Наполеон бонапарттың дипломатисы
Курсовая работа, 08 Декабря 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Курстық жұмыстың мақсаты осы өр тұлғалы Наполеон билік құрған Франция кезеңінің тарихын пайымдау болып табылады.
Курстық жұмыста мынадай міндеттер қарастырылады:
1. 1799 ж. 18 брюмер төңкерісі.
2. Маренго. Диктатураның нығайюы. Бірінші консулдың заң реормалары. 1800-1803 жж.
3. Англиямен қайтадан соғысу. Наполеонның коронациясы.
1803-1804 жж.
4. Тильзиттен Ваграмға дейін.
1807-1809 жж.
5. Наполеонның Ресеймен соғысы және тақтан түсуі.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Наполеон диктатурасының тарихы тереңдете зерттеуді қажет ететін, әлі де болса саралай түсіп дәйектеуді талап ететін күрделі тақырып. Сондықтан осы тақырыпқа бойлап ене түсудің өзектілігі өз мәнін жоғалта қоймайды деп ойлаймын.
Содержание
КІРІСПЕ................................................................................................ 3
1-тарау.НАПОЛЕОННЫҢ БИЛІККЕ КЕЛУІ
1.1 Наполеон Бонапарттың өмірбаяны
1.2 Дипломатиялық неке
2-тарау. ЕУРОПА ЖӘНЕ ТЕРМИДОРЛЫҚ КОНВЕНТ
2.1 Термидорлық Конвенттің соғыстары6
2.2 Бонапарттың Италияға жорығы7
2.3 Египет пен Сирияға жорығы………………….. 9
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ТӨҢКЕРІС ЖӘНЕ НАПОЛЕОН БОНАПАРТТЫҢ КОНСУЛДЫҚ КЕЗЕҢІ .....................................11
3.1 1799 жылғы мемлекеттік төңкеріс……………………….. 11
3.2 Наполеон үкіметінің ішкі саясаты. Наполеон кодексі................ 12
3.3 Императорлық Франция……………………... 15
3.4 Наполеон Бонапарттың сыртқы саясаты. Европалық саяси картасының өзгерісі.
3.5 Экономикалық саясат. Соғыстар және континенталдық блокада………… 18
3.6 Коалициялармен соғыс. 1807 ж. Тильзит бейбіт бітімі
3.7 Империяның жаулап алу соғыстары және оның күйреуі ............ 19
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………….................... 23
СІЛТЕМЕЛЕР............................................................................................24
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..........................................25
Прикрепленные файлы: 1 файл
курсовой.doc
— 211.00 Кб (Скачать документ)1791
ж. сәуірінде Авиньон тұрғындары
оларды Франциямен біріктіруін талап
етті. Бұл қақтығыс шеңберінде еуропалық
дипломатия тарихында алғаш рет сол территорияда
тұратын халықтың тілегі негізінде территориялық
қосып алулар қағидасы жарияланды. Дипломатиялық
комитеттің ұсынысы бойынша 1791 ж. 14 қыркүйектегі
Ұлттық жиналыстың декреті бойынша Авиньон
Францияға қосылды. Бұл әрекет Францияның
тек Риммен ғана емес, сонымен бірге революциялық
рух пен территориалдық қосып алулар прецеденті
өз елдерінде жайылатынынан қорыққан
басқа да еуропалық державалармен қатынастарын
шиеленістірді.
1791 ж. қыркүйегінде XVI Людовик конституцияны қабылдап, еуропалық мемлекеттерге өзінің Ұлттық жиналыспен бірауыздылығы жайында қайтадан ресми түрде хабарлады. Сонымен бір уақытта революцияны басып тастау үшін ол Францияға контрреволюциялық интервенцияны ұйымдастыру мақсатында құпия хаттармен алмасып отырды. Бұл жағдайларда 1791 ж. қазанында Заңшығарушылық жиналыс құрылды. Жиналыстың депутаттары бекерден емес корольге сенбей, оның тарапынан қастандық ұйымдастырудан қорықты. Шынымен де, контрреволюцияны дайындауға көмектескен және «австриялық жүйе» жақтастарынан құралған корольге жақын бірнеше аристократ құпия комитет құрды.
1792
ж. 10 тамызындағы көтеріліс Франциядағы
монархияны құлатып, Ұлттық конвенттің
шақырылуына және жанама түрде
жария етілген француз
республикасының сыртқы саяси бағытындағы
басымдылықтардың өзгеруіне алып келді.
Француз революциясы жалпы халықаралық қатынастардың, оның ішінде еуропалық дипломатияың дамуындағы жаңа кезеңін ашты. Революция басталысымен Еуропадағы күштердің ескі арасалмағы құртылды. Одан артық республика жариялануымен феодалдық-абсолютистік монархиялардың блогі қирады. Аз уақыт ішінде француз республикасының өз елдеріне революциялық рух таралып кетуінен қорыққан ең мықты еуропалық державалардың интервенциясымен күресі барлық халықаралық оқиғалар мен дипломатиялық келіссөздердің өзегіне айналды.
Франциядағы
революциялық оқиғалардың басталуына
дейін Ресейдің Түркиямен 1787 ж. басталып,
бүкіл Еуропаның назарын өзіне
қаратқан соғысы халықаралық қатынастардың маңызды мәселесі
болды. Ресей сонымен бір уақытта Швециямен
екінші соғыс жүргізді. Ресей мемлекетінің
күшеюінен қорыққан Англия мен Пруссия
Түркияға да, Швецияға да барынша дипломатиялық
қолдау көрсетіп отырды. Дегенмен де, француз
революциясы өте аз уақыт ішінде бүкіл
халықаралық саясатқа шешуші әсерін тигізді.
Революция державалардың назарын көп
уақытқа шығыстан Еуропаның батысына
аудартты.
Сол кездегі еуропалық саясатта екі ең мықты держава - Англия мен Ресей айтарлықтай рөльге ие болды. Англияда 1783 ж. бері сыртқы саясат басшысы Жеті жылдық соғыс кездеріндегі виги партиясының әйгілі министрі, лорд Чатамның баласы Уильям Питт-кішісі болды. Көрнекті саяси қайраткер болған У. Питт министрліктің басшысы ретінде Англияның жағдайын нығайту үшін және маңызды америкалық отарларды жоғалтуынан кейінгі әлсіреген қайратын күшейту үшін көп іс атқарды. Тори партиясының нағыз жақтаушысы болған ол Франциядағы революциялық оқиғаларға, әсіресе ондағы монархияның құлатылып республиканың жариялануына қарсы болды. Англиядағы сыртқы саяси ведомствоны басқарған У. Питт сыртқы саясаттың негізгі бағытын нық анықтады.
3.5 Экономикалық саясат. Соғыстар және континенталдық блокада
Экономикалық саясат француздардың өнеркәсіптік және қаржы буржуазиясының европалық нарықта біріншілігін қамтамасыз ету болып табылды. Бұған бірақта Англияда өткен индустриалдық революцияның жемістерін көріп отырған ағылшын капиталы кедергі жасады. Англия Францияға қарсы әртүрлі мемлекеттер коалициясын құра отырып күресуге тырысып бақты. Ол көбінесе Автррия мен Ресейді өзіне тарта отырып Франциямени арпалысты. Континентте жүріп жатқан соғыстарды қаржыландыруға ақша салып отырды.
Наполеон Англияны континенттен ығыстыру үшін континенталдық блокада жөнінде декретке қол қойды. Осы кезден бастап Франция және оның барлық жақтастары Англиямен сауда қарым-қатынастарын тоқтатты. Европа Англия өнеркәсібі шығаратын тауарлардың негізгі тұтынушы нарығы болатын. Бұл континенталдық блокада ағылшын экономикасына қатты соққы болып тиді: бір жылдан соң жүн, тоқыма өнеркәсібінің дағдарысы басталды да арты фунт стерлингтің құнсыздануына ұласты. Бірақ бұл континенталдық блокаданың зардабы континенттік мемлекеттерге де соққы болып тиді. Француз өнеркәсібі европалық нарықта Англияны толық алмастыра алмады. Ағылшын колонияларымен байланысы бар француздық порт қалалары Ла-Рошель, Марсель және басқаларында жағдай нашарлап кетті. Халық бұрыннан тұтынып келе жатқан колониалдық тауарлардың (кофе, қант, шай …) жеткіліксіздігінен зардап шекті.
3.6 Коалициялармен соғыс 1807 ж. Тильзит бейбіт бітімі
І Наполеон империясы мен консулдығы тұсындағы еуропалық елдердің коалициясына қарсы Франция Наполеон соғыстарын (1799-1815 жж.) жүргізді. Хронологиялық жағынан алғанда бұл соғыстар Ұлы француз төңкерісінің (1789-1799 жж.) соғыстарын жалғастырды және алғашқы кезде оның прогрессивті мәні де болды, өйткені ол феодалдық құрылыстың негіздерін қиратуға, бірқатар Еуропа елдеріндегі капиталистік қатынастардың дамуына жәрдемдесті. Алайда, Наполеон соғыстарының даму барысы өзінің прогрессивті белгілерін жоғалтып жаулап алушылық сипат алды. Сөзсіз ХVIIІ ғ. аяғы – ХІХ ғ. басында Еуропа саясатын анықтаған, өз дәуірінің көрнекті өкілдерінің бірі Луи Бонапарт Наполеонның тұлғасы мен қызметінің маңызын айта кету керек.
Наполеон Банопарттың дипломатиялық қызметін екі негізгі кезеңге: 1799 – 1807 жж. Бонапарттың әскери диктатурасының орнау сәтінен бастап Тильзит бейбіт бітіміне дейінгі кезең, бұл дипломатиялық сәттіліктер мен Наполеонның мәртебесі және халықаралық аренадағы рөлінің күшеюі кезеңі; 1807-1812 жж., яғни, Тильзит бейбіт бітімінен Наполеон империясының құлдырауы, сонымен бірге Наполеон құрған ұлы Империяның күйреуі кезеңі деп бөлу керек.
Директорияны таратқан және Францияға өзінің диктаторлық билігін орнатқан генерал Бонапарт ірі қаржы буржуазиясының сыртқы саяси талпыныстары мен мақсаттарын қолдады. Наполеон Францияның маңызды бақталасы Англияның теңіз бен отаршылдық қуатын жою идеясын және Рейн мен Альпі жағаларындағы «табиғи шекараларды» жаулап алу, яғни көршілес жатқан мемлекеттер арқылы Францияның территориясының ұлғаюы мен кеңеюінің батыл жақтаушысы болды.
1800 ж. ішкі шиеленістердің
тегеуірінімен буржуазиялық
1801 ж. 23 наурызда Петербордағы
Сарай төңкерісінің
Конвенцияда Францияның тартып алған иеліктері үшін Сардиния Королі мен Германия князьдерін марапаттау мәселесіндегі Ресейдің делдалдық миссиясы, сонымен қатар Ион аралдарында адмирал Ушаковтың құрған «Жеті арал Республикасының» танылуы және Ресей мен Францияның теңіздегі бостандықты қамтамасыз ету миссиясы ескертілді. Англияны Ресей империясы бейнесіндегі құрлықтағы негізгі одасқтасынан айырған Наполеон 1802 ж. 25-27 наурызда Аменьеде бейбіт келісім-шартқа қол қоюға мәжбүр етті. Келісім-шарттың талаптары бойынша Англия Францияға және оның одақтастары Испания мен Батав республикасына Тринидат пен Цейлоннан басқа соғыс жылдары жаулап алынған барлық жерлерді қайтарып беруге міндетті болды. Мальтаны Иониттер орденіне беруге, Түркияға Египетті қайтаруға міндеттенді. Ал Франция өз тарапынан Неаполь, Рим және Эльба аралдарынан әскерлерін шығаруға міндеттенді. Франция мен Англия Еуропадағы қалыптасқан тәртіпті қолдауға міндеттенді. Наполеон Египеттен бас тартты. Жеңісті соғыстардан кейінгі ұзақ күттірген бейбітшілік Наполеон Банопарттың мемлекеттік қайраткер және қолбасшы ретіндегі даңқының өсуіне ықпалдастық етті.
1802 ж. келісім берік
болмады. Англия Францияға
Наполеонның агрессивті саясаты Ресейді қобалжытпай қоймауы мүмкін емес еді. Франция мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың үзілуі Наполеонның бурбон үйінің ұрпақтарының бірі – Герцог Энгиенскийді жазалауымен тездетілді: 1804 ж. оған Наполеонның өміріне қастандық жасады деген кінә тағылып атып тасталды. І Александр Наполенның бұл іс-әрекетіне қарсылық білдірді, алайда, ол өз әкесі І Павелге қарсы қастандыққа және өліміне қатысы бар деген тұспалданған сөзді жауап ретінде алды. Франция мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың үзілуі наполеондық Францияға қарсы Еуропа державаларының үшінші коалициясының құрылуын жылдамдатты. Ресей мен Англия арасында күрделі қайшылықтар мен келіспеушіліктер аз болмады.
Ресеймен соғысудың дипломатиялық дайындығы Наполеонның болжамдарын ақтамады. Пруссия мен Австрия Франциямен Ресейге қарсы бағытталған келісімдерге қол қоюға мәжбүр болғанымен де, олар сонымен қатар І Александрмен де құпия келіссөздер жүргізіп отырды. Франция дипломаттары Ресейдің Швеция және Түркиямен болатын қайшылықтарына үміт артты. Алайда, Ресей сәуір айында Швециямен одақтасады, ал соғыстың қарсаңында, 1812 ж. мамырда Кутузов Түркиямен Бухарест бейбіт бітіміне қол қояды. Ресей мен Англия арасындағы одақтастық қатынастар қайта қалпына келтіріледі. Сонымен Ресейді сыртқы саяси оқшаулау жоспары жүзеге аспай қалады.
3.7 Империяның жаулап алу соғыстары және оның күйреуі