ХІ—ХІІ ғасырлардағы Ақмола бекінісі
Реферат, 12 Апреля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
ХІ—ХІІ ғасырларда қазіргі Астананың шет аймағында қыпшақтардың Бозоқ деген ортағасырлық қаласы болған. Ол сауда жолдарының тоғысқан торабында еді. XIX ғасырдың 30-жылдарының бас кезінде мұнда Ақмола сыртқы округы орталығы салына бастады.
Прикрепленные файлы: 1 файл
акмола бекиниси.docx
— 66.13 Кб (Скачать документ)ХІ—ХІІ ғасырлардағы Ақмола бекінісі.
ХІ—ХІІ ғасырларда қазіргі Астананың шет аймағында қыпшақтардың Бозоқ деген ортағасырлық қаласы болған. Ол сауда жолдарының тоғысқан торабында еді. XIX ғасырдың 30-жылдарының бас кезінде мұнда Ақмола сыртқы округы орталығы салына бастады.
Жаңа округ ашуға әзірлік.
“ |
'Сұлтан Қоңыр-құлжа Құдаймендіұлы басқаратын Қарпық болысы Ақмола шатқалында округ ашуды сұрайды' |
” |
1824 жылы екі округтық приказ —Көкшетау және Қарқаралы приказдары ашылды. Қаржы тапшылығының салдарынан өзге сыртқы округтарды aшy едәуір кейінге қалдырылған болатын. Бұл жағдай Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы сұлтан бастаған жергілікті ақсүйектерді бейжай қалдыра алмады. Сұлтан өзінің көшіп-қонып жүретін аймағында жаңа округ ашуды өтініп, Омбыға бірнеше рет қолқа салып, өтінішжасады. Дербес Сібір корпусы штабының бастығы генерал-майор С.Б. Броневский 1829 жылғы қыркүйекте өзінің Омбыға жолдаған рапортында:.
-,деп жазды.
Сұлтанның қайта-қайта жасаған
өтініші жаңа округтың ашылуын әлдеқайда
жылдамдатты. Батыс Сібір генерал-
- Біріншіден, болашақ округ орталығына таяу жерде Есілдегі жүк тиелген сауда керуендері тоқтай алатын Қараөткел атты өткел бар еді.
- Екіншіден, өзеннің екі өңірін алып жатқан шөбі шүйгін мал жайылымы мен көк жасыл кең жазира қызықтырды.
- Үшіншіден, экспедиция мүшелері отын етіп жағуға болатын талды тоғайға да назар аударды. Ақыр соңында, жаңа орын стратегиялық жағынан да қолайлы болып шықты.
Өйткені ол Орта жүздің ең ірі рулары көшіп-қонып жүретін аймақтың қақ ортасында жатты. Округтық орталықтың алғашқы атауы көшпелі қазақтарға ежелден белгілі Ақмола болып аталды. Кейінірек орталық басқа орынға ауысты. 1830 жылы ол болашақ округтық приказ Есілдің оң жақ бетіне салына бастады. Бірақ оның алғашқы атауы сол күйінде сақталып қалды.
Ақмола округтық приказының ашылуы.
1832 жылғы 9 каңтарда Ресей императоры I Николай сыртқы жаңа округтың ашылуына рұқсат етті. Жергілікті қазақ ақсүйектері жаңа округ салынған орынды жазбаша түрде мақұлдап, қабыл алды. Ақмола сыртқы округының ресми ашылуы 1832 жылғы 2 тамызда салтанатты жағдайда өткізілді. Оған жергілікті халық өкілдері қатысты. Округтың аға сұлтаны болып осы аймақтағы ықпалды сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы сайланды.
Ол Орта жүздің ханы болған
Сәмекенің шөбересі еді. Кейінірек
бұл сұлтан патша үкіметінің отаршыл
әкімшілігінің алдында неғұрлым
жоғары бедел алып, құрметке бөленді.
Онымен бәсекелес сұлтан Саржан Қасымұлы
болатын. Бірақ патша үкіметінің
әкімшілігі Қасым Абылайұлы балаларының
қазақ даласында патша
Ақмола — аймақтағы ірі сауда орталығы.
Ақмола бекінісі мал өнімдерін
фабрика-зауыт бұйымдарына
1865 жылы олардың жылдық сауда айналымышамамен бір жарым миллион сомды құраған. Онда Ресейден және Орта Азиядан әкелінген тауарлар молынан сатылды. Жергілікті қазақтар да малын көптеп сата алатын болды. Әсіресе Константинов жәрмеңкесі әйгілі еді. XIX ғасырдың coңына қарай оның жылдық сауда айналымы 4 миллион сомға дейін жетті. Қала Ақмола, Атбасар және Қарқаралы уездерін қажетті тауарлармен қамтамасыз етіп тұрды. Жергілікті сауданы көпес Кубрин қадағалап отырды. Олар қалада көптеген дүкен ұстады. Қаланың өңірегінде жүзден астам жел диірмендер, су диірмендер, механикалық диірмендер болды. Диірмендердің мұншалықты көп болу себебі қалалықтардың да, дала қазақтарының да ұнға деген сұранысының артуына байланысты еді. Ұнды қала арқылы өтіп жататын керуендерде көптеп сатып алатын.
Ақмолаға қала мәртебесінің берілуі.
Қаланың қызу қарқынмен дамуы 1862 жылғы 26 қыркүйекте Ақмоланы ресми түрде округтық қала деп жариялануына жеткізді. Қала мен осы аймақтың тарихында бұдан маңызы тіпті де кем емес оқиғалардың бірі 1868 жылы қаланың Ақмола уезі мен осы аттас аймақтың орталығына айналуы болды. Бірақ аймақтық басқарма мен барлық негізгі деген басты-басты мекемелер Омбы қаласында қалып қойды. Мұның екі түрлі себебі болды.
- Біріншіден, шенеуніктердің бәрін бірдей көшіріп әкелуге қаржы тапшылығы кедергі жасады.
- Екіншіден, Батыс Сібірдің басшылығы аймақтық отаршылдық орталықты қазақ даласының қақ ортасына ауыстыруға ашықтан-ашық қарсылық білдірді. Сондықтан да облыстық орталық Омбы қаласында қала берді. Ал аталмыш аймақ Ақмола деген атпен белгілі болды. Қаладағы реформа Ресейде жасалған өзгерістердің негізгі бір бөлігі еді. Ол Ақмоланың өміріне де елеулі өзгерістер ала келді. 1870 жылы онда қалалық дума және оның атқарушы органы — қалалық басқарма құрылды. Думаның депутаттары төрт жылға сайланды. Бірақ сайлау мүліктік цензура (шек қою) негізінде жасырын дауыспен eнгізілді. Қалалық дума мүшелерінің басым көпшілігі көпестердің өкілдері болып шықты. 1875 жылы Ақмолада полиция басқармасы құрылды, ал келесі жылы қазақ балаларына арналған интернат ашылды. 1880 жылы қалада қазақтарға қарыз беретін қаржы кассасы пайда болды. Ол табиғи апат салдарынан жұт, ашаршылыққа душар болған дала тұрғындарына көмек көрсету, олардың шаруашылық жағдайын жөндеп алуына жәрдемдесу және өнеркәсіпті дамыту мақсатын көздеді. Қаржы кассасынан ақша алу кезінде басымдық құқық азық-түлікке өте-мөте мұқтаж қазақтарға берілді. Қарыз мөлшері 10 сомнан 300 сомға дейін жеткізілді. 1893 жылы уездің бастығы подполковник Троицкийдің тікелей күш-жігер жұмсауымен қалалық бақ отырғызылды. Тап сол жылы солдаттар бағының да негізі қаланды. Қала жыл сайын жасыл желекке бөленіп, қабаттана түсті. Бірақ тас төселген, асфальт салынған жолдардың жоқтығы көктемнің жауынды-шашынды кезінде жаяу адамдардың қалада жүріп-тұруын өте-мөте қиындатты.
XX ғасырдың бас кезінде Ақмолада дәріхана, екі шіркеу, бір мешіт, қалалық үш сыныптық училище, екі бастауыш мектеп болды. Қала тұрғындары Пушкин атындағы қалалық көпшілік кітапханасының қызметін кеңінен пайдаланды. Оның кітап қоры негізінен көркем әдеби шығармалардан тұрды. Ақмола қаласының маңында төменгі деңгейдегі ауыл шаруашылық мектебі, оның тәжірибе жасайтын алаңы мен бау-бақшасы болды. Көшеге кей-кейде керосин шамдар жарық түсіріп тұрды. Қалада өнеркәсіп дами бастады. Сабын қайнататын, тері илейтін, май шайқайтын, сыра ашытатын және тәтті тоқаш пен нан пісіретін зауыттар, сондай-ақ көптеген темір ұстаханалары мен диірмендер жұмыс істеді.
Жел диірмені
Су диірмені
Қала халқы санының өсуі.
Григорий Николаевич Потанин.
Қала халқының саны бірте-бірте өсе түсті. Қалалықтардың саны шаруалардың ағылып келуіне байланысты елеулі түрде өсті. 1882 жылдан бастап Ақмолаға саяси жер аударылғандар да келе бастады. Мәселен, әр жылдары М. Кутневский, П. Румянцев, Б. Ендрушек, Ф. Иваницкий, А .Богомолец, А. Уфимцев және басқалары, барлығы 50-ден астам саяси жер аударылып келгендер, өз мерзімдерін осы қалада өтеп қайтты. Олардың қай-қайсысы да талантты әрі дарынды жандар болатын. Мәселен, Ақмолада 1902-1906 жылдары болған А. Уфимцев белгілі өнертапқыш әрі авиаконструктор еді. 1890 жылы Ақмолада 5640 адам тұрды. 1914 жылы қала тұрғындарының саны 16,5 мың адамға жуықтады. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде Ақмола Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени тұрғыдан алғанда ірі орталықтарының бірі болуға лайықты екенін көрсетті. Орыстың көрнекті ғалымы және қоғам қайраткері Г.Н. Потанин Қараөткелде (қазіргі Астанада) қазақтардың астанасы болатынын, онда дербес жоғары оқу орны ашылатын күнді кездейсоқ армандамаған болуы кepeк.