Жалпы тіл білімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2015 в 10:07, реферат

Краткое описание

Жалпы тіл білімінің анықтамасы. Ол, біріншіден, тіл білімінің теориялық саласы болса, екіншіден, оқу пәні болып есептелінетіні. Соңғы мағынадағы оның мақсаты мен міндеті. Жалпы тіл білімінің нысаны адамдардың дыбыстық тіл. Жалпы тіл ғылымы тілдің құрамын, функциялық сипаттарын, даму заңдылықтарын, сыртқы дүниемен, қоғаммен, ой-cанамен, мәдениетпен қарым-қатынасын түгел алып, жан-жақты зерттейтіні.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жалпы тіл білімі әдістеме.doc

— 674.00 Кб (Скачать документ)

4. Адамдардың қоғамдық  бірліктері сияқты олардың тілдері  де бір – бірінен ажырап  бөлшектену, қосылып бірігу жолынан  өткен. Тілдің қай – қайсысы  да осы күнгі дәрежесінде пайда  бола қалмаған.

Баяғы замандардан бері қоғамдық құрылыста талай өзгерістер болды.Алғашқы, тапсыз қоғамды тапты қоғам ауыстырды.Тайпалар мен халықтар бөлшектеніп ажырасты, араласып тоғысты.Ұлттар мен мемлекеттер шықты.Революциялық төңкерістер болды.Ескі қоғамдық құрылыстар орнын дамуына әсер етті.Әрбір қоғамдық экономиялық формацияның өзіндік ерекшеліктері, айрықша белгілері азды – көпті болса да, тілде белгілі із қалдырып отырады.Өйткені тілдің тағдыры сол тілде сөйлейтін, сол тілді жасаушы, оны қолданушы қауым, халық тағдырымен тығыз байланысты, соған тәуелді.

Адам қоғамының алғашқы рулық бірліктен ұлттық бірлікке қарай дамитыны сияқты, тіл де ру тілінен тайпа, халық, ұлт тіліне ауысып күрделене дамиды.

Ертедегі шағын қауымдастықтар тілінен кейінгі замандардағы күрделі қауымдар тіліне қарай даму жолында тілдер дамуында екі түрлі процесс болды.Оның біріншісі – белгілі бір дәуірдегі біртұтас тілдің өз ішінен ыдырап, жеке диалектілерге, тілдерге бөлшектену процесі.Бұл процесс – тіл білімінде дифференциация деп аталады.Екіншісі – жеке диалектілердің, тілдердің бір – бірімен жақындасу, бірігу процесі.Бұл процесс тіл білімінде интеграция деп аталады.

Тілдер дамуында болатын дифференциациялық процесс те, интеграциялық процесс те қоғамға байланысты болды.Біртұтас тілде сөйлейтін белгілі бір қауымның әр түрлі тарихи себептермен ыдырауы, бір – бірімен байланысы, қарым – қатынасы жоқ жеке – жеке топтарға бөлшектенуі ол бастағы біртұтас тілдің де ыдырауын, бөлшектенуін туғызады.Осының керісінше, әр түрлі диалектілерде, тілдерде сөйлейтін қауымдардың белгілі бір тарихи себептермен бірігулері, қосылулары олардың тілдерінің де өзара жақындасуын, бірігуін туғызады.Сөйтіп, қоғам мүшелерінің ыдырауы тілдің ыдырауына олардың бірігуі тілдік ерекшеліктердің жойылуына, тілдердің бірігуіне себеп болады.

Тілдердің ыдырап бөлшектенуі немесе бірігіп күрделенуі қоғам дамуының барлық дәуірінде бірдей дәрежеде болып отырмайды.Қоғам дамуының белгілі бір тарихи кезеңінде тілдің бөлшектенуіне, бір – біріне жақын, туыстас диалектілердің, тілдердің пайда болуына қолайлы жағдай жасалса, екінші бір дәуір, оған қарама – қарсы, тілдердің бірігуіне, диалектілік ерекшеліктердің бірте – бірте жойылуына қолайлы жағдай жасайды.

Тіл дамуында болатын дифференциациялық процесс басқа қоғамдардан гөрі ру қоғамында молырақ болады.Өйткені адамдардың жеке – жеке ұсақ қауым болып өмір сүруі – алғашқы қауымдық бірліктің негізгі белгілерінің бірі.К.Маркс бөлінуге, жекеленуге үздіксіз ұмтылу рулық қоғамның бүкіл негізіне орныққан әрекет деп көрсетеді.Ф.Энгельс өзінің «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбегінде Америка тайпаларындағы адамдардың орта саны екі мыңнан кем болғанын айтады.Оның себебі ол дәуірдегі қоғамдық тіршіліктің өзі адамдардың бір жерге көп шоғырлануын қажет етпейді.Рулар өсіп, ұлғая, адам саны молая келе, кең қонысқа бытырап кетеді.Олардың кейбір топтары басқалармен байланысын үзіп, өз бетінше өмір сүретін болады.Ондай топтар қоныс ыңғайына қарай бірте – бірте өз алдына жеке руға, тайпаға айналады.Сөйтіп, ру ішінен ру, тайпа ішінен тайпа бөлініп шығады, яғни туыстас рулар, тайпалар пайда болады.Мұндай тайпаларды Ф.Энгельс «қандас, бауырлас тайпалар» деп атайды.

Бұл ыдырау бастапқы біртұтас рулық, тайпалық тілді де ыдыратады.Өйткені бөлінген рулар, тайпалар бара – бара өздері бөлінген топтардан қарым – қатынасын біржола үзіп, оқшауланады да, әрқайсысының тұрмысында өзіндік ерекшеліктер пайда болады.Сондай ерекшеліктерге орай олардың тілдері де өзгеріске ұшырап, заман өткен сайын бір – бірінен алыстайды.Сөйтіп, бастапқы біртұтас рулық, тайпалық тіл өзара жақын, бірақ белгілі өзгешеліктері бар туыстас диалектілерге, тілдерге айналады.Бұл процесті Ф.Энгельс «бөліну арқылы жаңа тайпалар мен жаңа тілдердің жасалуы» деп сипаттайды.Бірақ бұл айтылғандардан дифференциациялық процесс рулық қоғамнан басқа қоғамдарда тіпті болмайды деген ұғым тумайды.Ұсақ бөлшектерге, помещиктік қоныстарға жіктелу феодалдық қоғамның да негізгі бір белгісі, бірақ басқа қоғамдарға, рулық қоғамға қарағанда сирек болады.Ал, қоғамдық құрылыстың бұл сипаты тілге де әсерін тигізеді.Сыртқы дүниемен қатынасын үзіп, өзімен - өзі тұйықталған помещиктік территорияда бірте – бірте тіл өзгешелігі туып, әр түрлі говорлар (сөйленістер) пайда болады.

Капиталистік қоғамда өндірісті, ортақ нарықтық қатынасты дамыту мүддесі – елдің территориялық бөлшектерге бөлінуін жойып, біртұтас капиталистік мемлекет құруды қажет етеді.Бұл кезеңде ұлттық бірлік, оның негізгі белгісі ретінде біртұтас ұлттық тіл қалыптасады.Ұлттық тіл негізінде ұлттық әдеби тіл, жазба тіл қалыптасады.Әдеби тілдің қалыптасып, дамуы жергілікті диалектілердің өрісін тарылтады.Дегенмен, буржуазиялық қоғам диалектілік ерекшеліктерді біржола жоя алмайды.Өйткені халықтың басым көпшілігі болып есептелетін еңбекші халық білімнен, сауаттылықтан шеткері болатындықтан, әдеби тіл (жазба тіл) үлгілерін меңгере алмайды.

Халқы жаппай сауаттылыққа жеткен, бірыңғай, біртұтас әдеби тіл үлгілерін таратушы – жазу тілі дамыған елде бұрын болып келген диалектілік ерекшеліктердің ұзақ өмір сүруіне мүмкіндік қалмайды.

Интеграция – дифференциацияға тура қарама – қарсы процесс. Интеграция - өзіндік тілдік ерекшеліктері бар қауымдардың бір – бірімен жақындасуларының, араласып біругулерінің нәтижесі.

Бір – бірімен жақындасып бірігетіндер, араласып тоғысатындар белгілі бір тілдің жеке диалектілері болуы да, туыстас, тіпті ешқандай жақындық қатынасы жоқ тілдер болуы да мүмкін.Екіншіден, интеграциялық процесс тілдердің бір – бірімен достық ынтымағы негізінде немесе бірін екіншісі күштеу, ассимиляциялау негізінде жүруі де мүмкін.

Интеграцияның күшке, теңсіздікке негізделген түрі – жеңіп алған, күшпен бағындырғандар мен жеңілген, бағынышты болғандардың тілдері арасында болады.Билеуші үстем қауымның тілі де үстемдік етеді.Ол қатынас жасаудың, пікір алысудың негізгі құралы есептеледі де, бағынышты қауым оны білуге, үйренуге міндетті болды.Ресей мен оның отары болған түрткі халықтары, солардың бірі қазақ халқы арасындағы жағдай осы айтқандардай болды.

Тілдің қоғаммен тығыз байланыстылығын бір кездерде өмір сүрген халықтардың, мемлекеттердің жойылуымен бірге олардың тілдерінің жойылғандығынан да байқауға болады.Қоғам тарихы мұндай фактілердің талайын біледі.Ассирия, Вавилон мемлекеттерінің, мәдениеттерінің құрып жойылуымен бірге, аккад тілі де жойылды.Хеттар мемлекетінің жойылуымен бірге оның халықтары сөйлеген несит, лувий, палай, хетт деп аталатын бірнеше ұсақ тілдер де жойылды т.б.

Тілдің кейде қауымның артында қалатыны, одан көбірек өмір сүретіні де болады, бірақ ондай тілде даму болмайды.Ол қолдану аясы өте тар, белгілі бір мақсатта, өте шағын топ арасында ғана қолданылатын тілге айналады.Католиктер тіліне айналған көне латын тілі, Орта Шығыста қолданылған классикалық араб тілі және Үндістанда қолданылған санскрит тілі т.б. дәл сондай тілдер.

Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері туралы мәлімет беру.

5. Тілдік жағдаят (ситуация). Бір тілдің немесе бір территориялық - әлеуметтік ортада қызмет ететін тілдер тобының белгілі географиялық аймақ, болмаса саяси - әкімшілік құрылым шегінде өмір сүру формасының жиынтығы тілдік  жағдаят деп аталады. Тілдік жағдаят - әлеуметтік тіл білімінің зерттейтін мәселесі. Тілдік жағдаяттың бірнеше типологиялық түрі бар, олар сандық, сапалық және бағалық белгілері арқылы анықталады.

Тілдік жағдаяттың сандық белгілеріне: тілдік жағдаятқа қатысты тілдердің саны, олардың әрқайсысында сөйлеушілердің саны, қоғамдық қатынаста әр тілдің қолданылу аясының мөлшері, қолдануда басым тілдердің саны т.б. жатады.

 Тілдік жағдаят  біркомпонентті (бір ғана тілден  тұратын) болуы мүмкін, бірақ бұл  сирек кездесетін құбылыс.Мысалы, Исландияда тек бір тілде сөйлейтіндіктен, ондағы тілдік жағдаят бір  тілге ғана байланысты.Тілдік жағдаяттың көпкомпонентті болуы жиі кездеседі.Ондай жағдайда тілдердің демографиялық, қарым – қатынастық қуатты тең немесе әр түрлі дәрежеде болуы мүмкін.Мысалы, Бельгиядағы тілдік жағдаятта француз және нидерланд тілдері тең дәрежеде қызмет етеді.Ал, Батыс Африка елдеріндегі тілдік жағдаят әр түрлі сипатта: демографиялық қуаты жағынан жергілікті тілдер басым да, қарым – қатынастық қуаты жағынан Еуропа тілдері басым.

Тілдік жағдаяттың сапалық белгілеріне: тілдік жағдаятқа қатысты тілдердің бір тектес немесе әр тектес болатыны; тілдердің функционалдық сипаты тең немесе тең емес екендігі; мемлекет аумағында басымдық ететін жергілікті тіл ме, әлде кірме тіл ме екендігі жатады.Мысалы, Мали Республикасында француз тілі, Ганада ағылшын тілі басымдық етеді.

 Тілдік жағдаяттың  бағалық белгілері қарым –  қатынастық қызметі, көркемдігі, мәдени  қадірі жағынан тілді басқа  ұлт, халық өкілдерінің немесе  оның байырғы иелерінің бағалауына  байланысты.Бұдан тілдің сырттай  және іштей бағалануы келіп  шығады.Тілді (тілдерді) іштей бағалау нәтижесінде белгілі тілдік ортада өзінің ана тіліне оң көзқарас қалыптасады.Қалыптасқан тілдік жағдаятқа байланысты бұрынғы Кеңестер Одағындағы ұлттық республикаларда билингвизм қалыптасты.Орыс тілі ұлтаралық қатынас құралы болумен бірге қоғамдық қарым – қатынаста да басым қолданылды.

6. Билингвизм. Көп ұлтты мемлекеттерде әр түрлі ұлт өкілдері бір – бірімен қатынас жасау үшін, өзінің ана тілінен басқа тілді де, өзімен аралас – құралас халық тілін де білу қажеттігі туады.Сөйтіп, өздерінің күнделікті өмірінде олар екі немесе одан да көп тілдерді жарыстыра қолдана береді.Осыдан барып екітілдік немесе көптілділік пайда болады.Ол – тіл білімінде билингвизм деп аталады.

Екі немесе одан да көп тілді қолданушылар жеке адамдар болуы да, бүкіл этникалық қауым болуы да мүмкін.Кеңестер Одағы – көп ұлтты мемлекет болды.Мұндағы әр түрлі ұлттар бір – бірімен қарым – қатынас жасау үшін, орыс тілін пайдаланды.Сөйтіп, орыс тілі – орыс ұлтының ана тілі болуымен қатар, екінші жағынан, Кеңес заманында халықтардың ұлтаралық тіліне де айналды.

Әр түрлі этникалық бірліктегі адамдардың бір – бірінің тілін білуі немесе ортақ тілді білуі олардың арасындағы қарым – қатынасты, бірлікті күшейтеді.Өйткені тіл бірлігі – халықтар қарым – қатынасында шешуші дәнекерлік қызмет атқарады.

Қазіргі замандағы халықтардың көпшілігінің екі тілді болуы, тіпті кейбіреулердің басқа тілге біржола ауысуы – ана тіл деген атаудың ұғымында да өзгерістер енгізе бастады.Қазір де ана тіл деген атауды бұрынғыша ұлттық тіл, этникалық, ұлттық бірліктің белгісі деп түсіну - әрдайым дұрыстыққа жатпайды. Өздерінің төл, тума тілін тастап, бөтен тілді ана тілім деп санаушы этникалық топтар, адамдар аз емес.Ол ол ма, тіпті бір жанұядағы адамдардың әрқайсысының әр түрлі тілді ана тіл деп жүргендері де бар. Бұл, негізінде, өзара некелескен әр түрлі этникалық бірлік өкілдерінің отбасында жиі кездеседі. Мұндайлардың ана тілім дейтіндері – олардың қай ұлтқа, қандай этникалық бірлікке жататынының көрсеткіші, белгісі бола алмайды. Сондай – ақ, белгілі бір тілдің бірнеше этникалық, ұлттық бірліктерге ортақ тіл болу фактілері де өмірде жиі ұшырайды. Бұл туралы басқа тарауларда айтылады. ұл жағдайлар тіл бірлігі, тіл тұтастығы дегенді этникалық, ұлттық бірліктің кепілі, соның көрсеткіші, белгісі дегенді байқап қолданудың қажеттігін аңдатады.

7. Креол тілдер. Африка, Оңтүстік – Шығыс Азия, Океания, Латын Америкасы жеріндегі Испания, Португалия, Франция отаршыларының ұрпағы – креолдардың тілдері. Креол тілдердің пайда болуы тілдердің пиджинделу процесімен, яғни пиджин (ағылшынның бұрмаланған business іс сөзінен) тілдердің қалыптасуымен байланысты.Бұл процесс жергілікті халық тілдері мен одан тегі бөлек келімсектер тілдерінің қарым – қатынасындағы (тоғысуындағы) тілдік жағдаятқа байланысты туған. Пиджин тілдер бір кездегі отарлау саясатына байланысты еуропалық келімсектер тілінің жергілікті этностар тілімен үнемі және жаппай қарым – қатынасы жағдайында жаңарып өзгеруінен пайда болған тілдер. Пиджиндерді еуропалық тілдердің табиғи, тарихи дамуының нәтижесі деп қарауға болмайды. Пиджинделу процесі кезінде келімсектер тілінің тілдік құрылымы елеулі өзгеріске түсіп жеңілдетіледі, жергілікті этностар тілінен кейбір формаларды, сөздерді қабылдайды.Мысалы, креол тілге жергілікті этнос тілінің кірмелер тілінде жоқ 2-3 фонема қабылдануы мүмкін. Креол тілдерінің көпшілігінде сөз түрлендіргіш парадигматика кездеспейді т.б.

Осылайша пиджин өзінің құрылымын жеңілдете отырып, қарым – қатынастық қызметін кеңейтеді де, этностың ана тіліне айналады.Сөйтіп, пиджиндер негізінде пайда болып, жергілікті этностардың ана тіліне айналған креол тілдер қалыптасады. Креол  тілдер оларды қолданған этностардың келесі ұрпақтары үшін де ана тілі болып есептеледі. Креол тілдер мен пиджиндердің өздерінің бастапқы байырғы негіз тілдерімен генетикалық байланысы үзілмейді, белгілі дәрежеде олар байырғы негіз тілдерді жалғастырушы болып табылады.Бірақ креол тілдер мен пиджиндердің даму процесінің эволюциялық қалпы бұзылады.Креол тілдерге айналу процесі креолдану болып табылады.Еуропа елдеріндегідей оларды қолданатын тілдік ұжым жоқ.Олар жергілікті жердегі аралас, әр текті халық арасында этносаралық қарым – қатынас құралы қызметін атқарып, аймақтық – типологиялық тілдік құрылым ретінде танылады.

Қазіргі кезде 50 шақты пиджин немесе тілдік тұлғалары пиджинделген тілі бар.Олардың негізінде қалыптасқан креол тілдер Африка, Оңтүстік – Шығыс Азия, Океания, Америка жерінде тараған. Кейбір үлкен аймақтарда креол тілдер койне (тілдің функционалдық бір түрі) түрінде, кейбір жерлерде (Папуа – Жаңа Гвинея) ресми тіл дәрежесінде қызмет атқарады.Креол тілдер мен пиджиндердің зерттелуі 19 ғасыр соңынан басталады.

8. Әлемдік тілдер. Тіл басқалығы барлық дәуірде де адамдар қарым – қатынасына бөгет болған. Халық оны бірін – бірі түсінбесін, күш біріктірмесін деп сыртқы бір кереметтің адам баласына әдейі істеген дұшпандық әрекеті деп түсінген. Осы бөгеттен құтылудың жолын халықтар ежелгі заманнан бастап – ақ іздестірген. Бірыңғай ортақ тілдің болуын өзіне дейінгі қоғамдық формациялардың қай – қайсынан да көбірек қажет еткен – капиталистік қоғам. Ол капиталистерге кәсіпорындарындағы жұмыстарды жолға қою, отар елдерде сауда – саттық істерін дамыта түсу үшін қажет болды.

Қоғамның, ғылым мен техниканың, халықтар қатынасының дамуы түрлі халықаралық кеңестердің, ұйымдардың, информацияның молаюы әлемдік тілдің болуын қай замандардағыдан да молырақ қажет етуде.

Қазіргі заманда кейбір ұлтаралық тілдердің бір мемлекет шеңберінде қалмай, дүгие жүзінің түрлі аймақтарына таралу фактілері бар.Мұндай тілдер қоғам дамуының барлық дәуірінде бірдей болған емес, тіл қызметінің әлемдік дәрежеге көтерілуі ол тілдің иесі болып табылатын халықтың халықаралық қатынастардағы салмағына, орнына, ғылыми, мәдени, шаруашылық өрісіне байланысты болады.Антикалық Еуропада латын тілінің бүкіл Еуропа халықтарына канондық тіл болғаны сияқты, араб тілі де ислам діні тараған аудандар үшін канондық тіл болған, 17-18 ғасырларда жер шарының әр түрлі аймақтарына кең тараған испан, француз, неміс тілдері болса, 19 ғасырда мұндай дәрежеге ағылшын тілі, 20 ғасырда орыс тілі көтеріліп отыр.Бірақ бұл тілдер халықаралық деп аталғанымен, олардың ешқайсысы да әлемдік тіл болған жоқ.Алайда, бұл бағыттағы ізденістер толассыз жүріп жатыр.Сондай ізденістің нәтижесінде бірнеше жасанды, көмекші тілдердің жобасы ұсынылды.Солардың ішіндегі ең елеулісі

Информация о работе Жалпы тіл білімі