Бейімбет Майлиннің сыншылдық, сатиралық бағыттағы публицистикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2014 в 16:19, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Тума талант Бейімбет Майлиннің есімі кемелденген ұлттық әдебиетіміздің парақтарына алтын әріппен жазылды. Ол сол әдебиеттің ірге тасын қаласып, мазмұн-маңызын, көркемдік дәрежесін биікке көтерісті. Аласапыран заманның, соқтықпалы кезеңнің кедір-бұдырлы, соқпақсыз жолымен жүріп, туған әдебиетінің бар ауыртпалығын көтірісті, қаламгерлігін асқан іскерлікпен абыройлы атқарды. Ондағы ойы - қараңғылық, бақытсыздық күй кешкен, еңсесі езілген халқының озат ел санатына қосылуына, көкірек-көзін оятуға, өнер-біліммен сусындауына, сөйтіп бақытты, еркін өмір сүретін күнге жеткізуге, қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да, қаламымен өз көмек-жәрдемін беру. Аңсаған арман, өмір нысанасы - осы.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................

1 ЖАЗУШЫ СЫНШЫЛДЫҒЫНЫҢ БАСТАУЫ, ӨРІС АЛУЫ ЖӘНЕ ЖАНРЛЫҚ АУҚЫМЫ

2 БЕЙІМБЕТ МАЙЛИННІҢ СЫНШЫЛДЫҚ, САТИРАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПУБЛИЦИСТИКАСЫ: ТАҚЫРЫП ЖӘНЕ ПРОБЛЕМА

3 Б.МАЙЛИННІҢ СЫНШЫЛДЫҚ, САТИРАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

беймбет кыскар.docx

— 314.58 Кб (Скачать документ)

Бейімбеттің жер сатуға қарсылығы «Кедейлер назарына» мақаласында [10] да айқын аңғарылады. Қараоба облысындағы ауылнай мен оның жақтастары «елдің жаз жайлау қылып отырған кең сахарасы - Терісбақ жайлауын Сарыкөлдің орыстарына көп ақша, астыққа сатып жіберген». Міне, соған Бейімбет ренжиді, оның арты зиян шектіретініне назар аударады.

Бұл келтірген мысалдар Б.Майлиннің баспасөз ісіне, редакция жұмысына әлі қоян-қолтық араласпаған, белсене кіріспеген кезінде жазып, жариялатқан алғашқы мақалаларынан алынды. Осының өзін оның сыншылдық бет-бағдарының, сықақшылдық болмысының қалыптасу бастауы кезіне жатқызған орынды. Ол мақала жаза бастағанда-ақ өзі өмір сүріп отырған уақыт пен ортадағы қандай оқиға, құбылысқа болса да, оның ішіндегі келеңсіз, керітартпа, зиянды жәйттарға да енжар, бейтарап қарай алмағандығын көреміз. 1922 жылы «Еңбекші қазақ» газетіне жауапты хатшы болып келгеннен өмірінің соңына дейін газет-журналдарда істеген Бейімбет сыншылдық принципінен тартынбай, одан әрі жалғастырып, керітартпа кеселдерді, қажетсіз деп есептеген ескіліктерді, алуан түрлі келеңсіздіктер-ді әшкерелеп, қаламын қадап, түйрей түсуге мүмкіншілік те туды.   Ондай жағдайды мейлінше пайдаланбау ол үшін кешірілмес күнә еді. Оның сыншылдығы барлық дерлік жанрда жазған шығармаларында ерекшелене көрінді. Соның ішінде публицистикалық туындылары да сын-сықаққа толы. Сонымен, Б.Майлин сатираның кедір-бұдыр соқпағын апыл-тапыл басып өтіп, кең арнасына түсті.

Б.Майлин сатирасының қалыптасып дамуының негізгі бір арнасы, қайнар көзі - халықтық шежіре, әзіл-оспақ, қалжың, мысқыл.

Қазақ - әзілқой, қалжыңбас халық. Оның колоритті сөз тапқыштығы, ұшқыр ойлы әзілі таң қаларлық. Қашан да қоржынына, мысалы Қожанәсірдің, салып алып әзілін арқалап, қалжыңын қалталап, Алдар құсап күлкісін себелеп, әжуасын жетелеп жүрген жұрт. Халық мұрасынан не бір сақылдаған сатира, ойып түсер оспақ, сойып түсер сын, кесіп түсер келемеж, күтірлетер күлкі табылады. Шып етіп шағып алатын шымшыма да, тыз етіп бетіңнен отыңды шығарар жеңіл-желпі қалжың да мол. Бейімбеттің оқшау жазуға көңіліне тоқыған, өзіне нәр алып үйренген негізгі қайнары - осы халықтық сатирада, қазақы қалжыңда жатыр.

Енді бір көзі - өзінен бұрынғы ақын-жазушылардың сөз шеберлігінде. Соған да ден қойған, үйренген. Қорыта келе айтарымыз Б.Майлин жас кезінен-ақ тауып айтатын тапқырлықұа, шымшып әжуалайтын, мінеп-шенейтін тілділікке талпынды, үйренді. Соның соқпағын басып өтіп, кең арнаға шықты. Ел арасындағы неше түрлі дерттерді, келеңсіздіктерді, адам бойындағы кемшіліктерді өткір сатирамен,   мысқылды, кекесінді юмормен жазып көрсетуге аңсары ауды. Оқшау, фельетон жазуға төселіп қалыптасты. Ұлттық кескін-келбеттен, қазақтың қимыл-әрекетінен, мінез-қылығынан, сана-сезімінен, өзіне тән психологиялық табиғатынан ол байқаған сорақылықтар, кеселдер аз емес еді. Қазақ болмысындағы оралғы болып жүрген кемшіліктерге нем кетті қарай алмады, ашына айтпасқа дәті шыдамады. Кейде жұмсақтай отырып, кейде ренжіп сынады. «Қазақ ауылында болған өмірдің ұзақ көркем шежіресі» (М.Әуезов), «өз тұсындағы қазақ өмірінің Бейімбет қозғап, сөз етпеген, жазбаған мәселесі жоқ» (Т.Қожакеев) деген пікірлер Б. Майлиннің очерктеріне де, фельетондарына да, мақалаларына да қатысты.

Фельетон - сатира мен юморда көбірек көрінетін жанр. Адам тағдыры «жат мінез, теріс қылық, зиянды әдет-дағдыға қарсы аяусыз күрес үстінде өсіп» (Т.Қожакеев) жатады десек, сол күрес барысында аса қажетті, әшкерелеу үшін қолданылатын мықты қару - сатира мен юмор.

Көптеген ғалымдарымыз сатира мен юмордың табиғатына, оның әсерлі күшіне үлкен мән беріп отырды. Сатираны зерттеудің асқан теоретигі Я.Эльсберг «Сатира - болмысты әдебиет ген өнерде көрсетудің бір әдіс-тәсілі» [11, 27 б.] - деп бағаласа, Д.Николаев «сатира - маңызды, пайдалы нәрсе» [12, 30 б.] - деді. Ал тағы бір көрнекті зерттеуші У.Гуральник баспасөзде жолсапар, очерк, ашық хат, қағаз шетіне түсірілген ескертпелер, сын түсініктеме,   шолу-пародия сияқты жаңа деректі жанрлардың дамып келе жатқанына көңіл бөлді [13, 13 б.].

«Сатира өмірдегі негізсіз құбылыстарды қазып тауып, көптің көз алдына, көрініске шығарады. Оны қағып-сілкілейді, мысқылмен түйрейді, сықақ етеді. Көпті одан күлдіре тұңілтеді. Күлдіру былай тұрсын, күні өткеннің кедергіге айналғанын аңғартып, оған адам бойынан ыза шақырады, адамдарды онымен күреске, ілгері басуға, кедергіні жоқ етуге жұмылдырады», [14, 285 б.] - дейді академик З.Қабдолов. Демек, сатира - қаламгерге аса қажет қуатты құрал.

Сатираны жазатын қаламгерлер роман мен повесте де, әңгіме мен фельетонда да молынан іске жаратты. Сатира мен юмор жазатын адамның өзі барлық жағынан таза болуы керек. Ондай кісінің игілік пен ізгіліктің қадірін білетін, түсі-нетін, адамгершілік парасаттылығы биік, қайырымдылығы мен мейірімділігі мол болса, ел-жұртының, қоғамның қамын ойлап, ненің жақсы, ненің жаман екенін дәл ажыратып алуға ақыл-ойы жететін болса, жат қылықтарды, теріс бағыттарды бүкпесіз ашық айтуға бар болмысы жететін болса, міне, сондай жанның сын-сықақ, әзіл-қалжың, күлкі-мысқыл айтуға құқы болса керек. Ол қасиеттері жоқ кейбіреулердің сынаймын, қалжыңдасып күлкі етемін деп өзі келемежге айналып қалатын жайлары аз кездеспейді. Сондықтан сатира мен юморға баратын адам өз қадір-қасиетін дұрыс бағалай алуы керек, яғни өзіне өзі сыншы болуы тиіс. Міне осы талаптар тұрғысынан келсек, Б. Майлиннің сатира мен юмор жазуға,   сын айтуға толық   құқы болған деп білеміз.

Б.Майлин - фельетон жанрында көп жазған публицист. Оның қарымды қаламынан сан алуан проблемаларды қозғаған фельетон мол туды. Оны ол өлеңмен де, қара сөзбен де жазды. Бейімбет кеңес кезінің алғашқы кезіндегі қазақ сатирасының туу, қалыптасуына зор үлес қосты, даму барысында сын-сықағымен байытып, үнемі қалам қаруын жұмсады. Белді фельетондардың көш басында озық жүрді.

Т.Нұртазин «Б.Майлин - әзілдің, сықақтың, сатираның шебері» [6, 311 б.], З.Қабдолов «Майлин – сатирик» [1, 113 б.], Т.Қожакеев «Ол басқа жанрлар сияқты, сықақ, әзіл-оспақ фельетондарды да көп жазып, сатира саласында да мол мұра қалдырған жазушы», [15] - деп бағалады. С.Ордалиевтің айтуынша, «жазушының барлық шығармаларында юмор мен сатираның элементтері қоян-қолтық араласып жатады» [16, 84 б.]

Б.Майлиннің өлеңдерінде, көркем шығармаларында ғана емес, публицистикасында, әсіресе фельетонында сатира тұнып тұр. Жазушы кеңес идеологиясына шырмалмай тұрғанда-ақ сатира жазуға бейімділігін танытқанын жоғарыда айтып өттік. Жасынан күлкі-келемежбен әшкере етуге талпынған Бейімбеттің баспасөзде алғаш жарияланған «Фельетон» атты сын-сықақ туындысынан кейінгі қазақ публицистикасындағы сыншылдықты өрістеткен қаламгерлігі ерекше.

Жиырмасыншы жылдардың бас кезінде сатира оның  өлеңдерінде кездессе,   ал ортасына таман қара сөзбен оқшаулар жазуға ол көбірек көңіл бөліп, екінші жартысында өндірте жазды. 1917-1925 жылдардағы ұлт әдебиеті мен публицистикасындағы сатираның туу, қалыптасу кезеңінде де, одан әрі дамып, өріс алған 1925-1937 жылдардағы кемелдену дәуірінде де Б.Майлин сықақшылардың алдыңғы сапында болды. Онымен иық түйістіріп, қатарға қосылып жүргендер - С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Дөнентаев, Ж.Тілепбергенов, Е.Алдоңғаров, А. Сегізбаев, Қ.Тайшықов, М.Дәулетбаев, Ж.Сыздықов, А.Тоқмағамбетовтер еді.

Олардың ат салысуымен жиырмасыншы жылдардың басынан бастап ұйымдастырылған газет, журналдарда сатира және юмор бөлімдері ашылып, сын-сықақ, әзіл-оспақ, әжуа-мысқылға құрылған оқшау және фельетон түріндегі сатиралық шығармалар жарық көреді. Көптеген басылымдарда «әзіл-оспақ», «оқшау сөз», «шашырама», «сықақ дүрбісі» рубрикалары мен сатиралық бөлімдер болды. Мысалы, «Еңбекші қазақ» газетінде «Оқшауша», «Ауылда» - «Оқшау», «Оқшауша», «Оқшаулау», «Жедел қарт», «Ауыл тілінде» - «Оқшау істер» айдарлары, «Жаршы» журналында әуелі «Күлкі-сықақ», одан кейін «Сықақ дүрбісі» бұрышы ұйымдастырылды.

Сол кезде фельетондар көп жазылып, сатиралық жинақтар шыға бастады. 20-24 жылдарда І.Жансүгіровтің өлеңмен жазылған «Елге шыққанда ов.. .   не   айтады»,   «Бейсембек  болыс», «Ала бие»,   «Ықшымбай»,   «Ит-ай»,  «Жарқынбай,   Беркінбай», «Өк,   көк өгіз» сықақтары жарық көрді. 1927-32 жылдары оның бірнеше фельетондары басылды.

Танымал фельетоншылардың  бірі   - Қадыр Тайшықов еді. Осы жерде мынадай құнды жәйтті келтіре   кеткен   жөн.   1927 жылы «Еңбекші қазақ» газеті оқшау сөзге бәйге жариялаған. Конкурсқа 103 фельетон түсіп, оның 12-сі жеңіп шыққанын профессор Т.Қожакеевтің анықтағаны белгілі. Бірінші бәйгені Қадыр Тайшықов жеңіп алса, екінші бәйгені Аманғали Сегізбаев иеленген. Ал үшінші жүлде алған «Не айтарсың бұларға», «Ойбай бізде жоғала береді», «Кім айыпты?» фельетондарын Бейімбет Майлин жазған [17, 14 б.]. Алайда, сатираға араласқан сарбаздардың көш басында Б.Майлин болды. Оның аса зор еңбегі сатира жанрының туу, қалыптасу, даму бастауында тұрғандығында ғана емес, фельетонды бәрінен көп, әрі проблемалы, көкейкесті мәселелерді қозғап, жедел, шапшаң жазып, қуатты құралдың көркемдік әрі сапалылық дәрежесін биікке көтеруінде жатыр. Алғашқы «Фельетонынан» бастап 1937 жылы «Қазақ әдебиет» газетінің редакторлығынан кеткенге дейін ол сатирадан іргесін аулақтатқан жоқ. Тіпті «Сыр бойы» және «Социалды Қазақстан» газеттерінің фельетоншысы болып та істеді.

Б.Майлиннің сатиралық шығармалары әуелі газет, журналдарда басылды да одан кейін жеке жинақтарға кіргізілді. Тек оқшауларынан құрастырып кітабы шыққан тек Бейімбет қана. Ондай жинақты алғашқы болып шығарған да Бейімбет. Оған «Сойқанды содырлар» мен «Кесінділер» жинақтары - дәлел. Б.МайлиннІң сатира жазуда озық жүрген қаламгер болғандығын, бұл жанрдың өріс алуына үлкен еңбек сіңіргенін кезінде жазушылар да, журналистер де, ғалымдар да мойындаған. Мысалы, І.Жансүгіров «Жазғанының көптігі мен көркемдігінен де Бейімбет алда келеді» [18] дегенде, Б. Майлиннің публицистикасын, оның ішінде фельетонын да ескерген. Белгілі ғалым Х.Бекхожин «Айқапта» Бейімбет Майлиннің көптеген сықақ әңгімелері де басылды. Оның фельетонисте қаламгерлігі осы журналда ұштала түсті» [19, 100 б.] деп жазса,   ірі ғалым,   әрі жазушы Қ.Жұмалиев «Нағыз фельетонды жазған Ілияс, Бейімбет» [20] - деп қысқа ғана түйіндеген. Б.Майлинмен көп жыл қызметтес болған, одан үйреніп үлгі алған республикаға танымал журналист Ш.Қожахметов «Бейімбет сықақты да жақсы жазатын. Оның сықағы найзаның ұшындай өткір келетін. Құралайды көзге атқан мергендерше сықақ садағының оғын көздеген жеріне ол тигізер еді», [21] - деп баға берсе, профессор С.Ордалиев «Қазақ жазушыларының ішінде сықақ, өлең, күлдіргі әңгіме, кішігірім фельетон жазуға талпынған жазушы кемде-кем. Бірақ, олардың ішінде дәл Ілияс Жансүгіров пен Бейімбет Майлиндей фельетонный, нағыз табиғатын түсініп шеберленгендері шамалы», [16, 82 б.] - деп тұжырымдайды.

Ұлттық әдебиетіміз бен публицистикамыздағы фельетонның әуелде қалыптасқан түрі, атауы - оқшау. Ол басында «Қазақ» газетінде қолданылды. Бұған Т.Нұртазиннің «Оқшау» деген   сөз   революциядан бұрын «Қазақ» газетінде әдеби салтқа енген. Ондай әдіспен тек қана фельетон емес, (әрине, көбінесе фельетон солай аталған), оқиғасы өткір, кенеттен болғандай боп келетін сюжетті шығармалар атала берген. Кейде өзінің ішкі маңызының оқыс-ірілігі я жаңалығымен көзге түсетін шығармалар да «Оқшау» деген бұрыштамамен басылып жүрген» [6, 172 б.] -деуі дәлел. Ендеше оқшау-фельетон ретінде қабылданды. Профессорлар Б.Кенжебаев [22, 3 б.], Т.Қожакеев те [23, 14 б.] сондай түйінге келген. Б.Майлин оқшауды бәрінен көп жазды, «Сойқанды содырлар», «Кесінділер» жинақтарын «Оқшаулар» деп атады, олай болса, ол да оқшауды фельетонный, баламасы деп білген. Б.Майлиннің фельетон жазу шабыты әр кезеңде әр түрлі болды. 1923-1925 жылдарда, Қостанайдағы «Ауыл» газетінде істеген кезі - Бейімбеттің оқшауды көп жазған тұсы. Өз фельетондарына «Оқшау», «Оқшауша», «Оқшаулау» аттарын қойып, оны мол пайдаланған уақыты.

«Еңбекші Қазақ» газетінде істеп жүрген жерінен келген Б.Майлин «Ауыл» газетінде 1923 жылдың тамызынан 1925 жылдың сәуір айына дейін әуелі жауапты хатшы, одан кейін редактордың орынбасары болып қызмет атқарды. «Ауыл» газеті, біріншіден, Бейімбеттің қаламын ұштап, шеберлігін шыңдаған мектебі болды, екіншіден, көркем және публицистикалық құнарлы туындыларын шабыттана, өндіре, бұрқырата жазған жері еді, үшіншіден, бүкіл республикамызға танымал болып, беделі артқан орны. Сан жағынан да,сапа жағынан да бағалы фельетондары осы кезеңде туды. Ал сатираның күрт дамып, өркендеу кезеңі - осы жиырмасыншы жылдар.

Соншама жұмысбастылығына қарамай Бейімбет оқшауларды да үзбей жазды. Осы газетте Б.Майлиннің аса құнды «Айранбай» әңгімесі мен «Раушан-коммунист» повесінің алғашқы нұсқасы оқшау болып басылған. Сонымен 1923 жылы «Қойшы», «Құла ат», «Соқа үстінде», 1924 жылы «Ақырзаман», «Бақауған», «Би ағалар өтірік айтады», «Құлақ», «Құлбай», «Мұсадан хат келді», «Өңгелбай», «Сахарда», «Серттескендер», «Тағы ескертеміз», «Сенетін», «Қымыз қырсық болды», «Ертай қырсық болды», «Кәрім молда», «Қуыршақ», «Былай қылсақ қайтеді?», «Зайым-помыш», «53 пакет», «Сорым қайнаған-ау!», ал 1925 жылы «Ит ашуын тырнадан алудың жөні жоқ», «Молдаекеңдер үркіп отыр», «Сыбанбай молда», «Жәмила жеңді», «Бітір садақасы, ораза», «Нүркейдің сандығы», «Тынымбай қамықты» оқшаулары жарияланды. Бұлардың бәріне бүркеншік аттар қойылған.

Сонымен Бейімбеттің тікелей «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет істеген кезі - 1922-1923 және 1925-1928 жылдарды қамтиды. Мұнда да әдеттегідей Бейімбет өнімді әрі өнегелі жұмыс жасайды, қомақты әрі құнарлы туындылар жазады. Бұл кезеңдерден кейінгі уақытта да, яғни 1929-1936 жылдарда да шығармалары осы газетте мол жарияланған. Солардың ішінде фельетондары да аз емес.

Зерттеуші С.Байменшиннің есептеуінше, «1925-1928 жылдары «Еңбекші қазақ» газетінде Бейімбеттің... сексеннен астам   оқшау,   фельетон,   әңгімелері...   жарияланды» [24, 74 б.].   Ал Т.Нұртазин «Дарынды қаламгер 1925 жылдан бастап (июль айы) «Еңбекші қазақ» газетінде, 1927 жылдан бастап «Ауыл тілі» газетінде істеп жүргенде де фельетонды үдете жазып отырды» [6, 311 б.] - деді. Мәселен, «Еңбекші қазақта» 1923 жылы «Көшпелі махаббат», «Құла ат» оқшаулары жарық көрді.

Отызыншы жылдарда әңгімелер, көлемді шығармалар, очерктер жазуға көбірек көңіл бөлсе де «Еңбекші қазақ»-«Социалды Қазақстан» газетінде фельетондары жарияланып тұрды. Мысалға «Окроно шешей, осы жолың - жол-ақ», «Қып-қызыл мұғалім», «Өкірсат өкіртіпті», «Тереңөзек тентектері», «Көріс-мөріс болды», «Көшпелі жаппас», «Мысыққұйрық оқиғасы», «Бәйбіше байда, тоқал қайда?», «Директор-сиыр», «Қонақ пен Қожа», «Қос прокурор, бір судья», «Қостанай көшесінде», «Мұғажар тауына шабуыл», «Өңім бе, түсім бе?», «Сұрау», «Ұмытылған термин», «Фельетоншы прокурор», «Қара құдай», «Елгезер Қондыбаев» оқшаулары мен фельетондары басылғаны дәлел. Отызыншы жылдардың бас кезінде Бейімбет фельетонды аз жазғаны зерттеу кезінде байқалды. Оның себебі - сол кездегі басбұзарлық солақай сындардың кесірі, тигізген салқыны деп ұғамыз. Есін жиғаннан кейін қайта жаза бастайды, тек 1935 жылы «Социалды   Қазақстанда»   онға   тарта фельетоны жарық көрді.

Б.Майлин творчествосында, әсіресе фельетон жазуында «Ауыл тілі» газетінің де алатын орны бөлек. Бұл - шаруаларға арналған апталық басылым, Қазақстан өлкелік партия комитетінің, Орталық атқару комитетінің, кәсіпшілер одағы және Сырдария губкомы мен атқару комитетінің орғаны ретінде 1926 жылғы шілде мен 1929 жылғы ақпан айы аралығында шығып тұрды. Көрнекті, білгір, іскер журналист есептелген Б.Майлин осы газетке редактордың орынбасары қызметіне тағайындалады. Екі газетте қатар жұмыс істеп жүреді.

Информация о работе Бейімбет Майлиннің сыншылдық, сатиралық бағыттағы публицистикасы