Барлық мадақ-мақтаулар әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 18:28, реферат

Краткое описание

Ислам - Аллаһ Тағаланың алдында қабыл қылынатын жалғыз ғана дін. Аллаһ Тағала Ислам дінін жеңіл әрі қолайлы қылды, онда ешбір қиыншылық немесе машақат(4) жоқ. Ислам дінін ұстанушыларға шама жетпейтін, жағдай көтермейтін немесе мүмкіншіліктерден тыс бірде-бір амал, іс-әрекет міндеттелмеген.

Ислам дінінің негізі - таухид(5), ұраны - шыншылдық, айналасы - әділет, құндылығы - хақиқат, рухы - мейірімділік. Және де ол (Ислам діні) пенделерін дінінде және дүниесіндегі барлық пайдалы нәрселерге бағыттап, оларды дінінде және тіршілігіндегі барлық зиянды нәрселерден сақтандырады. Ислам - Аллаһ Тағала ол арқылы сенімдермен ахлақтарды және діндегі дүние тіршілігін жөндеп дұрыстаған, бөлініп кеткен жүректерді қосып, әртүрлі ойларды біріктірді. Және оларды жалғандық қараңғылықтарынан босатып, шындықпен тура жолға нұсқады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (3).docx

— 16.99 Кб (Скачать документ)

 

    Барлық мадақ-мақтаулар  әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән.  Елшілердің имамы, пайғамбарымыз  (с.а.у), оның үй-ішіне, барлық сахабаларына(1) сәлем-салауаттар болсын(2).

 

     Ислам діні  деп - Аллаһтан басқа құлшылық  қылуға лайықты Тәңір жоқ екендігіне  және Мұхаммед Аллаһтың елшісі  екендігіне жүрекпен, тілмен және  дене мүшелерімен куәлік беруді  айтады.

 

     Бұл дегеніміз  иманның алты шартына иман  келтіруді, исламның бес парызын  орындауды және ондағы ихсан(3) амалын өзіне қамтыған. Сонымен  қатар, ислам діні пайғамбарлар  мен елшілірдің ең ақырғысы  Абдуллаһ ұлы Мұхаммедке (Ол кісіге  Аллаһтың игілігі мен сәлемі  болсын) түсірген Аллаһтың тарапынан  соңғы пайғамбарлық жолдамасы.

 

     Ислам - Аллаһ  Тағаланың алдында қабыл қылынатын  жалғыз ғана дін. Аллаһ Тағала  Ислам дінін жеңіл әрі қолайлы  қылды, онда ешбір қиыншылық  немесе машақат(4) жоқ. Ислам дінін  ұстанушыларға шама жетпейтін,  жағдай көтермейтін немесе мүмкіншіліктерден  тыс бірде-бір амал, іс-әрекет  міндеттелмеген.

 

     Ислам дінінің  негізі - таухид(5), ұраны - шыншылдық,  айналасы - әділет, құндылығы - хақиқат,  рухы - мейірімділік. Және де ол (Ислам  діні) пенделерін дінінде және  дүниесіндегі барлық пайдалы  нәрселерге бағыттап, оларды дінінде  және тіршілігіндегі барлық зиянды  нәрселерден сақтандырады. Ислам  - Аллаһ Тағала ол арқылы сенімдермен  ахлақтарды және діндегі дүние  тіршілігін жөндеп дұрыстаған, бөлініп  кеткен жүректерді қосып, әртүрлі  ойларды біріктірді. Және оларды  жалғандық қараңғылықтарынан босатып,  шындықпен тура жолға нұсқады.

 

     Ислам - барлық  хабарларымен, үкімдерімен берік  және мықты болған тура дін.  Хабарларының бәрі шындық әрі  хақиқат, үкімдерінің барлығы  игілікпен әділет!

 

     Ислам дінінің  жіберілуі төмендегі мәселелердің  жүзеге асырылуын мақсат етеді:

 

    Бірінші, адамдарға  Раббысы әрі Жаратушысы болған  Аллаһты, есімдерінде теңдесі  болмаған көркем есімдерімен,  сипаттарында ұқсасы болмаған  жоғары сипаттарымен, істерінде  серігі болмаған даналы істеріменен,  хақыларында ортағы болмаған  Өзіне ғана тиісті хақтарыменен  таныстыру.

 

     Екінші, пенделерді  ешбір серігі болмаған Аллаһқа  ғана ғибадат қылуға шақыру. Өз  кітабымен пайғамбарының сүннетінде  бекіткен бойынша, адамдарды дүниесіндегі  және ақыретіндегі ізгілігі мен  бақыты болған бұйрықтарын орындап,  тыйымдарынан аулақ болу арқылы  ғибадатына шақыру. Яғни, адамдарды  олардың дүние ақыретте ізгілікке  жетіп бақытқа бөленуіне себепкер  болатын Аллаһтың кітабімен, Оның  пайғамбарының сүннетінде келген  бұйрықтарды атқарумен тыйымдардан  тыйылуға шақыру.

 

    Үшінші, адамдарға  өлгендерінен кейін болатын халдері,  барар жерлері, қабірлерінде және  қайта тіріліп, есеп бергендерінде,  сондай-ақ осы дүниедегі жасаған  амалдарына қарай жаннатқа немесе  тозаққа барар кездегі кездестіретін  жағдайларды ескерту.

 

     Исламның ең  маңызды қағидаларын төмендегідей  қысқаша атап өтсек болады;

Біріншіден: Иманның шарттары.

 

Екіншіден: Исламның бес парызы.

 

     Ислам діні  бес парызға негізделген. Сол  үшін адам баласы оның барлығына  иман келтіріп, орындамаса немесе  тиісті амал істемесе шынайы  мұсылман бола алмайды.

 

Үшіншіден: Әл-Ихсан.

 

     Ихсан дегеніміз  - Аллаһ Тағалаға бүтіндей беріліп,  барлық сенімімен Оны көріп  тұрғандай құлшылық қылу. Өйткені,  сен Оны көре алмасаңда, Ол  яғни,Аллаһ Тағала сені көріп  тұрғанын біліп, естен шығармау  керек. Сонымен қатар, ғибадат-құлшылықта  Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Ол  кісіге Аллаһтың игілігі мен  сәлемі болсын) сүннетіне еш қарсылық  білдірместен, мейлінше сәйкес амал  қылу "ихсан" деп аталады.

 

     Ислам діні  жоғарыда айтылғанның барлығын  өзіне қамтыған. Бұл дін адамдармен  жалпы қоғамның өмірін бір  жүйеге келтіріп, оларға бұл дүниеде  де, ақыретте де бақытты болуларына  толық мүмкіндік береді.

 

     Мәселен, Ислам  діні неке сияқты ер мен  әйелдің арасындағы адал қарым-қатынастарды  рұқсат етіп, ойнастық, қорлық, зина  қылу сияқты тағы басқа да  күнәлі, әрі ұятсыз адамзат қоғамына  жат және ерсі қылықтарға тыйым  салады. Сонымен бірге Ислам діні  көркем мінез-құлықтарды үндеп,  жалпы әдепке қайшы келетін  мінездерден аулақ болуды міндеттейді  және де туысқандармен байланыстарды  үзбеуге, бейшара-кембағалдарға  мейірімді болып, оларға қамқорлық  көрсетіп қарайласуды міндеттейді. Сауда және жалға беру арқылы мал жинаудың адал түрлерін рұқсат етіп, өсімқорлықпен сауда-саттықтың арам етілген түрлеріне тыйым салады.

 

     Демек, сатылайын  деп немесе алынайын деп тұрған  заттарда немесе әрбір саудада  өтірік, қиянат, тұрақсыздық орын  алған болса - ондай сауда-саттықтарға  шариғат үкімі бойынша рұқсат  етілмейді.

 

     Ислам діні  адамдардың дінді ұстануларындағы  деңгейлерінің бірдей еместігін  ескеріп, өзгелердің тыныш әрі  кәдімгі өмірлерін қамтамасыз  ету үшін және өзгелердің хақылары  сақталуы үшін кейбір қылмыстарға  өзіне сай келетін жазаларды  үкім ретінде бекітті. Егерде  бұл қылмыстар күпірлік, ойнас,  арақ ішу сияқты Аллаһтың хақыларына  тиісті қылмыстар болса немесе  адам өлтіру , ұрлық, жекеменшікке  қол сұғу, жала жабу, денеге зақым  келтіру, қинау, ақша немесе  біреудің мүлкін зорлықпен тартып  алу және тағы басқа адамдардың  ар-намысына байланысты яғни, адам  хұқықтарына тиісті қылмыстар  болса - Ислам діні солардың  барлығына ешбір шектен шығушылық  немесе салақтық жіберместен  жасалған әрбір қылмыстың өзіне  лайық жазаларды заң үкімдерінде  орнатты. Және де Ислам діні  басқарушылармен бағынушылардың  арасында тығыз байланыстарды  реттестірді, бағынышты болған  адамдар күнәлі емес істерде  ғана басшыларға бағынуға міндетті. Және қоғамдық тәртіпсіздіктерге  апаратын болғандықтан Ислам  шариғаты елді басқарушы үкіметке  қарсы шығуды да тыйым салды.

 

     Сөз соңында  айтарымыз, Ислам діні пенделермен  олардың Раббысы Аллаһ Тағала  арасындағы қарым-қатынасты және  жеке адаммен қоғам арасында  болатын барлық салалардағы қарым-қатынасты  дұрыс жолға қойып реттеуді  өз міндетіне қамтыған. әрі адамдарды  өмір сүрудің ең көркем жолдарына  бағыттайтынын атап өткеніміз  жөн. Сонымен қатар, қарым-қатынастардың  мәдениеттілігіне қайшы келетін  қылықтарды зияндылығын ескертіп  кетуді ұмытпастан, Ислам діні  салауатты қоғамның әдептілігіне  жат барлық нәрселерге тыйым  салды. Бұның бәрі дініміздің  кәміл әрі жан-жақты шырайлығын  білдіреді. Барлық мақтаулар әлемдердің  Раббысы Аллаһқа тән!

 

Кейбір түсіндірмелер:

 

Сахабалар деп Пайғамбарымызды  тірі кезінде көріп, оған иман келтіріп мұсылман халінде дүниеден өткен  адамдарды атайды.

Пайғамбарымызға және оның ерушілеріне  Аллаһтың салауатымен сәлемі болсын деген мағынада.

Ихсан - дініміздің үшінші мәртебесі. Аллаһ Тағаланы көріп тұрғандай  немесе Аллаһ оның өзін көріп тұрғандай  құлшылық ету.

Машақат - қиыншылық,ауыртпашылық.

Таухид - Аллаһ Тағаланы бір  деп білу.


Информация о работе Барлық мадақ-мақтаулар әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән