А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2014 в 19:54, дипломная работа

Краткое описание

Бөбек тілді өзі өмір сүре бастаған ортадан үйренеді, ал олардың мектепте оқуына байланысты сол табиғи процесс онан әрі жалғаса түседі. Сондықтан мектептегі тіл үйрету жұмыстары да үйдегі басталған табиғи процестің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі. Ең алдымен тілдің өз табиғатынан жеті заңдылық шығады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

адистем интерн.docx

— 293.16 Кб (Скачать документ)

Қазақ тіліне байланысты жүргізілетін методикалық эксперименттің нәтижелеріне қарағанда, үй тапсырмасын беру әр класта оқушылардың төмендегі уақыт ішінде орындай алу мүмкіндіктерін ескере отырып беруді мақұлдайды: 1-класта 13-15 минут ішінде, 2-3-класта 16-25 минут ішінде, 4-5-кластарда 26-30 минут ішінде, 6-7-кластарда 31-35 минут ішінде, 8-9- кластарда 36-40 минут ішінде, 10-11-кластарда 40-45 минут ішінде орындай алатындай еңбектер тапсырылады. Егер берілген теориялық  материал  оқушылардың меңгеруі үшін оншалық қиындық келтірмейтін болса, онда оларғабір тақырыпқа байланысты екі жаттығуды беруге де болады.

Мазмұнына қарай үй тапсырмасы фонетикаға, лексикаға, дыбыс жүйесіне, орфографияға, морфологиялық материалдарға, орфоэпияға, синтаксиске және тіл  ұстартуға байланысты беріледі. Үй жұмысы бір сабақ материалына  немесе бірнеше сабақ материалдарына тиісті жүргізілуі мүмкін. Яғни бұл  жаттығу жұмысын бекіту, пысықтау, қайталау және қорытындылау сабақтарына  қарай тапсырылады. Белгілі бір  тілдік құбылысқа орай берілген үй еңбегін үнемі қадағалап, тиянақты түрде тексеріп отырған жөн. Үй еңбегіне берілетін дағдыландыру жұмыстары, көбінесе, белгілі құбылыстарды дұрыс  көшіріп жазу, буынға ажырату, сөздерді сейлемге біріктіру, талдау мазмұндама, шығарма құру сияқты үлгілері тапсырылады. Класс жұмысына қарағанда үй тапсырмасының  көлемі кеңірек, аумағы көлемдірек болуы  қажет. Мысалы, конспектілер жаздыру, қазақ  тіліне байланысты схема мен кестелер жасату, тілдік тапсырмалары бар мазмұндамалар  мен шығармалар жаздыру, көркем әдебиет  мәтінінен керекті анықтама, ережелерге байланысты мысалдар таңдау тәрізді  жаттығулар үйге тапсырылады.

Үй тапсырмасын орындау - күрделі еңбектің бір түрі. Оқушы  үй тапсырмасының шартын түсінбегендіктен, қызықпағандықтан, еріншектіктен немесе ауырып қалғандықтан қате орындайды, кейде  мүлде орындамайды. Сондықтан үй еңбегі белгілі бір мақсатқа бағытталып, шарты дәл көрсетіледі. Онсыз  мүмкін емес. Үй тапсырмасы оқушы білімінің  дәрежесін терең білгенде ғана жүзеге асырылады. Үй еңбегін берерде жақсы  және нашар оқушылардың үлгірімін  есептей отырып тапсырған жен. Өтіліп отырған материалды бүкіл класс  оқушылары толық меңгерген мезетте  ғана осы тапсырмаға сәйкес жұмыс  беріледі, олардың барлығына тең  дәрежеде орындау талабы қойылады. Ал, керісінше, оқылып отырған материалдың  көлемі ауырырақ болып, оны жақсы  оқу-шылар ғана меңгеріп, басқалары  толық меңгере алмаса, ондайда  жақсы меңгерушілерге қосымша шығармашылық жұмыстар тапсырылады. Өйткені толық  меңгерілгенматериалды қайталап оқу, біріншіден, оқушыларды зеріктіреді, екіншіден, ой-өрісінің кеңеюіне кедергі жасайды. Сондай-ақ нашар оқитын оқушыларға жеке-жеке тапсырмалар беріледі. Оның орындалу-орындалмауы үнемі тексеріліп отырылады. Өйткені нашар оқитындарды жақсылар қатарына жеткізген жен.

Үйтапсырмасын тексеру. Үй еңбегін тексеру үстінде өткен материал бекітіліп, берік түрде қайталанады. Тапсырманы жүйелі тексеру үстінде өткен материал бекітіліп, берік түрде қайталанады. Тапсырманны жүйелі тексеру нәтижесінде оқушы мұғалімнен әр түрлі кеңес алады және ол туралы естіген, білгендерін естерінде жақсы сақтайды. Мұғалім үй тапсырмасын тексеру үстінде оқушылардың тапсырманы қалай орындағанын, қалай меңгергендігін және материалдың қай жері түсініксіз болғандығын қадағалайды. Осыған лайықты қандай дағдыны дамыту керек екендігін анықтайды. Класта үй тапсырмасын тексеру төмендегі тәсілдермен жүргізіледі: а) бірнеше оқушылардан өткен теориялық материалдарды ауызша сұрау; ә) бірнеше оқушыларға карточкадағы мысалдарды дәлелдету; б) талдау жүргізу; в) дәптерде жазылғандарын барлау; г) компьютерлік тестілеу.

Үйде орындауға берілген шығармашылық тапсырмаларды тексерудің бір технологиясы – портфолио  технологиясы. Тілдік портфель – оқушының қатысымдық құзыреттілігінің тәжірибе жүзінде іске асуының көрінісі, пән  бойынша жинақтаған дәріс қоржыны. Дәріс қоржынының толықтығы оқушының өзіндік, шығармашылық жұмыстарын уақытында, жүйелі түрде, сауатты орындағанының  көрінісі болады.

Тілдік портфель педагогикалық  қызметпен қатар әлеуметтік те қызмет атқара отырып, оқушылардың оқу-танымдық уәждемесін арттыруға зор әсер етеді. Қазақ тілін оқытуда қолданылатын тілдік портфель қатысымдық құзыреттілікті анықтаудың бір жолы – портфолио технологиясы арқылы жүзеге асырылады. Ол тіл оқушының оқу, шығармашылық, әлеуметтік, қатысымдық қызметтерінің нәтижелерін бақылап отыруға, сол арқылы оның  құзыреттілік деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.

Оқушының тілдік тұлғасын дамытуда өзіндік жұмысты жүйелі ұйымдастырудың тәсілдерінің бірі ретінде  қолданылатын тілдік портфельге оқушылар өз жетістіктері мен білім деңгейін көрсететін жұмыстарын мақсатты түрде  жинақтайды. Оның ішіне оқушы орындаған  жазба жұмыстардың, шығармашылық, жобалық  тапсырмалардың жиынтығы, алған мақтау қағаздары, алғыс хаттары, оқытушысы, сыныптастары, мектеп басшылары берген пікір, резюме, эссе, рецензия т.б. енгізіледі.

Оқушы өз тілдік портфелін  өзіндік және шығармашылық жұмыстардың  орындалу кестесіне сай оқытушыға  әкеліп, көрсетіп отырады. Оқушының жазба  жұмыстарын бағалау құралы ретіндегі  тілдік портфель қазақ тілін оқыту  үдерісінде үздіксіз қайтарымды байланыс орнатуға, оқу-танымдық уәждемені арттыруға  үлкен ықпал жасайды.

Тілдік портфельдің артықшылығы  – оқушы осы дәріс қоржынын өзінде естелік ретінде қалдырады, арада қанша уақыт өтсе де, кез-келген уақытта оны ашып, қарап отырып, барлық ақпаратты санасында жаңғырту мүмкіндігі болады, таныстарына қолдануға  бере алады.


Информация о работе А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі