Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2015 в 20:06, реферат

Краткое описание

Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін ата тарихымыз бен мәдени құндылықтарымызды ыждағаттылықпен қайта зерттеуге кірістік. Азаттықпен келген шығармашылық бостандық тарих ғылымында да түбейгелі өзгерістерге жол ашты. Жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы пәнін оқытуға ерекше мән беріле бастады. Өйткені, тарих - ғылым мен пән ретінде аса маңызды білім саласына жатады. Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің, ата-бабаларының тарихын біліп, оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы тиіс.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дәрістер курсы(1).doc

— 662.00 Кб (Скачать документ)

Батыйдың самсаған әскері 1236 жылы Камадағы Бұлғарияны, мордваларды талқандап, 1237-1240 жылдары орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Орыс халқы монғол басқыншыларына ерлікпен қарсылық көрсетті. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде моңғол әскерлерімен кескілескен ұрыстар болды. Орыстардың шағын ғана қаласы Козельск тұрғындары жеті апта бойы монғолдарға жан аямай қарсылық көрсетті. Осы ұрыстарда мыңдаған моңғол қырылды. Бірақ сан жағынан әлдеқайда көп Батый әскерлері қаланы басып алып, оны жермен жексен етті.

1239 жылдың басында Батый  әскерлері Еділ өзенінің ту  сыртынан орыс жеріне екінші  жорыққа аттанды. Қызу ұрыстар  жүргізе отырып моңғолдар Переяславль қаласы, онан кейін Чернигов жеріндегі Глух қаласын алды. 1239 жылдың қазан айында олар Чернигов қаласын қоршауға алып, оны өртеп күлге айналдырды. 1240 жылдың күзінде Батый әскерлері Киевті қоршады. Киев халқы ұзақ уақыт қаланың сыртында, тіпті монғолдар қала ішіне басып кіргеннен кейін де қарсылығын тоқтатпады. Олар түгелімен дерлік қырғынға ұшырады. Аса бай медениет ескеркіштері бар ертеден келе жатқан орыс қаласы тағылықпен талқандалды.

Орыс халқының моңғолдардың күшін әлсіреткен, оларға қарсы жүргізген ерлік күшінің нәтижесінде ғана Батыс Еуропа монғол шапқыншылығынан аман қалды. Польшаны, Венгрияны, Дальмацияны шапты, Грузияны жеңіп, Кавказдың басқа да кейбір халықтарын бағындырды. Алтын Орда шекарасы Ертістен Днестрге дейін созылды. Шығыс Еуропада оған Еділ бұлғарларының жері, Дешті Қыпшақ, Қырым және Дербентке дейінгі Солтүстік Кавказ (кейде Бакуғе дейін), Орта Азияда Үргеніш қаласымен қоса Солтүстік Хорезм, Сырдарияның теменгі ағысына дейінгі аймақ түгел қарады. Тарихи әдебиетте бұл мемлекеттің Алтын Орда деген атауы орнықты. Алғашында Алтын Орда Моңғол империясына оның бір ұлысы ретінде енген еді, ал ХШ ғасырдың 60-жылдарынан кейін ол дербес хандық болып бөлінді.

Алтын Орда астанасы алғашқы кезде Еділ сағасындағы Сарай-Бату қаласында (қазіргі Астрахань маңында) болды; көп кешікпей ол Азиядан Еуропаға баратын керуен жолындағы аса ірі сауда орталығына айналды. Кейінірек Сарай Беркеге (Еділ бойымен Сарай-Батудан жоғарырақ) көшірілді. "Алтын Орда" ұғымы біртекті емес; бір жағдайда Алтын Орда деп Батый мен оның мирасқорлары Беркенің жеке иелігіндегі жерлер, яғни Төменгі Еділ бойы мен Солтүстік Кавказ, ал енді бір орайда түгелдей Жошы ұлысы айтылады. Батый (1227-1255 жж.) зор беделге ие болды және іс жүзінде империяны өзінің қолдауымен таққа отырған ұлы хан Мөңкемен бірге биледі. Алайда Батый да, оның мирасқорлары да Алтын Орданың тағында біртұтас мемлекетті басқарушылар болмады.

Батый хан Шығыс Еуропаға жасаған жеті жылдық (1236-1242) жорығынан кейін ата-бабадан келе жатқан әдет-ғұрыпқа бағып, өзінің басқа бауырларына да үлес берген. Інісі Орда Еженнің ұлысына Жетісудың солтүстік-шығыс белігіндегі жерлер, Ертіс бойындағы кең-байтақ аумақ Ұлытау мен Қаратауға дейінгі жерлер кірді. Ұлыстың аумағы біртіндеп кеңейе берді. ХІІІ ғ. екінші жартысында-ақ Орда Еженнің немересі Қонышанның тұрған жері, деректеме бойынша, Орта Сырдариядағы Жент пен Үзкент маңында болған, ұлыстың саяси орталығы осы жерге ауысқан еді.

Іс жүзінде ХШ ғ. ортасынан бастап Орда Ежен ұлысы дербес мемлекет болып, шығыс деректемелерінде ол Ақ Орда деп аталған. Орда Ежен ұлысынан батысқа қарай Шайбани иелігіндегі жерлер жатты. Шайбани ұлысының бөлінуі туралы Махмұд ибн Уәли былай деп хабарлайды: "... Шыңғыс ханның ұлы Жошы ханның баласы Шайбани хан жеті жылдық жорықта астар, орыстар, черкестер және бұлғарлар елдерін жаулап алған кезде ептілік көрсетіп, ағасы Батыйдан сыйлық ретінде төрт омақ алды". Шайбани ұлысының аумағы туралы Әбілғазы былай деп хабарлайды: "Шайбани жазда Орал бөктеріндегі, Тобыл, Жайық, Ырғыз өзендерінің аралығындағы кең байтақ жерлерде, ал қыста Арал теңізі өңірінде, Шу, Сарысу өзендерін бойлап және Сырдарияның төменгі ағысында кешіп жүрген".

ХШ ғ. екінші жартысындағы ХІV ғ. басындағы Алтын Орданың тарихы орыс князьдықтарымен, Иранның Хулагу әулетімен болған үздіксіз соғыстарға толы, бұлардан Берке (1257-1266) мен оның мирасқорлары Әзірбайжанға және Оңтүстік Каспий маңындағы басқа да жерлерді иелену құқығына таласты. Меңгу-Темір тұсында (1266-1280) Алтын Орда Монғол империясының орталығынан біржола оқшауланып, тұңғыш рет өз атынан теңге соға бастады, Орта Азия мен Жетісуда Шағатай ұрпақтарының билігін нығату үшін ұлы ханға қарсы күресінде Хайдуды қолдап отырды.

Алтын Орда ХШ - XIV ғасырлар аралығында күшті мемлекет болып тұрды. Бұл тұста оның мемлекет ретінде беделі өсіп, көрші елдермен қарым-қатынасы нығайды, шаруашылығы, мәдениеті өркен жайды. Осы кезендерде Алтын Орданың қол астындағы жерлерде, әсіресе Батый сарайы, Берке сарайы, Керчь, Үргеніш, Хорезм, Сығанақ сияқты кенттерде қолөнер, ғылым, әдебиет салалары өсті. Оған біріншіден түрік текті ру-тайпалар мен халықтардың медениеті, әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әл-Бируни, Ас-Сығанақи, ибн Исқақ, Фирдауси, Низами, Ахмет Иассауи, Сүлеймен Бақырғани тәрізді ғалымдар мен ақындардың мұраларын пайдалану мен ілгері дамыту оң әсерін тигізсе, екіншіден көрші елдер мәдениетін үйренудің ізгі ықпалы болды.

Алтын Орда көп ұлтты мемлекеттік құрылым еді. Ол қоғамдық- экономикалық дамуының деңгейі жағынан бір-бірнен айырмашылығы үлкен, өзіндік мәдениеті мен әдет-ғұрыптары бар, әр алуан халықтар мен тайпалардан құралатын. Дешті Қыпшақ даласындағы көшпелілердің басым көпшілігі ең әуелі қыпшақтар содан кейін қаңлылар, қарлұқтар, наймандар, т.б. болатын. Алтын Орданың отырықшы облысында бұлғарлар мен мордва, орыстар мен гректер, шеркестер мен хорезмдіктер, т.б. тұратын. Монғолдардың өздері тіпті аз еді. ХШ-ХІV ғасырлардың шамасында, әсіресе XIV ғ. монғолдар іс жүзінде түріктеніп кеткен еді, ал Алтын Орданың халқы "татарлар" деп атала бастады.

Алтын Орданың хандары Батый (1241-1256 жж.), Берке (1257-1266 жж.), Мөңке-Темір (1266-1280 жж), Туда-Мөңке (1280-1287жж.), Төле-Бұқа (1287-1291 жж.), Тоқты (1291-1312 жж.), Өзбек (1312-1342 жж.), Жәнібек (1342-1357 жж.) хандар тұсында Алтын Орданың қуаты арта түсіп, билігі мейлінше күшейді. Егер Жошы мен Батый Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бас иген болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін толықтай тәуелсізбіз деп есептеді. Батыс Еуропа және Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-сатығы өркендеді, әртүрлі кәсіпшілік пен қолөнері дамыды. Берке тұсында Алтын Ордаға ислам діні ене бастап, Өзбек тұсында ол үстем дінге айналды. Өзбек ханның (1312-1342 жж.) және оның баласы Женібектің (1342-1357 жж.) тұсында Алтын Орданың күш-қуаты барынша кемел кезіне жетті. Өзбек хан Орда-Ежен ұрпақтарының бұрынғы вассалдық тәуелділігін қайтаруға тырысып, Сығанақта өзінің баласы Тыныбекті хан тағына отырғызды; алайда ол көп кешікпей өлтіріліп, билік Орда-Еженнің ұрпақтарына қайта көшті. Саяси өмірдің ерекше маңызды кезеңдерінде билеуші әулеттің өкілдері бастаған әскери-феодалдық алпауыт-бектердің құрылтайы шақырылып тұрды. Алтын Орданың мемлекеттік құрылымы тұтас алғанда Шыныс хан енгізген үлгінің ізімен жүрді. Мемлекет Жошы ұрпағынан шыққан хандардың меншігі саналды. Аса маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу үшін билеуші әулет мүшелері бастаған ақсүйектердің, жалпы жиналысы - құрылтай шақырылатын болған, Әлеуметтік қызметерді атқаруға билеуші топтың өз адамдары – оғландар, әмірлер, даруға бектер қойылды. Мемлекеттік мекемелердің басында атақты билер мен олардың көмекшілері - бақауыл, тұқауыл, жасауыл, қази, муфти, дуан бітікшілері, талғамшылар отырды. Қалалар мен бағынышты аймақтарды басқару үшін губернаторлар - жаруғашылар, басқақтар тағайындалды. Олардың негізгі міндеті жергілікті халықты бұғауда ұстау әскердің күшімен алым-салық жинау еді. Алтын Орда халқының қоғамдық және мәдени даму дәрежесі әркелкі болды. Көшпелі халықтарда (қыпшақ, моңғол, татар тайпалары) жартылай патриархтық, жартылай феодалдық қатынастар үстемдік етті. Шаруалардың жағдайы мейлінше ауыр болды, олар екі жақтан бірдей қаналды: ханға да, жергілікті ірі алпауыттарға да алым-салық төледі. Кейіннен Алтын Орда хандары жергілікті билеушілерге тархандық жарлық үлестіруді кеңінен қолданды. Мұның өзі феодалдардың бағынышты халықты шексіз билеуіне және салықты өз қалауынша жинауына ерік берді. Егінші шаруалар өңделген жерден заттай алынатын салық төледі. Серіктес шаруалар феодалдарға еріксіз жұмыс істеп салықтарын өтеді. Жекеменшікті қорғау үшін мемлекеттік заң және мемлекеттік идеология қалыптасты. Ол туралы Лев Гумилев "Мені Евразиялық деп атайды" атты еңбегінде: "Жошы ұлысына қарайтын бүкіл елге - Еділдегі Алтын Ордадан, Тюменьдегі Көк Орда мен Ертістегі Ақ Ордаға дейін ислам дінін қабылдауға мәжбүр етілді" – дейді.

Феодалық қатынастар дамыған сайын Алтын Орданы билеушілер арасында талас күшейіп, феодалдардың өзара күресі мемлекетті жегідей жеді. Мұның үстіне жаулап алынған тәуелді халықтардың күресі етек алды. Моңғол езгісіндегі тайпалар мен халықтар құлдық бұғауынан құтылуға тырысты. 1238 жылы Бұқарада қолөнерші Махмұд-Тараби бастаған көтеріліс болды. Көтерілісшілер қаланы басып алғанмен моңғол әскерлері көтерілісті аса қаталдықпен басып жаныштады.

Бұқарада болған көтеріліс моңғолдарға қарсы азаттық күресінің өрістеуіне мықты ықпал жасады. Қыпшақтар, половсылар, чуваштар, мордвалар, марийлер және басқалары бас көтерді. 1240-1241 жж., сондай-ақ 1270 жылы кама бұлғарлары моңғолдарға қарсы көтеріліс жасады. Мұның өзі Алтын Орданы әлсірете берді. 1259 жылы Новгородта, 1262 жылы Растовта, Суздальда, Ярославльде болған көтерілістен Алтын Орданың іргесі шайқалды.

50-жж. орта шенінде Жәнібек  ханды оның үлкен ұлы Бердібек  өлтіргеннен кейін, "ұлы алапат" (1359-1379 жж.) деген атпен мәлім болған  жиырма жылдық өзара қырқыс  басталды. Алтын Орданың батыс бөлігі бірнеше иеліктерге бөлінді. Еділ бойында, Астраханда, Қырымда, Сарайшықта жергілікті әмірлер, Қара теңіз өңірінде түменбасы Мамай орнықты.

1380 жылы Алтын Орданың  нағыз билеушісі мыңбасы Мамай  Куликово даласында Дмитрий Донской  бастаған орыс әскерінен тас-талқан болып жеңілді. Жошының ұрпағы Тоқтамыс Мамайдың күйрегенін пайдаланып, Алтын Орданың билігін тартып алады. Өз өкіметін әскери жеңістермен нығайту үшін 1382 жылы Мәскеуді өртейді, Мәуреннахр мен Кавказдың ар жағына бірқатар жорықтар жасайды. Ал Мауереннахр билеушісі Әмір Темір өз тарапынан Алтын Ордаға бірнеше рет қанды жорық жасап оны ойрандап кетеді. Осы соққыдан ол оңала алмайды. Жошы ұрпақтарынан тараған жекелеген хандар мен ірі тайпалардың жетекшіліктері оларды уақытша біріктіргенімен де, XV ғ. өзінде-ақ бұл иеліктер тәуелсіз Қазан, Астрахан, Қырым, Үлкен Орда хандықтарына айналды. Қазақстан мен Түркістанның далалық аумағында жергілікті билік нығайды, сөйтіп, Алтын Орданың күні өтіп шаруасы бітеді. Әлгі ұлыстар ішіндегі ең ірісі Еділ мен Дон арасынан құрылған Үлкен Орда (XV ғасырдың 30 жылдары) болады.

ХІҮ-ХҮ ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер. Көк Орда мен Ақ Орда мемлекеттері. ХІҮ-ХҮ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан халқы моңғол шапқыншылығының ауыр зардаптарынан бірте-бірте арыла бастады. Бүліншілікке ұшыраған шаруашылықты, қираған қалаларды қалпына келтіруге бағытталған шаралар жемісін беріп, феодал-байлардың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары біраз жақсарды. Сонымен бірге бұл тұста моңғолдардың қол астында болып келген көптеген ұлыстар мен ел дербес тәуелсіз мемлекеттер қатарына шықты. Осындай тәуелсіздікке ие болып Қазақстан жеріне алғаш рет жергілікті этникалық негізде пайда болған ірі мемлекет Ақ Орда болды. 1227 жылы Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы өлген соң, Ертіс өзенінің Дунай дариясына дейін созылған Жошы ұлысы (Қыпшақ ұлысы) оның ұлдарына енші ретінде бөлініп, батыс және шығыс бөлікке айырылды. Жошының Алтын Орда хандығы әскери негіздегі мемлекет еді. Сондықтан аумақтық қарулы күштердің бөлігіне бағынышты болды: Алтын Орданың барлық қарулы күштері "оң қол" және "сол қол" деп екі қанатқа бөлінді. Жошының орнын басқан мұрагері - Алтын Орданың ұлы ханы Батый қарулы күштердің оң қанатын тікелей өз қарамағына қалдырды, сол қанатын ағасы Орда-Ежен билігіне берді. Мемлекеттің батыс бөлігі - Еділ алқабымен және оның батысындағы жерлер, Қырым, Солтүстік Кавказ, Солтүстік Хорезм және осы өңірлерде мекендеген халықтар Батый ханмен Тоқай-Темірдің үлесіне тиді де, оны Алтын Орда тікелей басқарды. Мемлекеттің шығыс бөлігі Алтай таулары мен Ертіс өзені мен Жайық (Орал) өзеніне дейін, Балқаш көлінен Сырдария алабы мен Арал теңізінің солтүстігіне дейінгі ұлан байтақ өңір және оған іргелес жерлерді мекендеген халықтар Орда-Ежен мен оның төрт інісінің (Удор, Торқа-Темір, Шинкум, Синкум) үлесіне тиді де, бұл өңірде Ақ Орда хандығы кұрылды.

ХІІІ ғ. ортасынан бастап Шығыс Дешті Қыпшақтың аумағында өмір сүрген Ақ Орданың мирасқорлары іс жүзінде дербес билеушілер, Рашид ад-Диннің айтуынша, өздерін Батый хан ұрпақтарының вассалдары деп сөз жүзінде ғана санаған "өз ұлысының тәуелсіз патшалары" болды. Осы Ақ Орда құрамына қосылған үйсін, қаңлы, қарлұқ, қыпшақ, т.б. тайпалар Батыс түрік (VІ-VІІІ ғ.ғ.) дәуірі мен түркеш, қарлұқ (VІІІ-Х) дәуірінде өз алдына халық болып қалыптаса бастаған қазақ халқының негізгі тұлғасы еді. Ол XI ғасырдан бастап XIII ғасырдың басына дейін кең байтақ қазақ даласына үстемдік еткен қыпшақ бірлестігіне еніп, қыпшақ елі атанған. ХШ ғ. басындағы Шыңғыс ханның жорығынан соң Жошы ұлысына еніп, ХІІІ ғ. екінші жартысында Алтын Ордадан бөлінген Ақ Орданың негізгі халқы болды. Ақ Ордаға үстемдік еткен моңғол хандары мен билік басындағы шонжарлар аз санды адамдар еді. Олар жергілікті халықтың шаруашылық тұрмысы мен мәдениетіне ықпал жасай алған жоқ, қайта өздері ұзаққа бармай-ақ жергілікті халыққа сіңіп кетті. Сол заманда жасаған әйгілі араб тарихшысы, моңғолдар туралы жазба хаттардың авторы Әл-Омари бұл жөнінде былай дейді: "Ертеде бұл мемлекет - қыпшақтар елі болған еді, ал оларды татарлар (моңғолдар) билеп алғаннан кейін қыпшақтар солардың қол астына қарап қалды. Сонан кейін олар (моңғолдар) бұлармен (қыпшақтармен) араласып туыс болып кетті, жер олардың (моңғолдардың) табиғи және нәсілдік сипатып өзгертіп жіберді, олардың бәрі (бұлармен) бір атадан туғандай, дәл қыпшақ болып кетті. Осыдан келіп моңғолдар қыпшақ жеріне мекендеп қалды. Бұлармен неке қиысып, осылардың (қыпшақтардың) жерінде тұрып қалды".

Ақ Орда хандығының аумағы - қазіргі Қазақстан жерін түгел қамтыды. Оның халқы этникалық жағынан біріңғай түрік тілдес тайпалар мен халықтар – қыпшақ, қаңлы, үйсін, жалайыр, алшы, қарлұқ, найман, керей, қаракесек (арғын), қоңырат, маңғыт т.б. еді. Бұлардың әлеуметтік даму деңгейі біркелкі, шаруашылық тұрмысы негізінен көшпенді және жратылай көшпенді мал шаруашылығы болды. Мәдениеттік даму дәрежесі қарайлас, тілі түрік тілдердің бір тармағы қыпшақ тілі болған. Ақ Орда құрамына кірген тайпалардың ішіндегі алты арыс ел – қыпшақ, жалайыр, найман, қоңырат, қаракесек (арғын), алшындар - Шыңғыс ханның батысқа жасаған жорығының алғашқы кезінде- ақ "алты сан алаш" деген атпен Жошы ұлысына енген. Жошы хан оларды үйсін Майқы би арқылы басқарған. Алты сан алаштың ол кездегі қоныстанған жері - Алтай мен Каспий теңізінің аралығы бір шеті Тобыл мен Сыр бойы, Жетісу өлкесі.

Ақ Ордада хан ордасы алғашында Ертісте және Алакөл маңында, яғни Орда-Еженнің әкесі Жошы ханның бастапқы отырған жерінде болды. XIV ғ. бас кезінен Орда-Ежен ұрпақтарының Сыр өңірінің қалалары мен Жетісу жайылымдары үшін Шағатай ұрпақтарымен күрес жүргізілді. Ақ Орданың билеушілері XIV ғ. екінші жартысында өздері Алтын Орданың қол астында екенін сөз жүзінде мойындағанымен, іс жүзінде тәуелсіз саясат жүргізді. Барлық саяси күш Ақ Орданың өзінде болды. Сол себептен де шығыс қолжазбаларында Ақ Орда Алтын Ордамен қатар өмір сүрген, одан бөлек жеке мемлекет ретінде сипатталады. Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы XIV ғ. екінші ширегінде, Ерзен мен Мүбәрәкқожа хандар билігі тұсында болған делінеді. Ол XIV ғ. 60-70 билік еткен Ұрыс хан кезінде едәуір нығайды.

Мұсылман хандығының хронологиялық кестесінде көрсетілген Ақ Орда хандары - Орда-Ежен, Сартақ, Қонишы (Қойшы), Баян, Сасы-Бұқа, Ерзен, Мүбәрәк, Шымтай, Орыс хан, Қойыршақ және Барақ. Жәнібек хан қайтыс болғаннан кейін Алтын Ордада кезекті аласапыран кезең мен сарай төңкерісі басталды. Ақ Орданың үстем табы Алтын Ордада қалыптасқан жағдайды пайдаланып, Жошы ұлысының екі бөлігін өз билігінде саяси жағынан тұтас етіп біріктіргісі келді. Бердібек хан қайтыс болған соң сарай тағына отыруға, мысалы, Ақ Орда ханы Шымтай (1344-1361) ресми түрде шақырылды, ол шақыруды қабылдамады, бірақ Алтын Орда тағы үшін күреске Орыс хан белсене қатысты.

Алғашында ата қонысы ретінде Ертіс бойын мекендеген Ақ Орда орталығы бірте-бірте Жетісудың шұрайлы жерлері мен Сырдария алабындағы қалаларға қарай ауыса бастады.

Орыс хан 1368 - 1379 жж. Ақ Ордада атасының (Орда-Еженнің) орнына таққа отырды. 1368-1369 жж. бастап-ақ Ақ Орданың астанасын Сығанақ қаласына көшірді және осы қалада Орыс хан соқтырған теңгелер осы кезден бастап белгілі болды. Ақ Орда Орыс хан кезінде (XIV ғ. 60-70 жж.) айтарлықтай күшейді. Орыс хан Ақ Орданы дербес билеп, оның саяси тәуелсіздігін нығайтуға ұмтылды. Ақ Орданың Сырдария аймақтарында егін және қала шаруашылықтарын дамьпуды қолға алғаны белгілі. Орыс хан Шымтай ханның тұсында-ақ Алтын Орданы өзіне бағындыруға әрекет етті.

Алайда Орыс ханның табысы ұзағынан болмады, ол Алтын Ордада әмірі жүріп тұрған Мамайды тағынан тайдыра алмады, 1376 ж. Сырдария бойына қайтып оралды. Осы кезде Орта Азияны билеуші Әмір Темір Ақ Орданың оңтүстік шекарасында өзінің жаулап алушылық әрекеттерін күшейте түскен еді.

Орыс хан өлтірген Ақ Орда феодалдарының біреуінің ұлы Тоқтамыс тарихи аренаға шығады, ол Самарқанға қашып барып, Әмір Темірдің қол астында қызмет атқара жүріп, әкесін өлтірген адамнан кек алуды ойлайды. Темір Тоқтамысты өзінің жаулаушылық мақсатында пайдаланып, оған әскер беріп Орыс ханға қарсы жіберді. Тоқтамыс Темірдің көмегімен 1378-1379 жылдары Ақ Орданың астанасы Сығанақты жаулайды да, тақты тартып алады. 1380 жылы ол Алтын Орданы басып алып, өз билігін жүргізеді. Темірмен соғыстар, Тоқтамыстың Русь пен Орта Азияға шапқыншылықтары, Ақ Ордадағы тартыстар оның Сарай мен Сығанақтағы билік құрған кезін сипаттайды. 1395 ж. Тоқтамыс Темірден күйрей жеңіліс тауып, Сібірге қашып кетті.

XIV ғ. аяғы - XV ғ. басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда едәуір әлсіреп кетті. Жиырмасыншы жылдарда Ұрыс ханның немересі Барақ хан өз әулеттінің билігін бірсыпыра уақытқа қалпына келтірді. 20-жылдардың аяғында Шығыс Дешті Қыпшақтың үлкен бөлігіндегі билік Шайбани ұрпағы Әбілхайырдың, қолына көшті. XV ғ. екінші ширегінде Орыс хан мен Барақ ұрпақтары Қазақстанның оңтүстік аудандарында өз биліктерін сақтап қалды.

Информация о работе Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі