А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2014 в 19:54, дипломная работа

Краткое описание

Бөбек тілді өзі өмір сүре бастаған ортадан үйренеді, ал олардың мектепте оқуына байланысты сол табиғи процесс онан әрі жалғаса түседі. Сондықтан мектептегі тіл үйрету жұмыстары да үйдегі басталған табиғи процестің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі. Ең алдымен тілдің өз табиғатынан жеті заңдылық шығады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

адистем интерн.docx

— 293.16 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАҒИДАЛАРЫ 
 
Бөбек тілді өзі өмір сүре бастаған ортадан үйренеді, ал олардың мектепте оқуына байланысты сол табиғи процесс онан әрі жалғаса түседі. Сондықтан мектептегі тіл үйрету жұмыстары да үйдегі басталған табиғи процестің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі. Ең алдымен тілдің өз табиғатынан жеті заңдылық шығады. 
 
Бірінші з а ң д ы л ы қ. Тілді ұғыну барысында адам фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналарды меңгереді. 
 
Балалар ана тілінің фонологиялық мағынасын, әдеби тілдің орфоэпиялық мөлшерін мектепке дейін-ақ меңгере бастайды. Егер бала үйренбеген болса, мектептегі жүргізілетін жұмыстар да қиындай түседі (мысалы, оқу дағдысын қалыптастыру т. с. с.). 
 
Оқушылар сөздің лексикалық мағынасын да мектепке дейін меңгереді. Олар мектепке оқуға түскеннен кейін мұғалім балалардың лексикалық қорын кеңейту, қолданылатын сөздердің мағынасын анықтай түсу сияқты жұмыстарды жүйелі түрде жүргізеді. 
 
Ана тілінің грамматикалық мағынасымен де балалар мектепке дейін танысады. Мектептің міндеті оқушыларға ана тілінің сан алуан грамматикалық қатынастары мен көріністерін үйретіп, тіл байлықтарын арттыра түсу. 
 
Грамматикалық мағынаны ұғыну үшін бала жан-жақты, кең ойлай алатындай болу керек. Сондықтан грамматикалық мағынаны ұғыну барысында олар шындықтағы заттар мен құбылыстардьщ арасындағы қаты-настарды түсінеді, ойлауға үйренеді. Міне, осыдан тіл мен ойлаудың тығыз байланысы келіп шығады. 
 
Сөйтіп, тілді ұғыну — ана тілінің фонологиялық, грамматикалық және лексикалық фактілермен оқушылардың тіл байлығын арттыру.  
 
Мұғалім бұл міндетті әдістемелік құралдарды дұрыс іріктей алғанда ғана ойдағыдай іске асыра алады. Әдістемелік қағида төмендегідей әдістемелік ережелерді сақтауды талап етеді: 

 
оқушыларда орфоэпиялық дағды  қалыптастыру;

 
грамматиканы оқыту барысында  логикаға үйрету;

 
қазақ тілі сабақтарын басқа пәндермен  байла- 
ныстырып, балалардың лексикалық қорын байыту және 
оларды сөйлеуге үйрету.

 
Осы ережеге сай, бастауыш мектептерде  бағдарламалар жасалады, дидактикалық материалдар іріктеледі және оқыту  әдістері белгіленеді. 
 
Екінші заңдылық. Тілді ұғыну үшін орасан сезімталдық керек. Зерттеушілер мұндай қасиеттің балада тіпті сәби кезден болатындығын айтып жүр.  
 
Грамматиканы үйрету осы «тілдік сезімталдыққа» сүйеніп, іске асырылады. 
 
Бұл қағида төмендегідей әдістемелік ережелерді сақтауды талап етеді: 

 
балалардың бұрыннан білетін сөздерін тәртіпке 
келтіру (мұнда грамматика басты орын алады);

 
оқушылар өздеріне белгісіз грамматикалық  кө- 
ріністерді бұрыннан таныс көріністермен салыстыра 
алатындай дидактикалық материал іріктеледі;

 
тілдік фактілерді жинақтауға негізделген  әдістер- 
ді кеңінен пайдалану.

 
Үшінші заңдылық. Фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналармен қатар сөйлеу мәнері, сезімге бөлене сөйлеуді меңгереді. 
 
Мұндағы әдістемелік қағида: сөйлеу мәнеріне назар аудару. 
 
Бұл қағиданы іске асыруда мына сияқты ережелер сақталады: 

 
тілдің фонологиялық, грамматикалық  және лекси- 
калық мағыналарын үйрену барысында сезімге бөлене 
сөйлеу мәнерінің жолдарын түсіндіріп отыру;

 
ана тілі мен қазақ тілі сабақтарын міндетті түрде 
байланыстырып отыру;

 
тілдерін талдағанда көркем мәтіндердің  сезімге 
әсер ететін бөліктерін таңдап алу.

 
Т ө р т і  н ш і заңдылық. Жазбаша сөйлеу ауызекі сөйлеуді таңбалау жүйесіне аудару ретінде (дыбысты таңбаға көшіру) ұғынылады. 
 
«Жазбаша сөйлеу бала үшін сөйлеуді меңгерудің жалпы екінші кезеңі болып табылады — дейді профессор Н. С. Рождественский. Ауызекі сөйлеудің өзі шындықтағы заттар мен қатынастардың таңбалары болып табылады. Жазбаша сөйлеу ауызекі сөйлеудің дыбыстары мен сөздерін шартты түрде белгілейтін таңбалардан тұрады»1
 
Сауат ашу кезеңінде баланы жазуға үйретудің бастапқы шағында әуелі оған таныс емес әріптің бұрыннан таныс, естіп жүрген дыбысы айтылады. Мұнда тағы бір маңызды мәселе — ауызекі сөйлеудің жазбаша сөйлеумен салыстырылып тұруы. Мысалы, тыныс белгілерін қоюда дауыс ырғағының рөлі. 
 
Сонымен, ана тілін оқытуда жазбаша сөйлеудің ауызшамен салыстырылуы мынадай әдістемелік қағидаға негізделеді. 
 
Бұл қағида төмендегі ережелерді сақтағанда іске асады: 
 
1) ауызекі сөздегі дыбыстар мен жазғандағы әріптерді салыстырып отыру; 2) дауыс ырғағы мен тыныс белгісін салыстырып отыру; 3) ауызша және жазбаша жаттығуларды ұштастыру. 
 
Бесінші заңдылық. Фонетикалық, грамматикалық және лексикалық мағыналардың барлығы «тіл материясын», яғни тіл таңбаларын — дыбыс, морфема, сөз, дауыс ырғағы және тиісті жазбаша таңбалар (әріп, тыныс белгісі) — ұғыну барысында меңгеріледі. 
 
Тілді оқушы мазмұны және формасы, яғни логикалық, грамматикалық ерекшеліктері тілдің көмегімен анықталады. 
 
Ендеше тілді оқушы, практикалық жағынан белгілі бір тілді фактілерді тану құралы ретінде де пайдаланады. 
 
Мұндай заңдылықтан тілді оқыту қағидасы келіп шығады. 
 
Бұл қағиданы іске асыру ережесі мынадай: 
 
1) көрнекілікті пайдалану (кесте, сызба, түрлі суреттер, теледидар, кино және т.б.)  
 
2) есту құралдарын пайдалану (мәтіндер оқып беру, магнитофон, радио, теледидар, кино т. б.);  
 
3) оқу құралдары, көркем мәтіндер, ғылыми-көпшілікке арналған мәтіндер, газеттер, журналдар;  
 
4) ана тілін үйрену үшін оқушылардың басқа пәндерді оқу барысындағы сөйлеу практикасы (мұғалімнің, жолдастарының сөзі, оларды аңғарту үшін талдау) пайдаланылады. 
 
Тіл материясына көңіл аудару қағидасы мұғалімге нақты жол көрсетеді. Оқушы әуелі көру не есту арқылы қабылдайды, ал оның мәнін сонан соң ғана аңғарады. 
 
Алтыншы заңдылық. Тілге үйрену органдарының (өкпе, тамақ, тіл, беттің бұлшық еттері), жазатын қолдың жаттығулары, қимыл-қозғалыстарының тәртіптелуі, дағдының қалыптасуы арқылы ғана іске асады. 
 
Мұғалімнің айтқанын естіп немесе жолдастарының жұмысына қарап қана тіл үйренуге болмайды. Әрбір оқушы өзі оқып, жазып, айтып, түрлі сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер кұрастырып, сөйлемдерді сан салаға өзгертіп, өзі әрекет еткенде ғана нәтижеге жетеді. 
 
Бұл заңдылықтан сөйлеу органдары мен жазатын қолды жаттықтыру қағидасы келіп шығады. 
 
Жетінші заңдылық. Тілге жүйелі түрде сатылап үйрету. Тіл лексика және грамматикалық формалар арқылы дамиды, екінші жағынан тіл неғұрлым бай болса, тілдік фактілер де соғұрлым тез ұғынылады. 
 
Сондықтан оқушыларға алдыңғы үйренгендерін ұмытып қалмайтындай етіп тілдік материалдарды бірте-бірте көбейтіңкіреп беріп, сөйлегенде қолданылып отыруына жағдай жасалады. 
 
Мұнда қайталаудың алатын орны ерекше және бала есінде саналы түрде, түсініп сақтауы үшін ойлау операцияларын қолдану керек: салыстыру, талдау, жинақтау, дерексіз ұғым, жалпылау, нақтылау және индуктивтік, дедуктивтік ой қорытындыларын жасай алатындай болуға тиіс. 
 
Тілге жүйелі түрде, бірте-бірте үдетіле үйрету заңдылығынан мынадай әдістемелік қағида шығады: 
 
1) ұштастыра оқыту;  
 
2) қайталау;  
 
3) өз бетімен жұмыс істеуді күшейте түсу. 
 
Бұл қағидаларды іске асыру үшін:  
 
1) бағдарламаны тиянақты құру;  
 
2) жоспарлы түрде қайталап отыру;  
 
3) жаттығу жұмыстары;  
 
4) оқушыларды ойлау мен сөйлеуге үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері іріктеу сияқты жұмыстар жүзеге асырылады. 
 
Сөйтіп, ана тілін меңгерудің заңдылықтары оны мектепте оқытудың негізі болып табылады; ал әдістемелік қағидалар осы заңдылықтардан туындайды, мұндай қағидаларға негізделген әдістеме, сөз жоқ, оқушыларға ана тілін үйрету жұмыстарын жүйелі жүргізуге көмектеседі.

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ  ӘДІСТЕРІ 
 
Бағдарлама балаларға нені оқыту керектігін көрсетеді, бағдарлама бойынша оқулықтар жасалады. 
 
Ал бұл материалдар оқушыларға қалай үйретіледі? Белгілі бір пәнді үйрету барысында оқушылардың әрекетін ұйымдастыруды оқытудың әдісі дейміз. Оқыту әдістерінің қайсысы болмасын, оқушы мен мұғалімнің ара қатынасын білдіреді. Бұл олардың бірлесіп әрекет ету тәсілдері болып табылады. 
 
Оқыту әдістерінің дидактикалық жүйесі оқыту жолдарының жалпы заңдылықтарын көрсетеді. 
 
Оқыту әдістерін зерттеуші ғалымдар, жалпы алғанда, былайша топтайды1:  
 
1) балалардын оқу-таным әрекетін ұйымдастыру және оны іске асыру әдістері;  
 
2) оқу-таным әрекетіне түрткі (мотивация) жасау, әсер ету әдістері;  
 
3) оқу-таным әрекеттерінің тиімділігін тексеру әдістері. 
 
Бұлардың әрқайсысына бірнеше жекелеген әдіс енеді. Мысалы, І топқа сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер (олар қабылдау мен есте сақтауға негізделеді); индуктивтік, дедуктивтік әдістер (логикалық ойлауға негізделеді), өздегінен орындау, мұғалімнің басшылығымен орындау әдістері (қиялға, ерікке негізделеді). Ал II топқа балалардың қызығу мүддесін туғызу, зейінін жинақтау және оқуда борыш, жауапкершілік туғызу әдістері; III топқа ауызша тексеру, жазуша тексеру, лабораториялық-практикалық тексеру және өзін-өзі тексеру әдістері енеді. 
 
Ана тілін оқыту барысында бұл әдістердің қайсысының, қай кезде тиімді екенін мұғалімнің өзі айқындап алып, іріктеп қолданады. 
 
 
САУАТ АШУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 
 
1 САУАТ АШУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІ3ДЕРІ 
 
Сауат ашу әдістемесі тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланыстарды бірдей ескерген жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру - ең алдымен тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетикалық заңдарып жете білуді қажет етеді. 
 
Табиғи жағынан дыбыс қандай да болмасын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп, қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі. Дыбыс өтетін орта — ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып, пайда болуы мүмкін емес. 
 
Дыбыстың жасалуында: оның ырғағы, күші, созылыңқылығы, әуені ажыратылады, 
 
Дыбыстың ырғағы белгілі бір уақыт мөлшері (әдетте 1 сек.) ішіндегі дірілдің саны; ол неғұрлым көп, жиі болса, ырғақ солғұрлым күшті болады. Ал, керісінше, дірілдің саны аз болса, ырғақ та солғындап, әлсірей береді. Адамның құлағы 1 сек. ішінде 16-дан 20000-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде пайда болатын дыбысты қабылдап, ести алады. Дауыс құбылысы осы ырғаққа, яғни сөйлеу барысында ырғақтың өзгеруіне байланысты болады. 
 
Дыбыс күші дірілдің қарқынынан шығады. Егер дірілдің кеңдік (амплитуда — лат. amplitugo) қарқыны көбейе түссе, дыбыс күші де ұлғайып, күшейе береді. Сөйлеуде дыбыс күші екпінмен қарым-қатынасқа түседі. 
 
Дыбыс әуені дыбыс дірілінің түрлерімен ұштасады. Дірілдің ритмикалы және ритмикалы емес деп аталатын түрлері болады. 
 
Тіліміздегі дыбыстар өкпедегі ауаның сөйлеу аппараты (өкпе, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз, мұрын қуысы, тіл, таңдай тіс, ерін т. б.) арқылы шығуынан жасалады. 
 
Дыбыстарды айтуда әсіресе дауыс шымылдығы мен тіл айрықша қызмет атқарады: дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл пайда болады да, үн шығады; ал тілдің бірде көтеріліп, бірде төмен түсуінен, сондай-ақ оның артқы шені мен орта шенінің немеcе ұшының қимылынан әртүрлі дыбыстар жасалады.  
 
Тіл дыбыстары ның артикуляциясына айрықша қатысы бар дыбыстау мүшелерінің бірі - ерін. Қазақ тілінде 38 дыбыс бар. Олар дауысты, дауыссыз болып екіге бөлінеді. Бұлайша бөлу дыбыстардың буын құрау қызметіне негізделеді. Қазақ тілінде 13 дауысты дыбыс буын құрайды да, 25 дауыссыз буын құрамайды. Дауыстылар: а,ә,о,ө,е,ы,і,ұ,ү,е,э,и,у. Дауыссыздар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ. «У» дыбысы дауыстыдан кейін келсе, буын құрай алмай, үнді дыбыс болады. Ендеше ол бірде дауысты, бірде дауыссыз қызметін атқарады. Бұлай топтау балаларға әсіресе олардың акустикалық жақтары мен физиологиялық жақтары баса үйретілуі қажет. 
 
Дауыстылар мен дауыссыздардың жасалуын Бодуэн де Куртенэ: дауыссыз дыбыста қысым – дыбыстау аппаратының бір ғана мүшесіне түссе, дауыстыда дыбыстау аппаратына жайылады жа, жалпылама өтеді – деп, айқындаған болатын. 
 
Мұғалім тілдің артқы таңдайға қарай жылжуы мен бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар, тілдің таңдайдың алдыңғы жағына жуықтауынан жіңішке дауыстылар шығатынымен таныстырды. Әсіресе айтылуы қиындық келтіретін дыбыстар – дауыссыздар. Тіпті кейбір балалар дыбыстарды мектепке келгенде айта да алмайды. Осыған орай, кейбір дауыссызды айтқанда тілдің ұшы күрек тіспен жымдасып, бірден кілт ажырап кететінін, кейбіреулері астыңғы еріннің үстіңгі ерінге немесе тіске тиюінен , енді біреулері тіл ұшының астыңғы тіске жуысуынан, ал тілдің артқы шенінің жұмсақ таңдайға жуықтасуынан, жұтқыншақтың тарылуынан дыбысының пайда болатын байқатып айтқызып балаларды дағдыландырды. 
 
Сауат ашу кезеңінде балалар дыбыстарды айтуға дағдылануымен бірге олардың қалай таңбалатынымен де танысады. Дыбыстардың таңбасын білу, әріптерді үйрену – сауатты болудың алғашқы баспалдағы. Әріптерді білу арқылы жазуды меңгереді. 
 
Мектепте осы сауат ашу ең бір шешуші кезең болып есептеледі. Өйткені қазақ тілін үйрену жоғарыда көрсеткеніміздей, басқа пәндерді де үйрену барысындағы жетістіктер мен кемшіліктердің негізі болып табылады. 
 
Сауат ашу кезінде балалар сөздің дыбыс, буын құрамын меңгереді, сөйлеммен танысады. Буындардан қалайша сөз құрауға болатыннын біледі, жаңа сөздер үйреніп, сөздік қорларын байытады, практикалық түрде қазақ тілінің нормасына сай сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып беруге дағдылана бастайды. 
 
Мұғалім бөбектерге айтылатын дыбыстарды қағаз бетіне түсіру үшін және оларды оқу үшін бұл дыбыстардың белгілі бір графикалық таңбалармен белгіленетін айтады. 
 
Бірінен кейін бірі рет-ретімен орналасқан әріптердің жиынтығы алфавит деп аталады. Қазақ тілінде орыс графикасы арқылы белгіленетін 42 әріп бар. Олар: а,ә,б,в,г,ғ,д,е,е,ж,з,и,й,к,қ,л,м,н,ң,і,ы,ұ,ү,о,ө,п,р,с,т,у,ф,һ,ц,ч,ш,щ,э,ю,я,ь (жіңішкелік белгі),ъ (жуандық белгі). Қазақ тілінде бір таңба екі дыбысты белгілейтін жағдайлар да бар: е,я,ю,у,ц,ч,щ. 
 
Дыбыс тіркестерінің, сөздердің дұрыс айтылу ережелері орфоэпия( гр. Сөзі orthos – тура, дұрыс, epos – сөйлеу ) деп аталады. 
 
Сөз құрамындағы дыбыстар немесе сөздердің аралықтарындағы дыбыстар бір-бірімен өзара үндесіп, үйлесе айтылады. Сөйлеу олардың үндестігін сақтап, нақышына келтіре айту үшін тілдің дыбыстық жүйесінің табиғатын, дыбыстардың бір біріне әсер ету заңдылықтарын жете білу керек.  
 
Қазақ тіліндегі сөздердін, айтылуы мен жазылуында аса көп айырмашылық жоқ. Дегенмен сөз ішіндегі және сөз аралығындағы дыбыстардың барлығы бірдей айтылуынша жазылмайды. Үндестік заңына сай, қатар келген екі дыбыс бір-біріне ықпал жасап, өзгеріліп естіледі (түңгі-түнгі, Амангелді-Аманкелді, Жампейіс-Жанпейіс, башшы-басшы, баралмай-бара алмай т. б.). 
 
Оқу-жазуға үйретудің алғашқы кезеңдерінде анық, естілетін, созып айтуға келетін және дыбысталуы мен таңбалануы бірдей дыбыстардан құралған сөздер іріктеліп алынады. Балалар сауат ашу кезінде өздері көріп тұрған не жазған әріптерінен буын құрай алады. Олар талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстардан құралып тұрғанын ажыратса, жинақтау арқылы дыбыстардан буын, буындардан сөз құрап үйренеді. 
 
Дара айтуға және басқа дыбыстармен қосып айтуға ең, қолайлы келетін дыбыстар дауыстылар болады, сонан кейін үнді дауыссыздар мен ұяң дауыссыздар. Ең қиындары — қатаң дауыссыздар. Сондықтан да оқу-жазуға үйреткенде ең алдымен дауыстылар, сонан соң; дауыссыздарды оқытқан орынды болады. Өйткені сауат ашудың ең, алғашқы кезінде балалар бірден екі әріпті біріктіріп оқи алмайды. Алғашқы кезде бала бір-екі әріпті қабылдай алады. Үйрене келе, бірте-бірте жалғас тұрған әріпті де қабылдайды. Бірінші әріптен екінші әріпке көшіп, екі әріпті қосып оқи алатын кезде, созып айтуға болатын дыбыстардың берілгені жөн. Сондай-ақ алғашқы кезде оқуға ұсынылған сөздер буын жағынан да жеңіл (ашық буын) көбінесе жуан дауыстылар мен созып айтылатын дауыссыздардан құралғаны қолайлы. 
 
Балалар жуан буынды оқып үйрене бастаған кезде, жіңішке буындарды оқуға онша қиналмайды. 
 
Сауат ашу кезінде дыбыстар және буын түрлерімен қатар сөздің құрамындағы дыбыстардың аз-көптігінің де әсері болады. Яғни, алғашқы сабақтарда екі-үш дыбысты сөздер үйретілгені дұрыс. Бірақ қазақ тілінде екі-үш дыбысты ашық буыннан құрылған сөздер өте аз. Сондықтан бір-екі сабақтан кейін-ақ бірнеше дыбыстан (өткен әріптердің қайталанып келуі арқылы) құрылған сөздер мен тұйық буын қатар өтіледі. Екі дыбысты ашық және тұйық буыннан үдету амалымен үш немесе төрт дыбысты сөздер құрастырылып үйретіледі (Шо-ра, ша-на, ал, ал-ма, ар-ша, Са-ра т. б.). 
 
Балаларға сөздерді, біріншіден, мағынасы жағынан, екіншіден, қолданылу аясы мен шеңбері жағынан үйретудің олардың ойы мен тілін дамыту үшін маңызы зор. 
 
Сөздің ауыспалы, келтірінді мағынада қолданылуын бірде метафора арқылы, бірде метонимия арқылы, кейде синекдоха тәсілдері арқылы беріліп отырады. Метафора (гр. — mеtорога ауысу) — белгілерінің ұқсастығына қарай, сөз мағынасының ауысуы. Мысалы, орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті (Абай). Метонимия (гр. mеtоnuymіа атын өзгерту) заттың не құбылыстың атауы екінші затқа не құбылысқа белгіленетіні (өзара іргелес, шектес болуына қарай ауысуы). Мысалы, Жүрегім менің қырық жамау (Абай). Синекдоха (гр.synekdohe) —бірге жобалап түсіну. Мысалы, басың нешеу? 
 
Сөзді үйрену барысында балалар мынадай амалдарға дағдыланулары тиіс: 
 
1) сөздің мағынасын айту;  
 
2) сөзді тағы қандай мағынада қолдануға болатынын айту; 
 
3) осы мағынаны тағы қандай сөздермен білдіруге болатынын айту;  
 
4) сөйлеуде лексикалық құралдарды дұрыс пайдалану;  
 
5) мағына жағынан ұқсас немесе қарама-қарсы сөздерді қолданылуын аңғару. 
 
 
ОҚУ МЕН ЖАЗУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ 
 
Дағды дегеніміз әрекеттің адам бойында орнығуы. Әрекетке ең алғаш кіріскен кезде адам олақ, басы, артық көптеген қимыл-қозғалыстар жасайды. Мысалы, жоғарыда көрсеткеніміздей, бала оқу-жазуға үйрене бастаған кезде қаншама қимыл-қозғалыстар жасайды. 
 
Атақты физик М. Лауэ оқу, білім жөнінде айта келіп: «Білім — бүкіл оқығандарың ұмытылып қалғанда, бойыңда сақталатыны»,—дейді. Бұл сақталып қалатынне? Ол — әдет, сенім, бағыт, дағды және қабілет — міне, нағыз білім — осылар! «Дағды, — деп көрсетеді психолог С. Л. Рубинштейн, — саналы түрде автоматталған қимыл-әрекет түрінде көрінеді, ал сонан соң әрекеттің автоматталған тәсілі ретінде қызмет атқарады». 
 
Қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен карым-қатынас жасау барысында үйренеді. Бала үлкендердің істеген әрекеттерін көріп бақылап, оған еліктейді, кейін оны өзі істей бастайды. Ал оқытуда мұғалім дағдыландыратын әрекеттерін әдейі көрсетеді, түсіндіреді, балалар оның орындалуын бақылайды. Осы процесс, сыртқы әрекеттің адамның бойына сіңуі, ішкі психикалыққа айналуы интериоризация деп аталады, яғни сыртқы заттық әрекеттің ақыл-ойға, санаға өтуі. Мұндай процесті оқытуда баланың ақыл-ой әрекетін қалыптастыру саласында психолог П. Я. Гальперин және оның шәкірттері зерттеді. Бұл зерттеулер бойынша баланың ақыл-ой әрекетін қалыптастыруға болатыны дәлелдейді. Мұнда дағды мен шеберліктің қалыптасу ұзақтығы да, оның нәтижесі де (беріктігі, саналылығы, жи-нақтылығы т. б.) ақыл-ой әрекетін қалыптастыру процесін ұйымдастыруға байланысты екені көрсетіледі. Ендеше мұнда да басты жауапкершілік мұғалімге жүктеледі. Ал осы ақыл-ой әрекетін ұйымдастыруға қандай талаптар қойылады? Олардың негізгілерін атап өтелік:  
 
1) ақыл-ой әрекетін бағыттаудың толық болуы: яғни қандай да болмасын дағдыны қалыптастырудың өзі балаларға бағыт беру, түсіндіруден басталады. Оқушы осы бағытпен өздігінен орындауға кіріседі;  
 
2) әрекеттің материалдық түрде қалыптасу кезеңі. Оқушы көргенін орындайды, бірақ бұл әлі сыртқы, материалдық формада (мысалы, оқушының таяқша салуға кірісуі: басын қисайтып, иығын бүкірейтіп, бүкіл кеудесін бір жағына қисайтып, шынтағын көтеріп, саусақтарының барлығын бүгіп, бар күшін жұмсауы);  
 
3) әрекеттің сыртқы сөйлеу ретінде көрінуі (балалар дауыстап сөйлеп отырады). Бұл кезеңде күрделі әрекеттер бөліп-бөліп орындалады (мысалы, сауат ашу барысында бір әріпті жазуға үйрету үшін бірнеше элементтерді бөліп-бөліп жазып жаттығады);  
 
4) әрекетті ішінен сөйлеп отырып орындайды. Яғни дағды мен шеберлікке саналы түрде үйренеді, әрбір қимылды не үшін, не мақсатпен орындайтынын біледі. Бұл сатыда бірқатар артық қимыл-қозғалыстар жойылып, жинақталады;  
 
5) дағды мен шеберліктің толық, қалыптасып бітуі. 
 
Сауат ашу кезеңінде мұғалімдер балаларды оқу-жазу әрекетіне үйретуде осы көрсетілген «сатылы қалыптастыру» жүйесін сақтауға тиіс. 
 
САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҮЙРЕНЕТІН ШЕБЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ШЕҢБЕРІ 
 
Сауат ашу кезеңінде балалардың бойында мынадай шеберлік қалыптасуға тиіс:  
 
1) дыбыстарды орын-орнына қойып сөз құрастыру;  
 
2) кеспе әліппе әріптерінен сөз құрау және жазу;  
 
3) сөздердегі жуандық белгі (ъ) және жіңішкелік белгілердің, (ь) айырмашылығын ұғу;  
 
4) қандай да болмасын тіркесіп келген дыбыстардан 
құралған сөздерді оқи алу;  
 
5) әліппедегі мәтіндерді екінші рет оқығанда тыныс белгілерін сақтап оқи алу;  
 
6) қарапайым мәтіндерді мұғалімнің сұрағы бойынша айтып 
беру;  
 
7) қысқа өлеңдерді жатқа айта алу;  
 
8) заттар туралы елеске сүйене отырып, қарапайым логикалық 
жаттығуларды орындай алу; 
 
Сауат ашу кезеңінде балаларда мынадай дағдылар қалыптасады:  
 
1) сөзді буындап және тұтас сөздерді дұрыс оқу;  
 
2) көлемі шағын мәтіндерді саналы, түсініп оқу; 
 
3) айтылуы мен жазылуы бірдей, кейбір сөздерді жазу; 
 
4) жазған сөздерін тексеріп отыру; 
 
5) әріптерді бір-бірімен жалғап жазу. 
 
САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕ БАЛАЛАРДЫҢ 
 
ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН 
 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР 
 
Оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың, жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін, олардын, зейін, қабылдау, ес, ойлау, қиял ерекшеліктерін, сезім, ерік жақтары мен жеке қасиеттерін жақсы білу керек, Алты жасар баланың зейіні тұрақсыз, оның толқуы сабақ үстінде күшті, ал бөліну қасиеті мүлде жоқ десе де болғандай, көлемі ете шағын болады. Сондықтан оқудың алғашқы күнінен бастап-ақ балаларды тыңдай білуге, оңай тапсырмаларды дәл орындап жүруге үйрету керек. Бұлардың зейіндері заттарды бақылай білу, олармен жұмыс жасау (әріптерден сөз құрау) арқылы тәрбиеленеді. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейіннің тұрақтылығы арта түседі. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет түрлерін жиі өзгерту — балалар зейінін тәрбиелеуге көмектеседі. 
 
I сынып оқушыларының ес ерекшеліктері: логикалық-сөздік байланыстардан гөрі көрнекі бейнелердің басым болуы. Сөздік материалды олар механикалық түрде, мағынасына түсінбестен жаттап алады. Мұғалім бұл ерскшелікке де көңіл аударуға тиіс. 
 
Алты жасарлардың қабылдауы мен ойлауында да толып жатқан ерекшеліктер бар: олар ажырата қабылдауды білмейді, тұтас қабылдайды. Осыған орай, мұғалім тапсырма бергенде дәлдеп, бөліктерге бөліп беру немесе заттар мен құбылыстардың құрамымен таныстыру т. б. ескергені жөн. Мысалы, олар алғашқы сөз, буын, дыбыс ұғымдарын шатыстырады; мұғалім бірте-бірте бұл сөздердің әрқайсысының мағынасын ажыратып, мәнін аңғаруға үйретеді. Ажырата қабылдауға салыстыру арқылы да үйретуге болады. Мүнда тек әріптерді, дыбыстарды, буындарды, сөздерді ғана салыстырып қоймай, заттарды, құбылыстарды да салыстыруға болады. Мысалы, тауықты құстар қатарына қосуға бола ма? Сұрағы арқылы, егер болса, қандай белгілеріне қарай, құс дейміз? Егер болмаса, неліктен құстар қатарына жатпайды? т. б. салыстыруды іске асыруға болады. 
 
Оқытудың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуға тиіс. Алайда оқылатын материал үнемі оңай, жеңіл-желпі орындалатындай болуы қажет деген ұғым тумаса керек. Оқыту процесінде шамасы жететін қиыншылықтарды өз күштерімен жойып отыруға оқушыларды мәжбүр еткен жөн. Өйткені қиындыққа ксздеспейінше, ойлау белсенді қызмет атқара алмайды. Ал, екінші

жағынан, шамасы жетпейтін  қиындыққа кездессе, ой тежелуге ұшырайды, ерік күші мұқалады. Ендеше, бұдан шығатын қорытынды — сабақтың түсінікті болуы шарты. 
 
Материалды оқушыға ұғындыру, оларды білім алуға дағдыландыру көп жағдайда оқыту тәсілдеріне байланысты. Тәсілдіреді түрлендіру, сабақтың көрнекілік жағына баса назар аудару сияқты талаптар, міне, осыған орай туады. Мұнда да алты жастағылардың бейнелілік, нақтылық, аса сезімталдық ерекшеліктері мен қабылдау, ойлау ерекшеліктеріне сәйкес келу жағын қадаға-лау керек. 
 
Балалар оқыіі үйренетін «әліппе» кітабында жекелеген суреттср, сюжетті суреттер, түрлі түсті бояумен әдемі салынған сызбалар, жұмбақтар және жаттығулар берілген. Бұл кезде балалар, жоғарыда көрсетілгендей, сөз, дыбыс, буын, сөйлем деген сияқты дерексіз ұғымдармен алғаш рет кездеседі. Бұл ұғымдардың мәнін нақтылап түсіндіру үшін көрнекі құралдардың (сызба, сурет, кеспе әліппе, таблицалар т. б.) пайдасы мол. Көрнекіліктерді ойын ретінде де пайдалануға болады. Оның барлығы сабақтың нақты мақсатына байланыстырылып беріледі. Мұнда тағы да ескерілетін жай — бірден бірнеше көрнекілік ұсынуға немесе керегі болсын-болмасын кез-келген көрнекілікті (олар тіпті ашық түсті бояумен боялған, әдемі әшекейленген болса да) ұсына берудің реті жоқ. Себебі: басы артық, тым көп көрнекілік те балалардың зейінін жинақтау, тұрақтандыру емес, керісінше, алаңдатып, зиянын тигізуі мүмкін. 
 
Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас жасау барысында олардың, жауап беру ерекшелігін, белсенділік көрсету қарқынын, жүріп-тұру қалпын, қиналған жерлері мен жіберген қателерін есепке ала жүріп, әрқайсысына сұрақ қойғанда баланы жігерлендіретіндей, өз күшін байқай алатындай, анағұрлым бір пайдалы жұмыс болу жағын мұқият іздестіреді. 
 
Сауат ашу кезіңде сөз бен сөйлемдерді саналы, дұрыс оқуға дағдыландырумен қатар әріп элементтері мен жекелеген әріптерді түзу жазып дағдылану барысында балаларға табиғат, адамдардың өмір сүруі жөнінде мағлұматтар беріліп, олардың айналадағы заттар мен кұбылыстар туралы түсінігі кеңейе түседі. 
 
Кеңес педагогикасының талабы бойынша, сауат ашудың бірінші күнінен бастап-ақ оның тәрбиелік мәніне зор көңіл бөлінеді. 
 
Оқыту мен тәрбие — бір бірінен ажыратуға келмейтін, тұтас бір процесс болғандықтан, оқытудың тәрбиелік мәнінің өзі ақыл-ой тәрбиесіне жатады. Сондай-ақ сауат ашудың бірінші күнінен бастап күнделікті режим, тазалықтың пайдасы, оқушының міндеті жөнінде түсінік беру бағытында жүйелі жүмыс жүргізіледі. Оқу материалдарымен байланыстырылып келтірілген мысалдар, дәлелдер балаларды өз отанын шексіз сүюге, интернационалдық рухта тәрбиелеп, еліміздегі ұлы өзгерістердің нәтижесіне олар қуанатындай дәрежеде жүргізілуі тиіс. 
 
Балалардың эстетикалық талғамын дамыту ертегі, көркем әңгіме, өлең, оқу, сурет, музыка т. б. арқылы іске асырылады. 
 
Баланың бастаған істі аяқтап шығу, кездеген игі мақсатына жету, ұқыптылық, уақытты дұрыс пайдалану т. б. мінез құлық сапалары да сауат ашу кезеңінде тәрбиелене бастайды. 
 
Сөйтіп, адамгершілік, достық кеңестік патриотизм, интернационализм, атеистік, эстетикалық еңбек тәрбиесі т. б. жұмыстардың негізі сауат ашу кезеңінде-ақ қалана бастайды. 
 
САУАТ АШУ ӘД1С1 ТУРАЛЫ ҰҒЫМ 
 
XIX ғасырдың 60—70 жылдарындағы прогресшіл педагогтерге ортақ болған өзекті мәселе — бастауыш халық мектебінің оқу мазмұны еді. Қазақ даласында білім таратушы көрнекті педагог Ыбырай Алтынсарин К. Д. Ушинскийдің еңбектеріне сүйеніп, қазақтың бастауыш мектептеріне оқулықтар жазды. 
 
XIX—XX ғасырларда сауат ашу жұмысы буын және тұтас сөз әдісі бойынша жүргізілді. Бүл әдіс түптеп келгенде, жаттауға негізделген, яғни бұл әдіспен оқыту барысында мағынасыз сөздер мен буындар құрғақ жат-татылатын. Осының салдарынан балаларды оқуға бірсыпыра дағдыландыра тұрғанымен, оқушылардың ақыл-ойын дамытып, дүние танымын қалыптастыру мардымды іске асырылмады. 
 
Кеңес мектебінің негізгі әдісі талдау-жинақтау болып есептеледі. Бұл әдіс әсіресе 30-жылдардан бері кеңес әдіскерлерінің зерттеу еңбектерімен бірте-бірте толықтырылып, жетіліп келеді. 
 
Талдау-жинақтау әдісі қалай жүргізіледі? 
 
Сауат ашу кезінде талдау мен жинақтау бір-бірімен тығыз бірлікте, байланыста жүргізіледі: балалар талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстардан тұратынын ажыратса, іле-шала жүргізілетін жинақтау арқылы дыбыстардан буын құрап, буындардан сөз құрап үйренеді. Сөйтіп, дыбыстарды жеке-жеке оқымай, бір-бірімен қосып буын етіп, сөз етіп оқитын болады. 
 
Талдау-жинақтауға жаттыққан кезде, мына жағдайларға сүйену керек: 
 
1. Кез-келген дыбысты сөз ішінен бөліп алуға және 
сөз ішіндегі айтылуына жақындатып бөліп айтуға болады (дауыссыздарды да даралап айтудан қашпау керек). 
 
Мұнда сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбысы бар буын анық естіліп, ал дыбыстың өзі ерекшеленіңкіреп созылып айтылғаны дұрыс. Мысалы, «р» дыбыс үйретілуі қажет болғанда «ара» сөзіндегі «а-ра» буындары «а-арра» делініп, «р» дыбысы ерекшеленіп, біраз созылыңқырап айтылады. 
 
2. Дыбыстың артикуляциясын байқату, яғни бала- 
ларды сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбыстың 
айтылу процесімен таныстыру. Мысалы, мұғалім бала- 
ларға «р» дыбысын айтқызып көреді де, ол дыбысты 
айтуда тілдің қандай жағдайда болатынын байқаңдар  
дейді. Осы дыбысты қайта-қайта өздері айтып көру ар- 
қылы, олар тілдің ұшының дірілдеп тұратынын байқай- 
ды. Сонан кейін оқушылардьщ назары «р» дыбысын айт- 
қанда тілдің қай жерге жуықтайтынына аударылады. 
Балалар тілдің ұшының таңдайға жуықтауынан «р» 
дыбысы шығатынын аңғарады. 
 
Сөйтіп, балаларға дыбыстың айтылуымен қатар, өзін де үйретеді. Бірақ мұнда есте болатын жай тіліміздегі барлық дыбыстың артикуляциясын білу керек деген ұғым тумасқа тиіс. Жоғарыда айтылған тәсілмен тек еріндік және тіс пен тіл қатысы арқылы шығатын дыбыстарды ғана үйретуге болады. Ал ш, ж, к, ғ, г, й, и, щ, ц, дыбыстардьщ артикуляциясын аңғару, әрине, қиынға соғар еді. Сондықтан мұғалім дыбысты оқытуға кірісер алдында оны үйретудің тәсілін жан-жақты ойластыруға тиіс. 
 
3. Сөздің аяғындағы немесе басындағы дыбысты тү- 
сіріп айтып, балаларға тапқызу. Мысалы, мұғалім 
«Әліппедегі» шоттың суретін көрсетіп, «шо» дейді, де, 
«мен сөзді дүрыс айттым ба?» — деп сұрайды. Балалар 
«т» дыбысын қосады. Немесе тонның суретін көрсетіп, 
«он» деп, «т» дыбысын оқушыларға айтқызады. Сөйтіп, суреттегі кімнің аты мен айтылған буын (немесе сөз) құрамындағы дыбыстарды жинақтау арқылы қандай дыбысты қосу керектігін саналы ұғады. 
 
4. Айтылуына қарай дыбыстарды, жазылуына қарай әріптерді салыстыру. Мысалы, қол-көл, тор-төр, от-өт сияқты сөздер арқылы «о» дыбысы мен «ө» дыбысының айтылуындағы айырмашылық аңғартылады. Сонымен бірге жазылуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға көңіл бөлінеді. Осылайша, қ-к, с-з, ғ-г, а-ә, ы-і дыбыстар да жұпталып, салыстырылып, сөздерді талдау-жинақтау арқылы үйретіледі. 
 
5. Үйретіліп отырған дыбыстың сөздің басында, ортасында, аяғында келетіні де сөздерді талдау және жинақтау барысында ұғындырылады. Мысалы «қ» дыбысын үйрету қерек делік. Мұғалім бұл дыбысты балаларға айтқызып, таныстырғаннан қейін қора, ақ, оқушы сияқты сөздерді өзі айтып, буынға, дыбысқа талданады; «қ» дыбысының қай буында, нешінші буында тұрғаны анықталады; қайта жинақтау барысында «қ» дыбысының қай жерде тұрғанына көңіл бөлінеді. Осыдан кейін бұл дыбысқа балалардың өздері сөз ойлап табады. 
 
6. Буынды пемесе сөзді есте сақтау арқылы оқу. Бұған, мысалы қала сөзін алайық. Оқушылар оны дыбысқа, буынға ажыратып талдағаннан кейін, жинақтап, кеспе әліппеден құрастырады; енді оқуға қелгенде іркіліп қи-налады немесе әр әріпті ежіктеп «қ-а»... деп айта бастайды. Сол кезде мұғалім: «құрастырған сөзіміз қалай еді?»— деген сияқты сұрақтар арқылы бастапқы сөзді (оқушылардың құрастырған сөзін) еске түсіртеді. «Ол сөзді қалай айтатын едік? (мысалы, қа-ла). Міне, осылайша оқыңдар,» — дейді. Оқушылар кеспе әліппеден құрастырған сөзді бірден оқып береді. 
 
7. Дыбыс алмастырып оқу. Мысалы, балалар талдау-жинақтау арқылы «қара» сөзін құрастырып, оқыды делік. Енді бірінші буындағы «а» әрпінің орнына мұғалім «о» әрпін қояды, «қора» деп оқиды. 
 
САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖҰМЫСТАР 
 
Сауат ашу кезеңі негізінен үшке бөлінеді:  
 
1) әліппеге дейінге дайындық кезеңі; 
 
2) әліппе кезеңі;  
 
3) әліппеден кейінгі кезең. 
 
Дайындық кезеңде бөбектерді бір ұжымға ұйымдастыру жұмысына баса назар аударылады. Өйткені 6—7 жасар баланың мектепке оқуға түсуімен байланысты, жаңа жағдайға, жаңа адамдарға (мұғалімге, балаларға) үйрену, олармен қарым-қатынасқа түсу балаларға басында әжептәуір салмақ түсіреді. Мұнда балалардың барлығы бірігіп, әсіресе бір-бірінен сұрап, анықтау арқылы орындайтын тапсырмалар беру оларды жақындастырады. Сонымен қатар балаларды біріктіруде ойын ерекше роль атқарады (мысалы, шеберхана ойыны). 
 
Дайындық кезеңінде оқуға, жазуға әзірлік жасалады. Мұғалім балалардың, білім дәрежесімен танысады, қалай сөйлей алатындары, қандай өлең, тақпақтар білетіндері анықталады. 
 
Бұл кезеңде мынандай жұмыстарға баса көңіл аударылады: 

 
Балалардың сөздік қорын анықтау.

 
Балаларға ауызша қысқа-қысқа сөйлемдер  құра- 
тып, өз ойларын айтып беруге дағдыландыра бастау.

 
Балалардың, тіліне, сөйлеу мәнеріне көңіл  аудару; 
тіл мүкістіктері, кейбір дыбыстарды анық айта алмау 
жақтарын жою бағытында жұмыстар ұйымдастыру.

 
Мұғалімнің және жолдастарының сөзін  тыңдай білуге дағдыландыра бастау.

 
Сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы ауызша түсінік 
беріп, сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа 
жіктеуге дайындық.

 
Жазуға дайындық жұмыстары жасалады: партаға 
дұрыс отыру, қарындаш, қаламды дұрыс ұстау, дәптер- 
ді партаға дұрыс қою, сия сорғыш, өшіргішті пайдалану 
сияқты жұмыстармен қатар балалар дәптердің сызығы- 
мен таныстырылады: өздері тік, көлбеу, ирек сызықтар 
сызып дағдыланады. Оқушылардың қолын жазуға жат- 
тықтыру үшін мұғалім әріп элементтеріне ұқсас фи- 
гуралар жасап, оны оқушыларға сыздырады.

 
Дайындық кезеңінде балалардың зейін, ерік, қиял т. б. ерекшеліктеріне баса назар аударылады; I класс оқушылары  бір нәрсені зейін қойып, тыңдай алмайтыны сияқты, өз қиялдарын да бақылай алмайды. Олардың қиялы  мен шындықтағы заттардың, құбылыстардың  арасында айырмашылық көп болады (мысалы, балалар суретте көрсетілген  заттарды атап тұрып, онда жоқ нәрселерді де қосып айтады). 
 
Бұл кезеңде жүргізілетін жұмыстың ерекшелігінің бірі - балалардың мектепке дайындық дәрежесінің әр түрлілігі. Осыған орай, жекелеген балаларға қалай ықпал жасау жолдары мен жұмыс түрлері ойластырылады. «Партаға түзу отыр», «Қаламды дұрыс ұста» сияқты плакаттарды көрсетіп (егер мектепте жоқ болса, ондай плакаттар алдын ала дайындалуға тиіс), соған сай әңгімелер өткізіледі. Өйткені балалар отыру, жазу, қалам ұстау ережелерін бұлжытпай орындауға жаттыққанда ғана саусақтарының бұлшық еттері дұрыс дамып жетіледі. 
 
Алғашқы сабақтарда балалардың тілі мен ойын дамыту жолында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады: әңгімелесу, көркем шығармалар оқу, ауыз әдебиет үлгілерін (жұмбақ, мақал, мәтел, жаңылтпаштар т. б.) жатқа, айту, өлеңдер жаттау, сурет, экскурсия бойынша әңгіме барысында мұғалім өзі қоятын сұрақтарын мұқият ойластырады. 
 
Дайындық кезеңіндегі әңгіменің ерекшелігі оның қысқа (4—6 минут) болуында, әсерлілігінде, мұғалімнің сөзінің логикалық жүйелілігінде, мәнерлілігінде, тақырыбы жағынан балалардың күнделікті өміріне қабысып келуінде. 
 
Дайындық кезеңде мектеп тәртібі, оқу құралдары мен оқу жабдықтарын пайдалану тәртібін үйретуге ерекше көңіл аударылады. 
 
Осы айтылғандармен қатар дайындық кезеңінде кейбір әріп элементтерімен таныстырып, таңбасын жасатып үйрету де пайдалы (мысалы, «А» үш таяқшадан тұрады: екі таяқша төбелерін түйістіріп тұрады да, үшіншісі кесе көлденең тұрады т. с. с). 
 
Кеспе әріптердің кассасын жасату және оны пайдалану жұмыстарына жаттықтыру да осы кезеңде іске асырылғаны жөн. Өйткені әріп таныту кезеңінде балаларға қойылатын талап тым көбейіп кетеді де, олар үлгіре алмай қалады. 
 
Бұл — сауат ашудың басты, негізгі кезеңі. Әліппе кезеңінде дыбыстар оқушыларға алфавит ретімен үйретілмейді, алғашқы кезде балаға естілуі, айтылуы ең оңай дауысты және дауыссыз дыбыстар үйретіледі. Әр дыбыстың тұсындағы суретке байланысты әңгіме өткізіледі. 
 
Қазақ мектептері үшін әліппе жасаушы авторлар мен сауат ашу жұмысын зерттеушілер әліппе кезеңін төртке бөледі. 
 
Бірінші кезеңде жуан дауысты дыбыстар мен созылымды дауыссыздар және олардың таңбалары таныстырылады. Грамматикадан: сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс практикалық жолмен ұғындырылады. 
 
Жалпы кеңес мектептеріндегі мұғалімдер мен әдіскерлер жазу оқудан кейін қалмауға тиіс екенін, яғни балалар сауат ашу барысында дыбыстарды оқып, олардың таңбаларын танып қана қоймай, әріптерді де жазып үйренулері қажет екенін көрсетеді. 
 
Ендеше алғашқы кезеңнен бастап-ақ оқушылар үлкен және кіші әріптерді бірден жазып үйренеді. Екі дыбысты сөздерді оқи біледі, сондай-ақ көшіріп, те, жатқа да жазып үйренеді. 
 
Оқуда да, жазуда да сөзді буынға, буынды дыбысқа бөлу сияқты, талдау-жинақтау әдісі, сонымен қатар үдету амалдарымен (ат, ат-а-ата т. б.) жасалған сөздерді және бір ғана әрпі немесе дыбысы өзгеше сөздерді (ана, ара, т. б.) оқу-жазу әдістері кең қолданылады. 
 
Екінші кезеңде негізінен қысаң дауыстылардың жуаны және қалған үнді (сонор), ұяң, қатаң дауыссыздар таныстырылады. Бұл кезеңдегі дыбыстармен танысу жолдары да бірінші кезеңдегідей әдістер арқылы өтеді. Мұндағы айырмашылық— ұқсас дыбыстар салыстырыла оқытылады. Танылатын әріп санының көбейе түсуіне байланысты бұл кезеңнің жазу материалында қысқа-қысқа сөйлемдер кездеседі. 
 
Үшінші кезеңде жіңішке дауысты дыбыстар мен к, г, п, б, ж, з, ң сияқты дауыссыздар танытылады. Бұл кезеңде оқушыларға үйретілетін буын саны да арта түседі. 
 
Әліппені оқытудың төртінші кезеңінде тілімізде сирек кездесетін «һ» сияқты дыбыстар мен солардың таңбалары таныстырылады. Сонымен қатар бұл кезеңнің мақсаты — орыс алфавитінен қосылған әріптерді және олардың дыбыстарын саналы түрде таныту. 
 
Жазу жұмыстары, сондай-ақ басқа жұмыс түрлері дс алдыңғы, дайындық кезеңіндегі сияқты болып келеді. 
 
Әліппе кезеңінде қолданылатын негізгі құрал (Әліппе» жәнс «Әліппе серігімен» қатар) —кеспе әліппе. Кеспе әліппеден балалар сөз құрастырады, сөздерді буынға, дыбысқа талдайды, құрастырған сөздерін оқып жаттығады. Балалар оқыған немесе жазған сөздерінің мағынасына жете түсінетіндей, қате жібермейтіндей дәрежеге жеткенге дейін талданады. 
 
Балалар әліппені өтудің бірінші кезеңінде алдын-ала буынға, дыбысқа талдап, кеспе әліппеден құрастырған сөздерін оқитын болса, екінші кезеңде үдету амалымен жасалған сөздерді және бір дыбысы өзгеше сөздерді оқиды. Бір дыбысы өзгеше сөздер мен үдету амалы арқылы жасалған сөздерді оқыту жұмысы кеспе әліппені пайдалану жұмысымен байланыстырыла жүргізілгенде ғана тиімді және нәтижелі болып шығады. 
 
Үшінші кезеңде оқушылардың оқу техникасы мен жазу дағдысын жетілдіре түсу мақсатында «Әліппе» кітабының соңғы жағындағы материалдар пайдаланылады. Бұл сабақтардың мақсаты оқушылардың әліппеден алған білімін бекіту ғана емес, сонымен қатар балаларды оқу кітабы мен грамматикадағы материалдарды үйренуге дайындау болғандықтан, әліппе кезеңіндегі сабақтардан гөрі әліппеден кейінгі кезеңдегі сабақтар едәуір ерекшеленеді. 
 
Әліппеден кейінгі кезеңде балалар көлемі шағын, қарапайым қысқа-қысқа сөйлемдерден құрылған мәтіндер оқиды. Кеспе әліппемен жұмыс бұл кезеңде де тоқтатылмайды. Әріптерден сөздер мен буындарды құрап жаттығу және оларды оқу жұмысы әліппеден кейінгі кезеңде де ұштастырыла қатар жүргізіліп отырады. 
 
Жазуға берілетін мәтіндердегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей, бір-біріне сай болуы әліппеден кейінгі кезеңде де қатты қадағаланады. Балалар бұрын оқылған, талданған сөйлемдерді мұғалімнің айтуы бойынша жатқа жаза алады. Аяқталмаған сөйлемдерді өздері аяқтай алады. Сөйлемдердегі қалдырылып кеткен сөздерді өздері тауып, қосып жаза алады. Мұндай сөздерді тауып, қосу немесе сөйлемді аяқтау жұмыстары, әрине оқушылар бұрыннан оқып талдап, танысқан сөйлемдері бойынша жүргізіледі. 
 
САУАТ АШУ БАРЫСЫНДА ЖАЗУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 
 
Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Жазуға негізінен мынадай талаптар қойылады: 
 
а) әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан 
ауытқымау; 
 
ә) әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы етпей, тегіс, бірдей жазу; 
 
б) әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, бар- 
лық әріпті бірдей, оңға қарай, сәл көлбете (45) жазу; 
 
в) әріптердің, сондай-ақ сөздердің, арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап (сөздер бір-бірінен м әрпінің көлеміндей қашықтықта болуға тиіс) отыру; 
 
г) бірте-бірте жазу қарқынын тездете түсу. 
 
Бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында да жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс. 
 
Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындалуға тиісті гигиеналық талаптар: 
 
а) дәптер партаның үстіне, баланың кеудесінің қақ ортасына тура келетіндей болып, сәл көлбетіле (оңға 65) қойылады; 
 
ә) бала басын оңға не солға, иықтарын, кеудесін алға не артқа қисайтпай, аяқтарын қатар қойып, алдына түзу қарап отырады. Бұл олардың омыртқалары, көкірегі дұрыс жетілу үшін қажет; 
 
б) балалар табандарын еденге (партаның табан 
тақтайына) еркін басып отырады. Тізені қатты бүкпей, 
бір аяқты екінші аяқтың үстіне қоймай, аяқтарын я алға, я артқа сілтемей отырғаны дұрыс; 
 
в) партаға көкіректі тіремеу керек. Өйткені бұл ты- 
нысты тарылтады жаңа өсіп келе жатқан кеудені бұзады; 
 
г) қаламды ұстағанда саусақ қаламұштан үш сан- 
тиметрдей жоғары тұратындай болып және қаламның 
жоғарғы жақ ұшы оң иықтың тұсына дәл келетіндей 
жағдайда болғаны жен; 
 
д) жазғанда баланың көзі мен дәптер аралығындағы 
қашықтық 25—30 см сақталуға тиіс. 
 
Сауат ашу кезінде жазу сабақтарында балалар әріп элементтерін немесе жекелеген әріптерді жазғанда ұзақ уақыт жазып отырмауын қадағалау керек. Өйткені ұзақ уақыт бір-екі элементті немесе бір әріпті жаза берсе, бала шаршайды да, сабаққа зейін қоюдан қалады, сондықтан үш — бес минут жазғаннан кейін қолдарына демалыс беріп, сонан соң құрамында үйреніп отырған әрпі бар сөздерді жазуға көшкені дұрыс. Жұмыс түрі өзгергенде балалар да оған зейін қоя бастайды. 
 
Сауат ашу барысында балалар сөздер мен сөйлемдерді естерінде ұстап жазуға үйренулері қажет. Ол үшін айтылуы мен жазылуының арасында ешбір айырмашылық жоқ сөздер алынады және бұл кезде әріптердің таңбасы арқылы (жазба танбасы) берілген сөздер мен сөйлемдерді көшіріп жазу ұсынылады, ал сауат ашу аяқталғаннан кейін, баспа таңбалы әріптер жазылған текстер көшіртіледі. Осы жұмыстардың бәрінде де оқушылар жазуға кіріспес бұрын сөздер дыбысқа, буынға талданады. 
 
САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛДАР 
 
Сауат ашу кезеңіндегі ең негізгі басты құрал — «Әліппе» және «Әліппе серігі». Әліппенің бас жағындағы түрлі тақырыптарға салынған суреттер де оқушылармен жүргізілетін дайындық жұмыстары үшін ен, қажетті көрнекі құрал болып есептеледі. Әліппеде әрбір жаңа әріпті үйрету барысында жекелеген заттардың суреттері және тақырыптық суреттер де беріледі. Сонымен қатар онда балалардың ойы мен тілін дамыту үшін сюжетті картинкалар, әңгімелер, жұмбақтар т. б. бар. 
 
Әліппеге қосымша көрнекі құрал — кеспе әліппе. Кеспе әліппеден олар буын, сөз, сөйлем құрайды және оларды талдап, оқып үйренеді. 
 
Әріптерді естерінде жақсы сақтау үшін суретті алфавит қолданылады; онда әрбір әріптің суреті мен атауы және сол әріптен басталатын заттың суреті салынады. 
 
Әріптерді сақтауға арналған әріп кассасы жасалады. Әріп кассасының көлемі дәптердің ашып қойғандағы көлеміндей болады. 
 
Қызыл, көк түсті төрт бұрыштар жасалады. Қызылы дауысты дыбысты, көгі дауыссыз дыбыстарды көрсетеді. 
 
Бұл айтылғандардан басқа таблицалар да қолданылуы мүмкін. Мысалы дауысты, дауыссыз дыбыстарды өту барысында таблица қажет-ақ. Мұнда дауысты дыбыстың таңбасын қызыл түспен, дауыссыз дыбысты қара түспен ерекшелеуге болады. Сөз құрастыру үшін буындар беріледі. 
 
Жазу жұмыстарында пайдалану үшін арнаулы «Жазу үлгісі» ұсынылады. «Жазу үлгісінде» әріптердің элементтері, жазба үлгілері беріледі. 
 
Әр сыныпта оқушылардың партаға түзу, дұрыс отыруы бейнеленген және жазу кезінде қаламды дұрыс ұстау, отыру үлгілері бейнеленген плакаттар болуға тиіс. 
 
Сауат ашу кезеңінде пайдаланылатын дидактикалық материал да бар. Бұлар: сөздердің дыбыстық құрамын талдауға жаттығу үшін түрлі карточкалар; кейбір жағдайда олар — клеткалармен берілген заттық картинкалар, екінші бір жағдайды — әріптің жартысы мен қалған жартысының орнына клетка т. б. с. с. 
 
Мұндай үлестіруге арналған дидактикалық материал — оқушыларға сөздің дыбыстық құрамын схемаға сүйеніп талдауы үшін көмекші құрал болып саналады. Оқушылар сөзді іштерінен айтады да, схеманы толтыруға кіріседі. (Дәптерге түсті бояу қарындашпен, тақтаға дөңгелекшемен, сызықшамен т. б. с. с). Сөздегі дыбыстарды тәртібімен талдап, дауысты, дауыссыздарын анықтап, оқушылар әріптерден сөз құрауға кіріседі. 
 
Алдыңғы дидактикалық материал екінші бір жолмен тағы қолданылады: 1) өтілген дыбыстардан қиындау буындар кездесетін сөздер құрастыру үшін; 2) балаларға анағұрлым ауырлық келтіретін дыбыстарды қайталап, бекіте түсу үшін (жоғарыда көрсетілген дыбыстар, жіңішкелік, жуандық белгілер т. б.); 3) картинкалармен жұмыс жасау үшін, логикалық жаттығулар орындау үшін; 4) әрбір оқушының жеке ерекшелігін ескеріп, жұмыс ұйымдастыру үшін. 
 
САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕ БАЛАНЫҢ ТІЛІ МЕН ОЙЫН ДАМЫТУ 
 
Соңғы психологиялық зерттеуге қарағанда бастауыш сынып оқушыларының өзін теориялық ойлауға, жалпыдан жекеге көшу, заттар мен құбылыстардын, арасындағы байланысты аңғаруға үйретуге болатыны анықталды. 
 
Егер мектепке оқуға түскен бала әлі заттар мен құбылыстардың негізгі белгілерін айыра алмайтын болса, мұның өзі олардың тәжірибесінің аздығынан, білімінің жсткіліксіздігі мен шашыраңқылығынан деп түсінген жөн. 
 
Осыған орай, I сынып оқушыларының заттар, құбылыстар туралы елестерін анықтап, бір жүйеге келтіру қажст. Бұл жұмыс әуелі әліппеде берілген сөздер арқылы жүргізіледі. Сездік қорды байыту заттар мен құбылыстар және олардьщ арасындағы байланыстар жөніндегі елестерді анықтаумен қатар жүріп отыруға тиіс. 
 
Бірінші сынып балалары естігендері, көргендері, кейбіреулері оқығандары жөнінде айтып бере алады. Алайда олардың сөйлемдері нашар, жүйесіз құрылған, белгілі бір жоспармен айта алмайды. Ойы негізгі нәрседен басқаға тез ауып кетеді. Мысалы, ойынның түрлері жөнінде әңгімелегенде, шешесімен барып, дүкеннен ойыншық сатып алғанына ауысады т. с. с. Егер мұғалім әңгі-мені дұрыс салаға бағыттап отырмаса, тіл дамыту құр мылжың болып кетуі мүмкін. Мұндағы негізгі міндеттің өзі — балаларды белгілі бір жүйемен сөйлеуге үйрету ғой.

Информация о работе А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі