Кримналистік құжаттарды тану ұғымы, мазмұны, міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2013 в 19:42, реферат

Краткое описание

1. Құжаттар, криминалистік маңызды ақпараттардың түпнұсқалары. Криминалистік құжаттар жазу табиғаты, құжаттарды жасау тәсілдері және жазбалар ерекшеліктері бойынша, нақты тұлғаның жалған құжаттар жасауын және оны анықтау тәсілдерін зерттейтін, қылмыстарды тергеу және ашу мақсатында құжаттардағы ақпараттарды пайдаланудың ғылыми негіздерін құратын саласы болып табылады. Криминалистік құжаттану жаратылыс, техникалық ғылымдар жетістіктеріне, тергеу және сот тәжірибелері қорытындыларына негізделеді. Криминалистік құжаттану атқаратын міндеттерді үш топқа бөлуге болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

сот.docx

— 22.49 Кб (Скачать документ)

Кримналистік  құжаттарды тану ұғымы, мазмұны, міндеттері

1. Құжаттар,  криминалистік  маңызды ақпараттардың  түпнұсқалары. Криминалистік  құжаттар  жазу  табиғаты,  құжаттарды  жасау  тәсілдері  және  жазбалар  ерекшеліктері  бойынша,  нақты  тұлғаның  жалған  құжаттар  жасауын  және  оны  анықтау  тәсілдерін  зерттейтін,  қылмыстарды  тергеу  және  ашу  мақсатында  құжаттардағы  ақпараттарды  пайдаланудың  ғылыми  негіздерін  құратын  саласы  болып  табылады. Криминалистік  құжаттану  жаратылыс, техникалық  ғылымдар  жетістіктеріне,  тергеу  және  сот  тәжірибелері  қорытындыларына  негізделеді.  Криминалистік  құжаттану  атқаратын  міндеттерді  үш  топқа  бөлуге  болады.

Бірінші  топ-құжатты  жасайтын   автордың   белгілері  мен  қасиеттерін:  жынысын, жасын,  психикалық  және  физикалық  жай-күйін,  кәсіптік  және  басқа да  дағдыларын  анықтау.

Екінші  топ- құжат  материалдарының   (қағаз,  бояғыш зат,  сургуч, желім және т.б.)  табиғатын,  сапалық  құрамын, қай  топқа  жататындығын, кейде  материалдардың  жасалу орнын  және  уақытын  анықтау,  құжатты,  жалған  құжатты  немесе  оның  жеке  реквизиттерін (қолдар,  таңбалар, мөрлер,  мөртаңбалар)  дайындау  құралдарын,  шарттары  мен  тәсілдерін  анықтау,  өртенген  құжаттардың  мәтіндерін  көрінбейтін  және  шамалы  көрінетін  мәтіндерді  айқындау  және т.б.

Үшінші топ- сәйкестендіру  міндеттерін  орындау: құжатты  жасаушыны  жазу  тілі  мен  қол  жазуы  бойынша; жазу  техникасын-басылған  мәтін  бойынша;  көбейткіш  техникасын-онда  дайындалған  мәтіннің  таңбалары  бойынша және т.б. ұқсастыру.

Бұл  міндеттер  құжаттарды зерттеудің  екі  түрін-жазуды  криминалистік зерттеу  және  құжаттарды  техникалық-криминалистік  зерттеуден  өткізу  барысында нақтыланды және орындалады. Құжаттардың  көптігіне (саласы,  табиғаты,  тегі  бойынша), оларды  жасау,  көшіру, жалған  жасау  тәсілдерінің  әр  түрлілігіне  қарамастан, жасандылар,  ол  үшін  пайдаланылған  материалдар  мен  құралдарға,  сондай-ақ  құжаттарды  зерттеу  әдістеріне  және  осы  әдістер  көмегімен  орындалатын  міндеттерге  қарамастан  құжаттар  криминалиистік  маңызы  бар  ақпараттар  көзі  ретінде,  ал  белгілі  бір  заңдылық  шеңберіндегі  бейнелеу  және  кейін  қылмыстарды  тергеу  барысында  осындай  ақпараттарды  зерделеудің  объектісі  болып   қала  береді.

Криминалистикада  құжаттармен  жасалған  немесе дайындалып  жатқан  қылмыстардың  мән-жайы  туралы  ақпаратты  қамтитын  әр  түрлі  материалдық  обектілер  жатады. Бұл  ақпараттың  нақты  мағыналық  мазмұны  болады  және  ол  басылған  немесе  қолмен  жазылған  әріптермен,  сандармен,  белгілермен, кодтармен  бейнеленуі  мүмкін.

Ақпараттарды  бекіту  тәсілдеріне  байланысты  жазу  актілерін,  сызба  бейнелерін  фото-кино-бейнематериалдарын,  кодталған  ақпаратты  тасушы  объектілерін (ЭВМ  магнитті  таспалары,  магнитофон  таспалары, компьютердің  магнитті  дискілері,  перфотаспалар,  перфокарталар және т.б.)  ажыратады.

2. Тергеу  барысында  құжаттарды  қарау

Қылмыстарды  ашу  мен  тергеудегі  құжаттармен  жұмыс,  жетістігі  бірқатар  ережелерді  сақтаумен  қамтамасыз  етілетін  тергеудегі  қараудан  басталады.  Табылған  құжаттар  тек  қолға  қолғап  киіп, не пинцет  қолданып  орындаған  жөн,  себебі  құжатта  қандай  іздер  бар  және  олар  қайда  орналасқаны  белгісіз.

Құжатты  су  қолмен  ұстауға, дымқыл  немесе  кірленген  затқа  қоюға  болмайды. Жазбаша  құжаттардың  бетіне  не  сыртына  жазуға  болмайды. Қағаздарды  бұрын  бүктелген   жеріне  сәйкес  келмейтін  жерінен  бүктеуге  болмайды,  себебі  бүктесіндердің  саны  мен  орналасуы  жазудың  сипатын,  орындалу  жағдайларын  анықтау  үшін  маңызды  және  құжаттың  ерекше  белгілерінің  бірі  болып  табылады.

Ылғалданған  құжаттар  жайылған  күйде  бөлме  температурасында  кептіріледі. Іске  тіркелетін   құжатты   шеткі   жағынан  тігуге  болмайды. Оны  жазылған  күйінде  немесе  бұрынғы  бүктелген  жерінен  бүктеп,  таза  қалың  қағаз  не  картон  арасына  салып,  конвертте  сақтаған жөн. Конвертке  қажетті  жазбаларды  құжаттарды оған  салмастан  бұрын  жазады.

ЭВМ  магнитті  таспаларын,  компьтерлердің  магнитті  дискілерін,  аудио-бейне-кассеталарын  магниттердің  тұрақты  не  ауыспалы  толқын  ықпалдарынан,  сонымен  қатар  магниттік  толқындар  тарататын  генераторлардан,  радиоқабылдағыштардан,  теледидарлардан  және  т.б. құралдардан  сақтау  қажет.

Құжатты   зерделеуді   оның  міндетін,  негшізгі  мәтінін  және  ондағы  басқа  жазбаларды (қарарларды,  белгілерді)  анықтаудан,  яғни  құжаттың  мазмұны  мен  міндетінің  сәйкестігін  анықтаудан  бастаған  жөн. Егер  құжаттың  түпнұсқаға   сәйкестігіне  күдік  туса,  құжаттың  үлгісімен  танысу  керек. Сондай-ақ,  құжаттың  оң  және  теріс  жағының,  парақ  шеттерінің  жағдайы  тексеріледі. Құжат  заңды  тұлға  атынан   толтырылса,  жасанды  белгілерді  анықтау  үшін  бланк  нысандарының  баспа  таңбаларының,  фотосуреттердің,  қорғау  белгілерінің  түпқұжаттағы  ұқсас  реквизиттерге  сәйкестігіне  назар  аударылады.

Атап  айтқанда,  мұндай  белгілерге:

- нысандардың,  түсі және реквизиттерінің  сәйкес  келмеуі;

- мазмұнының  қарама-қайшылығы,  емлелік  қателер,  стандарттан  тыс  шрифт,  пайдаланудан  шыққан  бланктерді,  мөрлерді  және т.б.  қолдану.

- механикалық  әсер  ету  іздері (жазуды  тазарту  кезінде  химиялық  рекактивтермен  мәтінді  өңдеу  не  шаю  кезінде  қағаздың   жұқаруы,  дақ  түсуі);

- қосып  жазу  немесе  мәтінді  өшіріп,  орнына  жазу (сөз, жол  аралығының  қалыптан  тыс  үлкейуі  немесе  кішірейуі,  олардың  ерекше  орналасуы);

- қорғау  кестелері  жолдарының,  мөр  элементтерінің  сәйкессіздігі  түріндегі  құрастыру  жолымен  жасалған (сан  жапсыру,  суреттерді  не  бөлшектерін  және т.б. қайта  жапсыру)  жасанды  іздер;

- сызықтардың түзу  еместігі,  әріптердің  түрі,  олардың  әркелкі  көлемі,  әріптің  біліктік  сызықтарының  дөңгелек  мөрдегі  радиус  бағытына  қатысты  әр  түрлі  орналасуы  бойынша   және  әріптердің  білікті  сызықтарының  мөрдегі  жолдар   сызықтарының   перпендикулярына  сәйкессіздігі   бойынша   анықталатын   баспа  таңбалары  мен  мөртабандардың  жасанды  іздері;

- жалған қол  қою  іздері (қолдың  қозғалысын  ақырындату  нәтижесінде  пайда  болатын  сызықтардың  айналмалығы,  штрихтарда  үзілістердің  болуы,  көшіру  кезінде  және  т.б. пайда  болған  көмескілік  пен  нүктелер);

- аудио  және  бейнемагниттік  таспаларды  біріктіру  барысында  пайда  болған  іздер.

Құжаттарды қарау   және  алдын  ала  зерттеу  кезінде  құжаттарға  зиян  келтірмейтін  техникалық  құралдар  мен  әдістер  қолданылады. Бұл  үшін  белгілі  тәсілдер  мен  ғылыми  техникалық  құралдарды,  сондай-ақ  құжаттарды  жарыққа  қарау  әдістерін  жиі  пайдаланады. Жарық  көздері  ретінде  үстелге  қоятын  шамдар, электршамдар, (ОИ-19  түріндегі)  арнайы  жарық  түсіргіштер  немесе  табиғи  жарық  пайдаланылады. Қажеттігіне  қарай  жарық  сүзгілерді,  тергеу  чемоданында  болатын  лупаларды  пайдалануға  болады. Ерекше  белгілерге (тазартулар,  өңдеулер, қосып  жазулар және т.б.), іздестіру  жұмысы  мен  дәлелдеу  процесінде  пайдалануға  болатын  ақпараттарды  айқындауға  ерекше  назар  аударылады.


Информация о работе Кримналистік құжаттарды тану ұғымы, мазмұны, міндеттері