Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 18:10, реферат

Краткое описание

Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. XVIII ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде оның бірқатарын Ресей әкімшілігінің өкілдері, орыс және шетел ғалымдары, саяхатшылар айқын байқап, жазып қалдырды. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындагы өзарақарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.

Содержание

1 Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары
• 2 Әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрпы
• 3 Жасы үлкендерге құрмет көрсету
• 4 Тамырлық әдет-ғұрпы
• 5 Қоныс таңдау әдет-ғұрпы
• 6 Отбасы және неке саласындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер
• 7 Бата беру
• 8 Бала тәрбиесі
• 9 Пайдаланылған әдебиет

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (3) — копия.docx

— 90.63 Кб (Скачать документ)

Ер бала 3,5 және 7 жасқа  толғанда оны сүндетке отырғызу рәсімі өткізілетін. Сүндет тойына қонақтар шақырылатын, ат шаптырылып, спортжарыстары өткізілетін.

Ата-ана өздерінің ұлын үйлендіру қамын әрқашан ойластырып жүретін. Болашақ келінді бала кезінен іздестіре бастайтын. Тіпті балалар дүниегекелмей жатып-ақ атастыру рәсімі болатын. Құдаларды өнегелі, құрметті, текті жерден іздестіретін. Құда түсудің салт-дәстүрлері бойынша арнайы рәсім өткізілетін. Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаң тыйым салынатын.

Баланы үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті мынадай болатын: құда түсуге алдын ала келісу, ата-ананың құда түсуі, күйеудіңқалыңдыққа ұрын баруы, келін түсіру тойы, неке қию рәсімі. Ұзатылатын қыздың әкесі құда түсіп келген құдаларға құйрық-бауыр жегізетін. Бұлсалт-дәстүр құдалық рәсімінің орындалғанын көрсететін. Ал құдалық екі жаққа да белгілі міндеттер жүктейтін. Құдалықтан айнуға болмайтын.

Құда түсудің ресми  бөлігі аяқталғаннан кейін жігіт жағы қыздың калыңмалын төлейтін. Қалыңмал әдетте мал басымен есептелетін. Оның мөлшері құда түсушілердің қаншалықты бай, ауқатты екендіктеріне қарай белгіленетін. Қалыңмалдың мөлшері 5 жылқыдан 1000 жылқыға дейін жететін.Үйлену тойы кезінде құдалар бір-біріне кит кигізетін болған. Ол түрлі қымбат бағалы киімдерден, мата кездемелерден, мал басынан тұратын. Құдалар жағы бір-бірімен қоржын алмасып, өзара сыйлық жасасатын. Үйлену тойының әдет-ғұрыптары неке қию рәсіміне ұласады. Қазақтардың дәстүрлі қоғамында қыздың жасауын берудің де зор маңызы болды. Жасау қыз баланың жас кезінен әзірлене бастайтын. Қыздың жасауына киіз үй, кілем, текемет, сырмақ сияқты бұйымдар, киім-кешек түрлері мен ыдыс-аяқтар, әр түліктен тұратын мал басы және басқалары кіретін болған.

Күйеуі өліп, жесір қалған жае әйелге күйеуінің жақын туыстарының  біреуі әмеңгерлік жолымен үйленуге құқықты саналатын. Көшпелі қазақ халқының өмірінде мұның әлеуметтік маңызы үлкен болды. Әйел ерден кетсе де елден кетпеді. Марқұм болған адамның балалары өз руының, өз туысының қарамағы мен қамқорлығында қалды, жат жұртқа жіберілмеді. Өйткені олар өз туыстарының арасында жетімдік көрмейді, бейшаралық халге душар болмайды. Сондықтан да құдалардың арасы суыспайды. Егер біреудің отбасы перзент көрмесе немесе баласы тұрмай, шетіней берсе, ол алдын ала келісім бойынша, өз туыстарының бірінің баласын бауырына басып, асырап ала алатын.

Жеке шаңырақ көтеріп, ата-анасынан еншісін алып шыққан жас отбасында күнделікті тіршілігіне қажетті нәрсенің бәрі де — отауы, төсек-орындары мен үй ішінің жабдықтары, есік алдында малы да болатын. Ежелден келе жатқан әдет-ғұрып бойынша ата-анасының қолында кенже ұлы қалып, қара шаңыраққа бүкіл мал-мүлкімен қоса иелік ететін. Қазақтар өздерінің ата-анасын ешқашан тастап кетпейтін. Даланың жазылмаған бұл әдет-ғұрпын бұзғандарды қазақтар нағыз жексұрын, жауыз жандар ретінде жек көрді.

Бата беру


Қазақтарда бата беру әдет-ғұрпы кеңінен етек алды. Ол әрбір іске кірісер алдында міндетті саналатын. Бата поэтикалық тілмен жалпы жұртқақарап тұрып беріледі. Онда бата беруші адам езгелерге ізгі жақсылық, табыс тілейді Батаны жасы үлкен адам немесе жолы үлкен қонақ беруі тиіс. Бата беруші Жаратушы Алладан бақытты өмір, материалдық байлық, әрбір істе табысты болуын тілейді. Бата екі қолды ілгері қарай жоғары созып, екі алақанды өзінің жүзіне қарата бұрып тұрып беріледі. Бата беру «әумин» деген сөзбен аяқталады.

Бата адамдарды лайықсыз, теріс қылықтардан сақтандырады, ол жастарды, ізгілікті әрі қайырымды  істерге баулиды. Қандай да болсын бір  іске кірісерде, дастарқаннан дәм татуға отырғанда немесе жол жүріп, алыс сапарға аттанарда әркім ақсақалдардан бата алатын болған. Бата шаңырақкөтеріп, жеке үй-жай болғандарға да беріледі. Қазақтар өздерінің балаларына атақты кісілерден, құрметті қонақтардан бата алып қалуға тырысқан.Ислам дінінің таралуына байланысты бұл дәстүр бұрынғысынан да күшейе түсті. Қайтыс болған адамның үй-іші мен туған-туыстарына көңіл айту кезінде де бата беріледі, марқұмның өзіне де, артында қалған үрім-бұтағына да ізгі тілектер білдіріледі.

Бала тәрбиесі


Қазақтар бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қазақтың дәстүрлі тәрбиелік үлгі-өнегелері ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады.

Жиналып тұрған топқа жақын  келген адам оларға бірінші болып сәлем беруге міндетті. Атты адам жаяу кісіге, жасы кіші үлкендерге бірінші болып сәлем береді. Алға келген астан алдымен жасы үлкен адам дәм татады. Тамақ ішіп отырған кезде көп сөйлеуге болмайды. Балаларға жақсытәрбие, үлгі-өнеге беруде мақал-мәтелдердің атқаратын рөлі зор. Халық даналығы балаларды еңбексүйгіштікке, алды-артын аңдап сөйлейтін сақтыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге баулиды.

Қазақ халқы әуелден-ақ бала тәрбиесіне айрықша мән беріп, оны ата-ананың борышы санаған. Өйткені, бала – болашақ иесі. Оны Аллаһ жаратқанда жаман болсын деген жоқ. Сол себепті келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік әрдайым қатал сын саналған. Баланы өсіру, оны азамат етіп тәрбиелеу – елдік мәселе. Оның алдан күткен бағыты, үміті күмәнді болса, не болмақ? Сол үшін де халқымыз бала тәрбиесін жөргегінен бастаған. Сәби өмірге келгенге дейінгі қамқорлықтың өзі үлкен сын, ауыр сынақ боларын білгеніміз жөн. Ұрпақ өсіру жолында қазақ халқында қалыптасқан небір тамаша салт-дәстүрі бары да сондықтан. Құрсақ тойынан басталған рәсімнің, отау тігіп, шаңырақ көтергенге дейін сан алуан ғұрыппен астасуында да мән бар. 
Қазіргі уақытта баланың сана-сезімін улайтын телеарнадағы түрлі ұрыс-керіс, атыс-шабыс, алдау-арбау, жазықсыз жанды оп-оңай тонай салу секілді бейне көріністер мен автомат ойындары және тағы басқа да алдамшы батыстық желөкпелік желігіне телміре қарау өз алдына тіпті, өмірде соларға еліктейтіндер де бой алдырғандар да баршылык. Бұлардың қай-қайсысы болмасын бала психологиясына кері әсерін тигізбей қоймайтыны сөзсіз. Әттеген-айы сол – осылардың барлығының алдын алуға болатын, әсіресе, оның иманды ұл-қыз қалыптастырудағы басты шарт екенін, бірақ көпшілігіміз аса көңіл бөле бермейтін қарапайым ғана бір ақиқат бар. Осыған мысал ретінде бір ғибратты оқиғамен баян етпекпін. Қалғанын оқырман өзі сараптап алар деген ойдамын. 
Ыстамбұл шаһарында Сүлеймения мен Шахзадабасы мешіттері арасында Уафа хазретінің қабірі бар. Өз заманында аты баршаға мәшһүр болған бұл кісі бай мен кедейге бірдей мейірбан да, әділ болған. Күндердің бір күнінде бір сүт сатушы әйел Уафа хазреттің құзырына келіп, тізе бүгіп отырды. Оның түрінен бір қиын жағдайға тап болғанын байқаған хазрет сатушыдан: 
– Балам, бір бұйымтаймен келдің бе?– деп сұрады. 
– Тақсыр, сізге қалай айтарымды да білмей отырмын,– деп бастады сатушы. 
– Қысылмай айта бер,– деді. 
– Мен сүт сатып күнелтіп жүрген адаммын. Сіздің ұлыңыз менің сүт тасып жүрген шелегімді тесіп тастады. Бүгін, міне, алтыншы шелегімді бізбен тағы да тесті. Өзіңіз көріп отырғандай, мен бір кембағал жанмын. Енді не істерімді білмей отырмын,– деді сатушы. 
– Баламның тентектігі үшін кешірім өтінем. Сен, оған қайғырма, бір мәнісі болар. Әзірге мына ақшаға бір шелек ала тұр. Мен істің себебін анықтаймын,– деп сатушыға азын-аулақ ақша ұстатты. 
Сатушы одан сайын қысылып, басын көтермеген күйде алғысын айтып үйден шығып кетті. Уафа хазреті үйіне жеткенше «Балам неге мұндай бұзақы іске барды екен? Оған не себеп болды?» деп ойлаумен болды. Үйіне келісімен әйелін шақырып: 
– Ақылдасатын шаруа бар. Біздің баламыз бір бейтаныс сүт сатушының шелегін тесіп, бұзақылық жасапты. Бұған не себеп болды екен?– деді. Әйелі: 
– Үйге азық-түлікті сіз алып келесіз. Егер арам нәпақаның кесірінен болса, оған сіз кінәлісіз,– деді. Ол кісі байсалдықпен әйеліне: 
– Мен көп ойландым, бірақ қандай қателік жасағанымды білмедім. Сен де жақсылап есіңе түсірші. Бұл қателік сенен яки менен болуы мүмкін,– деді. Әйелі сыртқа шығып кетіп, көп ұзамай қайта кіріп: 
– Отағасы, менің есіме түсті,– деді басын төмен салып.– Мен осы балама аяғым ауыр кезімде көрші әйел тамаққа шақырған болатын. Сол үйде қонақта отырып, дастархан үстіндегі апельсинге көзім түсіп, көңілім қалап, жегім келді. Сол жерде үлкен әжелердің: «Аяғы ауыр келіншек жерік болған нәрсесінен ауыз тимесе, баласы әлжуаз болып туылады» деген сөзі есіме түскені. Жеріктік дерті және оған қоса үлкендердің сөзінен соң «Баламның бір ағзасы кем болып қала ма?» деп те қорықтым. Бірақ, үй иесінен сұрауға ұялып, бата да алмадым. Сосын оған бір шыны су алып келуін сұрадым. Осы сәтті пайдаланып, жағамда түйреулі тұрған түйрегішпен әлгі апельсинді тесіп, сорып іштім,– деп сөзін бітірді. 
– Міне, міне, бар бәле, бар кілтипанның көкесі де осында ғой. Енді сенің қателік жасағаның белгілі болды. Сен, тез арада сол көршіден барып, кешірім сұра,– деді Уафа хазреті. 
– Қойыңызшы, арада қанша уақыт өткенде сол болмашы нәрсеге бола қалай кешірім сұраймын?– деп жұбайы наразылық білдірді. 
– Жоқ, ол көрші әйелден міндетті түрде кешірім сұрауың керек. Аллаһ алдында біреудің ақысының үлкенді-кішісі болмайды. Сен, не болып жатқанын білесің бе? Біздің ұлымыз қазір небәрі алты жаста. Осы оқиғадан кейін 5-6 жыл өтпей жатып, сенің қолыңдағы түйрегіш бізге, ал апельсин шелекке айналды. Сенің жасаған қателігің баламызды бұзық іске жетелеуде,– деп әйеліне мән-жайды ұқтырды. 
Ақыл иесі үшін осы бір қысқа ғана хикаяда қаншама мән-мағына, мол ғибрат бар десеңші?! Бала бойындағы елп еткен жат қылық нышанын аңғартып қалсақ, «Неліктен ұл-қыздарымыз мұндай теріс қылықты болып барады?» деген сауал тілге тиек, сезімге тірек болып, баршамыздың көкейімізде шырақтай жылтылдап тұрса да, шыныңызды айтыңызшы, оның себеп-салдарын іздейміз бе? Әрине, жоқ. Әлбетте, ойлансақ, бейтарап қалдырмасақ, қаншалықты олжалы болар едік. Шынтуайтында, хикая кейіпкері тақуа, діндар Уафа хазреті тәрізді әрбір ата-ана бала тәрбиесіндегі кемшілікті өз бойынан іздеп, жіберген ағаттығын түзете білсе, нұр үстіне нұр болмақ. «Ата көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон пішер» деп бабаларымыз ұрпақ тәрбиесінде әке-шеше маңызды рөл атқаратынын дөп басып айтқан. Демек, бала тәрбиесі ана құрсағынан бастау алып, ананың ақ сүтімен дарып, әкенің үлгі-өнегесімен өріс таппақ. Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әкенің баласы үшін жақсы тәрбие беруден артық сыйы жоқ»,– деген (Бұхари мен Мүслим). Бала тәрбиесі – маңызды және күрделі мәселе. Сол себепті әуелі ата-ана өзгенің тапқан табысына, адал тауып жеген күнделікті тағамына, тағы басқа іс-әрекеттеріне аса мұқият болуы қажет. Мұның баланың биязы, көркем мінезді және ең бастысы, иманды ұл-қыз болып қалыптасудағы орны айрықша

Асық ойыны


Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептіліккебаулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқай аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмар ойынға 2 – 4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді. Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді. Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек-кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы омпыға бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді. Асық ойынының халық арасына кең тараған, басқа да түрлері бар.[1]

Асық ойыны қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек - асықтай ойналады. Иіргенде түскен алпына қарай асық - алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арналған арнайы қорғасын құйылып жасалғаны- сақа, оң қолмен атуға ыңғайлысы - оңқай асық аталады.Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар, тәйке, омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б.[2]

Кеңес өкіметі кезеңінде, ұлттық ойындар  оның ішінде асық ойыны еріккеннің ермегі, ойын балаларға тәрбие бермейді деп есептелді. "Асық ойнаған, азар, доп ойнаған тозар -деп мақалдап та жүрдік. Коммунистік партия еңбекке  тәрбиеледі, әсіресе қара жұмысшының еңбегін жоғары бағалады. Содан болар  ауырдың үсті, жеңілдің асты деген  сөз тіркестері тәрбие барысында  жиі қолданатын. Ерікті ел боған  кезде, Қазақстанның жетістіктерін  шет ел мойындай бастаған уақытта, ұлттық құндылықтарымызды жаңарту кезеңі келді. Асық ойыны туралы қазіргі  қарттардан сұрастырып көрсек. Нақтылы  талдап айтып беретін адамдар  аз. Қытайдан келген азаматтардан сұрастырып көгенде де мардымды жауап ала  алмай жүрмін. Ол жақта тұрмыс ауыр болды асық ойнап қызық куатын уақыт болған жоқ дейді. Орыс тілді  азаматтар "Алчики" деп асық ойнадық  деп еске алады. Шеңберге асық тіземіз  де, сақамызға сым орап ауырлатып  алып көздеп ататынбыз дейді. Онысы  рас қала балалары ойлап тапқан "Алматинка" немесе "Шымкент" деген ойын түрлері 1970 жылдары пайда болды. Кейбір жерлерде осы ойынды қазақшалап "Табан" деп те атайды. Бұған келісе қойған жөн болмас. Тар жерде ойналатын. Шеңберге тігіп ойнайтын қаланың  кеңес дәуіріндегі шығарған асық ойындары. Сақа арқардың асығы болуы  шарт. Ертеде бай қуаттының балалары ұстайтын, "Қоңқар" немесе "Құлжа" арқардың еркегінің асығы. Салмақты қолға қолайлы және ойнағанда  мерейің жоғары болып жүреді. Тиген  асықтар быт-шыт болып жан-жаққа  бытырай ұшады. Мықты ойнайтын кедей  кепшіктің балалары "қой асығы  демеңіз, қолға жақса сақа тұт, жасы кіші демеңіз ақылы асса аға тұт" - деп қулана мақалдап та қоятын. 60-70 жылдары ойнаған ойынымыз "Өріс" деп аталатын еді. Кең далада ұзындығы 20 метрден кем болмайтын. Қазағымның кең пейіліндей сары арқа даласында  көсіле жазықта ойнағанға не жетсін. Кемі екі баладан бастап қанша  бала ойнасаң да болады. Үлкен мен  кіші бір-біріне қамқор болып келісіп  ойнасаң да, құрдас пен -құрдас бір- біріңе бәсекелесіп ойнасаң да, үлкен  мен кіші бір біріңді сынай  ойнасаң да әбден болады. Жүгіресің, секіресің, көздейсің, тигізесің, ерегесесің, жеңесің, жеңілесің, ұтасың, ұтылысың, асыққа бай боласың, жоқ боласың. Таза бәсеке, таза тәрбие. Өтірігі, арамдығы, жалғандығы жоқ. Болмайды да. Ұлттық тәрбие. Ұлттық ойын. Спорт ойыны, спорттық бәсеке. Шеберлікке, мергендікке, батылдыққа, шешімдікке, ырымға ырысқа-тәрбиелейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары