Махмұд Қашғари

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 21:13, реферат

Краткое описание

Махмұд Қашқари (ұйғ. مەھمۇد قەشقىرى, Mehmud Qeshqeri; 1029—1101) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуану лұғат-ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы.
Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.

Содержание

1. Кіріспе
2. М.Қашғари- ұлы түркі ғалымы
3. «Диуани лұғат-ат түрік» еңбегінің тарихи маңызы

Прикрепленные файлы: 1 файл

Туған жері.docx

— 61.09 Кб (Скачать документ)

                                   Махмұд Қашғари

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. М.Қашғари- ұлы түркі ғалымы
  3. «Диуани лұғат-ат түрік»  еңбегінің тарихи маңызы

 

 Махмұд Қашқари (ұйғ. مەھمۇد قەشقىرى, Mehmud Qeshqeri; 1029—1101) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуану лұғат-ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы.

Махмұдтың әкесі белгілі  қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.

    Ғалымның туған, қайтқан жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру     мақсатымен, Бұқара, Нишапур, Бағдад қалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.

    Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты. Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады. 

Махмұд Қашқаридың толық  аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед.Әкесі Құсайын Мұхаммед Мавераннахрды жаулаушы Боғырханның немересі екен. Барыс ханның уәзірі болып (Ыстықкөлдің оңтүстік жағасы), кейіннен Қашқарға қоныс аударады. Сол жерде білім алып, әрі қарай Бұхара мен Нишапурде жалғастырады. Осы қалаларда оқып жүрген кезінде тіл, фольклор, этнография, география, жаңа жерге орнығу, түркі халықтарының менталитеті қызықтыра бастайды. Жинақтаған мол тәжірибесімен байқағанын ол өзінің басты еңбегі - "Диуани лұғати-ат-түрікте" зерделейді. Ғалымның бұл кітабы ерте орта ғасырлық түркі халқының энциклопедиясы есепті. Онда өте бағалы, кейбір жағдайларда таптырмайтын, XI ғасырда өмір сүрген көптеген түркі тайпалары жайындағы мәліметтер енгізілген. Сөздік этноним, топоним, рулық терминдер, әр түрлі қызмет атаулары, тағамдар мен сусын атаулары, үй, жабайы жануарлар, құстар, айлар мен апта күнтізбесі, дәрілік жабдықтар, астрономия, әскери, медициналық, діни т. б. атаулар қамтылған. Сол кездегі түркі халықтарының дүниені қабылдауы, этикалық нормалары мен құндылықтары, өзін-өзі ұстау әдеті тілге тиек етіледі. Әр түрлі тайпалар арасындағы тарихи-мәдени байланыстар, Қазақстан мен Орта Азия аумағында болған кейбір тарихи оқиғалар жайында (Мәселен, Ескендір Зұлқарнайын жорығы туралы) құнды мәліметтер бар. Тарихшылардың назарын өзіне аударған - шығармадағы дүние жүзінің түрікше картасы. Кітапта 400 мақал-мәтел бар. М. Қашқари оны 1072-1074 жылдары Халиф Әл-Мұқтадиға арнап құрастырған.

"... Түркі тілін үйренудің қажеттілігін өмір талабы мен ақыл таразысы әбден дәлелдейді... Түрік, түрікмен, оғыз, жігіл, яғма, қырғыздардың сөздері мен сөйлеу мәнерлерін зерттеп, қажеттісін пайдаландым. Әрқайсысының тілі мен салты санама әбден қалыптасты. Соларды мұқият зерттеп, арнайы әліппелік тәртіпке келтірдім. Мәңгілік ескерткіш әрі таусылмас әдеби-көркем мұра боп қалсын деген ниетпен түркі елдерінің сөздігін жасап, кітапқа "Түркі сөздерінің жинағы" деп ат қойдым.

"Жинақты" сегіз бөлімге топтастырдым... Әрбір тайпаның тілінен сөз жасауға болатын түбір сөздерін ғана алдым.

Түркі халықтарының... бәйіт-жырлары  мен... мақал-мәтелдерінен мысалдар келтірдім. Бұл кітапты пайдаланғандар кейінгілерге, олар өздерінен кейінгілерге жеткізсін деген ниетпен тағы біраз табылмайтын тіркестерді пайдаландым. Сөйтіп, бұл кітап ұрпақтан ұрпаққа халықтық мұраны қаз-қалпында жеткізу мақсатымен қиянға қанат қағып, әсемдік әлем - мәңгілік өмірге біржола жолдама алды", - деп жазды.


Махмұд Қашқари ХІ ғасыр  түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы.  
Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барысханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени-саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.  
Ғалымның туған, өлген жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапурда, Бағдад қалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.  
Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты.  
Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат-түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет-ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал-мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады. 
  Түркі әлемінің тұңғыш түрколыгы, данышпан білгіші Махмұт Қашқаридың өмірі мен қызметі жөнінде мәліметтер аз болғандықтан, оны өз туындысы «Диван-и лұғат ат-Түрктен» («Түркі тілінің сөздігі») ғана біле аламыз. 
  Махмұт Қашқаридың толық есімі-Махмұт ибн әл-Хусейн ибн Мұхамед. Туылған және қайтыс болған жылдары белгісіз. Ғылыми жорамалдарға қарағанда, ол 1029-1038 жылдар аралығында Қашқарда дүниеге келген. Махмұт Қашқаридың Қараханидтер әулетінен шыққандығы айтылады. Ата-бабаларының бірі-Харун әл-Хасан бин Сүлеймен Боғра хан атағын алған, Маураннахрды жаулап алып, Саманилердің астанасы болған Бұхараны да басып алған. Әкесі Боғра ханның немересі Хусейн бин Мұхаммаед Барсханның (Барскон) әкімі еді. Кейін, Қараханидтер әулеті билеген мемлекеттің мәдени-саяси орталықтарының бірі – Қашқарға ауысқан. Махмұттың   «Қашқари» ныспысын алуы да осы қалада тұруына байланысты болатын. 
Махмұт оқып-жазуды және кейінгі тәлімін өзі туылған Қашқарда алды. Ол заманғы Қашқар қаласы – Шығыс Түркістанның ірі саяси жаңа мәдени орталығы еді. Махмұттың замандасы Жүсіп Баласағұн осы кезде өзінің өлмес «Құтты білігін» жазғаны – бұл өлкеде ғылым мен өнердің аса дамығанын дәлелдейді. Олуақытта барлық ислам елдерінде, олардың ішінде Қашқар елінде де мектептерде Құран, араб тілі, заң негіздері, математика оқытылатын. Бірақ Махмұт тек Қашқарда алған білімімен шектелмей, Азияның басқа да, Бұхара, Самарқанд, Нишапур, Мерв, Бағдат сияқты ірі мәдени орталықтарында білімін кеңейтеді. 
  

 

Алғаш табылған күннен бастап түркі  тілі тарихына үлкен бетбұрыс жасатып, қайта жазылып шығуына себеп  болған, түркі тілдерінің бізге беймәлім қараңғы кезеңдерінен хабардар еткен  «Диуан Лұғат-ит-Түріктің» авторы, Түркітану  ғылымының негізін салушы, түркі  лексикографиясының атасы, түркі тілінің  тұңғыш диалектологы - Қашқарлы Махмұдтың  өмірі жайында жазба деректер арқылы жеткен мәліметтер тым мардымсыз. Тек Диуанындағы там-тұмдап жеткен мәліметтерге сүйене отырып, Қашқаридің текті бір әулеттен шыққан ханзада, қызыл тілге шешен ділмар, найза  лақтырғанда дөп тигізер асқан  мерген, сондай-ақ заманының ең озық білімімен сусындаған білімпаз болып  тәрбиеленгенін көреміз. Өзі жайында: «Түркілер арасында қызыл тілге  ең шешені, ең әсерлі әңгімешісі, ең жақсы  білім алған білгірі, ең текті  әулеттен шыққаны және мықты найза  лақтырушысы болғандықтан олар мекен  еткен барлық шаһарлар мен аймақтарды аралап шықтым», - деген Қашқари әрі  қарай «Диуанының» сөздік қоры жөнінде: «Түрік, түркмен, оғыз, шығыл, яғма және қырғыз тайпаларының сөздерін және олардың  қыр-сырын анықтап шығып, қажетіме жараттым. Олардың әрбірінің тілі менің көкейіме ұялап, берік сақталып қалды. Мен оларды мұқият зерделеп, әбден тәртіпке келтіріп, жүйелеп  шықтым», - дейді. Бұдан Қашқарлы Махмұдтың  жалпы түркі тілдерінің сөздік қоры жайында асқан білгір болғандығын  аңғарамыз. Өз дәуірінің жазба әдеби  тілдерімен қатар, түркі тайпаларын аралап, жинақтаған сөздердің мағыналары мен формаларын, түрлі ерекшеліктерін еркін меңгеріп қана қоймай, көне түркі  тілінің тарихи лексикасынан да хабардар болуы оның тілбілімін жетік меңгерген, аса білімпаз ғұлама-ғалым болып  жетілгендігін көреміз. 
ҚАШҚАРИ ҚАЙДА, ҚАШАН ТУҒАН?

Тегі Қашғари немесе Қашғарлы бола тұрса да, ғалымдар әкесінің Барысхан қаласынан екендігіне сүйене отырып, оның да сонда туғандығын алға тартады. Себебі Қашғари диуанының ешбір  жерінде өзін Қашғарлық деп атамайды. Тек диуанында Қашғар қаласын  ауа-райы мен ықлымын асыра мақтауы, Қашғар аймағына қарасты Қасы, Адығ, Опал секілді елді мекендерді «біздің  ел» деп атауы, сондай-ақ Қашғар қағандардың  өмір сүретін мекені екені және сол  жерде білім алып, өскендігі оның Қашғари аталуына себеп болғанға ұқсайды. Ғалымның өзі Барысхан жайында: «Барысхан Афрасиябтың ұлы, қаланы сол салдырған және өзінің атын берген»  деп толық мәлімет берсе, тағы бір жерде: «Ауасы таза, шөбі шүйгін болғандықтан қағанның атбегісі осында жылқы жайған, кейін елді мекенге  айналған кезде қала сол атбегінің  атымен аталып кеткен», - деп, қала атауына  себеп болған басқа бір дерек  келтіреді. 
Кей деректерде ғалымның Қашғар қаласының оңтүстік батысындағы Опал елдімекенінде дүниеге келгендігі айтылады. Шынында да Қашқари сөздігінде Опал елді мекенінен сөз еткенде «біздің елде бір ауыл», «біздің елдің жайлауы» секілді анықтамалар бергендігін көреміз. 
Қашғаридің туған жылы жөнінде де түрлі көзқарастар бар. А. Егеубаев «Диуанның» жазылған уақыты мен О. Пицактың пікіріне сүйене отырып, 1029-38 жылдар туған болуы керек деген болжам айтады. Дегенмен көпшілік ғалымдар 1008 жылы туған деп есептейді.

ҚАШҚАРИДІҢ ШЫҚҚАН ТЕГІ

Өзінің асыл текті әулеттен шыққанын мақтан тұтқан Қашқари Шығыс Қараханиттер династиясы ханзадаларының бірі болып  табылады. Шежіресі түркілер арасында ислам дінін қабылдап, тұңғыш рет  мемлекеттік дін мәртебесіне  көтерген атақты Қараханиттер ханы Абдулкерім Салтұқ Буғра Ханға барып тіреледі. Толық аты-жөні Қашғари Махмұд ибн  Хүсейін ибн Мұхаммед. Әкесі Хүсейін  ибн Мұхаммед Чағры Тігін Барысхан қаласының әкімі болған. Ал атасы  Мұхаммед Буғра хан ибн Юсуф әуелі Тараз бен Сайрам қалаларының әкімі, кейін 1057 жылдары Қараханиттер мемлекетін билеген. 15 айдай билік жүргізгеннен кейін Мұхаммед Буғра хан тақ мұрагері ретінде үлкен ұлы, Махмұдтың әкесі Хүсейінді хан көтеруге шешім қабылдайды. Алайда Хүсейіннің таққа отыруын көре алмаған ханның тоқалы, Хүсейінді таққа отырғызу рәсімінде таратылған асқа у қосып беріп, күйеуі Мұхаммедтен бастап әулеттің бірнеше атқамінерлерін улап өлтіреді. Күйеуі Мұхаммед пен Хүсейіннің жақтастарына да ажал құштырып, ақыры өз баласы Ибрахимді хан тағына отырғызады. Әкесі хандыққа, өзі де ханзадалыққа әзірленіп жүргенде отбасы мүшелері қынадай қырылып, басына қара бұлт үйрілген Қашқаридің бұдан кейінгі өмір тарихы күңгірттеу. Әсілі Қашғардан қашып, көршілес түркі тайпаларын барып паналаған Махмұдтың түркі тайпаларының тілін жетік меңгеруіне де осы ауыр тағдыры себеп болса керек. Үлкен атасы Юсуф Қадыр Хан ибн Харун Қотан қаласын, ал әкесі Харун Қылыш Буғра Хан ибн Сүлейман 992 жылдары Бұхараны Саманиттерден азат еткендігі тарихтан белгілі. Харун Қылыштың әкесі Сүлейман Байташ Хан, оның әкесі де Абдулкәрім Салтуқ Буғра хан. Яғни Қашқари атақты Қараханит ханы Салтуқ Буғраның алтыншы ұрпағы болып табылады.

КЕЙІНГІ ӨМІРІ ЖАЙЫНДА НЕ БІЛЕМІЗ?

1057 жылғы қантөгістен соң отбасынан  түгелге жуық айрылған Қашқари  Памир тауларын асып өтіп, Түркістан  аймағына келеді. Мұндағы түркі  тайпаларын паналаған ғалымның, олардың тіліне, ауыз әдебиетіне, мәдениетіне деген үлкен қызығушылығы  оянып, болашақта жазатын ұлы  еңбегіне осында материал жинақтай  бастағанға ұқсайды. Сондай-ақ  Иранға, одан Иракқа барып, араб  және парсы тілдерін үйренгендігі, тіптен медреселерде ұстаздық  жасағандығы да айтылады. 20 жылға  жуық түркі тайпаларының тілі, әдебиеті, мәдениеті, өмір салты  мен әдет-ғұрыптары жайында мол  материал жинақтаған Қашқари  1072 жылы Бағдатқа келіп, атақты  шығармасын осы жерде аяқтайды  және халифа Муқдәди Биәмриллаһқа  сыйға тартады. Бұл жөнінде  «Диуанның» бас жағында: «Маған  шексіз абырой, сарқылмас-түгесілмес  қайнаркөз болсын деген тілекпен  осы кітапты жазып шықтым да, бір Тәңірге сиынып, оған «Диуан  Лұғат ат-Түрік» деп ат қойдым. Қасиетті Пайғамбардың мақамында отырған, Хашими тегінен және Аббас ұрпақтары әулетінен шыққан Тәңірдің халифасы Әбул-Қасым Абдуллаһ ибн Мұхаммед әл-Муқтәди Биәмриллаһқа сыйға тарттым» дейді.  
Қашқаридың бұдан басқа «Китаб Жәуаһир Наһу фи Лұғат ат-Түрк» атты еңбегі болғандығын білеміз және диуанында кейбір мәселелерді осы кітабында егже-тегжей қарастырғаны жөнінде сілтеме жасап отырады. Өкінішке қарай бұл кітабы әлі күнге табылған жоқ.  
Ғалымның бұдан кейінгі өмірі жайындағы пікірлер бір-бірімен қарама-қайшы түсіп жатады. Бұл жөнінде тарихи жазбаларда басы ашық ешнәрсе айтылмайды. Кей деректерде 1080 жылы Бағдаттан өзінің балалық шағын өткізіп, алғаш білім нәрімен сусындаған Қашғар қаласы маңындағы Опал елдімекеніне келіп қоныстанғандығы, осы жерде Мұхаммәдия медресесін құрып, 10 жыл ұстаздық жасаған соң 1090 жылы 97 жасында дүниеден өткендігі айтылады. Ендігі бір деректерде 89 жасында Опалға келіп, 8 жыл дәріс берген соң 1105 жылы, тағы бір жерде 1026 жылы қаза болғандығы, өз медресесі маңындағы зиратқа жерленгендігі келтірілген. Қазіргі таңда Опал ауылының солтүстік батысында 4 километр жерде Қашқаридың кесенесі орналасқан. Қашқари жатқан зират кесененің оңтүстігіне қарай 20 метр жердегі төмпешікте көрінеді. Онда 1008-1105 жылдар аралығында өмір сүргендігі жазылған.

ЕҢБЕКТІҢ АТАУЫ НЕЛІКТЕН «ДИУАН ЛҰҒАТ-ИТ-ТҮРІК»?

Түркі тілінің тұңғыш оқулығын әзірлеп, грамматикасын түзген, түбі бір түркі  халықтары тіл өнерінің өрісін мәңгілікке кеңейтіп, өркенін өсірген, түркі  тілдерінің диалектологиясының, лексикологиясы мен грамматикасының негізін  қалап, тіл білімі тарихында салыстырмалы тарихи әдісті тұңғыш рет қолданған  ғұлама ғалым Қашқари Махмұд, атын мәңгілікке өлтірмейтін, өзіне және зерттеушілеріне сарқылмас қайнаркөз  болатын тынысы кең байсалды да ұлы  еңбегіне Диуан Лұғат-ит-түрк, яғни түркі тілі сөздігінің жинағы деп  ат қояды. Бұл жөнінде «Диуанында»: «Маған шексіз абырой, сарқылмас-түгесілмес қайнаркөз болсын деген тілекпен осы кітапты жазып шықтым да, бір  Тәңірге сиынып, оған «Диуан Лұғат  ат-Түрік» - түркі тілдері сөздігінің жинағы» деп ат қойдым», - деп жазады. Түбі бір күллі түркі тілдерінің тұтастығын білдіретін ортақ қасиеттері мен айырым белгілері айқындалып, өзекті заңдылықтары жүйеленген, түркі  жазба әдеби тілінің грамматикасы түзіліп, сөздік қоры жинақталған осынау ғажайып еңбектің аты затына сай, өте дөп қойылған деп есептейміз.

ҚАШҚАРИ «ДИУАНЫН»  
ҚАШАН ЖАЗҒАН?

Еңбекті Қашқари Бағдатқа келген соң  не келмей тұрып жазғандығы жөнінде  түрлі көзқарастар бар. Дегенмен Стамбұлдағы жалғыз нұсқаның соңғы  бетінде келтірілген мәліметке  қарағанда Қашқарлының Диуан  Лұғат ат-Түркі 1072 жылдың 25 қаңтарында басталып, 4 рет редакцияланған соң 1074 жылдың 10 ақпанында аяқталған. Осы  күні Стамбұлдың Ұлттық кітапханасында сақтаулы тұрған Диуан Лұғат-ит-Түріктің жалғыз нұсқасы Мәмлүктер топырағында  Сұлтан Бейбарыс заманында Савада туып, Дамаскіде өмір сүрген Мұхаммед ибн ӘбуБәкір ибн Әбул-Фатхтың қолымен шамамен 200 жылдан кейін 1266 жылдың 1 тамызында көшірілген.

«ДИУАН ЛҰҒАТ-ИТ-ТҮРІК»  
НЕ ҮШІН ЖАЗЫЛДЫ?

Қашқари сүбелі еңбегінің жазылу мақсаты  жөнінде «Диуанының» басында-ақ: «Мен Тәңірдің бақ-дәулетті түріктердің  жұлдызында жаратқанын, ғарышты солардың хандығының үстіне айналдырып қойғандығын  көрдім. Тәңір оларды «түрік» деп  атап, елдік пен билік берді. Заманымыздың билеушілерін түріктерден шығарып, өзге халықтардың ерік тізгінін солардың қолына ұстатты. Оларды адамдарға бас  қылды, хақ істерде оларды қолдады  және олармен бірге болғандарды  ғазиз, абыройлы қылды», - деп түрік  халқының қадір-қасиетінің ұлылығын әспеттеп, дәріптеген соң ұлық Тәңірдің оларға деген ерекше ықыласын әрмен қарай  былайша жеткізеді: «Сондықтан да оларға Тәңірдің өзі ат беріп, жер бетінің  ең биік те, шұрайлы, ауасы таза жеріне орналастырған, оларды әскерім деп  санаған. Себебі түркілер сүйкімділік, әдептілік, жарқынжүзділік, жүректілік, әділдік, кішіпейілділік, қарияларды құрметтеу, сөзінде тұру секілді ізгі қасиеттерге ие». Осылайша түркілердің Тәңір сүйер көп қасиеттерін санамалап шыққан соң: «Түркілердің оқтарынан сақтану үшін ақыл иесі әрбір жан олардың жолын ұстануы тиіс. Олардың көңілін тауып, өзінің мұң-мұқтажын жеткізе білу үшін олардың тілін үйренуден басқа жол жоқ», - деп түпкі мақсатын жайып салады. Яғни, араб тілінің мәдениет пен өркениеттің, білім мен ғылымның, ең маңыздысы дүйім мұсылман шығыс халықтары ардақтаған Қасиетті Құран тілі ретінде дәуренінің жүріп тұрған шағында түркі лексикасының мағыналық әрі тұлғалық қасиет-сырларын аша отырып, оның шексіз байлығын көрсету арқылы түрік тілінің араб тілінен бірде-бір кем еместігін дәлелдейді. Түркілердің ізгі қасиеттерін дәріптеп, күшейіп келе жатқан түркі ұлысының болашағының зор екендігін ескертеді. Болашақ түркі тілінде екендігін насихаттап, өзге ұлттарды түркі тілін үйренуге шақырады. Жай ғана шақырып қоймай түркі халқының мақал-мәтелдері мен фразеологизмдерін, жыр-шумақтары мен нақыл сөздерінің, этнонимдері мен топонимдерін жан-жақты талдап, ұлттың әдебиеті мен мәдениетін, ізгілікке құрылған салт дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын, руханияты мен дүниетанымын таныту арқылы түркілерді, түркі тілін сүйгізуге ұмтылады. Шын мәнінде «Диуанды» мың жасатқан да осы қасиеті болса керек.

Информация о работе Махмұд Қашғари