Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар мен іске қатысушы тұлғалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2014 в 20:07, дипломная работа

Краткое описание

Төртінші-мамандандырылған соттар жүйесін-бірінші кезекте экономикалық және әкімшілік соттарды кезең-кезеңмен құру жұмысы жалғастырылсын.
Бесінші-дауларды шешудің баламалы әдістерін, мәселен, төрелік соттарды ендіру мүмкіндігін зерттеу кажет.

Содержание

КІРІСПЕ. ___________________________________________________5-7
1 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СУДЬЯНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ.
1.1 Судьяның тәуелсіздігі принципінін түсінігі және
оның маңызы _______________________________________________8-15
1.2 Судьяның тәуелсіздігі принципінін сот билігінің
басқа принциптерімен ара қатынасы ____________________________16-34
2 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН СОТТАҒЫ ӨКІЛДЕР.
2.1 Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар мен іске
қатысушы тұлғалар________________________________________35-48
2.2 Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін
көмектесуші тұлғалар_____________________________________48-59
2.3 Соттағы өкілдер__________________________________________59-62
ҚОРЫТЫНДЫ ______________________________________________63-66
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ _____________________67-68

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-СОТ-ЖҮЙЕСІНДЕГІ-СОТ-ТӨРЕЛЕР.doc

— 455.00 Кб (Скачать документ)

Көрінеу жалған қорытынды бергені үшін сарапшы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 352-бабында көзделген қылмыстық жауаптылықта болады.

Сараптама тағайындаудың тәртібі  АІЖК-нің 81-бабында қарастырылған. Сараптама сарапшы арнайы ғылыми білімдер негізінде жүргізітен іс материалдарын зерттеу нәтижесінде іс үшін маңызы бар мән-жайлар анықталуы мүмкін жағдайда тағайындалады.

Азаматтық сот өндірісіне қатысушы басқа тұлғаларда осындай білімінің бар болуы сараптама тағайындаудан босатпайды. Істе ревизия, тексеру актілерінің, ведомствалық инспекциялар қорытындыларының, сондай-ақ мамандарының жазбаша консультацияларының болуы сарапшының қорытындысын ауыстырмайды және сол мәселелер бойынша сот сараптамасын тағайындау мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Сот сараптаманы тараптың өтінімі бойынша және өз бастамасы бойынша тағайындайды.

А.Х. Гольстем өз еңбегінде соттың өз бастамасымен сараптама тағайындауы, жарыспалылық қағидасына кері әсерін тигізбейді. Соттың мұндай ресми әрекеті істің мән-жайын толық ашу мақсатында арнайы ғылыми-білімді қолдану арқылы сарапшының сотқа жәрдем көрсетуі деп жазады. Іске қатысушы тұлғалар соттан сараптама ісін жүргізуді арнайы қажетті ғылыми білімі бар нақты адамға таныстыру туралы сұрай алады.   Сараптама жүргізу сот сраптамасы органдарының қызметкерлеріне тапсырылады. Соттың сараптама жүргізу тапсырылған адамды шақырту талабы аталған адам жұмыс істейтін ұйымның басшысы үшін міндетті.

Іске қатысушы әрбір адам сарапшының алдына қойылуы тиіс мәселелерді сотқа қоюға құқылы. Сарапшы қорытынды беруге тиіс мәселелердің  түпкілікті шеңберін сот айқындайды.Ұсынылған мәселелерді қабылдамауды сот дәлелдеуге міндетті. Соттың сараптама тағайындау туралы ұйғарымына шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін./21/

АІЖК-нің 91-бабының 10-тармағына сәйкес сараптама тағайындау туралы сот ұйғарымының мазмұны мынандай:

- Соттың атауы, сараптаманы тағайындау  уақыты, орны;

- Қаралып жатқан іс бойынша тараптардың атауы;

- Сараптаманың түрі;

- Сараптама тағайындау негіздері;

- Сарапшының алдына қойған мәселелер;

- Сот сараптамасы органының  атауы немесе сараптама жүргізу  тапсырылған адамның тегі, аты, әкесінің  аты;

- Сараптама жүргізуге жіберілген объектілерді және істің өзге де материалдары;

Ұйғарымда, көрінеу жалған қорытынды бергені үшін сарапшы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 352-бабында көзделген қылмыстық жауаптылық туралы ескертілетініде көрсетіледі.

Сараптама зерттеу сипатына не сот отырысында зерттеу үшін объектілерді жеткізудің мүмкіндігі жоқтығына немесе қиындығына байланысты сотта немесе соттан тыс жүргізіледі. Сараптамалық зерттеу объектілерінің дұрыстығына және жол берілгендігіне сот кепілдік береді.

Сараптамалық зерттеудің объектілері, егер олардың көлемі және қасиеттері мүмкіндік берсе, сарапшыға буылып-түйілген және мөрлеп бекітілген түрде беріледі. Қалған жағдайларда сараптаманы тағайындаған сот сарапшыны зерттеу объектілері тұрған орынға жеткізуді, оларға кедергісіз бара алуын және зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс. Іске қатысушы адамдар сараптама жүргізу кезінде, соттан тыс сараптама жүргізу кезінде сарапшылардың қалыпты жұмысына кедергі келтіретін жағдайларды қоспағанда, қатысуға құқылы. Іске қатысушы адамдарды сараптама жүргізуге қатыстыру туралы өтініштерді сот қанағаттандырған жағдайда аталған адамдарға сараптама жүргізілетін орын мен уақыт хабарланады. Хабарландырылған адамдардың келмеуі сараптама жүргізуге кедергі келтірмейді.

Соттан тыс сараптама жүргізу кезінде іске қатысушы адамдар болған жағдайда, сот приставының міндетті түрде қатысуын сот белгілейді.

Сараптаманы жүргізу сот сараптамасы органына тапсырылған кезде сот сараптама тағайындау туралы ұйғарымды және қажетті материалдарды оның басшысына жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органының ұйғарымда көрсетілген қызметкері жүргізеді. Егер сараптама тағайындау ұйғарымында нақты сарапшы көрсетілмесе, сарапшыны таңдауды сот сараптамасы органының басшысы жүзеге асыралы, бұл туралы сараптама тағайындаған сотқа хабарлайды.

Сот сараптамасы органының басшысы сараптама жүргізуді ұйымдастырады, оны жүргізу мерзімдерін белгілейді, сараптамалық зерттеудің сапалы жүргізілуіне және сараптама объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады. Сот сараптамасы органының басшысы сарапшыға зерттеу нәтижесін және қорытындының мазмұнын алдын-ала шешетін нұсқаулар беруге құқылы емес.

Азаматтық іс жүргізу кодексі сот сараптамасының бірнеше қарастырады:

- жеке сараптама;

- комиссиялық сарапта

- кешенді сараптама;

- қосымша сараптама;

- қайталама сараптама;

Сараптаманың алғашқы үш түрі сарапшылардың саны мен олардың мамандығына байланысты бөлінеді. Соңғы екі түрі сарапшының қорытындысына соттың қалай бағалануына байланысты.

Сараптама жеке дара бір сарапшының жургізуі жеке сараптама болып танылады. АІЖК-нің 94-бабының 1-тармағы.

Күрделі сараптамалық зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда бір мамандықтағы бірнеше сарапшының сараптама жүргізуі - комиссиялық сараптама деп аталады. АІЖК-нің 94-бабының 2-тармағы.

Сараптамалық комиссияның мүшелері алынған нәтижелерді бірлесіп талдайды және ортақ пікірге келе отырып, қорытындыға қол қояды не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаға қол қояды.    Сарапшылар арасында келіспеушілік болған жағдайда олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі жеке қорытынды береді не пікірі комиссияның басқа  мүшелерінің қорытындысымен сәйкес келмейтін сарапшы пікірін қорытындыда жеке тұжырымдайды. (АІЖК 94-бабы 3-бөлігі)

Соттың комиссиялық сараптама жүргізу туралы ұйғарымы сот сараптамасы органының басшысы үшін міндетті болып табылады. Сот сараптамасы органының басшысы табыс етілген материалдар бойынша комиссиялық сараптама жүргізу туралы өз бетінше шешім қабылдауға және оны жүргізуді ұйымдастыруға құқылы.

Іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін әр-түрлі білім саласының негізінде зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда – кешенді сараптама тағайындалады және оны мамандығы әртүрлі сарапшылар өзінің құзіреті шеңберінде жүргізеді. (АІЖК 95-бабының 1-тармағы)

Кешенді сараптаманың қорытындысында әрбір сарапшының қандай зерттеуді, оны қандай көлемде жүргізгені және оның қандай қорытындыға келгені көрсетілуге тиіс. Әрбір сарапшының қорытындының осы зерттеулер мазмұндалмаған бөлігіне қол қояды. Әрбір сарапшы жүргізген зерттеулер нәтижелерінің негізінде олар анықтау үшін сараптама тағайындалған мән-жайлар туралы ортақ қорытынды тұжырымдайды. Ортақ қортындыны алынған нәтижелерді бағалауға құзыреті бар сарапшылар ғана тұжырымдайды және оған қол қояды. Егер комиссияның түпкілікті қорытындысына немесе оның бір бөлігінде сарапшылардың бірі (жекелеген сарапшылар) анықталған фактілер негіз болса, онда бұл туралы қорытындыда көрсетілуге тиіс.

Сарапшылар арасында келіспеушіліктер болған жағдайда зерттеулердің нәтижелері АІЖК-нің 94-бабының 3-бөлігін сәйкес рәсімделеді.

Сот сараптамасы органына тапсырылған кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру оның басшысына жүктеледі. Сот сараптамасы органының басшысы сондай-ақ табыс етілген материалдар бойынша кешенді сараптама жүргізу туралы өз бетінше шешім қабылдауға және оны жүргізуді ұйымдастыруға құқылы.

Қосымша сараптама - қорытынды жеткілікті түрде айқын немесе толық болмаған, сондай-ақ бұрын зерттелген мән-жайларға қатысты жаңа мәселелер туындаған кезде тағайындалады. Қосымша сараптама жүргізу сол сарапшының өзіне немесе басқа сарапшыға тапсырылуы мүмкін.

Қайталама сараптама – сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізделмеген не оның дұрыстығы күмән тудырған, не сараптама жүргізудің іс жүргізу нормалары елеулі бұзылған кезде дәл сол объектілерді зерттеу және дәл сол мәселелерді шешу үшін тағайындалады. Қайталама сараптама тағайындау туралы ұйғарымда алдыңғы сараптаманың нәтижелерне келіспеудің дәлелдері келтірілуге тиіс. Қайталама сараптама жүргізу сарапшылар комиссиясына тапсырылады. Алдыңғы сараптаманы жүргізген сарапшылар қайталама сараптама жүргізілген кезде қатысып, комиссияға түсініктемелер бере алады, алайда олар сараптамалық зерттеуге және қорытынды жасауға қатыспайды. Қосымша және қайталама сараптама жүргізу тапсырылған кезде сарапшыға (сарапшыларға) алдыңғы сараптамалардың қорытындылары табыс етілуге тиіс.

Маманды іс жүргізу әрекеттеріне қатыстыруға тарту. Мамандар, сарапшылар сияқты азаматтық іс жүргізуде сот әділдігін көмектесушітұлғалардың қатарына кіреді. Сондықтан аталған тұлғалар азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынасына түсушілер субъектілердің заңды қызығушылығы жоқ (мүдделі емес) тұлғалар қатарына енеді. Азаматтық іс жүргізу кодексі мамандар мен сарапшыларға қарсылық білдірудің бірдей негіздерін ұсынады.

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 64-бабында мамандардың түсіндірмесін дәлелдемелер ретінде қарастырмаған. Дегенмен, азаматтық іс жүргізу заңнамалары маманның іске қатысуын іс жүргізу әрекеттеріне кіргізеді. АІЖК-нің 90-бабының 2-бөлігінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану кезінде жәрдем көрсету үшін сот маман шақыруды мүмкін деп айтылған. Ал АІЖК 99-бабының 1-бөлігінде іс жүргізу әрекеттеріне қатыстыру үшін консультациялар алу және ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға жәрдем көрсету мақсатында сот мамандар тартуға құқылы. Маман тараптар ұсынған адамдардың арасынан тартылуы мүмкін екені айтылған.

Маманды іске қатыстыру қажеттілігі тәртіп бойынша істі сотта қарауға әзірлеу кезінде сотпен шешіледі. (АІЖК 170-бабы 7-тармақшасы )  Одан да басқа аталған кодекстің 207-бабы азаматтық істерді сотта қарағанда маманның түсіндірмесін таңдау тәртібін бекітеді. Жазбаша түрде берілген маманның консультациясы (түсіндірмесі) сот отырысында жария етіледі. Маманның ауызша консультациясы мен түсіндірмесі сот отырысының хаттамасына енгізіледі.

Консультацияны түсіндіру және толықтыру мақсатында маманға сұрақтар қойылуы мүмкін. Арызы бойынша маманды тартқан адам және оның өкілі бірінші болып, ал содан соң іске қатысушы басқа адамдар және өкілдер сұрақтар қояды. Сот шақырған маманға бірінші болып талап қоюшы және оның өкілі сұрақ қояды. Сот маманға кез-келген сәтте сұрақ қоюға құқылы.

Атқару өндірісі туралы заңда маманды іске тарту туралы сұрақты реттейді. Атқарушылық іс жүргізу әрекеттерін жасауда кейбір сұрақтарды шешу үшін маманның түсіндірмесі қажет болған жағдайда сот орындаушысы өз бастамасымен немесе атқару өндірісіне қатысушылардың өтініші бойынша маман тағайындауы мүмкін. Қажет болған жағдайда бірнеше маманды іске Тарту мүмкін. Сот орындаушысы бұл жөнінде қаулы шығарады. Маман ретінде іске мүдделі емес, арнайы білімі бар тұлға қорытынды беру үшін тартылады. Мамандар атқарушылық іс жүргізуге қатысып әрекеттер жасағаны үшін сыйақа алуға құқығы бар. Бұл сыйақы және маманды іске тартуға байланысты кеткен басқа да шығындар атқарушылық әрекеттерге кеткен шығындарға жатады (31-бап).

Дәл осындай мамандарды іске тартуға байланысты сұрақтарды Ресей Федерациясының азаматтық іс жүргізу заңдары қамтиды.

Заң, маманды соттағы дәлелдемелердің қайнар көзі ретінде қарстырмайды. Сондықтан азаматтық сот өндірісіне маманның қатысуы тек соттық талқылау және сот актілерін орындау барысында ғана жүргізіледі. Ол өз пікірін білдіретін консультант ретінде, дәлелдемелерді зерттеуде техникалық көмек көрсетуші ретінде мүліктің бағасын шығарушы т.б. жекелеген процессуалдық әрекеттер жасаушы ретінде іске тартылады. (М.К.Треушников)

Маманды тағайындау сот ұйғарымымен ресімделеді. АІЖК-нің 99-бабының 3,4,-бөлімдерінде маман ретінде іс тартылған тұлғалардың құқықтары мен міндеттері көрсетілген. Маманның мынандай құқықтары бар:

- Өзінің шақырылуы мақсатын білуге;

- Егер арнаулы білімі мен  дағдысы болмаса, іс бойынша іс  жүргізуге қатысудан бас тартуға;

- Соттың рұқсатымен іс жүргізу  әрекетіне қатысушыларға сұрақтар  беруге;

- Іс жүргізу әрекетіне қатысушылардың  назарын заттарды немесе құжаттарды табу, бекіту, алу кезінде, ғылыми-техникалық құралдарды қолдану, сраптама тағайындау үшін материалдарды дайындау кезінде өзінің іс-әрекетіне байланысты мән-жайларға аударуға;

- Өзі қатысқан іс жүргізу  әрекетінің хаттамасымен, сондай-ақ  сот отырысы хаттамасының тиісті бөлігімен танысуға және өзінің қатысуымен жүргізілген әрекеттердің барысы мен нәтижелері көрсетілуінің толымдығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгізілуде тиісті мәлімдемелер мен ескертпелер жасауға ;

- Соттың іс әрекетіне шағым  жасауға;

- Өзінің іс жүргізу әрекетеріне қатысуға байланысты өзіне келтірілген шығындарға өтем және іс бойынша іс жүргізуге қатысу оның қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмыс үшін сыйақы алуға құқығы бар;

Мамандар мынандай міндеттерді атқаруға тиіс :

- Соттың шақыруы бойынша келуге:

- Арнаулы білімді, дәлелдемелер  мен ғылыми-техникалық құралдарды  пайдалана отырып, іс жүргізу  әрекеттерін жүргізуге және сот  ісін қарауға қатысуға;

- Консультациялар беруге;

- Өзі орындаған әрекеттер бойынша  түсініктемелер беруге міндетті;

Сот өндірісінде азаматтық істерді қарау және шешу кезінде іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс анықтау – сот шешімінің заңды және негізді болуының ең басты шарттарының бірі. Олай болса дәлелдемелерді тараптардың заңды жолмен алуы, оны судьялардың іске қатыстылығы мен жол берілуіне, дәлелдемелерге жол беру мен, олардың жеткілікті болуына процессуалдық және заңды тұрғыдан көңіл аудару соттарға және іске қатысушыларға жүктелген міндет деп қарастыратын болсақ, бүгінгі күні елімізде сот практиктерінің заң нормасын елеулі бұза пайдаланып та кететін кездері аз емес.

Жұмыста дәлелдеу институтының тарихына тоқталып, оған тарихи, арнайы құқықтық, логикалық зерттеулер жүргізілді. Дегенмен бұл тақырып төңірегінде қарастыратын мәселелер жеткілікті. Сондықтан да бұл институт келешекте көптеген теориялық зерттеулерді қажет етеді деген тұжырым жасаймыз.

 

Информация о работе Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар мен іске қатысушы тұлғалар