Жалпы тіл білімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2015 в 10:07, реферат

Краткое описание

Жалпы тіл білімінің анықтамасы. Ол, біріншіден, тіл білімінің теориялық саласы болса, екіншіден, оқу пәні болып есептелінетіні. Соңғы мағынадағы оның мақсаты мен міндеті. Жалпы тіл білімінің нысаны адамдардың дыбыстық тіл. Жалпы тіл ғылымы тілдің құрамын, функциялық сипаттарын, даму заңдылықтарын, сыртқы дүниемен, қоғаммен, ой-cанамен, мәдениетпен қарым-қатынасын түгел алып, жан-жақты зерттейтіні.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жалпы тіл білімі әдістеме.doc

— 674.00 Кб (Скачать документ)

-  волапюк, эсперанто  деп аталатындар.Мұның алғашқысы - әлемдік тіл деген мағынаны  білдіретін ағылшынның вола, пюк  деген екі сөзінің бірігуінен  жасалған.Бұл жобаны 1880 жылы неміс  католигі Шлейер жасаған.Кейбір  әдебиеттерде бұл жасанды тілді 200 мыңдай адам қолданған дегенді айтады.Бірақ волапюк өріс ала алған жоқ.

Жасанды тілдер ішінде көптеген елдерде тарап, кең етек алған қазіргі түрі эсперанто деп аталады. Эсперанто 19 ғасырдың екінші жартысынан бері қарай белгілі болып келеді.Оны қалыптастырушы және оған осы атауды беруші – поляк дәрігері Заменгоф.Ол 1887 жылы жарық көрген «Лингвоинтернация» (халықаралық тіл) деген кітабына эсперанто деген бүркеншік атты автор еткен. Эсперанто үміттенуші деген мағынаны білдіреді.Асылы, Заменгоф өз жобасына әлемдік тіл болады деп сенетіндігін білдіргісі келген болу керек. Эсперанто келе – келе осы атпен дүниенің төрт бұрышына тегіс тарады, бастапқы түрі біраз өзгерістерге ұшырап, жетіле де түсті.Бұл күнде эсперантомен шұғылданушылар саны едәуір артты, ел – елде бұл жасанды тілді зерттеуші, таратушы арнаулы одақтар құрылды.Кейбір мәліметтерге қарағанда, 56 елде эсперантистердің ұлттық бірлестіктері бар көрінеді.Бұлар бірнеше рет халықаралық эсперантолық конгрестер, конферанциялар өткізген.25 – тей радиостанция эсперанто тілімен хабар таратып тұратын көрінеді. Эсперанто тілінде оқулықтар, әр түрлі зерттеу еңбектері, жобалар, журналдар шығарылған және шығарылып та тұрады.Лондондағы арнаулы эсперанто кітапханасында осы тілде жазылған 30 мыңдай еңбек жиналған көрінеді.Россияда эсперанто одағы 1920 жылы құрылып, жұмыс істеп келеді.

Эсперантоның тілі жеңіл де қарапайым.Оның сөздік құрамы үндіеуропа және басқа да тілдерге белгілі ортақ сөздер негізінде жасалған. . Эсперантода не бары 16 грамматикалық ереже, 40 – қа жұрнақ пен сөз алды қосымша бар.Әліппесі латын графикасы негізінде жасалған, ол 28 таңбадан тұрады.Ғылыми – техникалық терминдер есебінен эсперантоның сөздік қоры молайып отырады: түбір сөздер саны 1887 жылы 927 болса, 1970 жылы 16000-ға дейін көбейген.

Эсперанто – нағыз тіл емес, тілге көмекші, тәжірибе ретіндегі дүние.Оның сипаты мен мәні, қызметі, болашағы туралы ғалымдар арасында бірізділік жоқ. Эсперантоның тар шеңберлігі, материалдық құрылымының тапшылығы, тым қарапайым жұпынылығы, қызметтік мүмкіндік өрісінің тарлығы оның болашағына күдікпен қарауды арттыра түседі.

Ұлтаралық қатынастардың, билингвизмнің қазіргі даму барысы әр ұлттың өз туған тілі шеңберінде ғана қала алмайтынын, өз тілімен қатар ұлтаралық тілді де жете меңгеру қажеттігін байқатып отыр.Әр түрлі ұлттардың бір – бірімен бөгетсіз қатынас жасау қызметін атқарушы ұлтаралық тілдер қазірдің өзінде де жер шарының біраз аймақтарында қалыптасқаны белгілі.Көп ұлтты мемлекеттерде халықтардың өмірлік қажеттілігі туғызған осы фактілерді ескере отырып, ғалымдар халықаралық қатынастар жолында зор қырсық болып отырған тілдік бөгетті адам баласы бұзбай қоймайды, сөйтіп, халықтардың барлығына ортақ әлемдік тілдің қалыптасатыны даусыз, бірақ бұл міндетті эсперанто сияқты жасанды, көмекші тіл атқара алмайды, әлемдік тіл нақтылы бір тілдік фактілер негізінде пайда болмақ, бірақ оның қандай тіл болатынын қазір тап басып айту қиын дегенді айтады.

Ұлттық өзгешелік, ұлттық тіл дегендердің тарихи категория екендігін, дүние жүзінде коммунистік қоғамның жеңуімен ол өзгешеліктердің де бірте- бірте жойылатынын, сөйтіп, адам баласының бүкіләлемдік бір тілде сөйлейтінін марксизм классиктері айтқан.В.И.Ленин ешбір ұлтқа, ешбір тілге артықшылық берілмесін дей келе, социализмнің негізгі мақсаты – адам баласының ұсақ мемлекеттерге бөлшектенуін, ұлттардың оқшаулығын жою ғана емес, олардың қосылуын да көздеу деген болатын. В.И.Лениннің бұл айтқандарын бүкіл Кеңес тіл ғалымдары өз жұмыстарында басшылыққа алуға, бағдарлама деп түсінуге міндетті болды.Түптеп келгенде, Л.Брежневтің Ресей отарындағы ұсақ ұлттардың дербестігін жойып, орыс халқының құрамына қосып, Совет халқы деген бір ғана атаумен атауды ұсынуы да, Н.Хрущевтің коммунизмге Кеңес одағы құрамындағы ұсақ ұлттар тілдерін жойып, бір ғана тілде, орыс тілінде, сөйлеп жетуін уағыздауы да жоғарыда келтірілген В.И.Ленин өсиетінен туындаған болатын.

Белгілі бір этникалық топ немесе ұлт өкілдері арасында қатынас құралы қызметін атқаратын ортақ тілді – жалпыхалықтық тіл деп атаушылық бар.Бірақ бұлай атаудан жалпыхалықтық тіл тұтас, бөлшектенбейтін, абсолюттік бірліктегі құбылыс деген ұғым тумайды.Тілдің жалпыхалықтық оның құрылымдық, жүйелік тұтастығында, грмматикалық құрылысы мен дыбыстық жүйесінің және сөздік құрамының негізгі салаларының бірыңғайлығында, сөйлеу, дыбыстау, интонация дағдыларының бір тектестігінде.Ал, жеке сөздерді, жеке дыбыстарды, кейбір сөздердің мағыналарын түсіну жағынан алғанда, жалпыхалықтық тіл бір қалыпты бола бермейді.

Өйткені тіл өзін пайдаланушы қауымның сөйлеу әрекеті тәжірибесінде қалыптасып дамиды.Ал, тілді қолданушы қауым мүшелері әлеуметтік жағынан да, кәсібі, білімі, рухани өрісі жағынан да, жасы, жынысы жағынан да біркелкі емес.Мұндай өзгешеліктің жалпыхалықтық тілді қолдануда белгілі шамада болса да, ала – құлалық туғызбай қоймайтын табиғи нәрсе.

Сондықтан да жалпыхалықтық я бірыңғай ұлттық тіл дегенді абсолюттік бірліктегі тіл деп түсіну жөн емес.Ондай  тіл өмірде болған емес және болмайды да.Өйткені тіл дамуының бүкіл тарихы бойында екі түрлі факторлар – тіл тұтастығын, тіл бүтіндігін сақтайтын факторлар мен оны жарықшақтайтын, өзгешелік тудыратын факторлар жарыса жүріп отырады.Жалпыхалықтық тілде түрлі нұсқалар туғызатын да осы ерекшеліктер.Тіл білімінде жиі қолданылатын сөйлеу тілі, кітаби тіл, әдеби тіл, жергілікті диалект, говор (сөйленіс), кәсіби тіл, жаргон дейтіндер жалпыхалықтық тіл ішіндегі жоғарыда айтылғандардай қызметтік, әлеуметтік көріністердің, түрлердің атаулары.Бұлар жалпыхалықтық тілдің жеке көріністері ғана екеніне қарамастан, бір – бірінен елеулі өзгешеліктері де болады.

9. Сөйлеу тілі мен кітаби тіл. Бұлардың екеуі де бір ғана этникалық бірлік тілінің жеке көріністері, олар бөлек – бөлек тілдер емес, тіл біреу – ақ, сондықтан оларды тіл демей, стиль, яғни сөйлеу тілі стилі, кітаби стиль деген жөн.Дәстүрге айналған атауды бұзбау үшін ғана «тіл» деп отырмыз.

Ауызекі сөйлеу де, кітаби немесе жазба тіл де жалпыхалықтық тіл қызметінің екі түрлі көрінісі, екі түрі.Сөйлеу тілі – алғашқы, кітаби – жазба тіл – соңғы.Бұл алғашқының негізінде қалыптасады, соның материалдарын пайдаланады.Сөйлеу тілі тілдік мәтін жасаушылардың сандық шамасына қарай монолог, диалог немесе полилог деп аталатын түрлерге бөлінеді. Монологта тілдік мәтін жасаушы бір ғана адам болады, ал, тілдік туынды екі я одан да көп адамдардың қатынасымен жасалса, диалог немесе полилог деп аталады.

Тілдік мәтінді мағынасына, айтылу мақсатына қарай филипика (ызалы, қаһарлы сөз), полемика (сөзбен қағысу), панегирик (көпірме сөз) деп бөлуге де болады.

Ауызекі тілде қалыптасқан дәстүрден ауытқушылық (речевой хаос) бола береді.Мұнда тілдік материалдарды екшеп, іріктеп қолдану талғамында да шалағайлықтар, жұпынылық, үйреншіліктілік мол, диалектілік, жаргондық, тіпті кейде тұрпайылық сөз қолданыс кездеседі.Жазба қалыптасқанға дейінгі ауызекі тілдің анағұрлым сымбатты түрі – фольклорлық туындылар болады.

Кітаби – жазба тіл болу үшін жазудың, баспа орнынаң болуы шарт.Бұларсыз кітаби – жазба тіл болмақ емес.Сөйлеу тілі мен кітаби – жазба тіл этникалық бірлік тілінің екі түрлі көрінісі, екі түрі дедік.Негізінен алғанда, солай екені рас, бірақ кітаби – жазба тіл этникалық бірлік тілі негізінде болмай, жат жұрттың кірме тілі болуы да мүмкін.Еуропа халықтарының ұзақ замандар бойына жазба тіл етіп латын тілін, бірсыпыра шығыс халықтарының араб тілін пайдаланғаны жоғарыда айтылады.Қандай негізден туғанына қарамастан, кітаби – жазба тілдің сөйлеу тілінен едәуір өзгешеліктері болады.Ондай өзгешелік, ең алдымен, бұлардың қолданылу орындары мен қызметтік мақсаттарында кездеседі. Кітаби – жазба тіл мемлекет басқару істерінде, ғылымда, көркем туындыларда қолданылады да, ауызекі тіл, негізінде, күнделікті тұрмыс мүддесіне қызмет етеді.Тіл қызметінің бұл екі түрі айтылған ерекшеліктерін күні бүгінге дейін сақтауда.

Жат жұрт тілі негізінде қалыптасқан кітаби – жазба тіл тек оқыған ат төбеліндей азшылық арасында ғана қолданылады және соларға түсінікті болады, жалпы халық оны қолдана білмейді, түсінбейді де.

Қазіргі заман тіл білімінде кітаби тіл дегенді өз ішінен әр түрлі стильдерге (тілдерге) бөлушілік бар.Олардың қатарына ғылыми – публицистикалық, көркем туындылар тілі (дұрысы – стилі), соңғысын өз ішінен прозалық, драмалық, поэтикалық тіл (стиль) деп бөледі.Мұндай стильдерге бөлушілік ұлттық әдеби тілдің қалыптасуына байланысты соңғы замандарға пайда болған.

Ежелден келе жатқан ауызекі тіл мен кітаби – жазба тілді бір – біріне қарсы қоя қарау әдеби тілдің, оның әр алуан стильдік түрлерінің тууына байланысты кейінгі замандарда анағұрлым күрделене түсті.Қазіргі заманда бір – біріне қарсы қойыла қаралатындары әдеби тіл, жергілікті диалект, жаргондар.

10. Әдеби тіл. Ұлттық тілдің бір белгісі онда міндетті түрде жазба әдеби тіл болады.Әдеби тіл – ұлт тілінің ең жоғарғы түрі, оның өңделген, жөнделген, ең үлгілі саласы. Әдеби тіл – жалпыхалықтық тіл маржанын жинақтап, сұрыпталған, екшелген, қызметке бай, әлеуметтік сипаты мен стильдік ерекшеліктері мол сала.

Әдеби тіл дегеннің не екенін түсіндіруде бірізділік жоқ. «Общее языкование» деп аталатын акдемиялық еңбекте «әдеби тіл дегеннен оның қандай формада іске асуына (жазба түрде ме, ауызекі ме) қарамастан, кез келген тілдің өңделген, екшелген түрі түсініледі», - деп жазады.Бұған қарағанда әдеби тіл дегенді тек жазба тіл деп түсінбеген жөн.Ал, басқа көптеген әдебиеттерде әдеби тіл жазба тілмен тығыз байланыста қаралады.

Әдеби тіл дегеніміз, негізінде, жазба тіл.Оның қалыптасуы жазба тілдің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты.Сөз жоқ, тілдік материалдарды іріктеп, екшеп, өңдеп қолдануға талаптанушылық қай дәуірде болса да және сөйлеу тілінде де бола береді.Жазба тілдің жоқ кезеңдерінде кең етек алған фольклорлық туындыларда тілдік материалдарды екшеп, іріктеп, өңдеп қолдану болмады деу жөн болмас, алайда, ауызекі тілдегі өңдеу, екшеулер мен жазба әдеби тілдегі өңдеу, екшеулер бір емес.Мұндағы өңдеу – жөндеулер, екшеп іріктеулер - әлдеқайда жетілген, бір ізге түсіп орныққан, бүкіл тілдік қауым таныған, қабылданған, барлығына бірдей міндетті үлгігі, нормаға айналған өңдеулер.

Әдеби тіл жазба тіл негізінде қалыптасып, орнығып, халық арасына кең тарағаннан кейін, ол тек жазба түрде ғана емес, ауызекі сөйлеу тілі арқылы да іске асып отырады. Әдеби тіл дегеніміз – жалпыхалықтық, біртұтас ұлттық тілден мейлінше бөлек жатқан дүние емес; ол солардың өңделген, жетілген, жоғарғы сатысы, жалпыхалықтық тілдің диалект, сөйленіс, жаргон, ауызекі тіл сияқты қызметінің бір түрі. Әдеби тіл де тарихи құбылыс.Сондықтан ондағы өңдеу, екшеп, іріктеп қолдану дегендердің дәрежесі барлық тілдерде және барлық дәуірде бірдей болмақ емес, олар да төменгі дәрежеден жоғары сатыға біртіндеп көтерілмек.

Ұлттық тілде әдеби тілдің болуы шарт болғанымен, әдеби тіл болу үшін ұлттық бірліктің болуы міндетті емес. Әдеби тіл ұлттық бірлікке дейін де бола береді.Ол дәуірдегі әдеби тіл оны қолданушы қауымның тарихи жағдайына, мәдени дәрежесіне қарай белгілі бір жергілікті диалект негізінде қалыптасуы да немесе күшпен енген жат жұрттықтар тілі болуы да мүмкін.

Әдеби тіл кенеттен, ғайыптан пайда болмайды.Ол бұрыннан бар белгілі тілдің негізінде жасалады. К.Маркс пен Ф.Энгельс «Неміс идеологиясы» дейтін еңбегінде ұлт тілі мен әдеби тіл қалыптасуының үш түрлі жолын көрсетеді.

1. Бұрыннан бар  халықтық тіл негізінде қалыптасады.Мұндай  әдеби тіл әр халықтың өзіне  тән тума төл тілі болып  есептеледі.

2. Әр түрлі ұлттардың, олардың тілдерінің араласып  будандасуы негізінде белгілі  бір тіл бірнеше ұлттар әдеби  тілдерін қалыптастыруға негіз болуы мүмкін.Мысалы, мамандардың айтуына қарағанда, Латын Америкасында тұратын жиырма шақты ұлт, ұлт тілі әдеби тіл ретінде испан тілін пайдаланады; ағылшын тілі ағылшындардың да, солтүстік американдықтардың да, канадалықтар мен новозеландиялықтардың да ұлттық тілі; неміс тілі немістердің де, австриялықтардың да; португаль тілі португальдықтардың да, бразилиялықтардың да ұлттық тілі т.б. Тіл білімінде бұлар ортақ тілдер деп аталады.Әрине, негізіне ортақтық жатқанымен, бұл ортақ тілдердің әр ұлт ішінде қолдануларында, нормасында бір – біріне ұқсамайтын өзгешеліктер болмай қоймайды.

Мұндай ортақ тілдер әр ұлттың өз ішінде ұлттық бірліктің белгісі, көрсеткіші болғаны болмаса, ұлттар аралығы тұрғысынан алғанда, ол өзін қолданушы әр түрлі этникалық топтардың бір тұтастығының, бір ұлттығының көрсеткіші, кепілі бола алмайды.

Өзара туыстас, төркіндес, бір – бірімен тығыз байланысты диалектілірдің шоғырлануы негізінде қалыптасады.Мұндай жағдайда ол диалектілер ішіндегі басқаларға қарағанда жалпылық, ортақтық сипаты молырақ бірі ұлттық әдеби тілдің қалыптасуына негіз болуы мүмкін.Қазақ әдеби тілі осылай қалыптасты.

Жазба тіл деген бар да, жазу деген бар.Бұл екеуі өзара жақын болғанымен, бір ұғымды білдірмейді.Жазба тіл – баспасөз тілі, ғылым – білім тілі.Ал жазу - әліппе, ойды қағаз бетіне түсіру үшін қолданылатын таңбалар жиынтығы.Жазу болған жердің бәрінде қалыптасқан жазба тіл, әдеби тіл бола бермейді.Мысалы, басқа да түрткі халықтары сияқты қазақ халқы да араб жазуын ертеден бастап – ақ қолданды.Бірақ, біріншіден, оны қолданушылар сан жағынан мейлінше аз болды, екіншіден, жазу болғанымен 20 ғасырдың басына дейін қалыптасқан жазба тіл болған жоқ.19 ғасырдың екінші жартысында он шақты жылдар өмір сүрген «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» атты газеттер, аздаған кітапшалар, Ташкентте, Қазанда басылған қиссалар болмаса басқа мардымды ештеме болған жоқ.Тіпті өзіндік баспа орны да болмады.Ал, сол шағын басылымдардың өздері де таза қазақ тілінде емес, құранды тілде шығарылды.Қазақтың жалпыхалықтық тіліне негізделген өзіндік жазба тілін қалыптастыру талабы 20 ғасырдың бас кезінен бастап мықтап қолға алынды.Бұл істі өзгелерден гөрі «Айқап» журналы едәуір алға бастырды.

Информация о работе Жалпы тіл білімі