Журналист этикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2012 в 11:13, дипломная работа

Краткое описание

Этика – адамгершілік пен мораль туралы теориялық заңдар мен тәжірибелік талап-тілектерді зерттеп, қалыптастыратын ғылым саласы. Яғни, адамдардың қоғамдағы өмір сүру нормалары мен бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы ұғымды танытады. Журналист – ашық қоғамның, әділеттіктің салтанат құруының тілеулесі әрі халық мүддесінің жанашыры. Сондықтан да олар қоғамдық ортада ерекше ілтипат пен зор құрметке қашанда лайық. Публицистің абырой-атағын жоғары ұстау, оған кір келтірмеу әрбір журналистің кәсіби парызы және этикалық нормасы болуы тиіс.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
І. Журналист этикасы
1.1 Журналист пен журналистиканың қоғамдағы рөлі........................................5
1.2 «Журналистік этика» ұғымына түсінік.........................................................12 1.3 Журналистік этиканың негізгі қағидалары ..................................................13
1.4 Журналистің әлеуметтік ұстанымы мен кәсіби этикасы хақында..............19
1.5 Саяси журналистер кәсіби этикасы ..............................................................25

ІІ.Эфир этикасы
2.1Журналистің телеэфирдегі тіл мәдениеті......................................................34
2.2 Тікелей эфир ерекшеліктері...........................................................................38
2.3 Телевизиянық тікелей эфир сұхбаттары және журналистің кәсіби шеберлігі...........................................................................................................41
2.4 Диктор және тележүргізуші мәдениеті туралы ............................................45

Қорытынды............................................................................................................53

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................55

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом журналистика2003соңғысы.doc

— 396.50 Кб (Скачать документ)

 

1.3 Телевизиянық тікелей эфир сұхбаттары және журналистің кәсіби шеберлігі мен   эфир мәдениеті

 

Баспасөз құралдарының өзге түрлерінде жарияланатын сұхбаттарымен салыстырғанда телевизия интервьюінің өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары бар. Телесұхбатта журналист пен респондент басты рөл атқаратыны белгілі. Оның сыртында эфирден тыс олардың әңгімелерін даярлап жарыққа шығаратын шығармашылық топ, техникалық қызметкерлер тұрады.

Телесұхбат тікелей және жазылымдық (запись) деген екі түрлі формада эфирге шығарылады. Оның өзін ішінара ток-шоу және ақпараттық сұхбат деген екі негізгі топқа бөлуге болады. Ток-шоу белгілі бір мәселені арнайы тақырып бойынша көтеріп, оны негізгі көздер арқылы анықтайды және ішкі сырларын ашып, халыққа түсіндіруді мақсат етеді. Ал, ақпараттық сұхбаттың мақсаты – оқиға, көріністер жайында ресми ақпарат көздерінен мәселенің мәнін нақтылайды, тақырыпты жан-жақты айшықтайтын сұрақтар арқылы көрерменге кең мағлұмат беруді мақсат етеді (Юровский А.Я. Основы телевизионной журналистики. с.68-88).

Алайда, тақырып түрлерінің қандай екендігіне қарамастан телесұхбат жасаушы журналист өз командасымен яғни, оператор, режиссерлерімен қоян-қолтық жұмыс істеуге тиіс. Себебі, сұхбат жүргізу тізгіні журналистің қолында болғанымен команданың өзге мүшелеріне телехабардың мазмұнын, маңыздылығын түсіндіріп алдын ала пысықтап қоймаса жазылым барысында түсінбестіктің туындауы ықтимал. Оның өзі телесұхбаттың сәтті шығуына көлеңкесін түсіруі мүмкін. Сондықтан, телесұхбат басталмай тұрып, журналист, оператор, режиссер үшеуінде де тақырыптың мазмұны жайында нақты әрі біртұтас ұғым қалыптасқан болуға тиіс.

Телевизия сұхбаттары ақпараттық немесе проблемалық ток-шоудың қай түрінде өтсе де, мейлі, тікелей эфир ме жазылымдық па дегеніне қарамастан қойылатын талаптар ортақ. Олай болса, сұхбат тақырыбы, мазмұны мен маңыздылығына қарай журналист пен респонденттің интервьюге қатысты бейне сюжеттерін қалай түсіруді, оларды сұхбаттасу кезінде қандай сәтте эфирге қалай шығаруды телережиссер шешеді. Сюжетке лайықты музыка, дауыс, дыбыс жағын дыбыс режиссері мен операторлары продюсермен, режиссермен ақылдаса отырып реттейді. Осындай шығармашылық топтың  идеялары ортақ мүддеге тоғысып, бір жерден шыққанда ғана телеөнім толыққанды түрде көрермен қауымның сұранысын өтей алады.

Журналистің кәсіби шеберлігі сұхбат барысында елеулі рөл атқарады. Тележурналист сұхбаттасушы тұлғаның эмоциясын, қойылған сұрақтарға реакциясын толық сезінумен қатар жауаптарын да мұқият қадағалап, негізгі тақырыптан ауытқыған жағдайда сыпайы түрде басты арнаға салып отыруы қажет. Себебі, эфир уақытын үнемдеу және көрермен қауымның арнайы бөліп отырған уақыт зая кетірмеу, маңызы төмен бос әңгімеге жол бермеген абзал Журналистің жүргізген сұхбаты тартымды болуы үшін ол сөз болып отырған тақырыпты респонденттен де артық білген, алған мағлұматы мол болуға тиіс. Жалпы сұхбат берушілер де талқыланатын тақырыпты терең білетін журналистермен қатынасқанды артық көреді. Себебі, олардың арасындағы сұрақ пен жауап тергеу ісі емес, нағыз іскер, білімдар адамдар арасындағы терең талдау, түсінікті сараптама сипатында болуға тиіс. Сонда ғана ол жанды әңгіме-дүкенге айналады. Ал, ондай сұхбатты көрермен де тұщынып көреді.

Егер сіз шынайы әрі барлық жағынан тепе-тең түсетін репортаждар мен жаңалық сюжеттерін үнемі жасап жүрген журналист болсаңыз сұхбат жүргізуде аса қатты қинала қоймайсыз. Егер журналист этикасын жиі бұзатын, енжар, тұрлаусыз қайдағы бір жазарман болса онда камера алдына респондент әкеліп әуіреленбегені абзал.

Қазіргі заман журналистері үшін негізгі талаптардың бірі белгілі бір мәлімдеменің, ақпараттың нақтылығын растайтын тетік бар ма, жоқ па дегенді алдын ала болжай алуы. Халық бәрін білуге құқылы және құпияланған дүниенің сырын ашуға тіпті құмар болып келеді.

Сондықтан, телевизия жаңалықтарын, репортаждарын, сұхбаттарын дайындайтын туындыгерлер кәсіби этика мен жауапкершілікті терең сезінуге тиіс. Алайда, практикада қайшылықтар туындап жатады. Қандай бір тосын оқиғалар, апат, қайғылы жағдайларға ұшыраған адамдар мен оны көзбен көрген жандардан сұхбат немесе синхрон алу қажеттілік туады. Осындай қиын кезде нені қалай көрсетуді, ақпарат көзін сұхбат барысында мәселеге қай жағынан қалай келуді журналист лайықты шешуі керек болады. Репортерлік топтың ортақ ойлары мен мақсаттары әрине, бұл жерде айтарлықтай маңызды. Соның ішінде топты басқарып жүрген журналистің кәсіби шеберлігі, дарын-қабілеті, қоғам мен көрермен қауымның мүддесін сезіне білетін түйсігі көрініс табады.

Қызықты жаңалықтың соңында жүрген журналист кейде өзгенің бақыты мен қайғысын, жеке бас құпиясын түсінуден қалуы да ғажап емес. Сондықтан әрдайым оқиғаны телевизия көрерменінің көзқарасы тұрғысынан екшеп, мәселені кең арнада, тепе-теңдік жағдайында көрсеткен абзал. Журналистің миссиясы мен мақсаты шынайы жағдайды жеке көзқарасына сүйенбей бейтарап түрде хабарлау екендігін ұмытуға болмайды. Себебі, журналист заңдылықты орындаушы немесе шындықты, дұрыс пен бұрысты тағайындаушы емес. Ал, біздің «Хабар» агенттігі, «Қазақстан» ұлттық арнасы секілді шығармашылық ұжымдар бейтараптылыққа әлі бейімделе алмай келеді. Оған мысал ретінде таяуда өткен сайлауалды науқан және Жаңаөзен қасіреті тұсындағы олардың әрекеттерін еске түсіруге болады.

Жалпы сұхбат беруші белгілі бір қайғы-қасірет шеккен жандар болса, апатты еске түсіргісі келмеуі, ешкіммен тілдеспей оңаша қалғылары келуі мүмкін. Ондай жағдайға да журналист құрметпен қарауға тиіс. Сонымен қатар қайғысын өзгелермен бөліссе жеңілдеп, шерін тарқатып алатын адамдар да кездеседі. Осындай жайлардың бәріне журналистер асқан сезімталдықпен қарап, біліп бажайлап отырулары қажет. Көрермен де өз кезегінде осындай қасіреттерді тікелей болмаса да олармен жанама түрде бөлісетіндігін естен шығармауға тиіспіз.

Күн, түн демей ашып-арып жүріп түсірген бейне сюжет туындыгер, әсіресе оператор үшін аса құнды дүние. Сонда да оның себеп, салдары айқындалмаған шикі күйінде болса ол бейне сюжет түкке тұрмайтын бірдеме болып қала береді. Ал, мәселенің мәнін аша түсетінғ маңызын арттыратын сол сәттегі көрініс бейне камераға түсірілмей қалған болса тағы өкінішті. Сондықтан, тележурналист пен оператор бір адам іспетті қоян-қолтық жұмыс істеуге тиіс.

Ақпарат көзінен алынып отырған сұхбаттың тақырыбы  неше жерден қызықты болса да журналист пен респондентті ғана эфирде алма-кезек  көрсетумен ғана шектелу телесұхбаттың сапалық талабын қанағаттандыра алмайды. Оны телевизияның өзге техника, технологияларын пайдаланып қызықты формамен байытып отырған дұрыс болады. Алайда, байытудың жөні осы екен деп тым шұбарлап, эффектілеп, дауыс, дыбыстармен орынсыз әшекейлеу тағы орынсыз.

Телекөрермендер әңгіме тақырыбының мазмұнын, оқиғаларын өз көздерімен көріп, ішкі сырларына терең бойлауды қалайды және оны тележурналистен үнемі талап етеді. Оларға толыққанды мағлұмат беру үшін тәжірибелі әрі білікті журналистер тақырыпқа қатысты оқиғаларды, респондентке қатысты бейне сюжеттерді алдын ала түсіріп дайындап қояды.

Оқиға өтіп  жатқан өңірден сұхбат жүргізіліп жатқан болса, тақырыпқа қатысты мәселенің бейне түсірілімдері алдын ала дайындалған болғаны тиімді. Мұндай материалдар сұхбатты қызықты ете түсумен қатар кейбір маңызды тұстарын ешбір түсініктемесіз-ақ аудиторияға өзі жеткізеді.

    Проблема көтерген сұхбат барысында журналист респондентінің айтқан сөзін, жасаған мәлімдемесін шындықтың шыңырау шегі деп қабылдаудан сақтануы қажет. Тіпті ол ресми тұлға болған күннің өзінде ол ақиқаттың жалғыз жаршысы емес. Журналист аудиторияның яғни, халықтың өкілі екендігін ұмытпауға тиіс. Сол себептен алдын ала жасалған зерттеулерге сүйене отырып, көрерменнің білгісі келген барлық сауалдарын дөп басып сұхбат беруге қоя білгені дұрыс.

Негізі респондеттің сөзі ғана көрерменге қызықты әрі маңызды. Ал, журналистің жеке көзқарасы, түрлі түсіндірмелері, бос сөздері керісінше, телекөрерменнің төзімін таусатынын ұмытпауға тиіспіз. Бұл әрине, сұхбат тізгінін респондентке беріп қойып, соның ығына жығылу, жетегінде кету деген сөз емес.

Телесұхбатты жүргізгенде журналистен кәсіби шеберлік, терең білім мен біліктілік,  эфир мәдениеті талап етіледі. Жазылымдық (запись) сұхбат кезінде кеткен қателіктерді монтаждауға, жөнге келтіруге болады. Ал, тікелей эфир кезінде журналист үшін ондай мүмкіндік жоқ. Сонысымен де зор жауапкершілік жүктеледі. Себебі, көрермен қауым эфирдегі бағдарламаның тізгінін ұстап отырған тележурналистің кәсіби шеберлігіне, білімі мен пайымына, жеке мәдениетіне қарап тек тұлғаның өзіне ғана емес, күллі телевизия ұжымына баға береді және қазіргі заманның қоғамдық талабын түсінеді, үлгі өнеге алады.

Саяси науқан, сайлауалды насихат, қоғамды елең еткізген өткір әрі даулы мәселелер бойынша ток-шоу өткізгенде бір біріне қарама қайшы позиция ұстанатын топтардың екі немесе одан да көп ақпарат көздерін қамтуға, олардың өзара диалог құруларына, пікірлерін ортаға салуларына жағдай жасайтын телевизияның мол мүмкіндігі бар. Мұндай ток-шоу бағдарламаларын тікелей эфирге шығару ғана шынайы әрі тиімді болмақ.

Сондай-aқ, телевизияның өзге ақпарат құралдарындағы сұхбаттардан өзгешелігі қазіргі заманғы озық техника, технологияның көмегі арқылы әлемнің әр тарабынан ақпарат көздерін бір сәтте эфирге жинақтап, бәрімен тікелей байланыс жасау арқылы ой, пікірлерін халықпен бөлісуіне жағдай жасай алады. Осының өзінен оның ақпарат құралдарының ең негізгі миссиясы болып табылатын ақпаратты жедел жеткізу талабын толықтай қанағаттандыра алатындығын аңғаруға болады.

Тікелей сұхбат барысында кездесетін бір қиындық – респонденттің жауабынан туындатып сұрақ қою қабілеттілікті барлық журналистердің бәрі меңгере бермейтіндігі. Бұл әсіресе, жас журналистер үшін тіпті оңайға соқпасы анық. Тележурналист оқиғаға қатысып отырса да, кез келген жағдайда ақпарат көзімен қоғамдық-саяси, экономикалық-әлеуметтік, заңдық-құқтық  тақырыптардың бәрімен де еркін пікірлесетін, көрерменнің көкейіндегі сауалды тастай алатын, мәселені салмақтап, таразылай білетін болуға тиіс.

Сонымен қатар телевизияның тікелей эфир сұхбаттары әрдайым уақыттың тарлығына кіріптарлықпен өтетіндіктен тележурналист минутпен жарысып, онымен санасып режиссердің ескерпелерін үнемі қаперде ұстап жедел қимылдауы қажет болады. Бұл да тележурналистің игеруге тиіс көптеген қабілеттіліктерінің бірі.

Телесұхбат әзірлеп өткізгенде жоғарыда айтылған ерекшеліктер мен талаптардың болатындығына қарамастан жалпы журналистикаға ортақ өзге ұстанымдар мен нормалардың тележурналиске де міндетті түрде қойылатындығыны атап өткен жөн.

 

1.4 Диктор және тележүргізуші мәдениеті туралы

 

Бұл екеуі екі басқа ұғым ба, әлде, бір түсініктің аясындағы екі түрлі нысан ба, немесе қосарланған (гибрид) тұрпаттағы мамандықтың атауы ма? - дегеннің басын ашып алайықшы, ең алдымен.

Бағдарламаны эфирде жүргізетін, мәтінді оқып телекөрерменге ұсынатын телевизия маманы. Егер осылай деп анықтасақ, анықтама екеуіне де ортақ. Сол сияқты екеуіне қойылатын талап, жүктелетін жауапкершілік, артылатын міндет те бірдей болып шығады. Дегенмен ішінара болсадағы әйтеуір, айырмашылықтың болуы дау тудырмаса керек.

Дикторден тұнық әсем дауыс, дұрыс әрі анық дикция, сөйлеудің жоғары мәдениеті мен терең білім, алғырлық, тез ойлап пайымдау қабілет, төзімділік секілді өзге мамандардан дараланып тұратын көптеген қасиеттер талап етіледі. Олар біреу жазған мәтінді жай ғана оқып шыға салатын адамдар емес. Автордың айтар ойын толық түсініп, тақырыптың мазмұнына терең бойлап, әрбір сөз, сөйлемді дауыс ырғағы мен үн тынысына сай мәнерлеп лайықты жеткізумен қатар көрермен қауыммен жылы қарым-қатынас жасай білуге тиіс.

Жалпы белгілі бір бағдарламаны талапқа сай тартымды жүргізу дегеніміз дикторден де, тележүргізушіден де дарын, қабілеттілікті, алғырлықты талап етері белгілі. Ал, оны журналист, редактор немесе автор өзі атқарды ма, әлде, диктор немесе тележүргізушінің қабілеттілігінің арқасында эфир арқылы тарады ма дегеннің қайсы болсын, бәрібір хабар жүргізу шеберлікпен тығыз байланысты туындайды.

Соңғы жылдары жарыққа шыққан түсіндірме сөздіктердің бірінде бағдарлама жүргізушісі (host) мен диктордің (anchor) айырмашылығын анықтаған. Ол  «anchor - бағдарламаның барлық мазмұнын жеткізуші. Ал, host радио, телевизияның бағдарламасын игере отырып, шешім қабылдайтын тұлға» деп түсіндірген. Оның түсіндіруіне қарағанда, anchor жаңалықтарды эфир арқылы жеткізуші - диктор, ал, host белгілі бір телехабарды көрермен алдына ұсынушы - жүргізуші болмақ. Олай болса, мынандай дәйектеме ұсынуға болады:

Енді бұлардың әрбірінің ерекшеліктеріне тоқталайық.

Диктор деген мамандық жүргізушіден әлдеқайда бұрын радио, телевизия өмірге келгенде онымен бірге пайда болған.  Барлық елде радио мен телевизияның үні осы дикторлар арқылы қалыптасты. Барлық елде дикторлар радио мен телевизияның алғашқы үні әрі көрнекті өкілі ретінде тарихта қалды. Кеңес одағы тұсында да дикторларға биік талап қойылды. Елдің ішкі және сыртқы саясатын терең түсінген, білімі мен пайымы терең адам ғана диктор бола алады делінді. Шын мәнінде диктор дарын-қабілеттілікті, жағымды әсем дауысты, анық та айқын сөз саптауды, әртістікті терең меңгерген маман болуға тиіс болды.

Диктор - шебер шешен оқу мәнерімен мәтінді жандандыратын ішкі жан дүниесі бай өнер адамы. Диктордің жүргізушіден айырмашылығы неде? -дегенге келсек, ол аудиторияны басқарып, бағыттап отырмайды. Оның атқаратын міндетінің өзі тыңдаушылар мен көрермен қауымға ақпаратты, журналистің дайындаған мәтінін жеткізу. Алайда, бұл диктор қызметінің қатып қалған қағидасы емес. Егер диктор бағдарлама жүргізетін,  тікелей хабарға жетекшілік ететін болса, әрине, ол қатысушылармен, аудиториямен қарым-қатынас жасауына тура келеді.

Бағдарлама жүргізу кезінде тіл байлығының мүмкіндіктерін толығымен пайдалану, сөзді мазмұнына сай дұрыс қолдану талаптары қойылады. Ал, хабар мәтінін оқығанда диктордің оқу мәнері мен өзіндік тәсілі айқын көрініс табады. Кейбір дикторлерде жүргізушілік мүмкіндігі кең, қабілет-қарымы жеткілікті болғанымен оқудың аясынан шыға алмай тар шеңберде тұйықталып қалатыны бар. Сондықтан, жүргізушілер секілді еркін қимылдай алмайды. Радио, теледидар арқылы жаңалықтар жеткізудің, рөл ойнап, образ жасаудың, тікелей эфирде әңгіме-дүкен құрудың, бағдарлама жүргізудің әрбіріндегі шеберлік қабілеттілік өзара айырмашылықта болады. Мысалы, драмада ойын негізгі орынға шықса, бағдарламада жүргізушінің комментарийі, ал, жаңалықтар қызметіндегі оқылым түсінікті, қысқа әрі анық және жеңіл екпенді болуға тиіс.

Бүгінгі таңда жүргізушілік мәнерді алға шығару бағыттың кең өріс алғаны рас. Алайда, бұдан диктордің позициясы төмендеп, жүргізушінің дәурені жүріп тұр деп түсіну тағы сыңаржақтық болар еді. Мысалы, Жапонияның әлемге әйгілі NHK телекомпаниясы жыл сайын 25 дикторді жұмысқа қабылдайды екен. Бұл туралы мәлімдеген аталмыш компанияның дикторы Миада Осамуи олардың бесеуі ғана әйел адамдар болатындығына назар аудартқан. Сондай-ақ, «Америка даусы» радио станциясы халықаралық жаңалықтарын оқитын дикторлерге әркез байқау жариялайтындығын оның вэб сайтынан жиі кездестіруге болады. Шет елдерде дикторлерге деген сұраныстың, беделінің қандай деңгейде екендігін жоғарыдағы мысалдардан айқын аңғаруға болады.

Информация о работе Журналист этикасы