І. Есенберлин “Көшпенділер”

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2014 в 20:25, сочинение

Краткое описание

Шайбан ұрпағы саналатын Әбілхайыр 1428 жылы «Көшпелі өзбектер» мемлекетін құрып, ең алғаш ханы болады. Дешті Қыпшақ даласын енді Ақ Орда емес, Көк Орда билей бастады. Бұл аймақты Жошыдан тараған Ақ Орданың соңғы ханы Барақ хан (1423-1428) қайтыс болғанда иелік Шайбан ұрпағына тиеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

көшпенділер кратко.doc

— 71.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті

 

 

 

 

 

 

 

    СӨЖ

 

 

 

 

 

Тақырыбы: І. Есенберлин “Көшпенділер”

 

Орындаған:

 

Тобы:

 

Қабылдаған:

 

 

 

 

 

 

 

 

                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда, 2013 ж.

 

 

 

«Алмас қылыш»

Шайбан ұрпағы саналатын Әбілхайыр 1428 жылы «Көшпелі өзбектер» мемлекетін құрып, ең алғаш ханы болады. Дешті Қыпшақ даласын енді Ақ Орда емес, Көк Орда билей бастады. Бұл аймақты Жошыдан тараған Ақ Орданың соңғы ханы Барақ хан (1423-1428) қайтыс болғанда иелік Шайбан ұрпағына тиеді. Әбілхайыр он алты жасында таққа отырып, бірнеше соғыстар жүргізеді. Әлемге атын шығарғысы келген хан Мәуреннахр, Моғолстан, Хорасан, тіпті, Иранды өзіне қосып алу ойында болады. Мемлекет ішіндегі ауыр алым-салық, ауылдарды шабу халықтың жүйкесін тоздырды. Осындайдың салдарынан ханның саясатына қарсы шығушылар табылды. Орыс ханның немересі Керей мен Жәнібек сұлтандар ханның іштей басты жауларына айналды. Әбілхайыр Жәнібек сұлтанды  өлтіруге дейін барып, батылы жетпеді. Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбектің қызы Рабну-Сұлтан-Бегім сұлу ханның тоқалы еді. Сол сұлу тоқалымен, Жәнібектер мен бірге аңшылыққа шығады. Сұлтанның жеке бөлінуін көздеп, көзін жоймақ ойы бар. Мұны байқап жүрген сұлтан сақ жүреді. Абайсызда аң қызына түсіп кетіп, сақтықты ұмытып кетеді. Ханның құлы Жәнібекті жығып түсірген сәтте хан оны өлтіруге батылы бармады.Жастайынан қатігез хан өзіне таңданып, кәріліктен жігері қайта бастағанына өкінеді. Сол жерде құлын қылыштайды. Мұнысы сұлтанды қорғаған сияқты болып көрінгенімен пиғылы байқалады. Әбілхайыр Керей мен Жәнібекті қалай болғанда өлтірмекші болады. Себебі, бір күні Жәнібек өртеніп, күлге айналған ауылға кезболады. Ол мұны алым-салық бермедіңіздер деп ханның істегенін айтады. Құтқарып қалуын сұрайды. Мұны хан біліп, оларды басындырмау жағын ойлайды. Кәрі тарлан ханның қиналатыны ертең өлген күні хандығы құрып кететіні. Мұрагер-Хайдар, Мұхаммед Шайбани, Махмұт сұлтандар әлі жас. Жәнібек осы сұлтандар өлсе, хандық менікі деп ойлайды. Бірақ 1468 жылы хан қайтыс болған кезде 17 жасар  Мұхаммед Шайбани мен 15 жасар Махмұт сұлтандар атасының құрған мемлекетін құлатады. Моғолстан мемлекеті Әбілхайырмен қас болғанымен Керей-Жәнібектерге құшақ жаюға әрқашан дайын. Көптеген рулардың басын қосып, Жетісу өңіріне көшіп кетеді. Қаһарға мінген хан ізіне әскер жіберуге дейін барады. Көптеген батырлар мен ақсақалдар бұған қарсы болады. Бұл кезде Моғолстанды Есенбұға хан билеп тұрады. Керей мен Жәнібектердің келгенін естіп, жылы жүзбен қарсы алады. Моғолстан хандығы аса қауіпті жағдайда еді. Соңғы уақытта Шығыс Түркістан аумағында түркілер үлкен шабуылға дайындалуда. Орта Азияда Мәуреннахр, Дешті-Қыпшақтан Әбілхайыр хандығы және басқа қауіп төнгелі тұр. Есенбұға жас кезінде несторяндық бір қызға ғашық болады. Мұны байқаған ағасы Жүніс әкесіне айтып қояды. Есенбұғаны әкесі ең ақылды мұрагер санағасын, қызды оның көзінше бауыздап өлтіреді. Сол оқиғадан соң ол қатігез болып кетеді. Ағасының ойы інісін таққа отырғызбау еді. Кейін әкесі өліп, Жүніс таққа ұмтылады. Есенбұға да қарап отырмайды. Ағайындар таласы Есенбұғаның жеңісімен аяқталады. Жүніс Тимуриттер жағына қашып кетеді. Мұндай қауіптерге Жәнібек қорған бола алады. Моғол ханы екі сұлтанға Шу өзені аймағынан жер бөліп береді. Көшпенділер осы арада қоныстанады. Тілі,діні, дәстүрі бір «қазақ» атты халық алғаш рет қалыптасады. Сөйтіп тұңғыш рет Қазақ хандығы құрылады. Үлкен болғандықтан тақ Керейге тиеді. Сөйтіп, ол хан атанады. Хандықтың мақсаты аталарынан қалған Түркістан қаласын қолына қарату болды. Сауда-саттық орталығы саналатын бұл қалалар Әбілхайырдың қасында болғандықтан ірі шайқастар жүргізуге тура келіп отырды. Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру үшін мал шаруашылығын дамыту керек. Шөбі, суы мол жерлер керек. Астық тауарымен қамтамасыз ететін, сауда жасайтын қалалар керек. Стратегиялық маңызы мол Түркістан, Сыр бойы қалалары  мемлекет тірегі еді. Хандық ол үшін күштірек болу керек. Әбілхайырды жеңу оңай емес. Бір жылы Керей қайтыс болып, тақ кезегі Жәнібекке тиеді. Қазақ хандығы бұл кезде күшейе қоймайды. Ең бастысы халықтың ауыз бірлігі. Қиын кезде жұдырықтай жұмылған рулар ыдыраса, Қазақ хандығына өкініш еді. Жәнібек хан соны ойлап, халықты жүзге, руға бөледі. Дара ханын сайлайды. Заң шығарып, мемлекетіне Кеңес жасап жатқанда, Әбілхайыр хан сарбаздарын жібереді. Бірақ Жәнібек оларды жеңіп, кеңесін жалғастырады. Ол елді үш жүзге бөліп, әр рудың таңбасын, ұранын береді. Көп ұзамай Түркістан қалалары үшін соғыс басталады. Сығанақтағы басқа қалалар Жәнібектің қолына көшті. Келесі жылы Әбілхайыр хан 100 мың әскерімен қазақ хандығын жоюға аттанып, жолда жүрегі ұстап қайтыс болады. Қырық жыл бойына жинаған байлығы өмірінің соңғы сәтінде керексіз боп калды. Бұл жайт Жәнібекті қатты ойландырады. Аз күннен кейін Шайбан ұлысы Әбілхайыр тағына  Шайх-Хайдар отырыпты деген хабар жетеді. Сонымен қазақтар мен шайбанилер арасында үлкен соғыс басталады. Бұл соғыс қазақтардың басымдылығын көрсетті. Шайх-Хайдар ханға бірнеше қазақ сарбаздары жебені тартып, оған қарсы тұрады. Ашудың, кектің, ызғардың күшімен атылған жебелер бір жерге тоғысып, Шайх-Хайдардың темір сауытын тесіп өтіп, быт-шытын шығарады. Ханбұл дүниемен қоштасады. Өзбек әскері бытырай қашады. Мұхаммед-Шайбанидің анасы жастай жесір қалып, Орақ батырмен көңілдес болады. Құлға қосылған келінін біліп, Әбілхайыр батырды арқанмен атқа сүйретіп өлтіреді. Бірақ ол тірі қалып, керуен тонап, халыққа үйкестіретін қарақшы болып шығады. Бет терісі сыпырылып ажарынан айырылады. Кейін Жәнібек ханның халқына қосылады. Орақты өлді деп Әбілхайырхан келініне таңдау береді. Ол құран ұстап, күйеуге шықпасын деп айтады.

Жәнібектің Жаған деген ақылды, сұлу әйелі болады. Одан Қасым атты баласы болады. Қасым мен Мұхаммед Шайбани бір-біріне бөле болатын. Мұхаммед Шайбанидің анасы өлер алдында екі баласына Қасымға тиіспеуін өтінеді. Жаған да Қасымнан дәл сондай уәде алады. Мұхаммед Шайбани жастайынан әскер өнеріне өте жақын болған. Оны өлтіруге жіберілген кісілерді Қасым біліп, оған айтып қояды. Шайбани  жауын қылышпен шауып өлтіреді. Қазақ хандығының астанасы бұл кезде Сығанақ қаласы болатын. Әбілхайыр ордасын ортасына түсіріп, жаны тыныш жатқан Жәнібек астанасын Сарайшыққа көшірмекші болады. Себебі, Астрахан хандығына қауіпті еді. Сол үшін хан Сығанақты Бұрындыққа тастап, Орданы Жайық бойына тігеді. Бұл зауытта Мұхаммед Шайбани өз күшіне мінеді. Ордасы қираған соң Өзбекстан жеріне шегініп, сол жерде басып алады. Өзбек атауы сол жерге ауысып, «Қазақ-Өзбек» деген атау қалыптасады. Бұл күні Бұрындық сұлтан Сарайшыққа серуендеп кеткенде, Мұхаммед-Шайбани басып алады. Хандыққа қауіп төніп, бір шайқаста Жәнібек қаза табады. Хандық Керей баласы Бұрындыққа тиеді. Бұрындық зор денелі, сатқын, бір тентек болатын. Ол қаһарлана жеңіске жетеді. Оның тұсында хандық күшейе қоймады. Бұл Мұхаммед Шайбани хан Орта Азияны алақанымен ұстап, Әбілхайыр шаңырағын көтереді. Қазақ хандығына әскербасы Қасым сұлтан болады.  Бір жылы соғысқа ене дайындықсыз барғанына Қасым келіспейді. Соған намысшыл хан қастасады. Оны мұқатқысы келіп, Мұхаммед Шайбанимен одақтасып, тіпті, орнынан алып тастағысы келеді. Ол соғыс көп пайда түсіреді деп ойлайды. Қасым сұлтанның дарындылығымен Шайбани әулетіне тойтарыс  береді. Халық алдында беделінен айырылған Бұрындық кетуге мәжбүр болады.. Мәуреннахр қаласы күйеу баласының қолына кетеді. Мұхаммед Шайбани Иран шахының  қолынан қаза табады. 1511 жылы Қасым хан сайланады. Қазақ жерін кеңейтіп көбейтеді. Он жеті жасар Хақназар алғаш рет ұрысқа аттанады. Қазақтың айбынды әскерінен сескеніп, ешбір жау келе алмайды.

 

 

                                                                         «Жанталас»

 

Еуразияның кең даласының ортасында таулар орналасақан. Бұл жерде үлкен тарихи оқиғалар болды. Аттила, Шыңғыс хан сарбаздары өткен. Осы таулы мекенде, Дешті-Қыпшақ жерінде «Қазақ» деген батыр халық өмір сүруде. Бұл кезде қазақ пен шүршіт шайқасы жүріп жатты. Қасым ханның баласы Хақназар хан Жетісу мен Түркістан  үшін шайқастар жүргізілді. Осы кезде ханның екі баласы, артынан өзі де апат болады. Өзбек ханы Абдаллах қазақ далаларына шабуыл жасап, Сауран қаласын 100 мың әскерімен қоршап алады. Қалада атақты Қияқ пен Тұяқ батырлар ерлік көрсетеді. Өзбек хандары ішінде Тәуекел де бар еді. Ол қазақтарға қарсы шығады. Бір кездерде Қияқ батыр Тәуекелдің қолына түсіп қалады. Бірақ ол батырды босатып, өзі де жоқ болады. Күн суытып өзбектер еліне кетеді. Таққа Тәуекел отырады.

XVI  ғасырдың соңында  Тәуекел хан өзбектер жеріне  басып алғысы келеді. Халық қарсы  болғанмен көнбейді. 1598 жылы шайқас  басталып Абдаллах қайтыс болады. Қазақтар өзбектерді Бұқараға  дейін қуып тастайды. Осы шайқаста  Тәуекел мен Қияқ жараланып, Ташкентке кетеді. Табалдырықтан аттай екеуі құлап жан тапсырады. Қазақ руы төмендеп қаша бастайды. Мұны хан әйелі біліп, ханның киімін киіп, ұрысқа кіріседі. Көбі өлген хан екен деп, рухтанып жеңіске жетеді. Абдаллах бұл кезде о дүниеге аттана қоймаған еді. Өзінен бөлек кеткен баласы келіп кек алдатынын айтқан соң өледі.

Бір баласын бір құл өлтіріп, Шайбани мемлекеті Мәуренахрда құлайды. Астрахан ханы орнына келеді. Тәуекел хан өлген соң орнын еңсегей бойлы ер Есім батыр басады. Осыдан кейін Есім хан мен өзбек хан арасында Түркістан қалалары үшін шарт жасасып бекітіледі. Шайбани әулеті құлаған соң, Түркістан қалалары үшін талас тоқтатылып, қазақтардың жеңісімен аяқталады. Бірнеше жыл өткен соң қазақ хандығына жоңғар тарапынан жаңа қауіп туындайды. Жайылымдық жер үшін жоңғарлар қазақ пен орыс сауда жолдарын білдіреді. Одан қалды Түркістан жерлеріне көз салады. Монғолияның солтүстік батыс аймағында қалмақ, торғауыт сияқты тайпалар біріктіріліп, 1634 жылы жаңа феодалдық Жоңғар хандығы құрылады. Бұл хандық қазақтардың басты жауына айналуына бірнеше себептер болды. Батыр қонтайшысы 50 мың жоңғар әскері қазақ жеріне басып кіреді. Есім ханның баласы Салқам Жоңғар хан Жанкентте 600 мың сарбазымен Ойрантөбе жерінде шайқасқа түседі. Жаушы арқылы суық хабарды естіген Жалаңтөс Бахадүр 20 мың қол жинап көмекке келеді: 10 мың әскерінен айырылған жоңғарлар ұзақ есін жия алмайды.

Бұл уақытта Ресей елі күш жинап жатты. Көрші елдердің жағдайын көріп, отты үрлей түсу ниетімен Сібір арқылы жоңғарға отты-қару зеңбіректі сатқан көрінеді. Оның үстіне жоңғарлар шведтің Римод деген офицерін қолға түсіреді. Орыс керуенін тонау кезінде қолға түскен офицер жоңғарларға мылтық пен зеңбірек атуды үйретті. Неше ғасыр найза, қылышпен соғысқан қазаққа бұл ойға сыйғысыз құбылыс болып көрінеді. Тәуке хан тұсында сәтті саясаттың арқасында қазақ елі әжептәуір тыныш жағдайда өмір сүреді. Тәуке хан қаза тапқан соң хандыққа таласушылық басталады. Үш жүз қайта бөлінгенін пайдаланған жоңғарлар ерте көктемде 1723 жылы қазақ  жеріне жеті жерден шабуыл жасайды. Осы жағдайды естіген Түркістан қаласының тұрғындары үрейлі еді. Сұлтандыққа таласқан қанішер Абылай болса, қашып кетеді. Ызаға булыққан Қабанбай оны өлтірмекші болып, Төре тұқымынан болған соң райынан қайтады.

Қала мықты бекініске айналды. Жоңғарлар сырттан соққы бере алмайды. Ауа-райы қолайсыз боран соғып, құм аспанға көтеріледі де, қаланың төбесін жауып, құдықтағы су лайланады. Осындай қиын жағдай да қалған тұрғындар жеңіліп тегіс қырылды. Уәли сұлтан қаза тауып, оның баласы Әбілмансұр құлдың көмегімен қаладан аман-есен қашып шығады.

Қалаға басып кірген жау айуандықпен бесіктегі балаларды өлтіріп, одан қанды ұзын шашты қыздарды итпен сүйретеді. Еркектерді өлтіріп, ұлын құлдыққа, қызын күңдікке әкетеді.

Ташкенттегі атақты Төле биге Әбілмансұр ата-тегін жасырып құл болады. Өзін алып шыққан құлды тегін айтпасын деп өлтіреді. Бұны Бұқар  жырау байқайды. Әбілмансұр оны байқап, үш жүздің ханы болатынын айтып, атқа мініп кетеді. Осы уақытта  үш жүздің басы қосылмайды. Цеван-Рабдан 20 мың әскерімен Сыр бойына келеді. Кіші жүзден Әбілхайыр, Орта жүзден Сәмеке 30 мың қолмен Жаңақорғанда кездесіп, 60 мың әскерімен Жоңғарға тойтарыс бермекші деген сыбыс естиді. Жолда қазақ қызы мен жігітін тұтқындайды. Қоңтайшының қызы өзінің болашақ күйеуін өлтіреді. Әкесі себебін сұрайды,жігіт сатқындық жасаған соң, қазақ қызы қанжар тығып өлтіріп өзі қашып кетіпті. Ал болашақ күйеу оған ғашық болатын. Сол күні Әбілхайыр мен сәмеке күш біріктіре алмайды. Ауа-райы әсер етеді. Әскер саны 15 мыңға да жетпейді. Сонымен Әбілхайыр мен Цеван-Рабдан әскерлері шайқасады. Әбілхайыр әскері де 15 мыңға жетпейтін еді. Оның үстіне жоңғарлар 40 мың еді. Тең емес шайқаста қазақтар қоршауда қалады. Үш мың қолмен Баян батыр қоршаудан шығуға көмектеседі.

Әбілхайыр хан Қазалыда тұрақтайды. Дәл осы кезде "Ақтабан шұбырынды" жұты болып "Елім-ай" зарлы әні дүниеге келеді. Бұл апат халықтың алауыздығына батырлар қарап тұрмай халықпен бірігіп соққы берумен болды. Халық арасынан Бөгенбай, Қабанбай, Баян секілді батырлар үлкен үлес қосты.

Бірде Бөгенбай іздеріне жігіттерін ертіп келе жатып, бір көрініске тап болады. Жылаған әйел, бала-шаға, көзі шыққан, құлағы кесілген тұтқындарды көреді. Бір жоңғар әскері құндақ таулы жылап жатқан баланы найзаға іліп, анасына көрсетіп мәз болады. Бұған қазақ жігіттері шыдай алмайды. Бөгенбай батырмен бірге жауды жеңеді. Тұтқынға түскен Малайсары батырдың Гауһар есімді қарындасы екен. Кейін ол Қабанбай батырмен қосылады. Бөгенбай шапқан жоңғарлар арасында тұтқынды Әбілхайырдың қарындасы бар еді. Құтқарғаны үшін Бөгенбайға қосады. Қазақ халқы кейін қарап жатпады. Күш біріктіріп жоңғарларға "Аңырақай" , "Қалмақ қырылған" трагедиясын сыйлайды. Қазақ рухы әлі көтерілмеген, үш жүздің басы бірікпейді. Кейін батырлар арасынан Әбілмансұр суырынып шығады. "Абылайлап" шыққан себебі орта жүз ханы Әбілмамбет сұрап өзінің бауыры екенін біліп, өз орнын ұсынады. Әбілмансұр одан бас тартып,хан кеңесшісі, әрі сұлтан болады. Жаңадан Абылай деген атқа ие болады. Абылай сұлтанның басшылығымен бұйрықтар орындалады. 1745 ж. Абылай үш жүздің басын біріктіріп, 40 мың қолмен Қазақстанды жаудан тазартуды бастады. Соғыстан кейін халық орны әлі тола қоймаған еді. Қырық мың қол үшке бөлінеді. Үш туды Қабанбай, Бөгенбай, Раймбек ұстады. Үш жақты шайқаста жоңғарлар шегініп, жерді тастауға мәжбүр болады. Соғыс басталмас бұрын Жоңғар қоңтайшысы Қалдан-Церен  өз адамдарының қолынан қаза табады. Оған себеп қазақ жігітін арқанмен қылқындырған жоңғар қызын Абылайға қосады. Үш жыл тұтқында болған Абылай қалыңдығын еліне алып қайтады. Бәленің бәрі осыдан басталады. Қоңтайшының орнына басқа басшы келеді. Қазақтардан қирай жеңіліп, осымен қырық бесінші соғыс бітеді. 1758 ж. Жоңғар қақпасынан соққан желмен бірге сасыған қан иісі соғып тұрады. Тарихи санадан жоңғар елі жоғалады. Мына жақтан Ресей,Шығыстан Қытай жалаңдайды. Абылай жауынгерлерді оларға бір қадам жақындатпайды. Қазақ саны аз болғандықтан, ұлттың жайылмауын ойлап, келіссөз жүргізеді. Шайқаста қазақтар басымдық көрсетіп, Баян батыр қаза табады. Ал кіші жүз ханы Әбілхайыр болыс Неплюевпен кездесуге барып, оның арты қаруымен, әскери өнерімен танысады.

Ресей бұл уақытта Түркиямен соғысып жатады. Үкімет қару жетпесе де, екі зеңбірек бөлгенін қазақтар білмеді. Хиуа мемлекеті Иран қаласында қалды. Ресей түркияны тізе бүктіре алмай жатып, Персияға соғыс ашқаны орынсыз екенін Неплюев ханға түсіндіреді.

1746 ж. Әбілхайыр Барақ  сұлтанның қолынан қаза болды. Кіші жүздің Ресейге қосылуын  бәрі бірдей қолдамай, жауы пайда болды. Соның бірі Барақ сұлтан. 1771 ж. Әбілмамбет хан дүниеден озып, халық қолдауымен Абылай ақ киізге отырып хан болды. Сол жылы Абылай өзбектерге соққы беріп, Ташкент, Сауран, Созақ қалаларын хандық құрамына кіргізеді. Абылай өзінің саясатымен қазақ халқын Ресей мен Қытайдан сақтап қалады. Бір күні түсін 1781 ж. көреді. Табытта жатыр екен. Бір тентегі қанжарымен қорғаштап жүр. Басындағы үш туды халық үш жаққа әкетеді. Оң жағы мен сол жағында арыстан мен айдаһар тұр. Түсін Бұқарға жорытады. Жырау үш тудың жұлынғанын үшжүздің бөлінгені, тентегінің қорғаштауы ұрпақтары хандық алдында күрес жүргізуі,арыстан мен айдаһар ең қуатты көршің, ал өзің мәңгі халық жүрегінде қаласың дейді. Ресейдің бекініс тұрғызуын хан әуелгіден жоңғарлардан қорғайды деп ойлайды. Кейін оның отарлау екенін түсініп, қатты ренжіп, Көкшетаудан Түркістанға ордасын көшіреді. Астанасын Түркістан қаласына орнатады. 1781 ж. Абылай бұл дүниемен қоштасып, сүйегі Қожа Ахмет Йасауи мазары жанына жерленеді.

 

«Қаһар»

 

Күн сәулесіне шашылған көштің беті күнгей түс. Көш басында тең үстінде қызыл ала масаты кілем жамылған Күнсары атан жетектеген, солғын реңді кәрі шал. Астында табылған күрең ат, үстінде қоңыр түйе жұп шекпен, басында тор салалы пұшақ бөрік. Оның соңынан тізбектелген аттылы, түйелі қалың керуен. Асыға қимылдаған қыруар ел ылдидағы масағы кере қарыс қалың балқурай көмкерген ойдан көлге қарай беттеді. Бәрі де жаманшылықты сезгендей. Олардың арасында көзге түсетіні үлкен өткір қара көзді,ұзын, қою қара мұртты адам. Бұл көштің басшысы Баянауылдағы Қоржастан шыққан Азнабайұлы Айтін.

Бұл көш Қасым төре бастаған дауы жылқы жылға уставтан шықты. Бұлардың көшуінің себебі, ақ патшаның уысында ұстауға шыққан заң екен,соның өзі 1825 ж. 11 ақпан күні қазақша Таудық жылғы ақпан айының он бірінде Сібір генерал-губернаторы мен Орынбор соғыс губернаторына Сібірмен шектес қазақ секілді "бұратана" ұлттардың жас қыз балаларын қолға түсіруге жарлық берген. Осы патшаның уставына қарсы шыққан адамдарды шоқындырып,әйел жынысына мұқтаж семьяларға тапсыруға тиісті. Мұндағы олардың мақсаты, ресейге қаржы Қоқан халықымен одақ жасау еді.

1824 ж. яғни қазақша мешін  жылы. Көкшетау приказы құрылды. Қоқан хандығы Ресеймен соғысудың  еш пайдасы жоқ және әскерінің  жетпейтінін сезіп, олармен соғысудан бас тартты. Осы уставта Көкшетау округы 1824 ж. құрылды. Атамекенінен айырылған қалың Жоламан бастаған топ Есіл бойына келіп қоныстанады.

Информация о работе І. Есенберлин “Көшпенділер”