Әмір Темір

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 15:32, реферат

Краткое описание

Әмір Темір (Құтбуддин Темір Гүркап, Темірлан) – қолбасшы, мемлекет қайраткері. 1336 жылы Түркістанда туып, 1405 жылы Самарқан қаласында жерленген. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. 1361 жылдан Қашқария уәлаятының билеушісі болды. 1370 жылы Мауераннахрды алды. Жас кезінде Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. Осыған байланысты Ақсақ Темір (парсыша Темірленг) атанған. Әмір Темірдің қолбасшылық дарыны арқасында Хорезм мемлекеті (1372-1388), Шығыс Түркістан (1376), Герат, Хорасан (1381), Қандағар (1383), Оңтүстік Әзірбайжандағы Сұлтания (1384), Тебриз, Иран және Ауғанстан толық бағындырылды. Бірнеше дүркін жойқын жорықтан соң Алтын Орданы күйретті

Прикрепленные файлы: 1 файл

ӘМІР.docx

— 112.75 Кб (Скачать документ)

 Оның төрт ұлы болған: Жаһангер, Омар Шайх, Мираншах, Шахрух. Осы төртеуінен Темір династиясы  тарайды (4 қосымша). Ұлының алғашқы  екеуі ерте қайтыс болады (Ғияс  ад-дин Жаһангер мен Омар Шейх). Ал оның үшінші ұлы Мираншахқа  Темір 1393 ж. шенін жоғарылатып,  ол «Хулагу патшалығын» бағындырғандықтан,  бұл аймақты ұлына береді. Мираншах  әкесі секілді батырлығымен, қатал  әрі қатыгездігімен ерекшеленеді. Бірақ 1399 жылы от аң аулау  кезінде аттан құлап ақыл-есінде  ақау пайда болады... осы жайттардан  кейін Мираншахтың иелігі оның  екінші ұлы Омарға беріледі. Ал  оның төртінші ұлы Шахрухтың  есімі жиі аталмайды.

Темірдің отыз бес жыл  ел билеген кезеңі (1370-1405) көрші аймақтар мен елдерге басыншылық жорықтарға, дүниежүзілік империя құру әрекеттеріне толы. Жаулап алу соғыстары нағыз  тағылық әдістермен жүргізілді. К. Маркс  былай деп жазды: «Темірдің саясаты  әйелдерді, балаларды, еркектерді, жігіттерді мың-мыңдап қинау, бауыздап, қырып-жою, сөйтіп барлық жерді үрейлендіру  болатын... Ол барлық жерде қалаларды  қиратып, өртеді, ал тұрғындарын өлгенше қинады». Темір соғыстарда өзінің айналасындағы көшпелілер ақсүйектерін бағынышта ұстаудың әдістерін іздестірді, ал бұл үшін оларға жаулап алған елдердің халқын тонау және еңбекші бұқараны аяусыз қинау есебінен баюға мүмкіндік берді. Темірдің жаулап алған халықтарға деген қаталдығын, оның бейбіт халықты жаппай қыруын тіпті сарай шежірелері де (Низам ад-дин Шами, Ғийас ад-дин Али Йазди, Шараф ад-дин Йазди) және әсіресе араб елдерінің тарих зерттеушілері (Ибн Арабшах, әл-Айни, әл-Асади) армян, грузин және орыс шежірелері де атап көрсеткен.

Ақсақ Темір шектен асқан  аса қатал адам болған. Аса қаталдық  мұсылмандыққа шет нәрсе екенін күллі мұсылман баласы білсе керек. 1398 жылы исламдық Үндістанға қарсы жорық үстінде қажет болар деп тұтқынға алынған 100 мың адамды жарлық беріп, бір сағаттың ішінде түгел қырып тастайды. Ақсақ Темір 1383 жылы Ғират қаласын алғанда адам басынан мұнара тұрғызады. 1387 жылы Иранның ежелгі қалаларының бірі Исфаганда жеңіске жеткеннен кейін  қаланы жазаға кеседі. Мұндағы 70 мың әскеріне бір-бірден бас кесіп әкелу міндеттеледі.

 Темір жаулап алған  елдер күйзелді, көптеген қалалар  жермен жексен қиратылды, баға  жетпес мәдениет ескерткіштері  құртылды, суландыру жүйесі, сонымен  бірге суармалы егіншілік құлдырап  кетті.

 Әлеуметтік жіктеліс  айқын байқалып, салық көбейтілді. Темірдің талан-таражға салған  көптеген жорықтарында қолға  түсікен орасан зор байлық  Орта Азияда негізінен сән-салтанатты  қоғамдық, әсіресе діни ғимараттарды  – мешіт, медресе, мавзолей және т.б. салуға жұмсалды. Жалпы алғанда Темірдің Қазақстан территориясына жасаған жорықтары жергілікті халықты қисапсыз апат ауыртпалықтарға ұшыратты. Бұл жорықтар тонау, олжа түсіру, халықты қырумен қатар, саяси және шаруашылық өмірді құлдыратуға әкеліп соқты. Темір жаңа жерлерді, соның ішінде қалаларды өз мемлекетінің солтүстік шекараларындағы қамалға айналған Ақ Орда мен Моғолстанның Сырдария өңіріндегі, Шу-Таластағы иеліктерін өз қол астында нығайту мақсатын қойды.

 Темір басқыншылық  жорықтары нәтижесінде Еділ, Жайық,  Кавказ, Азов арқылы батыс пен  шығысты жалғап жатқан сауда,  экономикалық, мәдени, дипломатиялық  қатынастардың ара жібін үзіп  оны Маураннахр, Самарқанға аудармаққа  әрекеттенді. Әрине басында мұндай  мүмкіндікке қол жеткізе алды, бірақ Темірдің жеңісті жолы  ұзаққа созылмады. Оның ойлаған  әлемдік стратегиясы 1405 жылы өзімен  бірге жерленді. Темір өлген соң  оның қарудың күшімен құрған  империясы әулеті арасында ізінше  бұрқ ете түскен күрестің нәтижесінде  ыдырап кетті, бірақ оның ұрпақтары  жаулап алған территорияны өз  қолдарында ұстауға тағы да  біраз уақыт әрекет жасады. Моғолстанда  феодалдық бытыраңқылықтың күшеюі  мен ХҮ ғасырдың алғашқы ширегіндегі  Ақ Орданың Ноғай Ордасы мен  Әбілқайыр хандығына бөлінуі  Темірдің соғыс жорықтарының  салдары болды. 

 Темір Қазақ мемлекетінің  өсіп өркендеуіне кереғар рөл  атқарды. Сығанақ, Сауран, Сарайшықты  қиратты, Жетісуды басып алды, Ақ Орда мемлекетін әлсіретті.  Қыпшақ-Қазақ даласында тонаушылық, басқыншылық жорықтар жасады. Темір  өзінің атақ абыройын асқақтату  үшін Мауераннахр, Самарқанда  ескерткіш мұнаралар, зәулім мешіттер  тұрғызды.

 Ақсақ Темір өз мемлекетін  қылыштың күшімен, қырып-жою арқылы  жеткені белгілі. Ал сол кезеңде  мәдениеті мен экономикасы тұрақтана  бастап, шаруашылық түрлері жетіле  бастаған Ақ Орда мен Моғолстан  Темірдің соғыс алаңына айналды.  Ол қатыгездікпен халықты қырып  жойып, бағынбағандардың барлығын  жермен-жексен етті. Осылайша Темір  әлемдік деңгейдегі ұлы қолбасшы  ретінде сақталғанымен, Қазақстан  тарихында оның жорықтары қоғамның  дамуы мен этникалық тұтастыққа  кері әсер етті. Әлеуметтік теңсіздікті  күшейте түсіп, оның зардабы  тарих тағылымында орны толмас  басқыншылық соғыс әрекеттері  ретінде сақталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘМІР ТЕМІР

 

 Әмір Темір (Құтбуддин  Темір Гүркап, Темірлан)- қолбасшы, мемлекет  қайраткері. 1336 жылы Түркістанда  туып, 1405 жылы Самарқан қаласында  жерленген. Барлас тайпасының  биі Тарағай бектің баласы. 1361 жылдан Қашқария уәлаятының билеушісі  болды. 1370 жылы Мауераннахрды алды. Жас кезінде Түркістан маңындағы  бір шайқаста аяғынан жарақаттанған.  Осыған байланысты Ақсақ Темір  (парсыша Темірленг) атанған. Әмір  Темірдің қолбасшылық дарыны  арқасында Хорезм мемлекеті (1372-1388), Шығыс Түркістан (1376), Герат, Хорасан (1381), Қандағар (1383), Оңтүстік Әзірбайжандағы Сұлтания (1384), Тебриз, Иран және Ауғанстан толық бағындырылды. Бірнеше дүркін жойқын жорықтан соң Алтын Орданы күйретті. Әмір Темір 1370-1390 жылдары Тоқтамыс хан мен Едіге әмірдің арасындағы алауыздықты шебер пайдалана отырып, Дешті Қыпшақ, Ақ Орда мен Моғолстанға оннан астам жойқын соғыс жорығын ұйымдастырды. Әмір Темірдің Алтын Орданы талқандауы ресейдің төуелсіздік алуына оң жағдай туғызды. 1390 жылдары Әзербайжан, Дағыстан, Гүржістан (Грузия), Ирак Әмір Темір мемлекетінің құрамына енді. 1398 жылы Үндістан басып алынды. Сирия мен Лубнан (Палестина) мамлүктері бағындырылды. Алдыңғы Азияның басқа мемлекеттері де Әмір Темірдің билігін мойындады. Әмір Темірдің үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя – Темір мемлекеті құрылды. Әмір Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа шаққанда жолай Отырарда қайтыс болды. Сүйегі Самарқандағы Гүр Әмір кесенесіне жерленді. Әмір Темір әулетінен ұлы ғалым Ұлықбек (1394-1449), Моғол империясын құрушы Бабыр (1483-1530) сынды атақты адамдар шықты. Әмір Темір өлгеннен кейін мирасқорларының билікке таласуынан Темір империясы ыдырап кетті.

Әмір Темір

Уикипедия —  ашық энциклопедиясынан алынған  мәлімет 

 Мында  өту: шарлау, іздеу 

 

Темір бін-Тарағай  Барлас

Дүниеге келгені: 1336 сәуірдің 9

Кеш (Шахрисабыз)

Қайтыс болғаны: 1405 ақпанның 15

Отырар

Мансабы: Әмір

 

 

 Әмір Темір  мемлекеті

 

Әмір Темір (Темір бін-Тарағай Барлас, парсыша: تیمور لنگ‎ — Тимур-е Ләнг, Ақсақ Темір, Темірлан) (1336—1405 жж.) — Орталық Азия жаһангері. Әмір Темірдің (Темуридтер) империясының негізін қалаған Барлас руынан шыққан, Кеште туған. Қазір бұл Өзбекстанның[[Қашғария облысының Шахрисабыз қаласы. [Барлас руы түркі тілдес тайпаларына жатқан, қазір ұрпақтары өзбек халқының ішіне кіреді. Барластар [[Шыңғысханның жаулануы кезінде, қазіргі Моңғолия жерлерінен Орта Азияға көшкен. Әмір Темірдің арғы атасы Қаражер бек еді, оның баласы Ижил бек еді, оның баласы Әйлеңгір бек еді, оның баласы Беркел бек еді, оның баласы Мұхаммед Тарағай еді, оның баласы Әмір Темір. Темір барластарның бір бөлігінің бекі, жетекшісі еді. Кейін өзіне басқа бектерін қаратты, Шағатай ұлысының хандары - Моғолстанның билеушілеріне қарсы көтеріліс бастаған. Темір басқарған жігіттері керуендеріне шабуыл жасаған, соңдықтан оны жасында баспашы болды дейді. Бектердің бекі болып, Шағатай ұрпақтарынан тәуелсіз мемлекет құрған. Бірақ Шыңғысханның тікелей ұрпағы болмағандықтан, өзінің лауазымы "хан" емес, "әмір" еді.Әмір Темір Тоқтамыс ханмен көп жылдар бойы соғыс жүргізеді.[1]

 

Әмір Темір, Құтбуддин Темір Гүркап, Саїиб  Қыран Ағзам Жанат Макан (9. 4. 1336, Қожа-Илгар Кеш, Түркістанда өмірге келген — 18. 2. 1405, Самарқан қаласында  дүние салды) — қолбасшы, мемлекет қайраткері. Барлас тайпасының биі  Тарағай бектің баласы. Әмір Темір  алғашында Қашқадария уәлаятының билеушісі  болды (1361). Осы кезден бастап ол Моғолстан  ханы Тоғлұқ-Темірмен, оның ұлы Қлияс  Қожа және Балх пен Самарқан әмірі  Хұсейнмен билік үшін күрес жүргізіп, 1370 жылы Мауераннахрды өзінің қолына алды. Жас кезінде Түркістан маңындағы  бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. 14 ғасырдың 70-жылдары оның қолбасшылық  дарыны толық ашылып, атақ-даңқы  жер жүзіне тарады. Осман империясы  мен Орталық Азия аймағында ол “Aksak Tіmur” (Ақсақ Темір), ирандықтарға Тимурленг, еуропалықтарға Тамерлан есімімен белгілі болды.Әмір Темірдің әскерлерінің тегеурінді шабуылдары арқасында Хорезм мемлекеті (1372 — 88), Шығыс Түркістан (1376), Герат (1381), Хорасан (1381), Қандағар (1383), Сұлтания (Оңтүстік Әзербайжан, 1384), Тебриз (1384), Иран және Ауғанстан толық бағындырылды. Бірнеше дүркін жойқын жорықтан соң  Алтын Орданы күйретті. Әмір Темір 1370 — 90 жылдары Тоқтамыс хан мен  Едіге әмірдің арасындағы алауыздықты  шебер пайдалана отырып, Дешті  Қыпшақ, Ақ Орда мен Моғолстанға 10-нан  астам жойқын соғыс жорығын жасады. Әмір Темірдің Алтын Орданы талқандауы Ресейдің тәуелсіздік алуына оң жағдай жасады. 90-жылдары Әзербайжан, Дағыстан, Гүржістан (Грузия), Ирак Әмір Темір  мемлекетінінің құрамына енді. 1398 жылы Үндістан басып алынды. Сирия мен  Лубнан (Палестина) мәмлүктері бағындырылды. Алдыңғы Азияның басқа мемлекеттері де Әмір Темірдің билігін мойындады. 1402 жылы жазда Әмір Темір Анкара шайқасында Осман империясының негізгі  әскери күшін талқандап, түрік сұлтаны  Илдырым Баязидті (Баязид) тұтқындады. Әмір Темірдің үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя — Темір  мемлекеті құрылды. Оның жалпы аумағы 14 млн км²-ге жетті. Әмір Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа шыққанда жолай  Отырарда қайтыс болды. Ол 68 жас, 10 ай, 9 күн өмір сүрді. Сүйегі Самарқандағы Гүр-Әмір кесенесіне жерленді. Әмір Темірдің 4 ұлы болды: Жиїангер (1356 — 1376), Әмір Шейї (1356 — 1394), Мираншах (1366 — 1408), Шаїрух (1377 — 1447). Темір әулетінен ұлы  ғалым Ұлықбек (1394 — 1449), Моғол империясын құрушы Бабыр (1483 — 1530) сынды атақты адамдар шықты. Әмір Темір өлгеннен кейін мирасқорларының билікке  таласуынан Темір мемлекеті ыдырап кетті. Ол әлемдік тарихта талантты қолбасшы, тегеурінді саясаткер ретінде  қалған. Орталық Азиядағы бірқатар сәулетті ғимараттардың пайда болуы, қалалардың өркендеуі, шөл даладағы жер суландыру құрылыстарының салынуы, қолөнер мен сауданың дамуы Әмір Темір есімімен тығыз байланысты. Тарихи деректер оның қол астындағы  аймақтардағы түркі, парсы, араб мәдениеті  мен өнерінің өкілдері, ғалым-ойшылдары  Әмір Темірдің тарапынан үлкен қолдау тапқандығын растайды.[2] Әмір Темір  қазақ жерінде мәңгілік өшпес  ескерткіш — қасиетті Қожа Ахмет  Иасауи кесенесін салып қалдырды. Сонымен қатар жаулап алынған  елдердегі Әмір Темірдің шектен тыс  қатыгездігі оны күрделі тарихи тұлға ретінде танытады.[3]

ӘМІР ТЕМІРДІҢ (1336 - 1405 жж.) ЖАУЛАП АЛУ ЖОРЫҚТАРЫ 

 

XIV ғасырдың  ортасында Алтын Орда мен Шағатай  мемлекетін ыдыратуға итермелеген  процестер басталды. 50-60 жылдары  түркі-монғол билеушілері арасында  тақ үшін күрес басталып, бұл тартыс монғол жаулап алушыларына қарсы халықтық-азаттық күреске ұласты. Мұндай жағдайда Мауераннахрдың ірі феодалдары мен бай саудагерлері өз арасынан, халықтың толқуын баса алатын, әрі мемлекетті нығайта алатын адамды іздей бастады.

 

 Барлас  тайпасынан шыққан түрікмен шонжары  Тарагайдың ұлы Темір осындай  іске лайық адам еді .

 

 Темір  жоғары билік үшін еш нәрседен  тайынбады. Ол ірі байларға  сүйене отырып халық- азаттық  қозғалысты көп қан төгу арқылы  басты. Кейіннен өзіне көмектескендерді  де біртұтас билікке бағындырып, 1370 жылы Мауераннахрдың билеушісі  атанды. ¤з жерінде билігін нығайтып  алған Темір Алтын Орда мен  Ақ Орданың ішкі саясатына  араласып, бірнеше басқыншылық жорықтар  жасады . Ол өзінің мақсатын іске  асыру үшін Манғыстау билеушісі  Түй-Қожа оғланның баласы Тоқтамысты  пайдаланды. ¤йткені Ақ Орда билеушісі  Орыс хан Алтын Ордаға қарсы  жорықтан бас тартқаны үшін  Түй-Қожа оғланды өлтірген болатын.  Әмір Темір Тоқтамысқа әскер  беріп, Сыр өңіріндегі Отырар, Сауран, Түркістан және Сығанақ  қалаларын бағындыруды тапсырады.  Бұл тапсырма орындалған жағдайда  Әмір Темірге Алтын Ордаға  апаратын жол ашылар еді.Тоқтамыстың  Сыр өңірін бағындыру үшін  жүргізген алғашқы екі жорығын  Орыстың ұлдары қайтарған еді.  Әмір Темірдің қолдауымен жүргізілген  Тоқтамыстың іс әрекеттері, Орыс  ханның Сарайды тастап, Ақ Ордаға  қайтуына мәжбүр етті.

 

 Әмір Темір  Тоқтамысқа әскер мен қару-жарақ  беріп, жаңа жорыққа дайындап  жатқан уақытта, Орыс ханнан  Тоқтамысты қайтаруды талап еткен  хат келеді. Темір әскерімен Сырдариядан  өтіп, Отырарға келгенде, Орыс хан  әскерін Сығанаққа шоғырландырады. Екі жақ үш ай бойы ешқандай  әскери қақтығысқа бармайды. Ақыр  аяғында Орыс хан өзінің орнына  Қара Кесек оғланды қалдырып, кейін қайтады. Бұл жағдайды  естіген Темір Орыс ханның  ұлы Темір Мәліктің он мыңдық  әскерін талқандайды. 1376 жылы Орыс  хан қайтыс болады. Әкесінің орнына  билікке келген Тоқтақия да  үш айдан кейін қаза табады. Әмір Темір Тоқтамысты Сауран  қаласының билеушісі етіп тағайындайды.

1377 жылы Сауранның  түбінде Орыс ханның ұлы Темір  Мәлік Тоқтамыстың әскерін талқандайды.  Алайда Темір өзінің жоспарынан  бас тартпай, 1378 жылы Тоқтамысты  жаңа жорыққа жібереді. Нәтижесінде  Тоқтамыс Сығанақты бағындырады. 1379-1380 жылдары Алтын Орданың көптеген  әмірлері Тоқтамыс жағына өтіп, оның билігін мойындайды. Алтын  Орданың ханы болғаннан кейін,  Тоқтамыс Сарай, Қажы Тархан  Астрахань, Қырым мен Мамай  Ордасын өзіне бағындырады. Қалыптасқан  жағдай, Мамайдың 1380 жылы Куликов  даласында орыс-қыпшақ әскерінен  жеңілуіне себепкер болады . Осыдан  кейін Тоқтамыс Әмір Темірге  бағынуды қойып, дербес саясат  жүргізе бастайды. Сонымен бір  мезгілде ол Әмір Темірдің  иеліктеріне шабуыл жасай бастайды.

 

 Бұл оқиғалар  қазақтың "Едіге батыр" эпосында  жырланады. Жырда Тоқтамыс пен  Темір арасындағы соғыстың басталуына  қазақ биі мен батыры Едігенің  тікелей қатысты екендігі айтылады. Моғолстан әмірлерімен күресті  аяқтаған Әмір Темір әскерін  сол кезде Дешті Қыпшақтағы Тоқтамысқа қарсы бағыттайды. Темір 1391 жылы 18 маусымда Құндыз түбінде Тоқтамыс әскерін талқандайды. Тоқтамысқа қарсы көтерілген жергілікті билеушілер (ішінде Едіге бар) Темірдің билігін мойындайды.

 

1393 жылы Тоқтамыс  Алтын Ордадағы билігін қалпына  келіреді. Ал Едіге би Ақ Орданың  тағына Темір Құтлықты қояды.  Темір Құтлық Әмір Темірдің  саясатына тәуелді болады. 1395 жылы  Солтүстік Кавказда Терек өзені  бойында Тоқтамыс пен Темір  әскері арасында шайқас болып,  Тоқтамыс жеңіліс табады. Тоқтамыстың  соңына түскен Әмір Темір орыс  княздығы жеріне кіреді. Москваға  барар жолда жаман түс көрген  Темір оны жамандыққа жорып  кері қайтады. Мауераннахрға қайтар  жолда Темір Алтын Орданың  Еділ бойы мен Қырымда орналасқан  қалаларына, Астраханға өрт қояды. 

 

XIV ғасырдың 90 жылдары өзінің қаталдығымен  зұлымдығы мен аты шыққан Әмір  Темірге Каспий жағалауы, Ауғанстан,  Ирак, Кавказ, үнді жерлері бағынып,  үлкен империя қалыптасады. Бұл  империяны Темір әулеті басқарады.  Әмір Темір 1405 жылы Отырар қаласында  Қытайға кезекті жорыққа бара  жатқан кезде қайтыс болады.

 

 

 

 

Әмір Темірдің Моғолстанға  жорықтары

Құрметті қолданушылар осы  материалды жүктемес бұрын бізге  көмек ретінде жоғарыда тұрған жарнамаларды 1-2 рет шертіп өтіңіздерші бұл  біз үшін сіздердің рахметіңіз болсын © Рефераттар сайтының админі

Моғолстан мемлекеті

 

 

 

Жоспары:

 

 

 

1. Моғолстанның құрылуы,  жер аумағы.

 

2. Халқының этникалық құрамы.

 

3. Моғолстанның ішкі-сыртқы  жағдай 

 

5. Әмір Темірдің Моғолстанға  жорықтары. 

 

6. Моғолстанның ыдырау  кезеңі.

 

7. Моғолстанның Қазақ хандығының  құрылуындағы орны.

 

 

 

Моғолстанның құрылуы, жер  аумағы. XIV ғасырдың ортасына қарай  Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай  ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті  құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан  аталу себебі, Шығыс деректерінде «монғол» сөзіндегі «н» әрпі түсіп  қалып, «моғол» немесе «моғолстан»  сөзі қалыптасып кеткен.

 

 Мемлекетті кезінде  Шағатай ханға адал қызмет  еткен дулат тайпасының әмірі  Поладшы басқарған. Әмір Поладшы  бастаған дулат ақсүйектері Поладшының  хан болуға құқы болмағандықтан, өздерін тыңдайтын, Шағатай ұрпағы  Дува ханның немересі, он алты  жасар Тоғылық-Темірді 1348 жылы  Моғолстан ханы етіп сайлайды. Ал негізгі саяси билік осы  Әмір Поладшының қолында болған. Әмір Поладшы Моғолстанды Мауараннахрдан  біржола бөліп алып, тәуелсіз, жеке  хандық құруға бар күшін салды.  Дулат тайпасы шонжарларының  жаңа құрылған бұл өкіметте  беделдері бұрынғыдан да күшейген. Жалпы, дулаттардың беделі Шағатай  ханның кезінен белгілі. Атақшы  тарихшы Мұхаммед Хайдардың жазуы  бойынша, Шағатай хан өз мемлекетін  үлестерге бөлгенде, өзіне адал  қызмет еткен дулат әмірі Поладшыға  Маңлай-Сүбе жерін берген. Маңлай-Сүбе  Шығыс Түркістаннан Ферғанаға  дейінгі кең-байтақ жерді алып  жатқан. Осы аумақта Шағатай кезінен  бері өз биліктерін жүргізіп  келген дулат тайпасының өкілдері  Моғолстан хандығының құрылуына  да белсене араласқан.

Информация о работе Әмір Темір