Құжатарды криминалистиқалық зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2012 в 19:59, лабораторная работа

Краткое описание

Құжаттар - мөлшері, пішіні, материалдардын түрлері, қорғау әдістері, мәтіні, қолтаңбасы, мөртаңбалары бойынша және бұрыштамалардың болуымен сипатталады.Кәсіпорындар мен мекемелер атынан берілетін көптеген ресми құжаттардың міндетті элементтері белгілі бір мемлекеттік стандарттарға және нұсқауларға сәйкес болуы керек. Ресми емес құжаттардың элементтері олардың қолдануына байланысты анықталады. Кейбір жағдайда қылмыстық процеске түсетін құжаттар, бір элемент - «мәтіннен» ғана тұрады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Лабораториялық жұмыс №1.doc

— 90.00 Кб (Скачать документ)

Лабораториялық жұмыс №1

 

Құжатарды криминалистиқалық зерттеу

 

1.Құжаттар криминалистиқалық зерттеудің объектісі ретінде

 

   Қандай  да бір әдіспен мазмұнды мәліметтер жөнінде жазылған объектілер құжат болып табылады. Олар жазба құжаттары, кино, фото және электрондық болып бөлінеді.

  Құжаттар - мөлшері, пішіні, материалдардын түрлері, қорғау әдістері, мәтіні, қолтаңбасы, мөртаңбалары бойынша және бұрыштамалардың болуымен сипатталады.Кәсіпорындар мен мекемелер атынан берілетін көптеген ресми құжаттардың міндетті элементтері белгілі бір мемлекеттік стандарттарға және нұсқауларға сәйкес болуы керек. Ресми емес құжаттардың элементтері олардың қолдануына байланысты анықталады. Кейбір жағдайда қылмыстық процеске түсетін құжаттар, бір элемент - «мәтіннен» ғана тұрады.

  Тәжірибеде  кездесетін құжаттарды келесідей  түрлерге бөлуге болады: тағайындалуы бойынша (қандай да бір фактілер мен құқықты куәландыратын және белгілі бір мәліметтерден тұратын құжаттар, мысалы: анықтамалық сипаттағы); шығу тегі бойынша (мемлекеттік мекемелерден шығатын, ресми және жеке тұлғалардан шығатын - ресми емес); дайындау тәсілі бойынша (қолмен, машинкамен, компьютермен жазылған, баспаханалық, құрама, жеңіл баспаханалық құралдармен дайындалған және фотосурет көмегімен жасалган); шығу кезектілігі бойьшша (түп нұсқа және көшірме).

   Кейбір жағдайда сараптамаға құжаттық емес сипаттағы объектілер де тұседі (жазулары бар бөшкелердің ағаш қақпактары, тактай бөліктері, жәшіктердің бөлшектері, маталар, металдан жасалған пластиналар). Аталған объектілерді құжаттардың нақты тусінігі бойынша құжаттарға да, олардың жасалу әдісіне де жатқызуға болмайды. Бұл объектілер құжаттардың криминалистикалық сараптамасында зерттеледі, өйткені құжаттарды жеке зерттеуге арналған әдістер құжаттық емес сипаттағы объектілерді зерттеген кезде жақсы нәтиже береді. Құжаттар қылмыстың құралы болған немесе қылмыстың іздерін сактап қалған немесе кылмыстық әрекеттің объектілері болған жағдайда Қылмыстық іс жүргізу кодексінің баптарына сәйкес заттай дәлелдеме бола алады.

  Заттай  дәлелдеме болып табылатын құжаттар Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес карау хаттамасында толық сипатталып жазылып, мұмкіңдігінше суретке түсіріліп және іске тіркелуі керек. Қандай да себептерге байланысты құжаттар қылмыстық істе сақталына алмаса, олар міңдетті түрде суретке тұсіріледі, буып-тұйіледі мөрленеді және анықтаушы,тергеуші,сот қөрсеткен жерлерде сақталады.

   Егер окиға болған жерді қарау, тінту және т.б. да тергеу әрекеттерін жургізу барысында кұжат табылып, оған карау әрекеті жүргізілмеген немесе кұжатты тергеушіге - сезікті, айыпкер, жәбірленуші немесе куә усынған жағдайда құжаттарға жеке тергеу қарауы жүргізіледі.

  Тергеушіден алынатын кұжаттар, яғни заттай дәлелдемелердің бұзылып, зақымдануынан немесе қандай да бір өзгеріске ұшрауынан сактауға барлық шараларды қолдануын талап етеді. Мундай құжаттарды іске тігуге болмайды, олар бүктеме сызыгы бойынша бүктеліп, жеке конвертте сакталады. Ескірген және жыртылған күжаттарды кағаз бетгерінің астыңғы жағына жабыстыруға, қыстырғышпен қысып коюға, карындаш, қаламсап немесе үшкір затпен оларға белгі салуға болмайды. Көне (ескірген) және жанған (өртенген) кұжаттарды мүмкіндігінше екі әйнектің арасына салып сактау қажет.

   Құжаттарды сараптамага жібергенде оларды таза кағаздың арасына қойып тығыз конвертке салу ұсынылады.

   Құжаттарды карауды екі кезеңге бөлуге болады: біріншісінде - қайшы-лықтардың болу мүмкіндігін аныктау мақсатында құжаттардың мазмұны зерттелінеді, ал екінші кезеңде - оның қандай да бір өзгерістерге ұшыра-ғандығы аныкталады.

  Құжаттың мазмұныңдағы қайшылыктар, оның жекелеген реквизиттерін салыстыру жолымен анықталады. Атап айтканда: бланктерін, мөр және мөртаңбаларын, күжатты беру және бланкті дайындау мезгілдерін. Құжаттағы қайшылықтар, дұрыс дайьшдалған кұжат үлгісімен салыстару аркылы ғана аныкталады. Егер кұжат бірнеше данадан жасалган болса, олардың барлығын салыстыру кажет.

   Бухғалтерлік кұжаттарды карау кезінде оған байланысты құжаттармен салыстырып, ондагы сандық мәліметтерге арифметикалық тексеріс жүргізу қажет.

   Құжаттардың мазмұнын зерттеу кезінде - берілген мезгілне көңіл бөліп, оларды күнтізбемен ал, кейбір жағдайда кұжаттарды беру орныменен салыстыру қажет. Құжаттың мазмұнын мұқият талдау арқылы кұжатта берілген және көпшілікке танымал фактілер арасында, сондай-ак істің накты жағдайларындағы кайшылықтар аныкталуы мүмкін.

   Құжаттың мазмұнын зерттеу барысында интеллектуалдық және материалдық жалғандык аныкталады. Құжаттагы материалдык жалгандықты, кұжаттың мазмұнындағы өзгерістерді куәландыратын белгілерді аныктау үшін тергеуші қолда бар барлык техникалык кұралдарды (лупаларды, инфракызыл және ультракүлгін сәулелердің көздерін өлшеу кұралдарын, жарык фильтрлерді, электрооптігткалық кұралдарды) пайдаланғаны жөн.

   Құжаттар шашыраңқы жарық, сондай-ақ тік және қиғаш түсетін бағыттағы жарык аркылы зерттелінеді, Баспа мәтіндерін, мөр және мөртаңбаларын қарау кезінде сызгыш, циркуль өлшеуіштерін пайдалану тиімді Олар әріптердің өлшемдері мен (биіктігін, енін) олардың арасындағы арақашықтығының айырмашылығын анықтауға мүмкіндік береді.              

   Мемлекетгік мөр-бедерлік  шеберханада дайындалған мөр  мәтініндегі әрбір сөздегі әріптердің  арақашықтығы бірдей, ал дөңгелек  мөрді бойлаған осьтер шеңбер  радиусы бойынша орналасады.Құжаттарды  қарау жағдайлары мен нәтижелері.Қылмыстық іс жүргізу кодекісінде баптарына  сәйкес хаттамада; құжаттың атауы, оның нөмері, берілген күні, кімнің атына берілгендігі құжаттың өлшемдері, оның жиектерінің (шеттерінің) сипаты, жыртылған жерлерінің, дақтарының, бүктеулердің болуы,құжатты дайындауға қолданған материалдардың түрлері (қағаздың түсі мен тығыздығы, бояғыш заттар түсі), транскрипцияның, қолтаңбалардың және мөр мен мөртаңбалардың орналасуы,   қарау  кезінде аныкталган  жалғандық  белгілер сипатталып  жазылады.

   Хаттамада қарау кезінде қолданылған техникалық құрал-жабдықтар, оларды қолдану шарттары мен тәртібі, техникалык құралдар қолданылған объектілер көрсетіледі.Қарау барысында табылған кұжат және құжаттың белгілері фотосурет әдістерімен де бекітілуі мүмкін.

   Тергеушіге құжаттарды карау, бекіту және алу кезінде, әсіресе, электрогра

фиялық көшірмелерді, құжаттық емес сипаттағы   компьютермен   теріліп.

принтерде басылған құжаттарда, ерекше жағдайларда мөртаңбалары басылған

құжаттарды т.б. қарау  кезінде мамандар үлкен көмек  көрсетеді.

  Құжаттарды криминалисткалық  зерттеудің үш түрі карастырылады:

  1. қолжазуды криминалистикалық зерттеу (қолжазбатану);
  2. мәтін авторын криминалистикалык зерттеу (автортану);
  3. құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеу.

  Қолжазуды криминалистикалық зерттеудің міндегі қолжазбаны орындау шыны немесе оның қасиеті мен қолжазуды орындау кезіндегі хал-күй жағдайы (жынысын, жасын, жеке және кәсіптік ерекшеліктерін, мас болу жағдайын т.б) анықтау болып табылады.

   Криминалистикалық автортанудың міндеті колжазба не баспа мәтінінің авторын анықтау.

  Техника криминалистикалық  зерттеудің  мақсаты  тергеуге маңызды құжаттың алгашқы мазмұнын өзгертудің және кұжатты дайындаудың әдісі мен жағдайларын  анықтау.Осы аталған міндеттерді шешу үшін арнайы ғылыми білімдерді  және   криминалистикалық әдістеме негізіңде әртүрл ғылым саласындагы әдістерді қолдануды талап етеді.

  Құжаттарыды  криминалистикалық сараптаудың  пәніне  қүжаттың  туп нұсқасын немесе жалғандығын анықгау жатпайды.Бұл құқыктық мәселе болып табылатындықтан, оны тек қана тергеуші мен сот шешеді.Қүжаттардың криминалистикалық сараптамасы - анықтама өндірісіңде, алдын ала тергеуде және қылмыстық істер бойынша сот талқылауында және істерді азаматтық процесте қарау кезінде тағайындалады. Егер де ұсынылған құжаттың туп нүсқасына қүмән   келтірілетін   жағдайлар  туындаса,   мүңдай   сараптаманы дайындау құқығы мемлекеттік нотариусқа және нотариалдық әрекетті жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға (мемлекеттік нотариат туралы заң) беріледі .

 

 

 

 

 

 

2. Криминалистиқалық колжазбатанудың түсінігі объектісі, гылыми негіздері

   Жазу тілі адамның жазу барысында пайда болатын криминалистикалық зерттеу объектісінің кеңінен таралған түрлерінің бірі.

   Қолжазбаны зерттеу криминалистикалық техника бөлімінің маңызды әрі дәстүрлі саласының біріне жатады. Қолжазбатанудың ғылыми негіздері А.И.Винберг, С.И. Тихенко, Л.Е. Ароцкер, В.Ф. Орлова, Р.М. Ланцман, А.И. Ман цветова және басқа да кеңес ғалым-криминалистердің еңбектерінде зергге лінген. Ғалым-криминалистердің арасынан қолжазбатану теориясын қалыптастырған қазақстандық ғалымдарды да көрсете аламыз: В.А. Хван, Н.А. Джангельдин, А.М. Агушевич, Т.Т. Культелеева, Л. Шегебаева, А.С Калимова және т.б.

   Қолжазбаны криминалистикалық зерттеу объектісіне жазба мен қолжазбаның жекеленген және тұрақты белгілері көрініс табатын кең көлемді қолжазбалар (хат, күнделік және т.б.) сонымен қатар, қолтаңба, қолмен орыңдалған сандык немесе символдық белгілер жатады.

    Колжазуларды  зерттеу барысында қарастырылатын  мәселелер екі топка бөлінеді:

  1. идентификациялық;
  2. идентификациялық емес.

   Осы   сұрактар   кылмыстық  және  азаматгық  істерді  қарастыру  кезінде шешіледі.

   Идентификациялык мәселелерді шешу кезінде мынандай сұрақтар аныкталады: Қолжазуды немесе қолтаңбаны орыңдаған кім? Орындаған осы тұлға ма әлде басқа ма? Егер тергеу барысыңда орыңдаушы тұлға аныкталынбаса, бірнеше кұжаттағы қолтаңба немесе қолжазулар бір адаммен әлде бірнеше адаммен орындалған ба?

   Идентификациялық емес мәселелерге: Жазу, қол қою сол қолымен не он колымен орындалған ба? Жазу, қол қою осы адам үшін қолайсыз жағдайда орындалган ба? Бұл адам өз жазуын әдейі өзгерткен бе? Жазу, қол қою осы адамның колжазуына ұқсастырылып жазылған ба?

   Осындай эерттеулер арқылы қолжазба мәтінін орындаудың қажетті шарттары катысты орындаушының жазу барысындағы жағдайы, жазуды өзгерту тәсілдері, орындаушының жынысын анықтау және т.б. сұрақтар шешіледі.

   ХХ-ғасырдың  екінші  жартысында  қолжазбаны  орындаушының  психофизиологялық, мінездемелік, кәсіптіқ, біліми, интеллектуалдық және басқада қәсиеттерін анықтауда теориялық және тәжірибелік зерттеулер қарқынды түрде жүргізіледі. 

   Қолжазуды криминалистикалық  зерттеудің теориялық негіздерін  криминалистикалық идентификация  теориясының адамның жоғарғы  жүйке  кызмет жуйесінің психофизиологиялық, лингвистикалық және педагогикалық мәліметтері, сонымен қатар математикалық, кибернетикалық және басқа да бірқатар ғылымдардың ұғымдық әдістемелік, техникалық ақпараттарды құрайды.

   Жазу процесі - саналы, ерікті түрде жасалған әрекет, бірақ қең түрде жасалған әрекет,бірақ қең түрде автоматты реттеліп, узақ уақыт жаттағу нәтижесінде қалыптасады. Қозғалыс туралы ой саналы түрде меңгерілмейді.                 

  Жазу процесі әдетте  тез,автоматтытүрде жасалынып жатқан  қозғалыстар 

болғандыктан,оларды жоспарлау орындаушы тарапынан еленбей жузеге асырылады.

   Қолжазбаны орындаушының жүйелі түрде жаттыгуы қолжазу дағдысының тұрақты қалыптасуына ықпалын тигізеді.

  Жазба дағдысының түрлеріне:

  1.техникалық дағды  (орындаушының жазу құралын ұстауы,  кағаз бетінің орналасу жағдайы, жазу барысында адамның отыру қалпы);

  2.графикалық дағдылар (жазба белгілері және олардың байланыс тіркестері);

  3.жазба тіл дағдылары (сөздегі әріптердің орналасу құрамын аныктау,сөздік қор құрамын сөз байлығы сөйлемінің қажетгі түрлерін қолдану жатады.

   Қолжазбаның жекелігі мен тұрақтылық белгісіне байланысты графикалык және техникалық қалыптасқан дағдылардың маңызы зор.

   Қолжазу - қолжазбадан керініс табатын әр орындаушы адамға тән және оның жазба қозғалыс дагдысына негізделген қолжазудың қозғалысы мен тәсілдерінің жүйесі. Қолжазуда қолданылатын қозғалыс жүйе элементтері қатаң түрде жаттыққан, үйлесімді жүйе. Қолжазудың түрақтылтығы мен жекелігі сарапшының алдына қойған мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

   Қолжазудың тұрақтылығы И.П. Павловтың динамикалық стереотип ілімін зерттеу нәтижесінде анықталған. Оны кейіннен Н.А. Бернштейн, П.К. Анохин және т.б.-да кеңестік ғалымдар зерттеп дамытқан. Динамикалық стероетип дегеніміз, қозғалыстық тиімді режимді іздестіруді қамтамасыз ететін және ұқсас жағдайларда қозғалыстың  қайталануын қамтамасыз ететін  шарттырефлексті   байланыс   жүйесі. Динамикалық  стереотип   туралы    ілім  идентификациялау үшін  маңызы  бар   қолжазудың  өзіндік қасиетін,  яғни қолжазудың салыстырмалы тұрақтылығын көрсетеді. Қолжазудың алғашқы қалыптасу кезеңінде оның тұрақсыздығына байланысты идентификациялау мәселесі қиынға түседі.

   Қалыптасқан  қолжазу тұрақтылық  қасиетке ие  болып,  идентификация процесін  жеңілдетеді. Адам  қартайған кезде қолжазу келесідей өзғеріске ұшырайды: координация төмендейді, қозғалыс баяулайды, көбінде әріптерді қысқартып жазады. 

   Орындаушының жазу кезінде жаңа үйреншікті емес жағдайлар пайда болса, жазу өзгеріске ұшырап жаңа жағдайға бейімделеді.

  Өзгеріске ұшырау себептері:

  1.Үйреншікті емес, қалыптан тыс жағдайда қолжазбаның орыңдалуы(орындаушының тұру немес отырыс кейіпі үйреншікті емес жағдайда болуы. сондай-ақ  жазба  материалдары,  жазба  кұралжабдықтары );

   2. Сүйек бұлшық ет қызметі мен жүйке жүйесінің бұзылуы ( қол жарақаты көз ауруы, жүйке және т.б. аурулар);

   3. Орындаушының әдеттен тыс психикалық және физиологиялық жағдайы

(жүйке қозуы, мас болуы және т.б.); 
   4. Мақсатгы түрде қолжазуды  қасақана өзгерту (өзінің қолжазуын әдейі

өзгертіп жазуы, басқа біреудің жазуына ұқсатып жазу).

   Қолжазбаны  әдеттен   тыс  жағдайларда орындау кезінде  қолжазу қозгалысында темен  координация  белгілері  пайда  болады:   қолжазбаның иреленуі және тіке штрихтардың бөлінуі, эріптің иіліп келетін жерлерінің бұрыштануы, әріп өлшемінің қисаюының және орналасуының біркелкі еместігі.

Информация о работе Құжатарды криминалистиқалық зерттеу