Наполеон бонапарттың дипломатисы
Курсовая работа, 08 Декабря 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Курстық жұмыстың мақсаты осы өр тұлғалы Наполеон билік құрған Франция кезеңінің тарихын пайымдау болып табылады.
Курстық жұмыста мынадай міндеттер қарастырылады:
1. 1799 ж. 18 брюмер төңкерісі.
2. Маренго. Диктатураның нығайюы. Бірінші консулдың заң реормалары. 1800-1803 жж.
3. Англиямен қайтадан соғысу. Наполеонның коронациясы.
1803-1804 жж.
4. Тильзиттен Ваграмға дейін.
1807-1809 жж.
5. Наполеонның Ресеймен соғысы және тақтан түсуі.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Наполеон диктатурасының тарихы тереңдете зерттеуді қажет ететін, әлі де болса саралай түсіп дәйектеуді талап ететін күрделі тақырып. Сондықтан осы тақырыпқа бойлап ене түсудің өзектілігі өз мәнін жоғалта қоймайды деп ойлаймын.
Содержание
КІРІСПЕ................................................................................................ 3
1-тарау.НАПОЛЕОННЫҢ БИЛІККЕ КЕЛУІ
1.1 Наполеон Бонапарттың өмірбаяны
1.2 Дипломатиялық неке
2-тарау. ЕУРОПА ЖӘНЕ ТЕРМИДОРЛЫҚ КОНВЕНТ
2.1 Термидорлық Конвенттің соғыстары6
2.2 Бонапарттың Италияға жорығы7
2.3 Египет пен Сирияға жорығы………………….. 9
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ТӨҢКЕРІС ЖӘНЕ НАПОЛЕОН БОНАПАРТТЫҢ КОНСУЛДЫҚ КЕЗЕҢІ .....................................11
3.1 1799 жылғы мемлекеттік төңкеріс……………………….. 11
3.2 Наполеон үкіметінің ішкі саясаты. Наполеон кодексі................ 12
3.3 Императорлық Франция……………………... 15
3.4 Наполеон Бонапарттың сыртқы саясаты. Европалық саяси картасының өзгерісі.
3.5 Экономикалық саясат. Соғыстар және континенталдық блокада………… 18
3.6 Коалициялармен соғыс. 1807 ж. Тильзит бейбіт бітімі
3.7 Империяның жаулап алу соғыстары және оның күйреуі ............ 19
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………….................... 23
СІЛТЕМЕЛЕР............................................................................................24
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..........................................25
Прикрепленные файлы: 1 файл
курсовой.doc
— 211.00 Кб (Скачать документ)ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ
ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОНМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР КАФЕДРАСЫ
Курстық жұмыс
Халықаралық қатынастардың жаңа заман тарихы пәні бойынша
Тақырыбы:
«Наполеон Бонапарттың дипломатиясы»
Орындаған: МО-21к топ
студенті Даниялқызы М.
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к.,Егизбаев С.Қ.
Қарағанды-2013
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Тарих – халық зердесі. Әр халықтың, ол үлкен болсын, кіші болсын, өзінің төл тарихы болады. Бірінің тарихы мыңдаған алып томдарға хатталып қалады да, бірінікі "Уақыт" деген қайырымсыз алыптың аяғының астында тапталып ғасырлар тұңғиығына батып кетеді.
Ал біздер қалам тартып отырған Францияның кезеңі бүгіндері француздар аңсап еске алатын, ардақтайтын кезеңі деп айтуымызға болатын кезең. Бұл кезеңде тарихтың желкеніне өзінің атын жазып, мәңгілікке құлаш ұрған Наполеон Бонапарттың билік еткені бәрімізге мәлім. Бонапартты біреулер диктатор, енді біреулері антихрист атандырса, француздар үшін әлемді жаулауға талпыныс жасаған, әрі бүкіл Европаны өз солдаттарының табанына таптатқан Наполеон Бонапарт ұлт мақтанышы деуге болады. Оның өз мемлекеті үшін сіңірген еңбегі де ұшан теңіз десек жаңылыса қоймаймыз. Наполеон тұлғасы атақты Шыңғыс хан, Әмір Темір, Александр Македонский, Юлий Цезарь тәрізді әлемді жалғыз адам билеу керек деп ойлаған, саналы өмірлерін осы идея үшін сарп еткен тарихи тұлғалармен иық тіресіп тең тұрғанын байқаймыз.
Ақсүйектер
отбасынан шыққан. 1785 жылға дейін Бриен және Париж[1] әскери мектептерінде
оқыған. Франциядағы 1789 – 94 ж. революция
кезінде Тулон
қаласын азат еткені үшін
24 жасар Наполеон I капитандықтан бригадалық генерал
дәрежесіне дейін көтерілді.
1796 ж. Италияғажорық жасаған армияның
бас қолбасшылығына тағайындалды. Осы
және кейінгі Египетке
жасаған жорықтары кезінде
өзін аса көрнекті қолбасшы ретінде көрсетті.
1799 ж. 9 қарашада (18 брюмерде) биліктегі дағдарысты
пайдаланып, мемл. төңкеріс жасады. Ол
елде алғашында консулдық, одан кейін империя (1804 ж.
18 мамыр) түріндегі әскери диктатура
орнатты. Якобишілдер мен роялшылдарға
соққы берді. Өнеркәсіп пен сауданы дамытты.
1800 ж. француз банкін құрды. Мемлкеттің
қуатты арттырудың басты тірегі өнеркәсіпті
дамыту деп білді. Әскери өнер саласында
рев. Франция армиясында қалыптасқан жаңалықтарды
одан әрі жетілдірді. Тарихи жағдайға
байланысты орасан зор әскери күшті тактикалық
және стратегиялық жағынан тиімді пайдалана
білді. Оның әскери қағидасы: “сан жағынан
әлсіздікті қимылдың жылдамдығымен толтыру”
болды. 1804 жылға дейін республика атын
жамылып келген диктаторлық өкіметті
буржуазиялық мемлекетті нығайтуға пайдаланды. Директория кезінде сақталған
ұлттық уәкілдікті сайланып қойылатын
басқару жүйесін жойды.
1793 жылғы төңкерісте өзін таныта алған Бонопарт халықтың алдында беделі күшейіп өзі генерал атағын алды. Ал 1799 жылы буржуазияның көмегіне арқа сүйей отырып сыбайлас жемқорлықтан іріп-шіріген Директорияны қуып шығып өзі билік басына келді.
Бонопарттың маңызды әрі дұрыс саясатының бірі ол революцияның жеңіп алған мүдделерін сақтап қалуы болып табылады. Ол өмірінің соңында Әулие Елена аралында ағылшындардың тұтқыны болған икезінде өзіне біткен турашылдықпен және қысқа да нұсқа былай деген болатын: «Мен революция мүдделерін сақтап қалдым. Бұл менің күшімнің арқауы болды. Мен мүдделерді сақтап қалып және теорияны аластаттым.»
Осы бір адамның ғажайып тағдыры туралы талай роман, өлең-жырлар жазылып, ғылыми зерттеулер жүргізілген.
Бұл курстық жұмысты жазу барысында Е.В. Тарленің, А.3.Манфредтің, Н.А. Левицкийдің атақты француз жазушысы Стендальдің Наполеон Бонопарттың өмірі туралы жазған кітаптарын қарап шықтым1. Сонымен қатар бұрын өзім оқыған Л.Н. Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» эпопеясындағы Наполеонның суреттелуіне де назар аудардым2. Францияның осы бір кезеңдегі тарихының әсері көршілес жатқан Ресейге мол болғаны бізге мәлім, сондықтан бұл жайындағы кітаптар ұшан теңіз десе де болады. Әрине, көбінесе Наполоенды бір жақты етіп көрсетуге тырысқан әдебиеттер де аз емес, дегенмен жоғарыда біз атаған класикалық туындылардың өзі де Наполеон бейнесінің сонау кеңес кезінде де дұрыс сомдалғанын байқаймыз.
Курстық жұмыстың мақсаты осы өр тұлғалы Наполеон билік құрған Франция кезеңінің тарихын пайымдау болып табылады.
Курстық
жұмыста мынадай міндеттер қарастырылады:
1. 1799 ж. 18 брюмер төңкерісі.
2. Маренго. Диктатураның нығайюы. Бірінші консулдың заң реормалары. 1800-1803 жж.
3. Англиямен
қайтадан соғысу. Наполеонның коронациясы.
1803-1804 жж.
4. Тильзиттен
Ваграмға дейін.
1807-1809 жж.
5. Наполеонның Ресеймен соғысы және тақтан түсуі.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Наполеон диктатурасының тарихы тереңдете зерттеуді қажет ететін, әлі де болса саралай түсіп дәйектеуді талап ететін күрделі тақырып. Сондықтан осы тақырыпқа бойлап ене түсудің өзектілігі өз мәнін жоғалта қоймайды деп ойлаймын.
1-тарау: НАПОЛЕОННЫҢ БИЛІККЕ КЕЛУІ
Наполеон Бонапарттығң өмірбаяны