Қазақстан Республикасының прокуратурасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 17:06, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

прокуратура.docx

— 76.35 Кб (Скачать документ)

  12-бап. Бас прокуратура      

1. Қазақстан Республикасының  Бас прокуратурасына Республиканың  Бас Прокуроры басшылық етедi. 
      2. Республиканың Бас Прокурорының бiрiншi орынбасары және орынбасарлары болады. 
      3. Бас прокуратураның құрылымын және оның қызметкерлері мен жұмыскерлерінің өкiлеттiктерiн Бас Прокурор белгілейдi. 
      4. <*> 
      5. Бас прокуратура:  
      1) Республика прокуратура органдарының iс-қимылдарын олардың қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша үйлестiрiлуi мен орайластырылуын қамтамасыз етедi; 
      2) Республикада заңдардың орындалуын, заңдылықтың жай-күйiн қадағалау практикасына талдау жасайды; 
      3) прокурорлық қадағалауды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi; 
      4) Республика прокуратура органдарының заңдардың орындалуын қадағалау жөнiндегi жұмысын бақылайды; 
      5) жедел-iздестiру қызметiн, анықтауды және тергеудi жүзеге асыратын басқа да республикалық құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасайды және олардың қызметiн үйлестiрiп отырады; 
      5-1) қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді; 
      6) кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады және жүргiзедi; 
      7) норма шығарушылық қызметiне қатысады; 
      8) халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарының атынан өкiлдiк етедi. 
      6. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жоспарлы тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жиынтық жоспарын тиісінше ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 25 мамырына және 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми сайтында орналастырады. 
      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.07.02 N 266, 2002.08.09 N 346, 2009.07.17 N 188-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.    

  13-бап. Облыстардың прокурорлары     

 Облыстардың прокурорлары  және оларға теңестiрiлген прокурорлар: 
      1) облыстық, қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокуратуралардың прокурорлық қадағалауды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiне басшылық жасайды; 
      2) бағынысындағы барлық қызметкерлерi мен жұмыскерлері үшiн мiндеттi бұйрықтар, өкiмдер, нұсқаулар шығарады. 
      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.    

  14-бап. Облыстардың прокуратуралары     

1. Облыстардың прокуратураларына  және оларға теңестiрiлген прокуратураларға  Республика Президентiнiң келiсiмiмен  Республиканың Бас Прокуроры  бес жыл мерзiмге тағайындайтын  тиiстi прокурорлар басшылық етедi. 
      2. Облыстардың прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлардың бiрiншi орынбасарлары мен орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi болады. Облыстардың прокурорларының орынбасарлары облыстық прокуратуралардың тиiстi басқармаларының бастықтары болып тағайындалуы мүмкiн. 
      3. Облыстардың прокуратураларында және оларға теңестiрiлген прокуратураларда басқармалар мен бөлiмдер болады. Басқармалар мен бөлiмдердiң бастықтары тиiсiнше облыстар прокурорларының аға көмекшiлерi және көмекшiлерi болып табылады. Басқармалар мен бөлiмдерде аға прокурорлар мен прокурорлардың лауазымдары белгiленедi.  
      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.08.09 N 346 Заңымен.    

  15-бап. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген  
               өзге де прокурорлар мен прокуратуралар     

1. Қалалық, аудандық  және оларға теңестiрiлген прокуратураларға  Республиканың Бас Прокуроры  бес жыл мерзiмге тағайындайтын  тиiстi прокурорлар басшылық етедi. 
      2. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокурорлар: 
      1) қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген өзге де прокуратуралардың прокурорлық қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне басшылық жасайды; 
      2) бағынысындағы барлық қызметкерлер мен жұмыскерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар, өкiмдер, нұсқаулар шығарады. 
      3. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокурорлардың орынбасарлары, аға көмекшiлері және көмекшiлерi болады. 
      4. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокуратураларда бөлiмдер құрылуы мүмкiн. 
      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.    

  16-бап. Төменгi прокурорлардың жоғары тұрған  
               прокурорларға бағыныстылығы      

1. Прокурорлардың бағыныстылығы: 
      1) жоғары тұрған прокурорлардың ұйымдастыру және қызмет мәселелерi жөнiндегi нұсқауларының төменгi прокуратуралар үшiн мiндеттiлiгiн; 
      2) төменгi прокурорлардың жоғары тұрған прокурорлар алдында қызмет мiндеттерiн орындауы үшiн жауапкершiлiгiн; 
      3) жоғары тұрған прокурорлардың қажет болған жағдайларда төменгi прокурорлардың өкiлеттiгiн жүзеге асыруын; 
      4) жоғары тұрған прокурорлардың төменгi прокурорлар актiлерiнiң күшiн жоюын, қайтарып алуын, өзгертуiн; 
      5) жоғары тұрған прокурорлардың төменгi прокурорлардың iс-әрекеттерi мен актiлерiне жасалған шағымдарды шешуiн қамтиды. 
      2. Республиканың Бас Прокуроры төменгi прокурорлардың бағыныстылығының өзге де нысандарын белгiлеуi мүмкiн.    

  17-бап. Прокуратура органдарындағы алқалар     

1. Бас прокуратурада,  ведомстволарда, облыстардың прокуратураларында  және оларға теңестiрiлген прокуратураларда  алқалар құрылады. 
      2. Алқа отырыстарында прокуратура органдары қызметiнiң мәселелерi, сондай-ақ заңдардың бұзылуының анықталуына байланысты Бас Прокурордың, ведомство басшысының, облыс прокурорының немесе оған теңестiрiлген прокурордың ұйғарымы бойынша заңды бұзған лауазымды адамдардың қатысуымен алқалы түрде қарауды қажет ететiн өзге де мәселелер қаралады. 
      3. Алқа шешiмдерi оның мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады. 
      4. Алқаның шешiмдерi тиiстi прокурорлардың бұйрықтарымен iске асырылады және прокуратура органдарының қызметкерлерi мен жұмыскерлері үшiн мiндеттi. Заңның бұзылуының анықталуына қарай прокурорлық қадағалау актiлерi қабылданады. 
      5. Алқа жұмысының регламентiн және алқа мүшелерiнiң мәртебесiн Республиканың Бас Прокуроры айқындайды. 
      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3 ТАРАУ  
Прокуратураның құқықтық актiлерi    

  18-бап. Прокуратураның құқықтық актiлерiнiң жүйесi     

1. Прокуратураның құқықтық  актiлерiнiң жүйесiн: 
      1) прокурорлық қадағалау актiлерi: наразылық, қаулы, ұйғарым, өтiнiш, санкция, нұсқау, ұсыныс, үндеу, алдын ала ескерту, заңға түсiндiрме; 
      2) Прокуратураны ұйымдастыру және оның қызмет мәселелерiн реттейтiн актiлер: бұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер, ережелер, нұсқаулықтар құрайды. 
      1-1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуын тоқтата тұратын прокурорлық қадағалау актiлерi жариялануға тиiс. 
      2. Прокуратураның ережелерi мен нұсқаулықтары тиiстi прокурорлардың бұйрықтарымен бекiтiледi.  
      Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.08.09 N 346, 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.    

  19-бап. Наразылық     

1. Прокурор Конституцияға,  заңдарға және Республика Президентiнiң  актiлерiне қайшы келетiн нормативтiк  және өзге де құқықтық актiлерге,  мемлекеттiк органдар мен лауазымды  адамдардың шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне  наразылық жасайды. 
      2. Заңсыз актіні, шешімді қабылдаған органға немесе лауазымды адамға немесе жоғары тұрған органға не жоғары тұрған лауазымды адамға наразылық келтіріледі. Органның немесе лауазымды адамның заңсыз iс-әрекеттерiне наразылық нақ осындай тәртiппен жасалады. 
      3. Прокурордың наразылығын тиiстi орган немесе лауазымды адам күнтізбелік он күн ішінде қарауға тиiс. 
      Наразылық бойынша шешім дайындау және қабылдау қажеттілігіне байланысты прокурор оны қараудың өзге де мерзімін белгілеуге құқылы, бірақ бұл кемінде күнтізбелік он күн болуға тиіс. 
      Наразылықты сотта қарау мерзiмi Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады. 
      Орган немесе лауазымды адам наразылықтың қаралатын күнi туралы прокурорға хабарлауға мiндеттi. 
      4. Наразылықта прокурор заңсыз актiнiң күшiн жоюды не оны Конституцияға және заңдарға сәйкес келтiрудi, сондай-ақ лауазымды адамның заңсыз әрекеттерiн тоқтатуды және бұзылған құқықты қалпына келтiрудi талап етедi. 
      5. Прокурор наразылық жасалған актiнiң не iс-әрекеттiң орындалуын наразылық бойынша шешiм қабылданғанға дейiн тоқтата тұруға хақылы. Заңдарға жасалған наразылық олардың қолданылуын тоқтатпайды. 
      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.    

  20-бап. Қаулы     

1. Заңның бұзылу сипатына  қарай прокурор қылмыстық iс  қозғау, тәртiптiк iс жүргiзу туралы, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу жөнiнде қаулы шығарады. 
      2. Прокурор заңның қолданылуына тексерiс жүргiзу туралы, заңсыз құқықтық актiнi алдырып тастау, қарау, тұмшалау салу туралы, тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды жою немесе алып тастау туралы, күшiн тоқтата тұру туралы, прокурордың талабын мәжбүрлеп орындату туралы, жеткiзу (күштеп әкелу) туралы, сондай-ақ заңда көзделген басқа да реттерде қаулы шығарады. 
      3. Прокурордың қаулысын уәкiлеттi орган немесе лауазымды адам заңмен белгiленген мерзiмде, ал мұндай мерзiм болмаған жағдайда, прокурор белгiлеген мерзiмде мiндеттi түрде орындауға тиiс. Қаулының орындалу нәтижелерi туралы прокурорға дереу хабарланады. Прокурордың қаулысын белгiленген мерзiмдерiнде орындамау Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.  
      (583-бапты қараңыз K010155)  
      Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.08.09 N 346 Заңымен.    

  21-бап. Санкция     

1. Прокурор жазбаша  түрде:  
      1) алынып тасталды - ҚР 2008.07.05 N 65-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;  
      2) қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген жағдайларда тiнтуге және (немесе) алуға; 
      (232-бапты қараңыз K970206) 
      3) айып тағылған адамды қызметтен шеттетуге, сезiк келтiрiлген немесе айып тағылған адамды сараптама жүргiзу үшiн медициналық мекемеге орналастыруға; 
      4) Конституциямен және заңмен қорғалатын хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф хабарлары мен почта жөнелтiмдерi құпиясына, сондай-ақ тұрғын үйге қол сұғылмау құқығына қатысты жедел-iздестiру шаралары мен тергеу әрекетiн жүргiзуге; 
      5) шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды шығарып жіберу үшiн ұстауға; 
      5-1) бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау мен жазып алуға, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулерді тыңдау мен жазып алуға;  
      5-2) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лауазымды адамдарын қоспағанда) банк құпиясын құрайтын құжаттарға қол жеткiзуіне; 
      5-3) (алып тасталды - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен); 
      5-4) Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған және тергеуден жасырынып жүрген адамға қатысты халықаралық iздестiру жариялауға; 
      6) тiкелей заңмен көзделген өзге жағдайларда санкция (келiсiм) бередi. 
      2. Көрсетiлген iс-әрекеттердi жасауға санкция берудi немесе оны беруден бас тартуды прокурор санкция сұрауға негiз болған материалдарды зерделегеннен кейiн лауазымды адамның қаулысына қарар түрiнде немесе өзге жазбаша нысанда жиырма төрт сағаттың iшiнде ресiмдейдi. 
      3. Адамның және азаматтың бостандық құқықтарын шектеуi мүмкiн жедел-iздестiру және өзге қызмет мәселелерi жөнiндегi ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуына келiсiм бередi.  
      Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.08.09 N 346, 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшіне енеді), 2008.07.05 N 65-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 N 30-V(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.    

  22-бап. Нұсқау     

1. Прокурор: 
      1) қылмыстық iстердi қозғау мен тергеу жүргiзуге байланысты анықтама және тергеу органдарына; 
      2) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарға;  
      3) заңмен белгiленген өзге де жағдайларда нұсқау бередi.  
      2. Республика Бас Прокурорының жедел-iздестiру қызметi, анықтама және тергеу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк сипаттағы нұсқауын барлық тергеу және анықтама органдары, жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар орындауға мiндеттi.     

  23-бап. Өтiнiш     

1. Прокурор заңға сәйкес бұзылған құқықтарды қалпына келтiру және мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiн қорғау үшiн сотқа талаптық өтiнiш жасауға хақылы. 
      2. Прокурорлық қадағалау актiлерi қабылданбаған немесе олар заңда белгiленген мерзiмде қаралмаған жағдайларда прокурор органдар мен лауазымды адамдардың iс-әрекеттерi мен актiлерiн жарамсыз деп тану туралы, сондай-ақ заңды бұзушылықты болдырмау туралы сотқа өтiнiш беруге құқылы. Прокурор наразылық келтiрiлген актiнiң күшiн арызды сот қарағанға дейiн өз қаулысымен тоқтата тұруға құқылы. 
      3. Сотқа берiлген прокурорлық қадағалау актiлерiнiң қабылданбауына немесе қараусыз қалдырылуына байланысты өтiнiштi сот заңда белгiленген тәртiппен қарайды. 
      4. Прокурордың өтiнiшiне мемлекеттiк баж бен өзге де алымдар салынбайды.  
      Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.08.09 N 346 Заңымен.    

  24-бап. Ұйғарым     

1. Заңды бұзушылықты  жою туралы жазбаша ұйғарымды  прокурор енгiзедi және оны  заңды бұзуға жол берген органға  немесе лауазымды адамға, не жiберiлген  заң бұзушылықты жоюға өкiлеттi органға немесе лауазымды адамға  жiбередi. Егер заңды бұзу ашық  сипатта болып, адамның және  азаматтың құқықтары мен бостандықтарына,  сондай-ақ заңды тұлғалардың,  қоғам мен мемлекеттiң заңмен  қорғалатын мүдделерiне елеулi  зиян келтiруi мүмкiн болған және  ол дереу жойылмайтын болған  жағдайда, ұйғарым енгiзiледi. Ұйғарымды  нормативтiк құқықтық актiлерге  енгiзуге болмайды. 
      2. Ұйғарымда Конституцияның, заңдар мен Республика Президентi актiлерiнiң бұзылған нормалары көрсетiлiп, құқық бұзушылықтың сипаты мен заң бұзушылықты жою жөнiндегi шаралар туралы нақты ұсыныстар болуға тиiс. 
      3. Ұйғарым прокурор белгiлеген мерзiмде мiндеттi түрде орындалуға тиiс. Ұйғарымның орындалуы туралы прокурорға дереу хабарланады. Прокурордың ұйғарымын орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгенжауаптылыққа әкеп соғады. 
      4. Ұйғарымға жоғары тұрған прокурорға не сотқа шағым берiлуi мүмкiн. Ұйғарымға шағымның берiлуi оның орындалуын тоқтата тұрмайды. 
      5. Жоғары тұрған прокурор немесе сот шағым бойынша шешiм қабылданғанға дейiн ұйғарымның орындалуын тоқтата тұра алады.  
      Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.08.09 N 346 Заңымен.    

Информация о работе Қазақстан Республикасының прокуратурасы