Тарих ғылымындағы халқымыздың шығу тегі
Реферат, 16 Марта 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Қазақ шежіресі – тарих ғылымындағы халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы. Шежіре қазақ, түрікмен, қырғыз, моңғол және т.б. халықтар арасында ауызша сақталған. Бұл халықтардың көне тарихы жөнінде айтылатын мағлұматтар “шежіре”, “тайра”, “тарих”, “сееджер” т.б. болып әр түрлі айтылғанымен “сақтау” деген мағынаны, ал семит-араб тілдерінде “ағаштың бұтағы” деген ұғымды білдіреді. Яғни, арабтар шежірені ата санаумен тікелей байланыстырса, түркілер көнені есте сақтау – тарихты айтумен, тарихпен бір деп түсіндіреді. Демек, шежіре біздің аталарымыз үшін тарих қызметін атқарған.
Прикрепленные файлы: 1 файл
Қазақ шежіресі.docx
— 55.52 Кб (Скачать документ)Тарих ғылымындағы халқымыздың шығу тегі
Қазақ шежіресі – тарих ғылымындағы халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы. Шежіре қазақ, түрікмен, қырғыз, моңғол және т.б. халықтар арасында ауызша сақталған. Бұл халықтардың көне тарихы жөнінде айтылатын мағлұматтар “шежіре”, “тайра”, “тарих”, “сееджер” т.б. болып әр түрлі айтылғанымен “сақтау” деген мағынаны, ал семит-араб тілдерінде “ағаштың бұтағы” деген ұғымды білдіреді. Яғни, арабтар шежірені ата санаумен тікелей байланыстырса, түркілер көнені есте сақтау – тарихты айтумен, тарихпен бір деп түсіндіреді. Демек, шежіре біздің аталарымыз үшін тарих қызметін атқарған. Шежірешілдік көшпелі қоғам туғызған қажеттілік және көшпелілердің әдет-ғұрып, салт-санасының негізінде туған. Ол халықтың этник. құрылымын анықтауға, тұтастығын көрсетуге мүмкіндік беретін төл тарихымыздың нұсқасы, ұлттық рухани мәдениеттің құрамдас бір бөлігі. Ел арасында өткен өмір тарихын өте жақсы білген “шежіре адамдар” болған. Олар қазақтың ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрін, заңдарын, әдет-ғұрпын, ай-күн есептерін жақсы білген, көшпелілердің дүниетанымын жете түсінген, небір аңыз-әпсана, жырларды жадында сақтаған. Егер қазақ мәдениеті біртұтас дейтін болсақ, онда шежірені де осылай қарастыруымыз керек. Яғни, шежіренің ішінде аңыз бен шындық та, ертегі мен әпсана да, өнер мен ғылым да бар, ал дәстүрлі қазақ мәдениетінен осылардың біреуін жеке дара бөліп алып қарастыру мүмкін емес.
XI ғ. Орта Азия мен Қазақстан территориясында өмір сүрген
қарахандар әулетінің, оғыз-қыпшақ тайпалар
одағының дәуірінен бастап 1600 жылға дейінгі
тарихы баяндалады.Әсіресе XIII ғ. мен XVI
ғ. арасындағы қазақ жерінде болған ірі
тарихи оқиғалар баяндалады.Қазақ қоныстанған
жерлердің жағдайы, ондағы қалалар, қазақ
хандығы мен хандардың өмірбаяны, қазақ
хандығының заңды ережелері жайында деректер
берілген.
XV-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы туралы
XV-XVII ғ-ларда дүниеге келген Өтеміс Қажының “Шыңғыс намесі”, Хафиз Таныштың “Шараф-наме-ишахий”, Баһадүрдің “Түрік шежіресі” шығармалары өткен тарихымыздың елеулі оқиғаларына тоқталып, айшықты кезеңдерін де тыс қалдырмаған. 15 – 16 ғ-ларға қатысты деректердің мол жинағы М.Х. Дулаттың “Тарих-и Рашиди” шығармасы болып табылады. Екі бөлімнен тұратын бұл шығарма Моғолстан мен Қашқарияны мекендеген шағатай тұқымынан тараған хандардың саяси тарихы, дулат тайпасы және оның Шығыс Түркістанда билік құруы, моғолдардың тарихына қатысты бірнеше дерек келтіреді. Соның бірі Керей мен Жәнібектің соңына ерген жұртымен Моғолстанға қоныс аударғанын және қазақ атауын өзге жұрт бергендігін жазады. Қазақ елінің тарихын толықтыра түсетін келесі бір дерек Махмуд Абдоллах бен Уәлидің “Зубдат ал-асрары”. Ол қазақтардың орта ғасырлардағы көрші елдермен саяси қарым-қатынасының оқиғаларына толы. Дегенмен, халықтың төл тарихы шежіре мұрасында. Көне заманнан бері көшпелі тұрмыс құрып, ауыз әдебиетімен өмір сүрген қазақ тарихын зерттеуші ғалымдар негізгі дерек көзін шежіреден табады. Ел арасында айтылып келген тарихи оқиғалар 19 ғ-дың соңында қағазға түсіріліп, жинала бастады. Халықтың өткен тарихын баяндаған “Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі” деген шежіре кітабының кіріспесінде Ш.Құдайбердіұлы ел ішінен естіген-білгенінен басқа, көне замандағы түрік, араб, парсы, қытай жазбалары мен орысша кітаптарды оқығаны жайлы жазады. Шежіре 1911 ж. Орынбор қ-нда басылып шықты. Бұл шежіре турасында Ә.Бөкейхан: “Мұнан бұрын қазақ шежіресі қазақ тілінде кітап болып басылған жоқ. Шәкерімнің бұл кітабы – қазақ шежіресінің тұңғышы; қазақ шежіресін білмек болған аға-іні іздегенді осы кітаптан табасың. Енді мұнан былай қазақ шежіресін жазбақ болған кісі Шәкерім кітабын әбден білмей қадам баспа” – дейді. Халық ауыз әдебиетін жинауда Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің де еңбегі зор. Оның қолжазбаларында көп шежіре жазылған. Көпеев: “Біздің бұл қазақта тасқа таңба басқандай анық шежіре жоқ... Естігенін ұмытпайтұғын, құлағының тесігі бар, кеудесінің есігі бар, ұқпа құлақ жандар болған. Сондай жандардың айтуымен кеудесі хат, естіген көргені жад болған қариялар кейінгіге ауыздан-ауыз алып айтумен үлгі-өсиет қалдырған” – деп халық мұрасының ауызша сақталып келгенін ескертеді. Көпеевтің шежіресінде қазақ тарихының елеулі кезеңдеріндегі тарихи оқиғаларға байланысты сақталған аңыз, әңгіме, мақал үлгілері көп. Алайда, Көпеевтің көп дүниелері әлі қолжазба күйінде, олар ғыл. тұрғыда зерттеліп, жинақталмаған. Ол тек 2003 ж-дан бастап қана қолға алына бастады.
Жарық көрген құнды шежірелердің бірі – Құрбанғали Халидтың “Тауарих Хамсасы”. Шағатай тілінде жазылған бұл туындыда қазақ елінің тарихы, әдет-ғұрпы, “қазақ” этнонимінің шығу тарихы, рулар жөнінде тың деректер кездеседі. Әсіресе, қазақтың қырғыз аталуы туралы жерлердің біз үшін мәні зор. Қазақтың төл деректерінен басқа қырғыз шежіре еңбектерінен де қазақ тарихына қатысты баяндалатын оқиғалар кездеседі. Мыс., “Тарих, түпкі аталар” деп аталатын 1920 ж. жарық көрген Тоғолоқ молданың шежіресінде Есіркемеш ұрпағы Түгелбайдың Әулие Атада Ер Есім ханның еліне араласып, қосылып кеткені жөнінде жазылған әңгіме бар. Шежірелер қазақта, моңғолда, алты алашта хандар шежіресі болып басталады. Мұсылман дінінің әсерімен жазылған шежірелер де бар.
Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі көптеген ресейлік зерттеушілер шежірені, тарихты терең түсінбек түгіл қазақ, қырғыз елдеріне бір этнос ретінде қараған. Тек А.И. Левшиннен бастап қана орыстар қазақ пен қырғыз өз алдарына жеке-жеке этнос екенін айтады. Қ. ш-н зерттеуге ресейлік ғалымдардан Н.А. Аристов, П.И. Рычков, А.И. Тевкелев, Г.Е. Грумм-Гржимайло, В.И.Даль, В.В. Бартольд, т.б. көп үлес қосты. 19 ғ. мен 20 ғ-дың басында Қ. ш-н жасауға Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, М.Сералин, М.Тынышбаев, Н.Наушабаев, т.б. көп еңбек сіңірді. Кеңес заманында шежіре ескінің қалдығы есебінде танылды, оның дамуына тосқауыл қойылды. Алайда, ғасырлар бойы қалыптасқан шежірешілік дәстүрді Х.Арғынбаев, С.Толыбеков, С.Мұқанов, В.Востров, М.Мұқанов, т.б. ғалымдар жалғастырды.
Моңғол