Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері мен жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Мая 2013 в 19:42, курсовая работа

Краткое описание

Трасология – криминалистикалық техниканың дәстүрлі саласы болып табылады. Трасология ілімін келесідей ғалымдар ғылыми еңбектерінде жете зерттеген – Б.И. Шевченко, Г.Л. Грановский, Ю.Г. Корухов, Ю.Г. Василевский, М.В. Салтевский, С.И. Поташник, Ю.П. Голдованский, В.М. Прищепа, Я. Бергер, Л.Н. Мороз, Г.А. Мозговых, А.А. Исаев, А.Г. Скоморохова және т.б. Сонымен қатар, И.Ф. Крылов, Ф.П. Сова, В.И. Шикановтардың трасология іліміне қатысты еңбектері бар. Трасологияның ғылыми негізде қалыптасуының өзіндік тарихы бар.
Ең алғаш 1938 жылы «трасология» терминін И.Н. Якимов: «Заттай дәлелдемелер мен іздерді оқу», – деген атаумен трасологияны криминалис-тиканың жеке бір бөлімі ретінде бөліп қарастыруды ұсынған. Оның берген «іздер» жөніндегі ұғымы кең мағынада қарастырылып, қылмыстардың барлық іздерін қамтыған. Дегенімен де ізді ортақ өңдеп жетілдірудің ғылыми негізі трасологиялық зерттеу объектілердің нақты анықтамасын талап етті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

трасология курсовой.doc

— 6.88 Мб (Скачать документ)

Аяқ киім іздері көлемді және беткі қабатты болады. Оқиға болған жерді қарау кезінде  іздер көзге тез түседі. Кей  жағдайларда іздерді қарау шекарасынан тыс жерлерден де кездестіруге болады.

Беткі қабатты  іздер ластанған немесе боялған  табанмен қалдырылса көрінеді. Беткі  қабатты іздерді еден және оның жапқыштары (кілем, жан-жаққа лақтырылған қағаздар, заттар) үстіне ғана емес, үстіне қылмыскер шығып тұра алатын заттардан да (орындық, үстел, диван, жәшіктерден) қарап іздеу керек. Іздерді анықтап табу кезінде аяқ киіммен қатпарланып түсіп қалған жер, топырақ бөлшектері ізделінеді.

Беткі қабатты  жалаң аяқ іздері қол іздерін  табу, бекіту әдістері сияқты анықталады.

Жалаң аяқ іздерінің  табан өлшемдері (табанның жалпы  ұзындығы, табан сүйектерінің, өкшесінің, аралық бөлігінің); әр аяқ саусағының ұзындығы мен ені; табанның жалпы  пішіні (іздің пішіні аяқ табаны алқымына байланысты ол биік, орташа, жалпақ болады); папиллярлы өрнектердің жалпы құрылымы; флексорлы (бүгілген) сызықтардың болуы көрінеді.

Жалаң аяқ іздерінің  жеке белгілеріне: саусақ өлшемдерінің ара қатынасы, пішіні, табанның алдың-ғы жиектерінің орналасуы, жеке саусақтарының  жоғары қарай бүгілуі, әртүрлі зақымдар мен өзгеріс-тердің (деформациялардың) болуы, пішіні және орна-ласуы (тыртықшалар мен қажалу іздері); папиллярлы өрнектердің жеке белгілері жатады.

Шұлық киілген  аяқ ізі табылған жағдайда оның жалпы  белгілеріне: аяқтың белгілерімен қатар, шұ-лықтың өлшемі, жіптерінің тоқылу түрі мен схемасы, өкше мен сүйір жеріндегі фабрикалық тігістері жатады.

Тергеу тәжірибесінде  аяқ киім іздері көбірек кездеседі.

Табанның аяқ  киімдегідей жалпы белгілері  хатта-мада төмендегілер көрсетіліп бекітілуі тиіс:

  • табан ізінің құрылысы (өкшесіз, тегіс, жайпақ табан, бөлек өкшесі бар табан, өкшесі бөлек және ұлтанды табан);
  • табан және оның бөлшектерінің өлшемдері (табанның жалпы ұзындығы, ұлтан ұзындығы, өкше ұзындығы, ұлтанның ең жалпақ жерінің ені; аралық жерінің ені, өкшенің ені);
  • табан және оның бөлшектерінің пішіні (тұмсық бөлігінің, табанның сыртқы және ішкі жиектерінің, ұлтанның артқы жиектерінің, өкшенің алдыңғы және артқы жиектерінің);
  • табан және оның бөліктерінің беткі қабатының жалпы сипаттамасы (жалпы, дөңес, тегіс, бедерлі оюлармен, ою түрі, пішіні, өлшемі);
  • табан және оның бөлшектерінің бекітілу тәсілдері (бұрандалы, ағашты-түйреуішті, шегелі, тігілген, желіммен жабыстырылған);
  • түйреуіш, шеге, бұранда қатарларының саны;
  • табанда тағаның сырғымау үшін қағылатын бүдірлердің, фабрика желімдері мен белгілердің болуы.

 Жеке табылған аяқ  киім іздері мен сол іздерді  қалдырған объектіні идентификациялаумен  қатар, диагностикалық сипаттағы  өзге де мәселелер шешілуі  мүмкін. Іздің пішіні мен өкше, тұмсық және аралық бөліктерінің көрінуі дәрежесімен адамның тұрғанын немесе жүргенін анықтауға болады. Сонымен қатар, жүру жылдамдығы – асықпай, шапшаң және жүгіруі анықталады.

Аяқ іздері бойынша  адамның шамамен бойын және аяқ  киім өлшемін анықтауға болады.

Антрополиметриялық зерттеулер нәтижесінде – табан өлшемі ер адам бойының 15,8 %-на, ал әйел адам бойының 15,5 %-на тең. Егер оқиға болған жерден жалаң аяқ ізі табылса, оның ұзындығын 100 санына көбейтіп, 15,8 немесе 15,5 санына бөлеміз. Егер аяқ киім ізі табылса, ең алдымен іздің жалпы ұзындағынан 1-1,5 см-ді алып тастау керек. Осы өлшемдерді есепке ала отырып, жай табанды және ұзартылған табанды деп бөлеміз. Осы табандарға байланысты екі түрлі есеп келесі формула бойынша жүргізіледі: Р=(Д-д)х100/1,55 (1,58), мұнда: Р – адам бойы, Д – іздің ұзындығы, д – табан ұзындығы мен ұлтарақ ұзындығының арасындағы айырмашылық.                                                                                                                                        

Аяқ киім өлшемін анықтау кезінде жалаң аяқ өлшемі мен табан ізінің өлшемі де қолданылады.

Аяқ киім өлшемін  анықтау абсолюттік мөлшерде және штихтарда  жүргізіледі. Бірінші жағдайда өлшем  ретінде табанның (ұлтарақтың) сантиметрде  көрсетілген ұзындығы алынады. Шектес өлшемдер 0,5 см ажыратылады: 26,0-26,5; 27,0-27,5 және т.б.

Егер аяқ  киім өлшемін штих түрінде көрсету  қажет болса, онда келесідей есеп жүргізіледі. Штих 2/3 см-ге тең, сондықтан  аяқ киім нөмерін есептеу үшін келесідей формула қолданылады: И=(Д-д)/Ш, мұнда: И – аяқ киім нөмірі, Д – табан ізінің ұзындығы, д – табан ұзындығы мен ұлтарақ ұзындығының арасындағы айырмашылық, Ш – штих. Мысалы, іздегі табан ұзындығы – 29 см болса, онда И=(29-1)х3/2=42 өлшем болады.

Идентификациялық  және диагностикалық мәселелерді шешу кезінде жекеленген іздермен қатар, аяқ ізі «жолдары» зерттелінеді. Аяқ із «жолдары» деп оң және сол аяқтың кезекпен қалдырылған іздерінің жиынтығы айтылады. Аяқ із «жолдары» арқылы ізді ер адам немесе әйел адамның қалдырғаны анықталады. Ер адамның орташа қадам ұзындығы шамамен 75-78 см, ал әйел адамның қадам ұзындығы 10 см-ге қысқарақ (шартты түрде алынған ережеден тыс жағдайлар болуы мүмкін).

Аяқ із «жолдары»  бойынша адамның ақсаңдауын, балдақ пен таяқтарды қолдануын, қараңғыда  жүру фактісін және т.б. жағдайларын анықтауға болады.

Оқиға болған жерден табылған аяқ киім іздерін масштабты  суретке түсіру ережесін қолданып фототүсірілім  жүргізіледі. Содан кейін схема  бойынша із өлшемдері алынады.


       Сурет 22. Жол іздері.

       АБ – қозғалыс бағыты; АВДЕМ – жүріс     


       сызығы; ВД – оң аяқтың қадам

       ұзындығы; ДЕ – сол аяқтың қадам

       ұзындығы; ГД – қадамның ені;

       ВАБ – қадам бұрышы

 

Аяқ із «жолдарының» өлшемдерін екі аяқтың бірдей нүктесінен жүргізіледі, мысалы: өкшенің артқы жиегінің ортаңғы нүктесінен. Аяқ із «жолдары» панорамалық тәсілмен фотосуретке түсіріледі.

Алынған мәліметтер хаттамада  көрініс табады. Хаттамада ізді келесі түрдегі кезектілікпен сипаттаймыз: іздердің табылған жері, түрі (беткі  қабатты, көлемді), іздердің жалпы және жеке белгілері, бекіту және алу тәсілдері. Жеке іздердің және аяқ із «жолдарының» схема суретін салу керек. Схемеда алынған өлшемдердің нәтижесі көрсетіледі. Іздердің түріне байланысты іздерді (олардың көшірмесін) бекіту мен алудың әртүрлі тәсілдері бар.

Қағазға, фанераға түскен жалаң  аяқ іздерін қол саусақтарының  іздері сияқты айқындап табады. Кафельденген еденде, линолеумде табылған беткі қабатты аяқтың (аяқ киімнің) іздерін үлкен форматты жабысқақ үлбірлерге (дактилоскопиялық, резиналық, перхлорвинилдік немесе сәйкес өлшемді ылғалданған фотоқағазға) көшіріледі.

Көлемді іздердің көшірмесін дайындау үшін әртүрлі материалдар қолданылады. Кең тараған түрлеріне: гипс, «К» пастасы жатады. Егер із сусымалы материалдарда (құм, цемент, ұн) қалдырылса, оны алдын ала қандай да бір ерітіндімен өңдеп қатырып алады. Ондай ерітінділерге: қант ерітіндісі, керосин, ацетондағы целлулоидты немесе перхлорвинил ерітіндісі, арнайы лактар немесе аэрозоль түріндегі шашқа арналған лактар жатады. Ерітіндіні пульверизатор немесе аэрозолды тоңазытқышпен ізге параллельді белгілі бір арақашықтықты сақтай отырып, шашырату қажет. Содан соң гипстік құйманы дайындайды. Қардың бетіне түскен іздің қалпын, көшірмесін алу кезінде ыдыстағы суды оған салынған қар ерігенге дейін алдын ала нөлдік температураға дейін тоңазыту керек.

Гипсті  із табылған топырақтың ылғалдылығына  байланысты суға 1:1 немесе 1,25:1 қатынаста ерітеді. Із пайда болғаннан кейін түскен бөгде заттардан (бұтақтар, темекі тұқылы және басқалар) алдын ала тазалайды. Іздің айналасына жаңқадан, қатты қағаздан немесе металдық лентадан тосқауыл жасайды. Алдын ала тірек үшін сым кесінділерін (жаңқа, шырпы), шпагат бөліктерін және қатты қағаздан бирканы дайындап алу керек. Майда құрғақ гипсті біртіндеп аз мөлшерде суға араластырып қосады. Сұйықтау болған гипс ерітіндісінің жартысы ізге құйылады. Содан соң тез арада ізге тіректі (каркас), соның ішінде шпагат бөліктерін ұштары сыртқа шығып тұратындай орналастырамыз, қалған гипс ерітіндісін қоюлатынқырап үстіне құйылады. Қоршаған ортаның температурасына байланысты шамамен 20-25 минуттан кейін іздің қалпы сумен ақырындап жуылады. Шпагаттың ұштарына келесідей жазулары бар, яғни қайда, қашан, кіммен, қандай іс бойынша алынған құйма екені туралы бирка байланады.

Іздің алынған қалыпы трасологиялық сараптамаға  жіберіледі. Сараптамаға жалаң аяқ  ізінің көшірмесі мен сезіктіден алдын ала алынған экспериментальды үлгілер жіберіледі. Оқиға болған жерде аяқ киім іздері табылса, онда сезікті адамның аяқ киімі қоса жіберіледі. Қылмыс жасалғаннан кейін біраз уақыт өтсе, тергеуші сарапшыға аяқ киімнің жөнделгені, қандай жөндеу жұмыстары жүргі-зілгендігі, аяқ киім киілгендігі туралы мәліметтерді міндетті түрде хабарлау керек.

Тістің іздері – көбінде азық-түліктер (ірімшік, шоколад, жеміс-жидектерде және т.б.) мен басқа да заттарда (бөтелке қақпақтарында, қорғасыннан жасалған пломбаларда, резеңке мен т.б.) тұлғалардың тістерінің іздері қалады. Тістің іздері адамдардың (қылмыскерлер мен жәбірленушілердің) денелерінен табылуы мүмкін. Тіс іздері бойынша олар қандай жағдайда қалдырғанын (пайда болғанын) анықтауға және адамдарды идентификациалауға болады.

Қалыптасу механизіміне байланысты іздер тістеу және тістеп жұлып алу іздері болып бөлінеді. Тістеу кезінде – тістер толық түйісіп жабылмайды, соның нәти-жесінде объектінің беткі қабатында жоғарғы және төменгі тістің шайнау бейне-сінің іздері мен жақ тістерінің беткі қабатының кейбір бөліктерінің іздері қалады.

Тістеп  жұлып алу кезінде – тістер толық жабылып бір – бірімен түйіседі және бүтін заттың тістеген бөлігі одан ажыратылады, нәтижесінде тістеп алынған объектіде тістің сыртқы іздері пайда болады. Тістеп жұлып алу іздері идентифи-кациалау үшін маңызды, олар іс бойынша ақпаратты болып табылады.

Тістеп жұлып  алу  іздері бойынша (көлемді) тіс  аппараттарының жалпы және жеке белгілерін: тіс қатарларының формасы мен  өлшемін, тістің оң және сол жақ тал (бұтақтарының) асимметриясын, тіс қатарының қисықтығын, тіс арасындағы қашықтықты, қатардағы тістің санын, оның формасын,  протездің (коронка, пломбы т.б.) бар-жоғын және т.б. анықтауға болады. Осы аталған жалпы және жеке белгілер жиынтығы – ізді қалдырған тұлғалармен функционалды белгілерді теңдестіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ізде бейнеленген тіс аппараттарының белгілері іздестіру мақсатына қолданылуы мүмкін. Мұндай белгілерге: коронканың, протездің, жеке тістердің кемістіктері – тістердің өзінің мөлшерінен тым кіші немесе өте үлкен (ірі) болуы және т.б. жатады.

Табылған тіс іздері масштабты детальды фототүсірілім  тәртібі бойынша іздің әртүрлі  белгілерін (тістің формасын, шайнау қабаттарының бедерлерін) анық көрсету үшін әртүрлі  жарықтықта фотосуретке түсіріледі. Суретке түсіріп біткеннен кейін: із қалдырылған объект жөніндегі мәліметтер: із қай жерде, нақты қандай объектіден табылды,   іздің түрі мен саны, басқа да жалпы және жеке белгілер жөніндегі мәліметтер хаттамаға баяндалып жазылады.

Тірі адамның денесіндегі  тіс іздері – масштабты детальды фототүсірілім әдісі бойынша фотосуретке түсіріліп, қалыпқа (гипстік, полимерлі материалдарға) көшіріліп бекітіледі.

Мәйіттің терісіндегі  тістің іздері мен басқа да терідегі микро іздерді сақтап қалу үшін сот-медициналық  сарапшыға ізді бекіту мен алу жұмыстары тапсырылады.

 

§3. Бұзу құралдарының іздері

 

Механоскопия  – бұзу құралдарының, өндірістік механизмдердің, құлыптардағы, пломбылардағы іздерді  зерттеуге арналған трасологияның  бір бөлімі.

Бұзу құрал-жабдықтарының  ізі туралы сөз қозғалмас бұрын, алдымен олардың қандай бөгеттерді (кедергілерді) бұзу үшін қолданылатыны туралы айтып өткеніміз жөн. Бұзу деп – кіруге тыйым салынған немесе жабық тұрған объектіге кіру мақсатымен белгілі бір объектілерді атап айтқанда: қабырғаны, объектінің төбесін, есік-терезені, еденді (ғимараттарды, сейф, шкаф, бекітілген құрылыстарды) және сол сияқты басқа да бөгеттерді толығымен немесе жартылай қиратуды айтамыз.

Бұзу құралының  іздері – есіктің беткі қабатынан  және оның тұтқаларынан, құлыптан, терезе рамаларынан, объектінің төбесі мен едендерден, сейфтердің қабырғаларынан және т.б. жерлерден табылуы мүмкін.



 


 

 

 

 

Сурет 25. Пассатиж

1. Ауызы; 2. Ұстаудың кіші  қуысы; 

3. Ұстаудың үлкен қуысы; 

4. Осьтік бекіткіші

Сурет 26. Қысқаш

1. Кескіші; 2. Кескішті бекіткіш; 3. Сабы.


       

Сурет 27. Кемпірауыз

1. Ауызы; 2. Бекіткіші; 3. Сабы;

4. Ұстау қуысы

Сурет 28. Қашау

1. Жүзі; 2. Жүзінің беті; 3. Қалағы; 4. Мойын жағы; 5. Сақинасы; 6. Сабы; 7. Сабының соңы; 8. Қалақты сабына  кіргізетін жері


 

Қылмыскерлердің бұзу кезіндегі қолданылатын құралдарды келесідей үш түрге бөліп топтастыруға болады:

  • арнайы бұзуға (жабық жерлерге кіруге, кедергі жасайтын бөгеттердің көзін жоюға) арнап қолдан жасалған құрал-саймандар: «фомка-фомич», «балерина», «гу-синая лапа», жезбезекті кілт (отмычка);
  • жалпы техникалық мақсаттарға  арналған құрал – саймандар
  • қылмыскерлер бөгетті бұзу үшін қолданған (жерде жатқан темірлер, су құбырының кесінділері және т.б.) кездейсоқ құрал-саймандары.

Информация о работе Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері мен жүйесі