Тілші болуды армандаймын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 12:11, реферат

Краткое описание

Иә...Адам туғаннан бәрін біліп тумайды. Барлық нәрсені, тіпті бойындағы туа біткен дарынын да уақыт өте келе біледі. Армансыз адам болмайды. Әрбір адамның өз белесі, өз арманы бар. Армансыз адам қанатсыз құспен тең.

Тілші – осы бір ауыз сөздің түр төркіні тіл. Тіл – ол адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге олардың рухани өміріндегі басты айқындаушысы да. Сондықтан да тіл мәселесі ұлт өмірінде аса маңызды шешуші рөл атқарғандықтан, алдымен назарды тілге аударған жөн. Адам негізі қай тілде сөйлесе, сол ұлттың рухымен өмір сүреді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Amanbek.docx

— 15.94 Кб (Скачать документ)

Тілші  болуды  армандаймын...

Иә...Адам туғаннан бәрін  біліп тумайды. Барлық нәрсені, тіпті  бойындағы туа біткен дарынын  да уақыт өте келе біледі. Армансыз адам болмайды. Әрбір адамның өз белесі, өз арманы бар. Армансыз адам қанатсыз құспен тең.

Тілші – осы бір ауыз сөздің түр төркіні тіл. Тіл –  ол адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас  құралы ғана емес, сонымен бірге  олардың рухани өміріндегі басты  айқындаушысы да. Сондықтан да тіл  мәселесі ұлт өмірінде аса маңызды  шешуші рөл атқарғандықтан, алдымен назарды тілге аударған жөн. Адам негізі қай тілде сөйлесе, сол ұлттың рухымен өмір сүреді.

Тіл – ол ұлт өміріндегі көз, құлақ сезім мүшелері іспеттес. Қазақ тілінің биязы мақалы домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқақ әуенділігі шырқап салар әніндей. Шешендердің  аузынан шыққан қара сөздерінің өзінде өлеңге бергісіз үйлесім бар.

Қоғамның адамгершілік жағынан  тоқырауға ұшырауы нақ осы  ана тілінің тағдырына, салғырт  немқұрайлы қарауынан басталады. Өзіңді жарық дүниеге алып келген ананың тілінде, оның аяулы үніне жаны ашымайтын  қоғамнан қандай рухани өрлеуді, нендей адамгершілікті, өркениетті күтуге болады. Ана тілінің бүгіні мен болашағына немқұрайлы салғырт қарайтын адам өз Отанының мүддесіне де дәл солай  қарамақ. Сол себепті де кейде  оның өзінің жеке басының да пайдасы  үшін жұртшылыққа ортақ Отан мүддесін көп бас қатырмай сатып жібере салуы әбден мүмкін. Олай болса, ана  тілін ұмытқан адам Отанға қауіп  болмай не болады.

Иә, тіл тазалығы тіл байлығы  жеке дәрежеңе бағынбайды. Ол – халық игілігі, мемлекет байлығы, ұлт қазынасы. Тіл мәселесі өте ауқымды мәселе. Адам баласының рухани өмірінде тілдің қатыспайтын орны жоқ. Сол себепті менің айтпағым, «Мен жастарға сенемін» деп, Мағжан жырлап кеткендей, бізге сенген ата-бабаларымыздың үміттерін ақтай білейік. "Телміріп алған теңгеден тер төгіп алған тиін жұғымды" демей ме халқымыздың даналары. Басқадан кем болмау үшін біз білімді, білікті болуымыз шарт. Ал бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Ал осы керектің жолында жұмыс істеу керек. Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім. Ешбір өнерді құрғақ тілек, құрғақ бұйрық туғызбайды.

Көркем өнердің міндеті  – табиғатқа еліктеу емес, оның сырын ашу. Жалпы құл мен қожа майданда теңеледі, ал жас пен кәрі білімде теңеледі демекші әр адам алдына қойған мақсатын біліп алуы тиіс. Бірақ, әрине, тек жаманын ғана айта бермей, жақсылығын да айту керек. Қазіргі таңда қазақ елі қарқынды даму үстінде, елдегі аяқ алыстар жаман емес екен деп ойладым. Иә, расымен жаман емес...

Осы бір тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні былай болмақ: Атамекенге" не алам" деп емес, "не беремін" деп келген мен үшін, тілші болу – ол қажымас қайратты, талмас еңбекті талап ететін салалардың бірі. Менің тілші болудағы басты мақсатым – жылдар бойына көміліп сорпа бетіне шықпай жүрген мәселелерді, ащы болса да шындықты айту. Елде болып жатқан бірталай өзгерістерге тың жаңалықтар енгізсем деймін.

Иә... мен осы мәселелерді  қарастыра отырып, оны меңгеріп, Қазақияның бір бұтағы ретінде келешекте кемеңгер, алып тілші болуды армандаймын. Оған жету жолында тәуелсіздікке, дербестікке ұмтылып, ұлттық мәдениетіміз бен дүниетанымымыздың жаңғырып өрлей түсуіне үлесімді қоссам деймін. Арманым көп, армансыз адам болады ма? Әлбетте, адам болып қалу үшін арманға жету керек.

Мағзұмхан ұлы Аманбек   ҚЖ-15  І-курс


Информация о работе Тілші болуды армандаймын