Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері мен жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Мая 2013 в 19:42, курсовая работа

Краткое описание

Трасология – криминалистикалық техниканың дәстүрлі саласы болып табылады. Трасология ілімін келесідей ғалымдар ғылыми еңбектерінде жете зерттеген – Б.И. Шевченко, Г.Л. Грановский, Ю.Г. Корухов, Ю.Г. Василевский, М.В. Салтевский, С.И. Поташник, Ю.П. Голдованский, В.М. Прищепа, Я. Бергер, Л.Н. Мороз, Г.А. Мозговых, А.А. Исаев, А.Г. Скоморохова және т.б. Сонымен қатар, И.Ф. Крылов, Ф.П. Сова, В.И. Шикановтардың трасология іліміне қатысты еңбектері бар. Трасологияның ғылыми негізде қалыптасуының өзіндік тарихы бар.
Ең алғаш 1938 жылы «трасология» терминін И.Н. Якимов: «Заттай дәлелдемелер мен іздерді оқу», – деген атаумен трасологияны криминалис-тиканың жеке бір бөлімі ретінде бөліп қарастыруды ұсынған. Оның берген «іздер» жөніндегі ұғымы кең мағынада қарастырылып, қылмыстардың барлық іздерін қамтыған. Дегенімен де ізді ортақ өңдеп жетілдірудің ғылыми негізі трасологиялық зерттеу объектілердің нақты анықтамасын талап етті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

трасология курсовой.doc

— 6.88 Мб (Скачать документ)

Барлық құралдарды олардың санаттарына қарамастан, әсер ету тәсілдеріне байланысты механикалық және термикалық деп бөлеміз.

Бірінші, механикалық  топқа: кесетін – пышақ, қайшы, әйнек  кескіш (әйнек кесетін құрал), тістеуіш және т.б.; жабатын және қашайтын –  балта, кескіш (металды кесетін қашау), қашау, лом; егеп кесетін – егеу, ара; бұрғылайтын – тескіш темір, бұрғы құралдары мен механизмдерін жатқызамыз.

Екінші, термикалық топқа: қатты металдарды кесуге және оларды сваркілеуге арналған газ  және электрлі аппараттар жатады.

Механикалық топқа  жататын құралдар әсер ету сипаты мен түріне байланысты: қысым арқылы түскен іздер; сырғанау, жылжу (үйкелу) іздері; кесу іздері – деп бөлінеді.

Қысым іздері – кедергінің (бөгеттің) бетінде бұзу құралдарының соққысы нәтижесінде басылып түсуі арқылы пайда болады. Егер кедергі жеткілікті дәрежеде қатты болған жағдайда беткі қабатты із қалады, ал жеткілікті дәрежеде қатты болмаса, онда ішіне қарай басылып батқан із қалады. Батқан іздің тереңдігі соққының (басудың) күшіне байланысты болады. Ал батқан іздің формасы бұзу құралының жанасу бөлігінің кескін бейнесін (конфигурациясын) қайталайды және оның өлшемін көрсетеді. Оқиға болған жерді қарау кезінде тергеуші мұндай іздерді зерттеу арқылы бұзу құралының формасы мен өлшемі жөнінде мағлұматтар алады. Соның негізінде ол бұзу құралдарын іздестіру жұмыстарын жүргізу тапсырмаларын тұжырымдайды.

Сырғанау (үйкеліс) іздері – бұзу құралдарының (лом, темір бөлігі) бөгеттің, кедергінің астыңғы бұрышынан беткі қабатына әсер етуі арқылы пайда болады. Бұл кезде кедергі материалдарында шұңқырлы сызықтар (валиктер) пайда болуы және кедергі материалдары тығыздануы мүмкін. Құралдар кедергіге қарағанда қаттырақ болса, үйкелу іздері анық түседі. Оларға қарап қолданылған құралдың түрі мен бұзу механизмі жөнінде мәлімет алуға болады.

Кесу іздері көбінесе ағаш және металдан жасалған кедергілерде кездеседі. Бұлар – балтаның, пышақтың, қашаудың және басқа да құралдардың іздері. Кесудің бір түріне арамен аралау іздері жатады, ол өзінің механизмі бойынша бұрғылау және сүргілеу іздеріне ұқсас. Кесу іздерінде құралдың кесетін (шабатын) қыры бейнеленіп түседі. Бұл іздер әдетте динамикалық (сызықты) болып табылады, әрбір қыр кедергіге сызық қалдырады. Қыртыстар мен шұңқырлы сызықтардың (валиктердің, трассалардың) кезектесіп түскен жиынтығы беткі қабаттың микробедерін бейнелейді. Шабу, кесу іздері бойынша – бұл іздерді қалдырған құралдарды теңдестіруге болады.

Арамен кесу іздері бойынша – араның түрін, ал кейбір жағдайларда оның бір бөлігіне сәйкес келетін тістерінің санын  анықтауға болады. Бұрғылау іздері бойынша – пайдаланған бұрғының түрі және диаметрі анықталады.

Термикалық  әсер ету іздері – металдан жасалған кедергілерді (сейфтерді, есіктерді, терезе торларын) бұзу кезінде пайда болады. Газды – электрокескішті –  бұзу құралы ретінде қолданғанын  кедергі учаскілерінде қалған ерітінділерден, балқыған металдардың тамшыларынан байқауға болады.

Оқиға болған жердегі  іздерді талдау (соның ішінде сараптамалық зерттеулер) келесідей жағдайларды  анықтауға мүмкіндік береді: бұзудың  түрін (араның кесу, ойып кесу т.б.); қатысқан тұлғалардың санын; шамамен қылмыскерлердің бойы мен оның физикалық күшін; құралды қолдану тәжірибесінің болуын; кедергіні бұзуға қанша уақыт кеткендігін, қылмыскердің денесінде және киімінде (шалбарының қайырылған балағында, аяқ киімінде, тырнағының астында, құлақтарында, шаштарында) қандай іздер қалуы мүмкін екендігі. Осы алынған мәліметтер қылмыскерді іздестіру және әшкерелеу үшін маңызды.

Бұзу құралының  іздерін зерттеу кезінде келесідей  негізгі сұрақтар шешіледі: бұзу үшін пайдаланған зат қандай құралдар тобына (түріне, тегіне) жатады; бұзу жерінде қалған іздер бір құралмен қалдырылған ба, әлде бірнеше құралдармен қалдырылған ба; әртүрлі кедергілердегі бұзу құралдарынан қалған (әртүрлі жерлердегі, сонымен қатар, әртүрлі қылмыстарды жасау кезінде қалдырылған) іздер бір құралмен қалдырылған ба; із нақты бір құралмен қалдырылған ба?

Бұзу іздерін  фотосуретке түсіру масштабты фототүсірілім  әдісі бойынша жүзеге асырылады. Алдымен барлық іздер мен олар орналасқан учаскілер, содан соң  жеке іздер, яғни бұзу құралының белгілері барынша анық қалған жерлер детальды әдіспен суретке түсіріледі. Ұсақ іздер мен олардың бөлшектері фотоаппаратқа үлкейткіш сақиналар кигізу арқылы фотосуретке түсіріледі. Жарықтандыруды әртүрлі бағытта түсіру арқылы әр ізден екі, үш фотосурет жасаған жөн. Фотосуретке түсірумен қатар іздердің схемалық суретін жасаған дұрыс.

Сызбаны кейіннен – құралдың және іздердің өлшемдерін, пішіндерін, т.б. белгілерін салыстыру, зерттелетін объектілерді іріктеп  сараптамаға жіберу үшін қолдануға  болады.

Қарау хаттамасында: бұзу объектілерінде қалдырылған іздердің орналасуы, олардың жалпы саны және өзара орналасу жағдайы, еденнің (жердің) беткі қабатынан биіктігі, іздердің түрі (сығудың көлемді ізі, шабудың  сызықты ізі, т.б.); олардың (жалпы  барлық іздердің және жеке учаскілерінің) формасы; өлшемі (ұзындығы, ені, тереңдігі, диаметрі); іздерде бұзу құралынан қалуы мүмкін бөгде заттардың болу жағдайлары толық көрсетіліп жазылады.

Іздер – хаттамаға бекітіліп және суретке  түсірілгеннен кейін алынуы мүмкін. Толығымен алынуға қажетті іздер, егер ол құнды объектілердің бұзылуына, бүлінуіне әкеп соқпаса іздерді олар орналасқан затпен қоса алған жөн. Бұзу іздері бар кедергінің бір бөлігі (кесіп, бөлшектеп т.б.) алынса, оған (үсті, асты, ішкі және сыртқы жағы туралы) түсіріндірме жазылады. Кедергінің бөлігімен бірге бұры-нырақ одан бөлінген бөлшектері де (тамызық, жаңқа, үгінді) алынады. Себебі оларда бұзу құралының микробедерін бейнейлейтін іздер қалуы мүмкін.

Трасологиялық сараптамаға іздің өзін немесе оның көшірмесін (қалпын), фотосуреттерін, схемалық суреттерін, іздің хаттамалық сипаттамасын және тексерілетін объектіні (болжамдағы қылмыс құралын) жібереді.

Мұнда ескеріп  кететін жәйт, бұзу құралдарының іздерін  сараптамалық зерттеу ерекшеліктеріне  байланысты сарапшыға тексерілетін объектілер       (үлгі ретінде алынған іздер емес) табиғи түрде жіберілуі тиіс. Сонымен қатар, идентификациялық кезеңде құралдың өзгеру мүмкіндігі, (құралды сақтау,     оны ұстау, пайдалану және т.б.) жағдайлары жөнінде сарапшыға хабарлануы қажет.

Бұзу құрал-жабдықтарының  іздерімен қатар өндірістік механизмдердің іздері де трасологияның объектісіне жатады. Бұлар әртүрлі заттар, атап айтқанда: көлік құралдарының фарының шыны бөлшектері, шегелер, түймелер, темекілер, жіптер, электр жүйелерінің сымдары және т.б. болуы мүмкін.

Аталған өндірістік бұйымдар – адам өлтіру, қарақшылық, зорлау, жол-көлік оқиғасы т.б. қылмыстарын  тергеу кезінде заттай дәлелдемелер ретінде қолдануы мүмкін.

Мысалы, зорлау болған жерден түйме табылған жағдайларда  оның сезіктінің киіміндегі түймелермен сәйкес келетінін немесе келмейтінін анықтау қажет. Өлтірілген адамның қолдары байланған электр сымы айыпкерді тінту  кезінде табылған сымдармен салыстырылады және т.б.

Көрсетілген мысалдардан  трасологиялық зерттеудің негізгі мақсаты – жаппай өндіріс бұйымдарының бір жерден шығарылу қайнар көзін анықтау болып табылатындығын көреміз.

Бұл мәселені төмендегідей екі түрлі сұрақтарды қойып айқындауға, нақтылауға  болады:

  • осы бұйым нақты бір агрегатта (өндірістік механизде) жасалды ма;
  • әртүрлі жерлерде табылған бұйымдар бір жерден шығарылған партияға (топқа) жата ма?
  • Бірінші жағдайда идинтификациялау объектісі ретінде белгілі өндірістік-механизм алынады. Екінші жағдайда – бірнеше бұйымдардың белгісіз бір механизмде дайындалу фактісі анықталады.
  • Бір жерден шығарылу қайнар көзін анықтау үшін олардың табиғатына байланысты әртүрлі, яғни мынадай белгілер:
  • шикізаттың өзіне тән белгілері;
  • өндірістік-механизмдердің белгілері;
  • пайдалану (сақтау) белгілері пайдаланылады.

Өндірістік  механизм белгілері бұйым өндірісінің технологиялық процесін көрсетеді. Бұйымдарда мынандай механизм бөліктерінің іздері қалады – штамп, прессформа, пуансон, шапқыш-пышақ, кескіш-пышақ және т.б. Мұндай құрылғылар өзінен жұмсағырақ заттар бетінде сыртқы бедерінің белгілерін қалдырады.

Нәтижесінде бұйымдарда көлемді және беткі қабатты әртүрлі  іздер (қысымның, кесудің, үйкелудің  іздері) пайда болады.

Беткі қабатты  іздер бұйымдарды таңбалайтын трафареттерден (темекідегі жазулар, электршамдарының шыны сауытындағы белгілер т.б.) қалады.

Пайдалану кезінде  өндірістік-механизмдердің жұмыс бөліктері  кейбір өзгерістерге ұшырайды: бөлшектері ауысады, ескіріп-тозады, ұшталынады. Бұған  сәйкес бұйымдарда бейнеленетін кейбір белгілер де өзгереді, бұл жағдайлар  зерттеу кезінде ескеріледі және ізделініп отырған топтың таралуына мүмкіндік береді.

Әрі қарай топтастыру кезінде бірге сақтау және пайдалану  белгілері қолданылады: ластану, ортақ  бүлінулердің болуы және т.б.

Егер зерттеу  кезінде бұйымның нақты бір өндірістік механизмде (агрегат, станок) жасалу фактісін анықтау қажет болса, онда маманға осы агрегаттың бұйым үлгілері берілуі тиіс. Оларды идентификацияланатын объектінің шығу уақытымен сәйкес келетін топтан алу керек.

 

§4. Құлыптар мен бекітетін құрылғыларды зерттеу

 

Бұл тарау трасологиялық зерттеу бөліміндегі тараулардың ішінде жоғарыда қарастырылып өткен бұзу құралдарының іздерін зерттеу тарауына мазмұны жағынан жақын болып келеді. Беріліп отырған категорияға – құлыптар және бекітетін құрылғылар, сондай-ақ жаппай өндірістік бұйымдар, заттар жатады.

Құлыптар әртүрлі  конструкциялардан тұрады, соған  байланысты олар төмендегідей негізде  топтастырылады:

  • жабылатын объектіге орналасу тәсіліне байланысты – тұрақты (ойып орнатылған) және алынатын (аспалы, ілінетін);
  • тағайындау мақсатына байланысты – жалпы типтегі құлыптар (есікке, жиһазға салынатын) және арнайы құлыптар (сейфке, автокөлікке арналған);
  • бекітілетін құрылғының құрастырылуы бойынша – серіппелі, сувалды, цилиндрлі, бұрандалы, шифрленген жүйемен жабылатын.

Құлыптың негізгі деталі – ригель болып табылады, ол құлыпқа ысырма сияқты әсер етеді. Тұрақты құлыпта ригель қорабы арқылы жылжиды және жапқан кезде есіктің жармалары немесе есікпен оның қорабының түйісу арқылы жабылады.

Ілмелі құлыптарды жапқан кезде ригель имектің (доғаның) бір немесе екі жағынан ілініп қорабының ішінде оны ұстап тұрады.

Сараптамаға құлыппен қатар бөгетті, кедергіні бұзуға (немесе ашуға) қолданылуы мүмкін деген  заттар мен құлыптардың кілттері жіберіледі.

Құлыптың  ашылуы ригельдің жылжуы арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс жасау кезінде құлыпты екі жолмен ашады: қілтпен ашады немесе бұзады. Кейде құлыпты ашудың екі тәсілі де қолданылуы мүмкін.

Құлыпты ашу  үшін – кілттер, желбезектер, басқа  да заттар іріктелініп алынады.

Ашу кезінде  төмендегідей үш негізгі тәсіл қолданылады:

  • құлыптың саңылауы арқылы құлыптың механизміне тікелей әсер ету; мұндай әрекеттер іріктелініп алынған кілттер, желбе</spa

Информация о работе Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері мен жүйесі