,

Малың бер де басын қос,

Басыңа тарлық түскенде

Ардақтаған әділ жанын  аяр ма?

... .... – деп, сұлтанның жер жебіріне жетеді.

Махамбет шындықты сүйді. Хан оны өз жыршысы етіп алмақшы  болып, «тәрбиелеп»жүргенде де ол Жәңгірге:

Хан емессің, қасқырсың,

Қас албасты басқырсың,

Достарың келіп табалап,

Дұшпаның сені басқа ұрсын.

Хан емессің ылаңсың,

Ысқырынған жылансың.

Хан емессің аянсың

Айыр құйрық шаянсың, -

деген болатын.

Бұл үзіндіде ханның ішкі, тысқы  сипаты өте шындықпен суреттелген. Ақын бұл өлеңінде сол кезге тән  образ арқылы ханның елге жасаған  жауыздығын ашық айтқан. Махамбеттің  Жәңгірге сен хан емессің деуі де нағыз шындық. Дұрысында,Жәңгір патшаның қазақ ішіндегі сенімді адамының бірі еді.

Жәңгір өлгенде Николай  патшаның: «Шын берілген, өте керекті  адам еді, аянышты,аянышты», - деп бас  шайқауы бұған толық дәлел. Ендеше, Махамбет Жәңгірдің патшаны жақтаушы адам екенін, елді езіп отырғанын жақсы  білген де, оның жауыздығын бетіне басқан.[12,19 бет]

Шындықты айту Махамбетке де арзан түспейді. Шындықты айтқандығы үшін ол сергелдеңге ұшырап қуылды да, айдалды да, бірнеше рет түрмеге  де түсті, ауыр-ауыр азаптарды көрді. Бірақ бұлардың бәрі де өжет ерге бөгет  бола алмады. Хан және Перовский қаншама саясат қолданса да, Махамбет елді ханға қарсы қарулы көтеріліске шақырды.

Махамбеттің күреске шақыруы  оның көпшілік бұқара тілегімен есептескендігінен  туған еді.

Махамбеттің шындықты айтуы  көтерілістің тек алдыңғы кезі ғана емес, көтеріліс құлап, Исатай өлгеннен кейін, Махамбет бірнеше жолдасымен қашып жүрген кездерінде де сол бетінен  тайған жоқ.

Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзінде Махамбет:

Мен кескекті ердің сойымын,

Кескілеспей басылман.

Алдыңа келіп тұрмын деп,

Ар-намысым қашырман.

Айта келген сөзім бар,

Не қылсаң да жасырман...

Шамдансам, жығар асаумын,

Шамырқансам сынар болатпын.

Кәр қылад деп, тақсыр-ау,

Аяғыңа бас ұрман.

Байеке, сұлтан, ақсүйек,

Қыларың болса қылып қал.

Күндердің күні болғанда

Бас кесермін жасырман, -

дейді.

Бұл Махамбеттің нағыз  қиын жағдайда жүрген кезі болатын. Әйтсе  де ақын жауымен тар кезеңде кездессе де, ішкі сыр, негізгі нысанасын бүкпестен  сөйлеп, хан, сұлтандарға еш рақымы жоғын бетіне айтады. Осы өлеңінің аяғын:

Хан баласы ақсүйек,

Ежелден табан аңдысқан,

Ата дұшпан сен едің.

Ата жауың мен едім;

Ежелгі дұшпан ел болмас,

Етектен кесіп жең болмас,

Хан баласы ақсүйек,

Байеке, сұлтан сен болып,

Сендей нарқоспақтың баласы

Маған оңаша жерде жолықсаң,

Қайраңнан алған шабақтай

Қия бір соғып ас етсем,

Тамағыма қылқаның кетер  демес ем, -

деп бітіреді.

«Махамбеттің Баймағамбет  сұлтанға айтқан сөзі» дейтін ұзақ өлеңі даңқты халық көтерілісінің  алдарына қойған негізгі нысанасын  айқындауда болсын,көтерілістің туу  себептерінің тамыры тереңде жатқандығын, хан-сұлтандарға халық наразылығы арғы замандардан келе жатқандығын  көрсетуге болсын - мәні зор.[13,52 бет]

Шернияз –аты халыққа көп жайылған , даңқты , атақты ақынның бірі.Оның сөздері халыққа  ерте күннен  мәлім.Оның өлеңдерін  ел сүйіп тыңдайды, сүйсініп оқиды.Шернияздың «Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңінің бірнеше нұсқасы бар :

 «Мұстафин дегеннің  жиып құрастыруы бойынша»емес, көкшетаулық  Алыш ақынның  ауызынан Мұстафа  Сейітбатталұлының  жазып алып, баспаға ұсынуымен  көлемі 30 беттен  тұратын, 1925 жылы Мәскеудегі Орталық  КСРО халықтары баспасынан  шыққан  нұсқасыны басшылыққа алған.

 Талдықорған облысындағы  Матай елінің  ақыны Омарбектің  аузынан жазып алған , түсініктеме  сөздерімен  толықтырылып 1925 жылы  І,Жансүгірұылының Сөздермен толықтырылып баспаға беруімен Ташкентте  шығыр тұрған «Терме» атты жинақ  кітабының  бірінші санында  жарияланған нұсқасы .Қайым Мұхамедханов өз мақаласында  осы нұсқаны  басшылыққа алған [14,100 бет]

Фольклор  мен ақын –  жыраулар  туындыларын 1890-1930 жж аралығында  өз қолымен  ел ішінен  жинап , жазып  алып , «Қарамес » деп аталатын IV томнан ас мұраларды КСРО ҒА –сының  Қазақ филиалы қорына  табыстаған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы  қолжазбаларың  1177 бумада сақталған мұрасы.Шернияздың Мәшһүр Жүсіп жазып қалдырған  нұсқасы 1898 жылы «Бес ғасыр жырлайды»  жинағының I томында , 2001 жылы Алматыда  «Арыс» баспасынан шыққан «Шернияз ақын»  жинағында  басылған.Бұл нұсқаның Мәшһүр Жүсіптің  өз қолтаңбасы өзгеріссіз  жарияланған түрі.Павлодар мемлекеттік университетінің Мәшһүртану  ғылыми –практикалық  орталығы  шығарып жатқан  көптомдықтың 2006 жылы  Павлодарда жарыққа шыққан  VII  томында жарияланды.[15, 45 бет]

 Сәбит Мұқановтың 1940 жылы  Балқаш қаласында тұратын   қарт ақын Шашубай Қошқарбайұлынан   жазып алып, 1942 жылы  шыққан «Қазақтың  XVIII -XIX ғасырдағы тарихынан очерктер»   кітабында  ішінара  Алаш  нұсқасындағы  шумақтардан , негізінен  Шашубай ақынның  айтуындағы  өлеңді  қолданған нұсқасы .Осы  кітапта «Шашубай вариантынан  басқа , жасырақ кезімде Шернияздың  осы өлеңі мен Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданында ертеректе өлген Ыбырай дейтін  ақыннан де естіген ем » деген дерек те келтірілген.Енді осы нұсқалардың негізінде Шернияздың «Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңіне әдеби шолу жасайық.Ескертеріміз біз аталған нұсқаны өзара араластырып қолданып отырдық.Олай ету себебіміз, біріншіден, жоғарыда аталғандай  өлең нұсқаларының бір – бірінен өзара мазмұндық өзгешеліктерінің  жоқтығын көрсету, екіншіден , ел әдебиеті мұраларын оқытудың педагогикалық ұстанымы- ұлт ұрпағы әділетсіздікке , ымырасыздық, адамдық қасиеттер мен тәуелсіздік , рухани жаңғыру бағытында тәрбиелеу.[16,98 бет]

Сонымен бұрынғы заманда  Баймағамбет деген хан болыпты.Баймағамбет  ақ патшаға сүйікті адам болыпты.....

   Жұрт Исатайды  танып білген соң,жақсы көріп,  Баймағамбеттен Исатайға ауып  кетіпті.Баймағамбет Исатайдың   бұл бағын күндеп, Истайды ұстатып  , қыр Сібірге айдатып  жіберіпті.

  Күндердің күні болғанда  Байеке жарандарынан  сұрапты:

  Исатайлардан енди  кім қалды ?

Басты  исатайшылардың жығасы жығылды.Бірақ Шернияз деген  Исатайдың ақыны  қашып, ел арасына  жасырынып жүрсе керек.Жүрген жерінде  сізді жамандап , Исатайды мақтап жүр  білем,- деп жарандары айтады.[17, 90 бет]

Шерниязды тауып. Ұстап әкел,- деп Байеке жендеттер жібереді.Олар Шерниязды ұстап, киімін шешіп алып, қамшымен сабап, Шу өзеніне тастап жібереді.Шернияз судан малтығып шығып , Баймағамбеттің үйіне барып киімін тастап , дамбалдан басқа тырдай жалаңаш Шернияз , орман ішік жамылып, дәрет алып отырған Байекеге келіп сәлем береді:

Ассалаумағалейкум алдияр хан,

Молдалар хат жазатын  сауыт – қалам.

Кешегі ел ұстаған ханзаданың ,

Сізді де ұрпағы деп бердім сәлем.

Ежелден шынжыр  балақ  шұбар төс ең,

Бұқараң үймелеген  хан  тұтып жан.

Кең көшіп, ен жайлаған  қалың  қазақ,

Кеуірден күршіккен  соң  толықсыған.

Толқынға алтын қазақ  тұтқа болып,

Тұрсың – ау жұрт шайқалтпай Бәйем сұлтан.

Жалаңаш елден шыққан бір  сорлымын,

Жалғыз-  ақ үміттімін  рақымыңнан.

Басымды алар болсаң , жылдам алшы,

Ызғырық өтіп барады тақымыңнан.

Байеке аңтарылып отырып қалады.

Тағы да Шернияз:

Баеке күнім қайда баяғыдай,

Байлардың шетке шықтым саяғындай.

Басыма бәле жауып тұр  осы күн.

Құдіреттің көктен түскен таяғындай,

Басымды алар болсаң, шапшаң алшы.

Барады үсіп кетіп аяғым  –ай,

Байеке таудан аққан бұлағым  – ай.

Мен жеттім қой ішінде  ылаңындай,

Байеке бауыздасаң басым  міне

Көп үшін маңыраған  шұнағынды  – ай,

Басымды алар болсаң шапшаң алшы,

Барады үсіп кетіп құлағым  – ай.

Байеке: «Сен кім едің?»- дейді.

Сонда Шернияз:

Ар жақта дүмбірлеген  Арғынғазы,

Жайлаған Арғын, Найман Өтеп сазы.

Ен қоныс, тоқты қоздап, тай құлындап,

Бір мың болып, ел лықып  қысы – жазы.

Сол жаздың дәулетіне сыңқылдаған,

Бейбақ ем, ел еркесі, қоңыр  қазы.

Байеке, танымасаң танытайын,

Мен едім Исатайдың Шерниязы.

      Байеке : «Жақсы ,Шернияз болсаң оттамай үйге  кір, басыңды аламын», - дейді.

    Шернияз:

Ру бар жер жүзінде  жеті ықылым.

Орыс, орман, қырғыз, сарт, қытай, қырым,

Билеген соның бәрін әділ ұстап.

«Жолықтыр құдай!» деп  ем  Шыңғыс ұлын,.

Қара бойда дамбалдан  басқа түк жоқ.

Оныңдағы балағы жырым  – жырым,

Тақсыр – ай ордаңызға  қалай кірем.

Жалаңаш ашылып тұр әбиірім.

   Байеке «Кір!» - деп ақырады.

    Шернияз тағы:

Бұ жерің «а»  дегенде  аттай салар,

Жүгірсе  жүйрік көзі оттай  жанар.

Ордаңа осы күймен кіріп  болмас,

Жақтырмас ханымың да қаны қашар.

Ордаңа осы күйде кіріп  барсам,

Тепкілеп қуып шығар ханышалар.

Байеке: «Мынаны жамылып, үйге кірген соң өзіме берерсің», - деп, иығындағы орман ішігін Шерниязға  береді.Ішікті жамылып тұрып, Шернияздың айтқаны:

Алдияр, бергеніңе төрем  құлдық,

Айырылған Исатайдан менде  мұңдық

Баласы алты алаштың сізді  тілеп.

Ақ патша шақырғанды дұға қылдық.

Күнелткен қызыл тілдің   үшін безеп,

Жан едім, өтірік айтпай, қылмай ұрлық.

Кешегі Исатайдың дәулетінде,

Ішіп – жеп ен дәулетті байша тұрдық.

Жанаттан орман түгіл  көрпе қылып,

Мырза едік мұндай тонның бір  тиындық.

Терісін он тышқанның бере салып,

Сұраған төрем қайтып неткен сұмдық.

Байеке құтты болсын кеңесіңіз,

Исатай ішке кеткен егесіңіз.

Ақ сұңқар  түлегенде  түк қалады.

Бұл да бір қалған түгім  демесіңіз,

Жамылып ішігіңді шекем қазбас,

Қайтейін  басы бүтін бермесеңіз, -

   Деп жамылған ішікті  Байекеке қайта ұсынды.

   Байеке: «Е, қақсамай  басы бүтін ал, құрығыр, үйге  кір», - дейді.Төренің артынан орман  ішікті жамылып, жалаңаяқ, жалаңбас  үйге кіреді.Төренің алты қызы  төсектен жаңа тұрысып жатыр  екен.Шернияз есік жақта отырып, мақтап  өлең айтады:

Шеріңнің сөйлер сөзге  жеңілуін –ай,

Артынан ханзаданың еруін  –ай.

Ханыша алты бірдей тұрып  жатыр,

Құдайым аямай – ақ беруін –ай.

   Байеке намазын  оқып болып: «Е, құрығыр, мақтаған  өлеңді әркім айтады, он саусақтың  бәрі бірдей болмайды.Қызымның  жақсысы да , жаманы да бар.Жақсысын  жақсылап, жаманын жамандап айт!»-  дейді.

  Сонда Шернияз:

Байеке, сіздің қызда жаман  бар ма,

Жамандар біз байғұста заман бар ма.

Шот желке , шолақ айдар  күң дер ем,

Бармайды ауыз шіркін жамандарға.

Қызыңның бес тиындық  біреуі жоқ,

Қылған соң құдай ханша  амал бар ма?

Байеке қарқ –қарқ күледі.Ханымы  тұтқыштай қарайып ұялып, отты көсей  береді.Қыздары бетін шымшып, ернін  шығарып, бырқылдап ұрса бастайды, Байеке: «Енді ханымды жаманда», - дейді.

    Сонда Шернияз  :

Шерінің сөйлер сөзге тасуын –ай,

Аруағы алдиярдың асуын  –ай.

Ханымның мұрны кейкі, бойы аласа,

Келбеті мегежіннің қашырындай.

Көк иттей күшіктеген құнжың қағып,

Жататын шығар тыр –  тыр қасынып – ай.

Тұрпаты ит, шошқадан былай  емес,

Байеке көргенімді жасырдым –ай!

   Байеке қарқ –  қарқ күледі.Қатыны ернін шығарып: «Адырағал, адырағал!»- деп далаға шыға жөнеледі.Байеке : «Енді өзімді жаманда», - дейді.Шернияз ханды жамандауға бата алмай:

Жақсы айтам тақсыр төрем  мақтанарсың,

Жабырқап жаман айтсам жасқанарсың.

Үй – ішінің үскісіндей өткір тілім,

Өрді – ойды білмей шауып  қасқарарсың.

Хан жамандап, қаныңды төгіп  алып,

Шығарма қызыл тілім масқарасын.

Жамандап, бірдеме деп  айта салсам,

Түтуге мен сорлыны  бассаларсың.

Шыдамай шерін қозғап, шынын  айтса,

Қылышпен алтын сапты  басты аларсың.

  Байеке: «Басыңды алмаймын.Жамандап  айт!» - дейді.

  Шернияз түйткілденіп  отырады да , хан жарлығы екеу  болмас, айт дегенде айтайын дейді.

Аржақта Арғынғазы дүмбірлеген,

Байеке елің бар ма бүлдірмеген?

Төре кетіп, төбеде төбет  қалып,

Туып тұр ел басына «бұл күн» деген.

Кешегі Исатайдай асыл ерді,

Дұшпанға ұстап бердің  тіл білмеген.

Қазақтың қара жұртын  быт – шыт қылған,

Төре емессің, төбетсің дым  білмеген.

Айдаттың жалғыз бауырың  Исатайды

Сенен де  қалмақ жақсы  шүлдірлеген,

Па, шіркін, Исатайдай  сабаз  тумас,

Қас итсің қасңа да адам жуымас.

Ел ұстап, жұрт билейтін қылығың  жоқ,

Хан емес, қас қатынсың мұндар қу бас!

  Байеке атып тұрып,  керегенің басында қыстырулы  тұрған  қылышыты ала – ақ  ұмтылады.Шернияз ырғып табалдырықтан  аттап тұрып, есікті жамыла  «Дат!» дейді.Байеке датың болса  айт – дейді.

   Енді Байекеге  жағымды  өлең айтып, қаһарын  қайтарып, тапқыр, шешен тілдің  арқасында   Шернияз ажалдан аман қалады.[18, 111 бет]

 

                 2.2 Сегіз серінің арнау өлеңдерінің жалпы сипаты

 

Сегіз сері Исатай мен Махамбетті өзіне аға тұтып қатты қадірлейді, екеуінің ханға қарсы ерлігін  жырға қосып «Исатай-Махамбет»  атты дастанын шығарады. Сол ұзақ дастан:

Ақбұлақ тасығанымен Жайық  емес,

Жүзгенмен дөңбек ағаш қайық  емес,

Ерлігін Исатайдың жырға  қоссам-

Жігіттер менің мұгым  айып емес.

Еділден сан суырған құлын-тайын,

Қазақтың жырға қосам  Исатайын,

Исатай-Махамбеттің ерлік  ісін,

Қобыз ап, әнге салып баяндайын.

Еділ-Жайық берекелі жер  екен ғой,

Байұлы бақыт қонған жер  екен ғой,

Алтынның қолда барда  қадірі жоқ,

Исатай асқар таудай ер екен ғой-

деп басталады. Бұл өлеңдер  бұл жырдың тек бастамасы еді. Сегіз сері қос тарланға дастан ғана емес сонымен бірге жүрек жарды  «Қос қыран » атты күйін де арнайды. Осы күні «Қос қыран» күйін некен-саяқ орындайды. Сегіз сері «Қос қыран» күйінен  басқа да «Қайран, Арқа», «Дабыл», «Садақ», «Жебе», «Көк найза», «Тарғыл бұқа», «Ақбас атан», «Алмас қылыш », «Бозшұбар», «Жорық» атты күйлерінің авторы екені  де белгілі. Сонымен қатар, ол «Әйкен-ай», «Ғайни», «Шолпан қыз», «Жылой», «Қарғаш», «Үкілім», «Шашбаулым», «Көкем-ай», «Қалқаш», «Гауһартас», «Бесқарагер», «Мақпал», «Бозқараған», «Дайдидау», «Еңлік», «Желкілдек», «Жан сәулем», «Дүние-ай», «Алқоңыр»  секілді көптеген ән шығарған.

Информация о работе XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі арнау өлеңдердің әдеби сипаты